Ішек цестодоздарын емдейтін дәрілер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 119 бет
Таңдаулыға:   
2013 ж

Кредит №1
Тақырыбы:№1 Кіріспе. Жалпы фармакология. Дәрілердің фармакокинетикасы және
фармакодинамикасы.
Мақсаты. Студенттерді фармакология пәнімен, фармакологияның қысқаша
тарихымен, жаңа дәрілік құралдардың іздестіру бағыттарымен, фармакокинетика
және фармакодинамика ұғымдарымен, фармакологиялық терминологиямен
таныстыру.
Дәріс тезистері.
Фармакология – химиялық құрылымдардың тірі ағзалармен әсерлесуін
зерттейтін ғылым. Негізінен фармакология әртүрлі ауруларды алдын-алу және
емдеу үшін қолданатын дәрілік құралдарды игереді.
Фармакологияның негізгі міндеті – жаңа, тиімділігі жоғары дәрілік
құралдарды іздестіру болып табылады.
Фармакология медико-биологиялық ғылым болғандықтан, зерттеу және
практикалық медицинаның әртүрлі аймақтарымен байланыстығы өте зор.
Патология жағдайында адам ағзасына дәрілік заттардың әсер етуін
клиникалық фармакология зерттейді.
Дәрі туралы ғылым – көне заманнан белгілі медициналық тәртіп болып
есептелінеді. Алғашқы дәрілер көбінесе өсімдіктіктерден алынатын. X ғасырда
өмір сүрген Абу-Али Ибн Сина жазылымдарында өсімдік текті дәрілердің көп
тізімі келтірілген. Бұл құралдардың кейбіреулері қазіргі уақытта да
қолданады. Мысалы: камфора, ит жидек, қара күйе препараттары және т.б.
XVIII ғасырдың басында дәрігерлер өсімдік текті дәрілерден басқа да
бейорганикалық дәрілік құралдарды қолданған. Медициналық практикада
бейорганикалық заттарды бірінші болып Парацельс қолданған. Ол практикалық
медицинаға: темір, сынап, қорғасын, мыс, мышьяк, күкірт қоспаларын енгізді.
XIX ғасырда ғылыми фармакологияның дамуы басталды. Бұл кезде өсімдік
құралдардан олардың әсер етуші заттары таза түрінде бөлінді, синтетикалық
жолмен затар жасалынды және дәрілік заттардың фармакологиялық қасиеттерін
эксперименттік зерттеулері басталды.
XIX ғасырдың ортасында алғашқы эксперименттік фармакология
лабораториялары ашылды. С.П. Боткин клиникасының фармакология
лабораториясында жүрек гликозидтері, ыстықты түсіретін заттар, ащылер және
т.б. зерттелінді.
Жаңа дәрілік құралдарды іздестіру бағыттары: I. Препараттардың химиялық
синтезі: 1. Бағытталған синтез: А. Биогенді заттарды жасау; Б.
Антиметаболиттерді жасау; В. Белгілі активтілігі бар құралдардың
молекулаларын модификациялау; Г. Дәрілік құрал әсерлесетін субстраттың
құрамын зерттеу; Д. Қажетті қасиеттері бар екі дәріні қосу; Е. Ағзадағы
заттардың химиялық өзгерістерге ұшырауына байланысты, заттардың синтезін
жасау. 2. Эмпирикалық жол: А. Кездейсоқтық әдіс; Б. Скрининг әдісі. II.
Препараттардың дәрілік шикізаттардан алынуы және жекеленген заттардың
бөлінуі: 1. Жануарлардан алынуы; 2. Өсімдіктерден алынуы; 3. Минералдардан
алынуы. III. Саңырауқұлақтардың және микроорганизмдердің өмір сүру
өнімдерінен дәрілік заттардың алынуы.
Фармакологияны жалпы және жеке фармакологияға бөледі. Жалпы фармакология
– дәрілік заттардың тірі ағзалармен байланыстығының жалпы заңдарын
зерттейді. Жеке фармакологияда – фармакологиялық топтар мен жеке
препараттар талқыланады. Екі бөлімде де негізгі назар фармакокинетика мен
фармакодинамикаға аударылады. Фармакокинетика – заттардың сіңірілуін,
ағзада таралуын, метаболизмін және шығарылуын зерттейтін фармакологияның
бір бөлімі (Сурет 1). Фармакодинамика – заттардың биологиялық эффектілерін,
оладың жинақталуын, әсер ету механизмін, рецепторлермен байланысуын
зерттейтін бөлім.
Дәрілердің емдеу немесе алдын-алу мақсатымен қолдануы оларды ағзаға
енгізуден басталады. Енгізу жолына эффектінің даму жылдамдығы, оның
ұзақтығы байланысты болады.
Енгізу жолдарын екі түрге бөледі: 1) энтеральды жол (ас қорыту трактысы
арқылы) 2) парентеральды жол (ас қорыту трактісінен тыс).
Энтеральды жолдарға: ауыз қуысы арқылы, тіл астына, он екі елі ішекке
және тік ішекке (ректальды) енгізу жолдары жатады.
Кейбір заттардың сіңірілуі (абсорбциясы) ас қазанда өтеді, бірақ көбінесе
дәрілік заттар аш ішектен сіңіріледі.
Сіңірілу механизмдері (Сурет 2): 1) Пассивті диффузия – жасуша мембранасы
арқылы өтуі. Ол концентрация градиентіне байланысты болады. Бұл жолмен
липофильді заттар өтеді; 2) Фильтрация – мембрана түтікшілері арқылы өтуі.
Ол гидростатикалық және осмостық қысымға байланысты болады. Бұл жолмен су,
иондар және ұзақ гидрофильді молекулалар өтеді; 3) Активті транспорт –
заттарды таңдаумен, екі заттың бір тасымалдаушы механизмге бәсекелесуімен,
концентрация градиентіне қарсы тасуымен және энергияның шығындауымен
сипатталынады. Бұл жолмен гидрофильді молекулалар, бейорганикалық иондар,
қанттар, аминқышқылдары өтеді; 4) Пиноцитоз – жасуша мембранасының
инвагинациясы болып, көпіршік немесе вакуоль түзіледі. Ол көпіршіктің
ішінде сұйықтықта араласқан дәрілік заттар болады. Көпіршік цитоплазмадан
өтіп, жасуша ішіне экзоцитоз арқылы заттарды босатады.
Биотиімділік – препараттың алғашқы дозасына байланысты өзгермеген заттың
мөлшерін көрсетеді. Энтеральды енгізу кезіндегі биотиімділік – заттың ас
қорыту трактысынен сіңірілуімен, бауыр бөгеті арқылы өкенде жоғалуымен
байланысты болады. Күре тамырға енгізгенде биотиімділік 100 % деп алынады.
Парентеральды жолдарға: тері астына, бұлшық етке, күре тамырға, артерия
ішіне, интерстирнальды (төске), құрсақ ішіне, ингаляциялық, ми қабаттарына
жатады.
Заттар сіңірілгеннен кейін олар қанға сіңіріліп, әртүрлі мүшелер мен
ұлпаларға таралады. Заттардың таралуына биологиялық бөгеттер әсерлерін
тигізеді. Оларға жасушалар қабырғасы, жасуша мембраналары, гематоэнцефалды
және плацентарлы бөгеттер жатады.
Дәрілік құралдар ағзада жасушаішілік және жасушадан тыс деполарда
сақталынуы мүмкін. Экстрацелюларлы депоға плазма белогын жатқызуымызға
болады. Кейбір заттар дәнекер ұлпаларда, сүйек ұлпаларында жинақталынады.
Майлы депода липофильді заттар сақталынады (мысалы, наркозға арналған
дәрілер).
Дәрілік құралдар ағзада биотрансформацияға ұшырайды (дәрілердің химиялық
өзгерістерге ұшырауы). Өзгерілмеген күйде көбінесе жоғары гидрофильді
иондалған молекулалар шығарылады. Биотрансформацияның екі түрі бар: 1)
метаболитті трансформация 2) конъюгация
Метаболитті трансформация – тотығу, тотықсыздану және гидролиз арқылы
өтетін заттардың өзгеруі. Мысалы: тотығу арқылы – имизин, эфедрин,
гистамин, фенацетин, кодеин, тотықсыздану арқылы – хлоралгидрат,
левомицетин, нитразепам, гидролиз арқылы – новокаин, атропин, дитилин,
ацетилсалицил қышқылы жүреді.
Конъюгация – биосинтетикалық процесс, яғни дәрілік затқа немесе оның
метаболиттеріне химиялық топшалардың қосылуы. Мысалы, метилдену (гистамин),
ацетилдену (сульфаниламидтер), глюкорон қышқылымен қосылуы (морфин,
оксазепам), сульфатану (левомицетин, фенол), глутатионмен қосылуы
(парацетамол). Метаболиттік трансформация және конъюгация кезінде заттар
суда жақсы еритін метаболиттер мен конъюгаттарға айналады. Бұл ары қарай
заттардың ағзадан шығу процестерін жеңілдетеді және дәрілер өзінің
биологиялық активтілігін жоғалтады. Дәрілер, олардың метаболиттерімен
конъюгаттары негізінен несеппен және өтпен шығарылады. Бүйректе шумақ
капиллярлар мембраналарында фильтрация процессі өтеді. Бұл жолмен
органикалық қышқылдар мен негіздер, пенициллиндер т.б. өтеді. Заттардың
шығарылуы бүйрек түтікшелерінде өтетін реабсорбция процессіне байланысты
болады. Бүйрек клиренсі – біршама уақытта қанның белгілі көлемінің
тазартылу жылдамдығының көрсеткішін айтамыз. Кейбір препараттар және
олардың өзгерілген өнімдері көп мөлшерде өтпен ішекке, одан
экскременттермен шығарылады. Олар жартылай ішек-бауыр циркуляциясына түсуі
мүмкін. Газ тәрізді және ұшқыш заттар өкпемен шығарылады. Кейбір
препараттар сілекей бездерімен (йодидтер), тері бездерімен (лепраға қарсы
дәрі – дитофал), асқазан бездерімен (хини, никотин), ішек бездерімен
(органикалық қышқылдар), жас бездерімен (рифампицин) шығарылады. Кейбір
заттар (ұйықтататын дәрілер, анальгетиктер, этил спирті, никотин) лактация
кезінде сүт бездерімен шығарылады. Жартылай өмір периоды (t 12 ) – заттың
қан плазмасындағы мөлшерінің 50%-ға төмендеу уақытын көрсетеді. Оны білу
заттардың дұрыс дозалануына қажетті.
Заттың қолданған жерде пайда болған әсерін – жергілікті әсер деп атаймыз.
Мысалы, бүркеуші заттар шырышты қабықты жауып, афферентті жүйкелердің
қозуын азайтады. Заттың сіңіріліп, жалпы қан айналымына, одан кейін
ұлпаларға түскеннен кейінгі басталған әсерін резорбтивті әсер деп атаймыз.
Жергілікті және резорбтивті дәрілердің әсері тікелей немесе рефлекторлы
болуы мүмкін. Тікелей заттардың ұлпалармен қосылған жерінде пайда болады.
Рефлекторлы әсерде заттар экстеро–немесе интерорецепторларға әсер етіп,
солар арқылы атқарушы мүшелердің жағдайын өзгертеді. Мысалы, күре тамырға
енгізілетін лобелин препараты каротидті шумақта орналасқан
хеморецепторлерді қоздыру нәтижесінде рефлекторлы түрде тыныс алу орталығын
қуаттандырады да, тыныстың көлемін және жиілігін жоғарылатады.

Иллюстрациялы материалдар:

Сурет 1.

Сурет 2.
Әдебиет:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. – Издание 6-ое. - Москва: Гэотар Медицина,
2001.
2. Балабаньян В.Ю., Решетников С.И. Руководство для подготовки к занятиям
по фармакологии. - Москва: Инфомедиа Паблишер, 2000.
Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1. Дәрілерді енгізудің пероральды жолының артықшылығы неде?
2. Қандай дәрілік түрлерді пероральды қабылдайды?
3. Ішек қарын трактысында дәрілердің сіңірілуіне тамақ қалай әсер
етеді?

Тақырыбы: №2 Холинергиялық дәрілер.
Мақсаты: Студенттерді эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілермен
таныстыру. Холинергиялық дәрілермен уланғанда көмек беру шараларымен
таныстыру.
Дәріс тезистері.
Шеткерлiк жүйке жүйесi жүйкелерден және ганглийлерден тұрады.
Шеткерлiк жүйке жүйесiнiң афференттi және эфференттi бөлiктерiн ажыратады.
Мүшелерден және ұлпалардан ОЖЖ-iне қозуды өткiзетiн жүйке талшықтары-
афферентты (сезiмталды) деп аталынады. ОЖЖ-iнен мүшелер мен ұлпаларға
қозуды өткiзетiн жүйке талшықтары-эфферентты деп аталынады. Осыған
байланысты афферентты және эфферентты шеткерлiк жүйке жүйелерiне әсер
ететiн фармакологиялық құралдарды айырады.
Ацетилхолин холинергиялық жүйке талшықтардың ұштарынан бөлiнiп клетка
мембранасындағы рецепторларды қоздырады. Бұл рецепторларды
холинорецепторлар деп атайды. Холинорецепторларды қоздыратын заттар -
холиномиметиктер, ал тежейтiн холиноблокаторлар деп аталынады.
Ацетилхолиннiң әсерi өте қысқа, себебi ацетилхолинэстераза ферменты оның
гибролизын шақыртады. Ацетилхолинэстеразаның бөгетiн шақыратын заттар –
антихолинэстеразды деп аталынады. Әртүрлi синапстардың холинорецепторлардың
фармакологиялық заттарға сезiмталдықтары бiрдей емес. Парасимпатикалық
жүйке талшықтардың ұшарының қасындағы мүшелер және ұлпалар клеткаларының
холинорецепторлары мускаринның (мухомор саңырауқұлағының алкалоиды) қозу
әсерiне сезiмтал. Бұндай рецепторлар М-холинорецепторлар (мускаринсезiмтал
холинорецепторлар) деп аталынады.
Эфферентты иннервацияның басқа холинорецепторлері никотинге (шылым
алкалоиды) жоғары сезiмтал, сондықтан оларды Н-холинорецепторлар (никотин
сезiмтал рецепторлар) деп атайды.
М-холиномиметикалық заттар мүше және ұлпа клеткаларының М-
холинорецепторларын қоздырады. М-холиномиметикалық заттардың әсерiнен
көздiң қарашығының тарылуы, жүректiң жиырылуының азаюы, қан тамырлардың
кеңеюi, АҚ-ның төмендеуi, бронх бұлшық еттерiнiң тонусы жоғарылауы, IҚТ-
ның, қуықтың перисталькасының күшеюi, без секрециясының (сiлекей, бронх,
IҚТ бездерiнiң) күшеюi болады.
М-холиномиметикалық құралдардан медицинада пилокарпин және ацеклидин
қолданылады.
Дозасы асып кеткенде сiлекей ағуы, iш өтуi пайда болады. М-
холиномиотиктермен уланғанда М-холиноблокаторларды қолданады (атропин).
Н-холинорецепторлер симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлерде,
синокаротидты аймақта, бүйрек үстi қыртысының хромаффинды клеткаларында,
қаңқа бұлшық еттерiнде және ОЖЖ-де орналасады.
Н-холиномиметикалық құралдарға цитизин және лобелин препараттары жатады.
Құрамына және қасиеттерiне байланысты никотинге ұқсас, бiрақ ұлылығы
төмен. Никотин медицина практикасында қолданылмайды (улы зат).
Цитизин және лобелинді күре тамырға енгiзген кезде, синокаротидты
аймақта орналасқан холинорецепторларды қоздырып, рефлекторлы түрде тыныс
орталығын қуаттандырады да, тыныс жиi және терең болады. Қолданылуы: 1)
нәрестелердiң асфиксиясында, көмiр қышқыл газымен уланғанда, хирургиялық
операция кезiнде тыныстың тежелiнуiнде, кейбiр дәрiлiк заттармен уланған
кезiнде (ұйықтататын, наркозға арналған құралдар) 2) темекi тартуға қарсы
күресiнде қолданылады (табекс, лобесил, анабазин, гамебазин, никотиннел
ТТЖ. )
Антихолинэстеразды құралдар өзiнiң атын ацетилхолинэстераза
ферментiнiң бөгетiн жасау қасиетiне байланысты алды. Бұл фермент
ацетилхолиннiң ыдырануын шақыртады. Антихолинэстеразды құралдар
синапстардағы ацетилхолинэстеразаның бөгетiн жасап ацетилхолиннiң ыдырануын
азайтып, оның әсерiн күшейтiп, ұзартады. Сонымен, антихолинэстеразды
құралдарды енгiзген кезде, фармакологиялық эффектiлер эндогенды
ацетилхолиннiң әсерiне байланысты болады. Бұл кезде: көз қарашығының
тарылуы, көз iшiлiк қысымының төмендеуi, аккомодация спазмы,
брадикардия, АҚ-ның төмендеуi, iшкi мүшелердiң тонусының жоғарылауы (IҚТ,
бронхтардың, қуықтың) без секрециясының жоғарылауы, қанқа бұлшық еттерiнiң
тонусының жоғарылауы пайда болады.
Жалпы қолдануға қарсы көрсеткiштерi: Эпилепсия, бронх демiкпесi,
стенокардия, брадикардия, паркинсон ауруы.
Антихолнэстеразды құралдарға әртүрлi фосфорорганикалық қосылыстар жатады.
Олар қайтымсыз түрде ацетилхолинэстеразаны тежейдi (“фосфакол” глаукомада,
басқалары инсектицидты заттар ретiнде қолданылады). Олар уланудың
себептерi болуы мүмкiн. Оның симптомдары: миоз, терлеу, сiлекей ағу,
бронхоспазм, брадикардия, қозу және т.б. Бұл симптомдар парасимпатикалық
иннервацияның қозуымен байланысты, сондықтан парасимпатикалық
иннервациясының бөгетiн жасау қажет. Бұл мақсатпен холиноблокаторларды –
атропинды (күре тамырға 2-4 мл 0,1%% ертiндi) және холинэстеразаның
реактиваторларын қолданады. Оларды бiрiншi тәулiкте енгiзедi, 2-шi
тәулiкте енгiзсе токсикалық эффектiлердi шақырту мүмкін (бауырға және
жүрекке).
М–холиноблокаторлар (МХБ) ОЖЖ-гі, мүшелер мен ұлпалар клеткаларындағы
М–холинорецепторлерді тежейді. МХБ парасимпатикалық жүйке жүйесінің ішкі
мүшелері мен бездерге әсерін тежейді. Әсер ету механизмі. Ацетилхолиннің
рецепторлеріне конкурентті антагонизмін көрсетіп, ацетилхолиннің
рецепторлермен әсерлесуі тежелінеді. Ацетилхолиннің синтезіне, шығарылуына,
гидролизіне әсер етпейді. МХБ жүректің жиырылуын жиілетеді, көз қарашығын
кеңейтеді, аккомодация параличін пайда етеді, бронхтардың, ІҚТ-ның бұлшық
еттерінің тонусын төмендетеді. Бездер секрецияларын азайтады.
Н – холиноблокаторлар. Вегетативті ганглийлердің, синокаротидті аймақтың
және бүйрек үсті заттың Н – холинорецепторлердің, жүйке – бұлшық ет
синапстардың Н – холинорецепторлерінен айырмашылығы болғандықтан Н –
холиноблокаторлар екі топқа бөлінеді: 1) ганглиоблокаторлар – вегетативті
ганглийлердің, синокаротидті аймақтың және бүйрек үсті қыртысының Н –
холинорецепторлерін тежейтін дәрілер 2) кураретәрізді дәрілер
(миорелаксанттар) – жүйке – бұлшық ет синапстардың Н – холинорецепторлерін
тежейтін дәрілер.
Ганглиоблокаторлар. Ганглиоблокаторлар өздерінің атын вегетативті
ганглийлерде қозу өтуін тежеуші әсеріне байланысты алды. Бұл заттардың
симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлердің тежеуімен байланысты
мүшелер мен ұлпаларға симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесінің
әсері де тежелінеді.
Медицина практикасында ганглиоблокаторлардың негізінен гипотензивті әсері
қолданылады. Гипертензивті криздер кезінде тері астына және бұлшық етке
бензогексоний және пентамин препараттары енгізіледі. Әсерлері бірнеше
минуттан кейін басталынып, 2-3 сағатқа созылады.
Ультрақысқа әсерлі ганглиоблокаторларды – гигроний және арфонадты (10-15
минут) – күре тамырға тамшылатып – басқарылатын гипотензия үшін қолданады
(хирургиялық операция кезінде артериялық қысымды төмен деңгейде қажетті
уақыт бойы ұстау). Кейбір кезде эндоартериттерде, асқазан және 12 елі
ішетің жара ауруында, өкпе ісінуінде қолданады. Жанама әсерлері: ішектің
атониясы, ортостатикалық коллапс, ауыз қуысының құрғауы, тез үйренгіштіктің
пайда болуы.
Кураретәрізді дәрілер. Кураретәрізді дәрілер жүйке – бұлшық еттерінің
синапстарының Н – холинорецепторлерін тежеу нәтижесінде қаңқа бұлшық
еттерінің босаңсуы пайда болады. Әсер ету механизміне байланысты оларды екі
топқа бөледі: 1) антидеполяризациялық дәрілер 2) деполяризациялық дәрілер.
Антидеполяризациялайтын дәрілер. Тубокурарин хлориді (тубарин) жатады.
Бұл заттың күре тамырға енгізуінен кейін қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуы
пайда болады. Бұлшық еттер келесі кезекте босаңсиды: мойын бұлшық еттері,
қол, аяқ бұлшық, дене бұлшық еттері, соңғы кезекте тыныс алу бұлшық еттері,
ол тыныстың тоқталуына әкелу мүмкін. Әсер ету ұзақтығы 30-40 минут. Әсер
ету механизмі. Тубокурарин бұлшық еттердің Н – холинорецепторлердің бөгетін
жасап олардың ацетилхолинмен қозуын тежейді. Сондықтан ацетилхолин бұлшық
еттердің деполяризациясын пайда етпейді. Бұл топқа анатруксоний, алкуроний
хлориді, панкуроний бромиді (павулон), векуроний бромиді (норкурон),
пипекуроний бромиді, атракуриум препараттары жатады.
Антагонистер ретінде антихолинэстераздық дәрілер (прозерин, галантамин)
қолданады.
Деполяризациялайтын дәрілер. Кең қолданатын суксаметоний йодид немесе
хлориді (дитилин, листенон) препараты болып табылады.
Кураретәрізді дәрілер хирургияда қаңқа бұлшық еттерінің босаңсытуында,
жүрекке және өкпеге өткізілетін операцияларда. Қысқа уақыт әсер ететін
дәрілер қысқа уақыт жүргізілетін операцияларда (шығып кеткен қол, аяқтарды
орнына салу, сынықтарды орнына келтіру, интубацияларда) қолданады. Кейбір
кезде сіріспеде (столбняк) және стрихнинмен уланған кезде қолданады. Жанама
әсерлері: артериялық қысымның төмендеуі (тубокурарин) немесе жоғарылауы
(дитилин), тахикардия, аритмиялар (дитилин), бронхоспазм (тубокурарин),
қаңқа бұлшық еттердің ауырсынулары (дитилин).
М,Н – холиноблокаторлар. Бұл топқа орталық және шеткерлік М,Н –
холинорецепторлерді тежейтін дәрілер жатады. Циклодол (тригексифенидил
гидрохлориді) – Паркинсон ауруын емдеу үшін қолданады. Жанама әсерлері:
ауыз қуысының құрғауы, тахикардия, аккомодацияның бұзылуы, ішек тонусының
төмендеуі, ОЖЖ – не әсер (қозу, галлюцинациялар).
Иллюстрациялы материалдар:

Әдебиет:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. – Издание 6-ое. - Москва: Гэотар Медицина,
2001.
2. Балабаньян В.Ю., Решетников С.И. Руководство для подготовки к занятиям
по фармакологии. - Москва: Инфомедиа Паблишер, 2000.
Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
1. Холинэстераза реактиваторларының жанама эффектілерімен қарсы
көрсеткіштері қандай?
2. Холиноблокаторлардың жанама эффектілері қандай?
3. Холиномиметиктер және холинэстераза реактиваторларымен уланған кездегі
симптомдары қандай?

Тақырыбы:№3 Адренергиялық дәрілер.
Мақсаты: Студенттерді адренергтік дәрілермен таныстыру.
Дәріс тезистері.
Шеткерлік иннервацияда адренергтік талшықтардан эффекторлы клеткаларға
импульстардың берілуінде норадреналин медиаторы қатысады. Адренергиялық
аксондар эффекторлы клеткаларға келіп, жүйке ұштарының функциясын
атқаратын, варикозды түйіндері бар жіңішке торға таралады. Варикозды
түйіндерде визикулаларда (көпіршіктерде) норадреналин медиаторы бар. Жүйке
импульсына жауап ретінде норадреналиннің синаптикалық қуысқа бөлінуі және
постсинаптикалық мембраналарының адренорецепторлерімен (АР) әсерлесуі пайда
болады. АР сезімталдығына байланысты α және β – адренорецепторлерге
бөлінеді. (-АР α1 және α2–адренорецепторлерге бөлінеді. α1–АР
постсинаптикалық, ал α2–АР пре-және постсинаптикалық жинақталынады.
Пресинаптикалық (2-АР де табылған. Олар (2–АР қарағанда керісінше
норадреналиннің бөлінуін қуаттандыратын оң байланысын тигізеді. Тері,
бүйрек және ішек тамырларында, ІҚТ сфинктерлерінде, көк бауырда (-АР
орналасады. Ал жүректе, бронх бұлшық еттерінде, қаңқа бұлшық еттерінің
тамырларында (-АР орналасады. Норадреналиннің адренорецепторлерге әсері
қысқа. Бұл медиатордың 75-80% адренергиялық талшықтардың ұштарымен кері
ұсталуымен және оның депонирленуімен байланысты. Бос норадреналиннің
катаболизмі митохондрияларда орналасқан моноаминооксидазамен (МАО)
реттелінеді. Жүйке ұштарынан бөлінген норадреналиннің метаболизмі – катехол
– о –метилтрансфераза (КОМТ) көмегімен өтеді.
(,β – адреномиметиктер. Адреналин – фенилалкиламиндер тобына жатады.
Бүйрек үсті безінің хромафинді клеткаларында орналасатын биогенді
катехоламин. Адреналин синтетикалық жолмен және малдардың бүйрек үсті
безінен алынады. Тікелей α және ( - адренорецепторлерді қуаттандырады.
Фармакологиялық эффектілері: 1. Жүректің жиырылу күшін жоғарылатады 2.
Жүректің жиірілу жийілігін жоғарылатады 3. Алғашқы рет енгізгенде
артериялық қысым жоғарылайды, себебі (1 – АР әсер көрсетеді (күре тамырға
енгізгенде 5 минут), содан соң артериялық қысым төмендейді, себебі β2 –
адренорецепторлерге ұзақ қозу әсерін көрсетеді 4. Көз қарашығын кеңейтеді,
көз ішілік қысымды төмендетеді 5. Бронхтардың (2 – АР қоздырып, бронхтардың
бұлшық еттерін босаңсытады, бронхоспазмды жояды 6. ІҚТ тонусымен
моторикасын төмендетеді 7. Гликогенолизді және липолизді қуаттандырады 8.
ОЖЖ қоздырады (қозу, мазасыздық, тремор, құсу орталығының қуаттануы). Ауыз
қуысы арқылы енгізгенде адреналин ІҚТ және бауырда бұзылады. Қолдануы: 1.
Анафилактикалық шокта 2. Бронхолитик ретінде (бронх демікпесінің ұстамасын
басу үшін) 3. Гипогликемиялық комада (диабетке қарсы дәрілермен пайда
болғанда (инсулин)) 4. Кейбір кезде пресорлы дәрі ретінде артериялық
қысымды көтеру үшін (көбінесе норадреналин және мезатон қолданады) 5.
Анестетиктермен бірге енгізгенде анестезияны күшейтеді, ал резобтивті және
токсикалық әсерлері төмендейді 6. Атриовентрикулярлы блок және жүректің
тоқтауында интракардиальды қолданады 7. Көз түбін зерттеуде және
ашықбұрышты глаукомада. Жанама әсері: жүрек ритмінің бұзылуы, тахикардия,
бас ауру, мазасыздық, тремор.
( - адреномиметиктер. Мезатон. Оның эффектілері: 1. артериялық қысымның
жоғарылауын шок, коллапс кезінде қолданады. Жүректің жиырылу жиілігін
жоғарылатпайды, әсері күре тамырға енгізгенде 20 минут, тері астына
енгізгенде 40 минут сақталынады. Рефлекторлы брадикардияны пайда етеді 2.
Мұрын тамырларын тарылтады – жергілікті енгізгенде қабынуды азайтады
(риниттерде тамшы түрінде) 3. көз қарашығын кеңейтеді – көз түбін зерттеу
үшін қолданады 4. Көз ішілік қысымды төмендетеді – ашық бұрышты глаукомада
тамшы түрінде қолданады. Норадреналинге қарағанада тұрақты және ішке
қабылдауға қолданады.
( - адреномиметиктер ((1β2 – адреномиметиктер). Изадрин - (-АР тікелей
қуаттандырушы әсер көрсетеді. (1және β2 - АР қоздырады. Эффектілері: 1.
Жүректегі (1 – АР қоздырып, жүректің жиырылу күшін және жиілігін
жоғарылатады: а) брадиаритмияларда және атриовентрикулярлы блок кезінде
таблетка түрінде тілдің астына енгізеді б) жанама әсер – тахикардия пайда
етеді 2. Тамырдағы β2 – АР қоздырып, артериялық қысымның төмендеуін пайда
етеді. 3. Бронхтардағы β2 – АР қоздырып, бронхтардың кеңеюіне әкеледі.
Бронх демікпесінің ұстамасын жою үшін қолданады, бірақ орципреналинге және
фенотеролға қарағанда тиімділігі төмен. Аэрозоль түрінде тәулігіне 8 ретке
дейін, әсері 1 минуттан кейін басталады. 4. Жатырдағы β2 – АР қоздырып,
жатырдың босаңсуын пайда етеді: а) түсік қаупінде қолданады б) босанудың
алдында қолдануға болмайды. 5. ОЖЖ қуаттандырады. Жанама әсері: тахикардия,
жүректің аритмиялары, тремор, бас ауру.
β2 – Адреномиметиктер. Оның екі негізгі қасиеттері бар: а) бронхтардағы
β2 – АР әсер етуіне байланысты бронхтарды кеңейтіп, бронх демікпесінде
қолданады б) жатырдағы β2 – АР әсер етуіне байланысты жатырды босаңсытып,
ерте басталған туудың қаупінде қолданады.
(1 –адреномиметиктер. Добутамин – жүректегі (1-АР әсер етіп, жүректің
жиырылу күшін және жиілігін жоғарылатады. Кардиотоникалық дәрі ретінде
хирургиялық операция кезінде күре тамырға тамшылатып енгізеді.
Симпатомиметиктер. Эфедрин – эфедра өсімдігінің алкалоиды. ( және β – АР
тікелей емес (медиатор арқылы) әсер етеді. Әсер ету механизмі: 1) варикозды
түйіндерге әсер етіп, медиатордың (норадреналиннің) бөлінуін пайда етеді 2)
АР тікелей әлсіз әсер етеді 3) медиатордың нейрональды кері ұсталуын
төмендетеді. Эффектілері: 1) жүректің жұмысын қуаттандырады 2) артериялық
қысымды жоғарылатады 3) көз қарашығын кеңейтеді (аккомодацияға және көз
қысымына әсері жоқ) 4) ішектердің перистальтикасын төмендетеді 5) қаңқа
бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатады 7) гиперкликемияны пайда етеді.
Қолдануы: бронхолитик ретінде кейбір кезде артериялық қысымды жоғарылату
үшін, риниттерде (тамшы түрінде), атриовентрикулярлы блокадада,
офтальмологияда – көз түбін зерттеу үшін.
( - адренблокаторлар. Негізгі әсері – қан тамырларын кеңейту. Қолдануы:
1) артериялық қысымды төмендету үшін 2) шеткерлік қан айналымның
бұзылысында (Рейно ауруы – шеткерлік майда артериялардың зақымдануы,
мигрень) қолданады.
(1(2 – адреноблокаторлар. Қан тамырларын кеңейтіп, артериялық қысымды
төменгдетеді. Пресинаптикалық (2 – АР тежеуші әсеріне байланысты
тахикардияны пайда етеді.
α1 – адренблокаторлар. Празозин – постсинаптикалық (1 – АР әсер етуінен
норадреналиннің шығуы болмайды, сондықтан тахикардия болмайды. Қолдануы: 1)
гипертоникалық ауру 2) жүрек жетімсіздігі 3) шеткерлік қан айналымның
бұзылысы 4) қуық асты безінің аденомасы (зәр шығуын жақсартады).
β – адреноблокаторлар.Олардың негізгі әсерлері: 1) антигипертензивті 2)
антиаритмиялық 3) антиангинальды.
(1(2 – адреноблокаторлар. Фармакологиялық әсерлері: 1) (1 –
адренорецепторлерге әсер етіп, жүректің жиырылу жиілігі мен күшін
төмендетеді, миокардтың оттегіне деген қажеттілігі төмендейді
(антиангинальды әсер) 2) (2 – АР әсер етеді: а) бронх тонусын жоғарылатады
(қолдануға қарсы көрсеткіші – бронх демікпесі болып табылады) б) жатыр
тонусын жоғарылатады (қолдануға қарсы көрсеткіші – жүктілік болып табылады)
в) тамырлардың тарылуы, бірақ артериялық қысым төмендемейді, себебі
жүректің жұмысы азайып, қанның аз мөлшері тасталады г) көз ішілік қысым
төмендейді (тимолол – глаукомада қолданады) д) липолиз төмендейді –
гипертиреоз кезінде қолданады.
(1 – адреноблокаторлар. β2 – адренорецепторлерге әсері жоқ, сондықтан
бронхоспазмды және жатырдың жиырылуын пайда етпейді.
( және ( - адреноблокаторлар. Лабетолол – жүректің жиырылу жиілігіне
әсер етпей, тез антигипертензивті әсер көрсетеді. Ішке таблетка түрінде
және күре тамырға гипертоникалық криздерде қолданады. Науқас жатқан кезде
ғана енгізіледі, себебі өте тез артериялық қысым төмендеп кетеді. Әсері 8-
10 сағатқа дейін созылады.
Симпатолитиктер. α және β – АР тежейді. Әсер ету механизмі. Синапстардан
медиатордың бөлінуін төмендетеді. Резерпин – раувольфия өсімдігінің
алкалоиды. Фармакологиялық әсерлері: 1) артериялық қысымды біртіндеп
төмендетеді, ішке қабылдағаннан кейін әсері бірнеше тәулікке дейін созылады
– гипертоникалық ауруды емдеу үшін және гипертоникалық криздерді алдын-алу
үшін қолданады 2) брадикардияны пайда етеді 3) асқазанның моторикасын және
секрециясын жоғарылатады (ульцирогенді әсер – жараларға әкелу мүмкін) 4)
ОЖЖ тежейді (тыныштандыратын және антипсихотикалық әсер.
Иллюстрациялы материалдар:

Әдебиет:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. – Издание 6-ое. - Москва: Гэотар Медицина,
2001.
2. Балабаньян В.Ю., Решетников С.И. Руководство для подготовки к занятиям
по фармакологии. - Москва: Инфомедиа Паблишер, 2000.
Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
1. Адренорецепторлердің қандай түрлерін білесіз?
2. Адреномиметикалық дәрілерге қандай препараттар жатады?
3. Адреноблокторлық дәрілерге қандай препараттар жатады?

Тақырыбы:№4 Анальгетиктер.
Мақсаты: Студенттерді наркотикалық анальгетиктермен таныстыру. Наркотикалық
анальгетиктермен уланғанда көмек беру шараларымен таныстыру.
Дәріс тезистері. Ауырсыну – ағзаның тітіркендіргіштерге жауап реакциясы.
Ауырсыну – барлық ағзада таралған, ол афферентті жүйке ұштарында орналасқан
– ноцицепторлермен қабылданады. Ағзадан тыс (экзогенді) ауырсынуды пайда
ететін факторларға: термиялық, механикалық, химиялық факторлар жатады.
Ағзаның ішіндегі (эндогенді) факторларға: қабыну медиаторлары брадикинин,
гистамин, серотонин жатады. Простагландиндер – ноцицепторлердің
тітіркендіргіштерге сезімталдығын жоғарылатып, ауырсыну сезімін пайда
етеді. Ауырсынудың маңызы: 1) жағымды, яғни қабыну процесінің орналасу
орнын көрсетеді 2) жағымсыз, яғни қатты ауырсынуды баспаса ол шокқа, ал ол
өлімге де әкелу мүмкін. Анальгетиктер – таңдамалы ауырсыну сезімталдығын
жоятын препараттар тобы. Басқа сезімталдықтың түрлеріне әсер етпейді.
Анальгетиктер үш топқа бөлінеді: 1) Орталық әсерлі опиоидты (наркотикалық)
анальгетиктер; 2) Орталық әсерлі опиоидты емес анальгетиктер; 3) Шеткерлік
әсерлі (наркотикалық емес) анальгетиктер.
Наркотикалық анальгетиктер. Әсер ету механизмі: ОЖЖ – де ораналасқан
опиатты рецепторлермен байланысып, ауырсыну сезімін төмендетеді. Опиатты
рецепторлермен әсерлесу принциптеріне байланысты келесі топтарға бөлінеді:
1. Агонистер – опиатты рецепторлермен байланысып, ауырсыну сезімін
төмендететін дәрілер: морфин (словальгин), омнопон (пантопан), фентанил
(сентанил), трамадол (трамал), промедол (тримеперидин гидрохлориді),
пиритрамид, эстоцин; 2. Агонист-антагонистер – агонистерді рецепторлер
байланыстығынан ажыратып, өздері байланысады да, ауырсынуға қарсы әсер
көрсетеді: А) анальгетик ретінде – пентазоцин (лексир), бупренорфин
(норфин), нальбуфин (нубаин); Б) агонистермен уланғанда – налорфин; В)
диареяға қарсы – лоперамид гидрохлориді
3. Антагонистер – агонистерді рецепторлер байланыстығын бұзып, өздері
рецпторлердің бөгетін пайда етеді: налоксон, налтрексон. Агонистердің жалпы
қасиеттері: 1) Орталық әсерлер: а) ауырсынуды жояды б) ОЖЖ тежелінуі
(сопақша мидағы орталықтардың тежелінуі) в) эйфория г) үйренгіштік д)
физикалық және психикалық дәріге тәуелділік; 2) Шеткерлік әсерлер: а) ІҚТ –
на әсері б) қуықтың бұлшық еттеріне әсері в) бронхтарға әсері. Морфин –
опий алкалоиды. Өте күшті ауырсыну сезімін жояды. Орталық әсерлері: 1)
анальгетикалық әсер (ауырсыну жойылады) 2) тыныс алу орталығы тежеледі
(дозасы асып кеткенде, тыныс тоқталу мүмкін) 3) жөтел орталығының тежелуі
4) құсық орталығының тежелуі 5) аштық орталығының тежелуі (тәбеттің
төмендеуі) 6) жылу реттегіш орталықтың тежелінуі (дене температурасының
төмендеуі) 7) ұйқының пайда болуы 8) көз қимыл жүйкенің қозуы (миоз пайда
болады) 9) кезеген жүйке орталығының қозуы (брадикардия) 10)
тамырқозғалтқыш орталыққа әсері жоқ., артериялық қысым өзгермейді. Шетерлік
әсерлері:1) ІҚТ сфинктерлерінің тонусының жоғарылауы (іштің қатуына
әкеледі); 2) Асқорыту бездерінің секрециясының төмендеуі; 3) Қуық
сфинктерлерінің тонусының жоғарылуы (зәр шығуын қиындатады); 4) Бронхтар
тонусының жоғарылауы (бронхоспазмға әкеледі).
Агонистердің жалпы қолдануы: жарақаттар, миокард инфактісі, тууды
жансыздандыру, премедикация, операциядан кейінгі кезеңде, онкологиялық
ауруларда.
Пентазоцин. Анальгетикалық активтілігі төмен, үйренгіштікті және дәріге
тәуелділікті аз пайда етеді. Жанама әсері: құсу, жүрек айну, бас айналу,
тыныстың тежелінуі. Нальбуфин, бупренорфин – пентазоцинге қарағанда
күштілігі жоғары, күре тамырға енгізгенде морфинге теңеседі. Налорфин –
агонистердің барлық эффектілерін азайтады агонистермен уланған кезде
қолданады). Күре тамырға, бұлшық етке, тері астына енгізіледі.
Наркомандарға енгізгенде абстиненция синдромын пайда етеді (диагностика
үшін). Лоперамид – орталық эффектілері жоқ. ІҚТ-ның перистальтикасын
төмендетеді. Іштің өтуінде, балаларға да ішке белгіленеді. Налоксон. Бұлшық
етке, күре тамырға енгізгенде әсері 1-3 минуттан басталынып, 4 сағатқа
дейін сақталынады. Қолдануы: 1) наркотикалық анальгетиктердің дозасы
асқанда 2) бензодиазепиндердің, барбитураттардың дозасы асқанда 3)
алкогольмен уланғанда 4) наркоздан шығуды жеңілдету үшін 5) дәріге
тәуелділіктің диагностикасында. Налтрексон. Активтілігі жоғары, әсері 24-48
сағат, морфинизмді емдеу үшін қолданады.
Опиоидты емес анальгетиктер: 1) Орталық әсерлі (2 - адреномиметиктер:
клонидин (клофелин) морфинге қарағанда анальгетикалық активтілігі жоғары.
Тынысты тежемейді, дәріге тәуелділікті пайда етпейді. Жедел және созылмалы
ауырсынуларда тиімді; 2) Антидепрессанттар: амитриптилин, имзин – созылмалы
ауруларда, фантомды ауырсынуларда (аяқ – қол жоқ жерде), онкоауруларда
қолданады; 3) Эпилепсияға қарсы дәрілер: карбамазепин, натрий вальпроаты –
созылмалы ауырсынуларда, үштік жүйке невралгиясында, онкоауруларда
қолданады.
Наркотикалық емес анальгетиктер: 1) Анальгетик - антипиретиктер:
парацетамол және оның препараттары (цитрамон), кеторолак трометамин; 2)
Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер тобындағы анальгетиктер: а)
салицилаттар: ацетилсалицил қышқылы (аспирин), метилсалицилат, месалазин,
натрий салицилаты б) пиразолондар: метамизол (анальгин), баралгин, бутадион
(фенилбутазон). Әсер ету механизмі. Простагландиндердің синтезін тежейді
(простагландинсинтетаза ферментіне әсер етеді) – ауырсыну сезімі
төмендейді, температура төмендейді, қабынуға қарсы әсер көрсетеді.
Парацетамол. Қабынуға қарсы активтілігі жоқ препарат. Көбінесе
анальгетикалық және ыстықты түсіретін препарат ретінде қолданады. ІҚТ – нан
жақсы сіңіріледі. Қолдануы: невралгияда, бас ауруында, қызба кезінде
ыстықты түсіру үшін. Жанама әсері. Ұзақ қолданғанда бауыр және бүйрек
функцияларын бұзады. Улы дозаларда – анемия, тері зақымданулары байқалады.
Кеторолак трометамин. Тек қана анальгетикалық әсер көрсетеді, ыстықты
түсіретін және қабынуға қарсы активтілігі жоқ. Анальгетикалық күші
наркотикалық препараттарға тең. Қолдануы: бас және тіс ауырсынуларында,
невралгияда, жарақаттарда, күйіктерде, онкоауруларда, операциядан кейінгі
кезеңдерде. Жанама әсері: ісінулер, бауыр және бүйрек функцияларының
бұзылуы, қысқы курстармен енгізіледі. Метилсалицилат. Бұлшық ет және
буындардың ауырсынуларында жергілікті қолданады. Месалазин. Спецификалық
емес жара колитінде және басқа ауруларда қолданады. Анальгин.
Анальгетикалық, қабынуға қарсы және ыстықты түсіретін қасиеттерге ие.
Қолдануы: қан жасалу жүйесінің тежелінуі (агранулоцитоз, лейкопения),
аллергиялық реакциялар. Баралгин. Құрамында анальгин, спазмолитик,
ганглиоблокатор бар спазмолитикалық қасиетке ие препарат. Спазмдар кезінде,
бүйрек, ішек және бауыр шаншымаларында, бас, тіс ауырсынуларында,
ревматизмде қолданады.
Иллюстрациялы материалдар: Электронды слайд
Әдебиет:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. – Издание 6-ое. - Москва: Гэотар Медицина,
2001.
2. Балабаньян В.Ю., Решетников С.И. Руководство для подготовки к занятиям
по фармакологии. - Москва: Инфомедиа Паблишер, 2000.
Қортынды сұрақтары (кері байланыс):
1. Анальгетиктердің қандай ерекшеліктерін білесіз?
2. Морфиннің әсер ету механизмі қандай?
3. Бейнаркотикалық анальгетиктердің әсерінің механизмі қандай?

Тақырыбы:№5 Ұйықтататын дәрілер.
Мақсаты: Студенттерді ұйықтататын дәрілердің қасиеттерімен, олардың
жағымсыз әсерлерімен, олармен уланған кезде көмек беру шараларымен
таныстыру.
Дәріс тезистері.
Ұйықтататын дәрілердің жіктелуі:1) Бензодиазепин туындылары: диазепам
(сибазон), нитразепам (эуноктин), флунитразепам (рогипнол), феназепам,
мидазолам (дормикум), эстазолам; 2) Барбитураттар: фенобарбитал, барбитал,
этаминал; 3) Басқа топтың туындылары: зопиклон (имован), бромизовал,
метаквалон
Ұйықтататын дәрілер кіші дозаларда тыныштандыратын дәрілер ретінде,
транквилизаторлар ретінде (қоқыныш, үрей сезімдерін, эмоциональды күштің
түсуін төмендетеді) және тырысуға қарсы дәрілер ретінде қолданады.
Ұйықтататын әсері үшін оларды оларды тәулігіне 1 рет ұйықтар алдында
қабылдайды (таблетка, ұнтақ, капсула түрлерінде). Кейбіреулері ампуладағы
ерітінді түрінде парэнтеральды екі жағдайда қолданады: 1) өте күшті
психомоторлы қозуда, ішке қабылдау мүмкіндік болмаған жағдайда 2)
эпилепсияға қарсы әсерлеріне байланысты эпилепсиялық статусты жою үшін.
Ұйықтататын дәрілердің жалпы жанама әсерлері: 1) ұйқыдан кейінгі пайда
болатын бұзылыстар (әлсіздік, бас айналу, назар сезімінің төмендеуі); 2)
үйренгіштіктің пайда болуы; 3) ұйқының құрылымының бұзылуы (жылдам ұйқы
фазасының азаюы); 3) дәріге тәуелділіктің пайда болуы; 4) аллергиялық
реакциялар (барбитураттар); 5) назар сезімі жылдамдығының төмендеуі.
Қолдануға қарсы көрсеткіштері: 1) транспорт жүргізушілері; 2) жүктіліктің
бірінші үш айында; 3) бауыр және бүйрек ауруларында; 4) ауыр миастения
кезінде.
Ұйықтататын дәрілердің әсер ету механизмі. Орталық жүйке жүйесінде
тежеуші медиатор ретінде гамма аминомай қышқылы (ГАМК) белгілі. Бұл
медиатор екі түрлі ГАМК – А және ГАМК – В рецепторлерімен әсерлеседі. ГАМК
– А рецепторлермен аллостерикалық комплекс түрінде бензодиазепинді және
барбитуратты рецепторлермен байланысты. Бұл рецепторлерді ұйықтататын
дәрілер қоздыру нәтижесінде ГАМК – А рецептордің ГАМК – на сезімталдығы
жоғарылап, жалпы тежегіш әсер пайда болады.
Барбитураттар. Қазіргі уақытта сирек қолданады, себебі жанама әсері көп.
Олардың фармакологиялық қасиеттері: 1) бауырдағы микросомальды
ферменттердің активтілігін күшейтеді, сондықтан дәрілердің бұзылуын
тездетеді (үйренгіштік эффектісі). Дозаларын қайта енгізгенде жоғарылатады.
Үйренгіштік 2 аптадан кейін пайда болады 2) дәріге тәуелділік
барбитураттарға 1-3 айдан кейін пайда болады 3) материалды кумуляцияға
ұшырайды 4) Ұйқының құрылымын өте күшті бұзады, сондықтан оянғаннан кейін:
әлсіздік, бас айналу байқалады 5) токсикалық дозада – улану пайда болады:
тыныстың тежелуі, коллапс пайда болады, рефлекторлы белсенділік төмендейді,
бүйрек функциясының бұзылуы (диурездің төмендеуі).
Басқа топтың туындылары. Бромизовал – жеңіл ұықтататын дәрі, жақсы
қабылданады, аз дозаларда тыныштандыратын қасиеті көк жөтел кезінде
балаларда белгіленеді. Метаквалон – ұйықтататын, тыныштандыратын, тырысуға
қарсы қасиетке ие препарат.
Иллюстрациялы материалдар: электронды слайдтар

Әдебиет:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. – Издание 6-ое. - Москва: Гэотар Медицина,
2001.
2. Балабаньян В.Ю., Решетников С.И. Руководство для подготовки к занятиям
по фармакологии. - Москва: Инфомедиа Паблишер, 2000.
Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
1. Ұйықтататын дәрілер қалай жіктеледі?
2. Ұйықтататын дәрілерге қандай талаптар қойылады?
3. Бензодиазепин туындысындағы дәрілерге қандай фармакологиялық
эффектілер тән?

Кредит №2
Тақырыбы: №1 Қабынуға қарсы дәрілер
Мақсаты: Студенттерді қабынуға қарсы дәрілермен таныстыру
Лекция тезистері:
Қабыну ағзаның әртүрлi экзогендi және эндогендi зақымдаушы факторларға
(мыс. бактериальды, вирусты және паразитарлы инфекциялардың
қоздырғыштары, с.б. аллергиялық, физикалық және химиялық агенттер) әмбепап
реакциясы болып табылады.
Қабыну – көптеген эндогендi заттармен реттелiнетiн күрделi процесс. Ол
заттар қабынуға қатысатын әртүрлi жасушалы элементтермен (мес жасушалары,
полиморфты-ядерлi лейкоциттер, моноциттер) өңдiрiледi. Олар простаноидтар,
лейкотриендер, азот тотығы, тромбоциттердi белсендiретiн фактор, гистамин,
кейбiр интерлейкиндер секiлдi биологиялық белсендi заттарды өндіреді.
Қабынуға қарсы дәрiлердi құру кезiнде үлкен қызығушылықты қабыну
үрдiсiне қатысатын жасушалардың жасушалы мембраналардың фосфолипидтерiнен
биологиялық белсендi заттардың түзiлуiне әсер ететiн заттар алады. Бұл
заттардың негiзгi бағыты келесiге жүктеледi:
1. Простаноидтарды (простагландиндер, тромбоксандар), лейкотриендердi,
тромбоциттердi белсендiретiн факторлардың түзiлуiн бақылайтын А2
фосфолипазаны тежеу.
2. Простаноидтардың биосинтезiн реттейтiн циклооксигеназаны тежеу
(бейстероидты қабынуға қарсы дәрiлер).
3. Простаноидты рецептерлердi блокадалау.
4. Лейкотриендердiң түзiлуiне қатысатын 5-липоксигеназаны блокадалау.
5. Лейкотриендi рецептерлердi блокадалау.
6. Тромбоциттердi белсендiретiн фактормен әрекеттесетiн рецепторлердi
блокадалау.
Қазiргi уақытта практикалық мәндi алғашқы екi топтар алады.
Қабынуға қарсы дәрiлер химиялық құрылысы бойынша стероидты және
бейстероидты деп бөледi.
Стероидты қабынуға қарсы механизмi арахидон қышқылының синтезiне
қажеттi А2 фосфолипазаны тежеумен байланысты.
Бейстероидты қосылыстарға циклооксигеназаға тежеушi әсер көрсетiп,
простаноидтардың биосинтезiн төмендететiн заттар жатады. Циклооксигеназаның
(ЦОГ) - 1 және 2-шi типтi 2 түрi бар. ЦОГ-1 кәдiмгi жағдайда түзiлiп,
ағзада простаноидтардың түзiлуiн реттейдi. ЦОГ-2 бөлiмi қабыну үрдiсiмен
өндiрiледi.
Дәрiлердiң жiктелуi.
I. ЦОГ-1 және ЦОГ-2-нi таңдамалы емес тежейтiндер
1. Салицил қышқылының туындылары- ацетилсалицил қышқылы
2. Антранил қышқылының туындылары- мефенам қышқылы, флуфенам қышқылы
3. Пиразолон туындылары- бутадион
4. Индолсiрке қышқылының туындылары- индометацин
5. Фенилсiрке қышқылының туындылары- диклофенак-натрий
6. Фенилпропион қышқылының туындылары -ибупрофен
7. Нафтил пропион қышқылының туындылары - напроксен
8. Оксикамдар: пироксикам
II. ЦОГ-2-ны таңдамалы тежейтiндер- Мелоксикам
Көптеген бейстероидты қабынуға қарсы дәрiлер (БСҚҚД) қабынуға қарсы,
анальгетикалық және ыстықты түсiретiн әсерлер көрсетедi.
Анальгетикалық әсерiнiң механимзi - бұл топтардың простагландиндер ( ПГ)
синтезiне тежеушi әсермен байланысты. ПГ гиперальгезияны шақырады, яғни
химиялық және механикалық стимулдарға ноцицепторлердiң сезiмталдығын
жоғарылатады. Сондықтан ПГ-р (ПГЕ2, ПГF(2, ПГI2) синтезiн тежеу
гиперальгезияның дамуын алдын-алады.
БСҚҚД ыстықты түсiретiн әсерге ие. Бұл ПГ-р синтезiнiң бұзылысымен және
гипоталамуста орналасқан жылуреттегiш орталығына пирогендi әсерiнiң
төмендеуiмен байланысты, әсiресе белсендi пироген ПГЕ1 болып табылады.

Иллюстрациялы материалдар: электронды слайдтар

Әдебиет:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. – Издание 6-ое. - Москва: Гэотар Медицина,
2001.
2. Балабаньян В.Ю., Решетников С.И. Руководство для подготовки к занятиям
по фармакологии. - Москва: Инфомедиа Паблишер, 2000.
Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
1. Қабынуға қарсы дәрілер қалай жіктеледі?
2. Ацетилсалицил қышқылының негізгі жанама әсері қандай?
3. Бейстероидты қабынуға қарсы дәрілердің әсер ету механизмі қандай?

Тақырыбы: №2 Аллергияға қарсы дәрілік құралдар
Мақсаты: Студенттерді аллергияға қарсы дәрілермен таныстыру
Лекция тезистері:
Сенсибилизиринген макроорганзим ұлпаларының зақымдалуын шақыратын
антигенге патологиялық жоғары иммундық реакцияларды аллергиялық
реакциялар деп атайды.
Аллергияның әртүрлi типiнiң дамуында иммуногенездiң 2 механизмi қатысады
– антиденелердiң өнiмiмен қамтылған гумаральды, жасушалы, яғни ол кезде
көптеген иммунокомпетенттi жасушалар қатысады. Иммундық жауап
фагоциттермен, реттегiш лимфоциттер (Т-супрессорлар), эффекторлы
лимфоциттер (цитотоксикалық Т-жасушалар, В-жасушалар) және басқа арасында
бiр-бiрiмен байланыс қамтылады. Антигенмен активтенген лимфоциттер,
сонымен бірге моноциттер және макрофагтар иммундық жауапты реттейтiн және
күшейтетiн биологиялық белсендi пептидтi қосылыстарды өңдiредi. Бұл
қосылыстар тобын цитокиндер деп атайды. Лимфоциттермен өңдiрiлген
цитокиндердi лимфокиндер деп атайды. Цитокиндер үлкен рольдi иммундық
реакцияның дамуында болады.
Гиперсезiмталдықтың реакцияларын келесi типтерге бөледi:
1. Тез реакциялы
2. Баяу реакциялы (2-3 тәул. кейiн пайда болады.)
Тез типтi (ТТ) реакция антигеннiң антиденемен байланысуымен қамтылған.
ТТ аллергиялық реакцияның дамуында үлкен рольдi мес жасушаларымен және
базофилдерден гистамин, “баяу реагирлейтiн анафилаксия субстанциясы”,
брадикинин, серотинин, ПГ-р, тромбоциттердi белсендiретiн фактор алады.
Бұл типтi реакцияға: бронхоспазм, ринит, конъюнктивиттер, есек жем,
анафилактикалық шок, сарысу ауруы, Артюс феноменi жатады.
Баяу типтi (БТ) реакциялар жасушалы иммунитетпен байланысты және
сенсибилизирленген Т-лимфоциттердiң бар болуына байланысты. Соңғыларының
бетiнің макрофагаларында орналасқан антигендi танитын арнайы рецепторлар
болады және олармен байланысады.
БТ аллергияда аллергия медиаторы цитокиндер қатары болып табылады. Оларға
интерлейкин – 2, лимфотоксин, макрофагтар миграциясын тежейтiн фактор
жатады.
БТ аллергияға туберкулиндi реакция, контактылы дерматит, кейбiр
аутоиммунды зақымданулардың түрлерi жатады.
ТТ аллергияда келесi дәрiлер топтары қолданылады:
1. Сенсибилизирленген мес жасушаларымен және базофилдерден гистаминнiң
және басқа медиаторлардың босап шығуына кедергi жасайтын дәрiлер
(глюкокортикоидтар, кромолин – натрий, кетотифен, β-адреномиметикалық
белсендiлiгi бар заттар (адреналин), эуфиллин).
2. Бос гистаминнiң оған сезiмтал ұлпалы рецепторлермен байланысуына кедергi
жасайтындар: гистаминге қарсы дәрiлер – гистаминдi Н1-рецепторлардың
блокаторлары (димедрол, дипразин).
3. Анафилактикалық шок типiндегi аллергияның жалпы байқалуларын жоятын
дәрiлер: а) адреномиметиктер (адреналин) б) миотропты әсерлi
спазмолитикер (эуфиллин)
4. Ұлпалардың зақымдануын төмендететiн дәрiлер. Бұл мақсатпен стероидты
қабынуға қарсы дәрiлер қолданады.
БТ аллергияда препараттардың 2 тобы қолданылады: иммуногенездi тежейтiн
және ұлпалардың зақымдануын тежейтiн дәрiлер.
Иммуногенездi тежейтін дәрiлер (жасушалы иммунитеттi тежейтiндер) –
иммунодепрессанттар: глюкокортикоидтар, циклоспорин, цитоксикалық дәрiлер
болып табылады.
Глюкокортикоидтардың иммунодепрассанты әсерi лимфоциттер пролиферация
фазасының тежелуiмен байланыстырады.
Тиiмдi иммунодепрессант – циклоспорин (сандиммун). Ол пептидтi антибиотик
болып табылады. Интерлейкиндер, γ-интерферон өнiмiн төмендетеді. ІҚТ баяу
сіңіріледі.Ұлпаларды және мүшелердi орын алмастырғанда қолданады. Сондай-
ақ аутоиммунды ауруларда қолдануну мүмкiн.
Цитотоксикалық заттарға алкилдеушi дәрiлер (циклофосфан),
антиметаболиттер (азатиоприн, метотрексат, меркаптопурин) жатады.
Иммунодепрессанты әсерi иммуноциттердiң бөлiнуiне тежегiш әсер етуiмен
байланысты.
Иммунитеттi тежеу мақсатында азатиоприн қолданады. Продәрi болып
табылады. Ағзада одан 6-меркаптопурин түзiледi, ол басқа метаболиттерге
айналады. Азатиоприннiң уытты әсерiнiң негiзгi байқалуы-сүйек миiнiң
функциясын тежелуi және лейкопенияның дамуы. Аутоиммунды ауруларда
(ревматоидты полиартритте, қызыл жегi) қолданады.
Антигистаминдi дәрiлер (Н1-гистаминорецепторлердiң блокаторлары). Бұл
дәрiлер гистаминге сезiмтал ұлпалар рецепторларын блокадалайды. Гистамин
әсерлесетiн рецепторлардың негiзгi подтиптерi бар: Н1- және Н2 –
рецептторлар. Н1- гистаминорецепторлердi қуаттандыру iшектiң бiрiңғай
бұлшық еттерiн, бронхтардың, жатырдың жиырылуын шақырады. Гистаминдi Н2-
рецепторлар асқазан бездерiнiң секреторлы белсендiлiгiн, жүректiң
қызметiн реттеуге қатысады. Н1-рецепторлердi блокадалайтын гистаминге қарсы
дәрiлер гистаминнiң келесi түрлерiн жояды: бронх, iшек, жатыр
мускулатурасын жоғарлату, АҚ төмендету, гиперемия.
Химиялық құрылыс бойынша келесi қосылыстар қатарына жатады:
Этаноламиндер – димедрол (дифенгидрамин гидрохлориді, тавегил),
Этилендиаминдер – супрастин (хлорапирамин), Фенотиазиндер – дипразин
(прометазин гидрохлориді, пипольфен), Хинуклидин туындылары – фенкарол
(квифенадин), Тетрагидрокарболиндер – диазолин (омерил), Пиперидин т-ры –
терфенадин (селдан), лоратидин (кларитин).
Н1-гистаминорецепторлер басқа да қасиеттерге ие: мысалы: димедрол,
дипразин, супрастин ОЖЖ-не тежегiш әсер көрсетедi (седативтi,
ұйықтататын), тавегил, фенкарол, терфенадин, лоратидин шамалы седативтi
әсерге ие. Диазолин ОЖЖ-не әсер етпейдi.
Көптеген дәрiлер анестезирлеушi қасиеттерге ие. Димедрол
ганглиоблокаторллық қасиетке ие болып АҚ төмендетеді, кейбiр дәрiлердiң М
– холиноблокаторлық қасиетi бар. Қарастырылған дәрiлер энтеральды және
парэнтеральды енгізгенде жақсы сiңiрiледi. Димедролдың, супрастиннiң,
дипразиннiң, фенкаролдың әсер етуi - 4-6 сағ., тавегилдiң - 8-12 сағ.,
терфенадиннің- 12-24 сағ., лоратидиннің – 24 сағ., диазолин – 2 тәулік және
жоғары.
Қолдануы: есек жем, ангионевротикалық iсiну, ринит, конъюнктивит,
антибиотиктердің әсерінен пайда болған аллергия, аз тиімді бронх
демікпесінде, анафилактикалық шокта.
Дәрiлердi энтеральды, терi астына, бұлшық етке, күре тамырға енгiзедi.
Жанама әсерi: М – холиноблокаторлық қасиетке ие дәрiлер – ауыз құрғатады.
Димедрол, дипразин, супрастин седативтi эффект көрсетедi, терфенадин
аритмияның пайда болуына әкеледi. Қолдануға қарсы көрсеткіші:
транспорт жүргiзушiлерi, абайлап – бүйрек, бауыр ауруларында.

Иллюстрациялы материалдар: электронды слайдтар

Әдебиет:
1. Харкевич Д.А. Фармакология. – Издание 6-ое. - Москва: Гэотар Медицина,
2001.
2. Балабаньян В.Ю., Решетников С.И. Руководство для подготовки к занятиям
по фармакологии. - Москва: Инфомедиа Паблишер, 2000.
Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
1. Иммунотропты дәрілер қалай жіктеледі?
2. аллергияның түрлері қандай?
3. Аллергияның негізгі медиаторы және олардың патофизиологиялық
эффектілері қандай?

Тақырыбы:№3 Антисептиктер және дезинфекциялық заттар.
Мақсаты: Студенттерді антисептиктермен дезинфекциялық заттармен таныстыру.
Дәріс тезистері. Микробқа қарсы қасиеттерге ие дәрілік құралдарды екі топқа
бөледі. Бірінші топқа таңдамалы микробқа қарсы әсерге ие емес препараттар
жатады. Оларға антисептиктермен дезинфекциялық заттар жатады.
Антисептиктерді негізінен беттік ұлпаларға сыртқа жағады.
Концентрациясына байланысты олар бактериостатикалық әсер етеді.
Дезинфекциялық құралдар медициналық құралдарды, аппаратураларды,
бөлмелерді, ыдыстарды, науқастардың бөлінулерін залалсыздандыру қолданады.
Олар бактерицидті концентрацияда қолданады.
Антисептиктермен дезинфекциялық құралдар микроорганизмдер,
қарапайымдылар және саңырауқұлақтар қатынасында кең спектрлі әсерге, жоғары
белсенділікке ие болуы керек.
Антисептиктерге қойылатын негізгі талап: ұлпаларға жергілікті теріс
әсерінің жоқтығы, енгізген жерден сіңірілудің аздығы, аллергиялық әсерінің
жоқтығы және уыттылықтың төмен болуы болып табылады.
Дезинфекциялық заттар өңделетін заттарды зақымдамау керек.
Антисептиктер белсенділігін бағалаудың критериі фенолды коэффициент болып
табылады.
Әртүрлі антисептиктермен дезинфекциялық заттардың әсер ету механизмі
бірдей емес және ақзаттардың денатурациясымен, плазматикалық мембрананың
өткізгіштігінің бұзылысымен, микроорганизмдердің өмір сүруіне маңызды
ферменттердің тежелуімен байланысты.
Химиялық түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патологиялық физиология пәні және патологиялық физиологияға үлес қосқан ғалымдар.Ауру туралы жалпы түсінік
Оны тудыратын дикроцелия құрты
Паразитке қарсы шараларды жоспарлау
Инвазиялық аурумен күресу шаралары
Өсімдіктердің аурулары. Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Жалпы фармакология
Инвазиялық аурулар
Малдың инвазиялық аурулары
«дәрілік өсімдіктер»
Дәрілік шөптер
Пәндер