Информатика ұғымы



ЖОСПАР

1. Ақпарат ұғымы
2. Информатика ұғымы
Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі инфомация аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен сөйлесуі де ақпарат түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі – жұмыс істеу, оқу және ойнау – информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарымызға қатысты айталып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты болады.
Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, ақпарат алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады. Оқы білу және ойын жазып жеткізе білу – адамзаттың суаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыналарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін береді.
ХV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы
1. Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов «Жаңа информациялық технологиялар», Алматы, ЖТИ. – 2003ж.

ЖОСПАР

1. Ақпарат ұғымы
2. Информатика ұғымы

Информатика және ақпарат ұғымы

Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне
қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар
көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі
инфомация аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-
бірімен сөйлесуі де ақпарат түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың,
мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы мен бірге
жүруі – жұмыс істеу, оқу және ойнау – информация алмасуынсыз жүзеге аса
алмайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарымызға қатысты айталып, айнала
ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты болады.
Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, ақпарат алмасу
тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу
арқылы да беріле бастады. Оқы білу және ойын жазып жеткізе білу –
адамзаттың суаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек
мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыналарын ұрпақтан
ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін береді.
ХV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап
шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке
жеткізуге мүмкіндік жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару,
көпшілік кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа жетелеп,
мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады жеуге болады.
ХІХ – ХХ ғасырлардағы телеграфтың,телефонның, радионың шығуы ақпаратты
кез келген қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге
мүмкіндік береді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниеде не болып
жатқаның біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып үйрену бағдарламаларын
толып жүзеге асыра алатын күйге жеткізеді.
Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін ХХ
ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде
олар компьютер деп аталады) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын
автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді
магниттік таспаларға жазып, қғазға басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері
бар екені анықталды. оларды дамыта отырып, архив жасау ісінде , мәтіндерді
теріп түзетуде, сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтандыруда
және де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолдана бастады.
"Ақпарат" (Информация) термині латынның түсіндіру, баяндалу, білу
деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан.
Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде
бере аламыз.
Кез келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға
жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Сабақ үстінде мұғалім жаңа ақпаратты оқушыларға жеткізеді; ал оқушылар
оны қабылдап, мағынасын түсініп, естерінде сақтайды және жауап береді. Оқып
үйренуге керекті ақпаратты компьютерден де алуға болады, мәселен ол
суреттерді, оған қажет түсіндіру мәтіндерін, тексеру сұрақтарын арнайы
программа көмегімен экранға шығарып береді.
Біз өзімізге қажет ақпаратты оқулық пен кітаптардан, газет-
журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден алып, керектілерін
дәптерге конспект түрінде жазып аламыз. Өндірістегі ақпарат жиыны сызулар
мен мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде
кездеседі. Осындай ақпараттарды ЭЕМ арқылы да алуға болады.
Ақпарат кез келген түрде бізге белгілі бір мағлұматтар береді. Ол
біздің айналамызда не болғаны немесе не болып жатқаны туралы деректер бере
алады, мысалы: кеше не істедік, ертең не істейміз, мектеп бітіру кешінде
қандай көйлек киеміз немесе қайда жұмыс істейміз деген сұрақтарға жауап
бере алады. Бірақ ақпарат әрқашан белгілі біртүрде – әңгіме, сурет, мақала
және т.б. түрінде болуға тиіс.
Сызулар мен музыкалық шығармалар, кітаптар мен суреттер, спектекльдер
мен кинофильмдер – бәрі де ақпаратты жекізу түрлері болып саналады. Қандай
түрде берілсе де ақпарат өзіміздіқоршаған ортаның нақтылы немесе қиялдағы
көрінісі болады.
Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде
берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз –
бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы
немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер
алу деген сөз.
Сонымен, ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс)
туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін – дәлдігі мен
толықтылығын, бағалылығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін
ашуға көмектеседі.
Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны.
Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байланысты теріс шешім
қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті
болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың толық болмауы ол жөнінде белгілі
бір тұжырымға келуге кедергісін тигңзңп, қателікке ұрындыруы мүмкін.
Ақпараттың бағалылығы оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше
алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) ақпарат жұмыс
шарттары өзгерген жағдайда өте сирек болады.
Егер бағалы, әрі өзекті ақпарат түсініктсіз сөздермен жазылса,оның
пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі. Егер ақпаратты пайдаланушылар тілінде
жазса, ол түсінікті болады.
Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр
сигналдары, магниттік жазба және т.б.

Информатика
Информатика – ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрленіру, жеткізу
және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді
пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп
қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпаратты кеңінен тарату
заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі
үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар
информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып
келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын
ғылыми пән болып саналадыда, оны оқып үйрену күннен күнге күрделіленіп
барады.
Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі
ақпарат болып саналады. Сондықтан информация ұғымы информатика мен ЭЕМ-де
жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.

Ақпараттық технология

Бұл күнде ЭНМ ақпаратты өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-
жылдарда электрониканың дамуы кмпьютердің жаңа түрін – жеке пайаланылатын
дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар қазірде мектептерде,
институттарда, баспаханаларда, т.б. орындарда кеңінен қолданыла бастады.
Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін, тағы да басқа көптеген
мақсаттарда пайдалануға болады. Осы компьютерлерді өндіріс пен жобалау
ісінде, ғылыми зерттеу жұмыстар мен білім беруде пайдалану, миллиондаған
адамдардың жұмыстарын мазмұны мен орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге
болады.
Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістің автоматтандырылған технологиясын жасауға
мүмкіндіктер ашып береді. Оның үстіне, сол технология көмегімен, ЭЕМ-дермен
басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады.
Осылрадың негізінде ХХІ ғасырдың басында есептеу машиналары "адамсыз" жұмыс
атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы
сияқты "болашақтың" фабрикаларында қолмен істелетін жұмыстардың бәрін
роботтар орындайды да, адамның ролі өндірісті жоспарлау, роботтар жұмысын
басқару және ЭЕМ көмегімен жаңажаңа бұйым жасау істерін жобалау ғана болып
табылады.
Бүгіннің өзінде-ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану
адамдарға ақпаратты жинау, дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып,
жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік береді.
ЭЕМ-дер мектептерге де келе бастады, олар физика, математика, хиия мен
биология сияқты және басқа да пәндерді оқып үйренуде үлкен көмек береді.
ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау және оларды өз жұмысында пайдалана білу,
бұдан бұрынғы аталарымыздың қаламсаппен сауат ашқаны сияқты алдағы 10 –15
жылда біздер үшін ең керекті зат болып, компьютерлік сауаттылықтың негізін
қалайды.
Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана отырып, оқу, жазу,
есептеу, сурет салу және ақпарат іздеу жолдарын меңгеруді айтады.
ЭЕМ-ді жұмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды талап
етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып саналды. Ол үшін ЭЕМ-нің
негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: мәселелерді (есептерді)
айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және ЭЕМ-ге түсінікті
түрде жазу; есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу мен алынған
нәтижелерді талдау тәсілдерін, әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады.
Мұндай мәдениеттілікті игеру логика мен информатика заңдарын білуге барып
тіреледі.
Жаңа ақпараттық технологиялар
Кәдімгі ақпараттық технологиялар деп – көбінесе қағаз жүзіндн әртүрлі
ақпараттарды дайындау, жинау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Информатика негізі
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары. Ақпаратты өлшеу. Информатика ұғымы. Ақпараттық технологиялар және техника. Есептеу техникасының даму тарихы
Мектепте информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері жайлы
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары жайлы мәлімет
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы
Ақпарат және оны өрнектеудің жолдары
Информацияның объектіге бағдарланған ұғымын анықтау
Ақпарат және оны өрнектеу жолары
Пәндер