Сырым Датұлының шешендік өнері



Ұлтымыздың тарихында асқан батырлық-ерлік істерімен, асқақ сипатты, тапқырлық даналық, шешендік сөздерімен, әділетті билік-кесімдерімен жарқын із қалдырған заңғар тұлғалардың бірі - Сырым Датұлы.
Сырым Датұлы 1712-1802 жылдары өмір сүрген қазақтың батыр әрі шешен биі. Шыққан тегі Кіші жүздің Байбақты руынан. Байбақты ішінен Әйтімбет, одан Шолан. Шоланнан Түкіш, Дат, Есенбай, Байторы, Даттан: Адамбай, Сырым, Амантай, Жомарт, Базарбай, Барлыбай, Жандыбай, Дүйімбай, Қорлыбай, Қалдыбай, Шыбынтай деген он бір ұл тарайды. Таған ауылы Сарыой. Орал облысы, Жымпиты ауданы. Дат момын орта шаруа, есті кісі екен. Ал, анасы адуынды, бір ауылды сөзімен де, ісімен де билеген ақылды бәйбіше болыпты. Сыры жеті-сегіз жасынан ақ естілігі, сөз тапқыштығымен ел аузына ілігеді. Өсе келе сол өңірдегі билер, шешендер, сұлтан, хандарды тани жүріп, олардан шешендік тапқырлықты, ел билеу ісін үйренеді. Сол билердің кейбіріне өзі іздеп барып, бата, жөнжорық алад.
Сырым шешеннің тұңғыш рет билік айтуы балайша екен. Мал өрістен қайтқан кезде, бірі атқа мінген, бірі жаяу кісіні көреді. Екеуара бір түлкі. Шекесі қызып таласқан. Содан Сырымға төрелік айтуды өтінеді.
Жаяу адам мән-жайды : «Жаздай осы түлкіні көз жазбай аңдып, алғашқы қансонарда қолға түсіремін деп»- жүр едім деп түсіндіреді. Ат үстіндегісі: «Бүгін тәңертең ерте ізіне түсіп соғып алып едім» - дейді.
Мұқият тыңдаған Сырым: «Бұл түлкі еркек болса, аттылы - сенікі, ұрғаша болса, жаяу - сенікі» - деп түйін жасайды. Сөйтсе түлкі еркек екен де аттылыға бұйырады.
Дүниетанымы терең, түйсігі ерен, білім-білігі кемел өндірдей жас Сырым: « Әйел адамның жүретін жері - ауыл арасы ғана болады. Ал еркек адам қайда болмайды, сірә сіздің көріп жүргеніңіз ұрғашы түлкі болар, әлі де болса
Пайдаланған әдебиеттер:


1. Г. Қосымова «Қазақ шешендік өнерінің негіздері» А,2003жыл
2. С.Негимов «Шешендік өнер» А, 1997 жыл
3. Б.Адамбаев «Шешендік сөздер» А, 1993 жыл
4. «Қазақтың би -шешендері» А, 1992 жыл

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Сырым Датұлының шешендік өнері

Ұлтымыздың тарихында асқан батырлық-ерлік істерімен, асқақ
сипатты, тапқырлық даналық, шешендік сөздерімен, әділетті билік-
кесімдерімен жарқын із қалдырған заңғар тұлғалардың бірі - Сырым Датұлы.
Сырым Датұлы 1712-1802 жылдары өмір сүрген қазақтың батыр әрі
шешен биі. Шыққан тегі Кіші жүздің Байбақты руынан. Байбақты ішінен
Әйтімбет, одан Шолан. Шоланнан Түкіш, Дат, Есенбай, Байторы, Даттан:
Адамбай, Сырым, Амантай, Жомарт, Базарбай, Барлыбай, Жандыбай, Дүйімбай,
Қорлыбай, Қалдыбай, Шыбынтай деген он бір ұл тарайды. Таған ауылы Сарыой.
Орал облысы, Жымпиты ауданы. Дат момын орта шаруа, есті кісі екен. Ал,
анасы адуынды, бір ауылды сөзімен де, ісімен де билеген ақылды бәйбіше
болыпты. Сыры жеті-сегіз жасынан ақ естілігі, сөз тапқыштығымен ел аузына
ілігеді. Өсе келе сол өңірдегі билер, шешендер, сұлтан, хандарды тани
жүріп, олардан шешендік тапқырлықты, ел билеу ісін үйренеді. Сол билердің
кейбіріне өзі іздеп барып, бата, жөнжорық алад.
Сырым шешеннің тұңғыш рет билік айтуы балайша екен. Мал өрістен
қайтқан кезде, бірі атқа мінген, бірі жаяу кісіні көреді. Екеуара бір
түлкі. Шекесі қызып таласқан. Содан Сырымға төрелік айтуды өтінеді.
Жаяу адам мән-жайды : Жаздай осы түлкіні көз жазбай аңдып,
алғашқы қансонарда қолға түсіремін деп- жүр едім деп түсіндіреді. Ат
үстіндегісі: Бүгін тәңертең ерте ізіне түсіп соғып алып едім - дейді.
Мұқият тыңдаған Сырым: Бұл түлкі еркек болса, аттылы - сенікі,
ұрғаша болса, жаяу - сенікі - деп түйін жасайды. Сөйтсе түлкі еркек екен
де аттылыға бұйырады.
Дүниетанымы терең, түйсігі ерен, білім-білігі кемел өндірдей жас
Сырым: Әйел адамның жүретін жері - ауыл арасы ғана болады. Ал еркек адам
қайда болмайды, сірә сіздің көріп жүргеніңіз ұрғашы түлкі болар, әлі де
болса күтіңіз, жүрер болар -деп тұжырымдайды.
Шынында да жаяу кісі артынан өзі көріп бақылап жүтген ұрғашы түлкіні
қолына түсіреді.
Бұл Сырым шешннің туа біткен қасиеті көрегендігі ме, әлде білімпаздығы
ма, не болмаса тәжірибесі ме?
Халық даналағына жүгінсек, сымбатсыз сұңқар болмас, тұлғасыз тұлпар
болмас дегендей, Сырым шешеннің дене бітімі, кескін-келбеті мінсіз, жан-
жақты жетілген, сом болаттан құйылғандай болу керек. Бұған Байбақты руынан
шыққан қарындасы елден ерте кетіп, жарықта қоныс теуіп, көрмей-білмей қырық
жігіттің ішінен Сырымды жазбай танығанда, сол ауыл ақсақалы: Сырымды сен
қалай таныдың? -деп сұрайды.
Сол мезетте қарындасы: Сырымда үш қасиет бар, біріншісі - батырға
біткен тұлғасы, екіншісі- өжет мінезі, үшіншісі- асқан даналығы деп естуші
едім. Маған Сырым қыран топшылы, толықс денелі, кең иықты, шалқақ төсті,
жолбарыс бнтті, басы да елден ерек, торсық шекелі болып көрінді -дейді.
Демек, талант дегеніміз ағзаның ерекше дамуы, орталық жүйке жүйесісің
мықтап шарықтауы, белгілібір қабілеттің биіктеп, кең өріске шығандап
шырқауы ғой. Кемеңгерлік адам қабілетінің айрықша ашылып гүлденуі, мидың
биохимиялық, физикалық қызметі, ақылой органдарының үзбей жаттығуы, үнемі
үздіксіз еңбектенуі жазушының қуатын еселей түседідеп жазады П.Ф. Лесгарт.
Сайып келгенде,текті тұлға Сырымның болмысына ой жүгірткенде,батырлық
пен шешендік,ойшылдық пен тапқырлық, көсемдік пен жетелік тамырлас
құбылыстар, тұтасқан ғажайып қасиеттер ме деп өзгеше бір күйге берілесің.
Сырым Датұлының заманында қазақ елінің шұрайлы, нулы, сулы жерінен,
құттыжайлы қоеыс мекенінен айрылып, зар жылаған шағы еді. Патша үкіметі
жзалаушы отрядттарын яғни казак орыстарды қазақ ауылдарына жұмсап,
құтберекесін кетірді. Сонда Сырым батыр адамның сүйегі сарқырарлық сөз
сөйлеп, елі мен жерін қорғауға жұртын шақырды. Сырым датұлы 1783-1797
жылдардағы ұлтазаттық көтерілістің ту ұстаушысы болады. Адамзат тариха
қанмен жазылған ғой. Қазақ ұлтының басына түскен зұлмат жылдарда, қанды
қырғындарда Сырым патшаның езгісіне, оның отарлаушылық саясатына
жергілікті жандайшаптарына, арам пиғылды хан сұлтандарға қарсы күреседі.
Шешеннің пайым-парасаты, зерде-зейіні, адамгершілік қасиеттері, жоғары
ойлау мәдениеті сөйлеген сөзінен байқалады. Нақтылап айтқанда, ойын ұрыс,
мінсіз жеткізу, ойлаған пікір-лебізінің дұрыстығына деген сенімі. Әсіресе,
Сырым шешен тұтқиылдан қойылған сауалдарға ып-ықшам, жинақы жауаптары әзір.
Хан бірде Сырымды:
- Сөз анасы неден?
Су анасы неден?
Дін анасы неден?
Жол анасы неден? -
деп тексереді.
Іле Сырым:
Сөз анасы - құлақтан,
Су анасы - бұлақтан,
Дін анасы - ұяттан
Жол анасы –тұяқтан – дейді.
Тағы да хан:
Дау мұраты не?
Сауда мұраты не?
Жол мұраты не?
Қыз мұраты не?
Сол мезетте Сырым:
Дау мұраты - біту
Сауда мұраты - ұту
Жол мұраты - жету
Қыз мұраты - кету - дейді.
Осынау Сырым сөздері жоғары танымдық қабілеттен, этикалықтәжірибелік
даналықтан, көргендік интуациядан туған.
Заманында Сырым жер турасында, адам құны, туралы, ұрлық, барымта, мал
құны, неке бұзу, куәлік, жесір дауы хақындағы алуан-алуан дауларға тура,
әділ билік айтып, елдің ақыл-аузы, арқан-қазығы, бүтінші- бітімшісі болған.
Өзі айтқандай, таудан биік көңілмен, теңізден терең ғылыммен шым-шытырық,
дау-шарды егжейлі-тегжейлі саралап, жіктеп сөйлеген. Соның бірі мынадай.
Сырым ақылды қария Малайсарыдан бата алмақшы болады. Көпті көрген көне
қарт батамды беремін, көңілімде жүрген бір іс бар еді дейді. - Байұлының
бір баласының Әлім жігіттері өлтірген еді. Соның жоқтаушысы жоқ. Ердің
құнын жастың жайсаңы даулайды, не кәрінің сайтаны даулайды деуші еді,
шырық! - деп күрсінеді.
Бала бүркіт парлап ұшады дегендей, Сырым да еліктей ұшып, Малайсары
айтқан елге, сол аулдың ақыл аузы Ақсуат биге жетіп келеді.
Уа, тоқтаңдар, шаңқай түсте шабатындай ауылымның үстін шаңдатып
келе жатқан бұл кім түге? Елмісіңдер, жауысыңдар? деп ақырады.
Сырым: Уа, би ел десең - елміз, жау десең - жаумыз, алты қырдың
астынан жаяулап келетін Байұлы Әлімнің келіні емеспіз, бізбен дұрыстан
сөйлесіңіз, - дейді.
Ақсуаттың, бір жігіті құлағына сыбырлап, өздері он екі аттылы
екен, - дейді.
Ақсуат: Онда он екі ата Байұлы түгел атқа мінген екен, үштөрттен үй-
үйге бөліп түсіңдер,- дейді.
Сырым екі жолдасымен Ақсуаттың үйіне түседі, бірақ би шешіліп
сөйлесе қоймайды.
Сырым: Би, аты-жөн сұраса отырайық, - дейді.
Ақсуат: Бала, менің аты-жөнімді сұрайсың,- дейді қисайып жатып, -
елімді сұрасаң - Әлім, жерімді сұрасаң- Бұйырғын, атымды сұрасаң - Ақсаут,
осы елдің ортасындағы бір қазығымын, айналамнан ел кетпейді, алдымнан дау
кетпейді, - дейді.
Ілік іздеп отырған Сырым іле шала: Би, сөз білесіз, суатпын деп
мақтанбаңыз, су жаманы саут басынан - соқпақ кетпейді, қазықпын деп
мақтанбаңыз, мүлік жаманы қазық - басынан тоқпақ кетпейді, бұйырғын деген
шөп болды, жеген мал тоқ болады, қауқағы жоқ болады, тышса боқ болады. Әлім
болсаң - әліңді біл, адамның құнын бер , - дейді.
Жамбастап жатқан Ақсуат басын көтеріп: Сырым балам, сырыңды енді
ұқтым. Байұлының бір адамы біздің елде жазым болуы рас еді, ердің құны мың
қой, үлесе келе үй басына бір қой. Бір қойдан Әлімнің үйі кедейленіп
қалмайды, жоқтаушысы кездеспей жүр, жоқтаушысы болса табылмайтын жоқ
болмайды, жорта өлтірген емес,жортуылда болған жазым ғой, төрелігін өзіңе
бердім, ағаңның құнын өзің айта ғой,- дейді.
Сырым: Мың тоқты бір қора қойдың жазғы төлі, сонымен мен де Байұлын
байытайын деп келгенім жоқ, ел арасына бүтіншібітімші болайын деп келдім,
егер билікті маған берсеңіз жортуылда болған жазым дедіңіз ғой, ұрының құны
жарты құн, елу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дала кемеңгері
Нұралы ханның патша өкіметінің қоластына енуі
Шешендік өнер
Қазақстанның Ресейге қосылуы кезінде ұлт азаттық қозғалыстар
Шешендік өнердің туу себептері
Қазақ тілі сөздіктері
Жәдік бидің ұрпақтарында қалған қанжары мен құран кітабы
Батыс Қазақстан өңірінің фольклоры (әпсана-хикаяттар, аңыздар, шешендік сөздер, тарихи өлеңдер, тарихи жырлар, айтыстар, дастандар)
Сырым Датұлы кім
СЫРЫМ ДАТҰЛЫ ҚОЛБАСШЫ ЖӘНЕ САЯСИ КӨЗҚАРАСЫ
Пәндер