ҚАЗАҚ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... .5
1.1. Қазақ тілінің тарихи даму жолы
1.2. Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .6
ІІ ТАРАУ. ҢДЫБЫСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .11
2.1. Фонетикалық жаттығулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Қазақ тілі сөздерінде ңдыбысының қолданысы
атты ғылыми жобасына пікір
Ғылыми жоба кіріспеден, қазақ тілі туралы жалпы түсініктен, ң дыбысының қолданысынан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Аңдатпада осы жұмыстың мақсаты мен міндеті, оның зерттеу өзектілігі және күтілетін нәтиже көрсетілген.
Қазақ тілі басқа тілдерге қарағанда өзгеше, құлаққа жағымды естіледі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде демекші тіліміздің дамып, кең құлашты қанат жаюы болашақ жастардың қолында. Ал осы біздің тілімізге өзіндік ерекшелік беріп тұрған дыбыстары бар. Жобада қазақ тілінің төл дыбыстарының бірі ң дыбысының ерекшелігі көрсетіліп, қолдану аясы жан-жақты зерттеліп, қарастырылған. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, ғылыми жобаның мақсаты және сол мақсатқа жету үшін қандай міндеттер орындау керектігі көрсетілген.
Мектеп оқушылары жазба жұмыстарын жазғанда көбі ң дыбысында қателеседі. Осы қателердің алдын алу мақсатында арнайы жаттығулар орындауға ұсынылып отыр. Негізгі бөлімде қазақ тілі фонетикасы туралы жалпы түсінік беріліп, ғылыми жобалар сараланған. Және де қазақ ертегілерінен де мысалдар келтірілген.

Ғылыми жетекші: аға оқытушы, магистр Сәуірбаева Ә.Ж.

АҢДАТПА
Ғылыми жоба кіріспе және негізгі мәселені қамтитын екі тарау мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеуге түсіп отырған тақырыптың өзектілігі, қарастырылып отырған нысан жөнінде мағлұмат беріліп, ғылыми жобаның мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігіміз көрсетілді. Ғылыми жобаны сәтті жазып шығу үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданылғандығы айтылды. Сонымен қатар ғылыми жобаның теориялық және практикалық мәні қандай, жұмыс құрылымы қандай екендігі де сөз болды.
Негізгі бөлім екі тараудан тұрады: Қазақ тілі фонетикасы туралы жалпы түсінік деп аталатын бірінші тарау және ң дыбысының қолданысы деп аталатын екінші тарау. Бірінші тарауда екі мәселе қарастырылғандықтан, оны іштей екі тараушаға бөлуді жөн көрдік:
1) Қазақ тілі тарихи даму жолы;
2) Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі.
Бірінші тараудың Қазақ тілі тарихи даму жолы деп аталатын бірінші бөлімінде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы ғылыми зерттеулер жайында,қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметтер бойынша дыбыстардың жіктелуі,сондай-ақ фонетикалық құбылыстар жайынан қысқаша мәлімет берілген.
Бірінші тараудың екінші бөлімін Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі деп атап, осы бөлімде фонетика тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін сала екендігі,тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда, фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да - дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық),
басылымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.
Екінші тарау толығымен қазақ тілі сөздерінде кездесетін ң дыбысын қарастыруға арналды. Қорытынды бөлімде ғылыми жоба жазу барысында ң дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне байланысты нәтиже жасалды.
Жұмыс барысында негізгі мәселені қарастырмас бұрын тақырыпқа байланысты библиографиялық көрсеткіш құрастырылды. Ол үшін қала және облыс кітапханаларында бар әдебиеттер толық қарастырылып, барлық мәліметтер жинақталды. Сондай-ақ интернет жүйесінде бірсыпыра жұмыс жасалды.Көркем әдебиеттерден мысалдар теріліп, картотека жасалды.
КІРІСПЕ
Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі. Қазақ тілі сөздерінде ң дыбысының қолданысы атты ғылыми зерттеу жұмысына қазақ тілі сабақтарында және сабақтан тыс уақытта ң дыбысы кездесетін сөздердің дұрыс айтылу,жасалу,жазылу жолын меңгерту мен жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық.Сол құбылыстардың бірі - ң дыбысының дұрыс айтылу,жазылу,қолдану ерекшеліктері. Әрине, ң дыбысы мүлдем қарастырылмаған, не зерттелмеген құбылыс деп айта алмаймыз, бірақ оның толық зерттелмеген және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары барлығын айқындай кеткіміз келеді. Міне, осы тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізудің өзі ғылыми жұмысының өзектілігін көрсетеді. Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері.
Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты - қазақ тіл біліміндегі ң дыбысының айтылу, жазылу құбылыстарын анықтау, оларға толық түсініктеме беру,меңгерту және жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады. Алға қойған мақсатымызға жету үшін мынандай мәселелерді жүйелі түрде дәлелдеуді міндет етіп қойдық:
- фонетика жүйесін зерттеу;
- ң дыбысының айтылуы мен жазылуындағы ерекшелігін қалыптастыру;
- сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
- көркем шығармалардан және күнделікті тілдік қарым-қатынастан ң дыбысы кездесетін мысалдар теріп, талдау;
Зерттеу нысаны. Бұл ғылыми жоба қазақ тіл біліміндегі ң дыбысының құбылыстарын айқындауға арналады. Мұндай құбылыстарды көрсету үшін біз көркем әдебиетке, атап айтсақ, ертегілерге жүгіндік. Мәселен, балаларға арналған Ер Төстік, Қаңбақ шал, Сыбызғы сыры, Алдар көсе мен Шығайбай ертегілерінен мысалдар теріліп алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің әдістері. Ғылыми жоба жұмысының мақсатына орай сипаттама, салыстырмалы әдістер басшылыққа алынды. Жиналған материалдарды іріктеу, талдау және жүйелеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: ң қатардағы көп дыбыстың бірі емес, қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше дыбыс.
Ғылыми жобаның теориялық және практикалық мәні. Мектептің қазақ тілі оқулықтарында пароним және каламбур құбылыстары қарастырылмаған. Сондықтан да оқушылар қауымы бұл құбылыстарды мүлдем білмейді. Ал біздің бұл ғылыми ізденісіміз барысында қазақ тіл біліміндегі пароним және каламбур құбылыстарының табиғаты сипатталып, бұл құбылыстарға түсініктеме беріліп, қорытындылар мен тұжырымдар жасалды. Ендеше бұл жұмыс қазақ тіл білімі, лексикология мен стилистика бойынша тың түйін жасауға, жаңа бағыт қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасауда практикалық тұрғыдан оқушыларға жеңілдік келтіреді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ТІЛІ ФОНЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қазақ тілінің тарихи даму жолы.
Қазақ тілі - сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл - адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.
Тілде қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу - қажеттілік.
Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан Материалы к изучению киргизского наречия (Ученые записки Казанского университета) деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен).
Еңбекте кейбір дыбыстардың артикуляциясы, комбинаторлық жағынан алмасуы (б-м, н-д-т, н-ң, к-г, т.б.), қолдану ерекшелігі және екпін жайынан қысқаша мәлімет берілген. В.Радлов сонымен қатар қазақ тіліне тән кейбір фонетикалық құбылыстарға аса назар аударған.Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен жан-жақты зерттелуі -- совет дәуірі тұсынан басталды. Совет дәуірі кезінде жаңа ғылым -- қазақ лингвистикасы туды, оның фонетика, грамматика, лексикология, диалектология, стилистика сияқты бірнеше салалары пайда болды. Қазақ тілін зерттейтін дербес Институт ұйымдасты және көптеген маман-кадрлар шықты. Қазақ тіл білімінің арнаулы бір тармағы болған -- фонетика саласында едәуір жұмыс істелді. Фонетика мен фонологияның зерттеу әдістері, тәсілдері анықтала түсті.
1.2. Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі.
Фонетика (грек. phônçtіkуs - дыбыстық, дауыстық) - тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да - дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да дыбыс шығады, бормен тақтаға жазсақ та дыбыс шығады. Бұл - зат пен екінші заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың тексеретіні - тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары. Адам баласы бірімен-бірі сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлеу арқылы іске асады. Буын жеке дыбыстардан, сөз буыннан, сөйлем сөздерден құралады. Демек, сөз дыбыстардан тұрады, ол - тіл дыбыстары.
Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығараты дене;
2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;
3) ауа толқырлық кеңістік.
Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене - сөйлеу мүшелері;
2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа;
3)кеңістік - тыныс мүшелері,тамақ, ауыз қуысы мүшелері.

Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы -- олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында. Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады:
1. тыныстау аппараты;
2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады;
3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы.
Тілдің барлығында да дыбыстар дауыстылар мен дауыссыздар деп екі топқа бөлінеді.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым.
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа біріншіден, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екіншіден, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшіншіден, ауа баяу шығады (ө,о).(кесте-1)
Кесте-1

Дауысты дыбыстар кестесі
Еріннің қатысына қарай
Иектің (жақтың) қатысына қарай
Тілдің қатысына қарай
Еріндік дауыстылар
Езулік дауыстылар
Ашық дауыстылар
Қысаң дауыстылар
Жуан дауыстылар
Жіңішке дауыстылар
О, Ө, У, Ұ, Ү
А, Ә, Ы, І, (Э)
А, Ә, О, Ө, Е
Ы, І, (И), У, Ұ, Ү
А, О, (У), Ұ, (И)
Ә, Ө, Ү, І, Е, (И), (У)

Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа біріншіден, кедергіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екіншіден, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түседі; үшіншіден, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. (кесте-2)
Кесте-2

Дауыстыларды айтқанда шыққан ауа: Дауыссыздарды айтқанда шыққан ауа:
1.Кедергіге ұшырамай еркін шығады
1.Кедергіге ұшырап, тосқауылмен айтылады
2.Дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады
2.Тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түседі
3.Ауа баяу шығады
3.Ауаның шығу қарқыны күштірек болады
Сонымен, дауыссыз дыбыстар үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар болып екі топқа бөлінеді. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген екі топқа бөлінеді. Дауыссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады.
Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны - ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда - үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде -- бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы - таза салдырдан тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң және ұяңдарды - көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше - көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
- дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Қазақ тіліне тән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дауысты және дауыссыз фонемалар
Дыбыс үндестігі
Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі
Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы
Қазақ тіліндегі фонетика саласы
Консонантизмдер және олардың зерттелуі
Транскрипция және транслитерация мәселелері
Қазақ тілі фонетикасы
Фонема туралы ілімнің алғашқы негізін салушылар. Фонетика ғылымын зерттеуде қолданылатын әдістер
Фонетиканың зерттеу нысандары
Пәндер