Ауру тарихы



Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Әдебиетке шолу

III. Ауру тарихы

ІV. Қортынды

V. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе

Қазақстан Республикасының жоғарғы білімді мамандардың міндеттері мен мақсаттары ол қандай да болмасын ауыл шаруашылық салаларында жұмыс атқарғанда малдәрігерлік ісін ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жоспарлау, малдардың өсуін, құнын жоғарлату қандай да болмасын ауру жаладан сақтау болып табылады. Кез келген ауру ол экономикалық шығын әкеледі. Ал сондай шығындардан сақтану үшін ауыл шаруашылығында алдын алу жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуінің маңызы зор. (1)
Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің 2030 стратегиялық даму жолдауында жетуге тиісті бірер мақсаттарды айтып өтті. Солардың ішінде Қазақстандықтардың әл ауқатын арттыруға көп көңіл бөлінген. Бұл мақсатқа бір өнеркәсіптік кешенді жоғары дәрежеде дамытқанда ғана жетуге болады. Қазақ елі ежелден аграрлы ел болып танылған. Мал шаруашылығы - аса бағалы тағам өнімдері (сүт, ет, жүмыртқа) мен өнеркәсіп шикізатының (терінің, жүннің) қайнар көзі болып табылады. Сонымен қатар,ауыл шаруашылығын жоғары астық өнімдерін алуға қажетті бағалы органикалық тыңайтқыштармен қамтамасыз етеді.
Қазақ халқының әл-ауқатының артыуымен бірге ауыл шаруашылық, соның ішінде мал шаруашылық өнімдерін тұтыну ұдайы артып келеді. Бұл ауыл шаруашылығы өндірісін, дәлірек айтқанда мал шаруашылығын дамыту қажеттілігін анықтайды. Өнім өндіру мал санын өсірумен бір мезгілде оның өнімділігін арттыру есебінен молаюы тиіс. Бұл үшін малды қүнарлы азықпен қамтамасыз етіп, өсуіне қолайлы жағдай туғызу оларды күтіп бағу жағдайын жақсарту қажет. Өндірісте, шаруашылықта болмасын қойылатын зоогигиеналық, ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң орындау қажет. Жоғары өнімділікке осы зоогигиеналық, ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң сақтағанда ғана қол жеткізуге болады. Мал шаруашылығында зоогигиеналық нормалардың , ережелердің, талаптардың кең қолданылуының өнімділікті арттыруда алар маңызы зор. (2)
Жылқы шаруашылығы — халық шаруашылығының маңызды саласының бірі. Халыққа аса керекті ет, май, сүт сияқты азық-түліктер береді. Жылқы өсіру біздің елімізде ежелден қалыптасқан кәсіп. Қазіргі уақытта 250-ден астам жылқы тұқымы бар. Жылқы тұқымын асылдандырудың негізгі мақсаты - өсіріп отырған малды одан әрі жетілдіріп, іріктеу және жұптау әдістері арқылы жылқының сапасын арттыру. (3,4)
Еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттары мен Азық-түлік программасында халқымыздың әл-ауқатын жақсартуда астың асылын, одан әрі дамытудың қажеттігі атап көрсетілгең.
Еліміздің азық - түлік қорын молайту ісінде жылқы шаруашылығы үлкен орын алады. Биелерден төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елдерде кең тараған. Елімізде бие сауылып, қымыз шаруашылығы мен қымыз емханалары жұмыс істейді. Шаруашылық үшін де, өндіріс үшін жылқы сүтінің үлкен маңызы бар. Жылқы сүті жылына 40-50 мың тонна қымыз өндіру жоспарлануда. 6-8 ай сауын мерзіміндегі биенінің сүт өнімділігі орташа есеппен сүті аз малдарда 700 – 1500 л, сүттілігі орташа 1500 – 2500 л және сүттілігі жоғары малда 2600 – 3000 л болады, сапалы қымыз жасауға өте бағалы шикізат болып есептеледі.
Бие сүтінің құрамында, сиыр сүтіне қарағанда сүт қантының мөлшері көбірек, ал май мен белок аз кездеседі. Углеводтар сүтте негізінен лактозаның дисахариді немесе сүт қанты түрінде кездеседі. Бие сүтінде 6,1 – 7,4 пайыз лактоза бар. Сиыр сүтінде небары 4,7 пайыз. Лактоза организмде жақсы қортылып сіңіріледі. Бие сүтінде шамамен 1,2-2,3 пайыз май бар. Бұл сиырдағы май мөлшерінен 2 еседей кем. Сол себептен май тез гидролизденіп, органихзмге жақсы сіңеді Сүт майының иод саны бие сүтінде 80-108 аралығында болады, ал сиыр сүтінде тек 25 - 40 болады. Бие сүтінің құрамында белок ең багалы зат болып есептеледі, ол 1,8 – 2,2 пайыздай болады. Жоғарғы мөлшерде бие сүтінде А, В, Е, Г, Р және әсіресе С (70-120 мг). Бие сүтінің табиғи ерекшелігі сондай, оны ашыту процесінде микроорганизмдерден антибиотикалық заттар пайда болады. 1 литр қымызда 20г қоректік белок бар, ол орташа қоңдылықты сиырдың 100 г етіне тең келеді. Жылқы етін, сүтін тағам ретінде пайдаланса сонымен бірге халық шаруашылығында оның қосымша өнімдерінде пайдаланады: тері шикі заты, қылы, тұяқтары т.б. Биология өнеркәсібінде мыңдаған донор жылқылардан асқазан сөлін және буаз биелердің қанын алып, ауыл шаруашылығындағы төлдерін көбейтетін буаз биелердің қан сарысуын жасайды. (3)
Әдеби деректерге сүйенсек арнайы мамандандырылған фермалармен өнеркәсіптік негізгі мал шаруашылық кешеніндегі статистикалық мәліметтерге қарағанда кездесетін барлық аурулардың 94 - 98 % жұқпалы емес аурулардың үлесіне болса, ал жылқыда кездесетін жұқпалы аурулар делбе, қан аздық, сақау, сальмонеллез, тұмау 2 – 6 % тиеді екен. Бұл ауруларды анықтаудың бірден –бір түрі ол серологиялық реакция көмегемен анықталады. Ал көбінің еміне келетін болсақ күре тамырларына дәрілер құйылады. Сол себептен күре тамыр ауруларына шалдығуына әкеліп соғуы ықтимал.
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1.Назарбаев Н.Ә.Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан -2009ж. 2.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030 //Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. /Егеменді Қазақстан 11.11 1997ж.–Б1-28.
3. Ветеринария туралы заң 10.06.2002 ж
4.Бозымов Қ. Жылқы және түйе шаруашылығы /Алматы. Қайнар - 1993
– С 3 - 138.
5. Общая ветеринарная хирургия . // Под редакцией проф. Белова А.Д. / М. Агропромиздат - 1990. - 592 с.
6. Частная ветеринарная хирургия / / Под редакцией проф. Шакалова К.И. /Ленинград «Колос» 1981 г.
7. Г.С. Кузнецов. Хирургические болезни животных в хозяйствах промышенного типа. /Л. «Колос» 1980. - 224 с.
8. Г.С. Кузнецов. Хирургические операции у крупного рогатого скота.
/Л. «Колос» 1973 г. 296 с
9. И.Е. Мозгов .Фармокология М - 1985.
10. К.И. Шакалов, И.А.Калашник и д.р .Частная ветеринарная хирургия. М.
11. Б.С. Семенов В.С. Понамарев Хирургия на ферме М. Агропромиздат 1991 г. С. 85-93.
12. Власенко В.М. Пункция аорты у крупного рогатого скота. // Материалы Всесоюзной межвузовской конференции по вопросам ветеринарной хирургии. - Харьков, 1970. – С. 224-225
13. Ватников Ю.А. Показатели эритро – лейкопоэза в патогенезе асептической травмы /Ветеринария 2005 №7 - С. 36
14. Клиническая диагностика внутренних незразных болезней
15. Лейманис П.П. Болезни крупного рогатого скота, вызваннные инородными телами, и их оперативное лечение. //Ветеринария, 1949 №7, - С 27-29
16.Косых А.П.Петров В.В. К топографии и технике пункции сонных артерий крупного рогатого скота //Труды Бурятского зоооветеринарного ин-та. 1959, -вып. 14. – С. 175- 203.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Әдебиетке шолу

III. Ауру тарихы

ІV. Қортынды

V. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының жоғарғы білімді мамандардың міндеттері мен
мақсаттары ол қандай да болмасын ауыл шаруашылық салаларында жұмыс
атқарғанда малдәрігерлік ісін ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жоспарлау,
малдардың өсуін, құнын жоғарлату қандай да болмасын ауру жаладан сақтау
болып табылады. Кез келген ауру ол экономикалық шығын әкеледі. Ал
сондай шығындардан сақтану үшін ауыл шаруашылығында алдын алу
жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуінің маңызы зор. (1)
Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің 2030 стратегиялық даму жолдауында
жетуге тиісті бірер мақсаттарды айтып өтті. Солардың ішінде
Қазақстандықтардың әл ауқатын арттыруға көп көңіл бөлінген. Бұл мақсатқа
бір өнеркәсіптік кешенді жоғары дәрежеде дамытқанда ғана жетуге
болады. Қазақ елі ежелден аграрлы ел болып танылған. Мал шаруашылығы - аса
бағалы тағам өнімдері (сүт, ет, жүмыртқа) мен өнеркәсіп шикізатының
(терінің, жүннің) қайнар көзі болып табылады. Сонымен қатар,ауыл
шаруашылығын жоғары астық өнімдерін алуға қажетті бағалы органикалық
тыңайтқыштармен қамтамасыз етеді.
Қазақ халқының әл-ауқатының артыуымен бірге ауыл
шаруашылық, соның ішінде мал шаруашылық өнімдерін тұтыну ұдайы артып
келеді. Бұл ауыл шаруашылығы өндірісін, дәлірек айтқанда мал шаруашылығын
дамыту қажеттілігін анықтайды. Өнім өндіру мал санын өсірумен бір мезгілде
оның өнімділігін арттыру есебінен молаюы тиіс. Бұл үшін малды қүнарлы
азықпен қамтамасыз етіп, өсуіне қолайлы жағдай туғызу оларды күтіп бағу
жағдайын жақсарту қажет. Өндірісте, шаруашылықта болмасын қойылатын
зоогигиеналық, ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң орындау қажет.
Жоғары өнімділікке осы зоогигиеналық, ветеринариялық-санитариялық
талаптарды қатаң сақтағанда ғана қол жеткізуге болады. Мал шаруашылығында
зоогигиеналық нормалардың , ережелердің, талаптардың кең қолданылуының
өнімділікті арттыруда алар маңызы зор. (2)
Жылқы шаруашылығы — халық шаруашылығының маңызды саласының бірі.
Халыққа аса керекті ет, май, сүт сияқты азық-түліктер береді. Жылқы өсіру
біздің елімізде ежелден қалыптасқан кәсіп. Қазіргі уақытта 250-ден астам
жылқы тұқымы бар. Жылқы тұқымын асылдандырудың негізгі мақсаты - өсіріп
отырған малды одан әрі жетілдіріп, іріктеу және жұптау әдістері арқылы
жылқының сапасын арттыру. (3,4)
Еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттары мен
Азық-түлік программасында халқымыздың әл-ауқатын жақсартуда астың асылын,
одан әрі дамытудың қажеттігі атап көрсетілгең.
Еліміздің азық - түлік қорын молайту ісінде жылқы шаруашылығы үлкен
орын алады. Биелерден төл алу және қымыз дайындау мақсатында пайдалану
дамыған үйірлі жылқы шаруашылығы бар елдерде кең тараған. Елімізде бие
сауылып, қымыз шаруашылығы мен қымыз емханалары жұмыс істейді. Шаруашылық
үшін де, өндіріс үшін жылқы сүтінің үлкен маңызы бар. Жылқы сүті жылына
40-50 мың тонна қымыз өндіру жоспарлануда. 6-8 ай сауын мерзіміндегі
биенінің сүт өнімділігі орташа есеппен сүті аз малдарда 700 – 1500 л,
сүттілігі орташа 1500 – 2500 л және сүттілігі жоғары малда 2600 – 3000 л
болады, сапалы қымыз жасауға өте бағалы шикізат болып есептеледі.
Бие сүтінің құрамында, сиыр сүтіне қарағанда сүт қантының мөлшері
көбірек, ал май мен белок аз кездеседі. Углеводтар сүтте негізінен
лактозаның дисахариді немесе сүт қанты түрінде кездеседі. Бие сүтінде 6,1 –
7,4 пайыз лактоза бар. Сиыр сүтінде небары 4,7 пайыз. Лактоза организмде
жақсы қортылып сіңіріледі. Бие сүтінде шамамен 1,2-2,3 пайыз май бар. Бұл
сиырдағы май мөлшерінен 2 еседей кем. Сол себептен май тез гидролизденіп,
органихзмге жақсы сіңеді Сүт майының иод саны бие сүтінде 80-108 аралығында
болады, ал сиыр сүтінде тек 25 - 40 болады. Бие сүтінің құрамында белок ең
багалы зат болып есептеледі, ол 1,8 – 2,2 пайыздай болады. Жоғарғы мөлшерде
бие сүтінде А, В, Е, Г, Р және әсіресе С (70-120 мг). Бие сүтінің табиғи
ерекшелігі сондай, оны ашыту процесінде микроорганизмдерден антибиотикалық
заттар пайда болады. 1 литр қымызда 20г қоректік белок бар, ол орташа
қоңдылықты сиырдың 100 г етіне тең келеді. Жылқы етін, сүтін тағам ретінде
пайдаланса сонымен бірге халық шаруашылығында оның қосымша өнімдерінде
пайдаланады: тері шикі заты, қылы, тұяқтары т.б. Биология өнеркәсібінде
мыңдаған донор жылқылардан асқазан сөлін және буаз биелердің қанын алып,
ауыл шаруашылығындағы төлдерін көбейтетін буаз биелердің қан сарысуын
жасайды. (3)
Әдеби деректерге сүйенсек арнайы мамандандырылған фермалармен
өнеркәсіптік негізгі мал шаруашылық кешеніндегі статистикалық мәліметтерге
қарағанда кездесетін барлық аурулардың 94 - 98 % жұқпалы емес аурулардың
үлесіне болса, ал жылқыда кездесетін жұқпалы аурулар делбе, қан аздық,
сақау, сальмонеллез, тұмау 2 – 6 % тиеді екен. Бұл ауруларды анықтаудың
бірден –бір түрі ол серологиялық реакция көмегемен анықталады. Ал көбінің
еміне келетін болсақ күре тамырларына дәрілер құйылады. Сол себептен күре
тамыр ауруларына шалдығуына әкеліп соғуы ықтимал.

Әдебиетке шолу
ІІ . Қан тамырларының аурулары.
Көптеген ауыр өтетін аурулар негізінде әртүрлі мал ағзалары және
лимфа тамырлары зақымданады: қан және лимфа ағу, тромбоз, эмболиялар, жүрек
ақаулары, артерия мен вена, жүйесі, аневризм және артериялы – веналы терең
жаралар, сонымен қатар морфологиялық және функционалдық зақымданулар
(пілдік). Патологиялық негізі болып зақымдану және қан мен лимфа
тамырларының тұйық зақымдануы.
Ерекше қатерді артерия мен вена қабатының іріңдеп қабынуы болады. Бұл
аурулар көршілес жатқан іріңді қабынудан пайда болады (қабынудың таралуы
per continuitatum) немесе гематогенді инфеция кезінде vasa vasorum келесіде
интиманың қабынуымен жалғасады. Осыдан басқа артерия зақымданғанда,
көрсетілгеннен басқа, микроб енуінің тағы бір мүмкіншілігі бар, ол:
имфицилданған эмбол ол артерия саңылауында тоқтап және қабынуды іштен
араңдатады.
Назар аударатын үлкен жағдай ол, ағзаның қорғаныс жүйесінің
патологиясы. Егер хирургиялық инфекция мен оның токсиндері жергілікті
қорғаныс күштерімен жойылмаса, олар ары қарай енеді, келесі қорғаныс
тосқауылына тап болады, лимфа жүйесіне. Ақырғысы мезинхимальды қорғаныстың
бір бөлігі болып, лимфа саңылаулары мен капиллярларында ерекшк биологиялық
рөл атқарады. Орталыққа бағытталған лимфа ағыны қоздырғышты жақын лимфа
түйініне апарады, фильтрлеуші ілмектер қоздырғыштарды ұстап қалады,
соданкейін оларды фагоцитарлы турмен жояды.
2.1. Қан тамырларының зақымдануы. Қан және лимфа тамырлары кез-келген
жерден жарақаттарда зақымдалуы мүмкін. Көбінесе ол ауыр жарақаттармен
байланысты. Артерия жарақатында көбінесе тамырлы жарық (грыжа) – аневризм
дамиды. (5,6,9)
Қатты қан аққанда зақымдалған тамырдың орнын табу оңай. Егер қан
ақпаса, онда толық анамнез және ауруды дұрыстап қарағанда дұрыс диагноз қою
оңай.
Сыртқы және қауіпті емес қан мен лимфа ағуы, жарақаттан кейін пайда
болған, өз бетімен тоқталуы мүмкін. Бұған ағзаның келесі қорғаныс
механизмдері әсер етеді: тамыр спазмы, тромбтың пайда болуы, жанындағы
ұлпалар тамыр тесігін жабады және едәуір қан жоғалтқанда және шок кезінде –
артерия қысымының төмендеуі.
Қан кету жасырын түрде болуы мүмкін. Ол малдың қуыстарына операция
жасағанда және кастрациядан кейін байқалады (ұрық жолының қысқа болуында).
Бұндай қан ағу малдың өліміне әкеледі, өйткені қан сыртқа емес құрсақ
немесе кеуде қуысына ағады.
Сыртқы қан және лимфа ағу болмайды, егер қан немесе лимфа маңайдағы
ұлпаларды қабаттап және сіңірілгенде: тері асты клетчатка, бұлшық ет пен
фасция. Бұндай жағдайларда гематома дамиды, немесе лимфоэкстравазат немесе
гемолимфоэкстравазат. Сыртқы қан ағуы болмайды егер, артериямен қоса
қасындағы вена да жыртылса, артериядан шыққан қан қысыммен венаға барады,
сонда бұл жерде қысым анағұрлым төмен.
Көптеген жағдайда зақымдалған тамырларда қан ағу мүлдем байқалмайды.
Бұл қауіпсіз жарақаттарда немесе тамырды қатты қысқанда. Онда ішкі
(интима), орташа (медия) қабаттары зақымдалады, ал сыртқы (адвентиция)
бүтін қалады. Бірақ та қан ағуы нашарлайды, өйткені зақымдалған қабаттар
тромб түзеді, фибрин мен қанның элементтері тамыр саңылауларын жабады.
Яғни, өте көп қан ағады, тамырдың зақымдалуының белгісі болып
табылады, әрқашан білінбейді, ал оның болмауы үлкен диаметрлі тамыр
жарасының болмауын айқындамайды.
Қан ағудын келесі түрлері бар: артериялы, венозды, аралас, капиллярлы,
паренхиматозды, сыртқы, ішкі және ұлпа ішілік. Уақытына байланысты
біріншілік (тамыр зақымдалғаннан кейін) және екіншілік (лигатураның
әлсіреуінде немесе орнынан босағанда, сонымен қоса тромб ыдырағанда). Бұдан
басқа аррозионды қан ағу, бұл ұлпалардың патологиялық процестерінде дамиды,
айналадағы тамырларда және оның қабырғасының бұзылуы, және паралитикалық
ұзақ мерзімдегі және қатты байланған қан тоқтатушы жгутте, бұл
вазоконстриктордың зақымдалуына әкеледі. (Кузнецов, В.И.Клочков)
Клиникалық белгілері. Ашық және қатты қан және лимфа ағуында
клиникалық белгілері алойағуымен, түсі қошқыл-қызыл немесе сабанды түсті,
тамшы түрінде немесе пульстенген “сорғалау”, “сорғалау”, “фонтан”, жылғалап
немесе ақырын ағысты. Қан мен лимфа ағу орталық (артерия) немесе
перифериялық (вена, лимфа тамыры) тамыр аймағын қысқанда.
Жабық артерия жарақатында ағыс нашарлағанда клиникалық суретте бірінші
болып қанның жетіспеуі (ишемия) мүшелер мен аяқтарда, осы артериялармен
қанаттанушылар. Басқа симптомдар магистрльды венаның зақымдалуында
байқалады. Қан ағысы күрт байқалады. Мал аяғы ұлғаяды, цианотичты болады,
температурасы жоғарылайды. Осыдан кейін көрінетін тері асты венасының нақты
контуры көрінеді, осы арқылы қиындалған немесе шектелген, бірақ маңайлы
аққан веноды қан.
Жасырын (ішкі) қан ағуда клиникалық белгісі коллапспен қатар жүреді.
Жалпы әлсіздену мен төмендеуі, пульстын әлсіреуі, жіпті, бірақ сиректелген,
тыныс алу беткейлі және сирелген, килегейлі қабығы мен конъюктива ақшыл
және цианотинді түсті, жалпы температура төмендейді, бұлшық ет босаңсыған,
аяқтары суық кейде ұстағанда және ауырсындыру қоздыруына сезім келмейді.
Жасырывн қан мен лимфа аққанда, гематома пайда болуымен,
лимфоэкстравазата немесе гемолимфоэкстравазата клиникалық белгілері осы
патологияға байланысты болады.
Тамырдың зақымдануы мен қан ағуды алдын-алу. Ол зақымдануды
қадағалайды сонымен қатар жарақат пен бірге рационалды және квалифицтелген
операцияларды, қан тоқтатқыш заттармен. Жалпы әсер ететін заттар да
қарастырылады, қан ұюды тездететін. Күре тамырға 10 %-ті кальций хлорид
ерітіндісін ірі-қараға 100-150 мл, ұсақ малға 2-4 мл, жақсы жылқы сарысуын
тері астына немесе жылқыға 100-150 мл. Операция алдында әкелген қанды ірі-
қараға 500-1000мл, ұсақ малға 300 мл-ге дейін құяды.
Операция жасайтын аймақты қансыздандыру арнайы жгут және басқа да
заттармен іске асады (резеңке трубка, ұзын орамал, бинт(арнайы таңғыш дәке)
және т.б.).
2.2. Қан тамырының аневризмы. Бұл тамырдың белгілі аймақта жуандауы,
қабырғасының өзгеруіне байланысты (тамырлы грыжа). Нағыз аневризм қалыптасу
үшін тамыр қабырғасының барлық қабаттары қатысады. Аневризмнің келесі
түрлері болады: этиологиясы – травматикалық, паталогиялық,
паразитологиялық; тамыр түріне байланысты – артериалды және артериовенозды;
аневризматикалық қапқа байланысты – қапты, және талшықты.
Этипатогенез. Аневризм артерия мен созылмалы артриттің инвазия
әсерінен алынған жарақат нәтижесінде пайда болады. Аневризм дамуына қан
қысымының күрт көтерілуінде және бұлшық еттің қатты қысылуында, сонымен
қатар пульстейтін гематома.
Жылқыда аневризм артерияда кездеседі: шажырқай, жамбас, ұйқы, иықтық,
тізе асты, бетті, желке, ішкі жақтық, үлкен білезік және аталықтарда жыныс
мүшелерінде.
Артерио-венозды аневризм жақын орналасқан артерия мен венаны қатар
жарақаттағанда пайда болады. Түрлері: тура артерио-венозды аневризм,
жарақаттанған тамырлар қосылып өседі, сол арқылы құйылыс пайда болады; тура
емес артерио-венозды аневризм, бұнда жарақаттанған артерия мен венаның
арасында қап пайда болады, гематомадан дамыған.
Жылқыда ұйқы және күре тамыр аретрио-венозды аневризм кездеседі, қан
жібергеннен кейін бұқаларда – ішкі ұрықтық артерия мен кастрациядан кейін
венада.
Көрсетілген себептерден кейін артерия патологиялық өзгеріске ұшырайды,
ол қан ағысына әлсіз әсер етеді, соның әсерінен томпаяды, нағыз аневризм
дамытып.
Кейде жалған немесе травматикалық аневризм пайда болады, ол тамырды
тескіш затпен жарақаттағанда жіңішке жарақат каналы болады. Қан жарақат
тесіктерінен айналадағы айналадағы ұлпаларға жайылады, олар қарсылық
көрсетеді, содан екйін тоқтауы мүмкін. Пайда болған гематома тамыр
саңылауымен жалғасады, пульстейді, сондықтан пульстеуші гематома деп
атайды. Пульстеуші қан итерісінен гематомада қуыс дамиды. Кейінірек бұл
қуыста қосатын капсула пайда болады, ал гиалиниздеушіфибрин қуыстың қанды
құрамын іш жағынан тамырлы эпителимен жабады, ал артерия саңылауының
шетінен келеді. пульстейтін гематома жалған травматикалық аневризмді
гематомаға айналады. Содан кейін 50-60 тәулікте аневризматикалық қаптың
қабырғасында эластикалық талшық пайда болады, ал ішкі жағы тамырлы
эндотелимен жабылып, тегіс болады.
Бұндай гематоманы анықтау қиын емес. Флюктеуші томпақ түрінде болады
және ірі артерия аймағында, қабыну құбылысы болиайды, бірақ өзіне тән
ызыңдау дыбысы естіледі (пульстан синхронды түрде), аускультация арқылы,
жеңіл анық. Бұл шу қан ағысының жуандауынан пайда болады және қан
бөліктерінің бір-біріне немесе тамыр қабырғасына үлкендеуінен болады.
Егер артерия мен вена бір мезгілде жарылатын болса (жиі болады,өйткені
артерияны бір кейде екі вена бірге жүреді), сондп жоғары қысымды артерия
венаға түседі, өйткені онда қан қысымы.
Бұндай қосылыс әрдайым бірге болады, артерио-венозды аневризм (артерио-
венозды құйым) туғызады. Осымен қатар қанның бір бөлігі венаға түспей, ұлпа
аралық кеңістікке ағады, алдында көрсетілгендей, пульстеуші гематома
қалыптастырады.
Патофизиологиялық өзгерістер, артериялы және артерио-венозды
аневризмде, әртүрлі. Аневризм маңайындағы мүше мен ұлпаларды ығыстырады.
Әрдайым пульстеуші күйектің бұзылуына әкеледі. Қатты қысымды жүйке
бағанасына береді. Артерио-венозды құйымда жергілікті қан айналу өзгереді,
әсіресе әрқашан функциялаушы мүше аяғында, ал тромбтың дамуы қай болмысын
мушенің қан айналымын бұзады.
Клиникалық белгілері аневризм даму процесі ұзақ. Алғашында зақымдалған
тамыр аймағында шектелген пульсты төмпек дамиды. Пульпация кезінде нәзіе
үйкеліс пен сылдыр естіледі. Төмпеші саусақпен басқанда жоғалады да,
жібергенде қайта пайда болады. Перифериялық жағына қысым түсіргенде
төмпешік қысымы жоғарылайды, егер қысым тамыр төмпешігінен жоғары болса
пульсация, шу және сылдырау жоғалады. Терең емес орналасқан тамыр болса,
пульпация жалпы тексеруде байқалады.
Малды тексергенде, ауру жағындағы перифериялық артерия пульсы әлсіз
және кешірек соғады, сау жағындағы артерияға қарағанда. Малда қажу мен
ауырған аяғында ақсау байқалады. Аневризм қан айналуының бұзыдуына әкеледі,
егер жүйке бағанасын басқанда ауырсыну немесе кез-келген мүшенің парезі
және оның трофикалық бұзылуы көрінеді.
Артерио-венозды аневризмнің клиникалық белгісі артериялық сияқылыды.
Бірақ олар мөлшері жоғары болады, жұмсақ және пульсы әлсіреу келеді.
Болжам. Ол сақтық және жағымсыз болады. Өздігінен жазылуы сирек
кездеседі, зақымдалған артерия өзегінің тромбпен толық жабылуына дейін
толады. Түзілген қабырғалық тромб келешекте эмболдардың қайнар көзі болып
табылады. Сондықтан артерио-венозды құйымдар және аневризмалар қан
айналымның қайта құрылуымен қоса жүреді. Аневризмді прогресивті ұлғаюы оның
жарылуымен әдетте өлімге әкеледі.
Емі. Аневризмнің емі тек хирургиялық операцияның бірнеше үрдісі бар,
оның ішінде жиі кездесетін 2 әдісі: 1) аневризм жақын тамырдың орталық
бөлігін байлайды немесе таңдалған жерді, аневризмге жақын; 2) тамырдың
пенрифериялық және орталық аймағын байлайды, содан кейін тіледі,
бүйіріндегі коолатералды қан ағуды реттейді. Егер тампонада шамадан тыс
болса, аневризм мен теріге тігіс салады.
2.3. Артерияның жіті тарылуы. Егер магистральды артерия аяқ астынан
тарылатын болса, онда өте тез ауыр патологиялық өзгерістер дамиды, ол
мреиенің қоректенуі немесе аяқтардың қоректкнуінің бұзылуымен байланысты.
Белгілі жағдайда жедел және маманды көмекті қажет етеді, көмек болмаса
аяқтың гангренасы дамып, мал өледі.
Анық көрінген клиникалық белгілерге қарамастан, диагностикалық қателер
болуы мүмкін, өйткені ветеринарияда бұл мәселеге көп көңіл бөлмейді, ал
әдебиеттер шектелген мөлшерде мәлімет береді. Сондықтан диагностика
қиындайды.
Аретрияның жіті тарылуының бір себебі – эмболия, трмбоз, тартылуы
(спазмы) б.м. Немесе артерияның жарақаттануы немесе айналасындағы
ұлпалардың.
2.4. Эмболия. Артерияның бітелуі (эмболом). Қан ағысы арқылы тромбтың
бөлшкетері қозғалуы мүмкін, тромбтың аяқшасынан бөлінген, қан тамырының
аневризмінде болатын, операциядан кейін түсетін май немесе ұлпа басқа
бөлігінің қанға түсуі.
Эмбол, қан ағысымен қозғала келіп, артерияның жіңішке өзегінде
тоқталуы мүмкін, немесе магистральды артериядан кететін ірі бүйір
бағанасында. Эмбол тамырдың бифуркация айиағында локализденеді.
Магистральды және бүйір тамырларда қан ағысы тоқтайды. Орталықта және
дистальдеу эмбола “жалғасқан тромб” түзіле бастайды. Артерия маңындағы
эмболалар тарылады. Ерекше көрінетін белгілері көрінеді, ол қозғалыс
кезінде күшееді. Жетекші жақсыздандыру ауруды түсіреді.
Келесі тәуліктерде тактильді және ауырсыну сезімталдылығы жоғалады,
қозғалу қиындайды, аяқтары суи бастайды. Бітелген орыннан периферияға
баратын артерияның пульсін сезу мүмкін болмайды. Бірнеше сағаттан кейін
аяқтарында некроз белгілері байқалады, эпидермис көпіршік түрінде
қабыршақтанады.
Радикалды емдеу – эмболэктомия. Ол ең желісті болады, егер оны
некротикалық өзгеріске дейін аяқ ұлпаларына жасаса, жіті эмболияның
басталуынан бір тәулікке дейін.
Операция алдында, операциядан кейін де антикоагулянт пен
антисептикалық заттар береді, сонымен қатар фибринолитиклық фермент және
спазмолитикалық заттар.
Аретрияның толық тромбозында, тамырдың жіті бітелуін де тудырады, ауру
эмболияға қарағанда жеңіл өтеді, өйткені бұндай трмбоз бұзылған немесе
өзгерген тамырларда болады. Сондықтан белгілі уақытта өзегі тарылады,
коллатеральды және аймақты қан айналу дамиды. Артерия тромбозы бифуркация
маңайында болмайды, сондықтан алғашында тек бір тамыр бағанасын қысады.
Ұзарғанда ұлғаяды, мұндай тромб басқа бифуркацияны да бітеуі мүмкін.
Тромбозға дер уақытында антикоагулянт қолданып тоқтатады.
Ауру клиникалық белгісі бойынша – артритке ұқсас. Жіті тромбозды
алғашқы симптомы – ол қатты ауырсыну, сезімталдықтың нашарлауы және
қозғалыс координациясының бұзылуы, аяқтың пигменттері жоқ аймақтың түсі
ақшыл болуы және оның сууы, сонымен қатар бітелген магистральды тамырдан
бастап артерия пальпациясының сезілмеуі.
Малдарда (жылқы, ірі қара, итте) құрсақ және бұтағында аортасының
тромбозы байқалады (тромб бағанында ғана емес, сонымен қоса артерия
бұтағында пайда болуы мүмкін). Бұл жағдайда тромбоз тамыр қабырғасының
жаралы зақымдануында болады, паразитарлы жарақатануда, қоршаған ортаның
ісінуі мен қабынуы. Басқа жағдайларда аорта тромбозының себебі болып
инваниозды аневризм саналады. Жылықыларда негізгі клиникалық белгісі –
ақсандау болады, ол тез аллюрде күшееді. Малда ентігу пайда болады, пльс
жиірейді, жүрек соғысы естіледі, бұлшық ет дірілі, шошыну мен терлеу. Мал
қозғала алмай құлайды. Кішкене уақыт дем алғаннан кейін белгілер жойылады
да, қозғалғанда қайта пайда болады. Аяқтың зақымдалған аймағында жергілікті
температура төмендейді.
Ұстамалы ақсандау жыылқылардың ауырғандағы негізгі белгісі болып
табылады, ол қосымша ректальды зерттеледі (склеротикалық аймақтан жоғары
тамырдың кеңейген жерін табады және өзіне тән “жекіру” шулар, сонымен қатар
аортаның бұтақталған жерінің қалындауы мен пульстын болмауы). Жамбастың
параличі болуы мүмкін.
Мықын аретриясының толық емес тромбозының бұзылуында, жылқының аяқтарын
көтерулі күйінде ақсандау байқалады, жамбас артериясы – тірек аяқтары;
жамбас және сан артерияларының бірдей тромбозы координацияның бұзылуы мен
“тәлтіректеуі” байқалады.
Ірі қара малда сан артерия трмбозында бұлшық еті босаңсып,
перифериялық пульс жоғалады. Мал аяққа тірелмейді және отырған иттің
позасына келеді. Алақан және табан тамырдың тромбозынданекроз болады және
саусақтың толық өлеттенуі. Қосымша симптомдар болып, әуке және жақ асты
кеңістікте ісіну болады, травматикалық перикарлит кезіндегідей.
Тромбоздың барлық түрлерінде уақытты және маманды ем көрсетпесе некроз
немесе ишемия басталады. Болжау күмәнді.
Перифериялық тамырдың жіті артериялық бітелуінде ем консервативті
болуы керек, өйткені ішкі қабырғасы эмболияға қарағанда тромбоз кезінде
өзгерген және операция жасағанда бұл жерде қайталана тромб пайда болады.
Емдеуде, себебін жояюы және антикоагулянт, фибринолитикалық фермент
және спазмолитикалық заттар қолданады. Аорта бұтақатарының толық емес
тромбозында ырғақты қадам жасау және малды жайылымда ұстау керек. Жылы
физиотерапевты процедуралар жасауға болмайды (компресс, грелка, лампа,
массаж), өйткені ол жергілікті зат алмасудың күшейуіне әкеледі, ол ұлпаның
оттеккке қажеттілікті артады, ал бұл жағдайда ол қажетсіз өйткені ол аяқ
ұлпасындағы некротикалық процесті күшейтеді.
2.5. Артериит (arteriitis). Ауыл шаруашылығындағы малдарда сирек
кездеседі. Артериит флегмона аймағында, остеомиелитта, жаралы процестерде,
ұзақ созылған іріңді-резорбты безгекте, скепсисте, жалпы инфекцияда,
гематогенді жолмен таралатын, кездеседі.
Бағыты бойынша жіті, және созылмалы артериит. Өту процессі бойынша
іріңді, некротикалық және продуктивті қабыну. Көбінесе аралас болады.
Қабыну процесінің локализациясы бойынша тамыр қабырғасында, көбінесе эндо-,
мезо-, периартериит; қабырғаның толық зақымдануында – панаартериит.
Тамырдың ішкі қабатының зақымдануында артерияда тромб пайда болады
(тромбангит).
