Ноқат өзара тозаңданатын өсімдік


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Түйін сөздер: Дәнді бұршақ дақылдары, ноқат, сорт, түйнек тактериялары, өнім, өсіп-даму кезеңі, биометриялық көрсеткіштер, өнімділік құрылым, себу сапасы.

Дипломдық жұмыста кіріспе, негізгі бөлімдер, қорытынды, қолданылған әдебиеттер келтірілген. Жұмыс негізінен алты бөлімнен тұрады: аналитикалық бөлім, ғылыми зерттеу бөлімі, тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, экономикалық, бизнес жоспар бөлімдері. Аналитикалық бөлімінде жұмыстың тақырыбына сай әдебиетке шолу және зерттеудің қойылу мақсаты баяндалады.

Тәжірибелік бөлімде Оңтүстік Қазақстан облысыжағдайында ноқат сорттарының өсіп-дамуы және биометриялық көрсеткіштерінің өзгеруі, түйнек бактерияларын түзу ерекшеліктері, өнім түзу сипаттары мен өнім құрылымы, алынған тұқымдардың себу сапа көрсеткіштері сипатталған. Тәжірибе нәтижелері кестелер түрінде көрсетіліп сипаттамаланған.

Дипломдық жұмыстың тіршілік қаіупсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінде зертханадағы жүргізілген жұмыстардың техника және экология қауіпсіздігі баяндалған. Экономикалық бөлімде жұмыстың экономикалық тиімділігі, қажетті қаражат мөлшері мен шығымдары есептелген. Бизнес жоспарлау бөлімінде кәсіпорынға сипаттама беріліп, оны жүзеге асыру тәуекелділігі баяндалған.

Беттер Кесте Сурет Библ

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер: Нормативтік сілтемелер
:
Нормативтік сілтемелер: Белгілеулер және қысқартулар
:
Нормативтік сілтемелер: Анықтамалар
:
Нормативтік сілтемелер: Кіріспе
:
Нормативтік сілтемелер: 1 Аналитикалық бөлім
:
Нормативтік сілтемелер:
  1. Республикада өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің қазіргі кездегі жай-күйі
:
Нормативтік сілтемелер: Дәнді бұршақ дақыларының (ноқаттың) халық шаруашылығындағы маңызы
:
Нормативтік сілтемелер: Ноқаттың морфологиялық сипаттамасы
:
Нормативтік сілтемелер: Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері
:
Нормативтік сілтемелер: Түйнек бактерияларының шығу тарихы мен алуан түрлілігі
:
Нормативтік сілтемелер: 2 Тәжірибелік бөлім
:
Нормативтік сілтемелер: 2. 1 Аймақтың агроклиматтық көрсеткіштері
:
Нормативтік сілтемелер: 2. 2 Шаруашылықтың топырағы және оның агрохимиялық көрсеткіштері
:
Нормативтік сілтемелер: 2. 3 Зерттеу нысанының сипаттамасы мен зерттеу жұмысының әдістемесі
:
Нормативтік сілтемелер: 2. 4 Зерттеудің нәтижелері
:
Нормативтік сілтемелер: 2. 4. 1 Ноқат сорттарының өсіп-дамуы және биометриялық көрсеткіштерінің өзгеруі
:
Нормативтік сілтемелер: 2. 4. 2 Оңтүстік Қазақстан жағдайында ноқат сорттарының түйнек бактерияларын түзу ерекшеліктері
:
Нормативтік сілтемелер: 2. 4. 3 Қазақстанның оңтүстік өңірінде ноқаттың жаңа сорттарының өнім түзу сипаттары мен өнім құрылымы
:
Нормативтік сілтемелер: 2. 4. 4 Ноқат дақылының әртүрлі сорттары тұқымдарының себу сапа көрсеткіштері
:
Нормативтік сілтемелер: 3 Тіршілік қауіпсіздігі
:
Нормативтік сілтемелер: 4 Қоршаған ортаны қорғау
:
Нормативтік сілтемелер: 5 Экономика
:
Нормативтік сілтемелер: 6 Бизнес-жоспар
:
Нормативтік сілтемелер: Қорытынды
:
Нормативтік сілтемелер: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
:

Нормативтік сілтемелер

Осы диплом жұмысында мына сілтемелер қолданылған:

СТ ҚР 1. 5-2004 Стандарттардың мазмұнына және өрнектелуіне, құрастырылуына жалпы талаптар.

МЕСТ 2. 102-68 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың түрлері мен жиынтығы.

МЕСТ 2. 104-68 ЕСКД. Негізгі жазбалар.

МЕСТ 2. 201-80 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың және бұйымдардың белгілері.

МЕСТ 2. 301-68 ЕСКД. Форматтар.

МЕСТ 2. 601-95 ЕСКД. Эксплуатациялық құжаттар.

МЕСТ 2. 304-81 ЕСКД. Сызудың шрифттары.

МЕСТ 2. 701-84 ЕСКД. Сызбалар және типтер. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЕСТ 2. 321-84 ЕСКД. Әріптік белгілеулер.

МК ҚР 04-2004 “Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнімнің классификаторы” (КПВЭД) .

СТ ОҚМУ 4. 02-2008. Университет стандарты. СМЖ құжаттарын дайындау, баяндау мен рәсімдеудің жалпы талаптары.

СТ ОҚМУ 7. 11-2008. Университет стандарты. Оқу-әдістемелік процесті басқару.

Белгілеулер мен қысқартулар

Осы диплом жұмысында төмендегідей сілтемелер қолданылған:

г - грамм, масса өлшемі;

кг - килограмм, салмақ өлшемі;

мин-минуттар;

%-пайыз;

ºC-температура;

млрд-миллиард;

мг-миллиграмм;

тәу-тәулік;

ГОСТ-мемлекеттік стандарттар жүйесі;

л-литрлер;

рН-қышқылдылық;

ºT-қышқылдылық;

Ккал-килокалория;

АӨК-Агроөнеркәсіптік кешен;

АШТӨ- Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер.

Анықтамалар

Егіншілік жүйесі - агротехникалық және ұйымдастыру шараларының бірегей комплексі, жергілікті табиғи-экономикалық өзгешеліктерге орай жаңа жасақталған агроқұрылымдарда жерді тиімді пайдалануды, топырақ құнарлығын бір дәрежеде және жүйелі түрде арттыруды, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін молайтуды, нарықтық бәсекелестік заманда сапасын көтеруді және мал шаруашылығы үшін берік жемшөп қорын жасауды қамтамасыз ету

Фотосинтез- күн энергиясының қатысуымен, хлоропластарда болатын ауадағы көмірқышқыл газын пайдалана отырып органикалық заттар түзетін табиғи құбылыс.

Тұқым тыныштығы - тірі тұқымдардың қалыпты жағдайларда өспейтін, немесе өте ақырын өсетін күйі

Далалық өнгіштік-далалық жағдайда пайда болған егін көгінің себілген өнгіш тұқым санының қатынасымен көрсетілген процент мөлшері

Тұқым тазалығы - егістік материалдың негізгі сапа көрсеткіштерінің бірі. Егістік материалдың (тұқымның) тазалығы деп ондағы негізгі дақылдың процентпен көрсетілген массасын атайды

Өнімді бағдарлау - бұл сапалы және дер кезінде іске асырғанда күні бұрын есептелген ауылшаруашылық дақылдарының сапалы да мол өнімін қамтамасыз ететін бір-бірімен тығыз байланысты шаралар комплексін зерттеу болып табылады.

Технология - топырақ құнарлылығының тұрақты өсуіне интенсивті сорттар мен дақылдардың потенциалды мүмкіндіктері мен биологиялық ерекшеліктеріне, өнімді басқарудың биологиялық, агротехникалық және агрохимиялық құралдары мен өсімдікті аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден интегралды қорғауды жүйелі колдануға, машина-трактор паркін оптималды қалыптастыруға және егін себу, оны баптап-күту және жинауды жоғары өнімді машиналармен қамтамасыз ету.

Агроөнеркәсіптік кешен - азық-түлік өнімдерін өндіруге және ауыл шаруашылығы шикізаттарынан көпшілік тұтынатын өнеркәсіп тауарларын шығаруға бағытталған сала.

Кіріспе

Ауыл шаруашылық Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.

Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының дамуына әсер етеді.

Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жыл ішінде байсалды қаржы ресурстарымен бекітілген агроөнеркәсіптік кешені мен ауылды дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданған.

Қазақстанның ауылшаруашылығы саласы оның құрылымдағы рөлі мен экономиканың тұтасымен ұдайы өндірістік іс жүргізуі бойынша негізгі болып табылады. 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес агроөндірістік кешен жеті басым секторлардың қатарында өзінің салалық артықшылығын және ауқымды әлеуетін толық жүзеге асыруы тиіс.

Өсімдік шаруашылығында құрылымдық және технологиялық әртараптандыруды жүзеге асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс аумақтарын кеңейту, бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған өнімдердің өндірісін ұлғайту жөнінде жұмыстар одан әрі жалғастырылуда.

Қазақстанның барлық облыстарында топырақ сапасы нашарлауының тұрақты тенденциясы байқалады: топырақ құрамындағы қарашірік пен қоректік заттардың; өсімдіктердің түрлік құрамы мен өнімділігінің төмендеуі, бұл азық базасының әлеуетін төмендетті. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер азып-тозуға, ластануға ұшыраған және құнарлығының қалпына келтіру қабілетін жоғалтуда.

Қазақстан Республикасы аумағында ауыл шаруашылығы алқаптарының едәуір белігі жер құнарлығына кері әсер ететін белгілердің болуымен сипатталады. Жыртылған жерлердің біршама аудандарында топырақтың қарашіріктенбеуі байқалады. Соңғы отыз жылда әртүрлі топырақтарда қарашіріктің құрамы 10-нан 20 %-ға дейін төмендеді. Қазақстан аумағының шамамен 70%-ға жуық жерлері әртүрлі деңгейде шөлдену мен азып-тозуға ұшыраған.

Өсiмдiк шаруашылығы саласын дамыту саланы құрылымдық және технологиялық диверсификациясына байланысты сату нарығы бар, егiншiлiктiң ғылыми-негiзделген жүйесiне өту, өндiрiске жаңа су ресурстарын сақтайтын технологияларды енгiзу, кең химияландыру, айналысқа жаңа және қолданбаған суармалы жерлердi енгiзу арқылы егiншiлiк мәдениетiнiң деңгейiн көтеруге байланысты өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң өндiрiс көлемiн арттыруға бағытталады. Осы шаралар өндiрiс кепiлiн арттыруға және моно дақылдарға, бiр дақылдарды артық өндiрiп, ал басқа дақылдарды мүлдем өндiрмеуге алып соғатын қазiргi келеңсiздiктердi дұрыстауға мүмкiндiк бередi.

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және топырақ құнарлылығын сақтау және көтеруде дәнді-бұршақ дақылдарының егістігін арттыру маңызды роль атқарады. Республикамыздың астық қорын толықтыруда ноқат дақылының маңызы зор. Ақуыз мөлшері мол болып табылатын ноқатқа диқандардың қызығуының себептерінің бірі оның қуаңшылыққа төзімділігі және азотфиксациялаушы қасиеттерінің болуы.

Оңтүстік Қазақстан жағдайында топырақта азот жинайтын дақылдың бірі жоңышқа. Жоңышқа көп жылдық дақыл болғандықтан қысқы ротациалы ауыспалы егісте қолдану мүмкін болмай отыр, сол себептен егіншілікті биологизациялау, әртараптандыру және өндірісте ақуызы жоғары дәнді бұршақ дақылы соның ішінде ноқат дақылы егіліп келеді. Ауа райының құрғақшылығына егілген ноқат дақылы өзінен кейін топыраққа 30-40 кг/га экологиялық таза азот қалдырып кетеді.

Аталған мәселені шешу үшін Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында ноқаттың жаңа сорттарының түйнек бактериялары мен өнім түзу ерекшеліктерін зерттеу дипломдық жұмыстың мақсаты болып алынды. Көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек:

- Ноқат сорттарының өсіп-дамуы және биометриялық көрсеткіштерінің өзгеруін бақылау;

- Оңтүстік Қазақстан жағдайында ноқат сорттарының түйнек бактерияларын түзу ерекшеліктерін саралау;

- Қазақстанның оңтүстік өңірінде ноқаттың жаңа сорттарының өнім түзу сипаттары мен өнім құрылымын зерттеу;

- Ноқат дақылының әртүрлі сорттары тұқымдарының себу сапа көрсеткіштерін анықтау.

Ғылыми жаңалық. Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында ноқаттың жаңа сорттарының түйнек бактериялары мен өнім түзу ерекшеліктері ғылыми түрғыдан негізделді.

Практикалық маңызы. Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында ноқаттың жаңа сорттарының өнім түзу ерекшеліктері жоғары болатындығы және олардың топырақты қоректік заттарға айтарлықтай ықпал ететіндіктен Тассай және Мерей -100 сорттарын аймаққа аудандастырудың маңызы зор болып табылады.

Жұмыстың құрлысы мен көлемі. Дипломдық жұмыс бетке компьютермен терілген. Ол кіріспеден, 6 тараудан, қорытындыдан, өндіріске арналған ұсыныстардан, қолданылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады. Оның құрамына 32 кесте, 6 сурет кіреді. Қолданылған әдебиеттер тізімінде - 30 туындыға сілтеме жасалынған.

1 Аналитикалық бөлім

  1. Республикада өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің қазіргі кездегі жай-күйі

Агроөнеркәсіптік кешен ұлттық экономиканың ең басты бөлігі болып табылады, мұнда қоғамның тіршілігі үшін маңызды өнімдер өндірілетін және үлкен экономикалық әлеует шоғырланған. Оның шешуші шамада дамуы экономиканың барлық саласының жағдайын, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтайды.

Аграрлық сектор ішкі жалпы өнімнің 5, 7 % және халықтың тұтыну қорының шамамен 70 % қалыптастырады және елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығын дамыту өндіріс құралдарын жеткізетін және ауыл шаруашылығы өнімдерін шикізат ретінде қолданатын басқа да салалардың дамуына жәрдемдеседі, сондай-ақ көліктік, сауда және басқа да қызметтер ұсынады.

Қазақстанның ауылдық жерін мекендейтін халықтың саны 7, 3 млн адам немесе елдегі жалпы халық санының 47, 2% құрайды. Ауыл шаруашылығы саласында 2, 38 млн адам жұмыспен қамтыған. 2005 - 2015 жылдардағы белгілі тұрақтылық пен ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін арттыру ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі көлемін ұлғайтуға және халықтың жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну деңгейін көтеруге мүмкіндік берді. Алайда, қазіргі кезде салада қалыптасқан жағдай теріс құбылыстарды жеңуге мүмкіндік бермейді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемі 2, 1 трлн. теңгеден асып түсті және 2121, 8 млрд. теңгені құрады, ал өндірістің өсуі 8%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығында 11-12 %-ға еңбек өнімділігінің жыл сайынғы өсуінің оң үрдісі байқалады және қазіргі кезде жалпы өнім өндірісі саладағы 1 жұмыс басты адамға 3800 АҚШ долларын астамын құрайды.

2015 жылы ауылдық жерлерде жұмыссыздық деңгейі 6, 2 % деңгейінде қалыптасты.
Жыл сайын ауылшаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар ұлғая түсуде. Егер 2002 жылы инвестициялар 17, 3 млрд. теңгені құраса, 2015 жылы - 75, 9 млрд. теңге немесе 3, 2 есе артты.

Ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндірісінің көлемі тамақтанудың оңтайлы нормасы бойынша тұтынушылық көлемін ет, балық, жеміс, жидек, жүзім, өсімдік майы және қант бойынша қамтамасыз ете алмайды.

Экономика салаларының ішінде жылдық орташа жалақының ең төмені ауыл шаруашылығында. Ауыл шаруашылығының индустрияланбау қаупі сақталуды 80 %-дан жоғары техникалық құралдар тозуы салдарынан жедел жаңартуды қажет етеді. Машина-трактор парктерін жаңарту қарқыны төмен деңгейде: жыл сайынғы тракторларды жаңарту орташа 0, 87%, астық жинау комбайндары 3, 2% құрайды. Қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдері бәсекеге қабілетті емес және ішкі нарықтан ығыстырылады. Әсіресе, қант, өсімдік майы, жеміс-көкөніс консервілері, құс еті және сүтті қайта өңдеу өнімдері нарығында импорттық өнімнің үлесі басым. Осылайша, осы шаралар кешенін әзірлеу мен қабылдау өзектілігі, көлемдері мен қаржыландыру көздеріне сәйкес ауыл шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттілігімен түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасы бидай мен ұнның ірі экспортшысы болып табылады (экспортшылардың әлемдік 7 орын алады), елдің ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы экспортында мақта (15 %) мен жүн (25%) де айтарлықтай орын алады.

Республикадағы ауылшаруашылық жерінің жалпы ауданы 222, 6 млн. га құрайды, оның ішінде 24 млн. га егістік (10, 8%), 5 млн. га шабындық жер (2, 2%), жайылымы 189 млн га. (85%) алып жатыр.

2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары себілген егістік алқаптарының 80%-нан астамын астық дақылдарының жалпы егістігі құрады. 2005 жылмен салыстырғанда бидай егістігінің алқабы 245, 8 мың га (1, 9 %), қарақұмық - 60, 5 мың га (1, 7 есе), жемдік дақылдар (арпа мен сұлы) - 322, 4 мың га (18, 8%), рапс - 129, 1 мың га (4, 1 есе), соя - 12, 6 мың га (25, 4 %) өсті.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2015 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 21, 2 млн. га, соның ішінде дәнді дақылдар - 16, 2 млн. га, оның ішінде бидай 13, 8 млн. га құрады. Майлы дақылдар 1, 8 млн. га, мақта - 160, 6 мың га, қант қызылшасы 21, 0 мың га, картоп және бақша дақылдары тиісінше 184, 2 және 196, 5 мың га алқапқа егілді. Дәнді дақылдардың алқабы 2010 жылмен салыстырғанда 427, 3 мың га (2, 6%) қысқарып, 16, 2 млн. га құрады, бидайдың алқаптары 448, 1 мың га қысқарып, 13, 8 млн. га құрады. Бұл ретте, 2010 жылмен салыстырғанда дәндік жүгері алқабы - 2, 2 мың га, дәнді бұршақ дақылдар - 19, 9 мың га, күнбағыс - 85, 8 мың га, соя - 8, 9 мың га, зығыр - 95, 8 мың га, мақта - 23, 4 мың га, қант қызылшасы - 0, 9 мың га, көкөніс-бақша дақылдары - 12, 7 мың га, картоп - 4, 4 мың га, жемшөптік дақылдар - 97, 3 мың га ұлғайды.

Майлы дақылдар бойынша жалпы түсім өткен жылмен салыстырғанда 1, 5 есе ұлғайып, 1, 1 млн. тоннаны құрады. Бұл көлем өсімдік майына ішкі қажеттілікті 100 % қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шаруашылық жүргізудің жаңа нысанының қалыптасуы, олардың нарықтық жағдайға бейімделуі, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау өсімдік шаруашылығының тұрақтануына ықпал етті. Өндіріске қазіргі заманғы технологиялар және егіншіліктің озық әдістерін енгізу бойынша жүйелі жұмыстың арқасында елде соңғы 7 жыл ішінде ағымдағы бағамен көлемі 2, 7 есеге ұлғайған өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты өсуі жүруде.

Бидайды жалпы жинаудың орта жылдық өсу қарқыны 9, 3 %-ды, картопты - 5, 3 %-ды, көкөністерді - 5, 3 %-ды, шикі мақтаны - 6, 7 %-ды, күнбағыс дақылдарын - 12, 1 % құрайды.

Республиканың астық танабының 2015 жылы үштен бірін (5, 2 млн. га) құраған алаңдарға ылғалқорсақтау технологиясын кең ауқымда қолдану, сұрыпталған тұқым себу үлесін (2007 жылы 53 %-дан 2015 жылы 99, 7 %-ға дейін), 1-2 класс тұқымдары үлесін - 78, 9 %-ға дейін, ал жоғарғы репродукция тұқымын - 84 %-ға дейін арттыруы, және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау көлемінің өсуі арқасында астық өндірісін ұлғайтуға қол жетті.

Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауына ауыл шаруашылығы саласына аса басымдылық танытып мемлекет және қаржы институттары арқылы агроөнеркәсіптік кешенге ауқымды қолдаулар көрсетуде. Ағымдағы жылы қаржы институттары арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 18, 0 млрд. тг жуық несие қаржылары беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 28 % артып, 2, 5 мыңға жуық ірі, орта, шағын жобалар қаржыландырылды.

АӨК-дегі жағдайдың қайсыбір тұрақтануына қарамастан, ауылшаруашылық тауарларын өндірісінің шамалы қысқаруы қант өндірісі 25, 4%, жарма 17, 5% және ерте картоп өндіру 14, 5% бағыттарында байқалады.

  1. Дәнді бұршақ дақыларының (ноқаттың) халық шаруашылығындағы маңызы

Белок-жер шарындағы өмірдің кілті. Белоктар - әр қырлы биологиялық катализаторлар, оларсыз организмде бірде-бір биохимиялық процестер жүрмейді. Организмде белоктар зат алмасу процесінде азайып жұмсалады да, олардың қоры әр қашан да толықтырылып тұрады. Организмнің 1/5 бөлігі белоктан тұрса және 2/3 бөлігі қатты қалдықтан тұрады, сол себепті адам организмі белок резерві онша көп болмайды. Сондықтан күнбе-күн белокті тамақты аминоқышқылдармен жолықтырылып отырылады, олар адамзаттың қоректенуі үшін табылмайтын және басқамен ауыстырылмайтын қорек болып есептеледі. Негізгі ауыстырылмайтын амин қышқылдарымен тамақты толықтыру белокті құрамының толық бөлінуіне талап етеді (аргенин, метионин, лезин, гисьяин, фенил-аларин, летсин, вомен, турифтедан, теонин) . Егер адам организмі белокпен бірге 8 негізгі аминқышқылын қабылдау керек болса, ал бала организмі оған қосымша тағы екіаминқышқылын талап етеді (аргинин, гистидин) . Егер, ұзақ уақыт тамақта белок аз болса онда ол денсаулыққа зиян тигізеді, яғни салмақты азайтады, қанның мөлшерінің азаюна себепші болады, жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді және т. б. Ал егер тамақта белок көп болса ол да әрбір ауруларға себепші болады. Сондықтан адамның тамағында нағыз белоктардың болғаны абзал. Орта жастағы адамға күніне 80-100г белок қажет, немесе 1. 6-1. 3 г белок 1кг дене салмағына қажет. Белок қабылдау нормасы адамның жасына, жұмыс тәртібіне, денсаулығына байланысты болады. Адам организмін негізінен белокпен қамтамасыз етушілер өсімдік және мал шаруашылықтар өнімдері. Дәнді бұршақ дақылдарын тағамға пайдалану, басқа тағамдарға қосымша, организмді сапалы тез қорытылатын белоктармен, минералды заттармен және витаминдермен қамтамасыз етеді.

Дәнді бұршақ дақылары (асбұршақ, ноқат, ноғаттақ, бөрі бұршақ, т. б. ) дәнді дақылдардың үшінші биологиялық тобын құрайды да, бұршақ тұқымдасына жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да жоғары мөлшерде ақуыз болады, ал бұл дәнді астық дақылдарынан 1, 5-3, 0 есе артық. Оның үстіне ақуызды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша (лизин, триптофон, т. б. ) толыққұнды, жеңіл ериді, адам мен жануарлар ағзаларымен жеңіл қорытылады. Тұқымдар мен жемістерінде ағзаның қалыпты қызмет істеуіне қажетті көп мөлшерде көмірсулары (крахмал) және әртүрлі дәрумендер (А, В, С, т. б. ) де шоғырланған.

Дәнді бұршақ дақылдары мал шаруашылығындағы ақуыз мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды. Таза және аралас егістіктерде олардан қоректілігі жақсы жасыл балауса, пішен және сүрлемдайындалады. Олардың сабаны мен мекені де мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді. Дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары өңдеу өнеркәсібінде де пайдаланылады. Айта кеткен жөн, ақуыздың көп бөлігін бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадығы азотты сіңірудің нәтижесінде қалыптастырылады. Олардың агротехникалық маңызы да зор : тамырларында орналасқан түйнек бактерияларының азотты байлау қабілетінің арасында топырақ органикалық заттармен және биологиялық азотпен байытылады. Сондықтан барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктер көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл болып табылады.

Әлемдік егіншілікте бұршақ тұқымдастар 90 млн. га егіліп, олардың үлесі масақты дақылдардың 11, 5% құрайды, ал Қазақстанда бұршақ тұқымдастар (соя, бүршақ, ноқат) 2004 жылы бар болғаны 71 мың га ауданға егіліп, олардың үлесі 0, 62% ғана құрайды.

Ноқаттытың дән құрамында 25% ақуыз, 46% азотсыз экстрактілі заттар, 45% май, 4% жасуша және 3, 5% бейорганикалық заттар бар. Масақты дақылдардың дәнінен ноқаттың дәнінің айырмашылығы оның құрамында адам және жануарларға қажетті аминқышқылдардың бәрі бар және де бұршақ тұқымдастар дәнінде олардың тағамдық, әрі азықтық қасиетін арттыратын түрлі А, В 1 В 2 , С т. б. витаминдер анықталған.

Ноқат өзге бұршақ тұқымдастардан гөрі топырақ ылғалсыздығына және ауа қуаңшылығына шымдамды болады, әрі дән құрттарымен (зерновка) сирек жарақаттанады.

Ноқаттың ауадағы азотты тамырларында жинақтау қасиеті топырақтың құнарлығын арттырады.

1. 3 Ноқаттың морфологиялық сипаттамасы

Ноқат дәнді бұршақ дақылдарына кіреді. Ол бұршақ тұқымдасына (Ғавасеае) жатады. Қауырсын жапырақты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атбас бұршақ және бөрібұршақ дақылдарын өсіру технологиясы
Майбұршақ дақылы, үрмебұршақ дақылы және агротехникалық шаралар
Ноқат дақылының биологиясы
Асбұршақ дақылы
Алғы дақыл
Күздік бидай және қара бидай
Өсiмдiк шаруашылығы туралы
Ноқат топырақтан қоректік заттарды мол алатын дақыл
Дәнді бұршақ дақылдардың сипаттамасы
Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz