Қазақстанда таралған топырақтардың көптүрлілігі, құнарлылығы және оларды арттыру мәселелері


Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Осы магистрлік диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланған.
СТ ҚР 1. 5-2004 Стандарттардың мазмұнына және өрнектелуіне, құрастырылуына жалпы талаптар.
МЕСТ 2. 102-68 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың түрлері мен жиынтығы.
МЕСТ 2. 104-68 ЕСКД. Негізгі жазбалар.
МЕСТ 2. 201-80 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың және бұйымдардың белгілері.
МЕСТ 2. 301-68 ЕСКД. Форматтар.
МЕСТ 2. 601-95 ЕСКД. Эксплуатациялық құжаттар.
МЕСТ 2. 304-81 ЕСКД. Сызудың шрифттары.
МЕСТ 2. 701-84 ЕСКД. Сызбалар және типтер. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЕСТ 2. 321-84 ЕСКД. Әріптік белгілеулер.
МК ҚР 04-2004 “Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнімнің классификаторы” (КПВЭД) .
Анықтамалар
Осы дипломдық жұмыста сәйкес анықтамалары бар келесі терминдер пайдаланады.
Егіншілік жүйесі - агротехникалық және ұйымдастыру шараларының бірегей комплексі, жергілікті табиғи-экономикалық өзгешеліктерге орай жаңа жасақталған агроқұрылымдарда жерді тиімді пайдалануды, топырақ құнарлығын бір дәрежеде және жүйелі түрде арттыруды, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін молайтуды, нарықтық бәсекелестік заманда сапасын көтеруді және мал шаруашылығы үшін берік жемшөп қорын жасауды қамтамасыз ету
Фотосинтез - күн энергиясының қатысуымен, хлоропластарда болатын ауадағы көмірқышқыл газын пайдалана отырып органикалық заттар түзетін табиғи құбылыс.
Тұқым тыныштығы - тірі тұқымдардың қалыпты жағдайларда өспейтін, немесе өте ақырын өсетін күйі
Далалық өнгіштік - далалық жағдайда пайда болған егін көгінің себілген өнгіш тұқым санының қатынасымен көрсетілген процент мөлшері
Тұқым тазалығы - егістік материалдың негізгі сапа көрсеткіштерінің бірі. Егістік материалдың (тұқымның) тазалығы деп ондағы негізгі дақылдың процентпен көрсетілген массасын атайды
Өнімді бағдарлау - бұл сапалы және дер кезінде іске асырғанда күні бұрын есептелген ауылшаруашылық дақылдарының сапалы да мол өнімін қамтамасыз ететін бір-бірімен тығыз байланысты шаралар комплексін зерттеу болып табылады.
Технология - топырақ құнарлылығының тұрақты өсуіне интенсивті сорттар мен дақылдардың потенциалды мүмкіндіктері мен биологиялық ерекшеліктеріне, өнімді басқарудың биологиялық, агротехникалық және агрохимиялық құралдары мен өсімдікті аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден интегралды қорғауды жүйелі колдануға, машина-трактор паркін оптималды қалыптастыруға және егін себу, оны баптап-күту және жинауды жоғары өнімді машиналармен қамтамасыз ету.
Агроөнеркәсіптік кешен - азық-түлік өнімдерін өндіруге және ауыл шаруашылығы шикізаттарынан көпшілік тұтынатын өнеркәсіп тауарларын шығаруға бағытталған сала.
Белгілеулер мен қысқартулар
Осы диплом жұмысында төмендегідей сілтемелер қолданылды:
г - грамм, масса өлшемі;
кг - килограмм, салмақ өлшемі;
ц-центнер;
ц/га-центнер-гектарына;
га-гектар;
кг/га-килограмм-гектарына;
мин-минуттар;
%-пайыз;
ºC-температура;
млн-миллион;
млн. га-миллион гектар;
млрд-миллиард;
млрд. тг-миллиард теңге;
мг-миллиграмм;
мг/экв-миллиграм-эквивалентпен;
мкм-микрометр;
тәу-тәулік;
ГОСТ-мемлекеттік стандарттар жүйесі;
л-литр;
st-стандарт;
рН-қышқылдылық;
ºT-қышқылдылық;
Ккал-килокалория;
АӨК-Агроөнеркәсіптік кешен.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Елбасы отандық ғалымдарға ғылымдағы зерттеулерді әлемдік деңгейге көтеру, әсіресе, қолданбалы ғылымды өндіріс пен бизнеске барынша жақындату, жаңа технологияларды енгізуге ынталандыру, ғалымдардың жаңа толқынын даярлау міндеттерін қойып отыр. Бұл тұрғыда, елдің ұлттық қауіпсіздігін, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету заманауи ғылымның дамуымен тығыз байланысты екендігі белгілі. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жер ресурстарына бай, халқы көп алып елдердің ортасында тұрған Қазақстан азық-түлікке деген әлемдік сұранысты қанағаттандыруға қабілетті елдердің бірі ретінде қарастырылған.
Өсімдіктердің өсуі, олардың өім беру денгейі мен сапасы көп ретте топырақтың тынысы мен жағдайына байланысты болып келеді. Осыған орай алдымен топырақтағы болып жатқан құбылыстардың өзгеру заңдылықтарын анықтай отырып жерді тиімді пайдалануға болады. Бұл өз кезегінде өнімнің өнімділігі мен сапасын арттырады.
Қазіргі кезде суармалы жерлердегі топырақ қабатының құнарлылығы 30%- ға төмендеп кетті. Бұл жағдайға біздің елімізде, тіптен Біріккен Ұлттар ұйымы да көңіл аударып, осы мәселе төңірегінде үш конвенция қабылдады.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы суармалы жерлердегі бұл жағдайлар, ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге жаңаша бетбұрыс жасауды талап етеді.
Қазіргі кезде заман талабына сай, іргелі және қолданбалы ізденістердің нәтижесінде топырақ ылғалдылығының болмашы тапшылығы өнімділіктің күрт төмендеуіне әкелетіндігі дәлелденген. Өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға төзімділігін артырудың агрохимиялық негізін жасауға көп көңіл бөліне отырып, тиімді мелиоранттарды пайдалану нәтижесінде көкөніс дақылдарынан қосымша 65 пайызға дейін өнім алуға болатынын дәлелдеп, астық дақылдарындағы дәннің белоктық заты (ұлпасы) бес пайызға дейін көбейіп, көкөніс дақылдарындағы нитраттар бірнеше есе азаятындығы, сонымен бірге дақылдар өніміне судың аз көлемде қолданылатыны анықталған. Сондықтан өсімдіктердің қиын кезеңдерінің биологиясын, су стресіне физиологиялық реакциясын жан-жақты сараптауды және су тапшылығы мен ыстыққа төзімділігін тиімді мелиорант қолдану арқылы ауылшаруашылық шаруашылық дақылдарының өнімділігі мен сапасын жоғарылату ерекше маңызға ие.
Оңтүстік Қазақстан өңірінің өсiмдiк шаруашылығы саласын дамыту саланы құрылымдық және технологиялық диверсификациясына байланысты сату нарығы бар егiншiлiктiң ғылыми-негiзделген жүйесiне өту, өндiрiске жаңа су ресурстарын сақтайтын технологияларды енгiзу, кең химияландыру, айналысқа жаңа және қолданбаған суармалы жерлердi енгiзу арқылы егiншiлiк мәдениетiнiң деңгейiн көтерумен қатар, топырақ құнарлылығын арттыру мен өсімдіктің сыртқы орта ықпалдарына төзімділігін арттыруға себепші бола алатын мелиоранттарды пайдаланумен тығыз байланысты.
Соңғы жылдары мелиоранттар есебінде топырақ субстраттарын қолданылуға көп көңіл бөлінуде. Әлемдің практикада топырақ субстраттары ретінде табиғи топырақтар және табиғи қосындылар (құм, перлит, вермикулит, минералды мақта қоспасы), жасанды (полимерлі) субстраттар қолданылып отыр.
Зерттеу мақсаты - картоп дақылының ыстық пен су тапшылығына төзімділігін арттыруға себепші болатын күкірт қышқылы өндірісінің қалдығы кремний құрамды перлитті тиімді қолдануды негіздей өсімдіктің өсуі мен дамуына, өнімділігіне әсерін анықтау.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер белгіленеді.
- кремний құрамды перлит пен органо- минералды тыңайтқыштарды енгізудің топырақтың агрофизикалық қасиеттеріне әсерін анықтау;
- Оңтүстік Қазақстан өңірінің топырақ-климат жағдайларын ескере отырып топыраққа субстрат ретінде енгізілетін перлитті қалдықтардың әртүрлі мөлшері мен органо-минералды тыңайтқыштардың картоп дақылының морфометриялық көрсеткіштеріне әсерін анықтау;
- перлитті құрамды қалдықтарды суармалы сұр топыраққа енгізудің картоп өсімдігінің өнімі мен өнімділік көрсеткіштеріне және сапасына әсерін анықтау.
Зерттеу нысаны болып Оңтүстік Қазақстан облысында аудандастырылған картоптың жоғары сапалы сорттары алынды.
Зерттеу әдістері: Дақылдарды өсіру жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында «Ауылшаруашылығын өркендету жүйесі жөніндігі ұсыныстар» негізінде атқарылып, далалық тәжірибе 4 қайталаулы рендомизация тәсілімен жүргізілді. Егістіктегі органикалық қалдықтарының құрамын Станков және Пейсов әдістері бойынша анықталды. Шикізат сапасы 24027. 0-80 мемлекеттік өлшемдеу бойынша анықталды.
Дипломдық жұмысының теориялық және практикалық маңызы: Қазақстанның қуаңшылық жағдайында күкірт қышқылы өндірісінің қалдығы кремний құрамды перлитті топыраққа енгізу нәтижесінде картоптың ылғал режиміне оң әсер ете отырып өсімдіктердің өнімділік көрсеткіштері арттырылды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс бет көлемінде жазылған. Дипломдық жұмыс кіріспе, тараудан, бөлімнен, қорытынды, суреттер, кестеден, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 Әдебиетке шолу
1. 1 Топырақтың адамзат қоғамының тіршілік салалары үшін маңызы
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады.
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызын айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінін көзіну айналды. Сондықтан еңбек адамы ежелден осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарайды. В. В. Докучаев ойынша қара топырақты жерлерді Ресейдің негізгі байлығы деп атайды [4] .
Өндірістің кейбір салалары топырақты пайдалануға негізделген. Соның бірі маңызды азық-түлік өнімдерін жеткізуші ауыл шаруашылығы. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісін негізгі құралы болып табылады. Топырақтың орман шаруашылығында және құрылыс салғанда - инженерлік құрылғылардың іргетасының негізгі ретінде және жол салуда гидротехникалық құрылыста құрылыс материалы ретінде маңызы зор.
Топырақта жүріп жататын күрделі биологиялық, физика-химиялық және химиялық процестердін адамзат қоғамының түрлі тіршілік салалары үшін мәні зор. Осы процестерді тану топырақты іс жүзінде пайдалануда жаңа мүмкіндіктер ашады [5] .
Микробиологиялық және геохимиялық процестерді зерттеуге байланысты топырақтың халық денсаулығы үшін маңызы анықтала түседі. Топырақтағы физика-химиялық құбылыстарды зерттеудің гидротехникалық құрылыс үшін және алыс қашықтыққа созылған магистралық құбырлар салу үшін маңызы бар.
Топырақтағы биогеохимиялық және геохимиялық процестерді пайдалы қазба кен орындарын іздеу кезінде пайдаланады. Жердің ауыл шаруашылығы үшін маңызы ерекше, сондықтан осы сұрақ алды мен қаралуы керек.
Өсімдіктер қалыпты өсу үшін топырақта мына жағдайлар болуы тиіс:
1. Өсімдік бойына сіңіре алатын формадағы қорек элементтері болуы тиіс.
2. Өсімдік сіңіре алатын формада су болуы тиіс.
3. Өсімдік тіршілігі үшін қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етілуі тиіс.
4. Топырақ массасының құрылымы қолайлы болып онтайлы ауа - су режимін қамтамасыз етіп тамырлардын топыраққа жақсы өтуін одан қоректікз аттар мен ылғалдық керегінше алуын қамтамасыз етуі тиіс.
5. Өсімдіктер үшін зиянды қоспалар болуы тиіс.
Мәлім болғандай өсімдіктер негізгі қорек элементі ретінде топырақтан азот, фосфор, калий, кальций, темір, күкіртті сініреді. Химиялық талдауға қарасақ, топырақтағы химиялық элементтер құрамы көп, және ол көп жылға жетеді. Н. П. Ремезов деректері бойынша, қаратопырақ құрамында азот пен фосфордың көптігі сонша, бидайдан орташа түсім алғанда әлі 250 жылға жетеді екен, ал калий құрамы - 3 мың жылға жетерлік [6] .
Топырақ және халықтың денсаулығы, топырақтың санитарлық-гигиеналық және медициналық маңызы зор. Топырақ көптеген қарапайым жануарлар мен микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы болып табылады.
Адам денсаулығына топырақтың химиялық құрамы да әсер етеді. Топырақта кейбір элементтердің артық не кем болуы өсімдік пен жануарларға теріс әсер етеді.
Адамға жеткілікті геохимиялық ерекшеліктер аз әсер етеді, себебі халық тек жергілікті өнімді ғана пайдаланбайды. Бірақ кейде жекелеген химиялық элементтердің топырақтағы тапшылығы (артықшылығы) сондай, бұл халық денсаулығына әсер етпей қоймайды. Кальций, темір, йод, фтор тапшылығынан болатын көптеген аурулардың болатыны белгілі. Әсіресе, өмірлік маңызы бар процестерге қатысатын биологиялық белсенді заттар құрамына кіретін химиялық элементтердің етіспеушілігі халық денсаулығына едәуір зиянын тигізеді.
Топырақ адам өмірінде зор роль атқарады. Оның құнарлылығы, онда өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдары адам баласының тамақ ресурсын өндіруде аса маңызды, әрі ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын қайнар көзі. Өсімдіктер, жануарлар, су қорларымен қатар, топырақ қалпына келетін қорлар тобына жатады. Топырақ түзілу процесі және оның құнарлылығын арттыру ілімінің дамуы барысында К. Маркстің «егер дұрыс пайдаланылған жағдайда топырақ құнарлылығы прогрессивтік бағытта жақсарады» деген тұжырымдамасы кең көлемде мойындалған. Бірақ, табиғи жағдайда топырақтың түзілуі және құнарлылығының артуы өте көп уақытқа созылады. Мысалы, 20см тереңдікте жыртылатын топырақ қабатының түзілуі және құнарлылығының артуы үшін табиғи жағдайлардың ерекшеліктеріне сәйкес бұл процеске 100 жылдан 3-7 мың жылға дейін уақыт керек екен.
Сондықтан да топырақты үнемі күтіп ұстап, оның құнарлылығын жылдан жылға арттыру керек. Бұл келешек ұрпақтар үшін де маңызды. Топырақтың экологиялық қасиеттері: қоректік заттарды жинау қабілеті, яғни құнарлылығы, су сыйымдылығы, кеуектілігі, ылғал өткізгіштігі, ауа және жылу режимдері, т. б. оның механикалық құрамымен, физикалық-химиялық қасиеттерімен тығыз байланысты.
Топырақ-табиғи-тарихи дене, жер беттiк құнарлық қабатын құрайды. Топырақ қабаты топырақтанушы В. А. Ковда айтуы бойынша - бұл күрделi де, көп компоненттi ашық жүйе топырақ бетiнiң әртүрлiлiгiнiң қоректiк заттар мен ылғалдылық әсерiнен өсiмдiк организмнiң тiршiлiк етуi мен өнуiн қамтамасыз етедi. Оның қалыңдығы орташа 18-20 см құрайды, алайда құрғақшылықты аудандар мен ылғалды аудандар арасында милиметрден 1, 5-2 м дейiнгi қалыңдықты құрайды. Топырақ түзу үшiн өсiмдiктердiң және жануарлар организмдерiнiң су, ауа, жылу және де топырақ түзушi микроорганизмдердiң мыңдаған жылдар бойын әсерi болуы керек.
Топырақтың қажеттi түрi-оның құнарлығы, яғни өсiмдiктердi ылғалмен, ауамен және қоректiк заттармен қамтамасыз ете алатын қабiлетi. Бұл қабiлетiнiң дамуына тiрi организмдердiң (өсiмдiк, жануарлар, микробтар) топырақпен байланысы және олармен түзушi табиғи комплекс-биогеценоз әсерi мол болу керек.
Топырақ-барлық элементтердiң геохимиялық аккумуляторы, ол тежейлi және ағып кетуден сақтайды.
Жердің негізгі құрамдас бөлігі оның қасиеті мен болмысы, негізгі даму заңдылықтары және олардың егіншілікке, ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге, сондай-ақ басқа да салалардың дамуына жарамдылығы барынша толық көрінетін топырақ болып саналады. Бұлардан бөлек топырақ экологиялық, энергетикалық, геохимиялық, газды-атмосфералық және басқадай адам үшін аса қажетті өмірлік қызметтерді атқарады.
Адамзат топырақтың құнарлығына ежелден көңіл аударғанымен, бұл түсініктің теориялық негізі бірден салынған жоқ. Д. Прянишников келтірген Тэер пікірінше «Топырақ құнарлығы түгелімен қарашірікке байланысты, суды есептемегенде, қарашірік өсімдік үшін басты қоректік зат, сондықтан көң төгу, ауыспалы егіс енгізу, тыңайтқыш беру жұмыстары топырақтағы қарашірік мөлшерін көбейтуге арналуы керек» - деген.
В. Р. Вильямс топырақты жай табиғи құрылым ретінде ғана емес, (генетикалық топырақтану), оны ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіретін орта ретінде зерттеді. Топырақтың құнарлылығын сақтау және одан әрі жетілдіру үшін агрогеохимиялық шара егіншіліктің шөп танапты ауыспалы егіс жүйесін ұсынды. Ол топырақ түйіртпектігі, қарашірінді, топырақ түзілу процесі және биологиялық кіші элементтер айналымы, ауыспалы егіс, топырақ өңдеу тәсілдерін дамытты. Топырақты Вильямс бойынша жыртқанда микроорганизмдер тіршілігінің белсенділігі топырақтың беткі қабатында емес 10-20 см-де, ал, аудармай жыртқанда керісінше ең беткі 0-10 см-де, топырақты өңдеу, органикалық тыңайтқыштар беру, қопсыту тағы басқа, өңдеу түрлері топырақтың газ алмасу қарқындылығын жақсартатынын анықтады [5, 6, 7] .
Адамзат мыңдаған жылдар топырақты потенциалды құнарлылығын мобилизациялайтын күшті фактор ретінде топырақты өңдеуді қолдануда. Ғасырдан ғасырға өткен өзгерістерді санамағанда топырақты өңдеудің сол әдістер беріліп отырған. Ауыл шаруашылығының техникалық қарулануының күшеюі кезінде топырақ құнарлылығын қарқынды қолдану механикалық өңдеудің тереңдігі мен санының артуына әкелді. Бұл тезірек арамшөптерді құрту, жыртылатын қабаттың құрамын жақсарту, микроорганизмнің тіршілігінің белсенділігін арттыру, ылғал және қоректік режимін жақсарту, қорыта айтқанда, өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдардан көп өнім жинау үшін керек.
Топырақ құнарлылығын ұдайы өсіру мен сақтау бойынша зерттеулер алыс және жақын шетелдердің барлығы үшін де ең өзекті мәселе болып саналады.
1. 2 Қазақстанда таралған топырақтардың көптүрлілігі, құнарлылығы және оларды арттыру мәселелері
Қазақстан Республикасының топырақ жамылғысы көлемі жөнінен әлем бойынша 9-орында тұр.
Құнарлылық деңгейі мен өзіндік қасиеттері бойынша 70-тен астам топырақ түрлері кездеседі. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығына жарамды аса үлкен жер көлеміне ие. Еліміздің аумағы 272, 5 млн. га болса, оның 86, 8 млн. гектары ауыл шаруашылығына арналған жерлер болып саналады [8] .
Қазақстанның өте көп аумағы топырақ жамылғысының күрделірек топырақтардың көптүрлілігімен ерекшеленеді. Қуаңшылық және ерекше қуаңшылықта дамыған біздің республикамыздың топырағы өзінің деградация үдерістерінің тууы мен шөлейттенуге ішкі жоғарғы қауіптілік жасайтын жеңіл жарақаттанғыштығымен, антропогендік жүктемелерге жеңіл шалдыққыштығымен өзге мемлекеттердің топырақтарынан ерекшеленеді.
Ауыл шаруашылық өндірісінде терең ғылыми негізделген егіншілік жүйесінсіз, технологиясыз топырақ қабатын қарқынды түрде көп жыл пайдалану, дұрыс құрастырылған ауыспалы егістер мен аймақтың агроэкологиялық мүмкіншілігін бағалаудың болмауы топырақ құнарлылығының айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Соның ішінде, қара және қарақоңыр топырақты аймақтардың топырағы 40 жылдан астам топырақтың табиғи құнарлылығының азуына негізделген егіншілікті пайдалану нәтижесінде, құнарлылықтың негізгі көрсеткіші - қарашіріктің үштен бірі жоғалды. Нәтижесінде топырақтың агрофизикалық қасиеті мен ауыл шаруашылық дақылдарын оңай сіңіретін қоректік элементтермен қамтамасыз еткізгіштігі нашарлап кеткен. Республиканың суармалы егіншілік аудандары топырақтың ирригациялық эрозиясынан, екінші қайтара тұздану үдерістерінен, сілтіленуінен, ауыр металлдармен ластануынан, топырақтың физика-химиялық қасиеттерінің нашарлануынан үлкен зардап шегуде.
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге жарайтын жыртылатын топырақтар ресурсына бай болып келеді.
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігінің мәліметі бойынша жалпы егістік жердің көлемі 23, 1 млн га (оның ішінде суармалысы - 1, 4 млн га), тұзданған жерлер көлемі - 1, 8 млн га (оның ішінде суармалысы - 0, 35 млн га) [2] .
Жалпы алғанда құрғақшылық климатқа, жер бедері мен топырақ құраушы жыныстардың әртүрлілігіне байланысты Қазақстанның топырақ жамылғысы сипаты бойынша біртекті болып келмейді. Сілтіленген және тұзданған топырақтардың қатысуымен топырақ жамылғысының келесідей топырақ кешендері таралған: далалық аймақта қара топырақтар - 22%, қызыл-қоңыр топырақтар - 38%, қоңыр топырақтар - 17% [3, 9] .
Табиғаттың құбылмалы жағдайына байланысты биіктегі шалғынды құнарлы қара топырақтан ойпаттағы құнарлылығы мүлде кем сұр топырақтарды қамтиды
Бүгінде кең байтақ жерімізде құрғақшылықтың және ұлғайып келе жатқан антропогендік қысымның ықпалының арқасында топырақ пен топырақ жамылғысында үлкен өзгерістер байқалады. Бұл жағдай жедел шараларды қолдануды талап етеді.
Шығыс Қазақстан облысының кәдімгі қара топырағындағы және күңгірт-қарақоңыр топырағындағы 0-30 см қабатта қарашірік 2-14%, жалпы азот 2, 4-11, 0%, фосфор 3-14% төмендеген. Аталған топырақ қарашірігінің төмендеуі жерге деген жауапсыз көзқарас пен оны жақсарту жұмыстарының жүргізілмегендігінен болып отыр [10] .
Өндіріс жағдайында ұзақ уақыт жерді тиімсіз пайдаланудың әсерінен топырақтың қарашірік құрамы төмендеп, оның агрофизикалық және су қасиеттері, сапалық қасиеттері, жекелеп алғанда құрылымы бұзылған, жыртылатын жерлердің топырақтарының қайтара тығыздалуы, эрозиялық үдерістердің күшейіп, топырақтың өндірістік қабілеттілігі төмендеген.
«Республикалық агрохимиялық қызметтің ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сәйкес, 2000-2008 жылдары 14, 7 млн. га егістікке жүргізілген топырақтың агрохимиялық құрамын анықтаудың нәтижелері бойынша қарашірік мөлшері төмен жерлер жалпы көлемнің 63% құраған, ал азот - 57, 6%.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz