Оқушыға арналған көрнекі құралдар
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдістерін қолдану
0.1 Ағылшын тілін оқытуда көрнекі құралдарды пайдаланудың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
0.2 Ағылшын тілін оқытуда көрнекі құралдарды қолданудың теориялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.Ағылшын тілін оқытудағы көрнекі құралдардың рөлі
2.1. Оқушыға арналған көрнекі құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Оқытушыға арналған көрнекі құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3. Ағылшын тілін игеруде көрнекілік принципін қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ..28
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Н. Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" туралы Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін баса айтқан болатын. Бұл орайда оқушылардың да танымдық белсенділігін дамытуда көрнекі құралдардың маңызы ерекше көңіл бөлген жөн.
Педагогикадағы дидактикалық тәсілдің бірі - көрнекілік әдісі. Көрнекілік- оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы болып табылады. Адам баласы өзін қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы сезініп,түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі - көру болып табылады.
Көру арқылы қабылданған ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталатынын ескерсек, кейбір заттарды тіпті көрнекіліксіз есте сақтау мүмкін емес. Сондықтан оқытудың алтын ережесі: көрініп тұрған заттарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмін таттыру. Көрнекілік арқылы оқушылардың қоршаған орта мен өмір құбылысын және заттарды салыстыра отырып ойлап, қабылдау арқылы оқушылардың сана-сезімі қалыптасады, мәселені түйсіну деңгейі артады. Көрнекілік әдіс - барлық пәнде сабақ сайын қолданылатын әдіс болып табылады. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
* ағылшын тілін оқытуда көрнекі әдісін пайдаланудың түрлерін;
* ағылшын тілін оқытуда көрнекі құралдарды қолданудың теориялық ерекшеліктерін;
* ағылшын тілін игеруде көрнекілік принципін қолданудың маңызың;
* оқушылардың таным-белсенділігін деңгейіне қарай топтастырылған әдістер негізінде көрнекіліктердің қолдануын үйрене отырып,
* ағылшын тіліндегі оқытудағы көрнекілік әдісінің рөлін;
* көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігін;
* көрнекілікті сабақтың керек сәтінде пайдалануын;
* оқушы мен оқытушының көрнекі құралдарын айқындап, ажырата білу.
Зерттеу объектісі: №212 мектеп-лицейінің 5 А сынып оқушылары.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмысы барысы кіріспеден, 3 бөлімнен, жалпы қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Күтілетін нәтиже: Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты болдатыны анық. Курстық жұмыстың қойылған мақсаттар тұрғысында техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл бөліп, оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуін, қатесіз оқып, жазуын қалаймын. Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен де өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды және оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасауға тырысамын.
1.Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдістерін қолдану.
0.3 Ағылшын тілін оқытуда көрнекі құралдарды пайдаланудың түрлері
Ағылшын тілін үйретуде ең жиі және ең нәтижелі әдіс-тәсілдің бірі көрнекілік әдісі болып саналады. Көрнекілік - оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.
"Көрнекі құрал" ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде түрліше сипатталуда. "Көрнекілік" терминінің түбірі "көру" етістігінен шықса да, қазіргі уақытта ол түрліше сезім мүшелері арқылы санаға әсер ету керектігін білдіреді.
Ұлы Абай өзінің шығармаларында ақыл -ойды дамытып, шын ғылыми білім алудың қажеттілігін, ол үшін ойлау, зейін, ес, мінез-құлық, ерік-жігер, қиял сияқты психикалық процестерді дамыту керек екендігін ашық көрсетеді. Мәселен "Адам баласы... көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады" - деген дана ойы көрнекі құралдардың маңыздылығын нақты айқын көрсетеді.
Сондықтан сабақ үрдісінде баланың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар мен әдістерді, көрнекілік заттар және өмір фактілерін пайдалану оқушының дұрыс ойлау қабілетін арттыруға көмегін тигізеді.
Оқушылардың ойлау қабілеті жан-жақты толысып, пісіп жетілуіне, алдағы өміріне қажетті білімнің, біліктің, дағдылардың берік негізін дамытуда көрнекі құралдың алатын орны ерекше.
Сабақ үрдісінде, әсіресе орта сыныптарда әртүрлі көрнекіліктерді қолдану оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыра түседі. Көрнекіліктің түрлерін қолдануда мұғалім оқушының танымын арттыру мақсатында дамыта оқыту үрдісімен ұштастыра жүзеге асырса нәтижесі анағұрлым жақсы болады. Көрнекілікті қолдану аясына қарай төмендегідей түрлерге бөлуге болады.
Көрнекі құралдар
Табиғи динамикалық бейнелеуші символикалық техникалық-
көрнекіліктер
Табиғи көрнекілік: коллекциядағы кептірілген өсімдіктер, хайуанаттар мен құстардың тұлыбы, минералдар және тағы басқалар жатады.
Заттар және бейнелеу көрнекілігі: оқу картиналары, муляж, геометриялық фигуралар, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, көркем суреттер, жер бетінің бедері тағы басқалар.
Символикалық көрнекілік: сызбанұсқалар, мәтіндік, сандық кестелер, карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Мысалы, кестенің бірнеше түрлері бар. Олар: хронологиялық, синхрондық, тақырыптық, графикалық кестелер тағы басқалар.
Техникалық-динамикалық көрнекілік: шындық дүниені бейнелейді. Олар: диапозитивтер, диафильмдер, эпипреакциялар, оқу киносы, оқу теледидары.
Бүгінгі күнде ағылшын тілін оқытудаға көрнекілік ұстанымы мәселелерімен көптеген ғалымдар шұғылдануда. Соның ішінде Ю.И.Бабанский, А.И.Зильберштейн, Э.К.Мингазов, И.Т.Огородников және т.б.
Л.В.Занков көрнекі құралдардың пайдаланудың төрт түрін көрсетеді:
1. Мұғалім сөздің көмегімен көріп отырған нысанды байқау және талдау ісін басқарады, ал нысанның мазмұны туралы білімді, оған тән қасиеттері мен оның ерекшеліктерін оқушылар көріп отырған нысанның өзінен оның мазмұнын байқау және талдау арқылы білетін болады;
2. Мұғалім сөздің көмегімен көріп отырған нысандарды оқушылардың байқауы негізінде және олардың бұрыннан білетіндеріне сүйеніп, құбылыстардың елеулі байланыстарын айыра білуіне көмектеседі;
3. Көрнекі құралдың мазмұнын оқушылар мұғалімнің ауызша түсіндіру арқылы біледі де, ал көрнекі құрал сол айтқандарын айқындай немесе нақтылай түседі;
4. Мұғалім оқушылардың байқағандары бойынша олардың айтқандарын жинақтап, қорытынды жасайды.
Мектепте көрнекіліктің сан аулуан түрі бар. Көрнекілік принципі ағылшын тілін оқытуда мұғалімнің әр түрлі көрнекі оқу құралдары мен оқытудың аудио визуалдық, техникалық құралдарын, кітаптар, карталар, таблицалар, және басқа да грамматикалық көмекші кітапша сөздіктер, апликация, диафильмдер, диапозивтер, кинофрагменттер, дыбыс таспасы, лингофондық практикум, таблицалар және т.б. Ал, көмекші құралдарына келер болсақ мұғалім үшін әдістемелік, дидактикалық, педагогикалық әдебиеттерді, журналдарды қоса алуға болады.
Байқағандарыңыздай, оқыту құралының іс-қағаздары өте кең және ары қарай кеңейуі мүмкін.
Көрнекілікті қолдануда мұғалім төмендегідей шарттарды ескергені жөн. Мұнда:
-оқу бөлмелерінің толық жабдықталуы; қажетті құралдың білім беру мен оқыту аясында өзіндік мүмкіндіктерінің жүзеге асырылуы;
- оқу-тәрбие жүйесінің барлық салаларының кіріктірушілік, үйлесімділік және кешендік мүмкіндіктерін ескерту;
- оқытушы мен оқушының қазіргі кездегі оқыту әдістерін пайдалану барысында өзара қарым-қатынастарын ескеру.
Орта сынып оқушыларына оқу - тәрбие үрдісінде көрнекі құралдарды қолдана отырып, оқыту барысында дидактикалық құрылымдар мен тәрбиелік бағыттарын сабақ мазмұнына орай анықтайды.
Көрнекілік құралдарды оқыту мен тәрбие беру барысында қолдану төмендегідей қызметтерді қалыптастырады. Мұнда:
1. оқушының жеке сезім - күйіне әсер етеді (яғни, таныммен, ғылыммен, өнермен байланыс жасауы мен тұрақтандырушылық қызметі);
2. ақпаратты меңгеруді жеңілдетеді (яғни, ақпаратпен танысушылық қызметі);
3. объекті жөніндегі ақпаратты белгілі шамаға дейін ұғынуға мүмкіндік береді (сананы қалыптастырудағы көрнекілік қызметі);
4. іскерлік пен дағдының қалыптасуына үлес қосады (жаттықтыру қызметі);
5. оқу -- тәрбие жұмыстарының нәтижесін бақылауға үлес қосады (бақылау мен бағалау қызметі);
Көрнекі құралдарды оқыту процесінде жүйелі түрде қолдану функциялары сабақтың мазмұны мен мұғалімнің сабақ беру әдіс-тәсілдеріне байланысты. Сондай әдістердің ең неізгілерінің бірі - оқушылардың байқау-көру қабілетін дамыту үшін сабақта қолданылатын көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану. Мысалы: 5-ші сыныптарда көрнекі құрал ретінде заттың өзін пайдаланған тиімді. Бұл оқушылардың қабылдауына жеңіл болып, олардың сабаққа деген белсенділігін арттырады.
Ең негізгісі көрнекі құралдар қазіргі заманғы талаптарға сай болу керек. Мұнда көрнекі құралдарға төсендегідей талаптар қойылады:
1.Көрнекі құралдардағы суреттер, жазулар сынып оқушыларына толық көрінетін болуы керек.
2. Әрбір көрнекі құрал өтілетін тақырыпқа арналған, оның мазмұнын ашатын болуы тиіс.
3.Көрнекі құрал тартымды безендірілген, бояулары айқын болғаны жөн.
4.Көрнекі құралға оқушы назарын ерекше аудартуға арналған мәтін, сурет ерекше бояумен берілуі керек.
5.Көрнекі құралда бір мәселенің қайталануынан сақ болу керек.
6.Көрнекі құралда жүйелілік, хронологиялық реттің сақталуын қатты қадағалау.
7.Көрнекі құралда берілген әрбір мысал тексерілген, дау тудырмайтын, түсінікті, өтіліп отырған материалды дәлелдеуге көмектесетін болуы керек.
8. Мүмкіндігінше көрнекі құрал өтілейін деп отырған материалды толық қамтитындай болғаны жөн.
9. Көрнекі құралды сыныпта пайдаланғанда уақыт көп кетпейтіндей етіп жасау (іліп қою, алу, қайта пайдалану).
Көрнекі құралдарды қолдану кезінде оны жасау мен ұйымдастыру ең бірінші дидактикалық негіздерге және оны қолдана білу аумағын білу керек. Сабақ барысында қолданатын көрнекі құралдар қолдануға қолайлы, тиімді, әрі негізгі қағидаттарды ескере отырып жасалған болу шарт. Бұл орайда төмендегідей қажеттіліктер мен сәйкестіктерді ескерген жөн.
1. Дидактикалық, техникалық және экономикалық қажеттіліктерін қарастыру.
2. Оқу бағдарламасына сәйкес келуі.
3. Ғылыми техникалық қазіргі заман дамуына сәйкестендіріліп жасалу сәйкестігі
4. Дидактикалық материалдар жүйесі ақпараттарды беру үшін оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру және бақылау жұмыстары білімділік іс-әрекеттерін қалыптастыруға сейкес болу қажет.
5. Көрнекілік жасаудың негізгі принциптеріне сәйкес келуі. Яғни, оқытудың ерекшелігіне, өтілетін тақырыптың мазмұнына, жаңашылдығына, қолданатын әдістер мен оқыту формасына сәйкес келу керек.
6. Қолданатын көрнекі құралдар оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың қабілеттерін танымдық процесі арқылы дамытуға әсер етуге тиіс. Бұл орайда оқыту процесі кезінде көрнекі құралдар оқушыларға жеке-жеке көмек көрсетуге арналса, ұжымдық оқыту кезінде жақсы көрінетіндей етіп әр элементтерді слайдтар арқылы демонстрация жасау керек. Оқушылар жұмыс жасайтын орын кең әрі жұмыс жасауға қолайлы болуы тиіс.
7. Оқушы мен оқытушы бір-бірімен еркін жұмыс жасай алуы керек. Жұмыс жасайтын орын эстетикалық және гигиеналық талаптарға сәйкес келуі қажет.
8. Мұғалім мен оқушы еңбегін ұйымдастыру кезінде ғылыми және шығармашылық жұмыспен қамтамасыз етілуі тиіс.
9. Қолданылатын дидактикалық материалдар тиімді және максималдық педагогикалық талаптарға сәйкес болуы керек.
Сонымен қатар көрнекі құралдарды құрастырғанда төмендегідей сапасын анықтайтын басты өлшемдерді ескере отырып жасайды:
1. көрнекі құралдардың мазмұндық өлшемдері;
2. әдістемелік өлшемдері;
3. эргономикалық өлшемдері;
4. техникалық-экономикалық өлшемдері.
Мектептегі оқу үрдісінде оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің әлеуметтік рөлі бұрынғыдан да арта түсуде. Қайта құрудың басты тұтқасы - адам, ал оның белсенді өмірлік айқындамасын қалыптастыру мектептен басталады.
Жеке пәндер бойынша, әсіресе бағдарламада көрсетілген кейбір қиын материалдарды немесе олардың тарауларын өткенде ғылыми тұрғыдан іздену мен әдістемелік талдаулар жасау арқылы ғана оқыту әдістерін жетілдіруге болады.
Педагогикада ең негізгі мәселелердің бірі болып қолданылатын көрнекілік және дидактикалық материалдарды оқу процесінде тиімді қолдану мәселесі ерекше рол атқарады. Бұл мәселені шешу үшін, педагогикалық ұжымдарда және оқу орындарында, ғылыми конференцияларда қарастырған жөн. Оның маңызы мен мазмұны ерекше болып табылады.
Қазіргі заманда тәжірибелік жобаларда көрнекі құралдарды дайыңдау үшін үлкен жүйелі жол жасалады. Бұл жерде көрнекі құралдарының мазмұны, формасы және оқыту әдісі байланыстырылып қолданылады. Осының бәрін кешенді қамтамасыз ету үшін оқу бағдарламаларында көрнекі құралдарды сабақта кезеңмен қолдануы кезінде оқыту үрдісінің маңыздылығын, сапасын арттырады.
5.2. Ағылшын тілін оқытуда көрнекі құралдарды қолданудың теориялық ерекшеліктері.
Ағылшын тілін үйретудің маңызды қайнар көзі көрнекілік әдісі әрі көрнекілі құралдар болып табылады. Көрнекілік оқушыларға нақты бейнелі түсінік беруідің бірден бір шарты. Қазақ совет энцеклопедиясында Көрнекілік оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр сипатын сезім мүшлері арқылы байқауға, қабылдауға баулитын дидактикалық ұстаным деп қаралған.
Көрнекіліктің нәтижесінде қоршаған орта қмір процесін және заттарды қабылдау арқылы оқушылардың түйсігі қалыптасады.
Көрнекілік оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін де қолданылады.
Көрнекілік бертін келе оқу пәндерінің мазмұнына бейімделіп дидактика мен методикадағы оқытудың негізгі ұстанымдарының бірі ретінде қалыптасқан. Көрнекіліктің үлгілерін пайдалануға қазақтың ұлы ағартушы педагог-ғалымы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген.
Қазіргі оқу жүйесінде заттай жанды, жансыз табиғат нысандарын байқаудың, сурет, өрнек, көркем туындыларын, графикалық материалдарды пайдаланудың мәні зор. Олар пәнге деген қызығушылықты, белсенділікті арттырып қана қоймай, психологиялық тұрғыдан алғанда оқущыларды енжарлықтан айықтырып, өз бетімен білім сапасын арттыруға, білім алуға құлшыныс, жігерлендіру сезімдерін оятады.
Көрнекілік қағидасы алғаш рет ұлы педагог және ойшыл Я.А.Коменскиймен айтылды. Оқытуда көрнекілікті қолданудың негізін салушы Коменский, ХVII ғасырдың өзінде айқындаушы дидактикалық қағидалар ретінде ізгілік, табиғатпен тектестік және сенсуализм қағидаларын атады. Балаларды оқытуда ол сезімдік әсерленуді таным көзі деп есептей отырып, ...мүмкін болатындардың барлығын сезімдермен қабылдауға шақырды.
XIX ғасырдағы атақты орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің педагогикалық жүейсінде көрнекілікті оқытуда қолдану ана тілін оқытумен органикалық түрде байланысты. Көрнекі оқыту туралы идеяны дамыта отырып, Ушинский мұғалімнің жетекшілігімен ...баланың түйсігі ұғымға айналсын, ұғымнан ой құралсын, ал ой сөзге айналатындай пән тікелей қабылдануы тиіс деп санады. Басқаша айтқанда, көрнекіліктің басты мақсаты, Ресей ғылыми педагогикасының негізін салушылардың пікірінше, байқампаздықты, қисындылықты нығайту және өз байқауларын сөздермен дұрыс айта білуу және олардан қисынды тұжырымдар жасауда тұр. Бұдан басқа, К.А.Ушинский көрнекілікті сөз дарынын дамыту үдерісінде балалардың өз бетіншілігін арттырудың ең жақсы құралы ретінде қарастырды. Осылайщы, өткен заманның ұлы ғалымдары оқушылардың көрнекілік-сезімдік оқуы баланың психологиялық-физиологиялық әлеуетін барынша жүзеге асыруды ескере отырып, оны кешенді дамытуға мүмкіндік жасайтын тиімді құрал болып табылады деп меңзеді.
Ағылшын тілінде сөйлесуге оқыту проблемасына арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу көрнекілік-сезімдік оқыту біздің кезімізде де өзінің өзектілігін жоғалтпағандығын дәлелдейді.
Ағылшын тіліне оқытудың жалпы психологиясы мен педагогикасы саласындағы көптеген отандық зерттеушілердің күш салуымен ағылшын тілінде сөйлеуге оқытуда көрнекіліктің маңыздылығы айқындалды; көрнекі-сезімдік бейне құру тетігінің психологиялық табиғаты мен тетігі, осы бейненің ұғыммен байланысты, көрнекілік түрлері, олардың қолдану ерекшеліктері мен оқытудың (ағылшын тіліне) түрлі мақсаттары, сатылары мен тәсілдеріне тәуелдігіне қарай байланыстары анықталды. Шет тіліне оқытудың әдістемесінде көрнекілік деп тілдік және экстралингвистикалық материалды түсіндіруді жеңілдету, игеру және сөйлеу қызметінде қолдану мақсатында арнайы ұйымдастырылған көрсетілім түсініледі. Ағылшын тіліне оқыту кезінде материалды көрнекілікпен ұсынудың құндылығы мына мүмкіндіктермен тұжырымдалады:
* Оқушылардың психикалық белсенділігін жұмылдыру;
* Тіл сабақтарына қызығушылықты ояту;
* Еркін зейінді еркіндіктен кейінгіге ауыстыру;
* Еңсерілетін материалдың көлемін кеңейту;
* Шаршауды азайту;
* Оқушылардың шығармашылық қиялдарын жаттықтыру.
Бұдан шығатыны, ағылшын тілінде сөйлеуге оқытуда түрлі көрнекілік құралдарды қолдануда ағылшын тілінің мұғалімі, ең алдымен, баланың сезімін ойлау қызметіне тартуы және оның сезімдік әсерлері ұғымдарда айналуына ықпал етуі тиіс.
И.А.Зимняя көрнекі құралдарды қолдану мақсаттарының оқушыларға тілдік білімді хабарлауда және оларда түрлі дағдылары сөйлеу икемдіілктерінің өзін қалыптастыруда шет тілі мұғалімінің алдында тұрған міндеттерге тәуелді екендігін анықтайды. Білімді хабарлауда көрнекіліктің екі түрі де мына мақсаттарда қолданылады:
1) Семантизация (тілдік бірліктер мен тілдік ережелердің ұғымдық, семантикалық-мағыналық жақтарын ашу);
2) Ақиқаттың вербалды және көрнекі-сезімдік бейнесі арасында берік байланыс орнату арқылы есте сақтауды ұйымдастыру.

2.1. Оқушыға арналған көрнекі құралдар
Айтып өткенімдей, ағылшын тілін үйретудегі маңызды қайнар көзі көрнекілік құрал болып табылады. Бүгінгі күнде де ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік ұстанымы мәселелерімен ғалымдар шұғылдануда. Соның ішінде Ю.И.Бабанский, А.И. Зилберштейн, Э.К.Мингазов, И.Т.Огородников және т.б. Мұғалімге арналған кітапта оқу тәрбие үдерісінде берілген компонеттердің нақтылы тапсырмалардың шешімі қолданылады.
Оқу үдерісіндегі ұйымдастырудың негізгі формасы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz