Малдәрігерлік қадағалау нысандарындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

Тіркеу №

«» 200 __ ж.

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«МАЛДӘРІГЕРЛІК ҚАДАҒАЛАУ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ МАЛДӘРІГЕРЛІК САНИТАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР»

(пәннің аталуы)

1513000 «Ветеринария» .

(Жіктеуіш бойынша мамандықтың коды мен атауы)

Алматы қаласы 2009 ж.

Авторы: Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжінің оқытушысы

Нұрмышев А. Д.

Сараптаушылар:

1. Тоғанаев Ж. ОҚО бас мемлекеттік малдәрігерлік инспекторы, ветеринария ғылымдарының кандидаты.

2. Мырзаахметов И. А. ОҚО, «Арыстанбаб» колледжінің кафедра меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор

3. Тағаев Б. Ж. . ОҚО, Сарыағаш аудандық аумақтық басқарма бастығы, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Бағдарлама оқу-әдістемелік бірлестікте қаралып, құпталған.

№ ___ хаттама «» 200 жыл.

ОӘБ төрағасы (төрайымы)

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып, құпталған.

№ ___ хаттама «» 200 жыл.

Құрметті әріптестер! Типтік оқу бағдарламасының сапасын жақсарту туралы ұсыныстарыңызды төмендегі мекен-жайға жіберулеріңізге болады.

ОҚО, Сарыағаш қаласы. Театральный көшесі номерсіз, Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжі, ОӘБ

Мазмұны

бет.

1: 1
Түсінік хат . . . . . .: Түсінік хат . . . . . .
:
1: 2
Түсінік хат . . . . . .: Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері . . .
:
1: 3
Түсінік хат . . . . . .: Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны . . .
:
1: 3. 1
Түсінік хат . . . . . .: Пәннің тақырыптық жоспары . . .
:
1: 3. 2
Түсінік хат . . . . . .: Пәннің негізгі мазмұны . . .
:
1: 4
Түсінік хат . . . . . .: Жоспарланған оқыту нәтижелерін бақылау . . .
:
1: 5
Түсінік хат . . . . . .: Әдебиеттер мен оқыту құралдарының тізімі . . .
:

1. Түсіндірме жазба

Осы үлгілік оқу бағдарлама Қазақстан Республикасы техникалық және кәсiптiк бiлiм беру саласы бойынша Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi білім беру стандартына (ҚР МЖМБС тіркеу № 4. 05. 059 -2008) сәйкес 1513000 - «Ветеринария» мамандығы бойынша дайындалған.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы

Пәннің мақсаты- пәнінен бағдарламасы мал шаруашылығын үздіксіз дамыту үшін малдарды аурудан қорғау және санитарлық тұрғыдан алғанда жоғары сапалы мал тегі өнімдерін алу; ауру малдар мен сапасы төмен мал тегі өнімдерінен адамдарға жұғатын (зооантропоноз) және басқа да аурулардан халықты қорғауды оқытуға арналған.

Зертханалық жұмыстармен практикалық сабақтардың маңызы өте зор. Ол жерде теориялық білімді тереңдетумен бірге оқушылар келешектегі мамандыққа қажетті практикалық дағдыларға ие болады.

Бақылау жұмысы пәнді оқуға бөлінген жалпы сағат санының есебінен өтеді .

Осы үлгілік оқу бағдарламасы біліктіліктің төмендегі деңгейлері бойынша жүзеге асырылады:

- орта буын маманы.

Қосымша сағат пәнге бөлінген жалпы оқу сағатының 5-7% құрайды.

Бөлімдер мен тақырыптар тізімі оқуға міндетті болып саналады және кемітуге болмайды.

«Малдәрігерлік қадағалау нысандарындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда оқытудың келесі түрлері ұсынылады: лекциялар, семинарлар, таным жорықтар, практикалық сабақтар, бақылау жұмыстары және т. б.

Оқу материалы мазмұнының ерекшеліктері мен күрделілігін ескере отырып, оқытудың келесі әдістері ұсынылады: сұхбаттасу , пікірталас, өндірістік жағдайларды талдау, іскерлік ойындар, миға шабуыл, материалдарды жариялау, микротоптардағы жұмыс және т. б

Жергілікті жағдайлар мен жұмыс берушілердің талабын ескеретін аймақтық ерекшеліктерді енгізу арқылы оқылатын тақырыптарды, бөлімдерді тереңдету немесе кеңейту (соның ішінде қосымша сағат есебінен) бағытында бөлімдер мен тақырыптар тізімін өзгертуге болады.

Білім беру ісін ұйымдастыру түрі ұсынылымдық сипатта болып отыр. Бөлімдерді оқуға арналған сағаттар санын тақырыптардың минимумдық мазмұнын сақтаған күйінде өзгертуге болады.

Оқылатын курс келесі пәндерден меңгерген білімдерге негізделеді:

- математика,

- физика,

- химия,

- зоогигиена,

- мал азықтандыру негіздері,

- цитология, эмбриология және гистология.

Курсты оқу барысында меңгерген білімдер келесі пәндерді оқуда қолданылады:

  • қалыпты және патологиялық анатомия,
  • жануарлар анатомиясы және физиологиясы,
  • паразитология және инвазиялық аурулар,
  • індеттану микробиологиясымен,
  • малдәрігерлік ісін ұйымдастыру,
  • фармакология рецептурасымен ж. т. б.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы адамдардың денсаулығын сақтап және мал мен құстардың өсуі мен өнімділігін арттыруға бағытталған тәжірибелік тапсырмаларды шешуге дағдыландыратын, оқу материалын ойдағыдай игеруге әсерін тигізетін тәжірибелік сабақтарды жүргізуді қарастырады.

2. «Малдәрігерлік қадағалау нысандарындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер» пәні бойынша жоспарланған нәтижелер

Стандарт пен білім беру бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері
Типтік оқу бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері
Стандарт пен білім беру бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері:

Білім алушы келесі құзыреттіліктерді меңгеруі тиіс:

Базалық:

БҚ3. Ветеринарлық істерді жоспарлау және ұйымдастыруды.

БҚ5. Жануарлардан алынатын өнімдердің сапасын бақылауды жүзеге асыруды.

Типтік оқу бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері:

Біледі:

- ветеринариялық қызметтің құрылымын ұйымдастыру және оның шаруашылықтармен, ауылшаруашылық басқару межесімен, кәсіпорындармен, жергілікті әкімшіліктермен байланысын біледі.

Меңгереді:

- мал шаруашылық кешендерінде, құс фабрикаларында аурулардың жалпы алдын алу іс - шараларын ұйымдастыруды және жоғары дәрежелі ветеринариялық - санитарлық мәдениетті енгізуді, тиімді ветеринариялық қызметті ұйымдастыруды істей біледі.

Дағдыланады:

- саяси қоғамдық және таңдаған мамандығы бойынша жұмыстарды ұйымдастыра білу дағдысына ие болады.

Құзыретті:

- ауыл шаруашылық малдарының жұқпалы және ішкі жұқпайтын ауруларының алдын алу, емдеу және ветеринарлық - санитарлық іс - шараларын жоспарлау және ұйымдастыру құзыреттілігіне ие болады.

Біледі:

- мал өнімдерін сапасын анықтау әдістерін, мөр басылу ретін, жарамсыз өнімдерді зарарсыздандыру жолдарын, еттен, мал өнімдерінен, жұмыртқадан, өсімдік тектес өнімдерден, балдың органикалық құрамын анықтауға лабораториялық сынамалар алуды

Меңгереді:

- мал өнімдерін сапасын анықтауды,

- ауру малдардан немесе жарамсыз өнімдерді зарарсыздандыруды.

- еттерді, мал өнімдерін, жұмыртқа, өсімдік тектес өнімдерді, балдың органикалық құрамын анықтауды

Дағдыланады:

- нысандарда малдәрігерлік санитарлық шараларын жүргізуді

- жануарлар ауруымен және олардан адамдарға жұғатын ауруларымен күресу

Құзыретті:

Стандарт пен білім беру бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері:

Кәсіптік:

КҚ 1. Мал шаруашылығы, ет және құс өңдейтін кәсіпорындарына, қасапханаларға, базарларға, өсімдік және жануар тектес шикізаттарды даярлайтын, сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындарға малдәрігерлік санитарлық зерттеулер жүргізу.

Типтік оқу бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері:

Біледі:

- сыртқы қоршаған ортаның малдәрігерлік санитарлық жағдайын зерттеу әдістерін.

- мал шаруашылықтарын, ет және құс өсіру өндірістерін, мал сою пунктерін, базарлардың, мал өнімдерін дайындау, сақтау және мал өнімдері мен өсімдіктерден дайындалған тағамдық өнімдерді малдәрігерлік санитарлық зерттеу әдістерін.

Меңгереді:

- сыртқы қоршаған ортаның малдәрігерлік санитарлық жағдайын зерттеулер

- мал шаруашылықтарын, ет және құс өсіру өндірістерін, мал сою пунктерін, базарларды, мал өнімдерін дайындауды, сақтауды және мал өнімдері мен шикізаттарынан, өсімдіктерден дайындалған тағамдық өнімдерді малдәрігерлік санитарлық зерттеулер

Дағдыланады:

- нысандарда малдәрігерлік санитарлық шараларын жүргізуді

- жануарлар ауруымен және олардан адамдарға жұғатын ауруларымен күресу

- мал өнімдерінің санитарлық сапасын қадағалау

Құзыретті:

- сыртқы қоршаған

ортаның малдәрігерлік санитарлық жағдайын зерттеу, жануарлардан адамдарға жұғатын ауруларымен улы инфкциялармен күресу, жануарлар ауруларының алдын алу, балау және емдеу арқылы санитарлық сапасы жағынан жоғарғы сапалы мал тегі өнімдерін өндіру.

  1. «Малдәрігерлік қадағалау нысандарындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер» пәнінің тақырыптық жоспары және мазмұны«Малдәрігерлік қадағалау нысандарындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер» пәнінің тақырыптық жоспары
№ к/с
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны
Бөлімдер мен тақырыптар атауы
Белгіленген деңгей
Жоғары деңгей
Орта деңгейдегі мамандар
№ к/с: 1
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны: 2
3
4
5
№ к/с: 1
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны: 1 - бөлім. Кіріспе. Малдәрігерлік қадағалау нысандарында малдәрігерлік санитарлық зерттеулер негіздері
-
-
*
№ к/с: 2
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны: 1. 1-тақырып. Мемлекеттік және өндірістік малдәрігерлік қадағалау.
-
-
*
№ к/с: 3
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны:

1. 2-тақырып. Малдәрігерлік қадағалау нысандары.

№ 1 Зертханалық-тәжірибелік сабақ

-
-
*
№ к/с: 4
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны: 1. 3-тақырып. Малдәрігерлік қадағалау тәсілдері мен шаралары.
-
-
*
№ к/с: 5
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны: 1. 4-тақырып. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен байланыстылығы.
-
-
*
№ к/с: 6
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны: 2 - бөлім. Малдәрігерлік қадағалау нысандарында малдәрігерлік санитарлық зерттеулер
-
-
*
№ к/с: 7
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны:

2. 1-тақырып. Мал шаруашылықтарындағы малдәрігерлік қадағалау.

№ 2 Зертханалық-тәжірибелік сабақ

-
-
*
№ к/с: 8
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны:

2. 2-тақырып. Мал және құс етін өңдейтін кәсіпорындардағы, қасапханалардағы малдәрігерлік қадағалау.

№ 3 Зертханалық-тәжірибелік сабақ

-
-
*
№ к/с: 9
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны:

2. 3-тақырып. Базарлардағы малдәрігерлік қадағалау.

№ 4 Зертханалық-тәжірибелік сабақ

-
-
*
№ к/с: 10
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны:

2. 4-тақырып. Мал шикізаттарын дайындау, сақтау және өңдеудегі малдәрігерлік қадағалау.

№ 5 Зертханалық-тәжірибелік сабақ

-
-
*
№ к/с: 11
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны:

2. 5-тақырып. Мал өлекселерін жоюды және зиянсыздарын қайта жарамды етуді малдәрігерлік қадағалау.

№ 6 Зертханалық-тәжірибелік сабақ

-
-
*
№ к/с: 12
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны: 2. 6-тақырып. Малдарды, мал өнімдері мен шикізаттарын тасымалдайтын көліктердегі малдәрігерлік қадағалау.
-
-
*
№ к/с: 13
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны:

2. 7-тақырып. Мемлекеттік шекарадағы малдәрігерлік қадағалау.

№ 7 Зертханалық-тәжірибелік сабақ

-
-
*
№ к/с: 14
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны:

2. 8-тақырып. Малдәрігерлік дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді ұйымдастыру.

№ 8 Зертханалық-тәжірибелік сабақ

-
-
*
№ к/с:
Күндізгі оқу формасында оқу сағаттарының саны: Барлығы пән бойынша:
62

3. 2 Пәннің негізгі мазмұны

1 - бөлім. Кіріспе. Малдәрігерлік қадағалау нысандарындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер негіздері .

«Малдәрігерлік қадағалау нысандарындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер» пәні, оның мазмұны мен ғылымының дамуы барысында Гиппократ, Л. Пастер, Р. Кох және орыс ғалымдары А. П. Доброславин, Ф. Ф. Эрисман т. б. ғалымдардың еңбектерінің маңызы және пәнінің дамуына Қазақстан ғалымдарының қосқан үлестері, оның басқа да биологиялық ғылымдармен байланысы және «Малдәрігерлік қадағалау нысандарындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер» пәнінің міндеттері мен мақсаттары. Мал шаруашылығын дамыту мен оның өнімділігін арттырудағы, мал шаруашылығында шоғырландыру шараларын жүргізудегі, мал өнімдерін өндіру үшін ірі мал кешендерін құру саласындағы міндеттерді шешудегі пәннің маңызы. Пәнді оқытудың тәртібі мен тәсілі.

1. 1-тақырып. Мемлекеттік және өндірістік малдәрігерлік қадағалау.

Малдәрігерлік қадағалау нысандарындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министірі бекіткен 28 сәуір 2003 жылғы №407 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Халық шаруашылығының түрлі салаларында малдәрігері мамандары жүзеге асыратын үздіксіз бақылау жүйесі болып табылады. Мекемеаралық қадағалау маңызы. Өндірістік малдәрігерлік қадағалау (шаруашылықтардағы және кәсіпорындардағы) .

1. 2-тақырып. Малдәрігерлік қадағалау нысандары.

Мал шаруашылықтары және ондағы жүргізілетін шаруашылық жұмыстар. Малдардың уақытша топталған жерлері, мал бордақылау пунктері, жем-шөп қоралары мен қоймалары. Көліктер мен мемлекеттік шекара. Базарлар, малдарды сою, ет және ет өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар. Сүт және сүт өнімдерін өңдейтін, дайындайтын кәсіпорындар. Мал шикізаттарын дайындайтын, сақтайтын кәсіпорындар.

№ 1 Зертханалық-тәжірибелік сабақ

Базарларды, малдардың уақытша топталған жерлерін, жем-шөп қоралары мен қоймаларын зерттеу.

1. 3-тақырып. Малдәрігерлік қадағалау тәсілдері мен шаралары

Малдәрігерлік қадағалау тәсілдері: ретті (тұрақты және кезеңмен), тексерулер, зерттеулер, бақылаулар; арнайы зерттеулер жүргізу; нысандарға малдәрігерлік санитарлық баға беру; тиісті құжаттарды тексеру. Малдәрігерлік санитарлық зерттеулер шаралары мен белгіленген ережелері бұзылған жағдайда қолданылатын шаралар.

1. 4-тақырып. Санитарлық - эпидемиологиялық қызметпен байланыстылығы.

Малдәрігерлік қадағалау мен санитарлық - эпидемиологиялық қызметтің жалпы міндеттері.

Малдәрігерлік және санитарлық - дәрігерлік ұйымдардың көптеген санитарлық салалардағы әрекеттестігі.

2-бөлім. Малдәрігерлік қадағалау нысандарындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер

2. 1-тақырып. Жалпы мал шаруашылығындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер

Малды бағып-баптауды, сүт және сүт өндіретін кәсіпорындарды, сүт зауыттарын, қой, шошқа, құс, терісі бағалы аңдар, бал ара және балық шаруашылықтарындағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер.

Шаруашылыққа малдарды сатып алудағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер.

№ 2 Зертханалық-тәжірибелік сабақ

Мал шаруашылықтарына, сүт және ет өңдейтін кәсіпорындарына, сүт зауыттарына малдәрігерлік санитарлық ережелерге сай зерттеулер жүргізу.

Мал фермаларында жүргізілген малдәрігерлік санитарлық зерттеулердің қорытындысы бойынша акт түзу.

2. 2-тақырып. Ет және құс өңдейтін кәсіпорындардағы, мал сою пункттеріндегі малдәрігерлік санитарлық зерттеулер.

Малдарды соятын, ет және ет өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар (ет, құс комбинаттары, қасапханалар, мал сою пункттері, мұздатқыштар, шұжық және консерві зауыттары мен фабрикалары) ; бұл кәсіпорындардағы: территориялар, өндірістік және қоймаға арналған қоралар, малдарды артуға және түсіруге арналған алаңшалар, сумен жабдықтау және сарқынды су ағызу жүйелері; цехаралық көліктер; ет өңдейтін өнеркәсіптердегі малдәрігерлік санитарлық сараптау нысандарына жататындар: сойыс малдар; ұша және олардың бөліктері (басы, өкпесі, бауыры, ішегі, қаны, ішкі мүшелері) ; шұжық және консерві өнімдері; терілер, сүйектер, мүйіздер, мал тұяқтары.

№ 3 Зертханалық-тәжірибелік сабақ

Ет комбинаттарына, құс өңдейтін кәсіпорындарға және мал соятын пункттерге малдәрігерлік санитарлық зерттеу ережелеріне сай тексерулер жүргізу.

2. 3-тақырып. Базарлардағы малдәрігерлік санитарлық зерттеулер.

Базарлар (ол жердегі: мал, құс, балық, мал тегі өнімдері мен шикізаттары сатылатын сауда орындары) . Мал мен құстар, ет, сүт, жұмыртқа, балық және басқада мал өнімдері мен шикізаттары, бал, қозықұйрық, және басқа да өсімдік өнімдері.

Базарлардағы малдәрігерлік санитарлывқ сараптау зертханалары. Зертханалардың міндеттері. Базарларға келіп түсетін өнімдерді малдәрігерлік сараптау ережелері. Азықтық өнімдердің сапасын бағалау

№ 4 Зертханалық-тәжірибелік сабақ

Базарлардағы малдәрігерлік санитарлық сараптау зертханаларының жұмыстары мен танысу. Базарларда азықтық өнімдер мен мал шикізаттарын малдәрігерлік санитарлық зерттеу және ол туралы құжаттар түзу.

2. 4-тақырып. Мал шикізаттарын дайындау, сақтау және өңдеудегі

малдәрігерлік санитарлық зерттеулер.

Ауыл шаруашылығы министірінің 19 науырыз 2003 жылғы №138 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Мал шикізаттарын дайындайтын, сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар; мал шикізаттарын дайындау орындары, қабылдау бөлімдері, тері қоймалары, мен зауыттары; тон тігетін кәсіпорындар, жүн өңдейтін кәсіпорындар; сүйек өңдейтін зауыттар (өтел зауыттар) яғни барлық кәсіпорындар аймақтарында, өндірістік және қоймалық бөлімдерінде; жүктерді артатын және түсіретін алаңшаларда, сарқынды су ағызатын жүйелердің қондырғыларын; тері, жүн, шаш, құс қауырсындары мен түбіттерін, бөлінбеген сүйектерді, мүйіздерді және тұяқтарды.

№ 5 Зертханалық-тәжірибелік сабақ

Мал шикізаттарын дайындайтын, сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындардың малдәрігерлік санитарлық жағдайлары мен танысу. Тері және аң терісі шикізаттарынан кесінділер алып, зертханаға жіберу және оларды сібір жарасына тексеру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малды тасымалдау кезіндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Малдардың аусыл ауруынан сақтау
Бота ешерихиозы (ақтышқақ) ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Ветеринариялық лаборатория. Жазым бола қалған жағдайда көрсетілетін бірінші көмек
Кәсіби қызмет саласы
Малдәрігерлік бақылауға жататын орындар
Псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Жануаларды тасымалдау көліктері
Мал шаруашылығындағы жүргізілетін ветеринариялық – санитариялық іс-шаралар
Эндокринді шикізаттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz