Гипокинезия салдарынан ағзаның функциональдық жағдайының өзгеруі



Жоспар

Кіріспе

1. Денсаулық пен ауру туралы түсінік
2. Дене қимылының кемдігінен (гипокинезия) пайда болатын аурулар.
3. Семіздіктің этиология мен патогенезі және жіктелуі клиникалық көріністері.
4. Гипокинезияның тыныс алу жүйесіне әсері.
5. Гипокинезияның жүрек. қан тамырына әсері.
6. Гипокинезияның бұлшықет жүйесіне әсері
7. Қант диабеті өте қауіпті дерт
8. Гипокинезияға қарсы амалдар.
9. Тиімді тамақтану тәсілі.
Кіріспе
Адам денсаулығы оның негізгі байлығы, сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің,қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселерге баса назар аударып,халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерін шешу үшін белгілі бір шаралар қолдану керек.
Адамның денсаулығын сақтаудағы ең бірінші мәселе-таза су мен кенеулі асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін обьектілерді қысқартуды, басқа да қауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды қолға алу,және жүзеге асыру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға,есіркі,темекі мен алкогольді тұтынуды қойып,тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға тікелей бағытталған.
Соңғы жылдарда,әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық елдеріндегі,сондай-ақ ,Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты,және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес-адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.
Денсаулық-адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние.Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты.Адам бақыты-денсаулығының мықтылығында.Дені сау адам көңілді жүреді.
Дүние жүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері,денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді.Медицицна ғылымдарының пайда болуына,оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер салып қарасаңыз,медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын-алуға,ауруларды емдеу әдістерін тауып,оны жетілдірумен шұғылданып отырған ғылым екені байқалады.Медицина ғылымдары адамды және оның денсаулығын арттыруда ең басты рөл атқарады.
Адамзат баласының тіршілік өмірінде еңбір бағалы нәрсе,оның денсаулығы.Денсаулықты сақтап,үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп,оған пассивті түрде емес активті түрде қарау керек.Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті.Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік,әлеуметтік,экономикалық,жә-не медициналық,биологиялық,физиологиялық мәселе.Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта беру,аурулардың алдын алу.
Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар туғызу,халыққа тегін,жалпыға бірдей,жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қам-тамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі.Өткен 2002 жылы-денсаулық жылы деп атаудың өзі осыны аңғартады.
Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан республикамыздың конистутциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп,Қазақстан республиксынның «Адам және азамат» бөлімінің 29 бабында адам денсаулығы жайында толық мағлұмат келтірілген.
Ел басымыздың жолдауындағы бағыттардың бірі-денсаулықты нығайту,медициналық қызмет көрсету,сапасын жақсарту және денсаулықты сақтаудың жоғарғы техналогиялық жүйесін дамытуда біріншіден денсаулықты сақтау саласындағы басқару қаржыландыру,үйлестіру мен бақылау тетіктерін қайта саралау арқылы медициналық қызметтің нәтижелігі мен сапасын арттыру қажет болып табылады.
Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі айналысады.Облыстарда,аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіліп отырады.Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашар-лап кеткен.Оның ең басты себептерінің бірі экологиялық басқа мемлекеттермен

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Гипокинезия салдарынан ағзаның функциональдық жағдайының өзгеруі

Жоспар

Кіріспе
1. Денсаулық пен ауру туралы түсінік
2. Дене қимылының кемдігінен (гипокинезия) пайда болатын аурулар.
3. Семіздіктің этиология мен патогенезі және жіктелуі клиникалық
көріністері.
4. Гипокинезияның тыныс алу жүйесіне әсері.
5. Гипокинезияның жүрек- қан тамырына әсері.
6. Гипокинезияның бұлшықет жүйесіне әсері
7. Қант диабеті өте қауіпті дерт
8. Гипокинезияға қарсы амалдар.
9. Тиімді тамақтану тәсілі.

Кіріспе
Адам денсаулығы оның негізгі байлығы, сонымен бірге әрбір жеке адамның
денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады.
Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы
мемлекеттің,қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам
мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселерге баса назар
аударып,халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерін шешу үшін белгілі бір
шаралар қолдану керек.
Адамның денсаулығын сақтаудағы ең бірінші мәселе-таза су мен кенеулі асты
пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаған ортаны ластайтын және
экологиялық зиян келтіретін обьектілерді қысқартуды, басқа да қауіпті
факторларды төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды қолға алу,және
жүзеге асыру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен
айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға,есіркі,темекі мен алкогольді тұтынуды
қойып,тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға тікелей бағытталған.
Соңғы жылдарда,әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық
елдеріндегі,сондай-ақ ,Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым
нашарлап кетуіне байланысты,және адамдардың тіршілік ету мерзімінің
қысқаруына сәйкес-адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.
Денсаулық-адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние.Өмірдің шаттығы мен
қызығы денсаулыққа байланысты.Адам бақыты-денсаулығының мықтылығында.Дені
сау адам көңілді жүреді.
Дүние жүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері,денсаулық адамзат
баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді.Медицицна ғылымдарының пайда
болуына,оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер салып
қарасаңыз,медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын-
алуға,ауруларды емдеу әдістерін тауып,оны жетілдірумен шұғылданып отырған
ғылым екені байқалады.Медицина ғылымдары адамды және оның денсаулығын
арттыруда ең басты рөл атқарады.
Адамзат баласының тіршілік өмірінде еңбір бағалы нәрсе,оның
денсаулығы.Денсаулықты сақтап,үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп,оған
пассивті түрде емес активті түрде қарау керек.Денсаулықты сақтаудың жолын
үйрену әрбір адамның басты міндеті.Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың
алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік,әлеуметтік,экономикалық ,жә-
не медициналық,биологиялық,физиологиял ық мәселе.Адамның еңбек пен тұрмыс
жағдайын жақсарта беру,аурулардың алдын алу.
Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлар
туғызу,халыққа тегін,жалпыға бірдей,жоғары дәрежедегі мамандандырылған
медициналық көмек көрсетуді қам-тамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді
мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі.Өткен 2002 жылы-денсаулық
жылы деп атаудың өзі осыны аңғартады.
Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан республикамыздың конистутциясына
сәйкес денсаулықты сақтау мәселері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар
әзірленіп,Қазақстан республиксынның Адам және азамат бөлімінің 29 бабында
адам денсаулығы жайында толық мағлұмат келтірілген.
Ел басымыздың жолдауындағы бағыттардың бірі-денсаулықты
нығайту,медициналық қызмет көрсету,сапасын жақсарту және денсаулықты
сақтаудың жоғарғы техналогиялық жүйесін дамытуда біріншіден денсаулықты
сақтау саласындағы басқару қаржыландыру,үйлестіру мен бақылау тетіктерін
қайта саралау арқылы медициналық қызметтің нәтижелігі мен сапасын арттыру
қажет болып табылады.
Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі
айналысады.Облыстарда,аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіліп
отырады.Кейінгі кезде халықтың денсаулығы өте нашар-лап кеткен.Оның ең
басты себептерінің бірі экологиялық басқа мемлекеттермен салыстырғанда,өте
қиын жағдай.Қазақстан Респуб-ликасында емдеу практикалық мекемелер арқылы
барлық медици-налық жәрдем көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі.Мемлекеттік
бюжеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады.
Сонымен қатар медицина мекемелерінің қоғам алдындағы ашық есептілігі
жүйесінде,әрі ішкі бақылау мен сыртқы аудит жүйесінде енгізген жөн.Орташ
өмір жасының ұзақтығы деңгейін арттыру,ана мен бала өлімі көрсеткіштерін
төмендету АҚТЖ\ЖКТБ дертіне шалдығудың етек алуын тежеуге бағытталған
бағдарламалар әзірлеу керектігі басты назарда екендігі айтылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Шымкент қаласындағы басты денсаулық сақтау
орталықтармен бірлесе жұмыс істеп Гипокинезия салдарынан ағзаның
функциональдық жағдайының өзгеруі деген тақырыпты зерттеп,бұл аурудың
қазіргі таңда қаншалықты күрделі мәселеге айналып отырғандығын және ағзаның
вегетативті жүйесі,жүрек қан тамыр, тыныс жолдарына тигізетін
зардабы,сонымен бірге гипокинезияға қарсы амалдар аурудың алдын алу
жолдарын қарастыру,осыған байланысты халықтың да салауатты өмір салты мен
денсаулық сақтау мәселері жөніндегі білімін арттырып,халық арасынды спорт
пен дене шынықтыруды насихаттау болып табылады.
Жұмыстың өзектілігі.Қазіргі жақандану кезінде біздің қоғамымыздың
ілгерілеу процесіндегі қоғам факторы және оны жандандыру,ел өмірінің барлық
әлеуметтік жақтарын жаңарту жайында әлеуметтік мәселелер күрделеніп отыр.Ал
нарықтық қатнасқа көшу мен экономикалық реформалау жаңа технологияның
қарыштап дамуы елімізде өз әлеуметтік мәселені алып келді.Прогрестік
жетістіктер, (компюьтер,автокөлік,ұялы сымтетік т.б)адамдарды артық
қозғалыс пен ауыр жұмыстан көбірек босатқан сайын соғырлым қозғалыс
белсенділігінің орнын толтыру тәуелдігі артып отыр.Мұндай жағдайда дене
тәрбиесімен жалпы айналысудың маңызы зор.Дене тәрбиесімен айналысу әйелдер
үшін маңыздылығы басым,себебі саналы және сапалы ұрпақтың болуы аналар
денсаулығына байланыстыСоңғы кезде демографиялық келеңсіз
құбылыстармен(бала туылудың кемуі,өмір сүрудің қысқаруы)бірге физиологиялық
пісіп жетілмеу көп көрініс беріп тұр.Физиологиялық пісіп жетілмеу бұл дене
сапалары мендағдылардың қалыпты дамымауы,семіздік, жақыннан көргіштік,
омыртқа жотасының қисаюы жалпақ табандылық т.б.Бұл құбылыстар адам өмірінің
соңына дейін теріс із қалдыруы мүмкін.Олар жасөспірімдік кезеңде жыныстық
дамуды тежеп дене және ақыл-ой жұмыс қабілетін төмендетіп,ерте қартаюға
әкеп соғады.

1.1 Денсаулық пен ауру туралы түсінік
Денсаулық дегеніміз-ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына
бейімделуі,дамуы және қалыптасуын айтамыз.Қазір-гі кезде денсаулықты
бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады.
1.Физикалық денсаулық-ағза жүйесі мен мүшелердің өсу деңгейі.Оның негізін
морфологиялық және функциялық кезектер қалайды.Олар ағзаның бейімделу
реакциясын қамтамасыз етеді.
2.Соматикалық денсаулық-Ол адам ағзасы мен мүшелердің арасындағы
биологиялық жағдайы.Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық
бағдарламасы реттейді.
3.Психикалық денсаулық - ол адамның психикалық сферасының жағдайы.Ауруды
болдырмау,адам өмірінің мақсатын болжау,мұн-ың бәрі биологиялық және
әлеуметтік қажетттілтерден туындайды.
4.Рухани денсаулық-ол адамдардың информацияны қабылдауға де-ген
қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынастардың
сипаттамасын көрсетеді.Оның негізгі баға-лық жүйелері индивидтердің
қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнғуы.Ол адамның көңіл күйін
анықтайды.Өйткені рухани денсаулық адамдардың
жомарттылығын,сүйіспеншілігін,жан дүн-иесінінің сұлулығын көрсетеді.
Адамдардың денсаулығы неге байланысты болады деген сауалға келетін
болсақ,денсаулықты шартсыз түрде 100% етіп алсақ,оның 20% тектік
факторларға, 20% айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық
факторлардың әсеріне, 10%-денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне
байланысты болатыны анықталып отыр. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде
қызмет жасайтын болса, және дәрі-дәрмектер жеткілікті болса, онда
адамдардың денсаулығы арта түсетіні сөзсіз. Түрлі жұқпалы дерттерге адам
ағзасы қарсы тұра алады. Өйткені сдам ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде
жаратқан құбылысы. Денсаулықтың 50%-ның жақсы болуы адамдардың өздеріне
байланысты болатынын медицина және биология ғалымдары ғылыми тұрғыдан
дәлелдеп шықты.Көптеген адамдар олардың ішінде жас жеткіншектер
денсаулықтарын өздері бұзатыны байқалып отыр.
Дені сау деп-организмнің органдары мен жүйелерінің қызмет істеу қабілеті
сыртқы ортаның жағдайымен толық сәйкес келуін және қандай да бір аурудың
белгілері жоқ болуын айтады.Дені саулықтың негізгі белгісі,оның сыртқы
ортаның жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіштік қасиеті.Дені сау организм
адамның ауыр психикалық және физикалық қажуын жеңе алады және сыртқы
ортаның өзгерістеріне тез бейімделеді.Сондықтан оны қалыпты жағдайдан
шығару оңайға түспейді.Денесі жаттықан адамдардың өзін-өзі
қорғау,бейімделгіштік қасиеті өте жоғары дамыған.Бірақта организмнің өзін-
өзі қалыпқа келтіру қасиеті шексіз емес.Ерте ме кеш пе ол қажиды,денені
ауру жайлайды.Дені сау организмнің сыртқы ортаның жағдайларының өзгеруіне
өте жоғары дәрежедегі бейімделгіштігінің басты себебі,оның органдар
ментканьдардағы тіршілік қызметін жедел реттеп отыруында.Тірі организм өте
күрделі өзін-өзі басқаратын жүйе.Ол сыртқы ортаның тоқтаусыз өзгерістеріне
сай өзін-өзі пайдалы тәртіпке түсіріп отырады.Сонымен қатар,денсаулықтың
белгісі организмнің ішкі ортасының үнемі қалыпты жағдайда болуы.Оны
гемеостазис деп атайды.Қалыпты жағдайда организм өзінің қызуын,қанның
химиялық құрамын,қанның құрамындағы оттегінің көлемін т.б бір қалыпты
ұстайды.Сыртқы ортанның қоздырғыштарының күшті әсерінен ішкі ортанның
қалыпты жағдайы өзгеруі мүмкін.Сол кезде денеде ауру пайда болады.Денсаулық
және қалыпты жағдай деген ұғымдардың арасында ешқандай да шек жоқ.Кейде
дені сау деп ойлаған организмде аурудың ошағы болуы мүмкін мысалы (жұқпалы
аурулардың жасырын басталатын кезеңі).Аурудың жасырын бастаған жағдайында
адам организмі бірте-бірте өзгеріске ұшырайды.Бұл спортшыларға тән
қасиет.Олардың организміндегі өзін-өзі қалыпқа келтіретін механизм өте
жоғары дәрежеде дамыған.Сондықтан ауру ұзақ уақыт жасырын жағдайда даиды
және көңіл күйіне аса әсер ете қоймайды.Денсаулық пен аурудың арасында
әртүрлі өтпелі жағдайлар бар.Денеде аурудың пайда болғандығы немесе жоқтығы
туралы ұйғарымға келу үшін организмнің жекелеген қасиеттеріне жүгіну, жақсы
шынығу дәрежесі және оны қоршаған ортаның жағдайын есепке алу
керек.Организмге түсетін шамадан тыс күшті қоздырғыштардың әсерінен немесе
жәй қоздырғыштарға бағытталған бейімделгіштік қасиетінің төмендеуінен
адамда ауру пайда болады.Адам организміне тән морфологиялық және қызметтік
қасиеттер өзгеріске ұшырайды да кесел басталады.
Аурудың басталуына байланысты өзін-өзі реттеу қызметі өзгеріп,қоршаған
ортамен жаңа ара қатынас орнайды,бейімделгіштік қасиет төмендейді.Аурудың
тууы-деп қандай да бір қоздырғыштың зақымдануынан организмдегі тіршіліктің
нашарлауын айтады.Ол организмнің сыртқы ортаның жағдайларына бейімделу және
жұмыс атқару қасиетінің нашарлауымен анықталады.Ауру туған жағдайда денеде
физиологиялық қызмет жалғаса береді де ол жаңа жолмен жүреді.Бастапқы
кезеңде ауруды туғызатын себептерге қарсы қимылдар іске қосылады.Содан
кейін барып организмнің физиологиялық қызметін түзейтін орнын толтыру және
қалыптастыру өзгерістері басталады.И.П.Павловтың тұжырымы бойынша
организмдегі кейбір өзгерістер аурудан емес,физиологиялық өзін-өзі қорғау
әрекеттерінің көрінісі болып табылады.

1.1 Дене қимылының кемдігінен (гипокинезия) пайда болатын аурулар.
Гипокинезия адам денсаулығына,әсіресе жүрек-қан айналу жүйесіне зиянды
әсер етеді.Қазіргі заманда өндірістің ауыл шаруашылығының
техникаландыруына, өзін-өзі басқаратын жүйелердің қолданылуына
байланысты,адамдардың көбісі аз қозғалатын тұрмыс кешуде.Дәл қазіргі
таңдағы цивилизациялы қоғам дене еңбегін азайтуда орасан зор табыстарға ие
болуда.Мұның өзі транспорттың дамуына,өндіріс процестері-нің
автоматтандырылуына байланысты.Біздің елімізде сан мыңдаған миллиондаған
адамдар жыл сайын лифтілері,кір-қоқыстарын сыртқа өзі тартып шығаратын
құбырларды пайдалануда.Барлық тұрмыстық-коммуналдық жағдайлары жеткілікті
өмір сүруде. Соңғы кездегі адамдардың жүрек пен қан айналу жүйелеріндегі
аурулардың көбейіп кетуінің бірден-бір себебі осы гипокинезияға
байланысты.Гипокинезияның салдарынан адам қажиды да кез келген органында
ауру қозады.Мысалға,қатерлі өскіндерді қояндардың денесіне еккенде ауыр
жұмыс істеуге жаттыққан қояндарда қатерлі өскін баяу,ал жаттықпаған күші
жоқ қояндарда жылдам дамиды.Дене қозғалысының көлемі азайғанда ішкі
органдардың,жүйелердің қызметі де баяулап,қоздырғыштарға қарсы күресі
нашарлайды,ауру туады.
Адамдардың дене белсенділігінің деңгейі,олардың тек жұмыс қабілетіне ғана
емес,денсаулық жағдайына да әсер етеді.Көптеген зерттеуші ғалымдар,
гипокинезия жүрек-тамыр ауруларының этиологиясында семіздік пен тірек-қимыл
аппаратының бұзылуында едәуір орын алатынын дәлелдеген.Жүректің ишемиялық
ауруларында миокард қан айналымының бұзылуы себебінен қажетті мөлшерде
оттегі және қоректік заттардың жеткізілуі кемиді.Миокард инфаркті-өте
қауіпті кең таралған жүрек ауруы.Ел ішіндегі екі өлімнің негізгі себебі
миокард инфаркты және мидағы қан айналымының бұзылуы болып табылады.
Дене белсенділігі жоғары адамдарда бұл аурулар жоққа тән.Осы бағытта
көптеген зертеулер жүргізілген және де жүргізілуде.Авторлардың басым
көпшілігі жүрек-тамыр жүйесі ауруларынан қайтыс болатындардың саны,дене
белсенділігінің төмен адамдарда 2 немесе 3 есе жиі кездесетіндігіне
тоқталған.Белсенді қозғалыс режімдерін ұстанған адамдар бірінші инфарктен
кейін өмір сүре алады.Бұл жерде өмір сүру кезеңдеріндегі әр уақытта дене
қозғалысының белсенділігі өте қажет екенін атап айтқан жөн және де балалық
жасөспірімдік кезеңдеріндегі жүрек-тамыр жүйесіндегі ауытқулар жойылып
кетеді.
Екінші қауіпті фактор липидтер алмасуының бұзылуына байланысты-дене
салмағының артуы.Толық адамдар қанындағы сары суда холестерол мен
триглицеридтер мөлшерінің жоғарлауын болдырмауға бірден-бір себеп.Салмақ
артуының басты себебі бұлшық ет жұмысы кезіндегі шығындалған энергия мен
тағамана келіп түскен энергия пропорциясының әртүрлігі.Қазіргі кездегі
постуталаттанған липопротеидтің жоғары тығыздығының (ЛПЖТ) антиатерогендік
функциясын есепке ала отырып,жоғарыда келтірілген фактілер,қан сарысуындағы
липидтер тасмалдануының нашарлауы және атерсклероздың пайда болуы,тамақтану
режімінің бұзылуы мен гипокинезияның бірлесуінен деп қорытындылайды.
Сонымен бірге гипокинезия холестеролдың,этирифицирленген полиенді май
қышқылдары құрамының артуына,перекисті тотыққан осы қышқылдар өнімдерінің
қан плазмасындағы липидтерде жинақталуына жағдай туғызады.Балалармен
жасөспір-імдерде гипокинезия қалыпты кездегі жүрек соғуының
жоғарлауына,тері асты майының қалыңдауына,дем шығару қарқынының
артуына,қандағы холестерол құрамының көбеюіне әкеледі
Қозғалыс аппаратындағы өзгерістер-бұлшық ет атрофиясы,шемір-
шек,сүйек,буындар мен байламдарда кездесетін дегенеративтік процестер
негізінен пайда болады.Қозғалыс белсенділігі тірек-қимыл аппаратының
пассивті құрамдарына әсер ете,оның жағдайын да анықтайды.Мұндай статикаляқ
мәліметтер түрлі арқа ауруларының басты себептерінің бірі,арқа бұлшық
еттерінің жағдайы болып табылады.Статикалық жұмыс қалпындағы ширығу,бұлшық
еттердің босаңсу уақыт өте келе, бұлшық ет ұлпаларында спазм және
дегенеративтік өзгерістерге әкеледі.Арқа аурулармен ауыратын 5000-дай
адамды тексергенде,олардың тек 20%-ті ғана зақымдану немесе органикалық
патология табылған.Ал отырып жұмыс істейтіндерде кездесетін арқа және сүйек
аурулары,қимылдың аздығынан.Арқа еттеріндегі әлсіздік 6-16 жас аралығындағы
балалар жасөспірімдерде де байқалған.
Гипокинезия буын жағдайына да көп әсер етеді.Ұзақ уақыттық статикалық
жүктемелер әсерінен буын шеміршегі жалпақтанады,ондағы зат алмасудың
бұзылуынан,дегенеративтік өзгерістер пайда болады да буындағы қозғалыс
амплитудасы шектеліп,серпімділігі азаяды.
Қимыл-қозғалыс кемшілігінің жоғарыда көрсеткендей,денеге әсер етпейтін
жері жоқ..Аз қозғалыстың салдарынан жоғарғы реттеуші орталық,ішкі
ағзалар,шеткері орналасқан қан тамырлары,сүйек буындары көптеген өзгеріске
ұшырайды.Адамның жұмысқа деген қабілеті төмендеп,өзін қоршаған ортаға
бейімделу қасиеті кеміп, тіршілік жүйесі әлеуметтік және биологиялық
құбылыстарға төт-еп бере алмай қалады.
Гиподинамия (қимылдың кемдігі) ең алдымен ми қыртысын зақымдайды.Оның
себебі,әрбір қимыл-қозғалыстан бастап,өте күр-делі гимнастикалық
жаттығуларға дейін,барлығы тек жоғары реттеуші орталықтың бақылаумен ғана
орындалады.Сондықтан ми және бұлшық еттер, буындардың қимыл-қозғалысы бір-
бірімен тығыз байланыста.
Орталық нерв жүйесінен түскен бұйрық арқылы қатты екпінді қозғауға,не
ақырын қимылдауға болады. Ал қозғалысқа түскен бұлшық ет керісінше миға
қарай нерв талшықтары арқылы орындалған жұмыстың қорытындысын жібергендей
хабар береді.
Сонымен жоғары нерв жүйесі бір жағынан бұлшық ет,буындары-ның,ішкі
ағзалардың қызметін қадағаласа (қан айналым,өкпе,жүр-ек,бауыр,ішкі секреция
бездерінің жұмыстарын)екінші жағынан,өзі осы мүшелердің толық ықпалында
болады.
Денсаулықтың кепілі,адамның еңбекке деген қабілеті,қандай жаста болса
да,дамылсыз соғып тұрған жүрекке байланысты. Барлық қимыл-қозғалыс денеде
өтіп жатқан мыңдаған құбылыстар тек сау жүректің арқасы.Жүрек бұлшық еті
ретпен жиырылып-жазылып,қанды қолқа тамырға итеріп шығарады,ол ары қарай
тарамдалып,кішкене тамыршалар арқалы бүкіл денені жуып шығады.
Сол арқылы денедегі әрбір жасуша,ең шеткері орналасқан
жүйелер,оттегі,су,тұз қажетті заттармен қамтамасыз етіледі.Содан соң бұлшық
ет босаңсыған шақта,керісінше көк тамыр арқылы көмірқышқылына және тағы
басқа заттарға толы қан қайтадан жүрекке келеді.
Қимылдың тапшылығы жүректің осылай өз ретімен жұмыс істеуіне кедергі
келтіреді.Жүрек бұлшық етттерінің жиырылу күші кеміп,денеге тарайтын қанның
мөлшері төмендеп,қажетті қоректік заттарға тапшы болып қалады.Қимыл-
қозғалысты аз мөлшерде қысқартқанның өзінде денеде айтарлықтай өзгерістер
туады.Мәсе-лен,бұлшық еттің солуы,жүрек жиырылу күшінің кемуі,ішкі ағзалар
қызметінің нашарлауы сияқты құбылыстар байқалады.
Қимылдың тапшылығынан басқа да толып жатқан сырқаттарды аңғаруға болады.
Олар қазіргі кезде жиі кездесіп жүрген ғасыр ауруы деп аталатын
остеохондроз. Ол омыртқа аралық шеміршектің мүжіліп тозуы, жұқаруы. Омыртқа
аралық шеміршектің тозуына не себеп? Әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қазіргі
адамдардың тұрмыс-тіршілігінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. Оларды
шаршататын ерте ғасырлардағы сияқты қимыл-қозғалысты артырып, күшпен
атқарылытын дене еңбегі емес, ой еңбегі.Соның нәтижесінде денедегі ең көп
ауырлық арқа және желке бұлшық еттерне түседі.
Үнемі қозғалмай бірқалыпты сіресіп отырғаннан аталған бұлшық еттер
әлсіреп,зорланады. Бірте-бірте олар өзінің серпінділігінен айырылады.
Сөйтіп, қысып ұстап тұрған омыртқалар негізгі күштен айырылып,бар салмақты
өзіне алады. Одан әрі адам еш әрекет жасамай, сол отырған қалпын
өзгертпесе,ауырлық омыртқалар аралық шеміршекке түседі. Сөйтіп,олар
біртіндеп ыдырай бастайды да жыртылады.Сол кезде омыртқалар бір-біріне тиіп
қажылып,со-ның салдарынан омыртқаның қалыпты қимылы өзгеріске ұшырайды.
Кейде сол омыртқа аралық шеміршек сыртқа теуіп шығып кетеді.Мұның өзі
жұлыннан шыққан нерв талшықтарын мыжып,қан тамырларын зақымдап,адам зардап
шегеді.Ал омыртқалардың өз орнынан ауысып кетуі кейде жұлынға тікелей әсер
етеді.Жұлынан шыққан нерв талшықтарының түбі жаншылған соң,айналасы бірден
ісініп-қабынып кетеді.Қан айналымы тоқтап,жүйке-тамырлар жарақаттана
бастайды.Ал осы бүлінген жерде омыртқалар өзінің серпінділік немесе
амортизациялық қасиетін сақтау үшін,олардың тіреу міндетіне күш
түседі.Соның салдарынан омыртқалардың жан-жағынан үшкір сүйектер өсіп
шығады.Оның өзін омыртқалардың қиындыққа көндігуінен туған жағымды
компенсаторлық (орын толтыру)қасиет деп түсінуге болады.
Дегенмен ол үшкір сүйек (остеофиттер)омыртқалардың тұрақтылығын біршама
қалыптастырғанмен,сыртқы тепкен шеміршек сияқты нерв талшықтары мен қан
тамырларын ығыстырып тастайды.Содан барып аурудың әр түрлі белгілері
байқалады.Омыртқа жотасының ішінде ең үлкен салмақ мойын және бел
омыртқаларға түседі.
Сонымен остеохондроз басқа белгісіз себептермен бірге омыртқа жотасын
қысып ұстап тұрған бұлшық еттің әлсіреуінен пайда болады.Оған жұмысты
біріңғай отырып істеу,соның салдарынан бұлшық еттің жетілмеуі,яғни қимыл-
қозғалыстың тапшылығы тікелей ықпал жасайды.Ал омыртқа аралық
шеміршектің,буындар мен сіңір тарамыстардың өзгеруі тек осы бұлшық еттер
әлсіреп,зақымданған соң біліне бастайды.
Ең жиі кездесетін кемтарлық-омыртқа жотасының қисаюы.Әдетте ол табиғи төрт
физиолгиялық иіндерден тұрады.Оның екеуі-мойын мен бел тұстарының алға
қарай ойысуы (лордоз)қалған екеуі-кеуде мен құйымшақ жотасының сыртқа тебуі
(кифроз).Омыртқа жотасы 7 мойын,12 арқа,5 бел,5сегікөз,5құйымшақ
омыртқаларынан тұрады.Осылардың ішінде қозғалмай бір-бірімен тығыз
байланысып қалған сегізкөз бен құйымшақ,ал басқалары үнемі қозғалыс
үстінде.
Жоғарыда айтылған ойыс пен дөңестің және омыртқа аралық шеміршектің
нәтижесінде,омыртқа жотасының тепе-теңдік және серпінділік қасиеті
сақталады.Омыртқа жотасы адамның тірегі,ол қорғаныс,қимыл-қозғалыс үщін
жартылған.Анығырақ айтқанда адамның иіліп бүгілуіне қажетті негізгі
өзегі.Дененің жоғарғы бөлігі бас,иық,қол, кеуде мен іш құрылысының салмағын
төменгі бөлікке өткізіп тұрады.Сондықтан ол дененің әр бөлігінде әр түрлі
қалыпта болады.Ал оның қорғаныс қызметі-өзегінің ішіндегі жұлынды сыртқы
ортадан сақтауында.Өзінің майысқақ икемділік қасиеті арқылы омыртқа,өмір
үшін соқтығу мен қақтығысудан сақтайды.
Омыртқа жотасының ретті қызмет етуіне оны қоршаған бұлшық ет үлкен әсер
етеді.Оқыста қимыл біріңғай болып бір жағынан көп күш түссе,онда сол
жақтағы бұлшық еттер қажып босаңсиды.Соның әсерінен жоғарыда көрсетілген
кифоз және лордоз иірімдері өзгеріп кетеді.Омыртқа жотасын екі жаққа тартып
тұрған бұлшық еттердің күші бірдей болмаған соң,бір жағына қисайып
кетеді.Міне баланың кемтар болуы осыдан.Ата-ана оның алғашқы өзгерісін
аңғармайды.Сөйтіп,баланың тұлғасындағы кінәратты есейе келе бір-ақ
байқайды.
Табан бұлшық етінің жетілмеуінен балаларда қазтабан ауруы да жиі
кездеседі.Оның да адамға тигізер зияны айтарлықтай.
Сонымен гиподинамия салдарынан көп ауруларға шалдығатыны-мыз белгілі
болды.Әрине оған ықпал жасайтын да адамның өзі.Көбіне бірқалыпты отырып
қызмет ету,әсіресе,толық адамдар-дың буындарға еш қимыл
түсірмей,қозғалыссыз отыруы жүрекке айтарлықтай күш түсіреді.Ал қимыл-
қозғалыс тапшы болса,орган-измде тұрып қалған зиянды заттар да сыртқа
шықпай,жасушаларды жалпы адамды тез қартайтады.

1.2 Семіздіктің этиология мен патогенезі және жіктелуі клиникалық
көріністері.
Семіздік дегеніміз-тері асты шеліне және басқа да организмдегі тіндерде
майдың жиналуының нәтижесінде ден салмағының 20%-ке,немесе одан да көп
артуын айтамыз.Экономикасы жақсы дамыған елдерде халықтың 20-30%-ы
семіздікпен ауырады,сондық-тан бұл тек медициналық қана емес,әлеуметтік
маңызы бар ауру түрі.
Ғалымдар адамның іс жүзінде салмағы оның қалыпты салмағының 15%-дан асып
кеткендегі жағдайын семіру деп есептеген.
Этиология мен патогенезі.Адам қолданатын тағамның калория мөлшері
организмнің энергетикалық жұмсауларынан артылған шақта,семіздік дамиды.Оның
жиі кездесетін себептердің бірі-дұрыс тамақтанбау (шамадан тыс тамақ
қабылдау,негізгі тағам көлемін кешкі сағаттарда қабылдау) және физикалық
жүктеменің азаюы.Тұқым қуалай отырып,семіздікке бейімділік беріледі.Зерт-
теулер жүргізі отырып,анықталған себептер:егер ата-анасы арықтау
болса,баласында 14%жағдайда;ал анасы мен әкесі де артық салмақты болғанда-
80%жағдайда осы ауру дамиды.
Семіздіктің барлық түрінде май алмасуын реттейтін орталық механизмдер
бұзылады.Гипоталамуста қанығу орталығы (вентромедиалды ядро)және тәбет
орталығы орналасқан,олар тамақ қабылдауды өздігінен реттеп
тұрады.Гипоталамустың қабынулық немесе жарақаттанулық зақымдануы осы
орталықтарды қоздырады,
тәбетті ұлғайтады,ол гипоталамустық семіздікке әкеліп соқтырады.
Жіктелуі Семіздікті біріншілік деп бөлеміз,оған алиментарлық-
конституционалдық семіздік жатады,бұл көбіне отбасылық көрініс.Семіздіктің
екіншілік түріне гипоталамустық және эндокриндік семіздік жатады.Дене
массасының артық мөлшеріне байлаысты семіздіктің 4 сатысын ажыратады.I
сатысында-артық салмақ қалыптағыдан 20-29% артық ,II сатысында-30-49%,III
сатысында-50-99%,IV сатысында-100% және одан да көп.Дененің дұрыс салмағын
білу үшін арнайы кестелер қолданады немесе дене салмағының әріпсанын
есептейді,ол үшін дененің салмағын(кг)бой-дың ұзындығына(м) бөліп,квадратын
шығарады,қалыпты жағдайда ол 20,0-24,9 тең.
Клиникалық көріністер.Семіздіктің түріне байланысты,алинмен-тарлық дене
бітімдік семіздіктің I-II сатысы кезінде науқастың шағымдары болмауы
мүмкін.Ал III-IV сатысында физикалық күш түскенде ентігу,тез шаршау,жүрек
соғу,жүрек тұсының ауыруымен
Аяқтардың ісінуі т.б шағымдар пайда болады.
Семіздіктің екіншілік түрлерінде негізгі аурулардың шағымдары-ның басым
болуы мүмкін.Гипоталамустық семіздік-гипоталамус аймағының зақымдануынан
пайда болады.Семіздіктің бұл түрінің сипаттамасына дене салмағынның тез
артуы асқа тәбеттің қатты артуы,бас миының зақымдануын көрсететін
неврологиялық симтомдардың пайда болуы жатады,оған кейде ұйқышылдық және
жыныс бездерінің қызметтінің бұзылуы қосылады.Семіздіктің бұл түріне
адипозо-гениталды семіздік,Морганьи синдромы жатады.
Эндокриндік семіздік басқа эндокриндік ауруларға серіктес болып келеді
(гипотиреоз,климакс,бүйрек үсті бездерінің аурулары).Нау-қастарды қарап
тексергенде,құрсақ пен санның ішкі жағындағы терісінде күңгірт қызыл түсті
сызықшаларды байқауға болады.Семіз адамның іш пердесі жоғары
орналасқандықтан,брон-хиттер мен пневмониялармен жиі ауырады.Өкпенің
гиповентиля-циясы,бас миының гипоксиясы дамып,ол тыныс ырғағының
ретсізденуімен және патологиялық ұйқышылдықпен көрінуі мүмкін (Пиквик
синдромы).Семіз науқастардың артериялық қан қысымы жоғарлауға
бейім.Қыжылдау,іштің кебуі сияқты шағымдары болады.Дене салмағы артық
адамдарда шап және кіндік тұсында жарықтар жиі кездеседі.Әйел адамдардың
етек кірі бұзылады,ер адамдардың жыныстық жігерлігі төмендеп,сүт бездері
ұлғаяды.Семіз адамдарда қан қысымының көтерілуі 3-4 рет,жүрек ишемия ауруы
1,5-2 рет,веналардың варкиозы 2-3 рет,өт тас ауруы-6 рет жиілікпен
кездеседі.20-25% науқастарда қантты диабет дамиды.
Дененің майлылығын қалыпты,арық ,семіз деп үшке бөлеміз.Дене-нің
семіздігін кіндіктің және жауырынның төменгі жағындағы тері асты май
қабаттарының қалыңдығын өлшеу арқылы анықтайды.Қолдың үлкен және сұқ
саусақтармен терінің және тері асты майының 5 см көлемі жиырылады.Арық
адамның терісі мен тері асты майының аздығынан саусақтардың ұштары бірін-
бірі оңай сезеді,саусақтың астында бұлшық еттің және сүйектердің қырлары
анық байқалады.Адамның толықтығы қалыпты болғанда теріні саусақтарға жинау
қиынға түспейді,саусақтар бірін-бірі сезінеді.Бұлшық еттер мен сүйектердің
қырлары анық көрінбейді.Семіз адамның терісін саусақтардың арасына жинау
қивнға соғады.Сүйектер мен бұлшық еттердің қырларын ұстау өте қиын.Тірек-
қимыл аппаратын зерттеу барысында сұрастыру арқылы буындардағы
зақымды,қозғалыстың нашарлығын немесе керісінше қозғалмалығын,оның шықпалы
болып қалғандығы сияқты белгілерін анықтайды.Осыдан кейін әрбір буынның
қозғалу көлемін тексереді.Оны арнайы циркульмен-гониометрмен өлшейді.
Сырттай бағалау арқылы дененің нормостениялық гипо және гиперстениялық
түрлерін белгілейді.
Сонымен біз артық салмақ өзімізге көрік бермейтін аса қатерлі жүрек
ауруларының,гипертонияның,қант диабетінің,қатерлі ісік ауруларының қуатты
қоздырушысы екенін білеміз.Дүние жүзінде қезіргі кезде сауығу қозғалысы кең
етек алды,соның ішінде адамдар бұл күндерді артық салмақ пен семіруге қарсы
күрес жүргізуде.Шетелдік сақтық компанияларының статистикалық мәліметтеріне
қарағанда,салмақ нормадан 20% артып кетсе,инфаркт пен миға қан құйылудан
өлу қаупі 15-20%,диабеттен мерт болу қаупі 2-2,5 есе артады екен.Салмақтары
нормадан 40% асып,семіріп кеткен адамдар арасында жүрек-қан тамыры
аурулармен қайтыс болу 40-60%,рактан 5-15% көбейетін болып шықты.Бір сөзбен
айтқанда,қарнымызға көз салатын мезгіл жетті,қарнымыз нормадан асып қанша
жуандаса,өмір-жасымыздың сонша қысқарғандығы.Семірудің негізінде дәмдірек
бір нәрсе жеуге құштарлық ,қанағат дегенді ұмыту,мешкейлік жатыр.Сол
мешкейлік салдарынан біздің көпшілігіміз тамақты қажетті мөлшерден әлденеше
есе көп ішеміз,жуан адамдардың арық ашаң адамдардан 10-12 жыл бұрын өлетіні
ойымызға да келмейді.Тамақ ішуге өзімізге еркіндік берген кезде бір жапырақ
нанның бізге 5-6 километр жерге жаяу жүріп баруға жететін энергия беретінін
есімізде ұстаған жөн.
Тарихты да еске түсірген жөн болар.Мысалы ертедегі Спарта елінде жас
жігіттер толып,семіре бастаса қаладан қуылатын болған.Осындай жазадан
қорыққан спарталық еркектер тамақты аз ішуге,толмауға,стандарттан аспауға
мәжбүр болған.Ежелгі Рим мен Афинада да арық,күшті атлеттерді жоғары
бағалаған.
Біздің заманның тағы бір қауіпті көрінісі-ол жастар арасында
семірушілердің көбейіп бара жатқандығы.Қазіргі кезде семіздіктен зардап
шегетін еркектердің орта жасы 42,3-ке әйелдің орта жасы 38,5-ке
тең.Еркектердің семіретін қатерлі кезеңдері 35-50 жастың арасы
болса,әйелдердің семіретін кездері бұданда ерте болып отыр.Семірген кезде
ғана емес,салмақ нормадан аздап асқан кезде дабыл қаққан,денсаулық үшін
алаңдай бастаған абзал.
Қалай болса да,мейлі,терминологияны түсініп алайықшы.Егер салмағыңыз
нормадағы салмақтан 9% асса,онда әңгіме семіздік жайында емес,артық салмақ
жөнінде.Ал салмағыңыз мөлшерден 10% асса,онда семіргеніңіз.Семіздіктің өзін
ауырлығы бойынша бірнеше дәрежеге бөледі.Семіздіктің бірінші дәрежесінде
салмақ нормадан 10-20%,екіншісі 30-40%,үшіншісінде 50-99%,төртінші-сінде
100%,тіпті оданда ары асып кетуі мүмкін.
Семірудің негізінде не жатыр? Сөз жоқ, энергетикалық дисбаланс.
Тепе-теңдіктің бұзылуына екі түрлі себеп бар.Ол-тамақсаулық және аз
қимылдау,жалқаулық.Темекі тарту,арақ ішу,тұқым қуалаушылық
есірткіге әуестілік,инфекцилық аурулар семіздікке ұрындырады.
Екіқабат әйел немесе емшекте баласы бар ана мешкейлікке салынса семіріп
кетеді де,ол бұл ауруынан айыға алмайтын болады.Сөйтіп денсаулығын
бұзады.Бұл есте ұстайтын жай.
Май басу немесе семіздік азғын,орташа және семіз деп үшке бөлінеді.Азғын
немесе қағылез адамның жауырыны,білезік бөлігі,балтыр сүйектері мен табан
сүйектерінің бедері тері астынан айқын білініп тұрады.Орташа май басқанда
сүйектердің бедері онша білінбейді.Семіз немесе май басқан адамда денесі
жұмырланып,мықын бөлігіндегі,санның жоғарғы бөлігіндегі және балтыр
бөлігіндегі май қабаты қалың болады.Дене шынықтырумен шұғылданатындарға
қарағанда шұғылданбайтындардың терісінің астында май көп болады.
Қазіргі медицинаның дәлелдеуі бойынша,семіздік денсаулықты құртады,адам
өмірін қысқартады.Статистикалық мәліметтерге жүгінсек,адамдардың орташа
жасын 7-10 жылға кемітеді екен.салмағы өте жоғары адамдар,салмағы қалыпты
адамдармен салыстырғанда 2 есе көп өлітіні белгілі.Әсіресе,семіздік қан
қысымының жоғарлауына үлкен ықпал жасайды.
Семіздік тек қимыл-қозғалыстың кемдігінен пайда болады деу қате пікір.Оған
әсер ететін жайттар өте көп.Ол адамның тамақтану мәдениетін білмеуі,яғни
біріңғай тамақтың түрлерін қолданудан да болады.Мәселен,өте майлы
тағамдарды,сұйық заттарды көп қол-дану,сол сияқты витаминдердің
жетіспеуі,зат алмасуының бұзылуы,денеде тұздың көбейіп кетуі айтарлықтай
физиологиялық өзгерістер туғызады.
Осыған қоса ішкі секреция бездері қызметі кенет төмендеуі де үлкен әсер
етеді.Негізінде семіздлікті сыртқы және ішкі себептерге байланысты екі
түрге бөледі.Сыртқы себептерге мешкейлік,аз қимылдау,бала кезде тәттіге
әуестену,ал ішкі себептерге ішкі секреция бездерінің бұзылуы,зат алмасуының
нашарлауы жатады.
Семіздік қандай себептен пайда болса да ол денсаулыққа өте зиян.Өйткені
артық салмақ жүрек,өкпе,қан-тамырлары,асқазан,іш ек
қарын,буындарға үлкен күш түсіреді.Сондықтан семіздікке шалдыққан адамдарда
сан алуан белгілер байқалады.Оладың ауырмайтын жері жоқ.,соған орай
емделмейтін әдістері де болмайды.Әйтсе де оның бәрі ретімен берілген
жаттығуға жетпейді.
Қимыл-қозғалыстың тапшылығы тек ересек адамдар арасында
кездеспей,жасөспірім,балалар арасында да байқалуда.Өскелең организмге
сыртқы күштің әр түрлі жағымсыз әсерінен омыртқа жотасы,аяқ,табан
құрылысы,пішіні өзгеріп кетеді.Олар іштен туа және жүре пайда болған деп
екіге бөлінеді.Аурудың жүре пайда болуы, улануға,жаралануға,зат алмасудың
бұзылуына,денеге инфекция енуіне,сол сияқты тұлға,қаңқа сүйектің қисаюы
гипокинезияға тікелей байланысты.
Адам қалай семіреді?Адам энергиялық құндылығы өте жоғары болғанда,өзі
жұмсай алатын деңгейден көп мөлшерде тамақ ішкен кезде,басы артық қоректік
заттардың бір бөлігінен (ең алдымен майлар мен көмірсулар) адам организмі
қор жинауға мәжбүр болады.Бұл артық шамадан калориялығы өте жоғары майға
айналады.Осының салдарынан келіп тері астына көп мөлшерде май жиналады.
Семіріп кету зат алмасудың тұқым қуалау-дене бітімі ерекшелік-
терінің,жыныс және жас өзгешеліктерінің,май алмасуды реттейтін нейро-
гормондық орталықтардың зақымдануының салдарынан болуы мүмкін.Семіріп
кетуге сондай-ақ орталық нерв жүйесінің, эндокриндік органдардың,ең алдымен
гипофиздің,бүйрек үсті,қал-қан және ұйқы бездерінің бұзылуы да себепші
болады.Кейде жүйкенің қатты шайқалуының немесе дененің бір жері
зақымдануының өзінен-ақ май алмасуының бұзылуы,дұрыс тамақтанса
да,оргнаизмде май қорының тым көп жинала бастауы мүмкін.Семірудің мұндай
түрін патологиялық семіру деп атайды.
Семірудің зардаптары қандай?Медициналық статистика семірудің медицина
көмектесе алатын алғашқы сатысында салмағым артып барады деп дәрігерге
ешкімнің келе қоймайтынын көрсетеді.Ал семірудің екінші қатардағы
зардаптары,соның ішінде жалпы ауру-сырқау,жүрек тұсының шаншуы,бас
ауруы,демікпе,дәреттің бұзыл-уы,аяқтың ісінуі,мазалаған кезде жұрт
дәрігерге көрінеді.Кейде уақытын өткізіп алған адамдар,медицинаның бұл
қауіпті ауруды емдеуге шамасы келмейтін,тек кейбір зардаптарын жеңілдетуге
ғана болатын кезде бір-ақ көрінеді.Адам қай жаста болса да (әсіресе жас
кезде) семіру-өте қауіпті және күрделі ауру екенін түсіну керек.
Семірген кезде организмнің көптеген мүшелері мен жүйелері
зақымданады,бірақ бәрінен жиі және бәрінен бұрын зақымданатын-жүрек-қан
тамыр жүйесі.Медициналық зерттеулер семіздіктен ауырғандардың 80%-ын жүрек-
қан тамыр жүйесінің теріс өзгеріс-тері болғаны,ең алдымен артериялық қысымы
артқанын анықтаған.Мұның бір себебі-организмде май жиналған кезде қан
ағысының қиындауы.Семірген кезде жүректі май басып,оның механикалық жұмысын
нашарлатады.Семіру атеросклероздың асқынуына себепші болады.Өйткені май
мөлшерінің артуы жүрек пен қан тамырларына көп күш түсіреді.Семіру дәрежесі
артқан сайын атеросклерозбен ауыру жиілігі арта береді.
Семіздік өкпе жағдайына да теріс әсер етеді.Майдың өзі-ақ тыныс алуға
механикалық кедергі жасайды,бұған қоса өкпемен байланысты қан тамырларын
май қысып тастайды да,бұдан өкпенің ауа өтіп,тазартылып тұруы
нашарлайды.Осының бәрі семіздіктен ауыратын адамдардың пневмониямен бірнеше
есе жиі ауыруына әкеліп соғады.
Семіздік екінің бірінде созылмалы гастритке,созылмалы холецис-
титке,диабетке,бүйрек ауруына ұласады.Семіздік адамның нерв жүйесіне де
зардабын тигізеді,мұның өзі ұйқы бұзылуынан,тәбеттің артуынан,шөлдей
беруден,вегетациялық зақымданудан басталады.
Ер адамдарда потенцияның бұзылуы өте жиі болады,әйелдерде менструациялық
циклдің бұзылуы байқалады.Семірген кезде эндо-криндік жүйе (гипофиз,бүйрек
үсті безі,қалқан және жыныс бездері) су-тұз алмасуы жиі бұзылады.
Мұның бәрі семіздікпен бірге келетін аурулардың қысқаша тізбегі
ғана.Әдетте ауру жалғыз келмейді,алуан түрлі ауру араласып,бір-нешеуі бірге
келеді.Тіпті семіруге байланысты емес аурулармен (жұқпалы аурулармен)
ауырған жағдайда да олар семіз адамдарда анағұрлым ауыр болып,асқынып
кетеді.
Семіздікке қарсы қалай күресуге болады?Семірудің бүкіл орган-измнің ауруы
екенін,ондайда көптеген мүшелер мен жүйелер зақымданатын,мұның өзі
емделуден гөрі алдын ала сақтану анағұрлым оңай болатын ауру екені белгілі.
Бұл үшін өз салмағыңды үнемі қадағалап отыру керек.Егер салмақ 3-4 кг асып
түссе, тиісінше шаралар қолдану керек.Ол үшін тиімді тамақтанған жағдайда
тамақтың энергиялық құндылығы мен жұмсалатын энергия шамамен бірдей болуға
тиіс.Салмақ артқан жағдайда тамқтың калориялылығын азайтып,энергия жұмсауды
арттыру қажет.
Тамақтың калориялылығын майлар мен көмірсулар есебінен кеміткен
жөн.Белоктар-тамақтың алмастыруға болмайтын компо-ненті,сондықтан оларды
азайтуға болмайды.Ең дұрысы-күнделікті тамақта тәттінің және майдың
мөлшерін шектеу,нанды,ботқа,кар-топ,тұзды тағамдарды көп пайдаланбау
керек.Әсіресе тұз организм-де судың жинақталуына себепші ьолады.
Семіруге бейім адамдардың әдетте тәбеті күшті болады.Бұл тәбетті тежеу
керек.Оның ең қарапайым әдісі-тамақты бөліп-бөліп ішу.Таң
ертеңгі астан немесе түстіктен кейін 2-3 сағат өткен соң бір алма жеген
немесе бір стакан сүт,айран,қантсыз шай ішкен абзал.
Тамақтанудың сипатын және режимін өзгертумен қатар бұлшық ет энергиясының
жұмсалуын да арттыру керек.Күнде таңертең радио мен телевизия арқылы
берілітін дене шынықтыру серігуге жақсы және оның психологиялық сипаты
мол.Онда күшке түсетіндей ештеңе жоқ,бұл әбден түсінікті де,өйткені ол іс
жүзінде денсаулық жағдайына қармастан жұрттың бәріне (жастарға да,қарттарға
да)арналған жаттығулар болып есептеледі.
Салмақты азайту үшін емдік дене шынықтыру керек.Дәрігермен ақылдасқаннан
кейін жаттығулардың көбін күш түсіріп жасаған жөн,яғни секіретін болсаң
гантельмен секіру,қолды құлаштай жазатын болсаң,эспандермен,иіліп-бүгілетін
болсаң гирмен қимыл жасау қажет-ақ.

1.3 Гипокинезияның тыныс алу жүйесіне әсері.
Гипокинезия аз ғана нервтік ширығумен бірлесе,дене жүктеме-лерін атқару
кезінде аэробты және анаэробті алмасу процесін нашарлатып,өкпе
желдеткішінің үнемділігін және жоғары қуатты дене жұмысының қабілетін
төмендетеді.Гиподинамиялы және нервтік-эмоциональдік еңбек адамдарына,дене
жүктемелерін атқарғанда өкпенің гипержелденуі,ширығудың гипертониялығы PWC
170 төмендігі,ауа қапшығындағы(альвеола) желдену тиімділігі және
салыстырмалы гипоксемияның кемуі тән,және осы көрсеткіштер патологиялық
жағдайдың басталуы болып саналады.Дене еңбегімен жақсы шұғылданып
жұмысшылар үшін,жұмысты орындау кезіндегі жоғарғы тыныс үнемділігі мен қан
айналымы байқалатын жағдай сипаты,PWC 170 жақсы маңыздылығы тән болып
келеді.
Тыныс алу жүйесінің жұмысын зерттеудің спорттық медицинада үлкен маңызы
зор.Адамның жұмыс істеу қабілетін оттегіні қанға сіңіріп ткандар мен
органдарға жеткізілетін көлемін анықтау арқылы біледі.Олар бір-бірімен
тығыз байланысты және бірінің жеткізіксіздігін екіншісі толықтырып
отырады.Мысалы жүректің жеткіліксіздігіне байланысты демікпе пайда
болады,ауаның құрамында оттегінің аздығына байланысты эритоциттердің
мөлшері ұлғаяды.,өкпенің ауруына байланысты жүректің соғысы
жылдамдайды.Тыныс жүйесіне өкпелер,жоғарғы тыныс жолдары мен
бронхылар,кеуде қуысы мен тыныс бұлшық еттері жатады.Тыныс жүйесінің
жұмысының нашарлауына байланысты кеуде бұлшық еттінің жұмысы күшейеді.Тыныс
жүйесінің қызметін екі кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезеңде сыртқы ауа мен альвеолдар арасындағы ауаның алмасуы.Бұл
кезең ауаның қозғалу арқылы іске асады.Тыныс алғанда оттегімен бай ауа
өкпеге еніп,дем шығарған кезде көмірте-гіге бай ауа сыртқа шығарылады.
Екінші кезеңде альвеолдар мен капиллярлар арасындағы газ алмасу жұмысы
жүреді.Бұл кезең диффузия арқылы іске асады.Диффузияняң жүруі қан мен
альвеолдағы оттегі мен көміртегінің қысымына тікелей байланысты.Тыныс
жүйесінің жұмысын жалпы клиникаық және медициналық аспаптардың көмегімен
тексеру арқылы бағаланады.Өкпесі таза адамды ғана терең зерттеуге және
спортпен айналысуға даярлығын анықтауға болады.Тыныс жүйесін тексергенде
өкпенің жұмысына және оның желдену көлеміне,тыныс алуды қамтамсыз ететін
бұлшық еттердің жұмысына көңіл бөледі.Жүйелі түрде спортпен айналысқан
кезде кеуденің дем алыс қозғалыстарын қамтамасыз ететін бұлшық еттердің
күші ұлғаяды.Соған байланысты кеуденің тыныс алу қозғалыстары жылдамдайды
да өкпенің желденуі күшейеді.Тыныс бұлшық еттерінің қуатын пневмотонометрия
мен пневмотахомет-рия мен өлшенеді.Пневмотонометрия өкпедегі тыныс алғаннан
кейінгі қысымды немесе өте терең дем алған кездегі қысымды
өлшейді.Пневмотахометрмен тыныс жолымен жүретін ауаның көлемі мен
жылдамдығын анықтайды.Ол лминут деген өлшеммен есептелінеді.
Пневмотахометрияның көрсеткіштермен дем алу мен дем шығару күшін
анықтайды.Денсаулығы таза бірақ шынықпаған адамның дем алу дем шығару
күшінің ара салмағы бірге өте жақын.ауру адамдардың осы көрсеткіші бірден
төмен.Ал спортшыларда дем алу дем шығару күші анағұрлым жоғары ,сондықтан
екі көрсеткіштің ара салмағы 1,2-1,4 деген дәрежені көрсетеді.Дем алудың
салыстырмалы көрсеткішінің өсуінің маңызы үлкен.Себебі дем алудың тереңдігі
тыныс алудың қосымша көлемі арқылы жүреді.Осындай жағдайда,әсіресе жүзу
спортында айқын көруге болады.Жүзуші спортшыларда дем алыс өте қысқа да,дем
шығару су астында және ұзағырақ жүреді.Өкпенің өмірлік көлемі-өкпенің жалпы
көлемінің бір бөлігіне тең.
Тыныс жолдары мен өкпе аурулары балалар мен жасөспірімдер арасында жиі
кездеседі.Ал туберкулез сияқты қауіпті ауру үлкен адамдарға да
тән.Кездесетін індеттер:өңештің қабынуы,бронхит,өк-пенің қабынуы,плевроның
қабынуы,демікпе,туберкулез.
Осы аурудың пайда болуына әсер ететін жайлар көп-ақ,соның ішінде сырттан
түсетін микробтар,түтін,шаң-тозаң,улы газдар,құн-арсыз тамақ,өндірістегі
зиянды қалдықтар,суыққа шалдығу,орган-измнің әлсіреуі үлкен зиян келтіреді.
Аталған ауруларға тән белгілер бар.Ол:жөтел,ентігу,қақырық түсу,ыстығы
көтерілу,әлсіздік пайда болу сияқты белгілер.Уақыт-ында емделмей асқындырып
алса,аурудың қандай түрі болсын дем жетіспейтін жағдайға ұшырайды.Ал оның
өзі денеде оттегінің тапшылығына,көмірқышқыл газының көбеюіне әкеп
соғады.Тек газ айналымы емес,зат алмасуы да бұзылып,кеуденің қозғалыссыз
кеміп,өкпе серпімділігінен айырылып,үлкен зиян шегеді.
Пневмония-өкпенің қабынуы.Денеге микроб,вирус түскенде болады.Індет жедел
созылмалы түрде өтеді.Олардың әрқайсысы өзінше әсер етеді.Бұлардың
барлығында білінетін белгілер жоғарғыда айтқандай жөтел,ентікпе,ыстық
көтеріліп,жүрек-тамыр қызметі нашарлайды.
Ауру адамның ыстығы түсіп,жағдайы дұрысталған соң 2 күннен кейін емдік
жаттығу басталады.Гигеналық және емдік жаттығу өкпенің дем алуын
жеңілдетіп,өкпеге дәнекер ұлпа (тыртық) жабысып қалмас үшін
қолданады.Науқас төсекте жатқанда тыныс алуды қадағалайтын жаттығулар
беріледі.Содан соң ауырған өкпе жағына аунатып тыныс алғызады.
Өкпе бронха қабынған кезде,спортпен тек 2-4 аптадан соң айналысқан
жөн.Тыныс жолдарын,өкпені шынықтыру үшін таза ауада көп болу керек.
Плеврит-Көкіректің ішкі бетін,өкпенің сыртын астарлап тұратын сірі
қабықтың қабынуы.Бұл пневмония сияқты аурудың асқынған кезінде
кездеседі.Сырқаттанған адамның көкірегіне шаншу
қадалып,ентігіп,жөтеліп,әлсірейді.П леврит құрғақ және экссудатты болып
(жиылған сұйық зат)екіге бөлінеді.Қандай түрі болса да екі қабықтың арасы
жабысып бітіп қалмас үшін емдік жаттығу беріледі.Жұқа плевра қабығы
қабынған соң бергіш болып бітіп қалады,соны тарату үшін етпеттеп,шалқадан
жатып,отырып,түргеп тұрып жан-жаққа иіліп,бұрылып әр түрлі жаттығулар
жасайды.
Жаттығулар қан-лимфа айналысын жақсартып,дәнекерлі ұлпа қалыптасып
қалмауын,дұрыс дем алуын қамтамасыз етеді.
Демікпе-инфекциялы аллергиялық ауру.Оны қоздырушы микроб болса,аурудың
өрбуіне ықпал жасайтын басқа көптеген факторлар.
Адамды тұншықтырып,дем жеткізбей қысады.Ол бронхы еттерінің кенет
тарылуынан болады.Оған себеп болатын өзімізді қоршаған сан алуан
заттар.Қазіргі кезде адамның жүйке тамыры тозғыш,өте сезімтал болып
кетті.Сондықтан түрлі ,дәрілер,жеміс-жидектер,шаң тозаң,темекі,қуырған
майдың иісі толып жатқан заттар аллергендер болып кездеседі.Осындай
заттарға қарсы дененің білдіретін тітіркенгіш әсерін-аллергия дейді.

1.4 Гипокинезияның жүрек- қан тамырына әсері.
Жалпы жүрек –қан тамыр ауруларының арта түсуіне өмірде мейлінше кеңінен
тараған зиянды әдеттің бірі-қозғалыстың аздығы.Сонымен қозғалыстың
аздығынан жүректің ишемиялық ауруларына душар ететін себептердің
экзогендік,эндогендік,функ-циялық тұрғыдан алып қарағандағы қалыптасқан
факторларының жиынтығы.Ең маңызды деп есептелінетін факторлары мыналар.
1.Әлеуметтік-тұрмыстық факторлар.Бұлардың қатарына өмір сүрудің кейбір
сылбыр әрекетін,күнделікті тіршіліктің түрлі жағдайларын,холестеринге
темекі тарту,алкоголизмге салыну сияқты зиянды әдеттерді қосуға болады.
2.Ішкі факторлар.Адам организмінен байқалатын биохимиялық көрсеткіштер мен
физиологиялық реттеуші механизмдердің жұмысындағы өзгерістерді
қамтиды.Мұндай өзгерістердің пайда болуына бір жағынан экзогендік
әсері(өмір сүру ерекшеліктері,дие-талық тағамдар),ал екінші жағынан
генетикалық ерекшеліктер,яғни тұқым қуалаушылықтың бейім тұруы сияқты
ерекшеліктер ықпал етеді.
Ішкі факторларға сонымен қатар гиперхолестеринемия,гипертри-
глицеринемия,гиперлипопротеинемия түрлері,көміртегілерге қарсы
төзімділіктің бұзылуы,шамадан тыс семіріп кету,артериялық гипер-
тония,адамның белгілі психологиялық ерекшелігі сияқты басқа да толып жатқан
факторларды қосуға болады.Жоғарғы калориялы тағамдар ішу,олардың құрамында
майының мол болуы,дене еңбегімен аз айналысу,көңіл күйдің жиі-жиі бұзылуы
сияқты жағдайлар гиперхолестеринемия сырқатының меңдей түсуіне соқтырады.
Жүректің ишемиялық ауруларының пайда болуына липопротеит-тердің(белок
аралас майлы заттар комплексі)өзара алмасуының бұзылуы да күшті әсер
етеді.Соңғы кездегі ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне қарағанда,липидтер
фракцияларының ұштаса өзгеріске ұшырауы да жүректің ишемиялық ауруларына
алып барады.Организмдегі майлы заттардың алмасуын қамтамасыз етуде
вегетациялық орталықтар(орталық нерв жүйесі)мен ішкі секреция
бездері(қалқанша безі,жыныс безі,бүйрек безі,гифофиз(ми безі)және
басқалары)маңызды рол атқарады.
Миокард инфаркты,жоғарыда атап көрсеткеніміздей,әдетте көп жағдайда
күтпеген жерден жедел кездескен психикалық соққыдан соң,ұзаққа созылған
психикалық күйзелістен соң,сондай-ақ дене еңбегімен шамадан тыс қатты
зорланғанда пайда болады.
Көңіл күйдің жиі-жиі бұзылуынан организм өзінің белгілі бір жағдайларға
бейімделу қабілетінен айырлады да мұның өзі тиісті патологиялық
өзгерістерге әкеп соғады.Жүректің ишемиялық аурулары ой еңбегімен
шұғылданатын адамдарда,басшы қызметтегі адамдарда дене еңбегімен
айналысатын адамдарға қарағанда едәуір жиі кездесетіні
дәлелденген.Өйткені,олар ой еңбегімен айналысу кезінде,басшылық жасаудың
терең толғанатын сәттерінде психика-лық сезім әсеріне көп беріледі.Алайда
осыған байланысты көңіл күйдің күрт өзгеруі барлық жағдайда бірдей
патологиялық салдарға ұшырауға жол бермейді.Бұл жерде әркімнің өзіндік дара
ерекшеліктері де,сондай-ақ белгілі бір жағдайға бейімделіп кету қабілетіде
үлкен роль атқаратынын айта кетудің артықтығы жоқ.
Клиникалық морфологиялық және эксперименттік зерттеулерге
қарағанда,артериялық гипертензия жүректің ишемиялық аурулары-ның даму
қатерін 3-6 есе арттыратыны белгілі болып отыр.Әсіресе жас адамдардың
артериялық гипертензиясы ерекше күшті қатер туғызады,өйткені жүректің
ишемиялық ауруларының асқынуына қатты ықпал етеді.
Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар комитеті қан
қысымының мынадай мөлшерін белгілеп берді.1\қалыпты артериялық қан қысымы-
сынап бағанасының 140\90 миллиметрлік деңгейіне дейін,2\қауіпті аймақтағы
артериялық қан қысымы-сынап бағанасының 140\90мм деңгейінен 159\94мм
деңгейге дейін,жоғарғы артериялық қан қысымының-сынап бағанасының 160\95мм
және оданда жоғары деңгейде екені анықталған.
Жүректің ишемиялық ауруының асқынуына негізгі себеп болатын нәрсе-
жүректің артериялық қан тамырларының қабынып ісуі салдарынан өте сирек те
болса кездеседі.Мына бір нәрсені айта кету керек.Жүректің ишемиялық ауруы
науқас адамның артериялық гипертониясымен диабет және шамадан тыс семіріп
кету дерттері өзара ұштасқан жағдайда өте жиі қайталай береді.Ал,мұның өзі
адам өміріне өте қауіпті болып келеді.
Ишемиялық инсульт кезінде мидың негізгі төрт күретамырының бірінде немесе
олардың ұсақтау тармақтарында қанның келуін тоқтататын тромб пайда
болады.Тамырдың бітелуі жасушаларды оттегінен айырады да олар өледі.Бұл
организмнің кез келген қызметіне әсер етуі мүмкін.
Көп жағдайда миына қан құйылған адам бұған өзі кінәлі болады,себебі ол
сырқаттың алғашқы белгілерін сезе тұра қатерлі құбылыстың алдын алу үшін
ешқандай әрекет жасамайды.Әйтеуір бір амалы табылар деп жүре береді.
Көбіне организмге төніп келе жатқан қауіп туралы бізге алдын ала
ескертеді.Жанартау жарылар кезде жеңіл жер сілкіністері болатыны
секілді,ауыр инсульт алдында,әдетте,микроинсультар болады.Тр-омб немесе
эмболия қанның келуін аз уақытқа тоқтатады да артынша жойылып кетеді.Кейде
микроинсульт белгілері аздаған минутқа созылса,кейде бірнеше секунд қана
болады.Әдетте бәрі жылдам өтеді,сондықтан науқас не болғанын сезбей де
қалады.Бұған мүлде мән бермейді де.Өте өкінішті жайт,өйткені микроинсульт
алған әрбір оныншы адам сол жылы-ақ,ал тағы үшеуі жақын үш-бес жыл ішінде
инсульт алады.Сондықтан шұғыл шара қабылдау қажет.
Инсульт жөнінен қауіп тобына қан қысымы жоғары науқастар,темекі
тартатындар,қантты диабеті барлар,құрамында эстрогені көп ұрықтануға қарсы
түймедақ қабылдайтын әйелдер,жүрек соғысы бұзылған жүрек ауруы бар
науқастар жатады.Сондай-ақ артық салмағы бар,қанында холестерин көп,аз
қозғалатын адамдардың осы қауіпті дерттен сақтанғаны жөн.Тағы бір айта
кететін жайт инсульт әйелдерге қарағанда ерлерде көп байқалады.Ол кез
келген жаста,тіпті жасөспірімдерде де кездеседі.
Бүгінде инсультке қарсы күресте дәрігерлер біршама қаруға ие,дәрі
дәрмектер де бітелген тамырды оталап тазартуға да болады.Сіз қауіп
тобындағы адамдардың қатарындасызба?Қан қысымыңызды бақылыңыз,емдәм
сақтаңыз,дене жаттығуларын жасаңыз,қанды сұйылтатын дәрілер қабылдаңыз.Және
де сақ болғайсыз-дабыл белгілерін өзіңіз байқамасаңыз өзгелер оны сезеді
деп ойламаңыз.
Ұю және жансыздану.Алдымен,мысалы білезік немесе табан,одан соң қол
аяқ,бет, тіпті дененің жартысы жансызданады.Бұл кейде саусақтарды тек әлсіз
тоқ соққандай болуы мүмкін.Кейде аяқ қол көп отырғанда не жатқанда ұйып
қалады.Алайда ұю ешқандай себепсіз,аяқ астынан пайда болса және екі-үш
минуттан артық уақытқа созылса,әсіресе беттің жартысының бұлшық етінің
босаңсуы және сөйлеудің түсініксіз болуы секілді белгілер байқалса тез
арада дәрігерге көрініңіз.
Саусақтардың бағынбауы.Микроинсультттің бірінші белгісі қан-дай да бір
затты қолда ұстай алмауы болуы мүмкін.Егер сіз кенеттен қаламды қолға үстай
алмай,тусіп қалған кілтті көтере алмай қалсаңыз жансыздану одан әрі тарап
бара жатса шүғыл шара қабылдау қажет.
Сөйлеудің бұзылуы.Кейде науқастар түсінікті сөйлеудің орнына мыңғырлай
бастайды,сөйлеу қабілетінен айырылады немесе өзгелердің не деп жатқанын
түсінбейді.Мұның барлығы төніп келе жатқан қауіптің белгілері,оларға жеңіл
қарауға болмайды.
Көздің кіреукеленуі.Көбіне миға қан құйылудың басталуы көздің
кіреукеленуімен білінеді.Қоршаған нәрселердің бәрі түссіз,сұр түсті секілді
болады.Көбіне бұл бір көзде байқалады,екінші көз бұрынғысынша жақсы
көреді.Кейде(тромбының қайда орналасқан-на қарай)бейне қосарланып
көрінеді:адам бір заттың орнына екі затты көреді,олар қатарласып немесе
бірінің үстіне бірі тұрады.Көрудің жартылай жоғалуы сол жақтағы беттің
жансызданумен қатар жүреді.Егер көру тез қалпына келсе,бұл болған жайтты
ұмытуға болады деген сөз емес.Кеш болмай тұрғанда алдын алыңыз.
Бұл белгілер әдетте,ми діндеріндегі тепе-теңдік орталықтарының жұмысын
бұзатын тромбының бар екендігін білдіреді.Жүрістің бұзылуымен бірге әдетте
бас айналады.Бұл қан құйылуға тән белгі.Бас солқлдып емес,тұрақты ауырады
және белгілі бір жерге емес,бүкіл басқа тарайды.Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағзаның шартты рефлексті әрекетіне стресс жағдайларының әсері
Гипокинезияның жүрек қан тамырына әсері
Балалардың дене дамуын зерттеу және бағалау әдістері
Халық денсаулығы
Жұмыс ауырлығы мен қауырттылығын бағалау, өндірістік қажу
СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІ ФАКТОРЛАР ӘСЕРІНЕН ТУЫНДАҒАН ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
Дене жаттығуларының шұғылданушылардың физиологиялық көрсеткіштеріне әсері теориясын негіздеу және ғылыми-әдістемелік талдау
Балалар мүсінінің бұзылуы. Сколиоз
Гиподинамия туралы түсінік
Адам экологиясы – экология ғылымының бір тармағы
Пәндер