Іріңді артериитке тән белгі, ол тамыр өзегінін тромб ол кейінірек
ериді және іріңді эмболаға айналады. Бұл инфекцияның метастазы мен
сепсистің дамуына әкеледі. Артерииттің созылмалы өтетін түрінде, артерия
қабырғасында продуктивті компоненттің қабынуы басымырақ болады. Тамырдың
ішкі қабығы өседі, артерия өзегі ақырындап тарылады. Тарылған сайын
периферияның қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайды, ал толық дамығанда некроз
дамиды немесе ұлпа гангренасы, азықтанудың болмауынан. Артериитің кез-
келгенінде артерия қабырғасының некрозы дамиды. Қалыпты эластиканың жоғалуы
мен артерия сыңғыштығынан дамуы байқалады.
Іріңді ошақта орналасқан ірі артериалды бағанасында, тамыр
қабырғасының қабынуы болуы мүмкін. Ал бұл аррозионды қан ағу мен жыртылуына
әкеледі. ақырғысы профилактикада аса маңызды болып келеді.
Емдеу. Жақын жатқан артерия қабырғасына көшерде, жергілікті қабыну
процесінің нәтижесінде, артериитті емдеуде негізгі инфекциялық ауруда
қолданатын емді қолдану қажет (флегмона, остеомиелит және т.б.). Инфекциялы
эндоиетрит кезінде, новокаинді-антибиотикті ерітіндіні артерия ішіне
инъекция жасауды ұсынады.
Тарылған тамыр өзегін кеңейту мен ағзасының перифериялық аймағын
қанмен қамтамасыз ету үшін артерия алколизациясы немесе жүйке бағанасына,
осы артериямен қоса жүретін.
2.6. Флебит және тромбофлебит. Флебит (phlebitis) – венаның қабынуы.
Қабыну процесі вена аймақтық борпылдақ клетчаткадан және тамыр
адвентициясынан (пенрифлебит) және интима жағынан (эндофлебит). Флебит
кезінде қабыну процесіне венаны қоршап жатқан борпылдақ клетчатка енеді,
бұл ауруды парафлебит деп атайды. Егер вена қабынуында тромб пайда болса,
онда процесті тромбофлебит деп атайды, егер тамыр маңайындағы барлық
ұлпалар қабынса – паратромбофлебит деп атайды.
а) Этиология. Флебит пен тромбофлебит ірі веналарда жиі дамиды, қан
алу үшін қолданатын және венаға құюда (күре тамыр, шошқада құлақ венасы,
т.а венасы, ұрық каналының венасы). Флебит пен тромбофлебит пайда болуы
венаның функциясының дұрыс істелмеуінен, әсіресе асептика мен антисептика
бұзылғанда (венаны бір жерден тесе берсе, топас инелермен жасағанда),
дәрілік заттарды дұрыс енгізбеу. Ақырғысында өте тез енгізу мен дәрілік
заттардың тітіркендіргіш концентрациясының жоғары болуы (хлорогидрат,
кальций хлорид, флавакардии, трипанблау және т.б.), бұлар периваскулярлы
клетчаткаға немесе интимаға түскенде тамыр қабырғасының химиялық күйігіне
әкеледі.
Флебит пен тромбофлебит периваскулярлы ұлпаның іріңді ошағында, іріңді-
резорбты безгекте, метастатикалық сепсисте, вена қабырғасының инфицилденген
жарақаттарында вена интимасы токсикалық және микробты әсерге тап болады,
бұл оның зақымдануы мен микробтың шөгуіне әкеледі. Тромбофлебит дамуы
кейбір ауруларда қан құрамының өзгеруіне әкеліп соғады.(Корнишин а.н.)
Этиологияның белгісіне байланысты травматикалық, операциядан кейінгі
венаның токсикалық және инфекциялық қабынуы;
Клиникалық бағытта – жіті және созылмалы;
Қабыну процесінің сипаты бойынша асептикалық және іріңді.
б) Патогенез. Алғашында венаның сыртқы және ішкі қабатының қабынуынан
пайда болады. Ол ісініп, интима төмпешіктеніп және тегістігін жоғалтады,
осымен қоса тамыр қабырғасының өтгізгіштігі артады. Көрсетілген себептер
қысқа және тамыр қабырғасына механикалық зақым келтірмесе, онда дер кездегі
кірісуі процесті тоқтатады және басталған флебитті жояды. Егер едәуір
зақымдап және ұзақ токсикалық әсер етсе, қабыну процесі ұлғаяды.
Кейбір жағдайда басында тромбоз дамып, кейін қабынады. Тромбоздың
пайда болуы зақымдалған аймақта шөккен микроорганизм әсерінен тездейді.
Асептикалық тромбофлебитта, венаның қабынған аймағы бітеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕДИЦИНАЛЫҚ ІС – ҚҰЖАТТАР ТҮРЛЕРІ
Аурулардың синдромдары
Тырысқақ қоздырғышы
Ішкі аурулар пропедевтикасы туралы түсінік
Патологиялық физиологияның даму тарихы
Патопсихология жайлы түсінік туралы мәлімет
Тырысқақтың тарихы және жұғу жолдары
Медициналық психологияның қалыптасу тарихы туралы ақпарат
Плеврит - плевраның қабыну экссудатының плевралық қуысында жиналуымен қабынуы
СПИД ауруының таралу белгілері
Пәндер