Тікелей эфирдегі кәсіби шеберлік
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Тікелей эфирдегі кәсіби шеберлік
2. Тікелей эфир журналистіне қойылатын талаптар
3. Радио бағдарламасының құрылымы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Кіріспе
Адамды адам еткен еңбек және сөйлеу машығы, дейді ғалымдар. Сөзді тыңдарманына жеткізудің де қуатты құралы радио болмақ. Радио - журналистиканың саласы, бұқаралық ақпарат құралының бірі. Оның осы аталған қызметі арқылы маңызы уақыт өткен сайын арта түсуде. Қазіргі күні радиоэфир бір мезгілде көптеген тыңдармандарға жетіп, керек деген ақпараттардан хабардар ете алады. Сол арқылы қаншама адамның санасына ықпал етіп, пікір тудырып, ой қорыту жүйесіне өз әсерін тигізеді. Шындығы керек, радионы көшеде кетіп бара жатып та, көлікте отырып та, не болмаса үйде демалып отырған сәтте де тыңдауға болады. Бұл - радионы пайдаланудың артықшылығын көрсетсе керек.
Радионың құдыреті сол, адам санасын сілкінтіп, көңілін шымырлататын қасиетінде, шынайы өнер туындысы секілді кісіні қанаттандырып, шабыттандырып, рухани жан-дүниесіне де әсер етеді.
Күн сайын эфирге шығатын бағдарламалардың маңызы тіптен зор. Оны тыңдау арқылы кез келген кісі өзінің рухани қажеттілігін өтейді. Ал бағдарламада айтылған әңгіме кімнің де болса көкірегіне ой салады. Сол себептен диктор тікелей эфир уақытында өз сөзіне абай болып, ойланып сөйлегені дұрыс.
Эфирге шыққан бағдарлама адамның көңілін көтеріп, демейді, оптимистік қуат беріп, жігерлендіреді десек, тікелей эфир арқылы тыңдарманға жол тартқан сол бағдарлама жүргізушісіне қойылар талап биік. Диктордың бір қате айтқан, не болмаса мағынасыз пікірін миллиондаған тыңдарман естіп, сол қате пікірдің арқасында теріс бағыттағы көзқарас қалыптасуы әбден мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды, радио тек ақпарат таратушы ғана емес, тәрбие құралы.
Тыңдарман талабынан шығу, ең алдымен, аузыңнан шыққан әрбір сөз үшін жауапты екеніңді ескеріп, ойланып, салмақтап, қате жібермеуге тырысып мәдениетті сөйлеу - жүргізушінің тыңдарман алдындағы борышы. Ол күнделікті өмірде тіліміздің қалай дамып келе жатқанын, қандай сөздермен байып, көркею үстінде екенін, әр сөйлемді айтар ойымен астастырып құру керек екенін біліп, соны өз сөзінде қажет деңгейде пайдаланып, көпшілікке көрнекі тілді өнеге етуге міндетті.
Тікелей эфирдегі кәсіби шеберлік
Тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, ұлттық аудиторияны өзіне ұйытып алатын, журналистикадағы үн-үрдісінің үздік үлгісін таныту эфирді жүргізетін журналистердің кәсіби шеберлігіне келіп тіреледі. Кәсіби шеберлік дегеніміздің өзі не? Оған кәсіп иесіне тән қандай критерийлерді жатқызуға болады? Кәсіп-еңбек қызметінің негізгі бір саласы. Ал шеберлік - белгілі бір кәсіп бойынша өз ісін жетік меңгеру, сол салада терең ізденіп, өзін жан-жақты дамыту арқылы кәсіп иесінің жоғары сатыға көтерілуі, биік белестен көрінуі.
Әлбетте, қазақ радиожурналистикасының алтын діңгегі, қасиетті қара шаңырақ - Қазақ радиосында өз ісінің үздігі атанған әйгілі диктор Әнуарбек Байжанбаев сынды майталман мамандардың болғаны белгілі. Ал қазіргі радиожурналистикада эфирдегі дикторлық оқуды журналистік жүргізу алмастырды. 1992 жылы "Отечественное радиовещание: пути и проблемы становления" деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған Мәскеудің Ломоносов атындағы университетінің зерттеуші-ғалымы В.Н.Ружников өз еңбегінің "Современность радиовещания" деп аталатын тарауында радиожурналистикада пайда болған жаңа тенденцияларды төрт топқа бөліп қарастырады:
1) Бағдарламалардың дербестелуі. Дикторлық радионы журналистік радионың алмастыруы, демек бұған дейін журналист дайындап берген мәтінді диктор мәнерлеп оқыған болса, ендігі жерде журналистің көзбен көргенін, көңілге түйгенін өз аузынан айтып, өз атынан баяндайтындығы.
2) Бағдарламалардың ауқымдылығы. Ақпараттық-талдамалық бағдарламалардың кеңінен қолданылуы. Төрт топқа да тән ерекшелік журналистердің жеке тұлға ретіндегі даралануы. Ал мұның өзі - радиожурналистикадағы, жаңаша жұмыс тәсілі, тікелей эфир аясында жүзеге асқан құбылыс. Олай болса, тікелей эфирден берілген хабардың кәсіби сапасын сол эфирді жүргізген журналистің кәсіби деңгейімен өлшеуге тура келеді. Бұл қисын өз кезегінде жүргізушінің жетекші ролін айқындауға, соған сәйкес оған жүктелетін жауапкершілік мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Егер журналист еңбегін кәсіби процесс ретінде талдасақ, онда оны идея - жоба - сценарийлік нұсқа - эфирдегі құбылыс сызбасы бойынша жүзеге асатын жұмыс тәртібі ретінде қарастыруға болады. Бұл сызба негізінен, журналист өзі даярлап, өзі эфирге алып шығатын авторлық бағдарламаға тән.
Шындығында, жүргізушінің кәсіби шеберлігін шыңдап, талантын ұштап, деңгейін көрсетіп, қолтаңбасын танытатын эфирдегі мүмкіндік аясы да осы. Ал тәуелсіз радиоарналарда қазақ тіліндегі авторлық бағдарламалар жоқтың қасы. Тек қана жаңалықтарды оқып, берілетін әндерге алғы сөз айтумен шектелетін тәуелсіз радиоарналардағы қазақ тілді эфирдің құнын жоғарылатып, қадірін арттыру әрине мүмкін емес. Кәсіби деңгей тұрғысынан қазақ тілді әуе толқынының қанатын кең жайып, құлашын алысқа сермей алмай отырған бір себебі сол екені де жасырын емес. Тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің негізгі екі тетігі бар: Бірі - тіл, екіншісі - тәртіп. Тіл - тікелей эфирдің лингвистикалық аспектісін айқындаса, тәртіп психологиялық аспектісін қамтиды. Тілді адам санасындағы ой иірімдері мен әр алуан психофизиоло-гиялық құбылыстар арқылы қабылданатын ақпараттардың күрделі таңбалық көрінісі ретінде де тануға негіз бар. Тіл - адамның дыбыс шығарып сөйлеу қызметін атқаратын мүшесі. Тіл - уақытты (секундты, минутты, сағатты) белгілейтін көрсеткіш. "Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі" деп дәріптейді қазақтың ірі лингвист ғалымы А. Байтұрсынов. Орыстың ұлы сыншысы В.Г. Белинский "Адам мінезін танудың кілті - оның тілі, сөз саптаудан ойдың бедері білінеді, ол әрбір тұлға мен мінез секілді әрқашан да жеке дара" деп мәлімдеген. Ал халық даналығы "Өнер алды - қызыл тіл" деп, оның барлық өнердің алдын орап өтетін өткірлігін сипаттаса, "Басқа бәле - тілден" деп тәртіптен асып кеткен тұста тәлкекке ұшыратынын ашық айтқан.
Ал журналистің тіл мен тәртіп аясындағы стратегиясын зерттеген ғалымдар М. Кузнецов пен И. Цыкунов "Кәсіби мақсатты жүзеге асыру үшін журналистердің барлығы дерлік тілді қолданады, ал тәртіпті көпшілігі ұмыт қалдырады. Әрине, ең әуелі тіл қатудың жалпы принциптерін негізге алу керек, келесі ретте аудиторияның қабылдауына бейімделу тәсілдерін игеру қажет" деп есептейді. Бәрі де орынды айтылған оң пікір. Ал іс жүзінде радиожурналистиканың тікелей эфиріндегі кәсіби шеберлікті қалыптастыру үшін тіл мен тәртіпті қалай пайдалануға болады? Тікелей эфирдегі тіл мәдениетін сақтауда лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың тіл қисыны туралы қағидаларын білуден артық ешнәрсенің де керегі жоқ. Онда тіл анықтығы да, тіл көрнекілігі де, тіл әуезділігі де, тіл тазалығы да, т.с.с. бәрі де қамтылған.
Тікелей эфир журналистіне қойылатын талаптар
Тікелей эфирде тіл қызметін дұрыс қолдану үшін уақытқа ілесіп сөйлеу механизмін меңгеру қажет. Секундомерді нысанаға алып, санаулы минуттар аясында сөйлеп көріп, дәл солай уақытпен санасып өз ойыңды қағазға түсіріп, ешбір жалықпастан жаттығудың өзі - кәсіби шеберлікті шыңдау әдісінің бір түрі болып табылады. Негізінде, шамамен 1 минутта 185-200 сөз айтылады немесе оқылады, ал 1 минутта небәрі 25-30 сөз ғана жазылады. Әлбетте, әр адамның мүмкіндігі әртүрлі. Тәжірибе жүзінде студенттерді және тікелей эфирде қызмет ететін біздің түлектерді тексеріп көргенде олардың ең аз жазғаны 11 сөз, ал ең көп жазғаны 56 сөз болды. Сөз жазып жаттығу кезінде мынадай екі талап қатаң ескерілуі шарт. Біріншісі - сөз қайталамау, екіншісі - ой қайталамау. "Мұның мәнісі айтар ойыңды санаңмен өңдеу арқылы жүйелеп әдеби нормаға сәйкес сөз маржанымен, өрнектеп тізе білу. Жұтаң тіл журналистің жұмырына жұқ болмайтыны белгілі. Демек, оны әрдайым дамытып, сөздік қормен байытып, жетілдіріп отыру - кәсіби шеберлікті шыңдау әдісінің келесі бір тармағы.
Импровизация, яғни, суырып салма өнерінің өзі алдын-ала жинақталған білім негізінде пайда болады. Әлбетте, сөздік қоры мол, қажетті тіл қисынын меңгерген, сөз тауып сөйлей алатын адам ғана шешендік өнердің шеберіне айналмақ. Негізінде, шешендік өнердің әдеби-эстетикалық мәні, оны құнттап-зерттеу, шешендік сөз нұсқаларын кәдеге жарату - тікелей эфирдегі жүргізуші журналистер үшін ең бір қажетті игілікті іс. Тікелей эфирдегі сөйлеу тілін шешендік өнер дәстүрімен байытудың 5 түрлі әдісін қолдануға болады. Біріншісі - кітаптан оқығанды көңілге тоқу, Екіншісі (аудиотәсіл) шешендік өнер туындыларын (жыр, терме, айтыс т.с.с.) үн таспадан тыңдау арқылы қабылдап, бойға сіңіру. үшіншісі - жиған-терген дүниелерді қажет жерінде орнымен пайдалануға үйрену сол үшін эфирге кірмес бұрын қолданатын сөздік қорының тезисін әзірлеу. Төртінші - (бейнетәсіл), бейнетаспадан сөйлеп тұрған шешеннің іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын, дауыс ырғағын, үн үзілісін, сөз екпінін жіті қадағалау арқылы сөйлеу мәнерінің психологиялық желісін меңгеру. Бесінші - сабақтаған ойыңды дұрыс жеткізіп, уақыт аясына сыйғыза білуге машықтану.
Тіл жазған сайын қалыптасады, сөйлеген сайын жетіледі. Тікелей эфир жүргізушілері сол үшін де эфирге дейін ерінбей еңбектеніп, нағыз кәсіби шеберлікті игеремін десе әйгілі диктор Сауық Жақанова айтқандай алдарына "Эфирдің бір секунды бос кетпесін" деген мақсат қоюлары тиіс". Тікелей эфирдегі лингвистикалық аспектіге тән шығармашылық шеберлікті шыңдау әдістерінің бірі - жүргізушінің аузынан шыққан сөзіне жауапкершілікпен қарауы, яғни, өз сөзін өзі үнтаспаға түсіріп алып қайта тыңдап, артықшылығы мен кемшілігін саналы түрде саралауы, бір рет жіберген кемшілігін екінші рет қайталамауы. Осынау аталып өткен кәсіби шеберлікті шыңдау әдістерін тұтас қамтып тілді меңгерген жүргізуші тәртіпті білмейінше нағыз кәсіби маман бола алмас еді. Тәртіп, тікелей эфирдегі психологиялық аспектіні қамтитынын ескерсек, ол - жүргізушінің жұмыс процесіндегі іс-әрекетіне сәйкес байқататын мінез-құлығы, көрсететін қабілет-қарымы, бір сөзбен айтқанда сөйлеушінің кәсіби шеберлігі екені аян. Бірақ, соның бәрін кәсіби қажеттілікті қамтамасыз ету үшін қалай жүзеге асыру керек. Мәселе сонда. Тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің екі тетігін оның екі аспектісі ретінде бөле-жара сөз еткенімізге қарамастан екеуінің нәтижесі бір мезгілде, бір деңгейде, біртұтас әрекет ретінде жүзеге асқанда ғана өзінің толыққанды мән-мағынасына ие болады.
Әлбетте, кәсіби шеберлікті шыңдау әдістерін жаттығу ретінде орындау арқылы кәсіби дағдыға, яғни күнделікті атқаратын қызмет нормасына айналдыруға болады. Тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің негізгі компоненттерін талдап көрер болсақ, жүргізуші тілге қатысты кәсіби шеберлікті шыңдау әдістерін пайдаланып жалықпай жаттығу нәтижесінде сөйлеу мәдениетін игеріп, дауыс мәнерін ретке келтіріп, өзіндік стиль, яғни, ешкімге ұқсамайтын өзіндік үн үлгісін тауып, оны ұлттық нақышпен айшықтап, үздік үн үрдісін қалыптастыруы керек. Ол ахуалды, яғни, денсаулықты, көңіл-күйді, шабытты, ынтаны, ерік-жігерді сезіне білген абзал. Денсаулығы болмай, яғни, тамағы қарлығып, мұрны бітеліп, түшкіріп-жөтеліп, тұрған адам эфирге шыға алмайтынын сезіп, алдын-ала ең кем дегенде 15 минут бұрын ұжым басшыларына ескертіп, әріптестермен орын алмастыруы керек.
Көңіл-күй - ол да ахуалдың негізгі элементтерінің бірі. Әлденеге алаңдап, жүрегі орнына түспей, көңілі әрі-сәрі болып, жаны жай таппай тұрған жүргізушінің эфирі сәтті шығатынына ешкім де кепілдік бере алмайды. Себебі, ойы бір жерде болмаған соң даусы сенімсіз, сөзі нанымсыз шығуы ықтимал.
Шабыт - шығармашылық күш-қуаттың толассыз тасқыны, ішкі тебіреніс кемерінен асып төгілген сәттегі адам рухының көтерілуі. Демек, шығармашылықтың қайнар көзі болып табылатын психо-лингвистикалық аспектінің бүкіл компонентін қамтып оны оқиға ретінде өткеретін нәрсе - құбылыс. Ол - жақсы ма, жаман ба жүзеге асқан эфирлік процесс. Сондықтан да оны тек қана қадағалау керек. Бұл біріншіден, тыңдарман назарымен таразыланса, екіншіден, ұжым, яғни, басшылар мен әріптестер тарапынан берілген бағамен өлшенеді, сондай-ақ, жүргізуші түйсігімен, яғни интуициясымен түйінделеді, қадағалаудың арқасында қателіктер анықталып, кемшіліктер жіберілмейтін болады.
Дауыс - кесіп-пішуге келмейтін, өлшеммен өрнектеуге болмайтын адам организміндегі аса бір ғажайып құрал. Сөйлеу кезінде дауыс дұрыс қолданыс тапса, онда адамның өне бойы басынан бақайшығына дейін музыкалық аспап тәрізді толқып, қозғалысқа түсіп, сол дауысқа үлес қосады. Дауысқа көптеген факторлар әсер етеді. Мысалы, адамның ұлты, туып-өскен мекені, бала кезіндегі тәрбиесі, мектептегі алған білімі, оқытқан мұғалімдері, бірге жүрген достары. Кейіннен кәмелетке толып отбасын құрған кезде жолдасының, қызметке араласқан шақта әріптестердің, жеке үй болған кезде тұрған жердегі кісілердің, тіпті көрші-қолаңның да дауысқа ықпалы болады. Өз ісін жетік меңгерген маманның кәсіби шебер ретінде өзіне ғана тән дара дауысы болуы керек. Әлбетте, жағымды және жағымсыз дауыс болады. Әрине, жағымсыз дауыс жүргізушінің күллі жақсы қасиеттерін жуып-шайып жойып жіберуі мүмкін. Бірақ, ерінбей еңбектенген адам өз даусын ретке келтіре алады.
Келесі кезекте тыңдарман талабы дегеніміз - бұқараның көкейіндегісін дөп басып, мұңын мұңдап, жоғын жоқтау, мұқтажын айту, шыншыл болу. Бір сөзбен айтқанда, жүргізушінің ішкі жан-дүниесінде журналистке тән адалдық жатталып тұруы керек. Өйткені, тікелей әуе толқыны арқылы микрофоннан тіл қатқанда ол ең алдымен, сөз бостандығын иеленеді. Бұл ретте мемлекет саясаты мен ұлттық идеология екеуі - егіз ұғым. Жүргізуші - өз мемлекетінің азаматы, өз ұлтының өкілі. Оның журналистік көзқарасынан отаншылдық рухы, ұлттық намысы айқын аңғарылып тұруы - шарт. Мұның өзі тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің бір тетігі тілден көрініс табады. Мемлекеттік тілді болу, оның дамуына үлес қосу - сол мемлекетте тұратын кез-келген азаматтың қасиетті парызы. Ал эфирге шығып сөз бостандығын иеленіп, қалың бұқараға үн қататын төртінші билік иелерінің тікелей міндеті - мемлекеттік мүдде мен ұлттық идеологияны ұштастыра отырып, тіл саясатын жүргізу.
Идеология - күшті қару. Ол біраз уақыттан кейін қараның өзін ақ қылып жібереді. Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы мемлекетке, ұлтқа зияны тиетін әңгімелерді кейде білместікпен, кейде біле тұра қиямпұрыстықпен айтады. Сондықтан, идеологиялық жұмысымызды тәуелсіз Қазақстанның ұлттық мүддесіне сай етіп, жасап алуымыз керек. Ол үшін тыңдарман талғамынан шығып, олардың рухани сұраныстарына жауап беретіндей дүниетаным көкжиегін кеңейтіп, ой-өрісін дамытуға ықпал ететін шын мәнісіндегі кәсіби деңгейде жасалған хабарлар, авторлық бағдарламалар керек. Өйткені, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, "Демократияның, Қазақстанның бүкіл прогресшіл даму перспективасының тағдыры бұқаралық ақпарат құралдарының қалай дамитынына барынша тікелей байланысты болмақ".
Образ, имидж, қолтаңба. Бұл журналистің жеке-дара тұлға болып қалыптасу мақсатымен айқындалатын эфирдегі өзіндік өрнегі ешкімге ұқсамайтын өзіндік стилі. Ізденіс әркімнің өзінен басталады. Әуе толқыны - тікелей эфир жүргізушісі үшін жүрек толқуы. Сондықтан да, жүргізуші өзін тану арқылы өз кілтін тауып ішкі өзегін орнықтыруы керек. Ғалым Шерияздан Елеукенов "Тікелей эфирге шығу - тәуелсіздік пен демократия заманының жаңалығы. Сол форманы батыл түрде қолданғандарыңызды құптаймын" деп тікелей эфирдегі журналистің жетекші ролін ескеріп, одан батыл қадам, белсенді әрекет күтетінін айтса, Бауыржан Жақып: "Біздің радиожурналистикадағы ең жаңа үрдіс - тікелей эфирге шығу. Журналистің шеберлігі сол тікелей эфир кезінде байқалса керек" деген пікірімен тікелей эфирдің өткір құбылыс, оның жүргізушісі болу - күрделі кәсіп екенін аңғартқан.
Микрофон алдында отырып, қиыннан қиыстырып әңгімені сабақтап әкететін радиожурналистің ұшқыр ой, ұтқыр сөзі - оның кәсіби шеберлігінің биік өлшемі ғана емес, тәжірибесінің айнасы. Қазақ радиосының тікелей әуе толқынында қызмет еткен жүргізуші Толқын Сейдоллақызы "Кәсіби шеберлік дегеніміз - тынымсыз ізденіс. Аудиторияны сезініп, техниканы бір кісідей біліп тұрғанның өзінде сөйлеу мәдениетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz