Төленбеген капитал есебі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
I КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.1 Қаржылық нәтижелердің құрылу тәртібі. Табыс, жиынтық табыс, негізгі қызметтен түскен табыс (зиян), негізгі емес қызметтен түскен табыс (зиян), салық салынатын табыс және таза табыс ұғымы, қалыптасуы және есебі ... ... ... ... ... ...5
2.2 Меншікті капитал есебі Жарғылық капиталдың құрылу тәртібі және есебі. АҚ - ғы жарияланған, шығарылған және айналымдағы акциялар. Төленбеген капитал есебі. Заңды тұлғамен сатылып алынған акциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.3 Қайтарылып алынған капитал. Акция иеленушілердің құқықтары. Жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер төлеу және есебі. Қосымша төленген капитал есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.4 Резервтік капитал есебі. Жиынтық табыс (зиян) есебі. Таратылмаған табыс (жабылмаған зиян) есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
III ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..16

КІРІСПЕ
Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.
Актив - бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай - ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.
Міндеттемелер - бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу қажет. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісім - шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай - ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады .
Меншік капиталы - бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарлық капиталы, қосымша төденген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі - бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық - шаруашылық қызметтің нәтижесі. Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс - бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс - бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі. Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру - шығыс болып табылады.
Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауылшаруашылық қызметі бойынша және т.б., сондай - ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.
Табыстар - бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды, сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.
Шығыстар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді. Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану - бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады:
-кез келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;
-баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.
Меншікті капитал есебі Қазакстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы
Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге болінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай .негізгі (айналымнан тыс) активтер және айналымдағы активтер деп екіге бөледі.
Негізігі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ. ТАБЫС, ЖИЫНТЫҚ ТАБЫС, НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСКЕН ТАБЫС (ЗИЯН), НЕГІЗГІ ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСКЕН ТАБЫС (ЗИЯН), САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫС ЖӘНЕ ТАЗА ТАБЫС ҰҒЫМЫ, ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЕСЕБІ.
Бюджетпен корпоративті табыс салығы бойынша есеп айырысу. Есепті кезеңдегі іс әрекеттерді қорытындылау барысында қаржылық нәтиже анықталады. Ұйымдардың бухгалтериясында есепті жылдың (кезеңнің) соңындағы 30-31 желтоқсанда кірістер шоттары және шығыстар шоттары, өндірістік шоттар 5610 шотының дебет және кредит айналымдары саналып шығарылады.
Бұл шот салыстырмалы, жинаушы-бөлуші (распредительный) болып саналады, осы шоттың ақпараты есепті кезең соңында жинақталады. Дебет (шығыс) және кредит (кіріс) айналымдарды салыстыру арқылы кірістердің немесе шығыстардың көп екендігі анықталады. Айналымдар арасындағы айырма барлық пайда немесе барлық залал болып саналады. 5610 шоты жыл соңында жабылады, онда сальдо болмайды. Пассивті шот болғандықтан пайда нәтижесі осы шоттың К- де көрсетіледі. Жыл соғында осы шот 5510 шотпен жабылады, онда жылдың қаржылық нәтижесі көрсетіледі.
Мысалы, ұйымның Бас кітабы бойынша 5610 шотында мынадай ақпарат болады:
Дебет Кредит
Шығыстар шоттар Кірістер шоттар
№ 7110 - 240 000тг. № 6010 - 380 000тг.
№ 7210 - 450 000тг. № 6110 - 240 000тг.
№ 7310 - 560 000тг. № 6210 - 470 000тг.
№ 7470 - 70 000тг. № 6280 - 400 000тг.
Және т.б.
5610 Дебет айналым 1 320 000тг. Кредит айналым 1 490 000 тг.
Сальдо К - 170 000тг.
Осы ақпарат бойынша 5610 шотындағы кредит айналымы көп және 1 490 000 теңгені құрайды, дебет айналымы 1 320 000 теңге, 170 000 теңге сомасындағы айырмашылық жиын кіріс болып саналады. Осы сома 5510 шотпен жабылып жыл соңында қаржылық нәтиже анықталады.
Табыс - ол, активтерді кірістеу немесе көбейту (өсіру) арқылы, немесе міндеттемелерді азайту арқылы экономикалық ресурстардың көбеюі. Мысалы, материалдық құндылықтарды сату (өткізу), қызмет көрсету, мүліктерді жалға беру және т.б. жолдар арқылы, олардан түсетін қаражат табыс болады.
Жылдық жиынтық табыс - негізгі және негізгі емес қызметтерден есептік жыл ішіндегі жеке және заңды тұлғалардың жан жақтан алынған кірістері. Негізгі қызметтің табыстар - кәсіпкерлік ұйымның жарғысында көрсетілген қызмет түрден алынатын кірістер болып танылады, ал бұдан басқа кәсіпкерлік ұйым басқада табыстар жасап жатса - ол, табыс негізгі емес қызметтің кірістері болып танылады. Мысалы, кәсіпкерлік ұйымның жарғысында мәдені- сауық кешені болып көрсетілсе, осы түрдегі қызметтердің бәрі негізгі қызметтің кірістері болады, ал осы ұйым бұдан басқа өзінің артық алаңын немесе бөлмелерін жалға берсе ол табыстар негізгі емес қызметтің табыстары болып танылады.
Негізгі қызметтердің табыстары: дайын өнімді өткізгеннен түскен түсімдер, кіріске алынған тауарларды сатқаннан түскен түсімдер, салып тапсырған құрылыстар мен ғылыми зерттеу жұмыстар және сыйақылармен пайыздар, дивидендтер, гонорарлар, роялти. Негізгі емес қызметтердің табыстары: өткізілген материалдық емес активтер, негізгі құралдард мен құнды қағаздардың түсімі . Кірістер есебі № 18 Кірістер ХҚЕС-да қарастырылған.
Кәсіпкерлік ұйымда кірістер болғандықтан еріксіз шығыстар да жасалады. Сондықтан барлық кірістерден шығыстар азайтылып одан кірістер қалса осы кіріс табыс болып танылады, осы табыс салық кодексі бойынша корпаративтік табыс салығына салынады, ол деген салық кодексінің белгіленген ставкасы бойынша жыл соңында салық есептелініп бюджетке аударылады.
Мысалы:
1. Тауарлар өткізуден, қызметтер көрсетуден алған кіріс (Д-т 6010, К-т 5610) - 1 350 000 теңге.
2. Өткізілген өнімдердің, қызметтер көрсетудің өзіндік құны (Д-т 5610, К-т 7010) 970 000тг.
3. Жалпы кіріс - 380 000 теңге.
4. Кезең шығыстары - 166 000 теңге (Д-т 5610 - К-т 7110, 7210, 7310):
4.1 Әкімшілік шығыстары - 60 000 теңге
4.2 Тауарларды өткізу шығыстары - 59 000 теңге
4.3 Сыйақы бойынша шығыстар - 47 000 теғге
5. Негізгі қызметтен алған кіріс (3-4) - 214 000 теңге
6. Қаржыландырудан және өзге қызметтен алған кіріс - 120 000 теңге (Д-т 6110,6210, 6280 - К-т 5610).
7. Әдеттегі қызметтен салық салғанға дейін алған табыс (5+6) - 334 000 теңге.
8. Корпоративтік табыс салығы - 66 800 теңге (Д-т 7710 - К-т 3110).
9. Таза табыс (есепті жылдың бөлінбеген кірісі) немесе пайда (7-8) - 267 200 теңге (Д-т 5610 К-т 5510).
Бұл мысалда, корпоративтік табыс салығы - 66 800 теңге Д-т 7710 - К-т 3110. Жыл басында кәсіпкерлік ұйым салықтық органға корпоративтік табыс салықтың болжамына есептеме тапсырады да, оның 1\4 бөлігін тоқсансайын бюджетке аударып отырады. Жыл аяқталғанда нақты корпоративтік табыс салық анықталғанда салыстырылып артық шыққан сома аударылады, артық шақпаса аударылмайды. Аударылғанда бухгалтерлік жазба жазылады:
Д 3110 К 1030.

МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ. ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДЫҢ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЕСЕБІ. АҚ - ҒЫ ЖАРИЯЛАНҒАН, ШЫҒАРЫЛҒАН ЖӘНЕ АЙНАЛЫМДАҒЫ АКЦИЯЛАР. ТӨЛЕНБЕГЕН КАПИТАЛ ЕСЕБІ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАМЕН САТЫЛЫП АЛЫНҒАН АКЦИЯЛАР.
Меншікті капитал - бұл міндеттемелерді шегеріп тастағаннан кейінгі активтер. Меншікті капитал құрылымы шаруашылық жүргізуші ұйымдардың ұйымдық - қүқықтық формаларына қатысты ажыратылады. Акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің меншікті капитал құрылымдарында айырмашылықтар болады. Кәсіпкерлік ұйымдардың меншікті капиталы қалыптасады:
-жарғылық капиталдан;
-төленбеген капиталдан;
-эмиссиялық кірістерден (ондай болса);
-резервтерден;
-бөлінбеген табыс (залалдан).
Жарғылық капитал - ұйымның жарғысында жарияланған капитал
( К 5110-5030шоттар);
Төленбеген капитал - жарғылық капитал жарияланып салынбай түрғанда төленбеген болып саналады (Д 5110шот), ал құрылтайшылармен салынған жағдайда осы шотты азайтады, мысалы ақша түрде салса Д 1010,1030 К 5110; негізгі құрал ретінде салса Д2410 К5110.
Қосымша төленген капитал - шығарылған акциялар құны номиналдық құннан асқанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капитал және резервтер есебінің жалпы сипаттамасы
Меншiкті капитал туралы
Кәсіпорындағы меншікті капитал
Меншікті капитал аудитін ұйымдастыру ерекшіліктері
Ақша айналым құралы ретінде
Қайтарылып алынған капиталдың есебі
Жарғылық капитал есебінің шоттар корреспонденциясы
Меншікті капиталдың есебі туралы
Капиталдар туралы
Меншік капиталы
Пәндер