Саяси жүйелердің сипаттамасы


Тақырыбы: Саяси жүйелердің сипаттамасы. АҚШ, Ұлыбритания, Франция елдерінің саяси жүйелері.
Қабылдаған:
Орындаған: Тобы:
Шымкент 2010
Жоспар
I. Кіріспе
- Саяси жүйе ұғымы туралы
II. Негізгі бөлім
- Саяси жүйенің жіктелуі
- Саяси жүйенің құрылымы
- АҚШ
- Ұлыбритания
- Франция
III. Қорытынды
Саяси жүйе ұғымы туралы
"Жүйе" ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи (1901 -1972) . Ол бұл терминді клетканың сырткы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде карады. Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, барлық тұтастымен өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементгерінің талаптары на жауап қайтару арқасында дамиды.
Саяси жүйе төмендегідей кызметтерді атқарады:
1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесс көпшілік халыктың саяси билігін камтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, калыптарда бскітілген, яғни институционалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті зандар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.
2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың максат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінін әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаггарын айкындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.
3. Саяси жүйе қоғамда жинактаушылык, топтастырушылық кызметті атқарады. Ол ортақ әлеуметтік-саяси мақсаттар мен кұндылыктардынң айналасында барлық әлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді.
4. Экономиканың калыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс кұралдарына меншік түрлерін күқыктық тұрғыдан бекітеді, каржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүргізеді.
5. Коғамды, оның мүшелерін ішкі және сырткы бүліндіргіш әрекеттерден корғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сырткы агрессиядан (әскери. экономикалык, информациялык) және т. с. с,
Сонымен, қогамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, коғамда тұрақтылык пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара катынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады. Бұл жүйе саяси деп аталады. Себебі мемлекеттік істер алға қойған максатты, амал-әдістсрді, оларға жету жолдарын қамтитын арнайы жеке зерттелінетін шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар оны жүйе дейді. Өйткені оған мемлекеттен басқа мсмлекеттік билікке ықпал ету үшін басқалармен бәсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мәмілеге келетін мемлекеттік емес көптеген ұйымдар да кіреді. Бұл саяси катынастардың күрделі көрінісі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді.
Саяси жүйенің құрылымы
Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт болігін атайды: 1) саяси институттар; 2) саяси катынастар; 3) саяси ерсжелер; 4) саяси мәдениет. Соларға кысқаша сипаттама берелік.
Саяси институттарга (ұйымдар, мекемслер) мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т. б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттык, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т. с. с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, корғау үшін кұрылады.
Солардың ішіндегі ең негізгісі - мемлекет . Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын корғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары (әскер, сот, полиция, милиция және т. б) болады. Солардың көмегімен ол адамдардың жүріс-тұрыс, іс-әрекетін реттейді. Мемлекет коғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады.
Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең үлкен рөл атқаратындар - саяси партиялар . Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға, саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға ат салысады.
Қоғамның ең бұкаралық ұйымына кәсіптік одақтар жатады. Олардың ыкпалы әр елде әр түрлі. Біздін елімізде олар халык шаруашылығын өркендетудің маңызды міндеттерін шешуге каты-сады. Енбекшілердің, заңды талаптарын корғайды, еңбек занда-рынын. катаң сакталуын кадағалайды. Олардың денсаулығын сақ-тауға, мәдени-тұрмыстық қажетін өтеуге камқорлык жасайды. Тұрғын үйлерді бөлу, балабақшасына орналастыру, мектеп окушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарын бас-карады. Қазір оның ыкпалы төмендеп кетті.
Қоғамнын саяси жүйесіне діни ұйымдар да кіреді. Олардын рөлі, әсіресе, феодалдык, коғамда зор болды. Ол кезде олар аксүйектер билігін де өздсріне қараткысы келді. Сондықдан олар мемлекеттік билікпен катар өздерінің заң шығарушы, атқарушы, сот билігін де кұрды. Олардын ішіндегі ең озбыры католик шіркеуінін XIII ғасырда өздеріне карсыларды ерекше қатал кудалаған сот, полиция ұйымы - инквизиция еді. Олар 5 миллионға жуык адамды қугын-сүргінге салып, біразын тірідей отқа жағып жіберді. Капитализм кезінле дін орындарының әсері әлдеқайда бәсеңдеді, бірақ саяси өмірде ыкпалын тежеген жоқ. Бұрынғы Кенестер Одағы кезінде олар катты қудаланған болатын. Казіргі кезде жағдай өзгерді.
Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың ішінде мемлекет пен саяси партиялардың саяси жүйе тікелей қатынасы бар. Кәсіподақтар мен шіркеудің тура болмағанмен жанама катынасын байқаймыз. Олардың қатарына жастар одағын, еңбек ұжымдарын, коопера-тивтерді жаткызуга болады. Солармен катар биліктен алшақ, де-генмен, белгілі бір жағдайларда оған ықпал да жасай алатын ұйым-дар бар. Оларға жазушылар, суретшілер, композиторлар одағы, ғылыми-техникалық қогамдар, көптеген ерікті, спорт, мәдени және т. б. ұйымдар жатады.
Коғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардын, этникалык бірлестіктердің тұлғалар мен коғам-ның азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олар-дың басқа (экономикалык, ұлттык, діни, отбасылык және т. с. с. ) қатынастардан айырмашылығы мұнда олардын, саяси және мемлекеттік билікке катынасы көрініс береді.
Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер (нормалар) есептеледі. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін камтамасыз етсді және саяси жүйенің ережелік негізін кұрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция жатады.
Саяси жүйенің төртінші белгісі - саяси мәдениет. Ол саяси сана мен іс-әрекетте, саяси көзқарастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің реттеушілік қызметі адамдардың іс-әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді. Сонымен бірге бұрынғы және қазіргі саяси жүйе және оның элементтеріне, саяси кызметкерлер, баскару аппаратының лауазымды адамдарына, саяси басқару шешімдерін дайындау және қабылдау процесіне және т. б. ыкпал етуінен де байкалады.
Саяси жүйенің жіктелуі
Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан карайды, әр түрлі өлшемді (критерийді) пайдаланады. Мысалы, марксизм формациялык көзкарасты басшылықка алып (өндіріс тәсілінін. және коғамның таптық кұрылымының өзгешеліктеріне карай) оны кұлдық, фео-далдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі.
АҚШ
АҚШ - та мемлекетті басқару түрі республикалық. Яғни Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғарғы органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі. Президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайлайды. Ондай президенттің билігі зор. АҚШ-та атқарушы билік тікелей парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады. Айта кететін болсақ мұндай билік ең алғаш осы АҚШ-та орнады. Бұл елде президент 4жылға сайланады. Онда премьер-министр болмайды. Президент мемлекетті де, үкіметті де басқарады. Ол департаменттердің (министерстволардың аты) басшыларын, министрлер кабинетін және үкіметті тағайындайды. Олар тек президентке ғана есеп береді. Оның қылмыскерге кешірім жасауға, марапаттауға, халықаралық келіссөздерді жүргізуге құқығы бар. Бірақ президенттің заң шығаруға құқығы жоқ. Ол бюджетті де шеше алмайды оны Конгресс шешеді. Парламент президенттің қай тағайындауын болсын бұза алады оны “ право вето” деп атайды. Конгресс президентті орынынан ала алады оны “импичмент” дейді. Адам саны 300 млн 3-ші орын әлемде.
АҚШ-та екі партия тайталаса билік етеді Республикалықтар және Демократтар.
Америка Конституциясы - әлемдсгі осы уақытқа дейін өз күшін то-лық сақтап отырған ерте, алғашқы қабылданған Конституция. Ол дүние жүзіндегі басқа елдердін конституцияларына үлгі болғанын атап өткен жөн. Конституцияның құдіреті оның ерекше икемділігі мен қарапайымдылығына байланысты. 18 ғасырдың соңғы кезінде алғашқы қабылдаңған бұл Конституция Атлантика жағасындағы 13 штатқа, оның 4 миллион тұрғындарының қоғамдық өміріне басшылық атқарды. Оның негізгі ережелерінің өміршеңдігі сондай 27 ғана түзетумен ол бүгінгі Атлант мүхитынан Тынық мұхитқа дейін созылған 50ден аса штаттардағы 260 миллион американдықтардың тілектеріне, тыныс - тіршілігіне абройлы қызмет етіп келеді.
Конституцияга қарай жол түзу, оңай болған жоқ. Қызу пікір талас-тан туған ойларды топшылау барысында алты жылғы тәжірибеден өткізгеннен кейін, алғашқы нұсқасы 1787 жылы қабылданды.
Конфедерацияның қағидалары штаттардың арасында ерікті одақтарды құруға және өте шектелген билігімен федералдық үкіметті қалыптастыруға жағдай туғызды. Осындай мәселелердің ішінде: қорғаныс, халық қаржысы, сауда мәселесі бар. Ал қиын-қыстау жағдайларында федералдық үкімет штаттардың легислатурасындағы билігінде болды. Ол не тұрақтылыққа не өктемдікке мүмкіндік туғызған жоқ. Көп уақыт өтпей-ақ конфедерацияның әлсіздігі анықталды. Саяси және зкономикалық жағдаймен күрделі сипатқа ие болып, жаңа ұлт аласапыранға жақындады. Америка Құрама Штаттардың 1789 жылы бірінші Пре-зиденті болып сайланған Джордж Вашингтонның айтуы бойынша 13 штаттың бірлігі нашар болды. Олар құмдай сусыды деуге де болады.
Осындай күрделі жағдайда Америка Құрама Штаттарының Конституциясы өмірге келді. Республиканың заң шығаратын органы, Континенталдық конгресс, 1787 жылдың ақпан айында қағидаларды жаңадан қарастыру үшін Пенсильвания штатының Филадельфия қаласына барлық штаттарға өкілдерін жіберу туралы шақыру жіберді. Конституциялық конвент 1787 жылы мамырдың 25 жұлдызында Тәуелсіздік залында жиналды, он бір жыл бұрын, 1776 жылдың шілде айында, осы залда Тәуелсіздік декла-рациясына қол қойылған еді. Делегаттар тек конфедерациянын қағидаларын өзгертуге жиналғанымен, олар ең әуелі жаңа орталықтандырылған үкіметтің шартын құрастыруға кірісті. Жаңа құжат - Конституция -1787 жылы, қыркүйектің 17 жұлдызында дайын болды, ал 1789 жылдың 4 наурызында ресми қабылданды.
Конституцияны құрастырған 55 делегаттың арасында атақты көпшілігі жаңа ұлттың Негізін Қалаушылары - ретіндегі кісілср болды. Олар өмірдің сан алуан мүддесін, тарихи болмысын, күй-жайын бейнелеп көрсетуге тырысты. Бірақ бәріде Конституцияның преамбуласындағы мына түжырымға келісті: «Біз Америка Құрама Штаттарының халқы, іргелі одақ кұру үшін, әділетті қоғам құру үшін, отанда тыныштық орнату үшін, бүкіл одақтық қорғаныс пен жалпы халықтық ауқаттылық үшін және өзіміздің, біздің ұрпақтарымыз үшін аянбай ат салысамыз деді.
ҮКІМЕТТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Конституцияның алғашқы қабылданған нұсқасы түрлі өзгерістерге ұшырағанымен оның негізгі принциптері 1789 жылдағы түрінде сақталып қалды. Мемлекеттік биліктің үш тармағы - атқарушы билік, заң шығарушы билік және сот билігі-бір бірінен тәуелсіз, жеке дара, дербес. Сөйте тұра билік тармақтары өзара тепе-теңдік сақтайды. Әр билік тармағы басқа екі билік тармағының артық мүмкіншілігін доғарып, тежеп түрады. Президент ұсынған, Сенат құптаған Конституция өзінің тұжырымдарына сәйкес қабылданған басқа заңдардан, алуан түрлі нормативтік актілерден, және ережелерден жоғары болып саналады. Азаматтардын бәрі де заң алдында тең және бәрі де заңды қорғауға тең құқылы. Штаттардың бәрі тең, ешбір штатқа федералдық үкімет ерекше тәртіп көрсетпейді. Конституция талаптарының шеңберінде әрбір штат басқа штаттың заңын құптауға және оған өз құрметін көрсетуге тиіс. Штаттың үкіметі федералдық үкіметке сәйкес демократиялық сипатта болуы керек, ал биліктің қайнар көзі - халық.
Ұлыбритания
Конституциялық монархия. Мемлекет басшысы королева. Үкімет басшысы премьер-министр. Заң шығару органы Парламент. Ол екі палатадан Лордтар және Қауым.
Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, "үлкен сегіздіктің" мүшесі, ядролық державалардың бірі бола отырып, КСРО тараған кезден бастап Кеңестік бұрынғы кеңістікті өзінің стратегиялық мүдделерінің аймағы ретінде қарай отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттер жөнінде белсенді көзқарас ұстанды. Атап айтқанда Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі Каспий аймағын елдің ұлттық мүдделерінің ауданы ретінде қарап, онда өзінің орнын нығайтуға күш салуы болып табылады. 1990 жылдардың басында елдің бұрынғы Премьер-Министрі, көрнекті британ саясаткері М. Тэтчердің Қазақстанға келуі осының дәлелі. Лондонның Орталық Азия мемлекеттері жөнінде маңызды міндеттеріне либералдық реформаларды қолдау, халықаралық құрылымдарда тиісті елдердің қызметін бақылау, діни радикализмнің таралуына жол бермеу жатады.
Қазақстанның Еуропадағы аса ірі сауда және инвестициялық серіктесі ретінде Ұлыбританияның айрықша орны екі жақты қатынастарда саяси проблемалардың жоқтығымен, бірінші кезекте мұнайға, газға және құбырға орай геостратегиялық және экономикалық факторлармен байланысты.
Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Королдігі арасында дипломатиялык, қаты-настар 1992 жылғы 19 қаңтарда орнатылды.
Бұл орайда Қазақстан - Британ қатынастарының дамуына Президент Н. Назарбаевтың Біріккен Королдікке 1991 жылғы қазанда жұмыс сапарының барысында-ақ тыныс берілген еді. Сол кезде Еуропа қайта құру және даму банкінің, қазір Қазақстанда белсене жұмыс істеп жатқан "Бригиш Газ", "Бри-тиш Петролеум" компанияларының және басқа да жетекші британ компанияларының басшылығы байланыстар орнатылды.
Қазақстанға Король отбасымен мүшелері мұрагер ханзада Чарльз 1996жылғы қарашада, ханшайым Анна 1993жылғы шілдеде және Королева II Елизаветаның немере інісі Герцог Глостерский 2002 жылғы қыркүйекте келіп қайтты.
Екі жақты қатынастар экономика мен мәдениет саласында, сондай-ақ НАТО-ның "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы шеңберіндегі әскери ынтымақтастық серпінді дамуда.
Президент Н. Назарбаевтың 1994 жылғы наурызда Ұлыбританияға ресми сапары өзара іс-қимылды тереңдетуде жаңа кезеңді ашты. Қазақстан - Британ ынтымақтастығының шарттық-құқықтық негізін қалаған құжаттарға қол қойылды. Бұлар: Достық және ынтымақтастық туралы бірлескен декларация; Білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы; Әуе қатынасы туралы келісімдер; Екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық туралы декларация; Қос салық салуды жою және табыс пен мүлік құнының өсіміне салықтар төлеуден жалтаруды болдырмау туралы конвенция.
1995 жылдың соңы мен 1996 жылдың басында екі жақты экономикалық қатынастарды реттейтін екі шешуші келісім: Қос салық салуды болдырмау туралы конвенция және Инвестиция-ларды қолдау мен өзара қорғау туралы келісім күшіне енді. Бұл Қазақстан мен Ұлыбритания арасында сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастардың дамуын айтарлықтай дәрежеде жеңілдетті. Оның негізгі бағыттары энергетика, кен өндіру өнеркәсібі, сауда, әлеуметтік инфрақурылым, денсаулық сақтау, көлік пен байланыс, қаржы және жекешелендіру саласындағы консалтингтік қызметтер, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру болып отыр.
Ұлыбритания Еуропа Одағы елдері арасынан бірінші болып 1996 жылғы маусымда Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімді бекітті.
Кейінгі уақытта Қазақстан - Британ қатынастарын серпінді дамыту үрдісі айтарлықтай нығая түсті. Британ бағыты біздің саясатымыздың еуропалық бағыттағы маңызды құрамдас бөлігіне айналды. 1997 жылғы маусымда Қазақстан Президентінің Ұлыбританияға баруы елеулі оқиға деп саналады. Лондондағы келіссөздерден кейін саяси және сауда-экономикалық байланыстарға, ірі Британ компаниялармен ынтымақастықты кеңейтуге серпін берілді.
1999 жылғы сәуірде НАТО-ның мерекелік салтанатында Н. Назарбаевтың Ұлыбританияның Премьер-Министрі Т. Блэр-мен кездесуі болды. Мемлекеттер басшылары өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету жөнінде бұдан былайғы іс-қимылды талқылап, белгіледі.
Қазақстан Президентінің 2000 жылғы қарашада Лондонға ресми сапары екі елдің өзара қатынастарындағы ірі оқиға еді. Сапар барысында Королева II Елизавета Н. Назарбаевты Қазақстанда саяси және экономикалык, тұрақтылықты қамтамасыз етуге, заңдылық пен демократияны орнатуға, сондай-ақ жәһандық ауқымда ядролық қаруды таратпау ісіне сіңірген еңбегі үшін Біріккен Корольдіктің жоғары наградасы Қасиетті Михаил және Қасиетті Георгий орденімен марапаттады. Сапар кезінде әскери саладағы ынтымақтастық туралы құжаттарға, ҚР Өкіметі компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Британ кеңесі арасындағы Қазақстан - Британ университетін құру туралы меморандумға қол қойылды.
Ұлыбритания Қазақстанмен сауда-саттықта жетекші орын алатын әлемнің бес дамыған елдерінің қатарына жатады. 1998 және 1999 жылдары сауда айналымы тиісінше 629 млн. және 422 млн. долларды құрады. 2000 жылы екі жақты сауда айналымы 450 млн. долларды, оның ішінде экспорт 231 млн. долларды, импорт 219 млн. Долларды құрады. Және де 2000 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі Ұлыбританияның жеке үлесі 3, 2 пайызды құрады.
Франция
Басқару түрі - республикалық. Республиканың аралас түріне жатады оны жартылай президенттік немесе президенттік-парламенттік деп атайды. Мұнда президенттік те, Парламенттік те түрлердің белгілері кездеседі. Үкіметке екі жақты Президенттің алдында да және парламенттің алдында да жауапкершілік жүктеледі. Республиканың классикалық түрі. Парламентті Францияда- Ұлттық жиналыс дейді. Елдің жалпы ауданы 551 км2. Адам саны 61 млн. Конституциясы 1958 жылдан бері өзгетулермен келе жатыр. Президент 5 жылға сайланады. Сайлау мажаритарлық жүйе бойынша 2 турдан тұрады.
Кейінгі уақытта Францияның ТМД елдерімен екі жақты байланыстарды айтарлықтай жандандырғаны байқалады. Бұл
ретте екі негізгі бағыт бағдары айқын көрінеді. Бір жағынан, Париждің стратегиялық басымдықтары қатарына Еуропада қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру кіреді, мұнда Ресейге айрықша орын беріледі. Францияның ТМД-ға ұстанымдарының басқа маңызды астары өзінің Орталық Азиядағы және Кавказ сыртындағы қатысуын бекіту әрі кеңейту желісі болып табылады.
Қазақстан мен Франция арасындағы қатынастар айтарлықтай табысты дамуда. Францияға ықылас экономикалық ынтымақтастықтың елеулі әлеуеті болуымен, оның зор инвес-тициялық мүмкіндіктері және жоғары технологияларымен си-патталатын экономиканың жоғары өнімді аграрлық секторы болуымен байланысты.
Париж тарабынан ықылас Қазақстанды қуатты транзиттік әлеуеті, энергетика саласында зор мүмкіндіктері бар мемлекет ретінде қарауымен байланысты. Париж біздің еліміздің аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігеріне лайықты баға беріп отыр. Франция Қазақстанның батыс әріптестері арасында АҚШ-пен және Германиямен қатар алғашқы орындардың бірін алуға ұмтылады. Бұл үшін гранттар беру әдісі кеңінен қолданылуда. Олардың алғашқысы, 4 млн. франк сомасы компьютер техникасын сатып алуға пайдаланылды. 5 млн. франк сомасындағы екіншісі - Арал теңізі ауданында ауыз суды тазарту жөніндегі жабдықты орнатуға жұмсалды, ол 1996 жылғы 19 шілдеде іске қосылды. 20, 3 млн. франк мөлшеріндегі үшіншісі - Француз шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, атап айтқанда банкілерінің жекешелендіруге көмек көрсету, бағалы қағаздар рыногын құру және экономикалық реформаның басқа салаларында қатысуын қаржыландыруға арналды.
Екі мемлекет арасындағы қатынастардың негізгі қағидаттары Н. Назарбаевтың 1992 жылы Францияға мемлекеттік сапары барысында жасалған Достық, өзара түсіністік және ын-тымақтастық туралы шартта қаланды. Франция алыс шет ел мемлекеттері ішінен осындай деңгейдегі құжатқа қол қойған бірінші мемлекет болғанын айта кету ләзім.
Өзара байланыстар Қазақстанға 1993 жылы Президент Ф. Миттеранның ресми сапары кезінде одан әрі өрістеді. Қазақстан мен Францияның жоғары дәрежелі басшыларымен сенімге құрылған жеке байланыстары екі жақты қатынастарды дамытуда маңызды ынталандырушы фактор болды. Ф. Миттеран Н. Назарбаевты ТМД-дағы аса қабілетті әрі беделді басшы деп есептейтінін атап көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz