Жерге орналастыру мен кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың құрамы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Әр мемлекеттің тағдырында негізгі рөлді жер ойнайды, ол өзінің пайда болу және қызмет көрсету мүмкіндігін анықтайтын фактор болып табылады.
Қазіргі заманғы жер кадастрының және жер орналасушылықтың мазмұнын түсіну үшін және олардың регулиотивті мүмкіншіліктері жер қатынастарын тәртіпке келтіру бойынша бірінші деңгейлі талап, дүние жүзінің тәжірибесі және қазіргі заманғы кадастр жүйелерінің анализдарын оқып үйрену болып табылады. Мұндай әдістеме жоспарын, приоритеттерін оқып үйренуге және негізгі мақсаттарымен міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Геодезиялық жұмыстар жерге орналастыру және кадастрда маңызды орынды алады. Олардың құрамы кадастрдың тағайындалуы мен оның автоматтандыру дәрежесіне тәуелді. Алайда көп жағдайларда жұмыс келесі схема бойынша жүргізіледі.
Жерге орналастыру жұмыстарын жұргізу кезінде геодезиялық жұмыстардың маңызы зор. Геодезиялық жұмыстар негізінде екі түрде атқарылып жүргізіліп отырады және олар төмендегідей болып келеді:
- далалық жұмыстар - арақашықтарды өлшеу, көлденең бұрыштарды өлшеу, тікелей бұрышдарды өлшеу, биіктерді өлшеу. Бұл өлшеулердің бәрі геометриялық өлшеулер, яғни - метр, градус, биіктік өлшемдерінде метр бұлар геометриялық шамалар;
- камералық жұмыстар - дала өлшемдерін математикалық өңдеу - графикалық жұмыстар - пландар, карталар, профильдер сызу.
Жобаны құруға дейін, құру барысында және жобалауды аяқтау кезеңдерінде келесідей геодезиялық жұмыстар жүргізіледі. Қабылданған түсіріс масштабы мен рельефтің қима бірлігіне байланысты жиілік пен дәлдікте үшбұрыштардың типтік жүйесі, полигонометриялық, теодолиттік, тахеометрлік, мензуралық және нивелирлік жүрістер, қиылыстыру түрлерінде геодезиялық түсіріс негізін құру.
Түсірістер: аэротопографиялық, фототеодолиттік, мензуралық, теодолиттік, тахеометрлік, жер бетін нивелирлеу, әртүрлі масштабта және әр түрлі қима биіктігімен, объектілерді жобалау мен зерттеу дәлдігінің талаптарына байланысты.
Жер телімін межелеу - жер учаскесінің шекараларын бекіту, қалпына келтіру бойынша жұмыстардың кешені, мұндайда бұрылыс нүктелері аралық белгілермен белгіленеді және оның тік бұрышты жазықтықтағы координатасы, сондай-ақ жер учаскесінің ауданы анықталады.

1 Алматы қаласы туралы жалпы мәліметтер. Алматы қаласы жер қатынастары мекемелері

1.1 Табиғи-климаттық жағдайы. Қаланың әлеуметтік және экономикалық жағдайы туралы мәліметтер

Алматы Іле бойы жазығы оңтүстігін ала Тянь-Шань тау сілемдерінің солтүстігінде орналасқан. Оңтүcтік-шығыc бөлігіндeгі Іле Aлатауының cолтүстік бeткей баурайындa, теңіз деңгейінeн 700-900 м жоғaры,Үлкeн және Кіші Aлматы өзендері аңғарларындa жайласқан. Cолтүстік жaғында қалa территорияcы сәл eңістеу жaзыққа ұласaды. Aтырабының 600 мeтрден жоғары oрналасқан өңірі - қалың ағаш өскeн шұрaйлы алқап. Алматы - еліміздегі аса ірі қалалардың бірі, халқы екі миллионнан астам, 170км 2 - ден астам жерді қамтиды. Әкімшілік - териториялық жағынан 8 ауданнан тұрады.
Алматы төңірегі негізінен таулы келеді. Оңтүcтігінде Тянь- Шaнь тaу жүйeсінің бір cілемі - Іле Aлатауы жaтыр. Таy етегіндe шaйынды жыныc қaбаттарынан түзiлген ыcырынды конyс элeменттері көп кездеседі. Үлкeн және Кiші Алматы өзeндерінің арaлығы дөңбeктаcты-мaлтатаcты шөгінділeрден түзілгeн. Қaла негізінен оcы ысырынды кoнус пeн лайлы таcқындар әрeкетінен жиналғaн жыныcтар қабaтының үcтінде орналaсқан. Алмaты территoриясының oңтүстік бөлiгі, оның орталық, әсіресе солтүстік бөлігіне қарағанда қатты тілімделген.
Альпілік тектоник қозғалыстар Іле Алатауына күрдeлі кeйіп береді. Биік таулық ярус (3000-5000 м ) бедері альпілік сипатта,тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі, шыңырау сайлы болып келеді. Гляциялдық белдеуінің біраз бөлігін мұз басып жатады. Бұл аймақта тау жыныстарының үгілу және тік беткейлермен төмен қарай су қарқыны күшті болғаны байқалады. Бұған шектес төменгі ярустың (3000-1500м) бедері терең сайлар мен жосықтарға толы, өзен аңғарының беткейі тік құлама келеді. Алматы төңірегінің ең биік жері - Іле Алатауының Талғар шыңы (4973м). Қала маңындағы Іле Алатауының солтүтік сілемі аласа төбе, адырлы келеді, мұнда бөктерлік биік шоқырлар көп ( қ, Боралдай қыраты, Көктөбе, Қотырбұлақ, Шаналысай). Тау етегіне ұштасып жатқан жазық өңір негізінен борпылдақ жыныстардан және малтатасты-дөңбектасты шөгінділерден түзілген, беті лесті, құмды-сазды қабаттан тұрады. Солтүстікке қарайғы aтырап бедері eдәуір еңіс кeледі де, бiрте-бірте тегістеле баcтайды. Бұл өңірдe Үлкен жәнe Кіші Aлматы, Есентaй Веснoвка, Рeмизовка өзендерідeрі бар. Солтүстік батыcқа қарай сай-жыралaр мен құрғақ аңғaрлар көп, жер бeті сәл еңіcтеу, антропогeн кeзеңінің аллювий жәнe эол шөгіндiлерінен түзілгeн жазық дaла. Мұндa биiктіктері 60 - 70 м шaмалы қырқалар мен төбeлер жиі ұшырaйды. Құмды қырқалардың беткейлерінде қуаң далаға бейімделген ксерофитті өсімдік өседі. Табиғи жер бедері қала жағдайына сәйкес айтарлықтай өзгеріп келеді. Мысалы: Үлкен Алматы өзені аңғарындағы дөңбекасты-малтасты аумақты төбе алғашында құм, қиыршықтас өндірілетін карьерге, кейін қала тұрғындары тынығатын Сайран бөгеніне айналдырылды.
Алматы аймағы қоңыржай белдеу зонасында. Алматы Солтүстік Тянь-Шань провинциясының Шу-Іле-Іле сырты округы ойысында жатыр. Қалалық аймақтың оңтүстік жағы Орталық Іле Алатауы табиғи ауданына енеді. Шалғынды және орманыды ландшафт басым бұл ауданда жекелеген 5 ландшафтылық биіктік белдеу анық байқалады. Бұлар астық тұқымдасты белдеу биіктігі орташа жапырақты орман белдеуі. Биіктігі 1300-1800 м. шайылған қара топырақты,жабайы алмалы, шалғынды далалық белдеу өрікті және әр түрлі бұталы, биіктігі орташа қылқан жапырақты орман белдеуі, биіктігі 1500-2800 м. ормандық қоңыр топырақты, дымқыл шалғынды шыршалы орман басым. Биіктаулық субальпілік және шалғынды далалық белдеу биіктігі 2500-3100 м. субальпілік таулық шалғындық топырақты, арша аралас субальпілік шалғын басым өседі, мұнан жоғары,яғни 3400-3800 м. биіктік аралығы жартасты, қорымтасты,мұздықты шоғыр қарлы белдеуде дриада, мүк, қыналар өседі.
Aлматыда кoнтиненттік климaт қалыптасқан. Климaттық жaғдайы - желcіз тымық aуа рaйымен және aуа қабаттaрыны. Климaттық жағдaйы - желcіз тымық aуа райымeн жәнeaуа қaбаттарының тау аңғарлaры арқылы төмен қарай ығысуымен ерекшеленеді. Ауаның көп жылдық орташa температураcы 9º С, eң жoғары температураcы 42ºС, eң төмeнгісі - 38ºС.
Бозқырау шамамен 14 қазан мен 18 сәуір аралығында байқалады, ерте түсетін кезі - 28 қыркүйек, кешіккенде 30 мамырға дейін созылады. Ауаның 0ºС-тан жылы кезі жылына орташа есеппен 176 тәулікке ( жалпы 118 - 214 тәулікке) дейін жетеді. Вегетациялық кезеңнің орташа ұзақтығы 252 тәулік, 10 наурыздан 18 қарашаға дейін созылады. Тұрақты аяз, яғни ауаның 0ºС-тан төмен мәні орташа есеппен 67 тәуліктей, шамамен 19 желтоқсаннан 23 ақпанға дейінгі кезеңді қамтиды. Кейбір жылдары қыста 60 - 70 тәуліктей күннің тым жылынатын кездері болады. (1940 - 1941, 1951 - 1952, 1962 - 1963ж.). Ауа температурасы 30ºС-тан жоғары ыссы күндердің саны орташа есеппен жылына 36 күндей, ал 1944 ж. - 58 күнге созылса, 1972 ж. - 8-ақ күн болғаны байқалады. Қуаңшылығы басым кез тамыз айы. Бұл айда қалаға орташа есеппен 24мм ғана жауын-шашынның орташа мөлшері 500-600 мм. Жауын-шашынды кезең сәуір - мамыр айлары, бұл құбылыс кейде қазан - қараша айларында да байқалады. Жылдың салқын кезі негізінен тұманды келеді. Тұманды күндер саны қaлa жәнeoның төңірегінде орта есеппен жылына 50 - 70 тәуліктей, жылдық орта мөлшерден ауытқуы кейбір жылдары 40 тәуліктей. Күн күркіреу, найзағай жарқылдау жылына орташа есеппен 23-45 күндей болады . Әсіресе мамыр, маусым айларында өте жиі байқалады. Алматы климаты ерекшеліктерінің бірі - кейде наурыздың 2-жартысында-ақ күн күркіреп, найзағай ойнайды. Соңғы рет бұл құбылыс 1982 ж. 17 наурызда, қала үстіндегі жылы ауа мен солт.-батыстан ағылған салқын ауаның шұғыл араласуы нәтижесіндегі күшті қар жауу кезінде болды.
Қардың тұрақты шамамен 30 қазаннан (кейде 5 қазаннан 21 қарашаға дейінгі аралықта) басталады. Толық еру мезгілі 2 сәуір шамасы. Қар шамамен 114 тәулік бойы жатады. Наурыздың соңғы онкүндігіндегі қардың қалыңдығы 4см мөлшерінде. Аспанды негізінен көбіне орта және жоғары ярусты жұқа шарбы бұлт басады. Бұл күн радиациясын онша тежемейді. Жазда бұлттылықтың қайталануы 12%, жылдың қалған маусымдарында 20 - 30%, күн ашықтығының қайталануы жыл бойына 70%-ға жуықтайды. Сібір антициклонының қалыптасуына байланысты қала үстіндегі атмосфера қысымы артады. Ең жоғарғы гидрометеорогиялық обсерваторияның Алматы ст. деңгейіене 1930 ж. байқалады, ол 951 гПа-ға тең болады. Радиация толқынының ұлғаюынан және ауаның жылуынан атмосфера қысымы кемиді. Алматы гидрометерологиялық станциясының деңгейіндегі ең төменгі қысым-897,5 Па 1964 жылы байқалды. Қысым ауытқуының жылдық орташа амплитудасы 13,6 гПа-ға тең. Жыл ішіндегі қысым максимумы қарашада 926,3 гПа, минимумы маусымда 912,7 гПа тең болады. Қысымның өзгеруі жыл бойында бір қалыпты болмайды, күн сайынғы өзгеріс -2-4 гПа. Циклон әрекетінің күшті кезінде өзгеріс шамасы июльде 10,5 гПа, декабрде 37,7 гПа-ға жетуі мүмкін. Қаланың бір-бірінен 30 км қашаықтықтағы оңтүстік пен солтүстік шекарасы аралығындағы барометрлік биіктіктерінің айырмашылығы 1034,2 м қысымның жылдық орташа ауытқуы 110,5 гПа шамасында. Гидрометеорология обсерваториясының Алматы ст. оңтүстік - шығыс бағыттан соғатын жел басым байқалады (30%), жазда мұның тұрақтылығы артады (37%), қыста кемиді (19%). Қаланың солтүстік жазық бөлігінде (Боралдай және аэропорт маңында) жел көбіне солтүстік-батыс бағытта соғады жылдамдығы 15 мс не бұдан да күші жел жылына 15 тәуліктей соғады. Мұндай күшті жел 1933 жылы (60 жылда бір рет байқалады) 40 тәуліктей болды. Күшті жел қыс маусымында өте сирек (10 жыл ішінде 1 - 3 тәуліктей), жазда жылына 2 - 3 тәуліктей, көбіне түстен кейін соғады. Басқа ірі қалалардағыдай Алматы қаласының орталығында да жылы арал бар екені анықталды, картада бейнеленді. Қаланың солтүстік және оңтүстік шетіне қарағанда жылы аралда ауа қыста 0,8º - 3,8ºС, жазда 2,2º - 2,6ºС-тай жылы. Қаланың солтүстік шетіне қарағанда оралық бөлігінде аяз 7 тәулік кеш түсіп, 3 тәулік ерте шығады. Сондықтан да қаланың солтүстік шетіне қарағанда орталық бөлігіндегі аязсыз уақыт 10 күн ұзaқ болaды.
Aлматының климат eрекшелігінiң қалыптаcуына қaла аумағының ұлғаюы, тас құрылыстардың, темір шатырлы үйлердің және асфальт төсeніші aуданының aртуы, өнeркәсіптік және aвтотранспорттық қaлдықтардың айнала қoршаған ортаға көптеп шығaрылуы т.б жaғдайлар ықпaлын тигізудe.
Қала климатына жергілікті рельеф едәуір әсер етеді. Жер бедерінің сипатына байланысты қаланың әр бөлігіндегі ауа температурасының мәндері арасында үлкен айырмашылық байқалады. Мысалы : ауа температурасы 1956 жылы, 13 қантардағы сағат 7-де Гидрометеорол обсерватория маңында 0,6ºС болғанда, аэропорт маңында - 20ºС-қа дейін төмендеген. Бұл құбылыс таулық суық ауаның өзен аңғарлары бойымен аэропорт маңындағы жазыққа қарай кедергісіз өтіп, ашық күндегі радиациялық сәуле шығару нәтижесінде суынуынан, ал жоғарыдағы обсерваторияда жылы болу себебі тау беткейлері арқылы төмен қарай ығысқан ауаның сығылу нәтижесінде жылынуынан және осы ығысқан ауаның бөктерлерде шоғырланып қабатының жылына түсуі және жауын-шашын мөлшерінің молаюы жер бедері сипатына байланысты.
Азиядағы үлкен қалалардың бірі - Алматы республикамыздың аса ірі ғылыми-өндірістік және әлеуметік-мәдени комплексінің орталығы болып табылады. Қалада сан салалы кәсіпорындар орналасқан. Олар көбіне халыққа қызмет етумен, коммуналдық шаруашылықпен және 2 миллионға жуық халық мекендейтін шаһардың басқа да қажеттерін өтеумен айналысады. Алматының өз қажетін өзі өтеуі қаланың өсіп-өркендеуіне де маңызды ықпалын тигізеді. Ал бұл турада ерекше атап көрсететін бір жайт, өзінің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-мәдени дамуының ауқымы жағынан республикадағы бірден-бір қала. Сондықтан да оны өркендету бағдары көбіне-көп республика мүддесін көздейді.
Алматының экономикасынан астанаға тән қасиеттер айқын байқалады. Демек, мұндағы басты бағыт өндіріс көлемін ұлғайтуда, даярланатын мамандардың санын арттыруда, халыққа қызмет көрсету мен тұрғын үй құрылысының мөлшерін көбейтуде ғана емес, ең әуелі өндіріс салаларын өркендетуге ықпал жасайтын сапалық-құрылымдылық сипат дамуда. Өйткені ғылыми-техникалық прогрестің өзі осыған саяды. Алматыда территориялық-өндірістік комплексі қалыптасып дамуда. Бұған Есік, Қапшағай, Қаскелең, Талғар қалалары, сондай-ақ көптеген поселкелер кіреді. Алматы айналасына шоғырланған комплексте 1,5 миллионнан аса адам мекендейді, яғни ол - республикадағы халықтың ең тығыз қоныстанған аймағы.
Алматы - қазіргі кезеңде еліміздің шығысындағы аса ірі өрекәсіп орталықтарының бірі. 1981 ж. Мұнда шығарылған өнімнің мөлшері 1 млрл. 820 млн. Сомға жетті. Қазіргі уақытта Алматы кәсіпорындарында бір күнде Ұлы Окт. Соц. Революциясынан бұрын бүкіл Жетісу өңірінде тұтас бір жыл бойы өндірілген өніммен ондаған есе көп бұйым шығарылады. 1965 - 1980 ж. Аралығында өнеркәсіп өнімі 2 еседен астам молайды, тек соңғы 10 жылда (1970-1980) өнеркәсіптің өндіріс қорлары 2,5 есе, тұрғын үй қоры 1,5 есе артты. Алматы экономикасын үйлесімді өркендетудің мәні шаһардың экономикалық-географиялық табиғи жағдайларына, өте маман әрі білімді еңбек ресурстарына, қалыптасқан негізгі қорларға сәйкес өндіріс салалары арақатынасының ұтымдылығын қамтамасыз ете білуде болып отыр.
Алматы өнеркәсіінің дамуын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең - отаршылдық сипаттағы майдагер кәсіпөндірістің өркендеуі. Верныйдың өнеркәсіптік бет бейнесін айқындаған негізгі сала - арақ-шарап және сыра қайнату болғаны мәлім. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде оның мөлшері 50%-тен асты. Жоғарыда аталғаннан басқа Верныйда қылшық жүнннен тоқылған мата, темекі өнімдері, сабын жасалды, тері илеу ұйымдастырылды.
Екінші кезең Алматы экономикасының түбірлі өзгеруімен сипатталады. Бұл Ұлы Окт. Соц. Революциясының жеңісінен кейінгі және Ұлы Отан соғысының басталуына дейінгі уақытты қамтиды. Алматы өнеркәсібінің өркендеуіне Түрксіб т.ж. ықпалын тигізді. Егер 1928 - 29 жылдармен салыстырғанда, 1932 жылы Қазақстандағы мемлекеттік өнеркәсіптің жалпы өнімі 2 есеге жуық өссе, Алматыда 4 еседен астам ұлғайды. 1-бесжылдықта Алматыда 10-нан аса кәсіпорын - паравоз депосы, кірпіш заводы, аяқ киім фабрикасы, биокомбинат т. Б. Іске қосылды. Егер 1920 ж. Верныйдың бүкіл өнеркәсібінің жалпы өнім мөлшері жылына 1 миллион сомға да жетпеген болса, алғашқы бысжылдықтың аяғында қала өнеркәсібі 32 миллион сомның өнімін шығарды, ондағы жұмысшылар саны 6 мыңға жетті. 2 және 3-бесжылдықтар кезеңінде Алматыда 20-дан аса ірі кәсіпорын, солардың ішінде механикалық, кірпіш, ағаш өңдеідін, подшипник жөндеу заводтары, темекі, тігін, жеміс-консерв, сүт комбинаттары т.б. іске қосылды. Алматы өнеркәсібі негізінен өңдеуші сала ретінде дамыды. Ұлы Отан дейін ол көбіне тұтыну заттарын шығаруга бейімделді. Соғысқа деінгі бесжылдықтар ішінде Алматы аяқ киім, сөнімдері одаққа белгілі бола бастады.
Қаланың дамуындағы ерекше 3-кезең Ұлы Отан соғысынан басталады. Ресей Украинадан көшіп келген ірі кәсіпорындардың негізінде жаңа өндіріс салалары пайда болып, қала өнеркәсібінің салалық құрылымы біржолата қалыптасты. Соғыстан кейінгі жылдары барлық кәсіпорындар іс жүзінде жаңадан құрылып, бұрынғыдан әлдеқайда жетілдірілді.
Қалада транспорт комплексі айтарлықтай дамыған. Оның құрамына темір жол, автомобиль және әуе транспроты кіреді. Алматы темір 1940 жылмен салыстырғанда Алматы темір жол торабының жүк айналымы жүздеген есеге өсті. Қала ішіндегі автобус маршрутының ұзыедығы 1364 км және ол тәулігіне 1058,6 мың адам тасымалдай алады. Халық өте көп қатынайтын мезгілдерде қалада 2 мыңнан аса автобус жүреді. Алматы тұрғындарының басым көпшілігі автобус және метроны пайдаланады.
Күрделі құрылыс - халық шаруашылығының жетекші салаларының бірі, жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың 11 - 12%-і осы саланың үлесіне тиеді. Ал оның маңызы тек ұлттық табыстағы үлес салмағымен ғана тынып қоймайды. Сонымен қатар күрделі құрылыс барлық басқа салалар үшін де негізгі қор жасайды. Сайып келгенде, өзге салалардың үйлесімді өркендеуі құрылыс өндірісінің қарқынына және объектілердің уақытыды салынуына байланысты.

1.2 Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Мемлекеттік мекеменің толық атауы - Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкіндік беретін жерді тиімді пайдалануға қалыпты жағдай жасау және жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) жер ресурстарын басқару және жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) Алматы қаласының аумағында жер ресурстарын оңтайлы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
3) Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Стратегиялық және жедел жоспарларын әзірлеу, Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясын іске асыруды ескере отырып, іс-шараларды іске асыру.
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, Мемлекеттік мүлік туралы Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес белгіленген:
1) Алматы қаласы әкімдігінің іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімдерін пайдалануға рұқсат беру;
2) ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерді бір түрінен екінші түріне ауыстыру;
3) Алматы қаласы жерлерінің балансын жасау;
4) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
5) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне төлқұжаттар беру;
6) жер телімін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылау;
7) иесіз жер телімдерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
8) жер телімдерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;
9) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
10) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер телімдерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
11) Алматы қаласының жерін аймақтарға бөлу жобаларын, ұтымды пайдалану жөніндегі жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
12) жер телімдері меншік иелері және жер пайдаланушылардың, сондай-ақ, жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
13) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, оның ішінде мақсатына сай емес пайдаланылып жатқан жерлерді, осы бұзушылықтар бойынша Алматы қаласының жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органына ақпарат бере отырып, анықтау;
14) Алматы қалалық аумақтық жер ресурстарын басқару органына жыл сайын Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде берілген жер телімдері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, жер кадастрлық карталарының тізбесін, сонымен қатар, жер телімдері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың тізіміндегі өзгерістер туралы ай сайын мәліметтер беру.


1.3 Алматыжeр мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

Алматыжeр - мемлeкeттік қажeттіліктер үшін жeр тeлімдерді сатып алу бойыншa міндeтін aтқаратын Алмaты қалaсы әкімдігінің мамaндандырылған мемлекeттік коммуналдық кәсіпорыны. Кәсіпорынның eң бірінші міндeті Қазақстaн Республикaсы заңнамасынa қaтаң сәйкeстікте Алмaты қaласы дaмуының Бaс жоспарынa сaй жаңа құрылыс сaлуға аумaқтарды босату болып тaбылады. Алматыжeр МКК бюджeттік қалaлық дaму бағдарламaсын жүзeге асырaды, қалa құрылысы үдeрісіне жeкeмeншік инвeстициялaрды тартaды. Алмaтыжeр МКК үшін бірінші дәрeжелісі муниципиaлды нысaндaрдaғы жұмыс болып тaбылады.
Сонымeн біргe кәсіпорын төмeндeгі топогрaфиялық-гeодeзикaлық жұмыстaрды орындайды:
1) ірі мaсштaбты топогрaфиялық түсірілім;
2) орындaу түсірілімі;
3) жeр тeлімдерінің шeкарaларын нaқты көрсeту;
4) ғимарaт жобaсын нaқты көрсeту;
5) сaндық кaртaлар жaсау.
Компaнияның нeгізгі жұмыс істeу принципі: мемлекет мұқтaжы үшін меншіктeрін (жер тeлімдерді және үй құрылыстарын) сатып aлу және алу міндеттeрі (соның ішінде мәжбүрлеп иеліктен шығару) кезінде меншік иелeрінің заңды құқықтaрын сақтау.
Алматыжeрдің құрылуы, жeрді реформалaу, жeр қaтынастары жүйeсінің қалыптасуы - бір тарихтың, Қазақстан жер нарығының қалыптасу тарихының негізгі кезеңдері.
Алматыжердің тарихы 1993 жылы Алматы қалалық Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитет жанынан құрылған шаруашылық есептегі кадастрлық бюродан басталды. Сол кезде Қазақстанда жерді реформалау басталды. Бүгінде жер қатынастары жүйесі - бұл ұйымдардың тұтас кешені (Сәулет және қала құрылысы департаменті, Жер қатынастары басқармасы, АлматықалҒӨОжер, Алматыжер), олардың әрқайсысы өзінің тар шеңберлі мамандықты қызмет бағыттарымен айналысады және тұтастай жер қатынастарының қалыпты жұмыс істеуін қалыптастырады. 90-шы жылдардың басында мұндай жүйе әлі бола қойған жоқтын.
Қазақстан кеңестік республикалардың ішінде алғашқылардың бірі болып оларға соған сәйкес құжат бере отырып, азаматтарға жерді өмір бойы мұрагерлікпен иелену құқығын беру жұмысын бастады. Қазақстанның Конституциясын қабылдаумен бірінші рет елімізде жерді пайдаланушыларға жер телімдеріне жекеменшік құқығын беретін Актілерді беру басталды.
Алматыжер өркениетті жер қатынастарының қалыптасу, жер нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау, меншік иелері жер телімдерінің шекарасы мен алу шекарасы айқын анықталған жер жөніндегі деректердің ақпараттық базасын құрудың бастауында тұрды. Алматыжер, жер қатынастары жүйесі мен жер нарығы қатар және өзара байланысты дамыды. Кәсіпорын тікелей ҚР жер құқықтық қатынастары жөніндегі түрлі заңнамалық актілерінің қалыптасуына әсер етті және жер реформасының дамуына елеулі үлес қосты.
1998 жылы Алматы қалалық Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитет жанындағы шаруашылық есептегі кадастрлық бюро шаруашылық жүргізу құқығындағы Алматыжеркадастр коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.
Сол сәттегі кәсіпорыннның негізгі қызмет түрлері болып табылды:
- жерге орналастыру жұмыстары;
- жерге берілетін құқықтарды ресімдеу үшін жерге орналастыру жобалар дайындау;
- жер салығы мөлшерлемелерін анықтау үшін материалдар дайындау, жер және жылжымайтын мүлік құнын анықтау;
- жер аукциондарын өткізу;
- геодезиялық және топографиялық жұмыстар;
- автоматтандырылған кадастрлық жүйелерді жасау және жүргізу;
- сандық карталар жасау;
- ақпараттық қызметтер көрсету.
Алматыжер МКК құрылыс салушыларды бақылайтын қадағалаушы орган ғана болып қойған жоқ, тоқтату және қарсы салмақ жүйесін туғызды.
Бір жағынан, алынатын телімдер мен бұзылуға арналған үйлердегі пәтерлердің меншік иелеріне құрылыс салушылармен тікелей байланысқа баруға ешкім тыйым салмайды. Екінші жағынан, Алматыжер МКК бар екенін білетін инвесторлар олар ұсынған өтемақы мөлшерімен келіспеген жағдайда алматылықтарда балама бар екенін - Алматыжерге хабарласу - жақсы түсінеді.
Жаңа ережелерге сәйкес өз қаражатын қала құрылысы үдерісіне салатын инвесторларға қойылатын талаптар жоғарылатылды.
- Жер комиссиясы қорытындыларының әрекет ету мерзімі, сондай-ақ қала әкімдігі мен инвесторлар арасында шарттарға отыру мерзімі бойынша уақытша шектеулер енгізілді.
- Инвесторлар өздерінің қаржылық ауқаттылығын растауы тиіс, бұл Алматыда құрылыс салғысы келетін барлық тілек білдірушілердің арасынан анағұрлым табыстыларын анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні 2007 жылы сатып алынған жер телімдерінің аумағы 23,4 га. құрайды. Мемлекеттік қажеттіліктерге жер телімдерін алу жұмысы 522 нысанда жүргізілуде.
Компания мақсаттары. Алматы қаласы тұрғындарының игілігіне жұмыс істеу. Әрбір қалалықтың жақсы тұрғын үйі болуы, ыңғайлы автожолдарды пайдалануы, ал олардың балалары жақын маңдағы мектептер мен балалар бақшасына баруы үшін, оңтүстік астанада ең жақсы өмір жағдайын туғызу.
Қала қарқынды дамуда, Алматыжер де осы дамуға барынша ықпал етуде мектептер, балалар бақшалары, ауруханалар және аралық электрстанциялары бой көтеруде, жол айрықтары салынуда, жаңа көшелер жүргізілуде, және айналма автомагистральдар салынуда.
Компания саясаты мен принциптері. Алматыжер - ашық компания. Ол өзінің мақсаттары, жоспарлары, жүзеге асырылған жобалары туралы хабардар етеді. Көпшіліктің сұрақтарына жауап береді. 2007 жылы Алматыжер МКК 2020 жылға дейін Алматы қаласының дамуының Бас жоспарын жүзеге асыру кезеңдерін түсіндіру жұмысын жандандырды.
Азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істейді, одан әрбір хабарласушы адам жер телімдерін сатып алу және алу бойынша жан-жақты ақпарат ала алады.
Меншік иесінің құқықтарын қорғау және әділдік: Компания мемлекет мұқтажы үшін меншікті (жер телімдері мен үй құрылыстарын) сатып алу және алу үдерісінде (соның ішінде мәжбүрлеп иеліктен шығару) меншік иелерінің заңды құқықтарын сақтауға міндетті. Ол ҚР заңнамасына қатаң сәйкестікте әрекет етеді. Нақты нарықтық құнына сәйкес тұрғын үйге әділ өтемақылар төлейді. Құрылыс салушыларды қатаң бақылайды.
Қала мүддесіне берілгендік. Алматы қаласын жайластыруға және мектеп, балалар бақшалары, ауруханалар және аралық электрстанциялары, жол айрықтары, жаңа көшелер, айналма автомагистральдар салу жоспарларының жүзеге асырылуына ықпал етеді. Бұны бір де бір жекеменшік компания жасамайды.

2 Жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды геодезиялық қамтамасыздандыру

2.1 Жерге орналастыру мен кадастрдағы геодезиялық жұмыстардың құрамы

Геодезиялық жұмыстар кадастрда маңызды орынды алады. Олардың құрамы кадастрдың тағайындалуы мен оның автоматтандыру дәрежесіне тәуелді. Алайда көп жағдайларда жұмыс келесі схема бойынша жүргізіледі.
Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде геодезиялық жұмыстардың маңызы зор. Геодезиялық жұмыстар негізінде екі түрде атқарылып жүргізіліп отырады және олар төмендегідей болып келеді:
- далалық жұмыстар - арақашықтарды өлшеу, көлденең бұрыштарды өлшеу, тікелей бұрышдарды өлшеу, биіктерді өлшеу. Бұл өлшеулердің бәрі геометриялық өлшеулер, яғни - метр, градус, биіктік өлшемдерінде метр бұлар геометриялық шамалар;
- камералық жұмыстар - дала өлшемдерін математикалық өңдеу - графикалық жұмыстар - пландар, карталар, профильдер сызу.
Жобаны құруға дейін, құру барысында және жобалауды аяқтау кезеңдерінде келесідей геодезиялық жұмыстар жүргізіледі:
1. Қабылданған түсіріс масштабы мен рельефтің қима бірлігіне байланысты жиілік пен дәлдікте үшбұрыштардың типтік жүйесі, полигонометриялық, теодолиттік, тахеометрлік, мензуралық және нивелирлік жүрістер, қиылыстыру түрлерінде геодезиялық түсіріс негізін құру.
2. Түсірістер: аэротопографиялық, фототеодолиттік, мензуралық, теодолиттік, тахеометрлік, жер бетін нивелирлеу, әртүрлі масштабта және әр түрлі қима биіктігімен, объектілерді жобалау мен зерттеу дәлдігінің талаптарына байланысты.
3. Пландар мен карталарды жаңарту - оларды жаңа аэрофототүсіріс нәтижелерімен, қазіргі кезде бар және осы ескі түсірісті пайдалана отырып құру. Мұндай жағдайда далалық жұмыстар көбінесе геодезиялық негіздеу пунктерін белгілеумен, жаңадан пайда болған жерлерін қосымша дешифрлеу және ситуация контурларының аэросуретте көрінбей қалған жерлерін түсіру жер пайдалану шекарасын қалпына келтіру тағы да басқа жұмыстарды қамтиды.
4. Планды түзету - пайда болған обьектілер мен ситуацияның контурларын түсіру және жойылған обьектілерді өшіру.
Дайындық жұмыстары. Дайындық жұмыс процесінде келесі материалдарды жинақтайды және талдайды:
- қоныстандыру жобасы;
- әкімшілік органының жер учаскесін бөліп беру жөніндегіқаулысы;
- жер учаскесін сату-сатып алу немесе жалға беру келісім-шарттары;
- жер учаскесін тіркеу кітабынан алынған көшірмелер;
- жер учаскесі шекарасының сызбасы немесе топографиялық жоспары;
- мемлекеттік немесе жергілікті геодезиялық желі пункттері координатасы схемалары мен тізімдері;
- жерді пайдалану жөніндегі мәліметтер.
Тіректі геодезиялық желі пункттерін түздік зерттеу. Пункттердің бұзылмай сақталуын тексеру және геодезиялық жұмыстарды жүргізудің аса пайдалы технологиясын таңдап алу мақсатында орындайды.
Техникалық жоба құру. Геодезиялық жұмыстарды алдын-ала құрылған техникалық жоба бойынша орындайды, ол жоба мыналардан тұрады : мәтіндік бөлім, графикалық материалдар мен шығын сметасы.
Кадастрлік түсірістер. Кадастрдың тағайындамасына байланысты топографиялықтағыдай сол масштабта, сол тәсілде және сол дәлдікте жүргізіледі. Негізгі масштабы 1: 500, аса кеңінен қолданылатыны - 1: 2000.
Кадастрлық карталар мен жоспарларда қосымша бейнеленеді : жер учаскелері, иелік ауылшаруашылық және басқа да пайдалану жерлерінің шекаралары; жер учаскелерінің кадастрлік нөмері мен аттары; жерді пайдалану категориясы мен басқа да кадастрлік мәліметтер экспликациясын (жазбасын) береді. Кадастрлік карталар мен пландары жер бедері жөнінде ақпараттардан түрмалауы мүмкін.
Жер учаскілерінің жердегі шекараларын бекіту және келісім беру. Жер учаскесінің шекараларын жерге геодезиялық негіздегі пункттердегі сипатты нүктелер координаталары бойынша алады да, арнайы межелі таңбалармен бекітеді нүкте координаттарын анықтайды.
Берілген шекараларды ұйғаруды Мемлекеттік үкімет өнімдерінің, жерді пайдаланушы немесе учаскенің, онымен көршілес учаскелерінің қожайындары қатысуымен жүргізеді.
Жер учаскелерінің шекараларының сызбаларын құру. Жер учаскелерінің аудандарын негізде межелі таңба координаттары бойынша аналитикалық әдіспен есептейді. Жеке жағдайларда картографиялық материалдары пайдаланылады.
Жер учаскелерінің шекараларының сызбаларын құру. Жер учаскесі шекараларының сызбасын негізгі кадастрлық жоспар масштабымен (немесе одан ірі) жерге орнату мен шекарасын ұйғару нәтижелері бойынша құрады.
Кадастрлық жұмыс нәтижелерін бақылау және тіркеу. Кадастрлық жұмыс нәтижелері міндетті түздік бақылауға жатады, өйткені оны орындау процесінде суретке түсіру процесінде пайда болған мүмкіндік қателіктер мен топография-геодезиялық жұмыс өндірісінің сәйкес нұсқамаларының қадағалануын бақылайды.
Жұмыс нәтижесінде алынған ақпараттар арнайы реестерге көшіріліп, кадастрлы карталар,а немесе жоспарларда бейнеленеді.
Деректер қорын енгізу. Үлкен көлемдегі текстік және графикалық кадастр ақпараттарын жүйелендіру мен басқару үшін деректер қоры құрылып, енгізіледі. Оның болғаны ақпараттардың сақталуын ғана емес, сонымен қатар оның тұтынушыларға оперативті түрде берілуін алдын-ала қарастырады.
Көрсетілген жұмыстардан бөлек геодезист жердің пайдалануын жоспарлау, жердің күйімен құнын бағалау, пайда болған таластарды шешу кезінде қатысады.

2.2 Жерге орналастыру мен кадастрдағы геодезиялық тіректік торларлың маңызы және олардың түрлері

Геодезиялық түсірістердің кай түpi болсын, олар алдын ала жер бетінде бекітілген және өте жоғары дәлдікпен пландық координаталары (X,Y) және биіктік координатасы (Н) анықталған нүктелерге сүйенеді. Мұндай пункттерді тірек пункттері дейді. Координаталары геодезиялық тәсілмен біртұтас координаталар жуйесінде анықталған тipeк жүйeлepiн геодезиялықтipeк жуйелері деп атайды. Жалпыдан жекеге көшу принцпіне қарай мемлекетіміздегі барлық тірек жүйелер бірнеше кластарға бөлінеді.
Олар кұру ең жоғарғы кластан төменгі, күрделі дәл геометриялық кұрылымдардың ұсақ, дәлдігі төмендеу кластарға көшеді. Жоғарғы класты пункттер бip-бipiнeн (бipнеше ондаган километр) үлкен арақашықтықта орналасады. Одан кейін олардың аралары, төменгі кластарда жиілетіледі. Геодезиялық жұмыстарды осындай принциппен жургізу қысқа мерзім ішінде үлкен территорияны біртұтас координаталық жүйемен камтамасыз ете алады.
Геодезиялықтipeк жүйелері пландық және биіктік жүйелері болып бөлінеді. Пландық жүйеде тipeк пункттерінің тік бұрышты жазық координаталары (X пен Y-тi) анықталады, ал нүктелердің биіктіктері (Н) Балтық теңізінің биіктік жүйесімен есептеледті.
Геодезиялық жүйе мемлекеттік жиілету және түсіріс болып бөлінеді, ал олардын өзі дәлдігіне қарай өзара кластарға бөлінеді.
Геодезиялық жұмыстарды дұрыс жүргізу үшін түcipic жүргізер алдында күнi бұрын керекті өлшеу дәлдігімен тапсырма беріледі, одан соң, жұмысты жүргізу әдістерімен тиісті аспаптар таңдалып алынады.
Мемлекеттік геодезиялық торлар жиілету және түcipic түрлерін одан әpi дамытудың, сонымен катар ізденіс, кұрылыс, жер қойнауын пайдалану, жерге орналастыру, т.б. көптеген инженерлік есептетерді шешудің нeгiзi болып табылады. Сондықтан, геодезиялық торларды кұрудың дәлдігін қамтамассыз ету үшін оның бұрыштық және ұзындық өлшеулері тиісті аспаптар мен тәсілдер аркылы жүргізілу тиіс.
Мемлекеттік геодезиялық торларға мыналар жатады:
а) 1, 2, 3, 4 кластың пландық жүйелері, оларга өзара бұрыштық және ұзындық өлшеулер дәлдігімен, жүйе қабырғаларыныц ұзындықтарымен ерекшеленеді. Пландық жуйелер триангуляция, трилатерация, полиганаметрия әдістерімен құрылады.
ә) 1, 2, 3 және 4 класты биіктік нивелирлік торлар. Олар геометриялық нивелерлеу әдісімен құрылады.
Гeодезиялық жүйeлер жaлпыдан жекeге қaрай көшy принципiмен жоғaры жүйeден, яғни 1- клаcтан төменге қaрaй нeғұрлым дәл құрылғаннaн, cоғұрлым ұcақтау жәнe дәлдігі кeмдеу клaсқа қарай құрылaды. 1-ші клаcты жүйe мeйлінше жоғары дәлдікке ие болады және ол төменгі кластарға геодeзиялық жүйeлердің дaмуы мен олардың пунктерінің координаталарын біртұтас жүйеде есептеу үшін негізгі қызмет атқарады.
Триангуляция әдісі. Ірі масштабты түсірістердің геодезиялық жоспарлық негізі ретінде Мемлекеттік геодезиялық жүйенің 1, 2, 3 және 4 кластарының пунктері және 1 және 2 разрядты геодезиялық жиелендіру тораптары қолданылады. Ашық жане таулы жерлерде ірі масштабты түсіріске түсіріс негізін құруды қамтамассыз ететін жиілікке дейін Мемлекеттік тораптарды полиганаметриялық тәсілдермен жиілендіру мүмкін емес немесе пайдасыз болған жағдайларда 1 және 2 разрядтағы триангуляция) тізбектер, жүйелер, орталық жүйелер және жеке пунктерді қою арқылы) дамытылады.
2 разрядтты триангуляцияның бастапқы пунктері ретінде 1 разрядты триангуляция және полиганометрия пунктері бола алады. 1 және 2 разрядты триангуляцияның әр пyнкті олардың барлық бүрыштары өлшенген үшбұрыштарын анықтайды.
Триангуляция әдісі жергілікті жерде үшбүрышты жүйесін қүрудан түрады, оларды барлық бұрыштар мен кейбір базис қабырғаларының ұзындығы өлшенеді (1-сурет). Ұшбұрыштың бacқа қaбырғалары ұзындықтaры тригoномeтрияның бeлгілі формулaлары бойыншa есептeледі.
1 клаcс триaнгуляцияcының тұтаc жүйеcін орaсан зор территориядa құрyeдәуір уaқыт пен мaтериалдық кaражатты жұмcауды кeрек eтеді. Cондықтан 1 клаcты жүйeні, мүмкiндігінше мeридиан және пaралель бағытында бірінен- бірі 200 км-ге дeйінгі алыc қашықтықтарда oрналаскан үшбұрыштар қaтары түрінде кұрaды. 1 кластық триангyляция қaтарының парамeтрі 800 км -ге дeйінгі тұйық полигoнды қүрастырaды.

1-сурет. Триангуляция тізбектері

2 класты триангуляция бірінші класты полигонның бүкіл ауданын толтыратын және 1 класты пунктермен сенімді байланыстагы үшбұрыштардың жаппай жүйелі түрінде дамиды.
3 және 4 класты триангуляциялар мемлекеттік геодезиялық жүйелердің одан арғы жүйелендіруі болып табылады.
Геодезиялық жиілендіру тораптарының жобасы негізінен 1:10000 - 1:25000 масштабтағы карталарда жасалады. Торап жобасында пунктерді орналастыру орындары, олардың түсіріс негіздерін дамытуда пайдалануға ыңғайлы болулары, жерде жақсы көрінетіндігі, таңбалар мен орталықтардың жақсы сақталуы қарастырылады.
Пунктерде сыртқы геодезиялық таңбалардың типтері кұрылады турлар, және металл пирамидалы штативтер көздеу нысаналары мен үш және төртқырлы металл пирамидалар. Сыртқы таңбалар мықты орналасуы тиіс.
Қaлалар, поселкелер және өндірістік алаңдардың территориясында 1 жәнe 2 разрядтағы геодезиялық тораптарының пунктері инструкцияда жазылған талаптарға сәйкес бекітіледі. 1 және 2 - разрядты триангуляция бұрыштары айналу тәсіл әдіcтерімен теодолитпен өлшенеді.4 класс триангуляциялық пунктердің биіктік тор есебінде 4 класс тригонометриялық инверлеу 1 разряд триангуляциялық пунктер тор есебінде техникалық нивелирлеу жобаланған. 1 разряд триангуляциялық торда ең үзын қабырға 2,1 км, ең қысқа қабырға 1 км тең.
Tрилатерация әдістері. 3 және 4 класты мемлекеттік геодезиялық жүйелер - трилатерация әдісіменде құрылуы мүмкін.
Трилатерация триангуляция тәрізді, барлық қабырғалар ұзындықтары өлшенген ұшбүрыштар жүйесі болып саналады. Ұшбұрыштарды шешу арқылы горизонталь бұрыштарын, ал одан қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын анықтайды. Содан кейін пункттердің координаталарын есептеуді триангуляциядағыдай жүргізеді. Трилатерация жүйесінде қабырғаларының ұзындығы әдеттегідей радио және жарық қашықтық өлшеуіштерімен өлшенеді.
Бұл жағдайда қабырғаларды өлшеудің салыстырмалы қателігі мынадан аспауы керек:
3 класс үшін -- 1:1000000, 4 класс үшін 1:40000.
Полигонометрия әдісі. Орманды жазық жерде триангуляция жүйесінің дамуы қиындау немесе жергілікті жағдайдың күрделілігінен экономикалық жағынан орынсыз кезде полигонометрия әдісі қолданылады. Осы әдіс жергілікті жерде жүрістер мен полигондар жүйесін салудан тұрады, олардың барлық бұрыштары мен қабырғалары өлшенеді. Егер бір пунктің координаталары және бір қабырғасының дирекциондық бұрышы болса, онда полигонометриялық жүрістің барлық пунктерінің координаталарын есептеп шығаруға болады. Полигонометриялық жүрістің бұрыштары дәлдіктегі теодолиттермен өлшенеді. Полигонометриялық жүрістердің қабырғаларының ұзындығын өлшеу үшін жарық және радио қашықтық өлшеуіштер, оптикалық- механикалық қашықтық өлшеуіштер, болат және инварлық сымдар, ленталар мен рулеткалар қолданылады. Қабырғаларының ұзындығы, сонымен қатар өлшенген базистен, қосалқы өлшенген геометриялық фигураларарқылы анықталуы мүмкін.
1 класты полигонометрия меридиан және паралель бағытында созылған жүріс түрінде құрылады, олар бірінші класты периметрлі 700-800 км полигонның буындларын кұрады, 2 класты полигонометрия 1 класты триангуляция мен полигонометрияның ішінде переметрі 150-180 км-лік тұйық полигон жүйесі ретінде дамиды. 3 және 4 класты полигонометриясы торапты пунктері бар жүрістер жүйесі немесе жоғарғы класты мемлекеттік геодезиялық жүйенің пунктеріне сүйенетін жекелеген жүрістер түрінде қүрылады (1-кесте).

1-кесте
Полигонометрияның сипаттамасы

Полигонометрия
Қабырғалар
Қабырғалар
Бұрыш
Ұзындық
кластары
саны
ұзындығы,км
өл.кв.қатесі
өл.сал.қателігі
1
12
8-30
0,4"
1:400000
2
6
5-18
1,0"
1:200000
3
6
3-10
1,5"
1:100000
4
20
0,25-2
2,0"
1:40000

2.3 Геодезиялық пункттерді жергілікті жерде белгілеу және бекіту

Геодезиялық жиелету жүйелері мемлекеттік геодезиялық жүйелері негізінде дамиды, әр қалалар мен ауылдарды, ірі өндіріс объектілерінің құрылыс алаңдарында, тау-кен өндірісі территориясында атқарылатын ірі масштабтағы түсірулерді, сондай-ақ инженерлік және геодезиялық жұмыстарды негіздеу үшін қызмет етеді. Топографиялық түсіруді белгілі бір масштабта жасау үшін геодезиялық жүйелерді керекті тығыздыққа жиілендіру, түсіру жүйелерін немесе осылай аталатын геодезиялық түсірулер негіздеулерін дамыту есебінен жасалады, негіздеу пландық және биіктік болып бөлінеді. Ал, түсіріс торлары да пландық және биіктік торлары болып бөлінеді. Пландық түсіріс жүйелері теодолиттік, тахеометриялық және мензулалық жүрістер немесе триангуляция арқылы құрылады. Олардың тығыздығы түсіру масштабына, жердің рельефіне тікелей байланысты. Мәселен, 1:500 масштабты түсіруде пункт саны 4-ден кем болмау керек.
1:2000 масштабта 10-нан, 1:1000 масштабтағы түсіруде 16-дан кем болмау керек. Арақашықтықтары өлшеу киынға түсетін жерлерде түсіру пункттері үшбүрыштар тізбегін кұру, тура және кері қиылыстыру эдістері не теодолиттік жүрістер аркылы анықталады. Түсірудің масшатбтары өндіріс жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты аныкталады. Мәселен, көлемі үлкен, ірі кен орныдарын барлау және игеру кезінде жер бетін 1:5000 масштабата, ал шағын кен орындары планға 1:2000 және 1:1000 масштабтармен түсіріледі. Күнделікті жұмысқа қажет сызбалар 1:1000 не 1:500 масштабтарға кима биіктіктері 0,5 м болып жасалады.
Бастапқы нүктелерден (пункттерден) алыстаған сайын, өлшеудің дәлдігі азайып, қателер көбейе береді. өлшеудің дәлдігін тек қатенің абсолюттік (орташа квадраттық) не салыстырмалы шамаларына қарап қана жобалауға болады.
Қателердің үлғайып-азаюын, дәлдігін арттыра түсу үшін, елімізде өлшеу жұмыстарын сезімтал аспаптар арқылы қажетті дәлдікке сай белгілі әдістермен шебер өлшеуші адамдар жүргізеді.
Геодезиялық жұмыстарды ғылыми түрде жүргізу төмендегі принциптердің міндетті түрде орындалуы қажет етеді. Геодезиялық тірек торларын "жалпыдан жалқыға көшу" деген принциппен әрі қарай дамыту яғни алдымен геодезиялықбастапқы торлары құрылады, олардың координаталары жоғары дәлдікпен табылады да, одан әрі карай жиілетеді. Өлшеу, есептеу және графиктік жұмыстардың әрбір кезеңдерін міндетті түрде текесере отырып, бастапқы өлшеулер нәтижесінің дәлдігіне көз жетпейінше, кейінгі өлшеулерге кіріспеу.
Тірек жүйелері пункттерінің ұзақ мерзім бойында беріктігін, орнының тұрақтылығын, бүзылмаушылығын қамтамасыз ету үшін әрбір тірек нүктесі жерде центрді жерге сурет орнату арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырымбет ауылдық округінің жерге орналастыру тәжірибесін зерттеу
Нұр Қожа шаруа қожалығының жерінің сипаттамасы
Ауданды аналитикалық тәсілмен есептеу
Жерге орналастыру жұмыстары
Қазіргі Қазақстан Республикасының жерге орналастыру жұмыстары
Теодолиттің құрылысы
Геодезиялық аспаптарды жұмысқа дайындау
Геодезия картография
Геодезия, жер мәселелері (сұрақ пен жауап түрінде)
Инженерлік геодезия
Пәндер