А. Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі
Кезінде репрессияға ұшырап, мерт болған боздақтар қайта тірілді, сөнген жанып, жоғалған табылды. Алыптар қайта оралды. Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі құжаттар бойынша айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген.
Ахметтің “Өмірбаянында” көрсетуінше: мешін жылы, 1872 жылы туған, № 5 ауыл, Тосын болысы Торғай уезі. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық-зорлыққа шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз начальнигі Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние-мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу.
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдың 1 маусымынан бастап мұғалім болады: Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. Кейін екі сыныптық мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан

Кезінде репрессияға ұшырап, мерт болған боздақтар қайта тірілді,
сөнген жанып, жоғалған табылды. Алыптар қайта оралды. Тұтас буынның
төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты
ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды
ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі құжаттар бойынша
айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген
жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында
1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген.
Ахметтің “Өмірбаянында” көрсетуінше: мешін жылы, 1872 жылы туған, № 5
ауыл, Тосын болысы Торғай уезі. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған
сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін
тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде
жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық-зорлыққа шыдамай,
1885 жылы 12 қазанда ояз начальнигі Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның
арты – дүние-мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер
аударылу.
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары
әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі
ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі
сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік
мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдың 1 маусымынан бастап мұғалім болады:
Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік
күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық
білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. Кейін екі сыныптық
мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі
ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын
жинайды. Ел ішінде оқыған, еркін мінезді батыл ойшылдың бедел-атағы өсе
бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор
Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралыдағы екі сыныптық училищінің
меңгерушісі Ахмет 1909 жылы 1 шілде күні Семей абақтысына алынып, сотсыз,
үкімсіз, нақақтан нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп, торығады, қиналып
ширайды, күреске белді бекем буады. Бостандық аңсаған, күреске шақырған
өлеңдер жазады. Ақыры Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы
21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан
кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер
басталып кетеді. 1913-1918 жылдар арасында “Қазақ” газетінде редактор
болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан-
алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер-білімге
үндейді.
Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынов жаңа
өткел, соны өріс іздейді. Ұлт азаттығы жолындағы күрес басшыларының бірі
болады. Азапты толғаныс, күрес эволюциясынан өтіп барып, 1919 жылдың наурыз
айында бұрынғы ұлт интеллигенциясының кейбір өкілдерін өзімен бірге алып,
қазақ халқының мүддесі үшін қызмет етеді деген үмітпен Кеңес өкіметі жағына
өтеді – Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық Комитеттің
мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады. Республика халық ағарту
комиссары, Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінің мүшесі, Коммунистік
партия мүшесі (1920-1926 жылдар), Қазақстан академиялық орталығының
жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болады, сөйтіп
жаңа заман үшін күреске кіреді.
Арман ақталмайды. Кеңес өкіметі патшаның отаршылық саясатын
жалғастырады. Алаш зиялылары қуғынға түседі. Осылайша большевизм қылышынан
қан тамған кезеңде Ахмет Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып, абақтыға
қамалып, лагерь тепкісіне түсіп, ұзақ азап көріп, 1936 жылы қайтып
келгенмен, 1937 жылы тағы репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылды. Ұлы
жүректің ауыр тағдыры осындай, ал толық өмірбаянын жазу үшін көптеген архив
деректері, замандас естеліктері, тарихи материалдарға сүйену қажет. Қазіргі
қолда бар дүниелердің ішінде оның өзі орысша жазған “Жизнеописание” (1929,
8 наурыз), “Биография” (1929, 21 тамыз) деген материалдар айрықша бағалы.
Бұлар Алматы университеті архивінде сақталған.
Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік
істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана
емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше. Кезінде Ахмет
Байтұрсынов, оның ғылыми еңбектері туралы орыс ғалымдары проф. А.Смайлович,
Е.Поливанов бағалы пікірлер айтқан болатын.
Ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткерінің өмірі, шығармашылығы,
әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның туғанына
елу жыл толу мерейтойы тұсында жарияланды. “Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу
қоғамы еңбектерінде” (Орынбор, 1922) орыс тілінде екі мақала басылды.
М.Дулатовтың “Ахмет Байтұрсынұлы (биографиялық очерк)” мақаласындағы тарихи
фактілер, деректер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ақиқатқа
жүгінгенде, бұдан кейінгі уақыттарда А.Байтұрсынов өмірбаяны туралы жазған
авторлардың бәрі де осы еңбектің материалдарын пайдаланғанын көреміз.
Мақалада тұңғыш рет ақын, ғалым, публицист, қоғам қайраткерінің туған
уақыты, кіндік қаны тамған жері, ол ортаның басты сипаттары, білім алған
ошақтары, қызмет еткен орындары, әлеуметтік қызметтері, саяси-қоғамдық
көзқарастарының өзгеруі, сан алуан эволюциясы жан-жақты ашылып берілген. Ал
екінші мақалада А.Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерін, әсіресе тіл саласында
ендірген жаңалықтарын саралауға арналған.
Мәскеуде 1929 жылы “Коммунистік академия” баспасынан шыққан “Әдебиет
энциклопедиясының” 1-томында А.Байтұрсынов: “Аса көрнекті қазақ ақыны,
журналисі және педагогі... Ол – қазақ тілі емлесінің реформаторы,
грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы” деп
бағаланып, негізгі өмірбаяны беріледі, қоғамдық-әлеуметтік қызметі
айтылады.
Өз уақытының аласапыран құбылыстарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz