Адам және азаматтың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢТАНУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
Тақырыбы: АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Орындаған: Мамыр А.
Тобы: ЮМ 10-1к2
Қабылдаған: Мейркулова Г.
Шымкент 2012ж.
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Саяси құқықтар мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
2. Сайлау күжаттарын, рефереццум күжаттарын бүрмалау немесе дауыстарды қате есептеу
III. Қорытынды
АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Тәуелсіз Қазакстан мемлекетінің басты міндетгерінің бірі өз азаматтарының бостандыктары мен занды құқықтарын ба-рынша қорғау болып табылады. Қазақстан мемлекеті адам кұқыктары жөніндегі халықаралык нормаларды толық куатгай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметгік және басқа да құқыктарының Қазакстан Республикасының Конституциясында толық; . жан-жақты көрініс табуы болып табылады.
Қазакстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құкықтары мен бостандыктары деп белгіленген. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құкықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, зандар мен езге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған карай анықталады делінген Конституцияның 1, 2-тар-мағында Яғни "Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндетгер атқарады" (Конституцияның 12-бабының 3-тармағы) . Адамньщ және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы баска адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялык құрылыс пен қоғамдық имандылықка нұқсан келтірмеуге тиіс (5-тармақ) .
Конституцияның ІІ-бөлімі адам және азамат, оның кұкығы, бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзкарасына тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандыктар тендігіне кепілдік бері-леді (14-баптың 2-тармағы) . Конституцияда адам және азамат-тык туралы арнайы тарау бар. Азаматгық құкык пен бостандыкка; саяси Кұкықтар мен бостандықтарға; экономикалык және өлеуметтік құқықтарға Қазақстан Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын корғауды кылмыстық заң өзінің басты міндетгерінің бірі деп санайды (1-бап) .
Азамаітардың саяси, әлеуметтік және баска да құқыктарына карсы кылмыстык жауаптылық нормалары Қылмыстык кодекстің төртінші тарауында көрсетілген. Бұл қылмыстык заң нормалары азаматтардын конституциялық осы құқыктары мен бостандыктарын қорғауда аса маңызды роль атқарады.
Айтылып отырған кылмыстың; топтық объектісі болып азаматтардың конституциялык құқықтары мен бостандыктары саналады.
Қылмыстардьщ осы тобы қылмыстың тікелей объектісіне сәйкес және азаматтардың құқыктары мең бостандыктарының мөніне карай, мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
Саяси кұкыктар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар: аза-матгардың тең құқықтылығын бұзу (141-бап) ; сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау (146-бап) ; сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есбптеу (147-бап) ; журналистің занды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру (155-бап) ; жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау (151-бап) ; ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу (153-бап) ; коғамдық бірлестіктердің кызметіне ке-дергі жасау (150-бап) .
Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалык құқықтары мен бостандыктарына қарсы кылмыстар: еңбек туралы зандарды бұзу (148-бап) ; еңбекті қорғау ережелерін бұзу (152-бап), .
Жеке құқыктар мен бостандықтарға қарсы кылмыстар: жеке өмірге қол сұғылмаушылыкты бұзу (142-бап) ; хат жазысу, те-лефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге _хабарлар құпиясын заңсыз бұзу (143-бап) ; дәрігерлік кұпияны жария ету (144-бап) ; тұрғын үйге қол сұғылмаушылыкты бұзу (145-бап) ; азаматқа ақпарат беруден бас тарту (154-бап) ; ар-ождан және діни наным бостандығы күкығын жүзеге асыруға кедергі жасау (149-бап) .
Саяси құқықтар мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
Азаматтардын тен күкыктылыгын бүзу (141-бап) . Қылмыстың тікелей объектісі Қазакстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 1-тармағыйда көрсетілген тегіне, әлеуметгік, лауазымдык және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тгліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықгы жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды деген кағида болып табылады.
Қылмыстың қосымшатікелей объектісі адамдардың денсаулығы немесе бостандығы болуы мүмкін. Қылмыстын жәбірленушісі конституциялық тең құкықтылығы заңсыз бұзылған Қазакстан Республикасының азаматтары, сондай-ак шетелдіктер мен азаматгығы жоқ адамдар Конституцияда, Зандарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматгар үшін белгі-ленген құкықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады (12-баптың 4-тармағы) .
Қылмыс объективтік жағынан адамның (азаматтың) кұқықтары мен бостаңдыктарын тегі, әлеуметгік, лауазымдык немесе мүліктік жағдайы, жынысы, нөсілі, үлты, тілі, дінге көзкарасы, сенімі, тұрғылықты жері, қоғамдық бірлестіктерге катыстылығы себептермен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тікелей немесе жанама шектеу арқылы жүзеге асы-рылады. Керсетілген құқықтар мен бостандыктарды тікелей шектеу деп азаматгың (адамның) конститудиялық кұкықтары мен бостандықтарын ашық түрде оның белгілі бір ұлтка, дінге, нәсілге жататындығына немесе басқадай белгілеріне байланыс-ты бұзу (жұмысқа алуға кедергі қою, қоғамдык, келікті үлтына, тгліне байланысты пайдалануға кедергі жасау, тұрғын үй беру-ден шектеу, белгілі бір аумақта көрсетілген белгілерге байла-нысты тұруға тыйым салу т. б. әрекетгер жатады) . Көрсетілген белгілер бойынша жанама түрде шектеуге азаматтардың жа-лақысын кеміту, мамандығы немесе тиісті кәсібі бойынша еңбек етуіне жол бермеу, көрсетілген белгілер бойынша оларды үнемі мінеу, сынау, олардың өз ойларын, пікірлерін айтуына жол бермеу немесе баскадай түрдегі әртүрлі кемсітулер жатады.
Қылмыс құрамы формальдық. Ол осы занда белгіленген тең құқыктылықтар мен бостандықтарды тікелей немесе жанама шектеу орын алған уақыттан бастап аякталған деп танылады.
Субъективтік жағынан алғанда аталған кылмыс тек тікелей касаканалықпен істеледі. Кінәлі адам азаматгык (адамның) конституциялық тең құқықтарын бұзатынын сезеді және де занда (141-баптың 1-тармағы) көрсетілген белгілер бойынша оны жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстық ниет адамның құкығын ұлтына, тіліне, дініне немесе басқадай белгілеріне байланысты олардың конституциялыктең кұкыктылығын бұзу болып табылады.
Қылмыстың субъектісі 1б-ға толған кез келген адам. Адам өзінін қызмет бабын пайдалана отырып немесе коғамдык бірлестіктің жетекшісі осы әрекеттерді жасаса, онда олар осы қылмыстың ауырлататын. түрі бойынша жауаптылыққа тарты-лады (ҚК-тің 141-бабының 2-тармағы), Көрсетілген ауырлата-тын қылмыс кұрамының субъектісі - арнаулы (лауазымды адам немесе ) . Олардың түсінігі ҚК-тің 228 және 307-баптарынын ескертулерінде берілген.
Сайлау кукығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларынын жұмы-сына кедергі жасау (146-бап) .
Азаматтардың ең маңызды саяси құқықтарының бірі олардын сайлау құкығын жүзеге асыру болып табылады.
Қазакстан Республикасының Конституциясы бойынша Парламенттің мәжіліс депутаттарын, Президентгі, жергілікті өкілді органдар депутаттарыы сайлау жалпыға бірдей, тең төте сайлау күқығы негізінде жасырын дауыс беру аркылы өткізіледі. Сайлауға, сайлануға, республикалық референдумға тек қана сот іс-әрекетке кабілетсіз деп таныған азаматтар, сондай-ак, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырғандар ғана катыспайды. . Республика Конституциясы бойынша сайлаушылардың өз еркін білдіруіне бақылау жасауға жол берілмейді. Мұндай әрекетте зан бойынша, оның ішінде кылмыстық құкықтық нормалар арқы-лы да жазаланады.
Қылмыстың тікелей объектісі азаматтардың сайлау құкығын дұрыс. жүзеге асыруын немесе сайлау комиссиясының жүмы-сына кедергісіз қатысуын реттейтін коғамдық катынастар.
Кылмыс объективтік жағынан-алғанда сайлаушының өзінің сайлау қүкығын немёсе референдумға катысу құқығын еркін жүзеге асыруына кедергі жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе референдум жүргізу жөніндегі комиссияның жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидаттарды тіркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референ-думдағы дауыс беру нәтижелерін анықтауға байланысты міндет-терін аткаруына кедергі жасау арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: сайлаушыларды сайлауға, референдумға катысуға жібермеу, сайлау өтётін орынды жасыру, тұрғындарға сайлау немесе референдум туралы ойдан шығарылған мәліметгер таратып, оларды еткізу жөніндегі комиссиялардын. қызметіне түрлі кедергілер жасау, депутаттыққа кандидаттарды ұсынуға жол бер-меу, дауыс беруге, оның нәтижелерін анықтауға әртүрлі кедергі келтіріп, ақпарат құралдарына ол жөнінде жалған мәліметгер беруге тырысу.
Қылмыс формальдык кұрамға жатады және ол сайлау күқығын жүзеге асыруғанемесе сайлау крмиссиясының жұмысына кедергі келтіру әрекеттерін жасаған уақытган бастап, өзінің оларға қойған максатының жүзеге аскднына немесе ас-пағанына карамастан аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей касканалыкден істеледі. .
Қылмыстык ниет сан алуан болуы мүмкін, онын осы кылмысты саралауға әсері болмайды.
Қылмыстықкодекстің 146-бабының 1-тармағындағы әрекеттер:
а) сатып алумен, алдаумен, күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен сабактасса;
б) адам өзінің кызмет бабын пайдалана отырып жасаса;
в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша неме-се ұйымдаскан топпен жасалса-онда ол осы қылмыстын, ауыр-лататын түріне жатады (146-баптың 2-тармағы) .
Сайлаушыға сайлауға немесе референдумға қатыспауға, сайлау немесе референдум комиссиясы мүшесіне немесе өзге де адамдарға сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіруге байланысты мүліктік немесе баскадай сыйақы беру немесе соны беремін деп уәде беру сатып алу деп танылады.
Депутаттыкқа кандидаттар жөнінде жалған мәлімдеме тарату, сайлау немесе референдум өтетін жерді басқаша хабарлау, сайлау немесе референдум комиссиясы орналасқан жерге ша-буыл жасалуы мүмкін деген сөз тарату, алдау арқылы сайлау кұкығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының жұмы-сына кедергі жасау деп танылады. Күш қолдану деп жәбірленушіге қол тигізіп, ұрып-соғып, денесіне жарақат салып, ез айтканына еріксіз көндіріп сайлауға қатысудан бас тарткызу немесе сайлау комиссиясының жүмысына кедергі келтірулерді айтамыз.
Күш қолданамын деп қоркытуға, жәбірленушіні немесе оның жақынын елтіремін, үйіне өрт коямын, денесіне жарақат келтіремін, өзге де жамандық істеймін деп коркытып сайлау қүкығының еркін болуына немесе сайлау, референдум комиссиялары жұмысына кедергі жасауларды айтамыз. Сатып алу, алдау, күш колдану немесе оны қолданамын деп корқыту осы қылмысты жасаудың тәсілі болып табылады. Осы белгілёрдің біреуін жасаудың өзі осы баптың "а" тармақшасы бойынша кьшмыстық жауаптылыққа тарту үшін жеткілікті болып табы-лады.
Адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған әрекеттерініқ түсінігі ҚК-тің 141-бабының 2-тармағындағы осындай үғыммен бірдей. Адамдар тобының алдын ала сөз бай-ласуы бойынша немесе үйымдасқан топпен жасалған қылмыс-тың түсінігі ҚК-тің 31-бабының 2, 3-тармақтарында берілген.
ҚК-тің 146-бабының 2-тармағындағы кылмыстык субъектісі жай адамдар немесе лауазымды адамдар болуы мүмкін.
Сайлау күжаттарын, рефереццум күжаттарын бүрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (147-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі - сайлау құқығы, референдумға қатысу құқығы.
Қылмыстың заты - сайлау қүжаттары, сайлаушылар тізімі, дауыс беру куәлігі, сайлау бюллетені және басқадай сайлау қүжаттары.
Объективтік жағынан қылмыс сайяау кұжатгарын немесе референдум қүжаттарын бұрмалау, бюллетенге жалған жаз-балар немесе кол қойылған парақтар ергізу, дауыстарды көпе-керінеу қате есептеу, не сайлаудың нәтижелерін немесе рефе-рендум қорытындыларын көпе-керінеу дұрыс айқындамау, не дауыс беру құриясын бұзу, егер осы әрекёттерді Қазақстан Рес-публикасы Президентіне кандидатгың сенімді өкілі немесе де-путаттыккд кандидаттың сенімді екілі, сол сияқты бастамашы топтың немесе сайлау комиссиясының немесе референдум жүргізу женіндегі комиссияның мүшесі жасауы аркылы жүзеге асырылады.
Сайлау немесе референдум қүжатгарына жалғандык жасау: сайлау бюллетендеріне, дауыс беру куәлігіне, сайлаушылардың тізімдеріне, сайлау хаттамаларьща және барқа да күжаттарға теріс өзгерістер енгізу немесе оларды баскаша жазу, оларға түзе-тулер енгізіп, қайта жасау, колдарды жалған түрде көю, оларға басқа мерзімдерді көрсету арқылы жүзеге асырылады. Сайлау және референдум туралы зандарға сәйкес сайлау құжатгарына дауыс беру куәлігі, сайлау бюллетендері, дауыс берудің қорытындысы туралы хаттама, сайлаушылардың тізімдері, сайланға-ны туралы куәлік, әрбір кандидатқа арналған іс кағаздары саналады. Дауысты көпе-көрінеу қате есептеу деп дауысқа түскен кандидаттар үшін берілген сайлаушылардың дауыс беру санын қасақана көбейту немесе азайту әрекетгері саналады.
Сайлаудың ңәтижелерін немесе референдум корытындыларын көпе-көрінеу дұрыс айқындамау шыңцықка сай келмейтін жағдайда кандидатты сайланды немесе сайланбады, сайлау немесе референдум еткізілді немесе өткізілмей қалды деп ресми түрде жариялаулар жатады.
Дауыс беру қүпиялығын бұзуға: сайлаушының дауыс беру бюллетенін арнаулы бөлмеде толтыруына кедергі жасау; сай-лауды, референдумды арнаулы жабдықталмаған кабиналарда өткізу; дауыс берушіні анықгау үшін сайлау бюллетеніне белгі қою; тағы сол сиякты сайлауды өткізу заңына кайшы әрекеттер жатады. Қылмыс қүрамы формальдык. Осы жоғарыда көрсетіл-ген әрекеттердін біреуін істеу қылмыстың аякталғанын білдіреді.
Аталған кылмыс субъективтік жағынан алғанда тек тікелей қасаканалыкпен жасалады. Кінәлі адам, қылмыстык кодекстін, 147-бабының 1-бөлігінде керсетілген заңсыз әрекеттердің кез келгенін заңсыз жасайтынын сезеді және соларды жүзеге асы-руды тілейді.
Қылмыстың субъектісі арнаулы - Қазакстан Республикасы Президентіне кандидаттың сенімді өкілі немесе депутаттыккд кандидатгың сенімді өкілі, бастамашы топтың, сайлау комис-сиясының немесе референдум өткізу комиссиясынын жасы 16-ға толған мүшелері,
Адам мен азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
Енбек туралы зандарды бүзу (148-бап)
Казақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес Реепублика азаматының еңбек ету бостандығына, кызмет пен кәсіп түрін еркін таңцауына құкығы бар, сол әрбір адам-ның дербес өндіруші ретінде ңемесе еңбек. шарты бойынша. өз қалауына, қабілетіне және арнаулы даярлығына сәйкес еркін еңбек етуге мүмкіндік алу кұкығын қамтиды. Еңбек шартының еркіндігіне кепілдік беріледі. Сондай-ақ осы бапта көрсетіл-геніндей Республика азаматының қауіпсіздік-және тазалык, та-лаптарына сай келетін еңбек жағдайына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік корғалуға кұкы бар. Конституцияда бекітіл-ген осы кепілдіктерді жүзеге асыруға қылмыстық заңның атқа-ратын маңызы бар. Қылмыстық заң еңбек жөніндегі занды және еңбек корғау ережелерін бұзғандық үшін арнаулы баптар бо-йынша жауаптылық белгілеген. Қазақстан Республикасының Кылмыстык кодексінде қызметкерді жеке пиғылмен жұмыс-тан заныз босату, сотгың жұмысты қайта калпына келтіру ту-ралы шешімін орындамау, сондай-ақ азаматтардың кұкыкта-ры мен зайды мүдделеріне елеулі зиян келуіне әкеп соқкан енбек туралы зандарды өзге де бұзу үшін жауаптылык көзделген (148-баптың 1-тармаУы) .
Қылмыстың объектісі болып азаматгардың еңбек күқығын бұзу болып табылады. Объективтік жағынан алғанда еңбек жөніндегі занды бұзу әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жаса-лады. Қылмыстықкодекстіңосы 148-бабындаеңбектуралы заң-дарды елеулі бүзудың мынадай үлгі тізбегін көрсетіп отыр:
1. Қызметкерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату. Занда көрсетілген негіздерден тыскары жағдайда қызметкерді жұмыстан шығару заңсыз болып табылады. Егер лауазымды адам заңсыз, жұмыстан шығаруға негіз болмаса да өз жеке басының мүддесін көздеу ниетімен өзін сынағаны үшін кекшіл-дікпен, өзара үрыс-керістің салдарынан, босаған жұмыс орнына өз танысын немесе туысын орналастыру, мақсатын көздеп, адамды жұмыстан шығарса қылмысты жауаптылыққа тартылады.
2. Жүмысты кайта қалпына келтіру туралы соттың шешімін орындамауы. Яғни кінәлі адам кылмысты түрде әрекетсіздік жасап, соттың қдйтадан жұмысқа алу туралы занды күшіне енген шешімін орындамайды. Бұл жерде қылмыс екі бірдей объектіге: еңбек құкына және әділсотгылық мүддесіне кол сұғады.
3. Еңбек туралы занды езге де бұзу деп еңбекке дұрыс ақы төлемеуді, жұмыс уақытының ұзақтығын дұрыс сақтамау демалыс беруден бас тарту, жұмыска алудан негізсіз бас тарту, жекелеген қызметкерге занды белгіленген жеңілдіктерді қолданудан бас тарту, тағы осы сияқты . әрекеттер жатады.
Жоғарыда көрсетілген еңбек туралы зандарды бұзу - кыз-меткерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату; жүмысты қалпына келтіру туралы сотгың шешімін орындамау; еңбек туралы занды өзге де бұзу әрекетгері мен әрекетсіздігінен аза-маттардың құқықтары мен занды мүдделеріна елеулі з«ян келтірілуі кажет. Елеулі зиян болғанда ғана іс-әрекет кылмыс қатарына жатады. Елеулі зиянның мөлшерін сот-тергеу органдары нақты жағдайларға қарап отырып анықтайды. Әдетте елеулі зиянға - адамның елеулі мөлшерде материалдық, мораль-дық зардап шегуі, ұзак уақыт, . негізсіз жұмыссыз калуы, денсаулығына зиян келтірілуі т. с. с. жатады.
Қылмыс құрамы материалдық. Еңбек туралы зандарды бұзу нәтижесінен занда белгіленген зардап орын алғанда ғана қыл-мыс аякталған деп табылады. Субъективтік жағынан бүл кыл-мыс қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам өзінің әрекетімен еңбек жөніндегі занды^рескел бұзғанын сеЗеді және осыны тілеп істейді. Бұл жерде қылмыстық ниет әртүрлі (мысалы, сынағаны үшін кектену, осы орынға өзіне қажетгі адамды ор-наластыру т. б. ) болуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі болып тек қана мемлекетгік немесе мемлекетгік емес аппаратка жұмы-сқа алу немесе жұмыстан шығару кұкы бар лауазымды адамдар танылады.
Әйелді оның жүктілік себебі бойынша жұмыска қабылдау-дан негізсіз бас тарту немесе жұмыстан негізсіз босату немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелді нак сол себеппен жұмыска кабылдаудан негізсіз. бас тарту немесе жүмыстан босату, сон-дай-ак кәмелетке толмағанды. онын. кәмелетке толмағандығы себепті жұмысқа кабылдаудан негізсіз бас тарту немесй негізсіз жұмыстан босату - осы қылмыстың ауырлататын түріне жа-тады (148-баптың 2-тармағы) . Бүл жерде қылмыстың жәбірле-нушісі - жүкті әйел немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйел немесе кәмелетке толмағандар болады.
Объективтік жағынан кылмьгс занда көрсетілген адамдар-ды: 1) жұмьтсқа кабылдаудан негізсіз бас тарту; 2) немесе негізсіз жүмыстан босату арқылы көрініс табады. Кылмыс осы әрекет-тердің біреуін жасаған сәтген бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс құрамы формальдык. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей касаналықпен істеледі. Кінәлі адам екікабат немесе үш жаска дейінгі баласы бар әйелді, кәмелетке толмағандарды негізсіз жұмысқа алудан бас тартады немесе осы адамдарды негізсіз жұмыстан босататынын сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстык ниет - мүндай адамдарға занда белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды бергісі келмеу т. б. жатады.
Қылмыстың субъектісі арнаулы - жүмыска алу немесе одан босатуға құқығы бар лауазымды адамдар (меншік нысанына қарамастан), Қылмыстық кодекстің 148-бабының 3-тармағында баскару қьізметін атқарушы адамнын, акша қаражатын өзге максаттарға пайдаланумен байланысты жалақының толык көлемінде және белгіленген мерзімде теленуін бірнеше рет кідіртуі үшін жау-аптылык, белгіленген. Акша қаражатын өз мақсатына пайдала-нуына байланысты занда белгіленген мерзімнен екі немесе одан көп рет жалакыны беруді себепсіз кідіртуді бірнеше кідірту деп айтамыз. Қылмыстың субъектісі басқару қызметін аткаратын - лауазымды адамдар (меншік нысанына қарамастан) .
Енбекті корғау ережелерін бұзу (152-бап)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz