Студентердің контингентін автоматтандыру


Студентердің контингентін автоматтандыру

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. Негізгі бөлімі . . . 5
  2. Есептің берілгені . . . 7

2. 1. Программаның алгоритмі . . . 9

3. Программаның жазылуы . . . 12

4. Енгізілген мәліметтер және шыққан нәтиже . . . 15

Қорытынды . . . 16

Қолданылған әдебиеттер . . . 17

КІРІСПЕ

Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.

Автоматтандыру - техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану.

Онда:

1) технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік процестер;

2) Күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау;

3) Цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;

4) Ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау сапасын жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеулердің барлығы автоматтандырылады.

Жалпы автоматтандыру - адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие.

Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т. б. жүйелерді басқара алады.

Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан адамды босату.

Автоматтандыру - ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты.

Автоматтандырудың екінші бір пайдасы: уақытты үнемдейді және де басқаруды жеңілдетеді. Үлкен кешенді орындарды қолмен басқарудан гөрі оны автоматтандырған әлде қайда жеңіл.

Автоматтандыру дәрежесі - автоматтандыру құралдарын пайдаланып орындалатын операциялар мөлшерінің осы процесс операцияларының толық мөлшеріне қатынасымен анықталатын технологиялық процестің сипаттамасы.

1. Негізгі бөлімі

Үлкен оқу мекемелерінде студенттер жайлы мәліметтерді тез тауып, оны пайдалану үшін, мысалы бір студент жайлы мәлімет қажет болған жағдайда, қолдан басқарудың орнына оны автоматтандырған өте қолайлы .

Студенттер туралы автоматтандырылған анықтаманы жасау - еліміздегі жоғарғы оқу орындарының мыңдаған студенттер базасын кішкентай ғана компьютерлік бағдарламаға сыйғызу десе де болады. Университеттің әкімшілігі осыншама күрделі ақпарттарды осындай автоматтандырылған программалық қамтама арқылы реттеп отыр. Әрбір жаңа оқу жылының мәліметтері осы программаның қоймасына сақталып отырады. Осы деректерді қолданушылар оп-оңай қоймадан қажет кезде сұраныс беру арқылы ала алады. Мәліметтер көп болған сайын оны автоматтандырудың қажеттілігі арта береді.

Оқу орындарының ақпараттарын автоматтандырумен қамтамасыз ету статистикалық есептерді жасауға септігін тигізеді, мысалы нақты бір облыстан келген студенттердің статистикалық тізімін алу үшін міндетті түрде автоматтандырылған жүйе қажет. Әйтпесе бұндай сұранысты қанағаттандыру үшін көптеген қағаз-құжаттарды іздеуге тура келеді.

Жасалынған жоба студенттердің қандай да бір ретпен берілген тізімінен тұрады. Жобадағы берілген деректерді пайдаланып студент жөнінде толық мағлұматтарды алуға болады.

Автоматтандырылған жобаны қолдану, жоғары оқу орындарының студенттерінің жалпы тізімін алуға, олардың топтарын анықтауға мүмкіндік береді.

Автоматтандырылған жобаның тиімділігі: қажетті жұмыс күшін азайтып, шығынды төмендетеді, яғни бірнеше қызметкерге төленетін жалақы университеттің басқа салаларына жұмсалады; қажетті ақпаратты іздеу уақытын азайтады; алынатын ақпараттың дәл болуын қамтиды.

Студенттердің контингентін автоматтандырудағы біздің мақсатымыз: өте аз уақыт ішінде студенттер жайлы толық, нақты мәліметтерді алу.

2. Есептің берілгені

Студенттердің контингентін автоматтандыру, яғни студенттердің аты - жөні, қайдан келгендігі, жынысы, тобы, туылған жылы бойынша автоматтандыру .

Студенттердің контингентін автоматтандыру үшін бізге: фамилясы, туған жылы, келген жері, тобы, берілген. Міне, осы арқылы студент контингентін автоматтандырамыз.

Алгоритм бойынша шешу үшін Turbo Рascal тілін пайдаланамыз. Қандай да бір объектіге қатысты программаларда әртүрлі мәліметтерді жинақтап қарастыру жиі кездеседі. Осы есептегі енгізілетін мәліметтер де әртүрлі, мысалы студенттің аты-жөні символдардан құралған сөз, ал туылған жылы немесе тобы сандардан құралған. Мәліметтердің мұндай түрлері үшін Turbo Pascal тілінде арнайы типтер тағайындалған. Бірнеше типті мәліметтерді пайдалану үшін аралас типті мәліметтер қолданылады. Бұл типті Паскаль тілінде жазба деп атайды. Біз қарстыратын есепті шешу үшін осы жазба пайдаланылған. Жазбаның автоматтандыруға өте қолайлы екендігін есепті шығару барысында көруімізге болады.

Программа құрылымында жазба типі келесі түрде баяндалады:

TYPE NTYPE=RECORD

ID11, …, ID1N:TYPE_1;

IDK1, …, IDKN:TYPE_2

END;

Мұндағы TYPE, RECORD, END Паскаль тілінің түйінді сөздері. NTYPE - жазба атауы немесе идентификаторы. ID11, …, ID1N және т. б. IDKN - өрістердің идентификаторлары (атауы) .

Сонымен катар, Құрамды аттардың жазуын ықшамдау үшін WITH нұсқауын қолданған ыңғайлы. WITH нұсқауының жалпы түрі:

WITH R DО

P;

Мұндағы R - ол жазба типті айнымалының атауы. Р - ол Паскаль тілінің орындалатын нұсқаулары.

WITH нұсқауларын қолданғаннан кейін Р нұсқауларда R жазбаның өрістерін қолдана алады.

2. 1. Программаның алгоритмі

Программа түсініктемеден басталады. Екінші жолда program өзекті сөзінен кейін ZZZSTUD программасының аты жазылған. Келесі жолда экранды тазалауға арналған crt модулін шақырамыз. Содан соң n индефикаторы 5 тұрақты санын сипаттап тұр. Zzz белгісін сипаттаймыз. Программада жазба қолданылғандықтан type сипаттау бөлімі жазылады. Сипаттау бөлімі RECORD қызметші сөзінен басталып END қызметші сөзінен аяқталады. Бұл қызметші сөздердің араларына өрістің идентификаторлары келтіріледі.

Олар: FAMILIA - студенттердің аты-жөні. Ол мәтіндік шама болғандықтан string түйінді сөзі арқылы беріледі. Ол 255 таңбаға дейінгі мәтіндік шаманың түрі болып саналады, яғни string[30] дегеніміз, бұл мәтіндік шаманың тек 30 таңбадан тұратынын көрсетеді. Одан артық берсек қате болады. God - студенттердің туған жылы. Ол бүтін сан мәндеріне ие болғандықтан integer типімен сипатталады. Gruppa - студенттің оқитын тобының аты және нөмірі, ал oblast - студенттің келген жері қарайтын облысы. Бұлар да мәтіндік шама болғандықтан string сөзі арқылы сипатталады. Record және end қызметші сөздерінің арасында жалпы программада қолданылатын айнымалылар сипатталды.

Программада пайдаланылатын көмекші идентификаторлар Var түйінді сөзінен кейін жазылған, яғни айнымалылар бөлімінде сипатталған. Біздегі студенттердің саны көп болғандықтан оны массив түрінде аламыз. Мұндағы с - массив атауы, array [1. . n] of stud дегеніміз, сәйкесінше массивті белгілеу, оның бастапқы және соңғы элементтерінің индекстерін көрсету, ал of stud - осы массивтің stud типті екенін баяндайды. I - студенттердің саны, ал k - қажетті таңдауды іске асыратын батырмаға меншіктелген идентификаторы. I және k бүтін, нақты сандық шамалар болғандықтан integer типімен сипатталды. Z - сұранысты енгізуге арналған жол, ягни оны қолданушы енгізеді. Біздің тапсырмада бұл идентификатор арқылы сұратылатын облыс сипатталған, ал Z1 - осы Z-пен салыстырылатын Boolean логикалық типті барлық енгізілген облыстар.

Программаның 15-ші жолынан бастап Begin негізгі бөлімі келтірілген. Программа басталды. CLRSCR түйінді сөзі арқылы экранды тазалап writeln шығару операторы көмегімен жақша ішіне жазылған ‘Vvedite dannie’ сөзін экранға шығарамыз. For i:=1 to n do параметрлі қайталау операторы көмегімен 1-ші студенттен бастап n -ші, яғни соңғы студенке дейін with операторы көмегімен студентке қатысты барлық мәліметтерді енгізе бастайды, яғни олардың аты-жөні, туған жылы, келген облысы, тобы туралы ақпарат экранға шығарылады.

Zzz белгінсін орнату. Z1 идентификаторының мәнін жалған деп аламыз. Writeln шығару операторы арқылы 1. Spisok, 2. Oblast, 3. Vihod сөздерін экранға ретімен шығарамыз. Мұндағы 1. Spisok сөзі студенттер жөніндегі мәліметтерді тізім бойынша шығарады. 2. Oblast - студенттерді өзіңізге қажетті облыс бойынша шығарады. 3. Vihod - жалпы программадан шығады. ‘Vvedite 1 ili 2 ili 3’ сөзін writeln шығару операторы арқылы экранға шығарып, енгізілген k=1, 2 немес 3 санына сәйкес келетін орындалу бұйрығын орындау, яғни 1- студентердің тізімін экранға шығару, 2-нақты бір облыстан келген студенттерді шығару, 3-програмадан шығу. Бұны анықтау үшін шарт қоямыз.

If егер k=1 болса, яғни 1 батырмасын бассақ then онда clrscr экранды тазалап, for i:=1 to n do параметрлі қайталау операторы арқылы 1-ші студенттен бастап n соңғы студенке дейігі мәліметті тізім бойынша шығарып береді. Оны компьютерде түсінікті түрде көру үшін ‘familia’, ‘god’, ‘gruppa’, ‘oblast’ сөздерін экранға шығарамыз. Else әйтпесе кері жағдайда қайтадан қайталап шарт қоямыз. If егер k=2 болса, яғни 2-ші батырманы бассақ, then онда ‘Vvedite oblast’ сөзін экранға шығарамыз да z - студенттің облысын енгіземіз. for i:=1 to n do параметрлі қайталау операторы арқылы 1-ші студенттен бастап n соңғы студенке дейін деп алып, егер if c[i] . oblast=z шартын тексереміз, яғни енгізілген облыспен студенттердің облысын салыстырамыз. Егер қойылған шарт орындалса, онда табылған студент туралы мәліметтерді writeln шығару операторы арқылы ‘familia’, ‘god’, ‘gruppa’, ‘oblast’ сөздерін экранға шығарамыз.

Қайтадан шарт қоямыз. If егер біз енгізген мәлімет табылмаса, ягни z1=false болса, then онда мұндай облыс бойынша студент жоқ деген мәліметті шығару үшін writeln шығару операторы көмегімен ‘S etoi oblasti studenta net’ сөзін экранға шығарамыз. Else әйтпесе 3 батырмасын басу арқылы программадан шығамыз. Go to zzz белгісіне ораламыз.

End - программаның соңы. Студенттердин контингентин автоматтандыру аякталды.

3. Программаның жазылуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезде ХХІ ғасыр технологияның дамуы
Ғылымның негізі - кітапта
Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі
Студенттер контингентін автоматтандыру
Мәліметтер базасы түсінігі
Жергілікті есептеу торабтарын түрғызу негіздері
Оқыту технологиясы
Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы саласындағы тауар өндiрушiлерге қойылатын талаптар
Студенттердің академиялық үлгеріміне сараптама
«Деканат» - автоматтандырылған ақпараттық жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz