Еңбек нарығы және еңбек биржасы



Ж О С П А Р

Кіріспе
I. Еңбек және еңбек қатынастары
Еңбек туралы ұғым және оның тарихи дамуы
Нарықты экономика кезеңіндегі еңбек және еңбек қатынастары
Еңбек процесі және оның түрлері
II. Еңбек нарығы және еңбек биржасы
Еңбек рыногы: қызметі және жүргізу механизмі
Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы
Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметі
III. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қалыптасуы
Қазақстандағы еңбек нарығы және оның жұмыс істеуі
Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу ерекшеліктері
Жамбыл облысы бойынша еңбек нарығына баға беру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын, қызметін және оның нәтижесін зерттейтін жұмыс берушілер мен жұмыс алушылар арасындағы қатынастардың әр түрлі факторлардың әсер етуіне байланысты өзгеруі, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтік - еңбек қатынастарына тиетін ықпалын зерттейтін ғылыми сала.
Еңбек рыногында жұмыс күші бір жағынан сатылады,ал екінші жағы оны сатып алады.Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық.Жұмыс күші дегеніміз - адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланады.Жұмыс күші деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылы еңбекте пайдаланатын қабілеттері.Бұл ұғымға жұмыс ісдеген жұмыссыздардың және де жақын болашақта жалданатын еңбнк резервтер қатарына жататын адамдардың еңбектену қабілеттері жатады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті әр түрлі болады,алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан,жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет бағаланады,белгілі кәсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге,тіршілікке қажет заттарға айырбасталынады.Еңбек рыногы дегеніміз “жұмыс істеп жүрген” жұмыс күші рыногы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен,жұмыс күшті белгілі бір уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау,сату-сатып алу обьекті ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі,басқаша айтқанда,іске қосылған жұмыс күші болмақ.
Қазақстанда еңбек рыногы бөліктері көзге көрінгенмен, әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған. Бұл аталған елдердің өзінде
. Абдуллаев Ә. Экономикалық теория “ҚазБаспа-КТ” Алматы, 2004ж 166 б.
2.Әубәкіров Ә.Я., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П.
Экономикалық теория негіздері “Қазақ университеті” Алматы 1999
3. Әубәкіров Ә.Я. Экономикалық теория негіздері “Эверо”Алматы 2004
4. Бейсенова М.У. Кәсіпорын экономикасы “Ғылым” Алматы 2002, 84 б
5. Жұмамбаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы “Қазақ университеті” Алматы
“Қазақ университеті” Алматы 2003, 5-11 б
6. Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы “Экономика” Алматы 2002,
109 б
7. Сахариев С.С., Сахариева А.С. Жаңа кезең-экономикалық теориясы
“Дәнекер” Алматы 2004
8.Сәлімбаева Б.Қ., Досхожаев Д.Т. Еңбекті мөлшерлеу “Экономика” Алматы
2001
9. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы “Экономика”
Алматы 2003 , 252 бет.
10. Мауленов С.С. Экономикалық теория “Экономика” Алматы 2003, 194 б
11. Крымова В. Экономикалық теория “Арқайым” Алматы 2006 120 б
12. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов б.А.,Байжомартов Ү.С.,
Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория “А-Полиграфия” Ақтөбе 2004
Қосымша:
13. Атқарылған жұмыс аз емес, алда-асқаралы міндеттер Ақ жол
14.Әкімбекова Ш.У. Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу ерекшеліктері
Жаршы - 2005 №5 - 4 бет
15. Оразова Б.Б. Еңбек ресурстарының жағдайы мен халықты жұмыспен қамту мәселелерінің қазақстандағы ерекшеліктері Жаршы- 2005 №11-3 -7бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

Кіріспе
I. Еңбек және еңбек қатынастары
1. Еңбек туралы ұғым және оның тарихи дамуы
2. Нарықты экономика кезеңіндегі еңбек және еңбек қатынастары
3. Еңбек процесі және оның түрлері
II. Еңбек нарығы және еңбек биржасы
1. Еңбек рыногы: қызметі және жүргізу механизмі
2. Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы
3. Еңбек биржасы және оның атқаратын қызметі
III. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қалыптасуы
1. Қазақстандағы еңбек нарығы және оның жұмыс істеуі
2. Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу ерекшеліктері
3. Жамбыл облысы бойынша еңбек нарығына баға беру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай
ұйымдастырылғанын, қызметін және оның нәтижесін зерттейтін жұмыс берушілер
мен жұмыс алушылар арасындағы қатынастардың әр түрлі факторлардың әсер
етуіне байланысты өзгеруі, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының
әлеуметтік - еңбек қатынастарына тиетін ықпалын зерттейтін ғылыми сала.
Еңбек рыногында жұмыс күші бір жағынан сатылады,ал екінші
жағы оны сатып алады.Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық.Жұмыс
күші дегеніміз - адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол
материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланады.Жұмыс күші деген
ұғым тек экономикада жалданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылы еңбекте
пайдаланатын қабілеттері.Бұл ұғымға жұмыс ісдеген жұмыссыздардың және де
жақын болашақта жалданатын еңбнк резервтер қатарына жататын адамдардың
еңбектену қабілеттері жатады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті әр түрлі
болады,алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды.
Сондықтан,жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет бағаланады,белгілі кәсіп
жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге,тіршілікке қажет
заттарға айырбасталынады.Еңбек рыногы дегеніміз “жұмыс істеп жүрген” жұмыс
күші рыногы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік
қабілет пен оны бағалаумен,жұмыс күшті белгілі бір уақыт ішінде пайдалану
қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау,сату-сатып алу обьекті
ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі,басқаша айтқанда,іске
қосылған жұмыс күші болмақ.
Қазақстанда еңбек рыногы бөліктері көзге көрінгенмен, әлі де
болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған. Бұл аталған елдердің
өзінде еңбек рыногы механизмінің бөліктерінің бір-бірімен үйлесуінде біраз
айырмашылықтар бар. Осының нәтижесінде еңбек рыногының көп түрлері мен
модельдерін ажыратуға болады. Еңбек ресурстарының құрылуының
ерекшеліктерін зерттеу, жұмыспен қамтылуының тиімсіздігі мен төмендеуінің
себептерін анықтау, жұмыспен қамту құрылымының тиімді ізденістер
жасалуы. Еңбек нарығындағы жағдай еңбек ресурстарының құрылымымен
сипатталады, еңбек сұранысы мен бәсекелестігінен тұрады. Қызіргі таңдағы
еңбек ресурстарының жұмыспен қамтылуын талдау жұмысбастылықтың түрлері
бойынша топтастырылады.
Кустық жұмыстың мақсаты - еңбекке қамту мәселелері, еңбек
ресурстарын дамыту, халықтың табиғи өсім жолдары, оның өңірлік
ерекшеліктерін қарастыру. Халықтың экономикалық белсенді және белсенді емес
бөліктері сипатталып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға әсер ететін
факторлар келтірілген. Шаруашылық жүргізу формаларының өзгеруіне байланысты
халықтың жұмыспен қамтылуындағы сапалы өзгерістер баяндалған.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Еңбек және еңбек қатынастары;
I. Еңбек нарығы және еңбек биржасы;
II. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қалыптасуы.

I. ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ

1.1. Еңбек туралы ұғым және оның тарихи дамуы

Еңбек адамның өз қажетерін қанағаттандыру үшін табиғат
заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімделуге бағытталған
мақсатқа сай істелетін қызметі, қоғамның өмір сүруінің негізі,адамзат
тіршілігінің мәңгілік табиғи шарты.Еңбек адамның өзін қалыптастыруда шешулі
роль атқарады.
Еңбек процесінің жәй мезеттері-мақсатқа сай қызмет яғни
еңбектің өзі,еңбек заттары мен еңбек құрал-жабдықтары.Еңбек құрал-
жабдығының жәрдемімен адам өзінің еңбек заттарына ықпал етеді. Еңбек
заттары мен еңбек құрал-жабдықтарының жиынтаға өндіріс құрал-жабдықтарын
құрайды.
Еңбек процесі басталуы үшін өндіріс құрал-жабдығын жұмыс күшімен қосу
керек. Жұмыс күші дегеніміз-адамның еңбекке қабілеті және рухани күштерінің
жиынтығы, адам соның арқасында материалдық және рухани игіліктерді
өндіреді.
Еңбек туралы ұғым көптеген авторлардың ғылыми еңбектерінде
оқулықтарында келтірілген.Қай кезде болса да,еңбекке жарамды адам міндетті
түрде еңбек етуге тиіс болған,егер еңбек етпейтін болса,олар арамтамақ
болып есептелген.Өз еңбегімен тапқан табыс зейнетті де еңбектенбей табылған
табысты жұғымсыз деп санаған.Сонымен еңбекті мөлшерлеу деген не?
Мыңдаған жылдар бойы қоғамның төменгі қатарындағы адамдар
тәулігіне 12-15сағат жұмыс істеп тапқан материалдық игілігі үшін алған
шамалы сыйақысын қанағат етті.Ал ғылым,мәдениет саласымен тек қана
ақсұйектер,шіркеу қызметкерлері және көпес балалары ғана айналысқан.
Қоғамның талабына қарай еңбекте әр тарапқа бөлінген .

Кейбір ғылыми деректерде еңбек адам қызметінің негізгі үш
белгісінен тұратынын келтіреді;өз әрекетін ұғыну, энергиялық шығын,
берілген пайдалы нәтижені қоғамдық тану.
Өз әрекетін ұғыну-адам әрекет етпес бұрын алдымен оның
жобасын өз ойында түйіндейді де, содан соң өмірге бейімделуге кіріседі.
Энергиялық шығын –бір істі орындау үшін еңбек әрекетіне
қосымша ой және дене энергиясын жұмсайды.Осыған,орай,еңбек-жұмысқа кеткен
үстеме қуаттың шығыны.
Еңбектің нәтижесі-еңбек өзінің беретін нәтижесімен
сипатталады. Әр еңбектің қорытынды жиынтығы болуы қажет және ол қоғамға
белгілі болып танылуы тиіс.Еңбек өзіндік және қоғамдық болады да,
қоғамдық еңбек төлнмді болып келеді.Сонымен қатар,пайдалы еңбек және
пайдасыз болады.
Еңбек туралы ғылым ХIХ ғасырдың екінші жартысында ашық
жариялана бастаған.Оны бастаушылардың бірі американың белгілі инженері
Ф.У.Тейлор,көп жылғы зерттеулерінің басты проблемалары өндірістік
процестер,еңбек және басқару.Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы ”
Заңында :еңбек –адамдардың өмірі үшін қажатті материалдақ,рухани және басқа
да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі делінген.
Еңбек рыногы пайда болуы және іске кірісуі үшін ең кем
дегенде оның құрылымында мына бөліктер болуы қажет.
-еңбек рыногының субьектілері (жалданған еңбеккерлер мен және
олардың кәсіподағы, жұмыс берушілер және олардың одақтары, мемлекет және
оның органдары);
-субьектілер қабылдаған экономикалық бағдарламалар, шешімдер
мен заң нормалары;
-рынок механизмі (жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, оның
бағасы, бәсекелестік);
-жұмыссыздық және оға байланысты әлеуметтік төлемдер;
-рынок инфрақұрылымы;
Еңбек рыногының жоғарыда аталған бөліктері бірлесіп жұмыс
күшінне деген сұраныс пен оның ұсынысын теңестіруге, адамдардың еңбекке
және қызмет түрін ерік таңдау құқын іс жүзінде асыруға, белгілі
әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталады.

1.2. Нарықты экономика кезеңіндегі еңбек және еңбек қатынастары

Нарықты экономиканың және нарық қатынастарының ең маңызды
жағы адамдардың еңбек қызметтерін толасыз жандандыруында.Еңбектің
табиғаты,қоғам дамуындағы ролі өзгермесе де,әлеуметтік-экономикалық және
қоғамдық-саяси сипаты жағынан байланыссыз болса да, нарықтық экономика
кезеңінде еңбек қатынастарды, еңбекті басқару ,еңбекті қолдау түбегейлі
өзгереді.Егер нарық қатынастары еңбек әлеуетінің нәтижелігіне,еңбек
өнімділігінің сапасына, адамдардың еңбекке деген көзқарасының өзгеруіне
әсерін тигізбейтін болса,онда нарықты экономика өзінің жоғары деңгейлі
мәнін жоғалтқан болар еді.
Нарықты экономика кезеңінде адамның кез-келген еңбек
қызметі,атап айтқанда,ой-қуаты,энергиясы, уақыт шығындары нысанына,жұмыстың
тәсіліне қарамай еңбек болып есептеледі. Еңбек қатынастарында еңбек уәжін
де атап айту қажет.
Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы ” Заңында: “еңбек
қатынастары-тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық киарттар негізінде
белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші
мен қызметкер арасындағы қатынастар”,- делінген.
Адамның алдына қойған мақсаты,оны ынталандыратын уәждер зор
роль атқарады,олардың бастысы еңбекті,жұмыс күшін ақшалай бағалау,еңбек
қатынастарын реттеу.
Сонымен қатар,нарықты экономика еңбек рыногымен жұмыс
күшінің қажеттілігінен туындайды. Қызметкерлер жұмыс күшін өздері жұмыс
берушілерге сата алады. Олар рынокта еңбегін мамандығына, талабына,
сапасына, еңбек қабілетіне, біліктілігіне қарай бағалайды.Рынок
болса,сұранысқа байланысты жұмыс күшінің бағасын төмендетуге тырысады. Ал
адам жұмыс күшінің иесі ретінде, бәсекелестік кең жайылған шақта сапасын,
жұмыс қабілеттілігін, мамандығын жоғарлатуға тырысады. Олай болмаған күнде
жұмыссыздар санының көбейю қаупі туады.
Нарық жалдау қатынастарын да қарастырады, одан барып жұмысқа
орналасу проблемасы туады. Жалдайтын жақ жалданатын жұмыскерлерге
қойылатын талаптарында: өзіне қажеттілігіне, оның жай күйіне, біліктілік-
мамандық деңгейіне, жынысы,жасы сипаттамасына, моральды-психологиялық
мінездемесіне қарай қабылдайды. Жалданатын жақ төленетін еңбекақы
деңгейіне, еңбек жағдайларына, жұмыс орнының мамандығына сай келуіне,
еңбектің бағалылығына, жұмыстың сапалық-психологиялық ахуалына,
басқарушының мәдениеттілігіне қакрай зерделейді. Егер сұраныс пен ұсыныс
дәлме-дәл келсе жал туралы келісім шешіледі.
Еңбек қызметі процесінде еңбек қатынастары өзара келісім-шарт
арқылы реттеледі. Өзара шарт-бұл жалдаушы мен жалданушы арасындағы қысқа
мерзімге тұжырымдалатын келісім. Егер өзара шартта көрсетілген талаптар
орындалмайтын болса келіспейтін жақ тоқтатуына болады.
Еңбек қатынастарындағы өзара шарттық бәсекелестік пен қатар
тапшылықтың жұмыс орнын қамту нарық экономикасының тұтқасы. Мұның өзі
қызметкерлердің еңбек өнімділігінің өсуіне, жоғары нәтижеге жетуіне, оның
еңбек ұжымының және жалданушының алдында жауапкершілігін күшейтуіне
әсерін тигізуі ықтимал. Егер екі жақ бір-біріне сенімділік білдірсе өзара
шартты ұзартуына, тіпті өмірлік шарт жасасуға болады. Әлеуметтік
–экономикалық саладағы нарық қатынастарының қалыптасуы мыныларды
білдіреді:
-жұмыс күшінің іс жүзінде тауарға айналуы;
-меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешклендіру жолымен
өндірушінің одан оқшаулануын жою;
-жұмыспен қамту мәртебесін өзгерту (жұмыс берушілердің,
жалдамалы жұмысшылардың және халықтың басқа да топтарының пайда болуы);
-еңбекке ақы төлеуді қалыптастыруда жұмыс күшінің “құн ”
және “баға” деген категорияларын пайдалану;
-жұмысшыларды жалдау жүйесінде жаңа формалардың пайда болуы
(келісім-шарттар, уақытша еңбек келісімдері ж.б.);
-үш жақты келісімдер негізінде әлеуметтік-еңбек
қатынастарының құрылуы (Үкіметтің, кәсіподақтардың, Кәсіпкерлер одағының
бас келісімі);
-заңдық-құқықтық базаны жетілдіру, жұмыссыздық бойынша
әлеуметтік қорғау және сақтандыру жүйелерінің қалыптасуы.

1.3. Еңбек процесі және оның түрлері

Еңбек рыногының екі түрін көрсетуге болады:
-біріншісі жұмыс күшінің территория жүзінде жылжуға
бейімделген яғни жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру
жолымен толтырады.Мұндай рынокты сыртқы рынок деп атайды.
-екіншісі еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына
бейімделген. Бұл рынокты кейде ішкі рынок деп атайды.
Рыноктың даму дәрежесіне қарай талдау мақсаты және де басқа
қолданылатын критерийлер бойынша рынокты әр түрлі сегменттерге бөлуге
болады. Мысалы: еңбек қатынасының тұрақтылығына қарай еңбек рыногын үш
секторға бөледі:
Бірінші сектор. Бұл секторда еңбеккерлер тұрақты және толық
уақыт жұмыс істейді, олардың жалақысы жоғары болып келеді. Қызметкерлердің
шеберлігін арттыруға, өндірісті басқаруға қатысуына жағдай жасалынады.
Жұмыс орнында озық технология қолданылады, кәсіподақ ролі күшті болып
келеді;
Екінші секторда адамдар жартылай жұмыспен қамтылады,
маусымдық жұмыс тараған, жұмыс орындары қарапайым және мәртебесі төмен,
еңбек ақы мардымсыз, әлеуметтік қорғау жүйесі жете дамыған, кәсіподақ орын
теппеген;
Үшінші сектор жұмыссыздарды біріктіреді.
Ғылыми-техникалық прогрестің кезеңінде экономикада және
еңбек рыногында маңызды өзгерістер болып жатыр.Қызметкерлердің кәсіптік
білімі дамуы, компьютерлік, информациялық технология материалдық
өндірісте және қазмет ету саласында жұмыс орнын қысқартып, жұмыссыздықты
көбейттіріп отыр. Осы жағдайда еңбеккерлер өз құқын қорғауды күшейте
түсті, үкімет пен жұмыс берушілерді өз талаптарына көндіруге мәжбүр
етті: жұмысты икемді графикпен істеу, әлеуметтік қорғау жүйесін күшейту,
жұмыстан босату тәртібін қатаңдату және т.б. Оның үстіне экономика
дамуының жаңа тенденциялары бұрынғы еңбек жағдайын реттеу шарттарына
қайшы келді, өмірге еңбекті ұйымдастыру және жалақы төлеудің жаңа
түрлері енді. Осының барлығы дүниеге жаңа түсінік –“еңбек рыногының
икемділігі ” түсінігін әкелді.
Еңбек рыногының икемділігі қазіргі өндіргіш күшінің даму
деңгейінің талабына жауап ретінде пайда болған құбылыс, экономиканы
дағдарыстан шығаруға, оның өсуіне, кәсіпорынның тиімділігін арттыруға,
еңбек потенциалын толық пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Жұмыскерлер еңбек затының түрін, нысанын, қасиеттерін
өзгерту үшін әр түрлі құрал-саймандар қолданады, соның арқасында белгілі
бір нәтижеге жетеді. Өндірістік процестің басты түрінің бірі еңбек
процесі.Еңбек процесі белгілерге қарай: еңбек заттарының сипатына және
еңбек өнімі, жұмысшылардың қызметтері, адамдардың еңбек затының
өзгеруіне қатыстылығына, еңбектің механикаландыру деңгейіне, еңбек
ауыртпалығына байланысты бөлінеді.
Еңбек заттарының сипаты және еңбек өнімі еңбек
процесінің екі түрінен тұрады: заттай – энергетикалық және ақпараттық
процестер.Заттай энергетикалық процестер жұмысшылар үшін шикі заттар,
бөлшектер, машиналар материалдар немесе энергия (электрлік, жылулық,
гидравликалық). Ақпараттық қызметкерлер үшін ақпарат (экономикалық,
технологиялық, конструкторлық).
Еңбек процестерін жұмысшылар мен қызметкерлердің атқаратын
міндеттерін саралау арқылы анықтау. Қазіргі кезде жұмысшылардың еңбек
процестерін негізгі және көмекші деп бөліп, жұмысшыларды: негізгі
жұмысшылар, көмекші жұмысшылар деп атайды. Негізгілерге өнім шығарумен
айналысатындар,ал көмекшіге- негізгі жұмысшылардың қызметі тоқталмауы
үшін қасымша жұмыстарды атқаратындар, мысалы, жөндеу, заттарды кешендеу,
топтау бақылау жатады. Сондықтан, еңбекті мөлшерлеу және ұйымдастыру
жайғысымы бойынша жұмысшыларды-өндірістік бөлімшенің негізгі
жұмысшылары, өндірістік бөлімшенің негізгі жұмысшылары, өндірістік
бөлімшенің көмекші жұмысшылары деп қарастыру қажет.
Сонымен, қатар, қызметкерлерді атқаратын міндеттеріне қарай
үш категорияға бөледі: басшылар, мамандар, техникалық орындаушылар.
Басшылардың міндеті кәсіпорындарды және олардың
бөлімшелерін басқару. Мамандар (инженерлер,экономистер,техниктер)-
ақпараттар дайындау. Техникалық орындаушылар –басшылардың жұмыстарына
қажетті жағдайлар жасау.
Жұмысшының еңбек затына әсерін тигізу деңгейіне қарай еңбек
процестері қолмен, машинамен, машинақолмен орындалатын және
автоматтандырылған процестер болып бөлінеді.
Қолмен (болып) орындалатын процестер деп берілген жұмыстарды
жұмысшылар (жұмысшылар тобы) толығымен қолмен немесе қосымша энергиямен ,
басқа да қол құралдарымен (пышақ, қайшы, балға, балта және т.б.) орындайтын
процестерді атаймыз. Мысалы, аралау,бөлшектерді жинау,
бояу, жөндеу және тағы сол сияқты.
Машинамен орындайтын процестер деп еңбек затының нысанын
өзгерту үшін адамның қатысуынсыз негізгі тәсілдер механизмдер көмегімен
орындалып, ал қосымша тәсілдерадамның қатысуымен орындалатын процестерді
айтады.
Машина-қолмен орындалатын процестер кезінде механизмдерден
атқарылатын, яғни еңбек заты механизмдерге жұмысшының жүргізуімен немесе
механизмдер жұмысшыға бағытталады.(матаны дайындау, жіп иіру,металл кесетін
станоктарда детальдерді өңдеу кезіндегі қолмен істелетін жұмыстар).
Автоматтандырылған процестер кезінде барлық негізгі тәсілдер
мен қосымша тәсілдер түгел немесе жартылай машинамен, механизмдермен
орындалады. Механизмдердің жұмыстарын басқару автоматтармен атқарылады.
Еңбек процестері ұйымдастырылуына байланысты
жекешеленген, топтастырылған, үздіксіз,үздікті, дүркін-дүркін болып
бөлінеді. Жекешеленген еңбек процестерінде жұмысшы өзіне тиісті қызметті
атқарады. Топтастырылған еңбек процестерінде жұмысшы тобы ьірдей
қызметті немесе әр түрлі тапсырманы бірігіп орындайды.
Үздіксіз процестер кезінде жұмысшының жұмыс уақыты үздіксіз
толығымен қолданылады да еңбек заты үздіксіз өнімнің басқа қажетті
нысанына өзгертіледі.Егер бұл талаптар орындалмайтын болса, онда ол үздікті
болып есептеледі. Үздікті процестер: кезеңдік және кезеңсңз процестертболып
бөлінеді. Кезеңдік процестер үздіктілік, қайталану сипатты және
технологиялық процестер ұзақтығы шамалы болады. Кезеңсіз процестерге
үдіктілік сипатты да, қайталану болмайды.

II. ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК БИРЖАСЫ

2.1. Еңбек рыногы: қызметі және жүргізу механизмі

Еңбек рыногы - бұл еңбек мөлшері және институттары ұдайы
өндірісті қамтушы жұмысшы күші және еңбекті пайдалануды көрсететін
экономикалық механизмдер жүйесі. Барлық рыноктағы сияқты, еңбек рыногында
да еңбекке ұсыныс және еңбектің анықталған түріне сұраныс құрылады.
Еңбек рыногы кез келген жағдай-шартта қызмет етеді. Қарапайым
шарты жетілген бәсеке. Оның рыноктық сипаттамасы:
-кәсіпорындарда саны көп болуы, керекті жалдама жұмысшыны
жалдау үшін өзара бәсекелеседі;
-жоғары дәрежелі мамандандырылған қажетті жалданушылардың
тетігі;
-еңбек рыногына бірде-бір жұмысшының немесе кәсіпорынның
күшті ықпалы жоқ;
Еңбекке сұраныс бағасы шектік еңбек өнімділігінен тұрады,
өнімнің көбеюі қосымша еңбек бірлігін жалдау нәтижесінде алады. Қосымша
жұмысшы жалдау нәтижесінде алынған қосымша өнімді шектелген өнім дейді.
Шектік өнімнен түскен табысты анықтау үшін шектік өнімді өнім бірлігі
бағасына көбейтеміз. Осы табыс шектік өнімнен түскен шектік табыс деп
аталады. Шектік өнім, әрбір қосымша жұмысшыны жалдағандығы өнім шығару
көлемінің өзгеруін көрсетеді.
Шектік өнімнен түскен табыс, төленетін еңбек ақыдан жоғары
болғанда ғана , қосымша жұмысшы жалдауға болады. Сондықтан жетілген
бәсәкелестік рыногында еңбекке сұраныс екі көрсеткішпен анықталады: жалақы
және шектік өнім құны.

Еңбек ұсынысы сұраныс сияқты, жалақы мөлшеріне байланысты,
бірақ байланысы басқаша. Ұсыныс қисығы еңбек ақы өскенде, еңбек ұсынысы
көбейгенін көрсетеді. Ал жалақы түссе,еңбек ұсынысы да түседі. (11-сурет).
Графикте -өсуші сызық.

Жалақы Еңбек ұсынысы.
ставкасы.

Жұмысбастылық көлемі.

Еңбек ұсынысы екі құбылыспен сипатталады: “орнын басу
әсері”, “табыс әсері”. Бұл жеке жұмысшының жалақысын көтергенде байқалады.
Еңбек ақының өсуі бегілі мезетте, еңбекке ұсынысты көбейтеді, бірақ
жоғары деңгейге жеткен кезде, одан ары қарай еңбек ақы өсумен қысқарады.
Жалақы көтерілуі еңбек ұсынысын өсіруге де, кемуге де әкеледі.
Себебі: жұмысқа жалданатын адам еңбек пен бос уақыт арасын
таңдайды. Жұмыс табыс табуға мүмкіндік береді, бірақ бос уақыттан
айырылады. Жалақы көтерілген кезде, жоғары төлейтін жұмыс үшін, бос
уақытты құрбандыққа шалып жұмысқа ден қояды. Нәтижесінде еңбек ұсынысы
өседі. Мұнда “орын басу әсері” көрінеді. Болашақта жалақының өсуі “табыс
әсеріне” жеткізеді, демек жоғарғы табыс еңбекті емес, бос уақытты
ынталандырады, осы жағдайда ең арзан тауар ретінде қаралады. Сондықтан
табыс өсуімен еңбек ұсынысы қысқарады.
Ұсыныспен сұраныстың қиылысқан жері, жалақының теңестірілген
деңгейін көрсетеді. Берілген жалақы деңгейі экономикада толық жұмыс
бастылықты тұрақтандырады. Еңбекке сұраныс еңбек ұсынысына тең.(12-
сурет). Егер жалақы деңгейі төмен дәне W1 тең болса, бұл жағдайда сұраныс
ұсыныстан көп болғаны және кәсіпорындарды жұмысшылар жетіспейді.
Кәсіпорын жұмыс күшін ұстау мақсатымен жалақыны көбейтеді.
Сол кезде адамның көбі жұмыс берушілерді аз жұмысшы жолдауға мәжбүр етеді.
Егер жалақы W2 деңгейіне жетсе, онда ұсыныс сұраныстан
артады. Сондықтан кәсіпкерлер мүкіндігінше төменгі жалақы ұсынумен бос
орынды толтары алады.
Жұмыс істеуге ынталанушы саны азаяды (ұсыныс төмен ), сонымен
қатар, кәсіпкерлер өз жалақы мөлшерімен көп жұмысшы санын жалдай алады
(сұраныс жоғары). Сол кезде жалақы деңгейі W0 тіреледі. Барлық кәсіпкер
бос орнын толтырады, ынталанушылар жұмыс табады. Еңбектің ұсынысы мен
сұранысы теңеседі (0 нүктеде)

W2
- - - - - - - - - - - - - - - - -
W0 0
- - - - - - - - - - - - - - - - -
W1
- - - - - - - - - - - - - - - - -

2.2. Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы
ынтасы, яғни талаптануы –тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында
ғана іске асырылатындығын көрсетті.еңбек нарығы дегеніміз-алдымен жұмыс
күшіне сұраным.Жұмыс күшін реттеу, оны-әкімшілдік- әміршілдік әдіске
қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек-бұл тиімді экономиканың
негізі. Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды
қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы –тұрғын-дарды толық,
бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру
ресурстарын бөлуге теңгермеушілікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде
қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы тежеді әкімшілдік -әміршілдік басқару
жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш
күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтандырылған жоспар
бойынша, өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырады. Жаңа
жұмыс орындарын жасау, еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санынан асып
кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Және
де, бұл кадрлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмнен қолдау алып
отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санына тәуелді болды,
олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төменділігінің және
жұмыскерлерді өндірісті негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа
жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді. Оның есесіне, жұмыскерге
белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақтылы кепілдік берілетін және оны
жұмыстан шығару ісжүзінде болмады. Соның нәтижесінде, жұмыс күшіне деген
сұраным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен
қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, оларды өздерінің жұмыс күшін
қолдануға мемлекет белгілеген еңбек нысаны шеңберінде ғана рұқсат
етілді.Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір
қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жүмыс іздеу ұмтылысы –қалада
төлқұжат түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан
шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты, әкімшілік механизмі
кедергілеріне тірелетін.Соның нәтижесінде еңбекті ауыстырудың экономикалық
заңы бұзылды. Оның мәні –адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін,
белсене жұмыс істеу сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына
еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.
Қазіргі жұмыспен қамтамасыз ету салаларында, өндіріске
қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында
елеулі қайшылықтар бар.
Мемлекеттің аймақтық саясатының ьасты мақсаты орналасқан
жерінің өзгешеліктеріне қарамастан халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз
ету. Экономикалық белсенді халық санының динамикасы, оның жұмыспен қамтылуы
және жұмыссыздық деңгейі аймақтың дамуының маңызды көрсеткіші ретінде
қарастырылады. Жұмыспен қамту саласындағы өзгерістердің тым шұғыл болуы,
аймақтық еңбек рыноктарындағы жағдайдың күрт шиеленісуі мемлекет тарапынан
реттегіш әрекеттерді күшейту қажеттілігін туғызып отыр.
Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту қатынастарын реттеу,
қалыптасқан және болатын үрдістерді ескере отырып дағдарыс жағдайындағы
аймақтарды анықтауда көздеуге тиіс. Бұл- біріншіден, аймақта экономиканы
реформалауды жеделдетуде алда жүрген жағдайдағы бастапқы және болашақтағы
мүмкіндіктерін бағалау үшін қажет.Екіншіден, маңызы басым бағыттарды
таңдай отырып жұмыспен қамту стратегиясын құру үшін қажет. Еңбек
нарығындағы және жұмыспен қамту саласындағы жағдайды бағалау қажеттілігі
облыстағы мүмкін әлеуметтік шиеленіс өзінің айқын көрінісін табатын
көрсеткішті таңдауды қажет етеді.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңарулар көп жағдайды көп
секторлы экономиканы қалыптастырудың жеделдетуіне, өндірістің салалық
құрылымдарының жаңаруына, нарық жүйесі мен нарықтық инфрақұрылымдар
қалыптастыруға байланысты. Сонымен бірге, жұмыспен шұғылданудың жаңа
формалары (дербес еңбек, кәсіпкерлік, жалдамалы еңбек) мен жұмыссыздық
пайда бола бастағанда халықтың нарық жағдайларына тез дағдылануы да
қажет.Сонымен қатар, жұмыссыздық мемлекеттің жұмыспен қамту қызметтері
тіркейтін есепті еңбек рыногында ғана емес, одан тысқары жерлерде де пайда
болады. Ол өндірісте толық емесжұмыс формасына ие болып, тоқтап тұрған
кәсіпорындарда жасырын жұмыссыздыққа, сондай-ақ, банкрот кәсіпорындарды ақы
төленбейтін жұмысқа айналады.
Жұмыспен қамту саласындағы еңбек рыногы мен нарықтық
жағдайлардың қалыптасуы жаңа тұжырымдамалық көзқарастардан туындаған
мақсатты стратегия белгілеуді қажет етеді. Осы орайда халықты жұмыспен
қамту тұжырымдамасының, яғни жұмыспен шұғылдану қарым-қатынастарын нарықтық
негізге көшіру көрініс табатын тұжырымдаманың жасалуы кездейсоқ емес.
Сонымен бірге экстенсивті, сондықтан да тиімділігі аз іс-қимылдардан бас
тарту мәселесі пайда болады, ал ол еңбек рыногының жаңа парадигмасына
көшуді талап етеді.
Еңбек рыногының жаңа парадигмасы қазіргі жағдайдағы нарық
жүйесінің қалыптасуы мен дамуының жаңа экономикалық парадигмасының
бөлінбес құрамдас бөлігі болуға тиіс. Жұмыспен шұғылдануды реформалау және
еңбек рыногының қалыптасуы экономикасы өтпелі елдерде жалпыэкономикалық
ахуалға байланысты айқындалады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру
Қаржы валюта нарығы
Жұмысбастылық пен жұмыссыздық
Халықаралық сауда теориясы туралы
Қазақстандық құнды қағаздар рыногының қалыптасуы
Қаржы және валюта нарықтары негізгі мәліметтер және қор биржасы
Халықаралық экономикалық қатынас
Еңбек биржасы мен жұмыссыздықтың теориялық мәселелері
Қазіргі замандағы еңбек нарығы
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Пәндер