Жалпы психологиялық дайындық



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I. СПОРТТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ
1.1. Спорт психологиясы психологиялық білімнің қолданбалы саласына енуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Спорттық психологияның мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ...
1.3. Спорт психологиясының психология ғылымына енуі ... ... ... ... ... ... ... .
II. СПОРТТЫҚ ІС - ӘРЕКЕТТЕГІ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ
2.1. Спорттық әрекеттер үрдісінде спортшылардың психикалық мүмкіншіліктерін жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .
2.2. Спортшыларды жаттықтыру әрекеттерін психологиялық тұрғыдан қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .
2.3. Спортшыларды еңбекке тәрбиелеуді психологиялық жағынан қалыптастыру және оның әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі уақытта спортшының жарыс алдындағы дайындығының мазмұны мен сипаты түбірімен өзгерген. Жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейде болуы жеткілікті емес. Қозғалыс, сенсомоторлы дағдылармен қоса интеллектуалды дағдылар және топтық әрекет дағдыларының маңыздылығы артуда.
Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр түрлі психикалық процесстер мен қалыптар үлкен мәнге ие болуда. Сондай - ақ психихологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін спортсменді психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай дайындықтың әдіс - тәсілдері өңдеу - спорт психологиясының негізгі қызметінің бірі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды іске асыру қажет:
а жарыс жағдайында психика қызметінің заңдылықтарын зерттеу және жарыстық әрекеттің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыратын әдістерді өндеу;
б жарыс алдындағы және жарыс жағдайында пайда болатын психикалық қалыпты зерттеу;
в психопрофилактиканы дамыту, спортсменді шынықтырудың психологиялық жолдарын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру және психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру.
Спорт психологиясының пәні- әр түрлі спорттық әрекеттің және спортсмен тұлғасының психологиялық ерекшеліктері. Қазіргі заманғы қоғамда спорт үлкен орын алады. Ол адамның жанжақты физикалық дамуын ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар, онда моральдіеріктік қасиеттерді тәрбиелейді.
Спорт түрлері алуан, бірақ оның бәрі спорттық жарыстарда және жүйелік жаттығуларда қатысуды талап етеді. Спорттық жаттығулардың тиімді әдістерін өңдеу үшін біріншіден, спорттық әрекетке тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді, екіншіден, осы әрекеттің субъектісі ретінде спортсмен тұлғасын зерттеу керек. Басқа ғылымдар сияқты спорт психологиясы спорттық әрекеттің маңызды жақтарына талдау береді және көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі.
Спорт психологиясы спорттық әрекет жағдайында адамның психикасының заңдылықтарын, дамуын, көрінісін зерттейтін психологиялық ғылым саласы. Спорттық әрекеттің адамның басқа әрекеттерінен қандай айырмашылығы бар? Спорт спецификасы жарыстарда жеңіске жету мақсатымен өзін күнделікті физикалық және психикалық жүктемеге салуға мүмкініндік беретін жоғары мотивацияда, осы мотивация арқасында спорт адамның мүмкіндіктерінің табиғи лабораториясына айналды. Спорт психологиясы жарыс және жаттығу жағдайындағы ұжым және жеке адамның психикалық әрекетінің заңдылықтарын зерттейді.
Спорт психологиясы еңбек психологиясы, ойын психологиясы, педагогикалық психология сияқты адам әрекетінің нақты түрлерінің негізін зерттейтін психология бағыттарының бірі. Ғылымдар жүйесіндегі спорт психологиясының орны екі сипатпен анықталады: психологиялық ғылымдар саласы ретіндегі орны және спорт жайлы ғылымдар жүйесіндегі орнымен.
Зерттеу мақсаты: қазіргі жағдайдағы спортшылардың жарысты сәтті өткізуі үшін психологиялық жағынан мән берілуі.
Зерттеу нысаны: спорт мектептерінде жасөспірімдерді тәрбиелеу үдерісі.
Зерттеу пәні: Спорттық жаттығулардың тиімділігін арттыру үшін психологиялық жағдайларды жетілдіру. Спорт психологиясы спорттық шеберліктің жетілуінің механизмдері мен заңдылықтарын қарастыру.
Зерттеудің болжамы: егер, атақты спортшының ерліктері мен жетістіктері өскелең ұрпаққа насихатталса отансүйгіштікке тәрбиелеудегі орнын теориялық тұрғыдан зерттеп, оны жүзеге асыру әдістері мен нұсқаулары дайындалса, онда спорт мектептерінде тәрбиеленушілердің елжандылығы мен отаншылдық қасиеттері дамып, ел намысын қорғауда психологиялық қиындықтарға мойымайтын және материалдық құндылықтан бұрын ел намысын, ер намысын алдына жоғары қоятын азаматтар тәрбиеленеді, өйткені бұл қазіргі күнгі қоғам талабы.
Зерттеу міндеттері:
1. Спорт психологиясының теоретикалық - әдіснамалық негіздеріне шолу жасау.
2. Спорттық іс - әрекеттің психологиялық мазмұнын ашып көрсету.
3. Спортшының психологиялық дайындығының ерекшеліктерін ашу және талдау.
4. Спорттағы спортшылардың эмоционалдық жай - күйі мен еріктік әрекетінің мүмкіндіктеріне көз жеткізу
5. Жыл бойы жаттығу процесіндегі психорегуляция рөлін көрсету.
Зерттеудің жетекші идеясы: Спорт мектептеріндегі спортшылардың, ондағы жетістіктерге жету жеткіншектердің отаншылдық қасиетін қалыптастырудың бірден бір құралы.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: философиялық таным теориясы, жеке тұлғаның психо-физиологиялық даму теориясы, тәрбие теориясы, және тұлғаның елжандылық құндылығын қалыптастыру, тұлға және құндылықтар теориясы тұрғысында қарастырылды, ел намысын қорғаған спортшылардың тәжірибесі, арнайы спорт мектеп интернат оқушыларын тәрбиелеу жүйесі, отаншылдық тәрбие мәселесіне қатысты ғылыми-тәрбиелік мәні бар еңбектер басшылыққа алынды.
Әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, физологиялық, тарихи ұлттық спорт, әдебиеттеріне теориялық талдау жасап, арнайы спорт, оқу-жаттығу бағдарламаларын зерттеп, үлкен спорттық жарыс жеңімпаздары мен бапкерлерден, болашақ спортшылардан сұрақ, жауап алу мақсатында сауалнама жүргізіп, алған мәліметтерді зерделеп, педагогикалық эксперимент жүргізу және олардың нәтижелеріне баға беру, зерттеу материалдарының нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыда сұрыптау, қорытындылау.

I. СПОРТТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ
1.1. Спорт психологиясы психологиялық білімнің қолданбалы саласына енуі
Cпорт психологиясы адамның жаттығу және жарыс жағдайындағы психикалық әрекет заңдылықтарын қарастырады. Спорт психологиясы психология ғылымының өте жас қолданбалы саласына жатады. Спорт психологиясы түсінігі қазіргі Олимпиада ойындарының негізін қалаған Пьер де Кубертеннің мақалаларында алғаш кездескен. 1913 жылы Пьер де Кубертеннің ұйымдастыруымен Лозаннадағы Халықаралық олимпиадалық комитетте өткен спорт психологиясы бойынша арнайы конгрессте ол жеке сала ретінде бөлініп шықты. Осы конгресстен кейін спорт психологиясының мәселелері қарастырыла бастады. 1920 жыл мен 1940 жылдар аралығында олардың зерттеу жұмыстары Германия, АҚШ және басқа мемлекеттерде белсенді жүрді. Бірақ осы кезде спорт психологиясы мәселелері ғылыми жетілмеді .
Спорт психологиясы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды дами бастады. Себебі бүкіл әлемде спорттық жетістіктер күрт өсті және спорт мәртебесі көтерілді. Бұл әсіресе олимпиада ойындарында және әр түрлі спорт түрлері бойынша әлемдік біріншіліктерде байқалды.
1965 жылы Италиядағы спорттық медицина федерациясының беслменділігімен Римде спорт психологиясы бойынша конгресс ұйымдастырылды. Халықаралық спорт психологиясы қоғамы пайда болды. Осыдан кейін спорт психологиясы халықаралық қолдауға ие болды. Римдегі конгресстен кейін ол: 1968 жылы Вашингтонда, 1973 жылы Мадридте және 1977 жылы Прагада өтті. 1970 жылдан бастап "Международный журнал психологии спорта" атты журнал басылымға шықты .
Халықаралық спорт психологиясы қоғамы құрылғаннан кейін спорт психологиясының аймақтық одақтары құрылды. 1967 жылы спорт психологиясының солтүсті америкалық одағы, 1969 жылы спорт психологиясының Еуропалық ассациациасы құрылды. Кейін спорт психологиясының ұлттық ұйымдары Канадада, Жапонияда, Германияда, Англияда, Францияда, Бразилияда, Австралияда, және басқа мемлекеттерде құрылды.
Спорт психологиясы бойынша баяндамалар ХVIII және ХХ Халықаралық психихологиялық конгресстер ұйымдастырылды. 1972 жылы Мюнхендегі Олимпиадалық ғылыми конгресс және 1974 жылы Мәскеуде өткен "Қазіргі заманғы қоғамдағы спорт" атты әлемдік конгресс бағдарламасы жоғары деңгейде өтті .
Қазіргі заманда әлемнің көптеген елдерінде спорт психологиясының ғылыми жетілуі жүруде.
жылы Мәскеуде алғашқы рет, кейін жылы профессор А.П.Нечаевтің "Психология физической культуры" атты монографиясы қайта басылып шықты. Осы жылы А.Ц.Пунидің шаңғымен жарыс, үстел теннисі бойынша және басқа жарыстардың спортсменнің психикалық аймағына әсерін зерттеуге арналған жұмыстары және Украиналық психоневрологиялық институттың профессоры З.И.Чучмаревтің мектептегі дене шынықтыру сабағының оқушының интеллектуалдық қызметіне әсері және олардың өзінөзі басқара алуы жайлы жұмыстары баспаға шықты. жылы П.Ф.Лесгафт атындағы институттың психология кафедрасында физикалық тәрбиелеу және спорт психологиясының мәселелері қарастырыла бастады. шы жылдардың ортасында спорт психологиясы студенттердің психология курсына енгізілді. Алғашқы "Спорт психологиясының" арнайы курс бағдарламасы жасалды.
Соғыс жылдарынан кейін спорт психологиясы өте қарқын дамыды. Осы уақытта ғылыми зерттеулер базасы кеңейді. Оған дене шынықтыру институтының педагогика және психология кафедралары қатысты. Қарастыратын мәселелері де кеңейе түсті. Зерттеу жұмыстарының негізгі бағытына: спортшы және жаттықтырушының тұлға психологиясы, спорттық іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктері, спортта тәрбиелеу және оқытудың психологиялық негізі болып табылды. Сонымен қатар спорттық жарыстың психологиялық аспектілері, спортсменді жарысқа дайындаудың психологиялық негізі, спортсмендердің жарысқа дейінгі, жарыстағы және кейінгі жағдайы мен іс әрекетін реттеуі және өзінөзі реттеуі қарастырылды.
жылы Психология институтында А.Ц.Пуни "Спорт психологиясы" тақырыбына алғашқы докторлық диссертациясын қорғады. Кейін спорт психологиясы бойынша О.А.Черникованың, В.Г.Норакидзенің, С.Ч.Геллерштейннің, Г.М.Гагаеваның, А.В.Родионованың, Н.А.Худадова-ның, А.А.Лалаяның және тағы да басқалардың монографиялары шықты . Спорт психологиясы бойынша еңбек жинақтары басылымға шыға бастады.
Қазіргі таңда спорт психологиясын зерттеуге деген зор қызығушылықтар туындауда. Спорт психологиясының негізгі мақсаты спортсмендерде және спорттық шеберлік және сапалық командаларында жарыстарға қатысу үшін қажет психологиялық заңдылықтардың қалыптасуын анықтау, сонымен қатар психологиялық негізделген жаттығу әдістері мен жарысқа дайындықты өндеу болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:
. Спорттық іс әрекеттің спортсмен психикасына әсерін зерттеу.
- жарыстың психологиялық талдауы;
- жарыстың спортсменге әсер етуінің сипатын анықтау;
- жарыстың спортсменнің психикасына қоятын талаптарын анықтау;
- жарысты сәтті өткізу үшін қажетті адамгершілік, еріктік және басқа психологиялық сапалардың жиынтығын анықтау;
- жаттықтыру әрекеті жағдайына психологиялық анализ жасау;
. Спорттық жаттығулардың тиімділігін арттыру үшін психологиялық жағдайларды жетілдіру. Спорт психологиясы спорттық шеберліктің жетілуінің механизмдері мен заңдылықтарын қарастырады.
Бұның бәрі психологтан келесі жағдайларды талап етеді:
а спорттық жаттығулардың әдістәсілдерін психологиялық негіздеу;
б психикалық функцияны дамыту арқылы және жаттығудың аппараттық әдісін жасау арқылы спортсмен ағзасының барлық мүмкіндіктерін максималды қолдана алу үшін жолдарды қарастыру;
в спорттың жеке түрлерін психологиялық сипаттау әдісін, әлеуметтік құрылым және спорттық команданың психологиялық ахуалын, спорттық мүмкіндіктерді психодиогностикалау әдісін өңдеу;
г жаттығу жағдайында жарыстық жағдайды ғылыми негізделген модельдеу әдісін өңдеу.
3. Спортсмендердің жарыс алдыңдағы дайындықтарының психологиялық негізін жетілдіру .
Қазіргі уақытта спортсменнің жарыс алдыңдағы дайындығының мазмұны мен сипаты түбірімен өзгерген. Жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейде болуы жеткілікті емес. Қозғалыс, сенсомоторлы дағдылармен қоса интеллектуалды дағдылар және топтық әрекет дағдыларының маңыздылығы артуда.
Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр түрлі психикалық процесстер мен қалыптар үлкен мәнге ие болуда. Сондай - ақ психихологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін спортсменді психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай дайындықтың әдіс - тәсілдері өңдеу - спорт психологиясының негізгі қызметінің бірі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды іске асыру қажет:
а жарыс жағдайында психика қызметінің заңдылықтарын зерттеу және жарыстық әрекеттің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыратын әдістерді өндеу;
б жарыс алдындағы және жарыс жағдайында пайда болатын психикалық қалыпты зерттеу;
в психопрофилактиканы дамыту, спортсменді шынықтырудың психо-логиялық жолдарын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру және психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру.
Спорт психологиясының пәні- әр түрлі спорттық әрекеттің және спортсмен тұлғасының психологиялық ерекшеліктері. Қазіргі заманғы қоғамда спорт үлкен орын алады. Ол адамның жанжақты физикалық дамуын ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар, онда моральдіеріктік қасиеттерді тәрбиелейді.
Спорт түрлері алуан, бірақ оның бәрі спорттық жарыстарда және жүйелік жаттығуларда қатысуды талап етеді. Спорттық жаттығулардың тиімді әдістерін өңдеу үшін біріншіден, спорттық әрекетке тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді, екіншіден, осы әрекеттің субъектісі ретінде спортсмен тұлғасын зерттеу керек. Басқа ғылымдар сияқты спорт психологиясы спорттық әрекеттің маңызды жақтарына талдау береді және көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі.
Спорт психологиясы спорттық әрекет жағдайында адамның психикасының заңдылықтарын, дамуын, көрінісін зерттейтін психологиялық ғылым саласы. Спорттық әрекеттің адамның басқа әрекеттерінен қандай айырмашылығы бар? Спорт спецификасы жарыстарда жеңіске жету мақсатымен өзін күнделікті физикалық және психикалық жүктемеге салуға мүмкініндік беретін жоғары мотивацияда, осы мотивация арқасында спорт адамның мүмкіндіктерінің табиғи лабораториясына айналды. Спорт психологиясы жарыс және жаттығу жағдайындағы ұжым және жеке адамның психикалық әрекетінің заңдылықтарын зерттейді.
Спорт психологиясы еңбек психологиясы, ойын психологиясы, педагогикалық психология сияқты адам әрекетінің нақты түрлерінің негізін зерттейтін психология бағыттарының бірі. Ғылымдар жүйесіндегі спорт психологиясының орны екі сипатпен анықталады: психологиялық ғылымдар саласы ретіндегі орны және спорт жайлы ғылымдар жүйесіндегі орнымен.
Психология саласы ретінде спорт психологиясы жаратылыстану, философия, әлеуметтік ғылыми дисциплиналар жүйесінде ортаңғы орынға ие. Жаратылыстану ғылымдары бағытында спорт психологиясы физиологиямен, психофизиологиямен, медицинамен, биологиямен, математикамен, физикамен тығыз байланысты. Әлеуметтік бағытта спорт психологиясы педагогикамен, әлеуметтанумен, мәдениеттанумен тығыз байланысты.
Спорт психологиясы спорт жайлы ғылымдар ретінде физикалық тәрбиелеу теориясы мен методикасымен, спорт гигиенасымен, спорт медицинасымен, спорт биомеханикасымен, кинезиологиямен, спорт метрологиясымен тығыз байланысты. Сонымен қатар спорт психологиясы математиканың, статистиканың, кибернетиканың, электрониканың, модельдеудің әдіс - тәсілдерін қолданады. Спорт әлеуметтік құбылыс сияқты және адам әрекетінің ерекше түрі ретінде көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Олардың барлығы, сонымен қатар психология спорттық әрекетті өзінің негізгі міндеттері, өзінің әдіснамалық ұстанымын зерттейді. Адам әрекетінің, сонымен қатар, спорттың кез келген міндетіне психологиялық компонентке тән, сондықтан психика жұмысын нәтижелі ететін психология. Спорттың әр түрі жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және психикалық қасиеттердің белгілі бір қалпын талап етеді, бүгін спортсменнің физикалық дайындығы жоғары деңгейде болғандықтан, жарыста жеңу үшін шешуші фактор психологиялық дайындық болып табылады.
Дене шынықтыру және спорт психологиясы бұл - психологиялық білімдердің бір қолданбалы саласы ретінде дейтін болсақ, ол жаттығу мен жарыс жағдайындағы жеке адамдар мен ұжымдардың психикалық іс-әрекет заңдылықтарын зерттейді. Дене шынықтыру мен спорттық іс-әрекеттің қарастыратын мәселелері мынадай: спорттық іс-әрекет психологиясы, спортшы мен жаттықтырушы тұлғасының психологиясы, спорттық топтардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, спорттағы психореттеу мен психогигиенаның негіздері.

1.2. Спорттық психологияның мақсаттары мен міндеттері

Қазіргі таңда спорттың сан алуан түрі бар. Олардың барлығы спорттық жарыстарға және жүйелік жаттығуларға қатысуды талап етеді.
Бұл күнде спорт психологиясын зерттеуге деген зор қызығушылықтар туындауда. Әлемнің көптеген елдерінде спорт психологиясының ғылыми жетілуі жүруде.Спорт психологиясының негізгі міндеттері - спортшылардың спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана емес. Сонымен қатар, спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның жалпы және психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады. Спорттық жарыстардың алдында спортшылардың психикасын сол үрдіске бейімдеп жаттықтыру және бәсекелестік мәселесінен жеңімпаз ететіндей нұсқалармен қаруландыру. Жарыс барысында өзін-өзі басқара алатын дәрежеге жеткізу.
Жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейде болуы жеткілікті емес. Қозғалыс, сенсомоторлы дағдылармен қоса интеллектуалды дағдылар және топтық әрекет дағдыларының маңыздылығы артуда.
Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр түрлі психикалық процесстер мен қалыптар үлкен мәнге ие болды. Сондай-ақ психологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін спортшыларды психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай дайындықтың әдіс тәсілдері өңдеу - спорт психологиясының негізгі қызметінің бірі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды іске асыру қажет:
а) жарыс жағдайында психика қызметінің заңдылықтарын зерттеу және жарыстық әрекеттің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыратын әдістерді өндеу;
б) жарыс алдындағы және жарыс жағдайында пайда болатын психикалық қалыпты зерттеу;
в) психопрофилактиканы дамыту, спортшыларды шынықтырудың психологиялық жолдарын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру және психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру.
Спорт психологиясының пәні - қазіргі заманғы қоғамда спорт үлкен орын алады. Ол адамның жан-жақты физикалық дамуын ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар, онда моральді-еріктік қасиеттерді тәрбиелейді.
Спорттық жаттығулардың тиімді әдістерін өңдеу үшін біріншіден - спорттық әрекетке тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді, екіншіден - осы әрекеттің субъектісі ретінде спортшы тұлғасын зерттеу керек. Басқа ғылымдар сияқты спорт психологиясы спорттық әрекеттің маңызды жақтарына талдау береді және көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі.
Спорт психологиясы - спорттық әрекет жағдайында адамның психикасының заңдылықтарын, дамуын, көрінісін зерттейтін психологиялық ғылым саласы. Спорттық әрекеттің адамның басқа әрекеттерінен қандай айырмашылығы бар? Спорт спецификасы - жарыстарда жеңіске жету мақсатымен өзін күнделікті физикалық және психикалық жүктемеге салуға мүмкіндік беретін жоғары мотивацияда. Осы мотивация арқасында спорт адамның мүмкіндіктерінің табиғи лабораториясына айналды. Спорт психология - сы жарыс және жаттығу жағдайындағы ұжым және жеке адамның психикалық әрекетінің заңдылықтарын зерттейді. Cпорт психологиясы адамның жаттығу және жарыс жағдайындағы психикалық әрекет заңдылықтарын қарастырады.
Спортшыға жарыс кезінде, жарыс жаттығуларын орындау кезінде кездесетін психологиялық қиындықтарды жеңуге тәрбиелейтін педагогикалық үрдісті психологиялық дайындық дейміз.
Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен тұрады:
1. Жалпы психологиялық дайындық. Ол спортшыны спортпен жүйелі түрде айналысуға, қиыншылықтарды жеңуге, еңбек сүйгіш азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған.
2. Арнайы психологиялық дайындық. Жарысқа қатысуға дайындайтын бұл арнайы дайындық жарыс болар алдындағы кезеңде спортшының спорттық күреске психикалық дайын күйге түсуіне бағытталған.
Психикалық дайындыққа батылдық, қайсарлық, ынталылық, табандылық, тәуекелшілік, ұстамдылық секілді жігер, қайрат дайындығы кіреді.Психологиялық дайындық әр түрлі әдістермен іске асады.
Тиянақты жаттығу әдісі - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен спортшыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіру.
Психикалық реттеу жаттығуларының әдісі - көңіл күйді көтеру, көңілдену, қиын - шылықтарды жеңуге ойша дайындалу, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну, келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу және т.б. әдіс-тәсілдер. Идеомоторлық жаттығулар әдісі - жаттығуларды ойша қайталау арқылы негізгі қимылдарға бар ықылас зейініңді аудару.
Спорттағы психодиагностика әдісі - КБС (К-көңіл күйі, Б-белсенділік, С-сергектік) әдістемесі бойынша еске сақтау, ықылас, қозғалыс жылдамдығын, алаңдаушылық деңгейін, көңіл-күй көрсеткіштерінің өзгеру деңгейінің әр түрлі аспаптар, тәсілдер арқылы анықтау.
Теориялық дайындық әдісі - спорт - шыларды дайындайтын заңдылықтарын, олардың әдістемелерін үйрену. Теориялық дайындықсыз дайындықтың басқа жақтарын іске асыру мүмкін емес. Спортшы, сонымен қатар, арнайы дәрістерді тыңдап, спорт туралы жазылған ғылыми-әдістемелік, көркем, тарихи әдебиеттерді оқып, кинофильмдер көріп білімін дамытып отырғаны жөн.
Спортшыны спорт түрінен дайындау жүйесінде теориялық дайындықтың маңызы ерекше спортшы теориялық ақпараттарды көп білген сайын, спорттағы жетістіктер тезірек жоғарылайды. Теориялық білім спортшыға спорттық жетістіктерге жылдам жетуге ғана емес, күнделікті өмірде де, маңайындағы адамдарды салауатты өмір салтына насихаттауда да қажет болады.
Теориялық дайындық бағдарламасы кең көлемде болғаны дұрыс. Ол мынандай бөлімдерге бөлінеді:
1.Дене мәдениеті мен спорттың Қазақстанда дамуы, қоғамдағы рөлі.
2. Спорт түрінің пайда болуы, дамуы, қазіргі жағдайы.
3. Дене жаттығуларының адам ағзасына әсері.
4.Спортшының гигиенасы, тамақтануы, шынығуы, күн тәртібі туралы мағлұматтар.
5. Дәрігерлік бақылау өзін-өзі бақылау, жарақаттарды болдырмау, емделе білу жолдары мен спорттық массаж.
6. Спорттық жаттықтырудың негізгі әдістемелері.
7. Спортшының жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы.
8. Спортшының техникасы, тактикасы және оларды жетілдіру әдістері.
9. Спорттық жаттықтыруды жоспарлау.
10. Спорт түрінен өткізілетін жарыс ережесі.
Жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жету үшін спортшы көп жылдар бойы 10 жылдан артық мөлшерде үзіліссіз жаттығуы керек. Сонымен қатар менің пікірім бойынша спортшыларды отаншылшылдыққа тәрбиелеу басты мақсат болса, отаншылдық сана, отаншылдық сезім, отаншылдық іс-әрекет, отаншылдыққа өзін-өзі тәрбиелеу оның бас - ты бағыттарын құрайды. Ал оның міндеттері өсіп келе жатқан жас буындардың ар, ұждан, намыс, құрмет, сүйіспеншілік сана-сезімін ояту, орнықтыру әрекеттерімен анықталуға тиіс. Осылардың барлығы жинақталып тұлғаны ерлік, батырлық, қайырымдылық, мейірімділік секілді ізгі істерден көрініс бермек. Спортшылардың отансүйгіштігін қалыптастырудағы қазақ балуандары ерлігін, өмірінің маңыздылығын терең түсінеді, оларға тұрақты қызығушылық тудырады және оны эмоциялы түрде қабылдайды, халық педагогикасы құндылықтары негізінде терең білім алады және патриоттық тәрбие ісінде оның маңызын толық сезінеді, патриоттық сипаттағы мазмұнды еркін талдайды, талқылау барысында өз позициясын дәйекті түрде қорғайды, мемлекеттік рәміздерге терең құрмет көрсетеді.
СПОРТШЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ
а) Психиканы жарыс жағдайына адаптация - лау.
ә) Күшті спортшылардың концентрация, көздеу техникасы, психологиялық дайындығынан мысалдар келтіру. Оқушыларға берілген тапсырма бойынша мәліметтер жинақталып, өздеріне ұнаған мысалдарды ортаға салу.
б) Аутотренинг. Аутотренинг жарысқа дейін біраз уақыт бұрын жасалады. Егер жарысқа аз ғана уақыт қалған болса, онда да жақсы эффект береді.
Толық босаңсу жағдайына келу. Алда болатын жарысты анық әрі дәл елестету үшін жарыс алаңы туралы толық ақпарат жинау қажет. Егер мүмкіндік болса сол жерге бару керек немесе фото-бейне материал арқылы немесе сөзбен жеткізу қажет.
Жарыс алаңын көзге елестету арқылы сол жердің жағдайына бой үйретіледі. Одан соң спортшының психологиялық күйіне кері әсер етіп тепе-теңдіктен шығаратын сәттер қағазға түсіріледі. Олар пайда болу мүмкіндігіне және психикаға әсер ету күшіне қарай жіктеледі. Содан соң осы факторларды ескере отырып, олармен жарыс кезінде болғандай етіп ойша бастан өткеріледі. Бұл жүректің жиі соғуына жеткілікті. Бірнеше жаттығудан кейін сіздің жарыс алаңына келуіңіз сіздің жай-күйіңізге ешқандай әсер етпейтінін байқайсыз, жүрегіңіз тыныш соғатын болады.
Бұл жағдайға байланысты адаптация жасалды деп айтуға болады, сондықтан келесі пунктке көшеміз: мәселен садақ атуды алайық, бірінші есептік ату және ары қарай. Уақыттың көбі мейлінше мүмкін боларлық факторларға беріледі. Соның бірі - әрине 10-ға көбірек тию. Егер сіз көңіл-күйіңізді жоғары нәтижеге келтірсеңіз, онда көп оғыңыздың ондыққа тию мүмкіндігі артады да, сіз бұған дайын болуыңыз қажет. Жарыс жағдайын модельдеу кезінде ең бастысы сәл ғана қозу пайда болғаны дұрыс, содан соң осы күйде атысты елестетеміз. Жай ғана атысты емес, атап айтқанда дұрыс атудың бұлшық ет сезімін. Бұл жаттығулардың пайдасы мынада, спортшының психикасы жаттығып, одан әрі алдағы жұмысты табысты орындауға бағдарламаланады.
Жаттығулардың максаттары орындалу үшін алдымен мынадай мәселелер шешілуге тиісті:
1. Өзі таңдаған спорт түрінің әдістері мен жаттығу тәсілдерін үйрену.
2. Адам ағзасының мүмкіншілігін жетілдіру жолында алға қойған мақсаттарды орындау.
3. Психиканы кемелдендіру, дұрыс тәрбие алу, мінез-құлықты қалыптастыру, спорт саласындағы озық жетістіктерді үнемі пайдаланып отыру.
4. Ілімге сүйене отырып жаттығуларды пайдалы ұйымдастыра білу.
5. Жаттығулардың тиімділігін арттыру үнемі жақсы бапта болу. Осы мәселелердің жиынтығы жаттығулардың мазмұнын байы - тады, жоғары көрсеткіштерге жол ашады.
Психологияда спортшыға айтылу қажет сөздер: Мен СЕНІМДІМІН, Мен БАҚЫЛАЙМЫН, Мен БАТЫЛМЫН және тағы басқа да өзін өзі жігерлендіретін сөздер бар. Ал қажетсіз сөздер ҚОРЫҚ-паймын, ТОЛҚЫ-маймын деген сөздерді айтқан кезде, спортшы оны ҚОРҚУ, ТОЛҚУ деп қабылдау мұмкін.
Қорытындылай келе спортшы қоғамдық орында өзін-өзі ұстауға дағдыланып, тәртіптілікке, ұжымның мүддесін ойлау сезіміне тәрбиеленіп, басқа да , жақсы әдеттерді бойына сіңіру керек. Сонда ғана ол саналы азамат болып өседі деп айтқым келеді.
Cпорттың адамның жеке қасиеттерін, мінез-құлқын қалыптастыруға ықпалы
Спорт сұлулығы, атап айтқанда адамның сырт пішінінің дамуы ғана емес. Кейде мінез-құлықты, ұстамдықты, парасаттықты сынайтын қиын сәттерде мұндай сұлу денелер аянышты жағдайда қалады. Батысты бұлшық еттерді күшті дамытуды үгіттейді. Ал ауыр атлеттермен сайыста олар сұлулықтың жарысында қандай жүлде алып жүрген культурист болса да жеңіліп қалады. Себебі олар бір жақты дамығандықтан, ауыр салмақты атлеттердей төзімді бола алмайды. Спортпен айналысуда бәрінен бұрын өзін-өзі білуі, өзінің оңды және теріс жақтарын көре білуі өз мінез-құлқын қалыптастырудағы алғашқы қадамы болып саналады. Спорт пен дене тәрбиесі пәнінің өзгешелігі адам санасына, сезіміне, ерік-жігеріне және мінезіне жан-жақты әсер етеді.
Қазіргі кезеңдегі дене тәрбиесі адамдарда жоғары еңбек сүйгіштікті, өзін-өзі ұстай білу дәрежесін, өзіндегі жағымсыз әдеттерді баса білу, алдына қойған мақсатқа жету жолындағы қиыншылықтырды табандылықпен жеңуді талап етеді. Бұл тұрғыда спорт жарыстарының маңызы да зор.
Дене тәрбиесі мен спорт - шұғылданушылардың қызмет алдын ұйымдастыруда тек нақтылы дағдыларды, әдептерді ғана өндіріп қоймайды, сонымен бірге жеке тұлғаның бүтіндей қалыптасуын, яғни түйсік, сезім, ерік және басқа да психикалық құбылысты қамтамасыз етеді. Дене тәрбиесі жүйесінде іс жүзіндегі үйретуде этикалық өлшемдердің сақталуын қозғалыс әрекеттері арқылы іске асады. Дене тәрбиесінің ерекшелік құрамының бар жиынтығы- гимнастика, ойын, туризм, сонымен бірге бұл саладағы педагогикалық ұйымдастыру шұғылданушыларды этикалық өлшемдер мен ерік-жігер сапаларын мақсатты бағытта дамытуға үйретеді. Дұрыс өнегелік мінез-құлық әрекеттердің, дағдылардың белгілі бір жүйесін жаттықтыру үшін оны дұрыс, жағымды әрекеттер мен істерді қызметтің нақтылы жағдайында көп рет қайталау керек. Мұндай жағдай, мысалы, әр спорт түрінде белгілі бір жарысқа қатысу тәртібі спортшыларға талап қою, олардың міндеті мен құқығы, сонымен бірге тәртіп бұзушылыққа байланысты шара көру болып табылады. Егер жаттықтырушы спортшыдан жаттығуда қалыптасқан ережені табандылықпен талап етсе, онда спортшының мінез-құлқы жақсы көрсеткіш көрсетіп, жарыс барысында тәрбиелік бағытта сипат алады.
Ережелер мен талаптарды сапалы түрде ең алдымен жаттығу сабақтарында, ал содан кейін сайыстарда орындау спортшының іс жүзінде өзін ұстай білуге, мінез-құлқын дағдыландырады.
Дене тәрбиесімен шұғылданушының адамгершілік бейнесін қалыптастыру жүйесі барлық кезде дұрыс бола бермейді.
Дене шынықтыру мен спорттық сайыстың ерекшелігінде қарсылық бағыттағы өз мүддесіне тартушылық ұмтылыс қызығушылық жиі пайда болады. Кейбір шұғылданушылардың өзін ұстай болу қабілетінің болмауы спорттық этика талаптарына қайшы қылықтарға ұрындырады. Мысалы, ұтылған спортшы жеңімпаз қарсыласының қолын алудан бас тартып, спорттық этика ережесін өрескел бұзады. Мұндай қылықтардың алдын алу және болдырмау үшін жүйелі түрде педагогикалық әсер етуді, оның ішінде тәжірибелік үйрету әдісін қолдану қажет. Мұндай әсер ету жүйесінде іс-жүзіндегі үйрету негізгі орын алады, өйткені онысыз мінез-құлық тәртіптік дағдыларын, қарапайым адамгершілік өлшемдерін, әрине мінездің ерік-жігер сипатын шынықтыруды қалыптастыру мүмкін емес. Дене тәрбиесінің ұйымдастыру барысында іс жүзінде тікелей үйретуде қиыншылықтарды жеңу, қозғалысқа үйрету негізінде және дене сапаларын тәрбиелеуде іске асады. Дене қабілеттерінің дамуымен және әдістік-тәсілдік шеберлігінің өсуімен бірге ерік-жігер нағылда, өз күшіне сенушілік артады.
Педагогикалық тәжірибе және арнайы ғылыми зерттеулер көрсеткендей шұғылданушының мінез-құлқын әр түрлі әдістермен жаттықтыруға болады. Мысалы:
- Жаттығуда жүйелі түрде қиындықтар мен жүктемені арттыру.
- Жаттығу сабақтарында шұғылданушыларды жарыстық жағдайда әрекет жасауға үйрету.
- Батылдықты, шешімділікті, тәуекелге барып елеулі ерік-жігерге күш салуды талап ететін дене жаттығуларын кең пайдалану.
- Күште, жылдамдықта, шыдамдылықта өте жоғары көрсеткішке жетуге ұмтылу.
Шұғылданушының жеке қасиеттерін, мінез-құлқын тәрбиелеу әдістері барлық уақытта түйсігінде жағымды немесе теріс, ұнамсыз сезім қалдырады. Жағымды әсер ету үлгісіне педагоктың мадақтауы, яғни шұғылданушылардың жағымды әрекеттерін бекітіп, арттыру негізінде олардың мінез-құлқында сәйкес әдет, дағдылары мен этикалық өлшемдері туралы дұрыс ұғымды қалыптастыру болып табылады. Мадақтау сонымен бірге шұғылданушыларды осындай жақсы әдет, этика талап өлшемдерін қайталауға қызмет етеді.
Керісінше уылту, бетіне басу түріндегі педагоктың әсер етуі шұғылданушылардың көңіл-күйіне жағымсыз сезім туғызу арқылы жағымсыз қылықтарды қайталамауға жұмылдырады.
Жаттығу мен жарыс процестерінің мақсаты, міндеттері мен уәждері
Жаттығу процестеріндегі психикалық жүйелер динамикасы мен жиілігін көрсететін факторлар. Жаттығудың негізгі психикалық күйлері. Жарыс кезіндегі психикалық күйлерге әсер етуші стрестердің сипаттамасы. Жарыс кезіндегі психикалық күйлер. Жаттығу, жарыс алдындағы, жарыс кезіндегі және жарыстан кейінгі психикалық өзгерту әсерінен пайда болатын эмоциялық қозудың динамикасы. Стрестің теориясы мен Нерк-Додсон заңын спорт іс әрекетінде қолдану. Дене тәрбиесіндегі танымдылық процестер мен психологиялық қасиеттердің дамуы. Дене тәрбиесі арқылы оқушылардың эмоциялық - еріктік сферасын дамыту. Дене шынықтыру сабақтарындағы еріктік қасиеттерді дамытудың объективті және субъективті себептері.
Қимылды жетілдірудің психикалық негізі. Қимылды жетілдірудің психикалық негізі. Психикалық процестер (көру, есту, сипап сезу, бұлшық ет қимыл түсініктері, қабылдау, елестету, ойлау, зейін), психомоторлық реакциялар - қимылды басқарудағы дәлдік, жиілілік, сенімділік сақтаудың ең негізгі факторы қимыл амалдарын реттеудің контурлары. Әр түрлі спорт түрлерінде түйсік, қабылдау, олардың заңдылықтары мен ерекшеліктерін арнайы дамыту. Идеоноторлық жаттығудың қолдану мүмкіншіліктері.
Жаттығу процестеріндегі психикалық жүйелер динамикасы мен жиілігін көрсететін факторлар. Жаттығудың негізгі психикалық күйлері. Жарыс кезіндегі психикалық күйлерге әсер етуші стрестердің сипаттамасы. Жарыс кезіндегі психикалық күйлер. Жаттығу, жарыс алдындағы, жарыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спортшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері
Спортшының психологиялық дайындық принциптері
Спорттық жаттығу әдістері
Жарыс кезіндегі боксшының психологиялық дайындығын шыңдау
Жастардың отбасылық өмірге дайындық мәселесін зерттеу
Мамандық таңдауға дайындығы және кәсіби ниеті
Мектепте оқуға психологиялық дайындық жолдары
Спорттық жаттықтыру әдістері
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫ МЕКТЕПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚБІЛІМДІК ІС-ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ
Жарысқа қатысудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру ерекшеліктері
Пәндер