Ядролық реакторы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырып: Реактор

Жоспар:
Кіріспе.
Реакторлардың түрлері:
1) Ядролық реакторы.
2) Зерттеу реакторы.
Химия реакторы.

Кіріспе
Қазақстан энергетикалық қажеттілікті шешу жолында көп ізденістер жасап жатыр. Соның ішінде қазіргі кезде қолданылып жатқан энергия көздері негізінде мұнай мен көмір. Аздап су электр станциялары бар. Өз орнын қайта толтыра алатын энергия көздерін де іздеп жатыр. (Күн, жел, майлы дақылдар тағы басқа). Бұлардың бәрі қаулап өсіп келе жатқан энергия тапшылығын ойдағыдай толтыра алмасы анық. Ал мұнай мен көмір экологиялық лас болғаны былай тұрсын, көп кешікпей олардың жер қойнауындағы қоры да таусылады, сондықтан қазір Қазақстан ғана емес, бүкіл дүние жүзі келешектің энергия көзі ретінде ядролық энергияға көз салып отыр. Ядролық энергияны пайдалану өткен ғасырдың 50 - ші жылдары басталды. Жарты ғасырдан артық уақыт ішінде 1500 - ден артық ядролық қондырғылар іске қосылды. Оның жартысына жуығы жер бетіндегі жылжымайтын (стационар) қондырғылар болса, жартысынан көбі суда жүзетін корабльдер мен сүңгуір қайықтарда орналасқан. Франция энергия қажеттілігінің 80 пайызын ядролық реакторларда өндіреді, (Францияда жылжымайтын 59 ядролық қондырғы бар). Европаның Англия, Германия, Бельгия сияқты елдерінде энергетикалық қажеттіліктің жартысына жуығын ядролық реакторлар қамтамасыз етеді. Оның үстіне ол реакторлардың көбісі отын ретінде изотопын пайдаланады. Бұл изотоптың жер қыртысындағы қоры жер бетін 2500 - 3000 жылдай энергиямен қамтамасыз етуге жетеді. Олай болса Қазақстан да осы көшке ілесуі қажет, яғни негізгі энергия көзі ретінде уранды пайдалануы керек. Оның үстіне Қазақстан уран қоры бойынша дүние жүзіндегі ең қоры көп 10 елдің қатарында. Бірақ, елімізде ядролық энергетика қажетті деңгейде дамымаған. (Ақтау қаласындағы БН - 350 жылдам нейтронмен жұмыс істейтін, бірақ қазір жабылып орнына басқа типті реактор салынып жатқан реакторды, Курчатов қаласындағы ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған екі реактор мен Алматыдағы бір реакторды есепке алмағанда).
Елімізде салынатын АЭС - терге қойылатын бірінші және негізгі талап - олардың қауіпсіздігі. Жай ғана қауіпсіздік емес, ХХІ ғасырда адам баласының ақыл - ойының жеткен ең жоғарғы қауіпсіздігімен қамтамасыз етілген АЭС.
Жоғарғы радиоактивті қоқыстарды көму, сақтау проблемасы.

Зерттеу реактор
Зерттеу реакторы - активті аймағы нейтрон мен ɤ-сәулелерінің көзі болатын ядролық реактор. Ол ғылым мен техниканың әр түрлі саласында (ядро және нейтронфизикасы, қатты дене физикасы, ядролық және радиациялық химия, материалтану, биология, медицина, т.б.) зерттеулер жүргізуге арналған. Зерттеу реакторында ыдырайтын материал орналасқан активті аймақ, ал жылулық нейтронды реакторларда мұның үстіне нейтронды баяулатқыш (кәдімгі немесе ауыр су, графит, бериллий, т.б.) болады. Зерттеу реакторында активті аймақ жылу әкеткішпен жабдықталады. Активті аймақтың төңірегінде нейтрондарды шағылдырғыш орналастырылады. Шапшаң нейтрондармен араласпаған жылулық нейтрондардың қуатты ағынын алу үшін жылулық бағана деп аталатын құрылғы қолданылады. Ол жақсы баяулатқыштан (көбінесе, графиттен) жасалады. Жылулық бағананың бір ұшы тікелей активті аймақта орналасады да, екінші ұшы тәжірибе жүргізетін бөлмеге шығарылады. Зерттелетін материалды активті аймаққа орналастыру үшін арнаулы жабдықтар не арналар қолданылады.
Зерттеу реакторы активті аймағындағы нейтрондардың спектрі бойынша шапшаң нейтронды зерттеу реакторы және жылулық нейтронды зерттеу реакторы болып бөлінеді. Зерттеу реакторының активті аймақтағы нейтрондар ағынының ауқымы (диапазоны) 1012 - 1015 нейтрон(см2с). Нейтрондар ағынын, қысқа уақытқа, белгілі бір жоғары мәнге дейін көбейту үшін (реактордың орташа қуатын арттырмай-ақ) импульстік Зерттеу реакторы қолданылады. Зерттеу реакторы активті аймағының құрылымына қарай да ажыратылады.

Химиялық реактор
Химия реакторлары -- химиялық реакцияларды жүргізугө арналған аппараттар.
Химия реакторларының конструкциясы мен жүмыс режимі реакцияласатын заттардың агрегаттық күйіне жөне реакцияның жүру бағытын, жылдамдығын қамтамасыз ететін жағдайға (темп-pa, қысым, реагенттер концент - рациясы т. б.) сай болуы керек. Xимия реакторлары реакция үшін гомогенді жүйө (бір фазалы газ не сұйық) және гетерогенді жүйе (екі не үш фазалы мысалы: газ -- сұйық -- қатты дене) болып бөлінеді. Өнеркәсіпте қолданылатын Xимия реакторларына колоналар, камералар, контакт аппараттары, полимеризаторлар т. б. жатады.
Xимия реакторларының жүмыстың жүру принципіне байланысты периодты, жартылай периодты, ауыспалы цикллі және үздіксіз жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ядролық отын - ядролық реакцияға қатысу нәтижесінде пайдалы энергия бөлетін зат
Жылдам нейтронды ядролық реактор технологиясының даму тарихы
Гомогенді және гетерогенді реактордың сипаттамаларының айырмашылықтары
Энергетикадағы келешекті технологиялар
Ядролық реакторлар
Ядролық отынның түрлері мен баяулатқыштары
КазАтомПром
Жылуөткізгіштіктің стационарлы және стационарлы емес теңдеулері
ССТК туралы жалпы мағлұмат
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
Пәндер