Оқу тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... жалғасыКурстық жұмыстың өзектілігі : Эстетикалық тәрбие дегеніміз - қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етуге бағытталған, жүйелі үрдіс. Балаларды өнер құралдарымен тәрбиелеу - көркемдік тәрбие пәнін құрайды. Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдауға, оған эмоциялық ықлас білдіруге, сондай-ақ, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға жасау керек. Эстетикалық сезім дегеніміз - өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. Ол адам табиғатына ғана тән жоғарғы сезім [3] .
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - баланың бойына эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсіну, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық іскерлік пен дағдысын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету - шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі саласы.
Курстық жұмыстың мақсаты: жұмыстың жазылуының негізгі мақсаттары
-оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің ерекшеліктері және оның міндеттерін;
-эстетикалық тәрбие - тәрбиенің құрамды бөлігін;
-оқу тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдарын;
-сыныптан тыс кезінде оқушылардың эстетикалық мәдениетін
арттыру жолдарын;-сыныптан тыс эстетикалық тәрбие беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру мен қалыптастыру жолдары;
-сыныптан тыс эстетикалық тәрбиені ұйымдастырудың бағыттары мен көріністерін толық шолып өту болып табылады.
Зерттеу объектісі : Сыныптан тыс кезінде оқушылардың эстетикалық тәрбие-мәдениетін арттыру жолдары.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмысы барысы кіріспеден, 2 бөлімнен, жалпы қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Эстетикалық сезім әлеміне қатысы бар құбылыстарды зерттейтін философияның бір саласы болса, эстетикалық тәрбие көбінесе адамның сезіміне тәрбиелеу арқылы санасына әсер етіп, іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруді көздейді. Жүріс-тұрыс адамдар арасындағы қарым-қатынас талаптарын түсініп, сезіну оның эстетикалық жағын қамтиды. Этика мен эстетика іс-әрекет, жүріс-тұрыс, мінез-құлық көріністері арқылы бір-бірімен байланысып жатады. Әр нәрсенің мөлшері мен өлшемін білу эстетикалық жақтан сезіну арқылы келеді. Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі - сезім әлеміне әсер ету, оны дамыту, қалыптастыру. Сезім мен дағдылар арқылы сұлулықты түсіне-сезіне білуге тәрбиелеу баланың дара қасиеттерін, барлық мүмкіндіктерін қалыптастырады.
Баланың көркемдік-эстетикалық дамуы сәтті болу үшін тәрбиеші, педагог жас ерекшелігіне сай әртүрлі ойындар, сабақтардың түрлерін қызықты, әрі танымды өткізеді. Танымдық ықпалдар эстетикалық қобалжулармен неғұрлым байланыста болса, соғұрлым нәтижесі де, әсер етуі де жақсарады. Педагогтың балалар қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын ескере отырып, әр біреуімен жұмыс жасауы, бала тұлғасының дербестігін көркемдік шығармашылық арқылы айқындауы, баланың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік береді.
I ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ҰЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің ерекшеліктері және оның міндеттері
Балаларға жағымды жағдай жасайтын болсақ, олар көркемдік-эстетикалық түсініктерді еркін меңгереді. Оқыту мен тәрбиелеу арқылы оларға білім беріп қана қоймай, тұлғалық дамуына жағдай жасай отырып, әрекеттілік қабілетін (интеллектуалды, эмоционалды, еңбектік, ерікті) дамыту керек. Бала адекватты, өнімді және нәтижелі дамиды [1] . Осыған орай көркемдік-эстетикалық тәрбиенің мектеп алды мекемелерге қоятын міндеттері:
- Баланың қиялын, эстетикалық сезімін, қабылдауын жүйелі және биік мақсатқа бағытталған түрде дамыту; өнердің барлық түрі қажеттілік сияқты сезімдерді тудырады;
- Баланы өнер саласындағы әрекетке, алғашқы көркемдік білімді игеруге және көркемдік деңгейді бағалауға баулу.
- Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бала бақшалардағы көркемдік-эстетикалық оқу-тәрбие үрдісінің барлық жақтарымен тығыз байланысты. Көркемдік-эстетикалық тәрбие жұмысын нақты, нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның мазмұнын әрбір жас ерекшелік талаптарын анықтап алу қажет.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың күнделікті өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсіне, бағалай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, одан ең жоғары рухани ләззат алуға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілік, тұлғалық келбетін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдік пен жексұрындықты, адамгершілік пен ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны т. б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
![]()
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу - тәрбие барысыда тұрақты зейін салуды, күн сайын талапты күшейтетін мәселе. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің ғана емес, сондай-ақ еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары да ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа деген бағамын анықтайды.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңінен бастап, әсемділікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар - құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені оң қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады. Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Сонымен оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу - дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған үрдісі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан- жақты үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде, ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының даму, білім алу, қалыптасуы құралына айналдырады [2] .
Кең ой-өрістілік сөйлеу, іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың обьективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын, бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы, дамудағы оның, ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды т. б.
Оқушыны әсемдікке тәрбиелеудің, жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде жанама қызмет те бар. Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүнисінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, оның еңбегін тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің үрдісін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.
Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу, әсемділік қасиеттері бар әртүрлі өмірдегі қатынастар мен әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе ‒ оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйе деңгейіне көтерліуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы ‒ өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның өмірлік көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланыста қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу ‒ адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен үрдісін танымай саналы тәртіп пен мінез құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ, әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды. Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйреніп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен талпынысын тәрбиелейді.
Сонымен эстетикалық тәрбие ‒ табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі ‒ эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әртүрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал, кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады, әдемілікті сезу үшін, оны түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласы бойынша әрбір адамда түсінік, білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің обьективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.
Эстетикалық ұғымды, пайымдауды, баға беруді қалыптастыру ‒ эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеруі қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, пайымдай және бағалай алады.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным ‒ бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың аражігін ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге кіріккен эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тындаушы болуға баулу керек. Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмді, теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тындауға өте ынталы болады. Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.
Эстетикалық тәрбиенің маңызы міндеті ‒ өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша анықтау керек.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - әдебиет және өнер. Олар зор идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әртүрлі құралдар арқылы (әдебиетте - проза, поэзия; кескіндеме жанр, баталия, пейзаж; мүсінде - бюст, т. б; музыкада - симфония, оратория, ән енгізіледі) . Белгілі орыс суретшілері П. А. Федотовтың, В. Г. Перовтың, И. Е. Репиннің, В. В. Верещагиннің, И. И. Шишкиннің, И. Н. Левитанның және қазақ суретшілері Ә. Қастеевтің, М. Кенбаевтың, Қ. Шаяхметовтың т. б. шығармашылығы биік талғам деңгейлікке көтерген бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне үлкен ықпал етеді.
М. Горький, Н. А. Островский, А. А. Фадеев, М. А. Шолохов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, т. б. еңбектеріндегі адам баласының бақыты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды үлкен ерліктерге рухтандырады.
Сонымен өнер және әдебиет шындықты түсінудің және танудың бірдең-бір құралы. Өнер мен әдебиет адам дамуынын және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.
Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарасты қалыптастыруда табиғат зор роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғаттағы бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашылық тұлға. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек. Мысалы, қала мен селоны, тұрғын жерлерді көгалдандыру, бақ және гулдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын безендіру ‒ бұл маңызы зор эстетикалық шаралар [3] .
Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның әрі мінез-құлықты, әрі әсемдік көңіл-күйі жай табады.
Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық көзқарасын дамыту, білімдегі оқудың қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық әсер алуды қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет.
1. 2 Эстетикалық тәрбие - тәрбиенің құрамды бөлігі
Қазіргі жаңарған қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын және жоғары білімді меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті азамат тұлғасын қалыптастыру қажеттілігін талап етуде. Өйткені, мәдениетті әрі білімді жас ұрпақ қана ғажайып биік деңгейге көтеріле алады.
Жас азамат мәдениетті дегеніміз - инабаттылық, сыпайылық, жинақтылық білімдер тәжірибелер мен әрекеттер, мінез-құлықтар. Ең бастысы, жас ұрпақ тұлғасы мәдениеттінің негізгі және құрамды буыны оның эстетикалық мәдениетінің болуын қажет етеді.
Эстетикалық мәдениет - рухани мәдениеттің маңызды бір саласы ретінде, табиғат және адам баласының шығармашылық еңбегімен жасалған эстетикалық құндылықтардың жиынтығы, оларды жасау қолдану тәсілдері.
Эстетикалық құндылықтар қоғамның өмірмен қарым-қатынасқа түсуіне, қоғамның жетілуіне, талпынысына, қоғамдық қатынастардың барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады.
Қоғамның дамуында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда маңызды орын алады.
Эстетикалық тәрбие - жан-жақты тәрбиенің бүкіл жүйесінің табиғи бір бөлігі.
Эстетикалық тәрбие - болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық түсінікті сезім мен талғамды тәрбиелейді.
Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Жас ұрпақты тәрбиелеудегі эстетикалық тәрбиенің рөлін, мәнін ашқан көрнекті ғалым-педагогтар А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, С. Т. Шацкий, К. Д. Ушинский тәрбие жүйесін ұйымдастыруға өз үлестерін қосты.
Біздің елімізде жас буындарды эстетикалық тәрбиелеуді пайдалану мәселесіне арналған іс-тәжірибелік сипаттағы мақалалары мен көлемді де іргелі еңбектері бар ғалым-педагогтар Х. Арғынбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, К. Оразбекова, А. Бейсенбаева, М. Мырзахметов, А. Тұрбекова, Қ. Сыздықов, т. б. айтуға болады.
Қазіргі мектептің алдында тұрған міндеттердің ең маңыздысы - жасөспірімдерді жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. Сол тәрбиенің ішінде эстетикалық тәрбие қомақты орын алды. Нақ осы мектепте жас буынның эстетикалық мәдениетінің негіздері қаланады, сондықтан да эстетикалық тәрбие мәселелері біздің елемізде әрдайым жан-жақты тәрбиенің жалпы проблемаларынмен байланыстыра қарастырылып келеді.
Эстетикалық тәрбие адамның өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көре түсіне, жасай білу адамның өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззаттануға мүмкіндік береді.Болашақ тәрбиесі бүгінгі күнде ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуін талап етеді. Біздің қоғамның тәлім-тәрбиесі көп жылдар бойы бір жақтылықпен жүргізіліп келеді, жалпы адамзаттық қүнды игіліктерден оқшауланып, ұлттық сана сезімнің дамуына, рухани, мәдени байлықты, ұлттық тәрбиенің бай мұрасын игеруге көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігі өз халқының тарихын, тілін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете білмеуіне әкеп соқты. Сондықтан ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесіне деген эстетикалық санасын ояту - тәрбиеші мен мұғалімдердің, ата - аналардың ең үлкен парызы болмақ. [1]
Педагог ғалымдардың еңбектерінің негізі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбаны өнердегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру, мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады.
Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.
Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді.
Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық сапасынан көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам, еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы орыс жазушысы В. Белинский былай деп жазған: «Әдемілікті сезіну − адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін». Эстетикалық сезім - жақсылықтың негізі. Яғни эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу − ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.
Эстетикалық тәрбие беруде көзқарас пен таным ынтымақтыққа, бірлікке, адамгершілікке, шыншылдыққа, патриоттыққа, мейірімділікке, тәрбиелейді. [2]
Эстетикалық тәрбие тек қана көркемдік деңгейді жетілдіру, оқыған кітап, көрген кинолар мен музыкалық шығармалар санын көбейту ғана емес. Ең бастысы, адамгершілік, эстетикалық сезімді, жеке бастың рухани деңгейін кеңейту, мінез - құлқын түзету, әсемдікті түсіне білу. Егер бала өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, өз әрекеттерінің әдемілігін, қажеттігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді. [3]
Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зерттеліп отырған кезеңдегі жәй-күйін, өзіне тән ерекшеліктері ғалымдар: Б. Әлмұхамбетов[4],
1. 3 Оқу тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдары
Қоғамның даму жағдайында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда адамгершілік тәрбиесінен кейін маңызды орын алады.
Эстетика адамның өмірі, іс-әрекеті, тіжірибесімен органикалық байланыста болып келеді. Сондықтан тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуында әрбір адамның өз өмірін “әдемілік заңы” бойынша құруға тырысуы қажет.
Эстетика грек сөзі. Сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Олай болса эстетика- өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады.
В. Г. Белинский: “Сезімнің әсемділігі адамгершіліктің құнды жағы . . . Онсыз, бұл сезімсіз, данышпан да, талант та, ой да жоқ.
Эстетикалық сезім - ізгілік негізі адамгершілік негізі” - деп түсіндіреді /1, 5/.
М. Горький эстетика дегеніміз - болашақтың этикасы деген тұжырым жасайды.
Эстетика ұғымын тұңғыш
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz