Ішкі шаруашылық жерге орналастыру - жерге орналастырудың бір түрі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ТАЛҒАР АГРОБИЗНЕС ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Шығыс Қазақстан облысында Адем шаруа қожалығыны ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы
Орындаған: Турсынтай Адема
3 Жерге орналастыру 9 А тобы
Тексерген: Сагандыкова Дариға
Талғар 2019 ж
I Жобаға берілетін тапсырмалар
II Кіріспе
1. Шаруа қожалығы туралы жалпы мәлімет
2. Шаруа қожалығының табиғи климат жағдайы
3. Жерге орналастыруды жобалаудың қазіргі кездегі мазмұны
4. Шарашылықтың мамандандырылуы
5. Шаруа және өнер кәсіп орталықтарының аумағын ұйымдастыру және жобалау
6. Жерге орналастыруды жобалау үшін топографиялық негізі
7. Жер телімдерінің аудандарын анықтау
8. Жерді пайдаланудағы жалпы аудан
9. Ауыспалы егісті ұйымдастыру және орналастыру
10. Мал азық территориясын орналастыру
11. Жай және магистральды жолдарды ұйымдастыру
12. Көп жылдық екпе ағаштарын орналастыру
13. Жерді пайдалану жоспарын құру
14. Топырақ картасы
15. Жерді пайдаланудағы жалпы аудан
16. Қаржылық есеп
17. Экономикалық тиімділігі
18. Қолданылған әдебиеттер
Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі құжаттарға сілтемелер қолданылады:
МЖМБС 2.104-2006 КҚБЖ (ЕСКД) - негізгі жазбалар;
МЖМБС 2.301-68 КҚБЖ (ЕСКД) - форматтар;
МЖМБС 2.304-81КҚБЖ (ЕСКД) - сызбалық шрифттер;
МЖМБС 2.321-84КҚБЖ (ЕСКД) - әріптік белгілеу;
МЖМБС 2.201-80КҚБЖ (ЕСКД)-бұйымдары мен контурлық құжаттарды белгілеу;
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ(ЕСКД) - орындауға қойылатын талаптар;
МЖМБС 7.1-2003 -жалпы талаптармен орындау ережелері;
СТ ОҚМУ 7.14-2010 - курстық жобалау, мазмұн, тақырыптар құрлымы, жетекшілік ету, рәсімдеу, белгілеу және курстық жобаны (жұмысты) қорғау.
Белгілеулер мен қысқартулар
ҚР-Қазақстан Республикасы
ЖОЖ- жерге орналастыруды жобалау
АШ-ауыл шаруашылығы
ШҚ-шаруа қожалығы
Т.б- тағы басқа
АҚ-акционерлік қоғам
Т.с.с-тағы сол сияқты
ІШЖО- Ішкішаруашылық жерге орналастыру
ЭММ- экономика-математикалы
ЖШС-жауап кершілігі шектеулі серіктестік
ШҚО-Шығыс Қазақстан облысы
КІРІСПЕ
Ішкішаруашылық жерге орналастыру (ІШЖО) - жерге орналастырудың негізгі түрлерінің бірі. Жерге орналастырудың бұл түрінің жобалау объектісі ретінде ауылшаруашылық кәсіпорындарына, шаруа (фермерлік) қожалықтарға, серіктестіктерге, кооперативтерге және басқа шаруашылықтық құрылымдарға тұрақты (мерзімсіз) пайдалануға немесе жалға алу шартымен белгілі бір мерзімге бекітілген жерлерде ауылшаруашылық өндірісін территориялық ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі уақытта ауылшаруашыдық өнімі өндірумен әр түрлі ірі мемлекеттік кәсіпорындар (тұқым дайындайтын және басқа мамандандырылған шаруашылықтар), мемлекеттік емес (шаруа қожалықтары, ұжымдық кәсіпорындар мен кооперативтер, акционерлік қоғамдар және т.б.) айналысады.. Олардың көпшілігі Әр түрлі шаруашылықаралық және агроөнеркәсіптік бірлестіктер қатарына кіргенмсн, бірақ барлығы да өз еріктілігін сақтайды және негізгі жер пайдаланушылықтар болып табылады. Сонымен қатар ішкішаруашылық жерге орналастыру объектісі ретінде ғылыми-зерттеу мекемелерінің және машина сынау станцияларының тәжірибелік шаруашылықтары жоғары оқу орындарының колледждердің оқу - тәжірибелік шаруашылықтары, өнеркәсіптердің, ұйымдар мен мекемелерлін қосалқы ауылшаруашылықтары болуы мүмкін.ІШЖО - дың басты мақсаты - шаруашылықтық субъектілердің алдына қойған міндеттерін жер бетінде ойдағыдай орындауға мүмкіндік беретіндей реттілікті орнатуға, яғни аз шылын жұмсап, максимальды мөлшерде жоғары сапалы өнім алу, оны сондай тауарлы түрінде тұтынушыларға өз уақытында жеткізу, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін топырақтың құнарлығын сақтауды және ұдайы өндіруді ескере отырып, адамдардың өмірін жақсарту жөніндегі маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу.ІШЖО - дың негізгі міндеттері - ауылшаруашылық айналымындағы әрбір жер учаскссін толық, ұтымды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін (өндірісті территориялық ұйымдастыру) территорияны ұйымдастыру формасын құру, оларды табиғаттың қолайсыз құбылыстары мен антропогенді ессрлерден қорғау, сонымен қатар уақыт пен ресурсты үнемдеу мақсатымен машина - трактор паркін өнімді пайдалану және еңбекті ғылыми ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.Ішкі шаруашылық жерге орналастыру - жерге орналастырудың бір түрі. Оның жобалау объектісі - ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорынның иелігіндегі, пайдалануындағы немесе арендаға алған жері, оны территориялық ұйымдастыру.Ішкі шаруашылық жерге орналастыру дегеніміз ауылшаруашылық кәсіпорындарының өндірістік территориялық ұйымдастыру шараларының жүйесі: жерді, адамдардың еңбегін, ауыл
шаруашылық техниканы тиімді пайдалану үшін, топырақ құнарлығын қорғау және жақсарту үшін, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту үшін. Шаруашылықтың территориясын ұйымдастыру жолында мына мәселелер шешіледі:
Жобалау - жерге орналастыру процестерінің ең маңызды, көлемді және күрделі кезеңі болып саналады. Жобаны жасау және оны негіздеу - жерге орналастыру іс барысының ең маңызды кезеңі.
Жерге орналастыруды жобалаудың заты - жоба шешімдерін орындау әдістері, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және заңдылық негіздеу.
Жер заңдылығы бойынша, бірде-бір мекеме, бірде-бір ұйым құрылыс жүргізу жұмыстарын, жер бөлу жобасы бойынша жер бетінде берілетін жер учаскесінің шекарасы түсірілмей, оның мөлшері анықталмай, бастауға тиісті емес. Сондықтан ең басты жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Қазіргі жерге орналастыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық аспектілерді сақтай отырып, қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескеру негізінде жерге орналастыру жұмыстарында жоспарлы-таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуді талап етеді.
Бүгінгі күнде жерге орналастыру ғылымы зерттеудің қазіргі әдістерін кең қолданады: есептік-варианттық, статистикалық, монографиялық, экономика-математикалық (ЭММ), болжамдау әдістері және эксперимент жүргізу арқылы. Зерттеуде жерге орналастыру ғылымы диалектикалық- материалистік зерттеп білу әдісінің талаптарына сүйенеді - фактілерді, құбылыстарды, қоғамдық категорияларды бір-бірімен өзара байланыста және тәуелді, статикалық емес, динамикада (дамуда) зерттеу, дамуды саннан сапаға көшу ретінде қарастыру, фактілерді және құбылыстарды зерттеуде қарама-қарсылықтардың бірлігі позициясынан қарау, жаңашылықты, прогрессивті, болашағы барларын табу.
Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу орындарында жеке ғылыми пәндер қалыптасып келеді. Солардың ішінде Жерге орналастырудың ғылыми негіздері, Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау, Жерге орналастыруды жобалау, Жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау және болжау, Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар және т.б.
Шаруа қожалығы туралы жалпы мәлімет
Қоғам экономикалық іс-әрекетсіз өмір сүре алмайды. Оның әр алуан түрлері елдің экономикасын (шаруашылығын) құрайды. Бұл жерде адамдар (жұмыс күші) өндіріс құралдарымен байланысқа түседі. Еңбек құралы (адам немен жұмыс істейді) және еңбек өнімі (нені өңдейді). Осындай байланыс нәтижесінде - азык-түлік, өнер-кәсіп тауарлары, әр түрлі қызмет ету түрлері пайда болады.
Сонымен, шаруашылық дегеніміз - халықты тіршілік ету көзімен қамтамасыз ету.
Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика
Біздің еліміз жоспарлы экономикадан нарыққа ауысканын білесіңдер. Нарықтық экономика жеке меншікке, таңдау еркіндігі мен бәсекеге негізделген. Ондағы сауда заты болып тауар, қызмет керсету, кәсіпорындар, жер мен адамдар еңбегі саналады. Кәсіпкерлер өндіріс үшін пайдалы тауарлар мен қызмет түрлерін таңдап, оған ең алдыңғы қатарлы технологияны қолданады. Ол нарықтық экономикаға қозғалыс беріп, жылдам қайта құрылу қабілетін арттырады. Дегенмен, оның өз кемшіліктері де бар. Олардың негізгісі - ырғақтылық, яғни өндірістің қарқындау және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу кезеңі ендірістің құлдырауы және жұмыссыздықпен алмасып келіп отырады. Одан баска заңмен шектелмейтін нарық құбылысы адамдардың тұрмыс-жағдайы мен қоршаған орта жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін. Сондықтан барлық елдердің экономикалық өмірін мемлекет реттеп отырады. Оның қол астында мемлекет бюджеті және қорғаныс, азаматтардың кауіпсіздігі, білім беру, денсаулық сақтау сияқты салалармен қатар, көп жағдайда ірі компаниялар да болады. Олардың барлығы экономиканың мемлекеттік секторын құрайды. Біздің еліміздің мемлекеттік секторының құрамында 25 мыңдай мекемелер мен кәсіпорындар бар. Онда жұмыс күшінің 14 бөлігі жұмылдырылып, ұлттық кірістің 15%-ы жасалады. Бұл - дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер сияқты, Қазақстанның экономикасының да аралас екендігін көрсетеді. Бірақ ол нарық заңдары бойынша жүмыс істейді. Мемлекет еркін бәсекелестікті
қолдай, халыққа әлеуметтік жағынан қолдау көрсетеді, аумақтар мен жекелеген өндірістердің даму бағдарламасын жасайды. Шаруашылықтың ерекше секторын көлеңкелі (бақылаусыз) экономика құрайды. Ол фирмалар мен азаматтардың заңды бұзып, салық төлеуден жалтарған жене тыйым салынған қызмет түрлерімен айналысқан кезде пайда болады. Ол Қазақстан экономикасының 20%-ға дейінгі бөлігін құрайды. Көлеңкелі экономика мемлекет пен қоғамға үлкен зиянын тигізеді.
Қазақстан шаруашылығы: кәсіпорындар - салалар - салааралық кешендер
Қазақстан шаруашылығы - бұл өте кең ұғым. Оны үш деңгейге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші деңгей - кәсіпорындар мен мекемелер. Бұлар -- экономикалық құрылыстың өзіндік кірпіштері болып табылады. Олардың саны казір 200 мыңнан асты. Кәсіпорындарға - фабрикалар, зауыттар, шахталар, электр стансалары, шаруа қожалықтары жатады. Ал мекемелер - бұлар оқу орындары, ауруханалар, дүкендер, театрлар.
Нарықтық экономикада меншік түрлері және кәсіпорындарды ұйымдастыру өзінше сипат алады. Қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, аралас (жекеше-мемлекеттік және шетелдік фирмалармен біріккен), шетелдік кәсіпорындар да жұмыс істейді.
Олардың акционерлік қоғам (АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), біріккен кәсіпорындар (БК) түрінде құрылған көптеген шаруа (фермерлік) қожалықтары бар.
Екінші деңгей - экономика салалары. Әрбір кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметімен мемлекеттің түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Біреулері өндіріс тауарларын шығарумен, екіншілері жүк тасымалымен, ал үшіншілері бала оқытумен айналысады.
Ауыл шаруашылығына, мысалы, мәдени өсімдіктер өсірумен, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар жатады. Ал өндіріс құралдары мен (отын, металл, машиналар) тұтыну тауарларының негізгі бөлігін өндіретін барлық кәсіпорындар өнеркәсіпті құрайды. Сол сияқты, білім беру - оқу орындарының, ал денсаулық сақтау -- медициналық мекемелердің жиынтығы болып саналады.
2.Шаруа қожалығының табиғи климат жағдайы
Климат
Облыстың климаты тым континенттік.
Температурасы:
Қаңтардың жылдық орташа ауа температурасы
жазық өңірінде - 17°С
биік тауаралық тұйық қазаншұңқырларында - 26°С-қа дейін барады
Шілдеде 19 - 23°С.
Жауын-шашын:
солтүстік-шығысында 350 - 380 мм
оңтүстік-шығысында 250 - 300 мм
батысында 200 - 250 мм аралығында
Кенді Алтайдың батыс бөлігінде 1000 - 1500 мм
Облыс бойынша вегетациялық кезең 175 - 200 тәулікті құрайды.
Су ресурстары
Облыстың, әсіресе Кенді Алтай өңірі жер беті суларына бай. Олар Ертіс өзені мен Балқаш - Алакөл алаптарына жатады және негізінен өзендерден тұрады.
Өзендер
Ертіс (республикадағы ең үлкен өзені):Ол облыс аймағын Қытай Халық Республикасы шекарасынан бастап солтүстік-батыс бағытта қиып өтеді. Зайсан көліне дейінгі бөлігін Қара Ертіс деп атайды. Ертіс өзенінің ең ірі салалары: Қытай, Қалжыр, Қалғұтты, Күршім , Нарын, Қайыңды, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Шүлбі, Жарма, Құсты, Еспе, Шорға, Боғас, Жүзағаш, Бөкен, Манат, Тайынты, Абылайкит, Ұлан, Дресвянка, Жартас, Құрық, Қызылсу, Шар, Шаған.Балқаш - Алакөл көлдерінің алабындағы ең үлкен өзендері (Еміл, Қатынсу, Үржар, Үлкен Текебұлақ, Қарақол, Ай, Аягөз, Бақанас) бастауын Тарбағатай, Ақшатау, Шыңғыстау, Ханшыңғыс жоталары мен Көкшетаудан алады.
Көлдер
Облыс көлдерге онша бай болмаса да, мұнда Қазақстандағы ірі көлдер - Зайсан мен Марқакөл, оңтүстік-шығысында Алакөл мен Сасықкөл орналасқан. Басқа көлдері ұсақ және олар облыстың оңтүстік-батыс жағында, көбінесе Шар мен Шаған өзендерінің және Аягөз бен Ай өзендерінің ұсақ шоқылы, жазықтау келген суайрықтарында орналасқан.Облыста Ертіс өзені мен оның салалары суының өнеркәсіп пен халықты сумен қамтамасыз етуде үлкен маңызы бар.
3.Жерге орналастыруды жобалаудың қазіргі кездегі мазмұны
Жерге орналастыру жобалары көп түрлілігімен ерекшеленеді. Олардың мазмұны мен құру әдісі жерге орналастыру түрлерімен, шешетін мәселелерімен және формаларымен анықталады. Одан басқа жерге орналастыру жобасы жерді пайдалану қарқындылығына және ауылшаруашылығы өндірісінің даму қарқындылығының деңгейіне, аумағын орналастырудың кеңістік жағдайына, сала аралық масштабтағы қойылған мәселелеріне байланысты ерекшеленеді.
Жобалар жерге орналастыру түрлеріне сәйкес үлкен үш топқа бөлінеді: шаруашылық аралық, ішкі шаруашылық және учаскелік жерге орналастыру.
Жерге орналастыру объектісіне қарай шаруашылық аралық жерге орналастыру екі түр тармаққа бөлінеді:
- біреуі, ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдалануларын және жер иеліктерін құру, қайта құру, реттестіру және жетілдіру;
- екіншісі, әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға (өнеркәсіптік, азаматтық, энергетикалық, гидротехникалық және басқа құрылыстарды жүргізуге, қорғаныс, транспорт, байланыс, ғылым, мәдениет және т.с.с.) жер бөліп беруге байланысты. Екінші түр тармаққа жататын жерге орналастыру жобаларын ауылшаруашылығына жатпайтын кәсіпорындардың жер пайдалануларын және жер иеліктерін құру деп атайды.
Соңғы кезде шаруашылық аралық жерге орналастыруды тек екі түрге бөлу - оның объектілерінің түбегейлі жіктелмейтіндігіне назар аударылады. Мысалы, елді мекендердің шекараларын белгілеу, арнайы жер қорының жер массивтерін құру, әкімшілік-территориялық құрылымдардың шекараларын белгілеу, ерекше қорғалатын табиғи территориялардың жер массивтерін жер бетінде белгілеу және шекараларын бекіту жерге орналастыру іс-қимылдарының мазмұны және орындау әдістері жеке кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға жер бөліп беруге байланысты жерге орналастыру іс қимылдарынан ерекше. Сондықтан қазіргі кезде шаруашылық аралық жерге орналастыру алты түр тармаққа бөлінеді. Қазіргі кездегі шаруашылық аралық жерге орналастырудың құрылымы Шаруашылық аралық жерге орналастыру(ШАЖО) бір топ шаруашылықтардың, ал кейбір кезде бүкіл ауданның территориясында немесе жеке саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және т.с.с.) шеңберінде жүргізіледі. Нақтылы түрде шаруашылық аралық жерге орналастыру әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүдделерін олардың жер иеленулері мен жер пайдалануларын құру немесе қайта құру арқылы қанағаттандырып отырады.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру (ІШЖО) тек ауылшаруашылық кәсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің және шаруа (фермерлік) қожалықтардың (ШФҚ) шеңберінде ғана жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты жерді өңдеудің жаңа технологиясын енгізуге, топырақты әртүрлі техногендік және табиғи теріс ықпалдардан қорғауға, мәдени ландшафттарды жойылудан сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға қолайлы территориялық жағдай жасау.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі және суармалы егіншілік аймақтарында жобалау әдіс-тәсілдерінің әртүрлі болуымен байланысты.
Тәлімі егіншілік аймақтарында жер учаскелерінің пайдаланылуы топырақ қорғау жүйесін, эрозия (жел, су немесе олардың қосыла әсер етуі) қауіптілігін, жердің сортаңданғандығын және басқа да осы тәріздес теріс ықпалдарды ескере отырып ұйымдастырылады. Сонымен қатар басқа территориялардың да (аридтік және маусымдық жайылымдар) ерекшеліктері ескерілуі мүмкін.
Суармалы егіншілік дамыған аймақтардағы жерге орналастырудың ерешеліктері - ішкі шаруашылық территорияны реттестіруді суару және коллекторлық-дренаждық жүйелерінің, оның жеке элементтерінің орналасуымен, суды пайдалану мәселелерімен тығыз байланыста орындау.
4.Шарашылықтың мамандандырылуы
1. Өнеркәсібінің дамуы бағыты қандай?( Шығыс Қазақстан экономикасының дамуы Кенді Алтайға байланысты, пайдалы қазбалармен су қуаты ресурстары кешенді түрде игерілуде).
2. Шығыс Қазақстанның маманданған са-лалары қандай? ( Еліміздегі маңызды түсті металлургия орталығы. Негізгі салалары: қорғасын мырыш, энергияны көп қажет ететін титан,магний өндіру. Қазақстанда өндірілетін қорғасын-мырыштың 76% Зырян, Риддер, Өскемендегі өндірістері береді.
3. Шығыс Қазақстанда қандай өнеркәсібінің салааралық құрамы қандай? (ірі, орташа-80 кәсіпорындар жұмыс істеп, өнеркәсіп өнімінің 90% береді).
4.Ауданның металлургиясы үшін ОЭК маңызы қандай?( арзан электр қуаты ресурсының базасында дамуда. Ең ірі электр станцияларына:Шүлбі СЭС-і (702мың кВт); БұқтырмаСЭС-і(675мың кВт); Өскемен СЭС-і (334мың кВт) жатады. Сонымен бірге Ертіс өзенінің салаларында салынған кіші СЭС-лары бар. Бірнеше қалаларда ЖЭС жұмыс істеп, өзара жоғары вольтты желілермен жалғасып, қосымша СЭС-мен бірігіп, ірі Алтай энергиясы көршілес экономикалық аудандарға да беріледі).
5. Құрлыс материалдар өнеркәсібінің қандай салалары дамыған? ( а с п а п , конденсатор, тау-кен өндірісіне құрал-жабдықтар шығаратын машина жасау кәсіпорны, сонымен бірге күкірт қышқылын, лак, бояу, пластмасса өнімдерін шығаратын химия өнеркәсібі тығыз байланы-ста жұмыс істейді. Еліміздегі негізгі орман қоры-Шығыс Қазақстанда болғандықтан ағаш өңдеу, ағаш материал-дарын дайындаудан ІІ орын.)
6 . Г е о г р а ф и я л ы қ - аумақтық еңбек бөлінісінің нәтижесінде қандай өндіріс тораптары қалыптасты? (аймақта 4 өндіріс торап-тарымен орталықтарының Өскемен, Риддер, Зы-рян (түсті металдар өндіруге маманданған) және Семей (тамақ,жеңіл өнеркәсібі,машина жасау) базасын да қалыптасқан Кенді Алтай АӨК құрылды).
7.Ауданда ауыл- шаруашылығы қалай дамыған?-Аудан-еліміздегі ауыл-шаруашылығы жал-пы өнімін шығарудағы үлес салмағы 7% (2011ж) ет өнімінің 14%, сары майдың-6%, күнбағыс майының-55% береді.А-ш басты саласы мал шаруашылығы: ауыл- шаруашылық өнімдерінің 23 бөлігін береді.
8. Ауыл-шаруашылығының маманданған са-лалары қандай? биязы жүнді, қылшық жүнді қой, ірі қара жылқы, марал, бал арасын өсіру. Саланың дамуына кең көлемді далалар, тау етегіндегі жайылымдар қолайлы әсер етті.
Қылшық жүнді қой шаруашылығы Ертістің сол жағалауына, Зайсан қазаншұңқырында, ал биязы жүнді қой шаруашылығы Оңтүстік Алтай тау етегінде Сауыр Тарбағатай жо-таларында дамыған. Ірі қара шаруашылығы барлық жерде, әсіресе Алтай тауының етегінде, Сауыр, Тарбағатай жоталарында дамыған.Ауданның биік таулы аймағында ма-рал өсіріледі. Сонымен бірге жылқы өсіріледі, кейбір жерлері шошқа өсірумен шұғылданады. 9. Ауданда өсімдік шаруашылығы қалай дамуда?(Өсімдік шаруашылығы көп салалы.
Бидай,қыша,арпа,күнбағыс,бау-бақша өсімдіктері егіледі. Басты егін шаруашылығы- астық тұқымдастар. Негізгі егіс алқабы: Ертіс маңындағы далалық жерлер, Кенді Алтайдың тау алды, өзен аңғарлары, Қалба жотасы,Тарбағатай тауының етектері. Техникалық дақылдан-күнбағыстың маңызы зор.
Шығыс Қазақстан- Республикамызда күнбағыс өсіруден І орын.
8. Ауданда жеңіл-тамақ өнеркәсібінің қандай саласы дамыған? ауыл-шаруашылық өнімдерін өңдеу барысында ірі Семей өнеркәсіп торабы пайда болды, жетекші кәсіпорындарына ет ком-бинаты, онымен байланыстағы былғары-тері комбинаты жатады, үлес салмағы-73%-астам.
9. Экологиясының қауіптілігі ? -Ең қолайсыз жерлері-Өскемен, Риддер,Зырян-түсті метал-лургия орталықтары ауаны ластайтын заттар шығарады. Ауа бассейндерінің ластануы бойын-ша аудан-Алматы,Оңтүстік Қазақстаннан кейінгі ІІІ орында, ал өзен-көл суларының қалдық затта-рымен ластауынан І орында.

Шығыс Қазақстан табиғи ресурстарының молдығы жөнінен елімізде алдыңғы орында. Мұнда полиметалл кені XVIII ғасырдан бері өндірілуде. Полиметаллдың негізгі құрамы - қорғасын, мырыш және мыс. Кенді Алтайда полметалдың Риддер, Зырян, Белоусов, Тишинск, Верхне-Березовск, Быструшинск, Андреев т.б. кен орындары бар. Кенді Алтай деп түсті және сирек кездесетін металдардың молдығына байланысты аталған. Полиметалдан басқа алтын, күміс, кадмий, сурьма, темір, күкірт, молибден, висмут, индий, талий, селен, телур, сынап, т.б. металдар да кездеседі. Оңтүстік Алтай мен Қалба жотасында қалайы, вольфрам, ванадий кен орындары бар. Алтын өндіруден Семей өңіріндегі Бақыршық, Боко, Октябрь кен орындары белгілі.
Шығыс Қазақстан - әлемнің кенге бай аймағының бірі. Аудан аумағында жалпы мемлекеттік қорғасын қорының 26,1%-ы, мырыштың 45,8%-ы, мыстың 47,9%-ы, алтынның 52,2%, титанның 37,1%-ы, танталь кенінің 59%-ы шоғырланған.
Шығыс Қазақстанның негізгі байлығының бірі - су энергетикалық ресурсы, республикадағы су қорының 50%-ы осы ауданның үлесіне тиеді. Энергетикалық ресурс ретінде Ертіс, оның таудан құлап ағатын Үлбі, Бұқтырма, Күршім салалары және Нарым өзендері көзге түседі. Ағысы қатты, тасқынды өзендер су энергетикасын алуға қолайлы. Аудан аумағында Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл сияқты тұщы көлдер бар. Аталған көлдердің маңы халықтың демалатын орны - рекреациялық аумақ. Көлдердің балық аулау шаруашылығында да маңызы зор. Мұнда балықтың 20-дан астам түрлері: сүйрік, албырт, сазан, табан, аққайраң, алабұға, шортан т.б. кездеседі. Сондай - ақ бұл ауданда теңіз деңгейінен 1 449 м биіктіктен ауданы 449 км2, тереңдігі 30 м, табиғаты өте әсем Марқакөл орналасқан. Оның маңында құрамы жөнінен Грузияның Цхалтуба және Батыс Сібірдің Белокурихасына ұқсас радиоактивті бұлақ - Рахманов көлі бар. Ауданның солтүстік - батысындағы көлдер тұзды және онша терең емес, ал тау қазаншұңқырларындағы көлдер терең және тұщы болып келеді.
Орманның 40%-ы осы ауданда. Сондықтан да орман шаруашылығы бойынша республикада жетекші орында тұр. Шығыс Қазақстан құрылыс материалдарына да бай. Семей қаласы маңында Суықбұлақ станциясында цемент шикізаты әктас, ал Ауыл станциясы маңында гипс, құрылыста пайдаланылатын тастар кездеседі.
Шығыс Қазақстан еліміздегі түсті металл кен орындарын игерудің бастамасы XVIII ғасырда жүзеге аса бастады. Кен өнеркәсібімен бірге мұнда ХІХ ғасырдың соңында ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін салалар қалыптасты. Теміржол мен автомобиль жолының салынуы, пайдалы қазбаларды өндіру, су энергетикалық ресурсын және ауыл шаруашылығы жерін игеру қарқынды жүрді. Бұл Шығыс Қазақстанға еліміздің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы дамыған ауданының біріне айналуына мүмкіндік береді.
Аудан шаруашылығында түсті металлургия өнеркәсібі жетекші орын алады. Мұнда түсті металдарды өндіру және байытудан бастап, оларды металлургиялық қорыту, қорғасын, мырыш, мыс, кадмий, т.б. таза металдары бөліп алу сатыларына дейін жүзеге асады. Шығыс Қазақстанда түсті металдардың 32 түрі өндіріліп, оның 17-сі өңделеді.
Түсті металлургияның, әсіресе қорғасын, мырыш, титан мен магний сияқты энергияны көп қажет ететін металдар өндіріс ауданның маманданған саласы. Түсті металлургияның осы бағытта мамандануы мұнда металдардың көптеген түрлерінің және энергетика базасының болуына, сондай - ақ олардың бір-біріне жақын орналасу ерекшелігіне байланысты.
Полиметалл өнеркәсібі - түсті металлургияның басты саласы. Полиметалдың құрамында әр түрлі қосындылары бар, олар жеке-жеке зауыттарда қорытылып алынады.
Өскемен қорғасын - мырыш, Риддер полиметалл комбинаттары сияқты ірі кәсіпорындар бар. Аудан кәсіпорындары өзіне қажетті шикізаттың 50-60%-мен қамтамасыз етілген.
Комбинаттың Өскеменде салынуы - мол шикізат базасының, арзан су электр энергетикасының, кәсіпорын салуға ыңғайлы жер бедерінің, сондай - ақ қолайлы байланыс жолдарының болуымен байланысты. Комбинат қорғасын және мырышпен бірге алтын, күміс, кадмий, талий т.б. металдар балқытады.
Зырян қорғасын комбинаты түсті металлургиясының ірі кәсіпорны болып табылады. Осы аудандағы қорғасын, мырыш және мыс өндірумен "Қазақмырыш" және "Қазақмыс" корпарациялары айналысады.
6.Жерге орналастыруды жобалау үшін топографиялық негізі
Топография -- жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде жоспарға және ірі масштабты картаға (1:100000 масштабқа дейін) түсіру, әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым. Бұған көзбен өлшеу, бұрыш өлшеу, мензульдық, тахеометриялық немесе алыстан өлшеу сьемкалары жатады. Таулы жерлерде фотограмметрия қолданылады.
Топография жер бетін зерттеуде физика және экономика, географияға, ал жер бетін топографиялық түсіруде (топографиялық карта жасауда) геодезия мен картография ғылымдарына сүйенеді. Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен планның немесе картаның масштабына байланысты болады.
Масштабы кішірейген сайын картаның жер беті элементтерін сұрыптау және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картаға географиялық тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды рөл атқарады. Әскери істегі Топография - тактикалық және оперативтік мақсаттар үшін жергілікті жердің ерекшеліктерін зерттейтін әскери ғылым саласы. Кейінгі кезде жерді план не картаға түсірерде аэросьемка немесе аэрограмметрия деп аталатын фотографиялық сьемкалар қолданылады.
7.Жер телімдерінің аудандарын анықтау
Жер пайдаланудың есептік ауданын анықтауда нақты табиғи-экономикалық аймақ және шаруашылықтың өндірістік типіне байланысты ғылыми мекемелердің ұсыныстары қолданылады. Бұндай ұсыныстарда әрбір аймақ бойынша, шаруашылықтың өндірістік типіне қарай жер пайдаланудың ұтымды аудандары ұсынылады.
Сонымен қатар жер пайдаланудың тиімді мөлшерін анықтауда аналогтар (ұқсастық) әдісі қолданылады. Ұқсастық әдісінің мәні жер пайдаланудың ауданын басқа, сондай табиғи экономикалық аймақта орналасқан және сондай өндірістік типті жоғары тиімді шаруашылықтардың жер пайдалануының мөлшеріне сай белгілеу.
Бұған қосымша, қабылданған жобалық шешімдерді толығырақ негіздеу үшін экономикалық-статистикалық әдіс қолданылады. Бұл әдістің мәні: шаруашылықтарды статистикалық талдауға салу арқылы ең қолайлы жер иеленушілік ауданы таңдалады. Жер иеленушіліктер олардың аудандарына қарай топтастырылып, әрбір топқа енген шаруашылықтардың экономикалық көрсеткіштерін салыстырып, мақсатқа сай жер пайдаланулардың көлемі айқындалады. Жалпы және тауарлы өнімі бір гектар га. шаққанда ең мол болған шаруашылықтың жер пайдалануының мөлшері орынды (рационалды) болып табылады.
Аталған әдістер арқылы жер пайдалануының ауданы жуық шамамен белгіленеді. Ал оның нақты ауданын табу үшін жерге орналастыру тәжірибесінде басқа бір қатар әдістер пайдаланылады. Оның ішінде баланс, нормативтік, факторлық және т.б. әдістер.
Жерге орналастыруда аса кең тараған әдіс - есептік-конструктивтік әдіс. Оның мәні бірнеше нұсқалардың әртүрлі көрсеткіштерін талдауға салу.
Қазіргі уақытта экономика-математикалық әдіс қолданып жүр. Компьютерлік технологияның және есептеу техникасының дамуына байланысты бұл өте перспективалы бағыт болып келеді.
Аналогтар тәсілі экономикалық-статистикалық тәсілмен толықтырылады. Статистикалық топтау арқылы ауыл шаруашылық алқаптарының көлемі әртүрлі шаруашылықтар кейбір көрсеткіштер (тауарлық өнімнің мөлшері және шығынды қайтару) бойынша топталу арқылы салыстырылады. Жер ауданының бірлігіне келетін тауарлық өнімнің мөлшері ең көп және шығынды қайтару мерзімі неғұрлым қысқа шаруашылықтардың көлемдері тиімді деп саналады. Бұл тәсілдердің дәлдігі төмен.
Баланс тәсілі мал азығының қажеттілігі, жасыл конвейердің, ауыл шаруашылық дақылдары егістерінің көлемінің, егістіктің құрылымын есептегенде қолданылады.
Есептеу-конструктивтік тәсілі, әртүрлі варианттарды салыстыру арқылы орындалады. Тиімді жер пайдаланудың ауданы варианттарды талдауда салыстыру принципін бұзбай, критерий ретінде 1 ірі қара мал (ІҚМ) келетін шартты кадастрлық егістің мөлшерін пайдалану арқылы анықталады. Бұл -ыңғайлы тәсілдердің бірі. Критерий ретінде алынған шартты кадастрлық егістің мөлшері:
9.Ауыспалы егісті ұйымдастыру және орналастыру
Ауыспалы егіс - топырақ құнарын сақтау және арттыру, тұрақты мол өнім алу мақсатында дақылдарды және танаптарды алмастырып отыру жүйесі. Ауыспалы егістің б.з.б. қолданылуы туралы мәліметтер Рим шежірелері (Катон, Варрон, Вергилий, т.б.) арқылы жеткен. Қазақстанда қара топырақты, ылғалдылығы жеткілікті аймақтарда 5 танапты және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz