Өсімдіктер типінің субаридті тобы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоршаған ортаны қорғау проблемалары жыл сайын үдеп келе жатқаны бәрімізге белгілі. Антропогендік факторлардың нәтижесінде бүгінгі таңда өсімдіктердің көпшілік түрлеріне жойылып кету қаупі төнуде. Сондықтан табиғи флораның нәсілдік қорын, алуантүрлілігін сақтап қалу - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл мәселені шешу үшін жекелеген аймақтардың флорасын және жекелеген түрлерін, туыстарын, тұқымдастарын түгелдей зерттеу қажеттілігі өзінен - өзі түсінікті. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15-шілдеде қабылданған №160 Қоршаған ортаны қорғау туралы заңында: Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасының халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік - экономикалық дамуы мен әл - ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болдырмауға, биологиялық алуантүрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған - деп көрсетілгенін ескерсек, табиғат байлықтарын пайдалану үрдісі табиғи флораны мұқият зерттеуді қажет етеді [1].
Оңтүстік Қазақстан облысы өзінің көз жеткісіз кең даласы мен табиғаты өте бай флористикалық аудандардың бірі болып табылады. Жалпы ылғал жетіспейтін Қазақстанның далалық аймақтарында, әсіресе оның оңтүстік аймақшаларында өзендердің табиғи және шаруашылық маңызы үлкен. Сонымен қатар, өзен аңғары көршілес территориялардан айшықты ерекшеленетін ландшафт болып табылады. Оның флорасы өзіндік ерекшелігі бар бір бүтін табиғи құбылыс ретінде қарастырылуы тиіс [2]. Оңтүстік Қазақстан облысы су қоймасының өсімдіктер дүниесінің түрлік құрамы мен өсімдіктер жабынының өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатындығына байланысты үлкен теориялық және практикалық ғылыми маңыздылығы бар. Осы тұрғыдан алғанда, зерттеудің тақырыбы өзекті деп саналады.
Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің басты салаларының бірі мал шаруашылығы. Оны өркендету мен одан әрі дамытудың мүмкіндігі ұйымдастырушылық,селекциялық,технол огиялық және басқа іс-шараларды жүзеге асырумен қатар, жем-шөп базасын нығайтуға да тікелей байланысты.
Қарқынды дамып келе жатқан еліміздің азық - түлік қауіпсіздігін нығайту, халық шаруашылығының көптеген салаларын шикізатпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін және ұқсататын еңбеккерлердің әл - ауқатын жақсарту мен тұрмысын көтеру күнделікті мәселелердің бірі болып отыр. Оларды шешуде мал шаруашылығының алар орны ерекше. Оның негізгі азықтың көзі болып табылатын табиғи жайылым бұл мал бағуға арналған ауыл шаруашылығын ары қарай пайдаланатын жер ғана емес, дәл осы саланың дамуымен мал шаруашылығын өркендету, халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелеріне де байланысты. Қазірде жайылым жерлердің орынсыз пайдалануы салдарынан кейбір малы бар жеке үй шаруашылықтарында жер жетіспеушілігі қатты байқалуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісі мен шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды қамтамасыз етуді тапсыра отырып, Біз әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығының жемшөп базасын құру үшін үлкен әлеуетке иеміз деп атап көрсетті.
Елбасы жолдауында аграрлық саланың дамуы ерекше аталды. Бұл әлемдегі азық- түлік өнімдеріне деген сұраныстың күрт өсуімен байланысты. Ендігі жерде республика көлемінде іске асырылып жатқан мал тұқымын асыландыру, берік жемшөп қорын жақсарту, жайылым инфрақұрылымдарын қалпына келтіру және алыстағы шұрайлы жайылымдарды пайдалану, мал өнімдерін дайындау мен қайта өңдеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға олардың қатысуымен мүмкіндік беретін механизімдер жасап, иновацияларды пайдалану әлеуетін арттыру қажет. Бұл шараларды іске асыру - Қазақстанның жақын жылдарда табысы мол, экономикасы нығайған, халқының тұрғысы жақсарған, әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігі жоғары отыз елдің қатарына қосылуына өзінің оң әсерін тигізеді.
Оның басым бөлігі шөл және шөлейт аймақта орналасқан. Жайылым көлемі мол бола тұрса да, шығымдылығы мен өнімінің төмендігі және жылма - жыл өзгеруі мал шаруашылығын тұрақты дамытуды көп қиындықтар туғызады. Оның үстіне шөл аймақтың топырақ құрамы мен құнарының нашарлығы, құмақ және құмшауытты алқаптардың басым екендігі, күшті өкпек желдердің жиі соғатыны және ауа райының құрғақ екені көп жағдайда ескерілмей оларды жүйесіз пайдалану етек алды, сақтау мен пайдалану арасындағы теңестірілген қатынас сақталмады, нәтижесінде жайылымдардың өнімділігі азайып, тоза бастады. Әсіресе, кейінгі жылдары бұл мәселе тым күрделеніп кетті. Өйткені малдың басым бөлігі жұртшылық шаруашылығында. Ол малдар ауыл маңайынан алыс өріске бара алмауда. Мұның өзі жайылымдары демалыссыз пайдалануға әкеліп соғуда. Нәтижесінде пайдалы малазығындық өсімдіктер түрлері сиреп, жайылымдық жерлер тоза бастады. Осыған орай Агробизнес-2020 бағдарламасында жайылымдық жерлерді суландыру, екпе жайылымдар жасау мәселері қаралған.
Тозған жайылымдарды қалпына келтіру, өнімділігі төмен жайылымдардың шұрайлығын арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі оларды қуаңшылыққа төзімді малазығындық өсімдіктерді пайдалана отырып түбегейлі жақсартудың дұрыс екендігін көрсетіп отыр.
Зерттеудің мақсаты:Қазұғыр ауданы флорасының биоморфологиялық ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Зерттеудің міндетері:
-зерттеу бағыты бойынша ғылыми әдебиеттер мен басылымдарға талдау;
-зерттеу аймағының физико-географиялық жағдайына сипаттама беру;
- зерттеу аймағының ботаникалық зерттелу тарихы;
-Қазығұрт ауданының флорасының - систематикалық құрамы;
- Қазығұрт ауданының өсімдіктер жамылғысының таралу ерекшеліктері

Зерттеу нысаны мен әдістері:Қазығүрт ауданының флорасы.Биоморфологиялық, флористикалық, биогеографиялық зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазығүрт ауданының флорасыныңөсімдіктер бірлестітерінің жағдайы анықталып жан - жақты толық талдау жұмыстары жүргізілді.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Ғылыми жұмыста анықталған материалдарды қоршаған ортаны қорғау мекемелері, табиғи ресурстарын тиімді пайдалану, оларды қорғау мен қалпына келтіру іс-шараларында, оқу процесінде, пайдалануға болады.
Жұмыстың орындау базасы. Экология және биотехнология ҒЗИ, агротехнология кафедрасы.

1 Аналитикалық шолу

Оңтүстік Қазақстан облысы және Батыс Тянь-Шань тау жүйесін, оның ішінде флорасын зерттеу осыдан 100 жылдан астам уақыт бұрын, яғни Орта Азиядағы ірі географиялық экспедициялар мен қатар басталған болатын.
XIX ғасырдың екінші жартысында аймақтың әр бөліктерінде көптеген ғалымдар, атап айтсақ географ А.В.Буняковский, геологтар И.В.Мушкетов және Д.Л.Иванов, ботаниктер А.Э.Регель, Г.Капю, С.И.Коржинский, Д.И.Литвинов және т.б. зерттеулер жүргізді. Сол сияқты Батыс Тянь-Шань флорасын танып-білу мақсатында 1908 жылы О.Э.Кнорринг, З.А.Минквиц Сырдария облысының Шымкент уезін зерттеді, сонымен қатар, Б.А.Федченко (1941-1961), Н.В.Павлов (1956) үлкен үлестерін қосты[7,13,14].
Б.А.Федченко өзі жинаған өсімдіктері мен көптеген ғалымдардың материалдарын толықтыру негізінде Флора Западного Тянь-Шаня (1941-1961) деп аталатын еңбегін бастаған болатын, бірақ ол еңбек аяқталмай қалды.
Сонымен қатар флорасын зерттеуге И.М.Культиасов (1921), П.Я.Баранов (1922), В.П.Бочанцев (1935), Б.А.Быков (1956), О.Н.Бондаренго, А.Я.Бутков (1959), Р.С.Верник (1960), В.Н.Павлов (1970а, 1970б, 1974, 1980), С.С. Калмыков (1973) және т.б. көптеген ғалымдар ат салысты. Орта Азия университетінің (САГУ қазіргі ТашГУ) ботаниктері Батыс Тянь-Шань флорасын комплексті түрде зерттеді[15,16,17,18,19,20].
1920 жылдардың басынан бастап Батыс Тянь-Шань флорасын зерттеуге А.И.Введенский қомақты үлес қосты.
1921 жылы Өгем өзенінің бассейнінде Орта Азия мемлекеттік университетінің Өгем ботаникалық экспедициясы жұмыстар жүргізді. Олар жыл сайын Батыс Тянь-Шаньның әр түрлі аудандарында экспедициялар ұйымдастырды.
1926 жылы Талас Алатауының батыс бөлігіндегі орман заказнигі Ақсу-Жабағылы қорығы болып қайта құрылды. Бұл қорық көптеген ботаниктердің Батыс Тянь-Шаньда жұмыс істеуіне база ретінде үлкен қызмет атқарды. Ал, 1939 жылы СССР ҒА-ның Қазақстан филиалының ботанигі В.У.Макарчук Қаржантау жотасының биік таулы аймақтарын зерттеді.
Н.В.Павлов Батыс Тянь-Шаньдағы зерттеулерін 1949 жылдың жазында Қаз ССР ҒА Ботаника институтының экспедициясымен бірге бастады. 1953-1954 жылдары Қаржантау жотасының таулы бөліктері зерттелді.
Жинақталған өсімдіктер қорларындағы мәліметтер бойынша бұл өңірде О. Симонова мен Т. Батуева 1920 жылы, С. Печникова 1942 - 1943 жылдары, П.П. Поляков 1935, 1950, 1957 жылдары, К. Параскиев 1955 - 1957 жылдары, Е.Ф. Степанова 1957 және 1972 жылдары, Б.А. Быков 1956 жылы, Н.С. Филатовалар 1961 жылы ботаникалық коллекциялар жинап, флористикалық жұмыстар жүргізгені белгілі [21,22,23,24,25,26,27,28,29,30].
1960 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Қазақстан флорасын зерттеу жұмыстары жалғастырылуда.
1993 жылы ҚР ҒА Ботаника және фитоинтродукция институтының бір топ ғалымдары жақын маңдағы территориялардың флорасына зерттеу жұмыстарын бастаған болатын.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Қазақстан 2030 ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасының басты мақсаты - табиғи байлықты ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау негізінде тіршілік етудің экологиялық аса қолайлы ортасын қалыптастыру болып табылады.
187 млн гектардан астам жерді алып жатқан жайылым түрлері республика аумағында бірдей емес. Жайылым - басым бөлігі топырақ - климат жағдайы күрделі шөл және шөлейт аймақтарда жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында оның мөлемі 9,06 млн гектардан астам жерді құрайды. Әрине бұл аз жер емес. Алайда өткен ғасырдың орта кезінен бастап мал шаруашылығының қарқынды дамуы жемшөпке деген қажеттілікті тудырды. Осыған байланысты бұл мәселені шешу үшін қауңшылық аймақтың жемшөп шаруашылығын дамытуға бағытталған шаралар қолға алынды. Соның бірі тоза бастаған және өнімділігі төмен алқаптардың өнімділігін көтеру болды. Бұл шараны іске асыруда дәстүрлі малазығындық дақылдарды шөл аймақта өсіру оң нәтиже бермеді [2]. Сондықтан жергілікті аймақта өсетін өсімдіктер түрін жинап, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап шалғындық және жайылымдықшаруашылықтың негізін қалаушылардың бірі И.В.Ларин жетекшілігімен жүргізілген экспедициялар нәтижесінде көптеген жабайы өсімдіктердің малазықтық құндылығы анықталып, оларды екпе жайылым жасау үшін пайдалануға болатындығы көрсетілді [3].

2 Технологиялық бөлім

2.1Қазығұрт ауданының тауының табиғи жағдайы

Географиялық орны, жайы. Қазығұрт ауданыБатыс Тянь-Шань таулы жүйесінің тізбегі, ол Оңтүстік Қазақстан облысы территориясында
690 - 700 солтүстік ендік пен 420 шығыс бойлық арасында, Қаржантау жотасынан солтүстік-батыста орналасқан (1-сурет). Солтүстік-шығыс-тан оңтүстік батысқа 45-50 км-ге созылып, ені 10 км-ді алып жатыр, орташа биіктігі теңіз деңгейінен 1300-1400 м. Ал, ең биік нүктесі тау жүйесінің шығыс бөлігінде орналасып, абсолюттік биіктігі 1768 м-ге көтерілген (Кеме-Қалған). Қазығұрт тауы солтүстік-шығыста Бадам өзені аңғарымен, шығыста Қаржантау жотасымен, оңтүстікте Келес өзені аңғарымен шектесіп, батыс пен солтүстік-батыста абсолюттік биіктігі 400-600 м-ге жететін оқшауланған тауалды жазығына ұласады (2-сурет). [32, 33].
Геологиясы. Қазығұрт ауданы палеозойдың тығыз жыныстарымен және тас көмір дәуірінің теңіздік карбонаттық шөгінділерімен көмкерілген. Тауалды жазықтары бор, үштік және төрттік дәуірлердің қалың борпылдақ жыныстарынан тұрады (Геологическая карта Казахской ССР, 1965).
Жер бедері. Қазығұрт ауданының тау жүйесі оқшауланған типіне жатып, мезозойдың әктастарынан құралған, сондықтан онда жер бедерінің карсты пішіндері қалыптасқан (Герасимов, 1952). Жер бедері таулы типке жатады: беткейлері тік құламалы, құзды болса, аңғарлары теңіз деңгейінен 600-700 м биіктікте орналасып, енсіз, тар әрі терең болып келеді. Сонымен қатар, бұл таулы жүйеде палеозой жыныстарында терең тілімденген тік беткейлі жер бедерінің басымдығы байқалса, әктастар, тақтатастар мен кварциттер де көп тараған. Таудың оңтүстік - батыс беткейі қысқа, әрі тік болып келеді.
Ойыстанулар мен депрессияға ұшыраған тау шлейфтері (шлейф - тау етегіндегі ұсақ шөгінділер белдеуі) мен өзендердің ысырынды конустары орналасқан тауалды жазықтары мен еңістолқынды мезо-рельефтен тұратын тау етектері шөгінділердің қабатталуына қарай әркелкі болып келеді, яғни жер бедерінде лессті, проллювиалдық - аллювиалдық, малтатасты және қиыршықтасты шөгінділер кездеседі. Аласа таулар, қырқалар мен қыраттар шөгінділердің байырғы тау жыныстарынан тұрады. Тау шыңының кейбір учаскелері тегістелген пішінде қалыптасқан.Тау етектерінде қиыршықтас, малтатас, құм, құмдауықтардың қабатталған шөгінділерінен тұратын проллювиалдық жазық созылса, оның кейбір аймақтарында сел ағындарымен келген дөңбектастар да кездеседі.
Солтүстікте Қазығұрт тауы еңіс беткейінен ылдилап, Келес өзенінің аңғарына жалғасады (Очерки по физической географии Казахстана, 1952; Чупахин, 1964, 1968; Богданова және т.б., 1968). [34,35,36].
Су торлары. Аймақтың өзендер жүйесі еріген мұз бен қар суымен және тау жылғаларымен қоректене отырып, территория бойынша әркелкі таралған. Өзендердің көпшілігінде тау басындағы қарлардың еруінен көктемгі-жазғы су тасулары болып отырады. (Подоба, Толстихин, 1937; Пальгов, 1953). Ақбура сияқты өзендер бұлақ суларымен қоректенсе, кейбір жылғалардың арнасы жаздыгүні кеуіп кетеді. Барлық беттік сулар минерологиялық құрамына қарай гидрокарбонаттық тұщы суларға жатады (Лебедев, 1928; Щульц, 1949; Кармышева, 1973; Павлов, 1980). Қысқы және көктемгі жауын-шашын мөлшеріне байланысты болатын жазғы су тасуы әр жылдары әртүрлі болады, қыстың күні өзендердің деңгейі тұрақты, өйткені негізінен жер асты суымен коректенеді.
Климаты. Қазығұрт ауданының климаттық жағдайлары Батыс Тянь-Шань тау жүйесі сияқты қоңыржай және субтропиктік климаттық белдеулердің шекарасында орналасуымен анықталады (Алисов, 1956), яғни жер бедері мен ауа массаларының ықпал етуімен қалыптасқан тау климаты шұғыл континентальды типке жатады (Иванов, 1959). Жаз бен қыста және күндіз бен түнде ауа температурасы үлкен амплитудаға тербеледі, шілдедегі ауаның орташа температурасы +26,30С, ал қаңтарда -4,30С. Абсолюттік максимум 350-380С-қа жоғарыласа, ал минимум -250-290С. Ауаның жылдық температурасы 9-100С арасында тербеледі. Алисов, (1947) Иванов, (1959) Борисов (1970) сияқты зерттеушілер Батыс Тянь-Шаньда жылудың маусымды таралуын анықтаған, соның ішінде Қазығұрт тауында поляр фронты батысазиялық Иран тармағының циклондық әрекетінен атмосфералық циркуляция үстемдік етеді. Ал евроазиялық суық ауа массалары әдетте теңіз деңгейінен 500-600 м биіктікте тарайды. Одан әрі 1800 м биіктікке дейін ауа температурасының қысқы өзгеруі (инверсия) байқалады. (Павлов, 1980). Қар жамылғысы қараша айынан бастап түсіп, орташа қалыңдығы 20 см-ден аспайды. Жоғарыда айтылған циклондық әрекет жауын-шашынның мөлшері мен маусымдық таралуын анықтайды. Ауданға жылына орта есеппен 500-600 мм жауын-шашын түседі. Биіктік жоғарылаған сайын түсетін ылғалдың мөлшері артып, оның максимум мөлшері наурыз-мамыр айларына сай келеді (Алисов, 1947, 1956; Борисов, 1970). Зерттеліп отырған аймақтағы климаттың тағы бір ерекшелігі - жазғы құрғақшылық ұзақ уақытқа созылып, 5 ай бойы жауын-шашынның өте аз түсетіндігін түсіндіреді (Балашова және т.б., 1960). Солтүстік және оңтүстік экспозициядағы беткейлерде ауа температурасы, жауын-шашын мөлшері, топырақтың ылғалдылығы және т.б. климаттық көрсеткіштердің алуан түрлілігі тән болып келеді. Яғни, оңтүстік-шығыспен салыстырғанда солтүстік-батыс экспозициясының беткейлері анағұрлым ылғалды болып келеді. Бұл ерекшелік мезо- және микрожер бедерлерінде байқалады (Степанов, 1975). Тұтастай алғанда Батыс Тянь-Шань таулары, соның ішінде Қазығұрт тауы климаттың әркелкілігімен сипатталады. Күн радиа-циясының артуы, ауа температурасының күрделілігі, жауын-шашынның әркелкі түсуі және атмосфералық циркуляциясының жергілікті құбылыстары өсімдік жамылғысының көптүрлі (пестрая мозайка) қалыптасуына жағдай туғызады.
Топырақ жамылғысы. Зерттеу аймағының топырағын алғашқы зерттеуді С.С.Неуструевтің топырақ-ботаникалық экспедициялары жүргізді. Ол төменгі тау белдеуінде топырақтың ерекше типін-сұр топырақты бөліп көрсетіп, сипаттады. Сөйтіп, Батыс Тянь-Шань топырағының вертикаль зоналылығының схемасын бірінші болып құрастырды (1910). Оңтүстік-батыс Тянь-Шаньға жататын Қазығұрт тауы топырақ жамылғысы жөнінен тұтасымен Тұран фасциясына жатады.
Аудан территориясында негізінде морфологиялық белгілерінен, физикалық қасиеттеріне және химиялық құрамына қарай сұр топырақтар дамыған, олардың құрамында суда тез ерігіш тұздардың көптігі зерттелген. Сол сияқты топырақ жамылғысы өсімдік қауымдастықтары сәйкес болатын көптеген топырақ ерекшеліктерінің кешендерінен тұрады.
Сұр топырақтарда гумус мөлшері көбірек (1-2%) болады. Шөл-мен салыстырғанда терең қабаттары ылғалы мол сілтілі болып келеді, бұдан топырақтағы карбонаттылықтың аз екенін түсінуге болады. Топырақ түзуші аналық жыныстар лессті сұр топырақтар мен шөгін-ділерден тұрады (Панков және т.б., 1942).
Қазығұрт тауының территориясында сұр топырақтардың үш түрі кездеседі: ашық, типтік және күңгірт (Дурасов және т.б., 1981).
Ашық сұр топырақта климаттық жағдайлары мен суда ерігіш тұздардың құрамына қарай шөлдік жазықтарға ұқсас болып келетін 300-500 (700) м биіктіктегі тау етегіндегі жазықтарда қалыптасқан. Олардың ішінде спицификалық эфемерлі өсімдіктердің (тұзданбағаны) сортаңданбаған түрлері де кездеседі.
Ал, типтік сұр топырақтар теңіз деңгейінен 500-800 м биіктіктегі таудың қырқалы бөлігінде тараған. Олардың ашық сұр топырақтардан ерекшелігі: гумус қабаты анағұрлым күңгірттеу болып келеді, тұзды және гипсті қабаттар тереңіректе орналасқан. 1000-1200 м биіктікте сілтіленген сұр топырақтар белдеуі жайғасқан. Ал, 1400 м биіктіктегі тау беткейлерінің ылғалды учаскелерінде құба топырақтар дамыған.
Күңгірт сұр топырақтар климаттық жағдайы мен өсімдіктер жамылғысы жөнінен тауларға ұқсас болып келетін гумидтік аймақта тараған (Дурасов және т.б., 1981). [38,39,40,41,42,43.45].

2.2 Материал және зерттеу тәсілдері
Қазығұрт ауданының флорасын зерттеу жұмыстары 2017-2018 жылдар арлығында жүргізілді. Таксондарды айқындауда морфологиялық-географиялық әдіс қолданылды. Өсімдіктердің түрлерін анықтауда 2 томдық Иллюстрированный определитель растений Казахстана (1969-1972); Растительный покров Западного Тянь-Шаня (Павлов, 1980) және басқа да жеке территориялар бойынша жазылған монографиялықеңбектер кеңінен пайдаланылды.
Флораның конспектісі бойынша жасалынған флористикалық спектрдің негізі ретінде А.Л.Тахтаджянның (1987) тұқымдас пен туысқа арналған жүйесі алынды. Өсімдік түрлерінің биіктік белдеулерге таралуын академик К.З.Закировтың (1955) нұсқасы бойынша сипаттадық. Түрлердің және туыстардың аттарын дұрыс жазуда С.К.Черепановтың (1973, 1981) жұмыстарының көмегі көп тиді.
Қазығұрт ауданының өсімдіктер жамылғысы көптеген параметрлеріне қарай Е.М.Демуринаның (1972, 1976) сипаттауы бойынша құрғақ далалы әртүрлі шөпті фитоценозға жатады. Біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер тау флорасында доминанттық роль атқарады.
Тауалды және таудың төменгі бөлігінде шөл элементтерінің әсері анық байқалады. Әсіресе адырда және таудың жоғарғы бөлігіне көтерілген сайын флоралық құрамы, ландшафт, тіршілік формалары өзгере түседі. Өсімдіктер жамылғысын көптеген тұқымдастар түрлері түзеді. Атап айтсақ, Poaceae, Fabaceae, Caryophyllaceae, Brassicaceae, Boraginaceae, Apiaceae, Asteraceae т.б. тұқымдастары (Кнорринг және т.б., 1909, 1912; Коровин, 1934-1962; Павлов, 1948, 1956, 1970, 1972 б, Кармышева, 1973, 1982; Сихымбаев, 1996, 1998, 1999);
Солтүстік және солтүстік-батыс тау беткейлерінде, әсіресе шатқалдарында ағаш өсімдіктерінен Crataegus turkestanica, C.pontica, Sorbus рersica, Celtis caucasica, Malus sieversii, Prunus sogdiana, Populus nigra, P.alba шағын орман түзеді. Сол сияқты бұталардан Rosa, Amygdalus, Lonicera, Cotoneaster, Atraphaxis, Spirea және т.б. туыс түрлері кездеседі. [46,47].
Зерттеліп отырған территорияның флорасына арнайы тексеру жұмыстары жүргізілмеген. Алайда, Батыс Тянь-Шань өсімдіктерін зерттеу материалдарын В.А.Павловтың (1970 а, 1970 б, 1970 г, 1972 а, 1980) еңбектерінде көбірек кездестіруге болады. [48,49].
Қазығұрт ауданы флорасының негізгі ерекшеліктерінің бірі - түр құрамының жартысынан астамы (55, 34%) шөптесін өсімдіктер болып келуінде. Ағаш-бұталы өсімдік түрлері адыр және тау белдеулерінде аз түрмен кездеседі. (Crataegus pontica, C.turkestanica, Acer semebovii, Malus sieversii, Sorbus persica, Amygdalus spinosissima, Cerasus mahaleb т.б.)Тасты баурайларда тіпті жартас саңылауларында Celtis caucasi caның жекелеген түрлерін кездестіруге болады. Мұнанбасқа, таудыңт өменгі бөлігінде шөл (тұран) флора сынақа тысты көптеген өсімдіктүрлері ұшырасады, мысалы: Girgensonia oppositiflora, Licyum rutenicum, Salsola australis, Ceratocarpus utriculosus, Acroptilon repens, Psoralea drupacea, Cousinia syrdariensis, C. regelii, Stipa hohenackeriana т.б. Егістік алқапта арамшөп ретінде Trigonella foenum-graecum, Trichodesma incanum, Acroptilon repens т.б. өсімдіктер өседі.
Қазығұрт ауданы өсімдіктеріне негізінен ксерофильдік қасиет тән болуына қарамастан, жалпы таулы Орта Азия флорасы тән [50,51].

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

3.1 Қазығұрт ауданының флорасының -систематикалық құрамы

Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіндеҚазығұрт ауданының флорасындағы систематикалық топтардың арақатынасы төмендегіше: басым бөлігін жабық тұқымдылар алса (85,5%), қырықбуын тәрізділер, папоротник тәрізділер және жалаңаш тұқымдылар түрлері жағынан (бар-жоғы 1,5% шамасында) өте аз кездеседі. (1-кесте). Мұндай арақатынас Р.В.Камелиннің (1990) пікірі бойынша Иран-Тұран облысы, Ауған-Түркістан провинциясы, Өгем-Шатқал (Оңтүстікбатыс-Тянь-Шань) округіне тән. [52,53].

Кесте 1 Қазығұрт ауданының флорасының негізгі систематикалық
топтарының арақатынасы

Таксондар
Тұқымда-стар
Туыстар саны
Түрлер саны
Жалпы түрлер санының % мөлшері
1 div. Equisetophyta
1
1
2
0,26
2 div. Polypodiophyta
3
6
6
0,79
3 div. Pinophyta
2
2
4
0,52
4 div. Magnoliophyta
73
365
746
98,41
1 class Magnoliopsida
61
298
610
80,47
2 class Liliopsida
12
67
136
17,94
Барлығы
79
374
758
100

Қазығұрт тауының территориясында Орта Азия флорасының барлық негізгі тұқымдас түрлері кездеседі десе де болады.
Бірақ, туыстар мен түрлердің саны жағынан олар біршама ерекшеленеді (2-кесте).

Кесте 2 Қазығұрт ауданының флорасының таксондар саны

Таксондар
Туыстар
саны
Түрлер саны
Жалпы түр санынан % мөлшері

1 div. Equisetophyta
1
2
0,27
1
Equisetaceae
1
2
0,27

2div. Polypodiophyta
6
6
0,80
2
Athyriaceae
4
4
0,53
3
Sinopteridaceae
1
1
0,14
4
Adiantaceae
1
1
0,14

3 div. Pinophyta
2
4
0,53
5
Cupressaceae
1
1
0,14
6
Ephedraceae
1
3
0,40

4 div. Magnoliophyta
365
746
98,42

1class Magnoliopsida
308
610
80,39
7
Ranunculaceae
9
20
2,64
8
Berberidaceae
2
3
0,40
9
Papaveraceae
3
3
0,40
10
Fumariaceae
2
4
0,53
11
Portulacaceae
1
1
0,14
12
Caryophyllaceae
13
29
3,83
13
Amaranthaceae
1
3
0,40
14
Chenopodiaceae
8
18
2,38
15
Polygonaceae
5
11
1,46
16
Clusiaceae
1
3
0,40
17
Violaceae
1
5
0,66
18
Tamaricaceae
2
3
0,40
19
Salicaceae
2
5
0,66
20
Datiscaceae
1
1
0,14
21
Capparaceae
1
1
0,14
22
Brassicaceae
27
35
4,62
23
Resedaceae
1
1
0,14
24
Malvaceae
5
9
1,19
25
Ulmaceae
2
2
0,27
26
Moraceae
1
2
0,27
27
Cannabaceae
1
1
0,14
28
Urticaceae
2
2
0,27
29
Euphorbiaceae
1
4
0,53
30
Thymelaeaceae
2
2
0,27
31
Crassulaceae
3
5
0,66
32
Parnassiaceae
1
1
0,14
33
Rosaceae
16
37
4,89
34
Onagraceae
2
5
0,66
35
Fabaceae
19
68
8,97
36
Aceraceae
1
1
0,14
37
Rutaceae
1
2
0,27
38
Zygophyllaceae
1
1
0,14
39
Peganaceae
1
1
0,14
40
Linaceae
1
2
0,27
41
Biebersteiniaceae
1
1
0,14
42
Geraniaceae
2
7
0,93
43
Balsaminaceae
1
1
0,14
44
Polygalaceae
1
1
0,14
45
Santalaceae
1
1
0,14
46
Rhamnaceae
1
2
0,27
47
Elaeagnaceae
1
1
0,14
48
Apiaceae
21
35
4,62
49
Plumbaginaceae
1
1
0,14
50
Primulaceae
3
3
0,40
51
Carpifoliaceae
1
3
0,40
52
Valerianaceae
2
5
0,66
53
Dipsacaceae
2
5
0,66
54
Morinaceae
1
1
0,14
55
Rubiaceae
2
7
0,93
56
Gentianaceae
2
2
0,27
57
Apocynaceae
1
1
0,14
58
Solanaceae
4
8
1,06
59
Convolvulaceae
2
6
0,80
60
Cuscutaceae
1
2
0,27
61
Boraginaceae
12
19
2,51
62
Scrophulariaceae
11
28
3,70
63
Plantaginaceae
1
3
0,40
64
Verbenaceae
1
1
0,14
65
Lamiaceae
24
52
6,86
66
Campanulaceae
2
3
0,40
67
Asteraceae
56
120
15,84

2 class Liliopsida
67
136
18,0
68
Iridaceae
4
6
0,80
69
Liliaceae
6
16
2,11
70
Asphodelaceae
1
5
0,66
71
Alliaceae
1
13
1,72
72
Amaryllidaceae
1
1
0,14
73
Ixioliriaceae
1
1
0,14
74
Orchidaceae
1
1
0,14
75
Juncaceae
1
2
0,27
76
Cyperaceae
2
5
0,66
77
Poaceae
46
83
10,95
78
Araceae
2
2
0,27
79
Typhaceae
1
1
0,14

374
758
100

2-кестеден байқағанымыздай, ірі тұқымдастар қатарына мыналар жатады: Asteraceae (120 түр-15,83%), Poaceae(83 түр -10,94%), Fabaceae (68 түр-8,97%), Lamiaceae (52 түр-6,86%), Rosaceae (37 түр-4,88%), Apiaceae(35түр-4,61%), Brassicaceae (35 түр - 4,61%),Caryophyllaceae(29 түр - 3,82). Зерттеліп отырған территорияда түрлер санының 60,52%-осы аталған 8 тұқымдастың үлесіне тиеді. Түрлер саны жағынан 14 тұқымдас басымдылық көрсе-теді (3-кесте).
Кесте 3 Қазығұрт тауы флорасының ірі тұқымдастарындағы туыстар мен түрлердің саны

Тұқымдастар
Туыстардың саны
Түрлердің саны
Жалпы түр санынан % мөлшері
1. Asteraceae
56
120
15,83
2. Poaceae
46
83
10,94
3. Fabaceae
19
68
8,97
4. Lamiaceae
24
52
6,86
5. Rosaceae
16
37
4,88
6. Brassicaceae
27
35
4,61
7. Apiaceae
21
35
4,61
8. Caryophyllaceae
13
29
3,82
9.Scrophulariacea
11
28
3,69
10.Ranunculaceae
9
20
2,63
11.Boraginaceae
12
19
2,50
12.Chenopodiaceae
8
18
2,37
13. Liliaceae
6
16
2,11
14. Alliaceae
1
13
1,71

Жалпы, тексеріліпотырғантерриторияда 7 тұқымдас 35-тен 120-түргедейін, 7тұқымдас 13-тен 35 түргедейін, 16 тұқымдас 5-тен 13 түргедейін, 25 тұқымдас 2 - ден 5 түрді, солсияқты 24тұқымдастек 1 түрдібіріктіретіндігіанықталды.
ТүрлерсаныныңаздығынақарамастанҚазы ғұрттауыфлора-сыныңфлористикалықспе ктріБатысТянь-Шаньтаужүйесінесәйкес келеді (4-кесте).
Кесте 4Қазығұрт тауы флорасының ең ірі туыстары

Туыстар
Түрлердіңсаны
Жалпытүрлерсанымен % мөлшері
1. Astragalus
20
2,64
2. Allium
13
1,72
3. Veronica
11
1,46
4. Cousinia
11
1,46
5. Vicia
10
1,32
6. Ferula
10
1,32
7. Gageа
8
1,06
8. Potentilla
8
1,06
9. Chenopodium
7
0,93
10. Rosa
7
0,93
11. Phlomoides
7
0,93
12. Artemisia
7
0,93
13. Poa
6
0,80
14. Delphinium
6
0,80
15. Silene
6
0,80
16. Oxytropis
6
0,80
17. Lappula
6
0,80
18. Salvia
6
0,80

Қазығұрт тауында кездесетін 374 туыстың (14 тұқымдас) 18 туы-сына 4-кестеде көрсетілгендей 6 түрден 20 түрге дейін біріккен, 143 туысқа 5 түрге дейін, 213 туыстың флоралық құрамы 1-түрден тұратындығын айтуға болады. Жалпы, зерттеліп отырған террритория флористикалық спектрі бойынша Батыс Тянь-Шаньның басқа аудандарынан аса ерекшеленбейді. [58,59,60].

0.2 Тіршілік формаларын талдау

Қазығұрт ауданыны флорасының тіршілік формасын классификациялау үшін жаңару бүршігінің жер бетіне салыстырмалы түрде орналасуына талдау жасалынды (Raunkier бойынша, 1934). Сол сияқты Н.Г.Серебряковтың (1962) классификациясы пайдаланылды(6,7-кестелер).
Кесте 6 Қазығұрт тауы флорасының тіршілік формалары (Raunkier бойынша, 1934).

Систематикалық топтар

Түрлер саны, оның ішінде

Жалпы
Фанерофиттер
Хамефиттер
Гемикриптофит
тер
Криптофиттер
Терофиттер
Қырықбуынтәрізділер
2
-
-
-
2
-
Папоротниктәрізділер
6
-
-
6
-
-
Жалаңаш тұқымдылар
4
2
2
-
-
-
Жабық тұқымдылар
746
59
22
386
73
206
Дара жарнақтылар
131
-
-
62
36
33
Қос жарнақтылар
615
59
22
324
37
173
Барлығы; абс
758
61
24
392
75
206
%
100
8,04
3,16
51,71
9,89
27,17

Кесте 7 Қазығұрт тауы флорасы түрлерінің тіршілік формасы бойынша таралуы(И.Г.Серебряковтың (1962) классификациясы бойынша)

Тіршілік формалары
Түрлер саны абс
Жалпы санымен %-к мөлшері
Ағаштар
21
2,77
Бұталар
40
5,27
Жартылай бұталар
9
1,18
Бұташалар
4
0,52
Жартылай бұташалар
15
1,97
Шөптесін көпжылдық
429
56,59
Екі жылдық
44
5,80
Бір жылдық
196
25,85
Барлығы
758
100

Жалпы тексеріліп отырған жердің биологиялық спектрі әсіресе жоғары шөлде, адырда және Оңтүстік-Шығыс Қызылқұмның әсері жоғары білінетін таудың оңтүстік-батыс бөлігінде түрлердің көбірек таралғандығын көрсетеді. Флораның негізгі адаптациялық ерекшелігі - ксерофильді болып келуі. [61.62].
6-кестеден байқағанымыздай,терофиттер (206 түр) және гемикриптофиттер (392), жалпы флораның 78,88 % алады. Фанерофиттердің үлесіне бар-жоғы 61 түр тиеді. Тіршілік формаларының мұндай арақатынасы Батыс Тянь-Шаньның жеке бөліктеріне тән белгі болып келеді. [61.62].

0.3 Қазығұрт ауданының өсімдіктер жамылғысының таралу ерекшеліктері

Өсімдіктер жамылғысын территориялық зерттеу деген ол өсімдіктерді жіктеудің сөзсіз болатыны және қажетті кезеңі өсімдіктердің табиғи пайда болуының шегін анықтайтын және ретке келтіретін кезең. Осы мәселеге кездесіп қалатын зерттеушілерге екі жол бар бірінші ден осы территорияда жұмыс істейтін негізін салушылардың еңбектерінен жіктеудің тиімді нұсқасын табуға тырысу керек немесе ондай жағдай болмаса шар бойынша оған ұқсасын табуға әрекет жасау керек. екінші жолы жаңашылдық жаңалық ашу жолы жаңа принципаильды амалдардың негізінде жіктеудің түп нұсқасын құруға әрекет жасау керек. бұл ботаникалық ғылымның бүкіл даму жолы таңдаудың артықшылығын дәлелдейді, әсіресе аймақтық шолуларда, жүйелерді жіктеуді қалыптастыруда, пайдалану жолдарында артықшывлығын дәлелдейді келтірілген жіктеу әрқашан шартты және схемалы бұл қатынаста толығымен М.Г.Паповтың пікіріне қосылуға болады. (1940-1950) ол былай деп жазды: "Табиғат әрқашан күрделі жүйе болып келеді, адамдардың схемасына қарағанда соңғысы табиғатты фотографиялық түрде беруге қызмет көрсетпейді, оны түсіну үшін қызмет етеді". Оның үстіне жіктелу құрлымының схемамен шарттылығының үлкен орны бар. Шектеуге жататын өсімдіктердің бірлігінің бірігуінің матасуын дискреттік сияқты үздіксіз белгілерін схемалық және шартты түрде жазудың маңызы зор. [65].
Еңбекте өсімдіктің құрлымының көптеген әртүрлі жіктеулерінің принципиальді мүмкіншіліктері, зерттеушілердің әртүрлі әдістері мен мақсаттарына сәйкес сол немесе басқа аймақты қамтитын ұсыныстар қолданылған.
Белгілі бір террриторияның өсімдіктер жамылғысына жете сипаттама берудің жеткілікті объективті қиыншылықтары бары анық. Сондықтан олардың санын жаңа классификациялық жүйемен оның орнына кеңінен қолданылатын терминдерді мақсатқа сай көбейту керек.
Өсімдіктердің әсіресе тауларда әртүрлі болу салдарынан табиғатта ең ірі өсімдіктер жамылғысының шекарасын айқын анықтау қиын (өсімдіктер типтері флороценотиптер) және тип ішілік формальді қарапайым сияқты көрінеді, бірақ іс жүзінде күрделі объективті түрде орта рангтің бірліктеріне сипаиттама беру және шекарасын анықтау фармациямен су фармацияға түсінік беру қиын және соңында төменгі ценотаксономиялық шамалар деңгейінде ассасация және олардың топтарын қаншалықты құрамымен нақты оқыған объектілері фитоциноздардың заңды боғанымен төтенше барлық өсімдіктер жамылғысының қатаң түрде жіктеу қиын. Олар стохистикалық сипатқа ие (фитоценоз) (Василевич 1969). [69,70].
Геобатаникалық ғылымдық тілді басқа ешқандай тілмен алмастыра алмаймыз. Өте мұқият және нақты түрде түсініктер мен атаулардың сөздік қорынан ауытқымай толығымен қолдану өте маңызды.
Еңбекте қолданып отырған өсімдіктерді жіктеу жүйесі Е.П.Коровин (1961, 1962) құрастырған бүкіл Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан өсімдіктерін жіктеу схемасы бойынша жіктелген жүйе иеархиялық болып табылады бұл қарастырылып отырған территорияның кеңдігінің нәтижесінде өсімдіктер жамылғысының тек ірі таксомоникалық бөліктері ғана сипатталады. Өсімдіктер типінің формациялар топтары таулы территориялардың аймақтық сипатамаларының маңызды бөлігі болып саналады. (Лавренко 1968) Типологиялық схема негізінде Б.А.Келлер (1938) және Е.М. Лавренко (1940 - 1947,1959). Орта Азия өсімдіктерін жіктеуде табысты нәтижеге жеткен (Коровин, Кароткова 1946, Коровин 1949-1961) диференцициялаудың экологиялық марфологиялық принцптері қолданылған. Өсімдіктерге анализ жасауда эдификаторлық түрлердің экологиялық ценотикалық ерекшеліктерінің байқауына көбірек көңіл бөлінеді. Ол зерттелген қоғамдастықтың шекарасын анықтауға негізделген. [71,72,73].
7 Еңбекте үш негізгі жіктеу жүйесінің категориялары қолданылады. Типтер тобы (Коровин 1961), тип және формация.
Өсімдіктер қауымдастығы экологиясының неғұрлым маңызды көрсеткіштері деп олардың ылғалдылық пен температура тәртібіне, топырақ байлығына қатысын айтуға болады. Бұл көрсеткіштер жіктеудің әртүрлі кезеңдерінде бірігіп не болмаса жеке қолданылған.
Тип топтарының (аридтік, гумидтік, субнивальді, гидрофильді және петрофилді) комплексі экологиялық сипаттама болып табылады. Орта Азия үшін алған рет нақты түрде Е.П.Коровин, А.Н.Розанов (1938) жасаған. Соның негізінде өсімдіктерді жіктеуге негіз алынды. Бұнымен бірге әртүрлі рангалардың өсімдіктердің бірлік шамасын жіктеу үшін жалғыз жан - жақты жинақ белгілерін қолданудың мүмкін еместігі туралы пікірдің дұрыс еместігі анықталды (Миркин 1968, Юсуарбеков 1975) .
Жекелеген типтерді топтарғ біріктіру жекелеген типтергенезисінің есепсіз экологиялық морфологиялық белгілерінің негізінде өткізілген Е.П.Коровин (1961) ұсынған топтардың құрамы сақталған. Осының нәтижесінде топтардың құрамында пайда боуы жағынан әртүрлілері бар екені анықталды демек типтердің көптеген белгілеріне байланысты өзіндік түрлері де бар. Бариялды далалар және таулы ксерофиттер, аршалар мен қылқан жапырақты ормандар, дәнді әртүрлі шөпті шалғындар. Мұндай көп түрлілікке Орта Азия тауларының ботаникалық географиялық бірліктер жүйесіндегі Батыс Тянь - Шань жағдайының ерекшеліктерінде және әрі қарай қарастырылған өсімдіктер жамылғысын пайда болу тарихында түсінік беріледі. [74,75,76].
Өсімдіктер типі" түсінігінде бірінші кезекте этификаторлық түрлердің экобиоморфке анализ жасауда негізделген дәстүрлік мазмұн береді. Сонымен бірге типтердің экологиялық күрлілігі де маңызды. Кең ареалды бірнеше өсімдіктер типін қарастыруда жіктелген типішілік категориясы қолданылған. Ол бір типтің ішкі физаномиялық және тарихы әртүрлі бірлестігіың шекарасының неғұрлым дәл табуға мүмкіндік береді. Өсімдіктердің типологиялық бөлулерінің негізіне салынған экологиялық физаномиялық принцип таңдап алынған жіктеудің ауданы аумақтық рангалармен шектейді. Бірақ жіктеуге жасалған географиялық шешім толығымен заңды және оның жолын жалғастырушылар көп.(Сочева 1944,1957,1972, Овчинников 1947, Вальтер 1968 және т.б.).
Үлкен аудандарға арналған кең мазмұнмен байытылған көлемді жұмыстарға аймақты жіктеулер бірліктерін иархиялық жіктеулерде сөзсіз қиындықтар кездеседі.
Мұндай туысты жіктегенде өсімдіктердің өзінің белгілерімен бірге экологиялық географиялық және тарихи белгілерді қолдануға тура келеді. Орта рангтің өсімдіктер жамылғысының жіктеу бірлігінің маңызы осы түсінік көлеміндегі өсімдіктер формациясы болып табылады. (Альехин 1936, Шенников 1938, Лавренко 1940-1947, Прозоровский 1940, Быков 1960) бірнеше ондаған жылдар бойынша зерттеу тұтас бір шешімге келуі (барлық өсімдіктер бірлігінің бір және басқа эдификаторларының түрлерімен біріктіретін өсімдіктердің бұл жүктеу бірлігін қолдану туралы бір шешімге келді) маңызды. Орта Азия көптеген таулы аудандарының өсімдіктеріне жеке сипаттама беру мүмкіндігі туды. Бұл жүктеу иерархиясының маңызды бірлігін жоққа шығарудың қажеттілігі туралы пікірмен келісуі мүмкін емес. Типтік шекарадан шыққан кең эдификаторлардың экологиялық амплетудасы ережеге сай емес. Осындай толық жағдайлар үшін арнайы бірліктерді су формацияларды оған экологиялық ценогенетикалық мазмұн бере отырып, пайдалану ұсынылды. Дәлел ретінде жіктеу жүйесінің формациясын шығару пайдасын жартылай доминантты қауымдастықтың мысалдарымен келтірілген, оларды доминанттар негізінде формацияға біріктіру қиын, бірақ тәжірибе жүзінде бұл жүктеуде қиындығы полидомнанттық формацияларды орнатумен шешіледі. Мысалы: даланың 4 дәнді формациясы (Лавренко 1940).
Қауымдастықтың доминанттылық тенденциялары көрінуі ерекше шешімді және арнайы жіктеуді құруды талап етеді.
Кең көлемде таулы аудандарда өсімдіктер формациясы көптеген жағдайларда белгілі бір жіктеу бірлігі болып қана қоймайтындығын ерекше атап өту керек. сонымен бірге типологиялық, географиялық категорияның ботаниалық географиялық аудандастыру үшін пайдалануға маңызы зор. Өсімдіктерді жіктеу бойынша өсімдіктер жамылғысының пайда болу тарихын түсіндірудің маңызды екендігі белгілі. Жалпы өсімдіктердің табиғи жіктелуі заңдылығына күмән келтіру мүмкін емес. Организмдердің филогенетикалық туыстығын дәлелдеген өсімдіктер жіктелуіне қарағанда фитоциноздарды жіктеу болып есептеледі. [78,80].
Өсімдіктер типтерінің аридті тобы. Аридтік типтердің қауымдастықтары көбнесе ауа температурасы жоғары топырақ құрамында ылғалдылығы аз жерде кедздеседі. Бұл жердегі белдеулердің биіктік амплетудасы жергілікті жердің жағдайына байланысты өзгеріп отырады, бірақ Батыс Тянь-Шаньның барлық жерлерінде ортақ қасиеттің бірі биік белдеулі жүйеде төмен жағдайды алады және жерлердің топырақтары сұр топырақты болады.
1940 жылдың өзінде А.В.Прозорвский Орта Азиядағы шөлді және жартылай шөлді жерлердің классиффикациясын құрастырған және биоморфологиялық ерекшеліктері жағынан доминантты он типті бөліп көрсетті.
Өсімдіктердің мына типтері аридтік топтарға жатады.
oo шөлді эфимерлі өсімдіктер немесе эфимеридтер
oo шөлді дәнді жусанды (жартылай бұталылар)
oo гипсофитті - галофитті шөл далалылар
Мұнда өсетін типтердің белгілі бір географиялық жағдайға байланысты бейімделген. Соның арқасында біз Батыс Тянь-Шанның кез - келген жеріндегі биік белдеулерге мінездеме бере аламыз.
Эфемерлі шөл дала. Эфемерлі шөлдер деп - біз эфемерлерден және эфемеройдтардан тұратын өсімдік бірлестігін айтамыз. Бұлардың ішінде көпжылдық түрлері де кездеседі.
Эфемерлік типтің өсімдіктері негізінен тауға жақын белдеулерде, тау аралық жерлерде және Орта Азияның оңтүстігінде аласа таулы жерлерде өсуге бейімделген. Батыс Тянь - Шаньға зерттеу жүргізген ғалымдардың барлығы З.А.Минквиц И.И .Спрыгина және М.Г.Попов, М.Д.Сперидинова және т.б. эфимирлік өсімдіктермен орманды субстраттардың арасында ұқсастығы бар екендігін айтты.
Эфемерлік шөлдалалар Батыс Тянь-Шаньның биік сатыларын алып жатыр 500-800 метрге дейін. Эфемерлік өсімдіктің кең таралғанын осы аймақтың барысында көруге болады. Сонымен қатар: Машат, Сайрам, Қаржантау, Шатқал және т.б. батыс жоталарында кездестіруге болады.
Бұл өсімдіктер типінің таралуының төменгі шекарасы толық белгіленбеген М.Г.Папов орманды жабындылардың басымдылығын Батыс Тянь-Шанның таулы жоталарында бұрыш жасаумен байланыстырады.
Эфемерлік - эфемеройдтық шөлді өсімдіктердің мекен ортасының басты экологиялық көрсеткіштері: атмосфералық жауын шашынның көлемі 300-350мм, кейбір аудандарда 400 мм дейін барады. Мұнда жауын шашынның да түсуі ерекше: жауын шашынның басым көпшілігі сәуір - мамыр айларда жауады. Соның есебінен мұнда ылғалдықтың 5 есе көбейіп өсімдіктер алдағы төрт ай бойы ылғалдылықпен қамтамасыз етіледі. Осындай көктемгі жауын - шашын нәтижесінде эфемерлік - эфемеройдтық өсімдіктер басым түрде таралады, ал жазғы кезең көптеген өсімдіктердің вегетациялық дамуын тоқтатады. Бұл температураның жоғарылауымен және жауын - шашынсызщ кезеңдердегі топырақтың құрғап қалуымен байланысты. [81,82].
М.В.Культиасов эфемерлік - эфемеройдтық бірлестіктер өсімдіктерінің басты тамыры топырақ астының 5см болатын, ал тамыр жүйесі 15 есе тереңдікте болатындығын көрсетті.
Соңғы кездегі дәлелдерге сүйенсек эфемерлік - эферойдтық қауымдастықтардың жер астындағы көптеген бөліктері эфемеройдтардың тамыр жүйесінің есебінен құралғандығын көрсетеді.

Сурет 1. Шөлді дәнді жусанды дала

Сонымен қатар М.В.Культиасов эфемерлік шөл даланың бірнеше ерекшеліктерін атап өтті. Олар: спектродың динамикалық тірі формациялардың экологиялық және марфологиялық ерекшеліктері даму үзілісті вегетациялық дамуы (жазғы, қысқы) болады. Эфемерлік бірлестіктердің басқа да ерекшеліктері көптеген ғалымдардың еңбектерінде баяндалды. (Папов 1925, Светкина, Коровин, Закиров, Амелин, Верник, Бурышин, Румин, Константинов, Никитин, Пояковенчинко, Акжигитов).
Бұл қауымдастықтың эдификаторлық түрлері шөлді қияқөлең (Carex pachystylis) жуашықты қоңыр бас (Poa bulbosa ) вегетациялық жолмен көбейетін өсімдіктер, соның арқасында олар дән себуге қолайсыз кезеңдерде де үлкен аймақтарды алып, таралып жатады. Эфемерлік өсімдіктердің өмір сүру ұзақтылығы бір айдан жеті - сегіз айға дейін, ал биіктігі түсетін жауын - шашын көлеміне байланысты. Эфемерлік өсімдіктердің дәндері жерге түскеннен кейін бірден дамып кетпейді. Олар жер бетінде топырақ температурасы 60-700С - қа жеткенше біраз уақыт жатады.
Эфемерлік шөлдерде өмірсүргіштік спекторы мынадай: терофиттер барлық түрлердің 53 - 56,5 % құрайды, криптофиттер және гемикриотофиттер 42 - 45% холифиттер 1 - 2%. Е.П.Коровина Оңтүстік Қазақстанда эфемерлік бірлестіктердің 350 түрін, ал кейбір аймағында 134-140 түрін көрсетті. В.В.Никитин және А.Я.Полковниченконың көрсетулері бойынша эфемерлердің тамырларының тереңге тарауы топырақтың ылғалдылығына тікелей байланысы (А..сіпа), ылғалдылық көп болған жылдары 110-120см тереңдікке барады. Жазда вегетация жүргізетін өсімдіктердің тамыры 2м дейін барады. Е.П.Коровиннің көрсетуі бойынша таулы эфемерлік шөлдерде, шөлдалаларда екі спектрлікке тән деп көрсетті [74,75,76,77,79].
Эфемерлік шөлдердің классиффикациясын жасауда ботаниктар бір келкі келісімге келулері қиын болды. К.З.Закиров Өзбекстанныың оңтүстік таулы аймақтарында эфемерлердің бір формациясын сипаттаған. Е.П.Коровин таулы аймақтағы эфемерлі шөлдаланың екі формациясын көрсетті. Н.Темірбаев Шыршықта бір формацияны қоңырбас, қияқөлеңді көрсетеді. З.А.Майлун Шыршық Ангрена аралық өзендерде бір формацияға - аралас шөпті рангаға сипаттама берді.
Біз Батыс Тянь-Шаньдағы эфемерлік шөлдаланы мынадай формацияға бөлдік.
oo шөлді қияқөлең (Carex pachystylis)
oo жуашықты қоңырбас (Poabulbosa)
oo қоңырбас+қияқөлең (Poa bulbosa+ Carex pachystylis)
Батыс Тянь-Шаньдағы бұл типке кіретін түрлердің жалпы саны 100 ден асады. Эдификаттықтүрлерден басқа мынадай түрлерді де кездестіруге болады.
Көпжылдық өсімдіктерден - Ephedra equisetina, Zygophyllum megacarpum.
Жартылай бұталылардан - Artemisia fergunensis, A. Sogfiona, Eurofia cerafoides, және т.б.
М.Г.Поповтың ойынша эфемрлік қауымдастықтың ішіндегі ерекше тұрақты компаненті ол шөлді қияқөлең, "өзі кішкентай және байқалмайды, бірақ Орта Азиядағы тау маңындағы жерлерді жасыл кілем төсегендей алып жатады".

Сурет 2 Шөлді қияқөлең формациялары
Шөптерінің таралып өсуі біркелкі және қалың: сабақтың бойында 3-5 м қашықтықта орналасқан, және топырақ бетінің 75-80% алып жатады.
Бұл қауымдастықтың тағы бір тұрақты түрлерінің бірі жуашықты қоңырбас, бұл көбінесе жайылым жерлерде немесе тұзды топырақты жерлерде кездеседі. Бұл формация суыққа төзімді болғандықтан оның экологиялық амплетудасы (Carex pachystylis) не қорғанда жоғары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаға антропогенді әрекет
Қостанай облысы Восточный ауылының ірі масштабты топырақ картасын құрастыру қағидалары
Экологиялық бiлiм берудiң құқықтық тұрғыдан қажеттiлiгi туралы
Үстірт учаскелері
Экологиялық қылмыс
Ырғыз - Торғай қорығының өсімдік жамылғысы
Мезгілсіз өсімдік гүлі
Экологиялық қылмыстар
Шөл жағдайындағы жайылым
Экологиялық білім және оқу процессін экологияландыру
Пәндер