Топырақ микроорганизмдердің негізгі мекені


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Түйінді сөздер: картоп, биологиялық тыңайтқыштар, топырақ, дақыл, өсіп-даму кезеңі, өнгіштік, қоректік элементтер, фитопатоген, фунгицид, өнімділік, антагонизм, түйнек.

Дипломдық жұмыста кіріспе, негізгі бөлімдер, қорытынды, қолданылған әдебиеттер келтірілген. Жұмыс негізінен алты бөлімнен тұрады: аналитикалық бөлім, ғылыми зерттеу бөлімі, тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, экономикалық, бизнес жоспар бөлімдері. Аналитикалық бөлімінде жұмыстың тақырыбына сай әдебиетке шолу және зерттеудің қойылу мақсаты баяндалады.

Тәжірибелік бөлімде картоп түйнегіне және танабына қолданылған биологиялық тыңайтқыштардың далалық жағдайдағы антогонисттік, фунгицидтік және қоректік заттарды жинақтау қасиеттері көрсетілген. Биотыңайтқыштардың өнім түзу қасиетіне әсері келтірілген. Тәжірибе нәтижелері кестелер түрінде көрсетілген.

Дипломдық жұмыстың тіршілік қаіупсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінде зертханадағы жүргізілген жұмыстардың техника және экология қауіпсіздігі баяндалған. Экономикалық бөлімде жұмыстың экономикалық тиімділігі, қажетті қаражат мөлшері мен шығымдары есептелген. Бизнес жоспарлау бөлімінде кәсіпорынға сипаттама беріліп, оны жүзеге асыру тәуекелділігі баяндалған.

Беттер 71, Кесте 23, Сурет 6, Библ 23

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер:

Нормативтік сілтемелер

:
Нормативтік сілтемелер:

Белгілеулер және қысқартулар

:
Нормативтік сілтемелер:

Анықтамалар

:
Нормативтік сілтемелер:

Кіріспе

:
Нормативтік сілтемелер:

1 Аналитикалық бөлім

:
Нормативтік сілтемелер:

1. 1 Биологиялық тыңайтқыштарды қолданудың артықшылықтары мен қазіргі кездегі жағдайы

:
Нормативтік сілтемелер:

1. 2 Еліміздің өсімдік шаруашылығы саласындағы экологиялық мәселелер

:
Нормативтік сілтемелер:

1. 3 Топырақта кездесетін микроорганизмдер ассоцациялары және олардың топырақ құрамына әсері

:
Нормативтік сілтемелер:

1. 4 Өсімдік шаруашылығы саласында қолданылатын биотыңайтқыштардың көптүрлілігі

:
Нормативтік сілтемелер:

2 Тәжірибелік бөлім

:
Нормативтік сілтемелер:

2. 1 Шаруашылықтың топырақ-климаттық жағдайлары

:
Нормативтік сілтемелер:

2. 1. 1 Шаруашылықтың орналасқан жері, ауылшаруашылығына пайдаланатын жердің құрамы

:
Нормативтік сілтемелер:

2. 1. 2 Жауын-шашын, жыл бойы бөлінуі, күзгі және көктемгі пайдалы ылғал қоры

:
Нормативтік сілтемелер:

2. 1. 3 Шаруашылықтың топырағы және олардың агрохимиялық көрсеткіштері

:
Нормативтік сілтемелер:

2. 2 Зерттеуді жүргізу әдістемесі

:
Нормативтік сілтемелер:

2. 3 Зерттеу нысандарының сипаттамасы

:
Нормативтік сілтемелер:

2. 4 Зерттеу нәтижелері және оның анализі

:
Нормативтік сілтемелер:

2. 4. 1 Биопрепараттармен өңделуіне байланысты картоп түйнектерінің өнгіштігік қасиеттерінің өзгеруі

:
Нормативтік сілтемелер:

2. 4. 2 Картоп танабын биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің топырақтағы жылжымалы қоректік элементтер құрамына әсері

:
Нормативтік сілтемелер:

2. 4. 3 Биотыңайтқыштардың паразитті фитопатогендерге антагонизмдік әсерлері

:
Нормативтік сілтемелер:

2. 4. 4 Картопты биотыңайтқыштармен өңдеудің топырақ микробиоценозына әсері

:
Нормативтік сілтемелер:

2. 4. 5 Әртүрлі тыңайтқыштар енгізудің картоп түйнегінің өнімділігіне әсері

:
Нормативтік сілтемелер:

3 Тіршілік қауіпсіздігі

:
Нормативтік сілтемелер:

4 Қоршаған ортаны қорғау

:
Нормативтік сілтемелер:

5 Экономика

:
Нормативтік сілтемелер:

6 Бизнес-жоспарлау

:
Нормативтік сілтемелер:

Қорытынды

:
Нормативтік сілтемелер:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

:

Нормативтік сілтемелер

Осы диплом жұмысында мына сілтемелер қолданылған:

МЕСТ 2. 102-68 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың түрлері мен жиынтығы.

МЕСТ 2. 104-68 ЕСКД. Негізгі жазбалар.

МЕСТ 2. 201-80 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың және бұйымдардың белгілері.

МЕСТ 2. 301-68 ЕСКД. Форматтар.

МЕСТ 2. 601-95 ЕСКД. Эксплуатациялық құжаттар.

МЕСТ 2. 304-81 ЕСКД. Сызудың шрифттары.

МЕСТ 2. 701-84 ЕСКД. Сызбалар және типтер. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЕСТ 12046-85. Мемлекет аралық стандарт. Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары. Сапа туралы құжат.

МЕСТ 20081-74 Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары. Терминдер. Анықтаулар.

МЕСТ 52325-2005. Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары. Сорттық және егістік сапа

МЕСТ 2. 321-84 ЕСКД. Әріптік белгілеулер.

ӘН ОҚМУ 7. 03-2015 «Дипломдық жобалауды ұйымдастыру. Дипломдық жұмыс».

Белгілеулер мен қысқартулар

Осы диплом жұмысында төмендегідей сілтемелер қолданылған:

г - грамм, масса өлшемі

кг - килограмм, салмақ өлшемі

мин-минуттар

%-пайыз

ºC-температура

млрд-миллиард

мг-миллиграмм

тәу-тәулік

ГОСТ-мемлекеттік стандарттар жүйесі

л-литрлер

рН-қышқылдылық

ºT-қышқылдылық

Ккал-килокалория

МИК - минимальды ингибирлеуші концентрация

Анықтамалар

Егіншілік жүйесі - агротехникалық және ұйымдастыру шараларының бірегей комплексі, жергілікті табиғи-экономикалық өзгешеліктерге орай жаңа жасақталған агроқұрылымдарда жерді тиімді пайдалануды, топырақ құнарлығын бір дәрежеде және жүйелі түрде арттыруды, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін молайтуды, нарықтық бәсекелестік заманда сапасын көтеруді және мал шаруашылығы үшін берік жемшөп қорын жасауды қамтамасыз ету

Фотосинтез- күн энергиясының қатысуымен, хлоропластарда болатын ауадағы көмірқышқыл газын пайдалана отырып органикалық заттар түзетін табиғи құбылыс.

Тұқым тыныштығы - тірі тұқымдардың қалыпты жағдайларда өспейтін, немесе өте ақырын өсетін күйі

Далалық өнгіштік -далалық жағдайда пайда болған егін көгінің себілген өнгіш тұқым санының қатынасымен көрсетілген процент мөлшері

Тұқым тазалығы - егістік материалдың негізгі сапа көрсеткіштерінің бірі. Егістік материалдың (тұқымның) тазалығы деп ондағы негізгі дақылдың процентпен көрсетілген массасын атайды

Өнімді бағдарлау - бұл сапалы және дер кезінде іске асырғанда күні бұрын есептелген ауылшаруашылық дақылдарының сапалы да мол өнімін қамтамасыз ететін бір-бірімен тығыз байланысты шаралар комплексін зерттеу болып табылады.

Технология - топырақ құнарлылығының тұрақты өсуіне интенсивті сорттар мен дақылдардың потенциалды мүмкіндіктері мен биологиялық ерекшеліктеріне, өнімді басқарудың биологиялық, агротехникалық және агрохимиялық құралдары мен өсімдікті аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден интегралды қорғауды жүйелі колдануға, машина-трактор паркін оптималды қалыптастыруға және егін себу, оны баптап-күту және жинауды жоғары өнімді машиналармен қамтамасыз ету.

Агроөнеркәсіптік кешен - азық-түлік өнімдерін өндіруге және ауыл шаруашылығы шикізаттарынан көпшілік тұтынатын өнеркәсіп тауарларын шығаруға бағытталған сала.

Кіріспе

Дамыған елдерде химиялық пестицидтерді қолдануға және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құрамындағы токсикологиялық қалдықтарға деген талаптарды күшейтіп, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге биологиялық әдісті кеңінен қолданып, өсімдікті қорғауға мәжбүрлейді.

Көптеген елдер өсімдік қорғауда экологиялық таза технологияларға белсенді түрде өтіп жатса, ал Қазақстанда керісінше, өсімдікті зиянкестерден қорғау - бұл тек улы химикаттармен (пестицидтермен) өңдеу ғана деген ұғым қалыптасқан.

Қазақстанда 1991 жылға дейін бірнеше ондаған биозертханалар жұмыс істеген, биоәдісті қолдану көлемі 400 мың гектардан астамды құраған, соның ішінде мақтада - 250 мың га, жеміс дақылдарында - 20 мың га, көкөніс дақылдарында - 35 мың га. Мысалы, 1987 жылға дейін бір ғана Алматы облысында трихограмманы (энтомофаг - пайдалы бунақдене) 25 мың гектардан астам жерге, ал биопрепараттарды 7, 5 мың гектарға қолданып, улы химикаттарды қолдану көлемін айтарлықтай төмендеткен. 1960-80 жылдары өсімдік қорғауда биоәдісті қолдану бойынша ғылыми зерттеулер белсенді түрде жүргізілді.

Өкінішке орай, Қазақстанда соңғы 20 жылда биоәдіс бойынша ғылыми зерттеулер және оны өндірісте қолдану 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыстың, аграрлық қайта құрулардың, ғылымға бөлінетін қаржының қысқаруының және импорттық пестицидтердің рынокты жаулауы әсерінен тоқтады.

Республикамыздың аграрлық секторында пестицидтерді бақылаусыз қолданудың артуы экологиялық қауіп-қатер төндіруі мүмкін. Бұл қоршаған ортаның (ашық су қоймалары және жер асты сулары, топырақ, атмосфера) ластануына, пестицидтерге төзімді зиянкестердің пайда болуына және улы химикаттар табиғи экобиожүйенің (құстар, балықтар, жабайы аңдар және пайдалы бунақденелілер) жойылуына әсерін тигізеді.

Адам денсаулығына улы химикаттардың кері әсер етуінің ең аса қауіпті факторлардың бірі - ол бүрку кезінде адамдардың улануы, өсімдік және жануарлар, азық-түлік өнімдерінде токсикологиялық қалдықтардың жинақталуының әсерінен әртүрлі онкологиялық және аллергиялық аурулардың, еркектер мен әйелдердің бедеулігі, түсік тастауы және жаңа туылған балаларда патологиялық белгілерінің пайда болуы.

Адамдардың пестицидтермен улануынан, қоршаған ортаның ластануынан сақтау үшін биологиялық тәсіл химиялық тәсілден басымырақ болып, болашақта ол «негізгі» тәсіл болмақ.

Биологиялық әдісті Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс - мақта, көкөніс, картоп, жеміс-жүзім, жылыжай шаруашылықтары дамыған өңірлерінде өркендету қажет. Аталмаш дақылдардың көбі, әсіресе көкөніс, жеміс жүзім өнімдері өңделмей, пісірілмей тамаққа тікелей қолданатындықтан, зиянкестерден қорғау жұмысын жүргізгенде негізгі тәсіл биологиялық тәсіл болуы керек.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, экологиялық таза, нақты әдісті және зиянды организмдермен күресу технологиясын жетілдіру, соның ішінде пайдалы бунақ денелілер биоагенттерді және биопрепараттарды зиянкестерге қарсы қолдану ғылымның ең негізгі бағыты болып отыр.

Қазақстанның оңтүстік сұр топырақты жағдайында ақтүйнектің тауарлық өнімін алу мақсатында биологиялық егіншілік жүйесінің тәсілдерін жасау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл ғылыми зерттеулердің нәтижесінде зиянкестерден болатын шығынның төмендеуіне және ауылшаруашылық өндірісінде қолданылатын пестицидтердің көлемінің қысқаратынына, қоршаған ортаны қорғау, халықтың денсаулығын сақтау және Қазақстан Республикасының азық-түлік және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосылған ғылыми үлес болмақ.

Аталған мәселені шешу үшін Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы «Барыс 2000» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жағдайындағы жағдайында ақтүйнектің тауарлық өнімін алу мақсатында биологиялық егіншілік жүйесінің тәсілдерін жасау дипломдық жұмыстың мақсаты болып алынды. Көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек:

- биопрепараттармен өңделуіне байланысты картоп түйнектерінің өнгіштігік қасиеттерінің өзгеруі

- картоп танабын биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің топырақтағы жылжымалы қоректік элементтер құрамына әсері

- биотыңайтқыштардың паразитті фитопатогендерге антагонизмдік әсерлері

- картопты биотыңайтқыштармен өңдеудің топырақ микробиоценозына әсері

- әртүрлі тыңайтқыштар енгізудің картоп түйнегінің өнімділігіне әсері

Ғылыми жаңалық. Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында ақтүйнек дақылына пайдаланылған биологиялық тыңайтқыштардың шаруашылық тиімді қасиеттері зерттеліп, тиімді биотыңайтқыш анықталды.

Практикалық маңызы. Картоп дақылын өсіру барысында экологиялық таза бірнеше шаруашылық маңызды қасиеттері бар биологиялық тыңайтқыштарды пайдаланудың шаруашылықтарүшін практикалық маңызы зор болып табылады.

Жұмыстың құрлысы мен көлемі. Дипломдық жұмыс бетке компьютермен терілген. Ол кіріспеден, 6 тараудан, қорытындыдан, өндіріске арналған ұсыныстардан, қолданылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады. Оның құрамына 23- кесте, 6 сурет кіреді. Қолданылған әдебиеттер тізімінде - 23 туындыға сілтеме жасалынған, оның ішінде 1 алыс шет елдік ғылыми туындылар.

1 Аналитикалық бөлім

1. 1 Биологиялық тыңайтқыштарды қолданудың артықшылықтары мен қазіргі кездегі жағдайы

Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясаты Концепциясында баяндалғандай, еліміздегі басым бағыттардың бірі таза экологиялық өнімдер өндіру болып табылады.

Дүние жүзілік сауда ұйымына ену алдында тұрған Қазақстан үшін ауылшаруашылығы күрделі мәселе болып отыр, өйткені отандық ауылшаруашылық өнімдері бәсекеге шыдамайды. Дүние жүзілік даму банкінің мәліметтері бойынша республикамыздың ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігі Шығыс Еуропа елдеріне қарағанда 5 есе төмен болуда [1] .

БҰҰ мәліметтері бойынша республикамыздағы 272, 5 млн. га жердің 179, 9 млн. га жері немесе 66 пайызы шөл және шөлейт жерлерге айналған. Жайлымдық жерлердің деградациясынан 963 млн АҚШ доллары, топырақ эрозиясының салдарынан 779 млн. доллар, екінші реттік тұздану салдарынан 375 млн. доллар, сондай ақ гумустың жоғалуы салдарынан 375 млн. доллар шығын келтірді [2] .

Картоп дақылының қазіргі кездегі орташа өнімділігі 120 центнерде болуда, ал Ресейде бұл көрсеткіш 2 есе артық. Әдеттегі технология бойынша ауылшаруашылық өнімділігін арттыру мүмкін еместігін қазіргі кезде жай шаруаның өзі біліп отыр. Өсімдіктерге берілетін минералды тыңайтқыштарды тиімді қолдану арқылы өнімділікті 40-50 пайызға арттыруға болады. Минералды тыңайтқыштарды қолдану еліміздің барлық аймақтарында қажетті нәтиже бермейді. Республикадағы картоп өсіретін солтүстік аймақтарда көбіне минералды тыңайтқыштардың көмегімен 15-35 центнер қосымша өнім алынады, ал минералды тыңайтқыштың толық шығынын қайтару үшін 40-60 ц/га қосымша өнім алынуы тиіс. Минералды тыңайтқыштардың көмегімен алынатын 10 пайыздық қосымша өнім ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қанағаттандырмайды .

Сіңімді азотты пайдалану коэффициенті минералды тыңайтқыштарда 30-32 пайыздан аспайды, ал фосфор тыңайтқыштарында бұл көрсеткіш небары 17-20 пайыз ғана. Сонымен қатар минералды тыңайтқыштардың негізгі кемшілігі, олардың құрамында небары 3 элемент бар. Ал өсімдіктер өсіп-дамуына 16 макро және 50 аса микроэлементтер қажет [3] .

Еуропалық одақ елдерінде және Америка құрама штаттарында минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдану тенденциясы жыл өткен сайын азайып келеді, есесіне экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін өндіру артып келеді. Бұл тұрғыда биопрепараттар және биотыңайтқыштар қолдану барған сайын жандана түсуде. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге қажетті препараттардың жалпы көлемі әлемдік нарықта 41 миллиард долларға жетті. Бұл алдыңғы 5 жылға қарағанда 2 есеге артық [4] .

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы биологиялық жетістіктерді ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде көптеп қолдану қажет.

Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде биопрепараттарды қолдану кең етек жайып келеді. Себебі органикалық және минералдық тыңайтқыштардан болатын негативтік кері әсерлері көп және экологиялық тұрғыдан тиімсіз болып саналады. Биопрепараттарды қолдану арқылы ауылшаруашылық дақылдарына қолайлы жағдай түзумен қатар топырақтағы қарашірік мөлшерін арттыруға мүмкіншілік жасай отырып, өсімдік шаруашылығы өнімділігін жоғарылатып, сапасын арттыруға болады. Биопрепараттар деп әртүрлі арнайы микроорганизм штамдарынан алынған өнімдерді айтамыз, микроорганизмдер, гормондар, витаминдер, гуминдік заттар әсерінен топырақ микрофлорасы жақсарып, өсімдіктік дамуына оң әсер тигізеді.

Жоғарыда көрсетілген топырақ микроорганизмдерінің артықшылығын ескере отырып картоп дақылын өсіруде биологиялық препараттар қолдану зерттеудің негізгі мақсаты болып табылады. Мұнда картоп дақылына оның өсіп дамуына биологиялық жолмен алынған препараттардың әсерлерін зерттеу қажеттілігі қолға алынды.

1. 2 Еліміздің өсімдік шаруашылығы саласындағы экологиялық мәселелер

Кең байтақ Қазақстанда орын алған экологиялық проблемалардың кең ауқымы мен шешілуге тиісті мәселелері қоғам алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Жалпы қоршаған ортаны тиімсіз пайдалану мен ластаудан келетін экономикалық зиян ішкі өнеркәсіптің 20-30 пайызын құрайды. Осындай антропогенттік ауыртпалықтан Қазақстанның барлық аумағында табиғи тепе-теңдік бұзылған. Ғалымдар топырақтың эрозияға ұшырауын оның құнарының күрт төмендеуін ғылыми негізде дәлелдеген. Тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы жылдарында әр гектардан 20-25 центнерден астық алынса, қазір сол жердің әр гектарынан 10-11 центнерден өнім алынады. Көріп отырғанымыздай, бір гектар жердің беретін өнімі бұрынғыға қарағанда, екі есе азайып кеткен [12] .

Бұл мәселені ең алдымен биология саласының ғалымдары жақсы зерттеді. Жоғарыда аталған мәселелер Қазақстан биологиялық жүйелердің барлық деңгейлеріне бірдей қатысты.

Ауыл және орман шаруашылығында зиянды организмдердің таралуы мен дамуын және зияндылығын шектеу үшін дүние жүзінде арнайы химиялық препараттар немесе пестицидтер кеңінен қолданылады. Ресей ғалымы В. А. Захаренконың мәліметіне қарағанда, өткен ғасырдың 60-жылдары жыл сайын дүние жүзінде 580 млн. доллардың пестицидтері қолданылса, 70-жылдары бұл көрсеткіш 4, 7 есеге артыпты. 1980 жылы ол 20 есеге көбейсе, 1990 жылы 26 миллиард 400 млн. долларға жеткен. 90- жылдардың ортасында астық дақылдарының егіс көлемі 428 млн. гектарды құрап, 1 гектарға шаққанда 11, 9 доллардың пестицидтері жұмсалыпты. Енді жүзім мен жеміс-жидек шаруашылығына келсек, олардың 1 тонна өнімін өндіруге орта есеппен 4, 5 доллардың пестицидтері жұмсалады екен. Осындай жағдай картоп пен көкөніс өндіруде де қалыптасып отыр [13] .

Республикамызда кең қолданылып жатқан пестицидтерден қоршаған орта мен адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төніп тұр. Осыған орай пестицидтерді сақтау, тасымалдау мен қолдану шаралары толық орындалып, қоршаған ортаны олардың қалдықтарымен ластанудан сақтау, табиғаттағы айналымын қадағалау, адам ағзасына теріс әсерін болдырмау немесе азайту мәселелері егемен елімізде толық шешуін тауып жатыр ма? Өкінішке орай оған толықтай оң жауап беру қиын.

Ресейде Ф. Эрисман атындағы гигиена ғылыми-зерттеу орталығы осы бағытта тиянақты жұмыс жүргізуде. Осы институттың директоры, Ресей медицина ғылымының академигі В. Н. Ракицкийдің Бүкілресейлік өсімдіктер қорғау саласы бойынша өткен ІІ съезде мәлімдеуіне қарағанда, ауыр металдар мен пестицидтер адам ағзасын айықпас, созылмалы дерттерге ұшыратады екен. Өкінішке орай, тексерілген азық-түлік өнімдерінің 65%-нан осыдан 20-30 жылдай бұрын қолдануға тыйым салынған, аса зәрлі ГХЦГ мен ДДТ препараттарымен қатар, арамшөптерді отауға әлі де кең пайдаланылып келе жатқан 2, 4 Д гербициді тіркелген. 2005 жылы Ресейде эпидемиологиялық жағдайды ушықтырмау және экологиялық зардаптардан туындайтын адам ағзасының қауіпті ауруларын емдеу үшін 4 млрд. рубль қаражат бөлініпті [14] .

Өсімдіктер қорғау құралдарының қоршаған ортаға теріс әсерін төмендетіп, биологиялық және экономикалық тиімділігін арттыруда оларды қолдану тәсілдерін жетілдірудің де атқаратын рөлі аз емес. Біріншіден, оларды қолданатын техника өте жоғары талаптарға сай болуы керек. Екіншіден, егістіктер мен шабындықтарға пестицидтер бүрку үшін техниканың белгілі бір түрі қолданылады. Мәселен, Германияда олар көбінесе тракторға тіркейтін бүріккіштер арқылы шашылады, жұмыстың 90%-дан артығы осы техника арқылы орындалады. Пестицидтерді ұшақтар немесе дельтаплан арқылы әуеден немесе аэрозолды генераторлармен жерден шашқанда әсерлі заттың біразы нысанаға дәл тимей, буланып ауа толқынымен жоғары көтеріліп кетуі мүмкін. Үшіншіден, ғылымның соңғы жетістіктерге сай пестицидтер егіске немесе шабындыққа жалпылама шашылмай, компъютерлік жүйелер мен жер серіктері арқылы тек нысаналы организмдер кездескенде ғана қолданылады.

Қазақстанға келсек, пестицидтер қолдануға арналған техникалар талапқа сай ма, препараттардың қажет мөлшерін дәл бүрке ала ма? Өкінішке орай, мемлекет тарапынан бұны арнайы тексеріп, қадағалап жатқан ешкім жоқ. Пестицидтер тракторларға тіркелетін бүріккіштермен қатар, арнайы автомайзерлер, тұмандатқыш генераторлар және ұшақтар мен дельтапландар арқылы да шашылады. Республиканың көптеген аймақтарында өнімділігінің жоғарылығына қызығып, аэрозолды генераторлар кең қолданылуда. Олар пестицидті тұмандатып жатқанда желдің бағыты кенет өзгерсе, улы тұман айдалаға, тіптен ауылды мекендерге де ауып кетуі мүмкін. Әрине, су тапшы келетін шөлейт жерлерде шегірткеге қарсы аэрозолды генераторлар мен автомайзерлердің артықшылығында күмән жоқ. Соңғы жылдары ірі астық компаниялары шет елден жоғары өнімді, алым ені 30 метрге жететін өзі жүретін бүріккіш қондырғылар әкелуде. Олардың біреуінің өзі күніне 1000 гектарға жуық егіс көлемін баптай алады. Осы тәріздес техникалар ірі шаруа қожалықтары мен серіктестердің бәрінде болса, пестицидтерді қолданудың тиімділігі артып, қоршаған ортаның ластануы біршама төмендер еді [ 15] .

XX ғасырда жерді түбегейлі аудару нәтижесінде топырақ құнарлылығы айтарлықтай күрт төмендеп кетті. Көптеген ғалымдардың пайымдауы бойынша аудара жырту және жерді терең өңдеу нәтижесінде топырақ құрылымы нашарлап, оның физика-химиялық қасиеттері төмендеп, топырақта өмір сүретін микроорганизмдердің тіршілік ету жүйесі бұзылып нәтижесінде олардың белсенділігі төмендейді. Топырақ фаунасы түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Жаңа тың жерлерді игергеннен соң үш жылдан кейін топырақ құрамындағы қарашірік мөлшері күрт төмендеп, алынатын өнім деңгейі азаяды, өсімдіктік иммунитет жүйесі нашарлайды, сонымен қатар дақылдарда кездесетін әр түрлі аурулар мен зиянкестер саны өседі.

Адамзаттың табиғи жүйеге қарқынды әсер етуі нәтижесінде жиырмасыншы ғасырдың орта тұсында дүние жүзі бойынша топырақтың құнарлы 1/5 бөлігінің жоғалуымен сипатталды. Ресей мемлекетінде жердің құнарлы бөлігінің жалпы көлемі 5 есеге азайды. Қазақстанда соңғы 10 жылдың көлемінде ғана 10 миллион гектар құнарлы жерлер пайдаланудан шығып, шөл немесе шөлейт жерлерге айналып үлгерді, жалпы жер көлемінің 2/3 бөлігі аталған жерлер қатарына енді [ 16] .

Қазіргі кезде республикамыздың өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіретін шаруашылықтарда қолданыстағы технология бойынша жер құнарлылығының қайта қалпына келуі мүмкін емес. Топырақ құнарлылығының табиғи жағдайда қайта қалпына келуі үшін кем дегенде 20 жылдан астам уақыт қажет болады. Яғни ендігі 20 жылдың ішінде Қазақстанда осы қарқын негізінде топырақ құнарлылығының нашарлауы жүре беретін болса, онда біздер келесі ұрпаққа қалдырылатын жердің тек шөлейт болуы ғажап емес. Сондықтан бұл мәселе қазіргі таңдағы тек экологтардың ғана емес, сонымен қатар әрбір Қазақстан азаматының борышы болып отыр.

Қарқынды технологияның ХХ ғасырдағы айтарлықтай ауқымды белең алуы барысында ауылшаруашылық өндірісінде көптеген химиялық заттар пайдаланылып, химиялық негізде дайындалған минералды тыңайтқыштар кең ауқымда қолданыста болған болатын. Нәтижесінде қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп, халықтың денсаулығының нашарлауына және топырақтағы қарашірік мөлшерінің өте төмен деңгейге дейін азаюына алып келді. Қазіргі таңда орта есеппен қарашірік мөлшері 2 есеге дейін азайып кеткен [17] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмдердің ауада таралуы
Топырақтағы биологиялық белсенді заттар
Топырақ және оның құнарлығы туралы ұғым
Гетеротрофты микроорганизмдердің ерекшеліктері
Топырақ, су, ауа, жануар денесінің, нәжістің, азықтың, сүттің микрофлорасы
Азоттың пайда болу циклы
Экологиялық факторлар, факторлардың организмге әсері
Табиғатта микроағзалардың әсері жайлы ақпарат
Топырақ — табиғат көркінің айнасы
Топырақтың органикалық бөлігі, су сіңіргіштік қасиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz