Көркем мәдениет


РЕФЕРАТ
Тақырып: Көркем мәдениет
Жоспар
1.
Кіріспе
2. Адамзат тарихында ХХ ғасыр мәдениетінің алатын орны
3. Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті. Шәкәрім Құдайбердіұлы.
4. Кеңес мәдениеті.
Кіріспе
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) - табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет - адам жасаған «екінші табиғат».
Мәдениет - жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.
Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т. б.
Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланыста. әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
Адамзат тарихында ХХғасыр мәдениетінің алатын орны
Адамзат тарихында ХХ ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамығае елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениетінің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, ХХ ғасыр мәдениетінің мазмұнын ашып көрсетуде екі басты мәселеге баса назар аударғанды жөн көрдік. Оның біріншісі, ХХ ғасыр мәдениеті дамуының басты бағыттары (ХХ ғасыр мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары және бұл процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табуы және т. б. мәселелері), екіншісі, ХХ ғасыр мәдениетінің жалпы адамзаттық және ұлттық сипаты (жалпы адамзат мәдениеті қалыптасуының басты себептері және оның құндылықтары, жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т. б. ) .
Бүгінгі таңда дүниежүзінде 200 мемлекетке жетіп, мыңдаған халықтарға бөлінген, саны жағынан 6 млрд. Жеткен адамзат баласы 2 млн. Жуық өсімдіктер мен жануарлардың бір түрі ғана. Адам баласы өмір сүрген кезден бастап мыңға жуық ұрпақ ауыстырған екен. Осынша халықтың ішінде екі адамның бір-біріне мүлде ұқсас болмай, өзіндік қайталанбас ерекшеліктерінің болуы да таңқаларлық жайт. Адам бір-бірінен жеке тұлға есебінде ерекшеленіп қана қоймайды, сонымен қатар топтық айырмашылықтарға да тәуелді болып келеді. Осыншама айырмашылықтар бола тұрса да адамзат баласының басын біріктіретін не нәрсе? Ол- ең алдымен дүниенің тұтастығына негізделген «жалпы адамзаттық мәдениет». «Дүниенің тұтастығы» дегеніміз- дүниежүзілік көлемде өндірісті дамыту мен әлемдік мәселелердің туындауы негізінде пайда болған адамдар мен халықтардың өзара тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. «Дүниенің тұтастығы»- қазіргі замандағы адамзат пен бірыңғай жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болды. Демек, адамзат баласының басын біріктіретін «жаңа заман мәдениетінің» тағдыры- адамзаттық құндылықтарға, гуманизмге, адам құқын қорғау қозғалысын дамытуға, ғылыми білім мен алдыңғы қатарлы технологияны дамытуға, ұлттық мәдениеттердің өзара байланысына, қоршаған орта мен өмірге, экологиялық қатынасқа тікелей байланысты. ХХ ғасыр дүниежүзінде түрлі мәдениеттердің өмір сүретіндігін жоққа шығарған, бірыңғайға келтірілген «гуманистік моно-мәдениеттің» екі үлгісін бастан кешірді. Оның біріншісі- «дүниежүзілік» пролетарлық революция идеясы. Ол таптық құндылықтарды асыра бағалауға негізделген. Екінші модель, бір ғана ұлттық мәдениеттің, бір ғана ұлт пен мыңжылдық рейх (герман фашизмі) мемлекетінің үстемдігіне негізделді.
Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті. Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі - «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді. Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады.
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы . Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан. Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат - ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар. Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан жалпы Шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе өмір мазмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің кепілі - Нұр. Оған адамның жай ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке (фәниден бақиға) көшу, басқа сөзбен айтқанда, бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға қосылуы. «Жан, - дейді Шәкәрім, - менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса бір түрге түсіп барлықтың ішінде бар болып жүреді». Осы негізгі шығармасын Шәкәрім ұзақ дайындықтан соң жазған және ол Жаңа замандағы қазақ кәсіпқой философиясының алғашқы туындысы болып табылады. Бұл шығармада айтылған ойлардың сыры мен астарлы қатпарлары мол. Яғни, басты мәселе - ар ілімі, моральдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің «ар ілімі» деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі - ұждан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: «Әрине, жаның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалмады-ау деп өлсе керек. Және ұждан, совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса нанбай, ұждан, совесть құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық, қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек. Ӏзін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе Жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы - ұждан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жардамы үш анық дегенім осы». Шәкәрімнің ұжданы біз жоғарыда айтқан, ежелгі гректегі «каллокагатия», И. Канттың «кесімді императив» ұғымдарымен астас. Ұждан дегеніміз - ынсап, әділет, мейірім.
Кеңес мәдениеті.
Тарих аумағынан қарағанда тым қысқа уақыт аралығында (70 жыл - бір адамның ғұмыры) қазақтың ұлттық мәдениеті Кеңес өкіметі кезінде сан қырлы құбылыстарды өз басынан өткізді. 1916 жылдан басталған күрес келесі жылы мақсаттарына жеткендей болды. Өздерін «демократтар» санаған Уақытша үкімет өкілдері сөз жүзінде езілген халықтарға азаттық береміз деді. Қазақ ғұламасы Ә. Бөкейханов революция жасала сала «Жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары - қазақтарға» деген өз үндеуін жариялады. Жалпы алғанда, қазақтың ұлттық мәдениетін XX ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруда «Алаш» партиясының рөлі ерекше болды. Революцияның бастапқы кезіндегі маңызды мәселенің бірі ұлттық-мәдени автономияға қатысты еді. Ресей революциялық қозғалысының кадеттік, социалистік және коммунистік бағыттарының көсемдері бұл идеяға қарсы шықты. В. И. Ленин болсын, Ф. Керенский болсын территориялық федерацияны желеу етіп, бірорталыққа бағынған Ресейдің империялық мәнін сақтап қалуға тырысты. Большевиктер оған қоса өздерінің атышулы «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» ұранын басшылыққа алып, ұлттық мүддені шетке шығарып тастады. 1917 жылғы маусым айындағы басылымында «Қазақ» газеті осы мәселені тікелей қойды. Автономияның қазақтарға ауадай қажет екендігін айтып, оның үш негізі бар екендігіне оқырман назары аударылды (территория, мәдениет және ұлттық ерекшеліктер) . 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкіл-қазақтық құрылтай өтті. Оның шешімдері бойынша «Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланды. Бағдарламаның кейбір бөліктерінен үзінді келтірейік:
1. Ресей демократиялық Федеративтік Республика болуы керек, оның құрамындағы әрбір мемлекет тәуелсіз әрекет етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz