Қой эхинококкозының диагностикасы мен емеделуі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Нормативтік 6
сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
... ... ... ... ... ... . 8
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .. 11
Белгілеулер мен 11
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
... ... ... ... .
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... . 16
1 Негізгі 17
бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
... ... ... ... ... ... ... ... .. .. 21
1.1 Ауруды анықтау, морфологиясы және паразиттің 21
биологиясы ... ... ... ... 23
1.2 Эпизоотология мен 24
эпидемиологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
. 33
1.3 Патогенезі, клиникалық белгілері және патолого-анатомиялық 38
өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 47
1.4 Қой эхинококкозының диагностикасы мен 51
емеделуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... 59
1.5 Ветеринариялық-санитарлық 67
экспертизасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .. 69
1.6 Эхинококкоздың профилактикасы (алдын-алу
іс-шаралары) ... ... ... ... ...
2 Өзіндік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Зерттеулердің материалдары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
2.2 Диагностикасы және
емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
2 Зерттеудің
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .
2.4 Эхинококкоздың қой шаруашылығына келтірер экономикалық
залалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
2.5 Жеке зерттеулер
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
3 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4 Қоршаған ортаны
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .
5 Экономика
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .
6 Бизнес
жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытындылар мен
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..

Аннотация

Диплом жұмысында қазіргі таңдағы эхинококкоз індетімен күресудің барлық
бағыттары контининтуальді позициясы келтірілген. Малдәрігерлік шаралардың
нәтижелілігі мал саны толық және жан - жақты есепке алынғанда ғана жоғары
болмақ.
Бұл дипломдық жұмыста аннотация, нормативтік сілтемелер, анықтамалар,
қысқартылған сөздер, кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеу нысаны мен
әдістері, зертеу нәтижелері және оны талдау, тіршілік қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау, экология бөлімі, экономика бөлімі, бизнес жоспар, қорытынды
және ұсыныстар, пайдаланылған әдебиеттер бөлімдерінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде эхинококкоз ауруының этиологиясы, ауруды анықтау
жолдары, сауықтыру шаралары, қарастырылған.
Зерттеу нәтижелері және оны талдау бөлімінде Мақтарал ауданы бойынша
шемен ауруының үш жылдық талдау жұмыстары, жеке зерттеулер нәтижелері
қалыптасқан.
Диплом жұмысында қазіргі таңдағы эхинококкоз індетімен күресудің барлық
бағыттары контининтуальді позициясы келтірілген. Малдәрігерлік шаралардың
нәтижелілігі мал саны толық және жан - жақты есепке алынғанда ғана жоғары
болмақ.

Нормативтік сілтемелер

Мемлекеттік стандарт 25385-91 - Ауыл шаруашылық малдары сарып ауруын
анықтау тэсілдері.
Мемлекеттік стандарт 25381-82 - Уақ мал хламидиозды іш тастауды
анықтаудың лабораториялық зерттеу тэсілдері.
Мемлекеттік стандарт 25134-82 - Бруцеллин ВИЭВ техникалық жағдайы.
Мемлекеттік стандарт 27146-86 - Антиген қарақаптал ауруын анықтауда
қажетті (бруцелла оуіз тудыратын). Техникалық сұсраныс және зерттеу
тэсілдері.
Мемлекеттік стандарт 4.492-89 - Ветеринарилық биологиялық препараттар,
көрсеткіштер.
Мемлекеттік стандарт 2888-68 - Ветеринарлық термометр.
Мемлекеттік стандарт 16445-78 - Комплементті байланыстыру реакциясына
қажетті қан сарысуы.
Мемлекеттік стандарт 16446-78 - Комплементті байланыстыру реакциясына
арналған құрғақ комплемент.

Анықтамалар

Экзогенді – сыртқы қалталарында
Эндогенді – ішкі қалталарында
Киста - түйіндер
Бұрқақ – сұйықтық фонтан
Талақ-көкбауыр
Перкуссия – тыңдау
Пальпация – саусақпен сипау

Қысқартылған сөздер

мл - миллилитр
мг - миллиграмм
% - пайыз
м - метр
кг - килограмм
г - грамм
АР - агглютинация реакциясы
КБР - комплементті байланыстыру реакциясы
УЗДН-1 -ультрадыбыс аппараты
АСД-2 - ВДМ - дезинфекциялау аппараты

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Кең байтақ Республикамыз егемендігін алып, әлемдік
қауымдастықта өз орнын сайлап, дербес ел ретінде өз саясатын жүргізуде.
Түрлі реформалар жасап, экономикалық потенциалын арттыруда. Евроодаққа
қадам жасап, Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру, Әлемдегі алдыңғы қатарлы 50
елдің тобынан одан алу үшін қажырлы да қайырлы жұмыстар атқаруда Республика
аграрлық ел ретінде өзінің ауылшаруашылығына тұрақты түрде көңіл бөлуде.
Ауыл жылына өткізіп, біршама ауыл проблемаларын шешсе, алдағы үш жылға
үкімет 250 млрд теңге бөліп ауыл шаруашылығын көсегесін көгертеміз, - деп
жатыр.
Мал шаруашылығына көңіл бөліп, мал тұқымын жаңарту мәселелерін күн
тәртібіне қоюда. Мал ауруымен күресу өмір талабы болуда. Жұқпалы, инвазиялы
аурулар тоқтамай отыр. Кейбір ғалымдардың деректеріне қарағанда Республика
көлемінде қоймалы шемен ауруымен зақымдану 33,1 % же,тсе, мүйізді ірі
қара 21,8 %, жылқы 5,4 %, шошқа 3,7 % ал ауру таратушы ит 1,8 % тен 10,4 %
дейін жеткен.
Ал адамжар арасында ауру 4,6 есеге көбейген. Яғни 4529 адамға операция
жасалынған оның ішінде өнімі 2,4%-6,8%, мүгедек болғаны 3,5-8,7 %. Сонымен
қатар Республика бойынша топырақтық шемен жұмыртқасымен зақымдануы 3,3%-
30,0 % дейін жеткен.
Эхинококкоз (шемен) – бұл антропозооноз ауруы болғандықтан онымен күрес
жүргізу үлкен маңызға ие. Онымен тек малдар ғана емес, жұқтырған жағдайәда
онымен адамдар да ауыратындықтан бұл аурумен күресу мақсатында мынадай
шараларды қолдануды ұсынамыз немесе осы шараларды жүргізу керек болды:
1. Эхинококкоз ауруы жөнінде арнайы материалдарды оқып біле отырып, оның
барлық бағыттағы: эпизоотологиясын, биологиясын, патогенезін, клиникалық
белгілерін, патологоанатомиялық өзгерістерін, ветсан экспертизасын және
онымен күресу жолдарын оқып зерттеу.
2. Эхинококкозбен ауырған бірнеше қойға тексеруленр мен зерттеулер
жүргізіп, оның түрлерін анықтау.
3. Малды сойғаннан кейін, оның ұшасын және ішкі органдарын қарап көріп,
диагнозын анықтап, патолого-анатомиялық зерттеулер жүргізу.
4. Сойылған малдың етінен және ішкі органдарынан материал таңдалып
алынып, олардың мемлекеттік стандарттарға сай немесе сай еместігін тексере
отырып биохимиялық зерттеулер жүргізу.
5. Жүргізілген зерттеу жұмыстарына анализ жасап оны қорытындылап және
тәжірибе үшін ұсыну.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: қойдың эхинококкоз ауруының
диагностикасын жүргіп, оның нәтижесін талдау арқылы шаруашылықтардағы
профилактикалық іс-шара барысында қауіпті ауруды болдырмаудың жолдарын
ұсыну.
Ғылыми жаңалығы. Іңдеттің алдын алуының алғы шарты ауруға шалдыққан
малға дер уақытында анықтаудың ғылыми негіздемелері.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Індеттің адамдарға көбінесе еріксіз
сойылған мал етінен жұғатыны ескеріліп, ауруға қарсы күрес шаралары
кешенінде аурудың жұғу, таралу жолдарын насихаттау
Ғылыми мәселені шешуді заманауи бағалау. Қазіргі таңдағы эхинококкоз
індетімен күресудің барлық бағыттары контининтуальді позициясы келтірілген.
Малдәрігерлік шаралардың нәтижелілігі мал саны толық және жан - жақты
есепке алынғанда ғана жоғары болмақ.
Зерттеудің мақсаты: қой шаруашылығында эхинококкоз ауруының
диагностикасын жүргізу және оны талдаудың нәтижелерін сараптап
шаруашылықтардағы профилактикалық іс-шара жұмыстарында пайдалану.
Зерттеудің міндеттері:
- қой эхинококкозының диагностикасы мен емеделу жолдарын талдау;
- эхинококкоз ауруының профилактикасы алдын-алу іс-шараларын жүгізу
жолдарын анықтау:
- эхинококкоз ауруының диагностикасы және ем;
- эхинококкоздың қой шаруашылығына келтірер экономикалық залалын
есептеу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік университетінің Ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебінің
зертханасында және Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы бойынша
зерттеу жұмыстары орындалды.

1 Негізгі бөлім

1.1 Ауруды анықтау, морфологиясы және паразиттің биологиясы

Эхинококкоз – бұл антропозоонозды ауру, көбінесе қойларда, ешкілерде,
сиырларда, шошқаларда, түйелерде. Бұғыларда, жылқыларда және де басқа
паразиттің орталық иелері болып есептелінетін, симптомсыз (белгілері анық
білінбейтін) өтетін паразиттік ауру.
Эхиноккозбен адам да ауырады, кейде тіпті өлімге апарып соғуы мүмкін.
Бұл ауру таспа құрттардың teaniidae – Echinococcus granolosos тобының
балапан сатысындағы (личиночная стадиясы) түрімен болады. Олар негізінен
бауырда, өкпеде, кейде өте сирек басқа органдар мен ткандерде орналасады.
Эхинококктардың жынысы жетілген сатысындағы түрлері иттердің, қасқырлар
мен шибөрілердің, кей кезде түлкінің де (дефинитивтік иелері) ішектерінің
алдыңғы бөлімінде болады да паразиттік өмір кешеді.
Эхиноккоз туралы деректер алғаш рет ертедегі дәрігерлердің еңбектерінде
айтылған. Ертедегі Гиппократтың өзі ол туралы жазып оны былай деп атаған:
Jecupagna reptulum (суға толған бауыр). Ол бүйір қабырғасын тесіп
эхинококкоз түйіршегіне қыздырылған темірді басу әдісін ұсынған. Ертедегі
ғалымдар эхинококкты кисталарды (түйіршектерді) лимфатикалық тамырлар деп
қарап, оларды гидатиттер деп атаған.
Ал 1766 жылы П.С.Поплас эхинококктардың паразиттік табиғатын анықтап,
олардың имагиналды кезеңін немесе сатысын көрсетіп берді. E-granulosus,
жыртқыштардың ішегінде паразиттік ететіндігін, ал 1786 жылы Bar (Bath)
балапан кезеңін (ларвоциттер), адамдар мен тұяқтылардың тканьдерінде
болатындығын анықтаған. Эхинококк терминін ең алғашқы болып 1801 жылы
Н.Л. Роделфи кіргізді, ол паразиттің адамға жұғу жолдарын қарастырып
көрсетті.
1833 жылы Зибольд эхинококктың ұрықтың түрін жазып көрсетті. Кейінірек
эхинококкоздың пайда болуының байланыстарын ашып, эхинококктың қалта
(эхинококковый пузырь) паразиттің балапан кезеңі екендігін анықтап берді.
Ауру қоздырушысы – E. granulosus Lazva (E. Unil ocularis) – бір камералы
қалта, сұйықтықпен толтырылған. Эхинококктың сұйықтық орталық иесінің
(промежуточный хозяин) қанының өнімі болып табылады. Ол сколекстер үшін
қоректік орта және қорғаушы ролін атқарады. Қалтаның қабырғасы екі қабықтан
тұрады; сыртқы – кутикулярды және ішкі – герменативті. Кутикулярды қабықтың
түсі сүт сияқты ақ, кейде сарғыштау болады. Ескілеу қалтада оның түрі
қараяды да сары түске боялады. Бұл қабық герменативті қабыққа қарағанда
мөлдірлеу және пластинкалардан тұрады. Химиялық құрамы бойынша хитинге
ұқсас. Герменативті қабық немесе ұрықтық қабық қалта ішінің қуысының
айаласын жауып тұрады, жіңішке, әлсіз және эмбрионалды тканге ұқсайды. Ол
қабық шығарғыш капсулаларын жасап шығаруға, оларда ұрықтық сколекстерін
жасауға және де екінші қалталарды да жасауға қабілетті. Кейде бұл қабықтың
элементтері кутикуланың қабаттарының арасымен сыртқы ортаға өтіп, екінші
қалталардың экзогендік әкетілуіне жақсы жағдай жасайды. Шығарғыш капсулалар
герменативті қабықтың өсінділері болып, сол жерде сколекстердің жыныстық
жетілген кезеңін құрайды.
Шығарушы капсулалар мен жеке сколекстер бір жағдайларда герменативті
қабықтан бөлініп шығып, аналық қалта қуысында еркін жүзіп немесе көп
мөлшерде түбіне жиналып гидатидозды құмдарды түзеді. Кейде ларвоцистің
ішінде екінші қалталар (догерния), ал оның ішінде өз кезегімен үшінші
(внугатые) қалталар түзеді де, дәл сол жерде шығарушы капсулалар мен
сколекстер пайда болуы мүмкін. Бұл қалталар тек қана аналық қалталар да
ғана емес (эндогендік), сонымен қатар оның сыртқы (экзогенді) қалталарында
да түзіліп, сонымен қатар бүйіріледі. Эхинококктың қалталардың әрең
көрінетін түрлерімен қоса, кейде жаңа туған баланың басындай көлемде де
бола береді. Негізінен домалақ, кейде органдар мен орналасу орнына қарай әр
түрлі болып келеді.
Олардың саны бір немесе бірнеше ондаған, кейде жүздеген тіпті мыңдаған
экземплярға жетуі мүмкін. Эхинококкты қалтаның сыртынан дәнекер тканьді
капсулар жауып, иесінің тканьдерінің созылмалы қабынуының нәтижесінде пайда
болған фиброзды заттар тәрізді болып көрініп тұрады. Ол қатты, мейлінше
жіңішке және жоғарыдағыдай формада. Паразиттің капсуласымен кутикулярлық
қабығының арасында тар кеңістік болады. Орталық иесінің организміндегі
эхинококктың көбею түріне қарай әр түрлі морфологиялық – модификацияларын
ажыратады. Олардың аттары әр түрлі болып келе береді. Олар мыналар: E.
Veterinarum – бұл қалта түрінде шығарғыш капсулалар сколекстерімен бірге,
эхинококктың сұйықтықтың болуымен айқындалады. Аналық ларвоциттің ішінде
де, сыртында да қалталар түзілмейді. Сиырлар мен қойларда олар ларвоциттің
негізгі массасын құрайды. Эхинококктың бұл формасын адамда да кездестіреді.
E. hominis – бұл қалта түрінде эхинококктың сұйықтықтан басқа шығарғыш
капсулалар сколекстерімен бірге, олардан басқа тағы да екінші, үшінші
қалталары болады т.с.с. E. acephalocysticus – ацефалоциста – бұл
эхинококкты қалтасында тек қана сұйықтық болады. Бұл ларвоцисталарда екінші
және үшінші қалталары болады, бірақ бұларда, аналық қалталардағыдай
шығарушы капсулалар мен сколекстері болмайды. Ацефалоцистер, паразиттердің
өсіп-жетілуіне қолайсыз жағдайлар организмде болған жағдайда, иелерінің
организмінде пайда болады және бұл форма жануарлардың эхинококкқа қарсы
иммунитет ретінде қарастырылды.
Жынысты жетілген кезең (Половозрелая стадия).
Эхинококктың бұл кезеңінде цистодалардың (таспа құрттар) ең майда түрі
ретінде қаралады. Ұзындығы 0,6 см және олар 3-4 мүшешесі (членики) бар
стробиласы болады. Жетілге мүшеше ұзындығы жағынан стробиланың басқа
бөлігінен ұзын болып, сколексінде тұмсықшасы 30-40 ілмешектерімен бірге
қаруланған. Мүшешенің жанының шетінің артқы жартысында орналасқан жыныстық
қуыстары болады. Жетілгшен мүшешелерінде жатыры болып, ұзына бойы жан-
жағынан дөңгеленген стволы бар. Онкосферасы радиалды сызылған қабықпен
жабылған. Оның диаметрі – 0,030-0,036 мм.

1.2 Эпизоотология мен эпидемиологиясы

Эхинококкоз дүние жүзінің бірнеше аймақтары мен елдерінде жиі таралған.
Австралияда, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Америкада, Солтүстік Африкада, МХР,
Еуропаның Оңтүстігінде. Бұрынғы КСРО-ның барлық Республикаларында, соның
ішінде Қазақстан Республикасында да жиі кездеседі.
Инвазияның қоздырғышының көздері – дефинитивтік қожайындар, негізінен
олар: иттер, қасқырлар, шибөрілер және түлкілер, олар екінші дәрежеде
болады. Иттер эхинококкозбен ауырған эхинококкты қалталары бар өлген
малдардың өлекселерін жеумен жұғады. Бұл жағдай көбінесе малшылардың
иттерінің арасында көптеп кездеседі және малды союдың, жарып көрудің және
жоюдың ветеринарлық ережелері сақталмаған шаруашылықтарда жиі кездеседі.
Инвазияға үй малдары да ұшырайды. (қой, сиыр, шошқа, бұғы, түйе, ешкі,
аттар). Олар негізінен алиментарлы жолмен жұқтырады да орта иелері болады.
Адамдар негізінен иттерден жұқтырады. Эхинококкты қалталар малдарда
маусымның барлық кезінде кездесе береді. Жыл бойы болып тұрады. Жас төлде
бір жасқа дейін қалталар болмайды. Жануарлардың арасында эхинококкоздың
таралуының және адамдарға жұғуының негізгі факторы болып қой да есептеледі.
Бұл жағдай мынамен түсіндіріледі: біріншіден, қойларда басқа жануарларға
қарағанда эхинококктың цисталар жиі пайда болады, екіншіден, қой
шаруашылығы барлық халықта иттермен байланысты, үшіншіден, қойларды сол
жайылып жүрген және жататын жерлеріне көптеп сояды. Бұл жерде биологиялық
немесе ветеринарлық қадағалау болмай қалады. Эхинококкты инвазияның, етпен
қоректенетіндер мен адамдар арасындағы таратушы көзі – олар иттер. Малмен
бірге, жанында әрдайым жүретін иттердің негізінен барлығы дерлік
эхинококктармен зақымдалған (В.А. Бандаревтің 1955 ж) көрсеткішінде, ал
кейде қалалық иттерде де кездескен. (С. Қадыров 1959 ж). Иттердің жұқтыру
деңгейі сойылатын малдың жұқтырумен байланысты немесе иттерге өлген немесе
сойылған малдардың зақымданған органдарын жеудің мүмкінділігіне тәуелді
болып келеді. Содан соң иттердің жас шамасына да байланысты.
Эхинококкоздың адамдар арасында таралуы жөнінен Қазақстан Республикасы,
бұрынғы КСРО елдері ішінде соңғы орындарды иемденеді. Өте сирек кездеседі,
негізінен жас балалар арасында жиі кездесіп тұрады.

1.3 Патогенезі, клиникалық белгілері және патолого-анатомиялық
өзгерістері

Аталмыш ауру сүтқоректілер мен адамдарда болады. Мал арасында көбінесе
қой мен ешкі, ірі қара, түйе, шошқа-жиі, ал жылқы сирек шалдығады.
Жетілген таспа құрт – эхинококктар жұмыртқаға толы жетілген мүшелері
үзіліп, нәжіспен сыртқа шығады. Сыртқы ортада ол жайылымды, суды, аула мен
қораны ластайды.
Шөппен, сумен ілесіп, жұмыртқалар малдың асқорыту жүйесіне түседі. Мұнда
жұмыртқадан құрт ұрығы босып шығып, қан айналымы арқылы түрлі органдарға
тарайды.
Эхинококктың личинкалық сатысы бұршақтан бастап, баланың басындай
көлемге дейін жетеді. Ит осы жылауықтарды жегеннен кейін, ішегінде сақа
эхинококктар өсіп шығады. Адамдарға оның жұмыртқалары мен залалданған
көкөніс пен жемістен немесе иттен жұғады.
Құрттардың өсіп-өну кезеңін сақа құрттар – одан бөлінген жұмыртқалар –
оны жеген малдар тізбегі түрінде көрсетуге болады. Тізбек осы ретпен
қайталана береді.
Негізінен бауыр мен өкпені, көкбауырды, жүректі, жыныс мүшелерін, миды,
көзді, тіпті сүйектерді де зақымдайды.
Адамның немесе малдың ағзасына түскен жылауықтар өсіп, көлемі ұлғайған
сайын органдар қысыла түседі. Соның салдарынан семуге ұшырайды, органдардың
қалыпты қызметі бұзылады, мал арықтап өледі.
Мал ағзаларында жылауықтарға қарсы емдеу тәсілі әлі табылған жоқ. Адам
ағзасындағы эхинококкты тек хирургиялық жолмен емдейді. Соңғы жылдары бұл
сырқат жиі кездесуде.
Сақтанудың басты шарасы – малдың өлекселерін мал сойғанда эхинококкпен
залалданған органдарын итке тастай салмай, өртеп көміп тастау керек.
Паразиттің жұмыртқасы асқазан-ішек трактіне түскеннен соң, олардың
сыртқы қабаты ас қорыту сөлінің әсерімен ериді де, босап шыққан онкосфера,
өзінің ілгектерінің көмегімен қарынның және ішектің кілегей қабығына өтеді
де вена қанымен болмаса лимфа арқылы Портальді жүйеге түсіп, бауырға барып
тоқтайды және бүйір қуысындағы сұйықтыққа өтіп, кейде ауыр анафигантикалық
шөл әкелуі де мүмкін. Эхинококкты қалта ішіндегі сколекстерімен бірге,
ұрықтық қабықтың үзінділерімен бүйір қуысын зақымдап және өсе бастайды. Бұл
екінші эхинококкоз болып табылады. Эхинококкоз патогенезінде негізгі
рольді өсіп келе жатқан қалталардың органдар мен тканьдерге механикалық
әсері орындайды. Сколекстер көп жағдайларда органдардың перифериялық
учаскелерінде орналасады да паразиттік кистаның (түйірдің) өсуі, әрине аз
қарсылықты бағытта болады. Паразиттің жақсы өсуіне, қоршаған тканьдердің
жақсы қан айналым да күшті әсер етеді. Зақымданған орган деформацияға
ұшырап, көлемі үлкейген болады.
Эхинококкты түйіндер (киста) органның сыртында да ішіне бойлай тереңде
орналасуы да мүмкін. Микроскоппен түйінді қарағанда, онда ісініп және
жіңішкерген орган тканьдерін байқауға болады. Органдардың сыртында
орналасқан жағдайда тығыз, қатты фиброзды капсула көрінеді. Ол әдетте,
айналасындағы тканьдермен бірге бітісіп кеткен болады. Капсулада кальций
тұздары жиналады. Кейде капсуланың бетін түгел басуы мүмкін. Ол түйіндер
(эхинококкты түйіндер) дөңгелек немесе сопақ формада болып диаметрі 1 мм-
ден 40 мм-ге дейін болады. Мөлдір сұйықтықпен толтырылған, жылтыр хитин
қабығымен қоршалған, сұйықтықта ақ түсті өте майда бөлшектер – сколекстер
көрінеді. Егер ішіндегі паразит өлі болса, она кисталар тұнық емес немесе
іріңді, кей жағдайларда іріңді-сүзбелі массаларды байқауға болады.
Негізінде эхинококкозбен көп жағдайда (85%) бауыр зақымданады.
Онкосфералардың бір бөлігі бауыр капиллярларын жанап өтіп төменгі қуысты
вена арқылы кіші қан айналым шеңберімен өкпеге түседі де сонда орнығып
қалады. Аз ғана онкосфералар бөлігі артериалды-веналық анастомозға түсе
отырып үлкен қан айналым шеңберіне түсіп, қалаған органға немесе тканға
жетуі мүмкін. Тканьдерде онкосфера 5 айдың ішінде балапан (личинка) –
эхинококкты кистаға айналып, диаметрі 5-20 мм-ге жетеді. Бұдан
байқайтынымыз эхинококктар жануарлар мен адам тканьдерінде біршама жай
өседі. Эхинококкты түйіндердің бір көлемі тканьдердің құрылысына
байланысты. Өкпеде олар тез өседі, бауырда жайырақ өседі. Сүйек
тканьдерінде эхинококктар өте аз болады.
Эхинококкоз патогенезінде үлкен мәнге ие болатын нәрсе ол- қожайын
организмінің паразиттің зат алмасу өнімдеріне сенсабилизациясы. Бұл
аллергиялық қайта құруларға алып келеді. Паразиттің зат алмасуының өнімдері
қанға сіңетіндіктен, ол организмнің улануына әкеп соқтырады. Сондықтан да
әлсіздік, өнімділіктің төмендеуі және әрдайым крапивница тәрізді реакциялар
береді.
Эхинококктардың организмге улы әсері, паразитті жұқтырғаннна кейінгі
алғашқы күндерінен –ақ сезіліп, эхинококкты қалтаның сұйықтығын организм
сіңіре бастайды да улануға соқтырады.
Эхинококкты қалтаның сұйықтығын малдарға енгізгенде, ентігу,
температураның көтерілуі, крапивица, тәбеттің төмендеуі, тышқақтық, құсу,
жүрек жұмысының әлсіреуі, арықтау, кей кездерде эхинококктың қалтаның
жыртылуы мен жойылуы да болуы мүмкін. Инвазиялық қойлардың қанындағы
эритроциттер саны азайып, гемоглобин төмендейді де лейкоцитарлық формулада
эозинофилдердің %-ы көбейеді.
1977 ж К. Аманжоловтың көрсеткеніндей, қанның гемотологиялық және
биологиялық көрсеткіштерінің өзгеруі, қойлардың эхинококкозында жұқтырудың
санына, уақытына, паразит балапанының (личинкасы) өсу деңгейіне тәуелді
болады. Қандағы жалпы белоктың көбеюі, глобулиндердің көбеюі, лейкоциттер
мен эозинофильдердің көбеюі, эритроциттердің азаюы, гемоглобиндердің,
ферменттердің және А,В,В2, С витаминдерінің (дәрумендер) азаюы шығарушы
капсулалар мен сколекстердің дамуының уақытымен дәл келеді. Бірақ та бұл
өзгерістер басқа ауруларда да болуы мүмкін. Қойларда эхинококкозда
протеинограмма өзгеріске ұшырайды және өте жай болып көп айларға, тіпті 10-
11 айдан соң, жұқтырғаннан соң біршама интенсивтілігі артып отырады.
Эхинококкты түйірлердің айналасындағы тканьдерде атрофиялық өзгерістер
байқалып, олар тез өсу есебінен түйірді сығады. Кейбір жағдайларда
инфильтраттар пайда болады, олар негізінен эозинофилдерден тұрады.
Паренхиматозды органдардағы эхинококктың түйірлердің айналасындағы қабыну
өзгерістері цирроздың кіші түрінен үлкен түріне дейін өсіп әкетілуі мүмкін.
Эхинококктармен зақымданбаған көрші органдарда паренхиманың қатты
қызарғандығын байқауға болады.
Мидың және өкпе эхинококкозында да эхинококктың түйірдің айналасында
капсулалар пайда болып, оған жақын жерлердегі тканьдер және ми
қыртыстарында инфильтрация, гидроцефагия, тамырдың қабырғасының жуандауы,
некрозды өзгерістер, глиоз және олардың деформациялары байқалады.

1.4 Қой эхинококкозының диагностикасы мен емеделуі

Клиникалық белгілеріне қарапдұрыс диагноз қою мүмкін емес, сондықтан
тірі кезінде эхинококкозбен ауырған қойларға аллергиялық теріші егуді
қолданады. Қосалқы гемоглютинация реакциясы, флакуляция реакциясыбенотинмен
бірге және сколексопреципитация реакциялары қолданылады.
Т.Е. Бурделев (1945 ж) көрсеткендей теріші аллергиялық егу (проба) 88,8%
дан 94,7% ға дейін дұрыс нәтиже береді. Аллергиялық реакция малдарға
жұқтырғаннан кейін 15-күннен бастап дұрыс нәтиже береді. С.Д. Улянов пен
И.Б. Бондаливтердің (1961 ж) жүргізген тәжірибелері көрсеткеніндей, бұл
жағдайда дұрыс (положительная реакция) реакция 12 айға дейін сақталатындығы
анықталды. Бұл әрине ұзақ мерзім және де реакция әлсіз көрінеді, егер
қиыршықтанған (обьезвествленные цисты) цисталар болған жағдайда.
1962 ж Р.С. Шульц пен Р.П Исмагилова эхинококкоз диагностикасы үшін
сколексопреципитация реакциясын ұсынды. Сонымен қатар 1966 ж В.Г. Эврамова
мен Г.Н. Янина эхинококкозбен ауырған тірі малдың диагностикасында
теріішілік аллергиялық проба (егу) және гемагглютинация реакциясын ұсынып
жақсы нәтижелер алынды. Сколексопреципитация реакциясы көбінесе қарсы
реакция (отрицательная) береді. Эхинококкозды емдеуде И.Л. Брегадзе, Г.А.
Моргунов, 1961 ж, В.Т. Рамазанов, 1968 ж т.б.) бірнеше тәжірибелік жұмыстар
жүргізген. Олар іздену жұмыстарын мына бағытта жүргізді, қолданылған
препараттардың әсері тікелей сколекстерге немесе оқшауланған эхинококкты
қалталарға болуы көздеді. Ол үшін олар мыналарды қолданды:фенал, йод, азур-
эозин, трипофлавин, проминтин, минтин, бубулин, брилиантты көк, көгілдір
генциан, метигенді көгілдір, қышқыл фуксин, кармин, суфронин, төртхлорлы
көміртегі, гетол, дертил О, билавин Р, хлорофос, битионол оксиді, сагимид,
феносал, тсбендазол, овитгельм, пиперазин, Люголь ерітіндісі, титразин,
фенотиозин, нилверм, левамизол, либендазол. Бұл препараттарды әр түрлі
концентрацияда қолданып көрді. Дгенемен, бұлардың ешқайсысы эхинококктың
қалтаға өлтірілетіндей әсер ете алмады.
Малды сойғаннан кейінгі диагностикасы
Эхинококты жылауық - суға толған (қалта).
Сыртқы қабығы - кутикулярный, ішкі қабығы – тудырушы (зародышевый).
Кутикулярлы қабығының сыртында фибринозды капсула болады. Ішкі қабықта
көптеген шығару капсулалары тікенектерімен (сколексы) болады. Бұлардың
әрқайсысының 4 сорғы ( присоски), 34-38 бүрмесі (крючьев) болады.
Осы тудырушы (зародышевый) қабықтан сколекстер бөлініп шығып жалауықта
өмір сүреді. Екінші (дочерные), үшке (внучатые) болып бөлініп өсе береді.
Эхинококтың жылауығының көлемі нохаттан жаңа туған баланың басындай
болады.
Қойларда көбіне бауырда, сирек өкпеде кездеседі. Жылауық саны
паренхимотозды органдарда 1-дсн 100-ге дейін болады, кейбіреуі әктеніп
кетеді. Санитарлық бағалау егер органдарда көптеген эхинококкоздың жылауығы
болса, онда техникалық утилизацияға жіберіледі. Залалданбаған қалған
жерлерін толық сатуға рұқсат беріледі.

1.5 Ветеринариялық-санитарлық экспертизасы

Эхинококкозды қалталар – ақшылдау және сарғыш түсті және шар тәрізді,
жұмыртқа тәрізді немесе бұрыс формасы және жұмсақ немес қаттылау болып
келетін түйіндер.
Оларды негізінен бауырда, өкпеде, сирек бүйректерде, талақта және т.б.
органдарда табуға болады. Жас малдарда көбінесе бауыр зақымданады, ал кәрі
малдарда - өкпе мен бауыр, эхинококкты қалталар бұл жерде органнның үстіңгі
бетінде орналасады да олардың серрозды қабығынан шығыңқырап тұрады да ол
органдарға бұдырлы түр беріп, қошқыл-сұр рең береді. Органның ішінде
орналасқан қалталар, органды қолмен сипағанда білінеді. Б.П. Виволдовтың
пікірінше, интенсивті жұқтырған жағдайда бір органда мыңға жуық эхинококкты
қалталарды, әр түрлі көлемде кейде олардың көлемінің немесе салмағының 95%
-ын, ал кейде 10 немесе одан көп есе асып түседі. Фиброзды тканныің
өсуінен, зақымданатын органдар қаттылау немес қатты болып кетеді. Қалтаның
қабырғасын кескенде немес тескенде, оның ішінен сұйықтық фонтан (бұрқақ)
болып ағады. Қалталар көлемі жағынан кішігірім жаңғақтың, кейде қаздың
жұмыртқасындай көлемге жетеді. Көп зақымданған жағдайда, негізінен олар
майда болады. Эхинококкозбен ауырған малдардың ұшасы (туша) өте арық,
көтерем болады, сарғыш түсті, қиыршықталған эхинококктарды тілген кезде
туберкулездің түйіндеріне ұқсайды, бірақ одан айырмашылығы, ондағы ӘК
тұздары тез үгітіледі және капсуланың қабырғасы тез бұзылады және шеткі
лимфа түйіндері өзгермейді. Эхинококкты цисталардың өсуі, сол органның
ткандерінің атрофиясына алып келеді (жойылуына) қан тамырларының жойылуы
мүмкін. Фиброзды капсуланың ішінде паразит оқшауланатын болғандықтан жиі
біраз мөлшерде некрозға және қиыршықтануға алып келеді.
Сарғайып кеткен, көтерем болған, көптеп зақымданған ұшаларды толық
жояды. Аз ғана зақымданған ұшаларды, толық тазартудан кейін шексіз
пайдалана беруге болады. Сондай-ақ аз зақымданған органдарды, толық
тазалағаннан кейін пайдалануға жіберіледі, ал көп зақымданған
паренхиматозды органдарды толық жойып, оларды инвазияның шығу көзі деп
қарап қатаң түрде зарарсыздандырады.
Шаруашылықтағы жем-шөп тізімдері:
1. Жем азықтары-арпа (ұны), сұлы (ұны), құрама жем (комбикорм).
2. Жануар тектес азықтар-сиыр сүті (майлылығы 3,7%) көк сүт (тартылған
0,1 -0,2 % май).
3. Ірі азықтар-жоңышқа шөп (орта есеппен), дала және шалғындық топтар
(орта есеппен), сұлының сабаны.
4. Шырынды азықтар жүгері сүрлемі (орта есеппен), жоңышқа, пішендеме
азықтар қызылшасы, картоп.
5. Көк азықтар-жүгері (орта есеппен), жоңышқа (орта есеппен).
6. Жайылым шөптері-дала жайылым шөбі (орта ессппен), табиғи шабындықтар
(орта есеппен).
7 10-кестенің көрсеткіштерін пайдалана отырып малдың жасы мен өсу
кезеңдеріне байланысты оның 1 кг қосуына жұмсалатын азық өлшемі бойынша
жемшөп шығымына баға беріңіздер (кесте 1).

Кесте 1 - малдың 1 кг қосуына жұмсалатын азықтың мөлшерін (азық өлшемі
бойынша)

Жасы,ай Тәулікті қосуы,кг 1 кг қосуына 1 кг қосуына
жұмсалатын өлшемі,жұмсалған
кг қорытылған протеин
1-3 0,5-0,8 3,5-4 120-130
4-6 0,5-0,8 5-6 110-120
7-9 0,4-0,7 7-8 100-110
10-12 0,4-0,7 8-9 90-100
13-18 0,4-0,6 10-11

Ірі қара шаруашылығында сиырдың сүттілігін анықтаудың негізгі екі жолы
болады. 1) бір тәулік бойы сауылған сүт мөлшері бойынша және 2). Бақылау
(контрольды) сауымы бойынша.
2. Сүт фермаларында сиырдың сүттілігін анықтау үшін бақылау сау
жүргізіледі. Әдетте, оны әр күндік бойы айына үш рет жүргізеді.
3. Малдың дұрыс азықтандырудың және жақсы күтіп-бағудың нәтижесінде, ол
дұрыс қалыптасып өніп-өседі. Сыртқы дене пішіні жақсы өсуімен қатар, ішкі
органдарына да жақсы жетіледі. Әдетте, белгіленген бағытта жақсы төл алуды
алдын-ала жоспарлап алады және осыған байланысты шаруашылықта төлдің, әрбір
өсіп-даму мерзіміне лайықтап жем шөптің қай түрімен азықтандыруды
ойластырады.
Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарда (зауыттарды және шаруашылық
фермаларында) төлді тек өздерінде пайдалану мақсатымен ғана емес, сонымен
қатар ірі комплекстерге және басқа да шаруа қожалықтарына сату үшін де
өсіріп бағады. Сондықтан өсірілген төлдің класстық көрсеткіші, сиырдың – 1
кластан, ал бұқалардың элитодан төмен болмауы тиіс.
Асыл тұқымды шаруашылықтарда 100 бас сиыр мен таалар бар. Жүз сиырға
шаққанда 90% төл алынады. Оның ішінде 50 % ұрғашы, 50 % еркек бұзаулар.
Ұрғашы бұзаулардың ішінде:
40 % келешекте сүтті сиыр есебінде пайдаланылады.
50 % сатуға арналады
5 % етке өткізіледі
Еркек бұзаулардың ішінде:
40 % тұқымдық мал есебінде қалдырылады
60 % етке өткізіледі.
Жануарлардың эхинококкозының алдын алу және жою бойынша шараларды
жүргізудің ветеринариялық Ережесі Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы
Министрлігінің 16.09.2004 жылғы № 505 бұйрығымен бекітілген ҚР Әділет
Министрлігі 06.10.2004 жылы № 3135 тіркелген.
Жануарларды эхинококкозбен зақымдануының алдын алу мақсатында шаруашылық
субъектілері,ветеринариялық мамандар сондай-ақ мал иелері қажет.
1. Жануарларды толық құнды азықпен қамтамасыз ету, азықтандыру, күтіп
бағу гигиенасын сақтау.
2. Мал шаруашылығы фермаларының, қасапханалардың мал азығын сақтайтын
жерлерге иттерді жібермеу.
3. Иттерді арнайы белгіленген жерде серуендету.
4. Малдарды аулада союды жүргізбеу.
5. Өлген малдардың өлекселерін немесе сойылған малдардың қалдықтарын
иттерге, мысықтарға азыққа бермеу.
6. Күзеттік және қызметтік иттерге мерзімді дегельминтизация жүргізу.
7. Ет және ет өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптаусыз сатуға
тиым салу.

1.6 Эхинококкоздың профилактикасы (алдын-алу іс-шаралары)

Жануарлардың эхинококкозының алдын алу және жою бойынша шараларды
жүргізудің ветеринариялық Ережесі Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы
Министрлігінің 16.09.2004 жылғы № 505 бұйрығымен бекітілген ҚР Әділет
Министрлігі 06.10.2004 жылы № 3135 тіркелген.
Эхинококкоздың профилактикасы адамды және тұяқты жануарларды эхинококкоз
жұмыртқаларымен зақымдалуын немесе оларды жұқтыруынан сақтай отырып, ауруды
жұқтырған иттермен, оның жұмыртқаларын тартуын және иттердің осы ауруды
жұқтырып ауырған малдардың органдары мен ұшасын жеп қоюдан сақтандыруға
байланысты болады.
Ол үшін мына іс – шараларды жүргізу керек:
1. Қараусыз қалған қаңғыбас иттерді жою.
2. Отарлардағы қой бағуға көмектесетін иттердің санын қатаң шектеу.
3. Сол иттерді жылына 4 рет дегельминтизациялау. Көрші шаруашылық-
тардағы иттердің де дегельминтизациядан өтуін қадағалау және оларға ұсыныс
беру.
4. Жабайы аңдарды жою және олардың шаруашылық территориясына келіп-
кетуіне шек қою.
5. Мал союды, оны ашып көруді, түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізуді қатаң
ветеринарлық-санитарлық бақылауға алып, инвазияның шаруашылық ішінде
таралуына жол бермеу.

2 Өзіндік зерттеу

2.1 Зерттеулердің материалдары мен әдістері

Мақтаарал ауданы, Асық-ата кенті Ақ - алтын мал шаруашылығы.
Сойылатын малдарды сойылудан бұрын алдын-ала жақсылап қарап шықтық.
Бірінші рет малды қабылдап алғаннан соң, екінші рет сойылуға жіберілерден
алдын тағы да тегіс қарап шықтық.
Одан кейін бәрінің температурасы (териометрия) өлшеніп, кейбірін, дене
температурасын да нормадан тыс белгілері бар малдарды, одан да әрі
тереңірек тексеру үшін бөліп алып клиникалық тексеру жүргізілді. Оларда
ауру барларын және күдіктілерін қайта соңғы тексерулер жүргізілгеннен соң,
олар санитарлық сою бөліміне жіберілді.
Сойылған малдардың ұшасы мен ішкі органдарын мынадай кезекпен өткіздік:
Талақ (көк бауыр) – сыртынан және кесіп көріп қаралды.
Өкпе – сыртынан қарап, барлық бөліктерін қолмен ұстап көрілді. Сол
жақтағы бронхтар, кеңірдек – бронхтар мен қабырға іші лимфа түйіндерін ашып
тексерілді. Паренхиманы көлденең кесіп көрдік, әдетте эхинококктар
орналасатын ірі бронхтар мен паренхиманы анықтап көрдік.
Жүрек – жүрек қалтасын кесіп, эпикард, миокард, оң және сол бөлімдерін,
эндокардты және қанды тексердік. Жүрек еттерін ұзынынан және көлденең 1-2
рет тіліп тексердік (цистицеркоз, саркоцистоз т.б.).
Бауыр – бауырды аударыстырып диафграмма жағынан да қарап, егер
диафраграмамен бірге бітісіп кеткен болса, оны ажыратып алдық та
паренхимасын түгел қарадық, лимфа түйіндерін (портальды) және өт жолдары
айналасын кесіп көрдік.
Бүйректер – сыртынан қарап, ұстап көрдік, кесіп көрдік.
Ұшалар – ішкі және сыртқы жағынан қарап көрдік, ісікті түйіндердің бар
жоғына көңіл бөлінді, лимфа түйіндерін ашып көрдік сыртқы жауырыны
алдындағы, қанатындағы, мойын-қабырғалы, қабырғасындағы, краниальді көкірек
түйірлерін, көкірек алдындағы, белдегі, жамбастағы, тізе жиырылымдағы,
сыртқы шап түйірлерін, седальді және тізе асты лимфа түйірлері тексерілді.
Органолептикалық тәсілдермен ұшаны тексергенде, оның сыртқы көрінісіне,
түсіне, кепкен қабықшасына көңіл бөлініп, қолмен сипап жылпылдақтығы мен
ылғалдылығы тексерілді. Етті кесіп, оның арасына бір түйір фильтрленген
қағазды салып та тексерілді. Қан қалдығының бар – жоқтығына, қансыздану
деңгейіне және ластану түріне көңіл бөлінеді.
Жұмсақтығын тексеру үшін ұшаның сыртына қолмен қысып, кейін оны қоя
беріп, ол қайта орнына келгенде пайда болған ойықшаға қарай жүргізілді.
Май тканьдерін тексере отырып сыртқы көрінісін, иісін, және жұмсақтығын
анықтадық. Мөлдірлігі мен ароматын сорпадан байқау үшін, қайнату арқылы
тексердік. Ол үшін 20г ет фаршын колбаға салып, 60 мл дистилденген су қосып
араластырдық та ауызын әйнекпен жауып қайнап тұрған су банясына (моншасына)
қойдық. Сорпа иісін анықтау үшін оны 80-95ºС –ге қыздыру арқылы, бу пайда
болған кезінде анықтадық та 20 мл сорпаны өлшегіш цилиндрге құйып, көзбен
қарау арқылы оның мөлдірлігі тексерілді.
Еттің химиялық және микроскопиялық сараптамасы
Сол еттердің кесінділерін пайдалана отырып тексердік. Бұл жерде
бактериялардың саны мен еттің бөліну сатысына микроскоппен еттің түйіршік-
таңбасына қарап анықталды. Еттердің үстіңгі жағын қыздырылған шпателмен
(стерилизация) зарарсыздандырдық, ол үшін стерилді қайшымен, көлемі 2,0х1,
5х2,5 см етіп ет түйірлерін кесіп алдық та олардың сыртқы жағымен
предметтік шыныға тигізіп, жұғындысын түсіріп алдық.Оларды ауада кептріп
алып грамм тәсілімен бояп алып, микроскоппен қарадық. Бір шыны үстінде 25
көру алаңын зерттедік.
Етті биохимиялық зерттеу
10 кесіндіден 10 түйір тексерілетін ет бөліктерін және 2 бақылау
концентрациялық тартылған суды еті мен су қатынасы 1:4 етіп, тартылған
судың түсі қызғылт түсті болды, дайындап алдық. Сүзгіден өткерген соң,
сутегі иондарының концентрациясын анықтап, аминді-амиякты азоттың
концентрациясын күкіртті қышқыл мысқа қатынасын, ұшқыш май қышқылынының да
қатынасын мемлекеттік стандартқа сай қолданыстағы тәсілмен анықталды.
Зерттеуге әр ұшадан 3 тексерілетін түйір – 200 гр:4-ші мойын омыртқанынң
кесіндісінен, жауырын еттерінен және сан еттерінен алынды. Зерттеуді, мал
сойылған соң 24 сағаттан кейін, +4ºС температурада мұздатқышта сақталған ет
кесіндісінен алып жүргіздік.
РН – ты анықтау
Еттің Рн-ы калометрикалық жолмен анықталады. Кампоратордың ұясында
пробиркалар қойылып, олар мынадай түрде толтырылды: 1-ші және 3-ші
пробиркаларға 2 мл фильтрат пен 5 мл дистилденген су құйылды; 2-ші
пробиркаға 2 мл фильтрат пен 4 мл дистилденген су және 1 мл индикатор
құйылды, ал 5-ші пробиркаға 7 мл дистилденген су құйылды. Ал 4-ші мен 6-шы
пробиркаларға түсті стандарттылар қойылды.
Аминді – амиякты азотты фенафталейнмен титрлеу арқылы анықтау
Колбаға 10 мл фильтрленге ет тұнбасын (1:4) құямыз. Оған 40 мл
дистилденге су және 3 тамшы 1% - ды фенолфталейнннің спирттік ерітіндісін
құямыз. Тұнбаны 0,1-дік күйдіргіш натрийдің ерітіндісімен нейтралдадық,
әлсіз қызғылт түске боялғанша. Сосын колбаға фенолфталейнмен нейтралданған
формалин қостық. Қоспаны 0,1-дік күйдіргіш натрий ерітіндісімен, әлсіз
қызғылт түске боялғанша титрледік.
10 мл тұнбадағы аминді-аминқышқылдық азоттың құрамын мына формуламен
есептедік:
Х=1,4·а бұл жерде а- күйдіргіш натрдың децинормалды
ерітіндісінің, екінші титрлеуге кеткен миллилитр саны.

2.2 Диагностикасы және емі

1) Эхинококкоз ауруын анықтау үшін Эхинококкты аллерген ұнтағын
пайдландық. 1 г ұнтақты 750 г 1 % физиологиялық ерітіндіге ерітіп 0,2 мл
мөлшерінде құйрықтың ішкі жағынан тері астына жібердік. 2-3 сағаттан соң
ісікті тексердік:
- 2 см дейінгі ауру емес
- 2,1-2,4 см ауру күдікті
- 2,5 см жоғарғысы эхинококкозбен ауырған мал болып табылады.
Тексерген 104 бас қойдан 1 бас қой эхинококкозға оң нәтиже берді, яғни
ісік 3,1 см болды. Эхинококозбен ауырған малды емдеу нәтижесіз болғандықтан
малды етке союға жібердік.
Биохимиялық зерттеулер мен бактериоскопия
Зақымданған органдар мен ет ұшаларынан, биохимиялық зерттеулер үшін
пробалар (тексерілетін мүшелер мен кесінділер) алынды. Олар мынадай
көрсеткіштер берді.
Ұшқыш май қышқылдарын анықтау
Салмағы 25 г. ет фаршын дөңгелек түпті колбаға салып, үстіне 150 мл 2%-
ды күкірт қышқылы ерітіндісін құямыз. Колбаны араластырып, прибордың барлық
бөлігін, ұшқыш май қышқылдарын қуу үшін біріктіріп қойдық. Бу түзілгіштегі
суды қайната отырып, дөңгелек түпті колбаны электорплиткада қыздырдық.
Ұшқыш май қышқылдарын қууды, колбада – жинағышты 200мл дистиллат жиналғанша
жалғастырамыз. Дистиллатға 3 тамшы фенолфталин қосып 0,1-дік нормальды
күйдіргіш натр ерітіндісімен малина түстес түрге дейін титрледік.
Сонымен, осымен қатар межелі тексеру жүргізіп отырдық. 150 мл 2%-ды
күкірт қышқыл ерітіндісін (етті қоспағанда) қуып шығардық, 200 мл дистиллат
жинап, оны 0,1-дік нормальді күйдіргіш натр ерітіндісімен титрледік
(фенолфталиан арқылы).
Есепті мына формула бойынша жүргіздік:

У-0,1 нормалы натрий гидрототығының 200 мл еттегі дистилатты титрлеуге
кеткен мөлшері.
У0 – 0,1 нормалы натр гидрооксидінің 200 мл межелі анализдің дистиллатын
титрлеуге кеткен мөлшері.
К – 0,1 нормалы натр гидрооксидінің ерітіндісінің титріне түзету.
5·61 – 1 мл 0,1 нормалы натрий гидрототығының ерітіндісінің мг
көрсеткіші.
М- тексерілетін заттың (проба) салмағы, г.

Негізінен, жаңа еттерде ұшқыш май.
Қышқылдарының көлемі 4 мг натрий гидрототығы, ал жаңалығы күдікті
еттерде – 4-тен 9-ға дейін мг, ал ескі еттерде -9 мг жоғары болады.

2.3 Зерттеудің нәтижелері

1. Союдан алдын тексеру. Мақтаарал ауданы, Асық-ата кенті Ақ - алтын
мал шаруашылығы. 10 бас қойдан союдың алдында тексерілгенінен әрбір бастаң
дене температурасын өлшеу тәсілімен бірнеше бас бөлініп алынды.
а) Жалпы жағдайы мен күйі бойынша:
1-категория – 13 бас
ІІ-категория – 15 бас
Көтеремдерден – 12 бас.
б) Қосымша жақсылап клиникалық тексеру үшін тағы 10 бас алынды.
в) 90 бас жақсы жағдайдағы, ауру белгілері білінбейтін, күйі жақсы
малдар шектеусіз сойылуға жіберілді.
Қосымша клиникалық тексеруден кейін бірнеше бас қойдан мынадай
өзгерістер мен нормадан ауытқулар байқалды. Олар мына жеке номерлі қойлар
болды: № 033,145, 594, 1546, 1701, 2700, 1318, 1115, 334, 2015.
1. Түрі -қой
Жынысы –қошқар
Жасы – 3 жаста
Түсі – қара
Пародасы (тегі) – қаракөл
Жеке инв. Номері -033
Жалпы жағдайы – қанағаттандырарлық
Тем. 39,0ºС; Пульсі – 75, Д-25
Кеңістіктегі дене жағдайы – тұрып тұрады, күйі – орта, жүнінің жамылғысы
– жүні денені түгел жауып тұр, бұйраланған, жұмсақ, мықты және құрғақ.
Терісі – жұмсақ, өзіне тән иісі бар, бүтін. Ауыз қуысының кілегей қабығы -
сұрғылт-қызғылт түсті, бүтін, жаралар көрінбейді. Көздің кілегей қабығы
сұрғылт-қызғылт түсті, мұрын қуысының кілегей қабығы қызғыш түсті, мұрын
қуысынан кілегейлі сұйық көрінеді.
Жүрек және қантамыр жүйесі. Пульсі ритмді, әлсіз толымды, тамырлары
жұмсақ, жүрек екпіні әлсіз-екпін сол жағынан 8-ші қабырғаларынан 2 саусаққа
төмен орналасқан, дауысты тұншығып шығарылатын ошақтары байқалады, жүрек
екпіні естілер-естілмес.
Тыныс алу жүйесі. Тыңдап көргенде өкпеден және бронхтардан қырыл
естіледі. Ұрып көргенде 7-8 қабырғааралықта дыбыстың тұншығып шығуы
байқалады.
Ас қорыту жүйесі. Шөпті жақсы жейді, тәбеті сақталған, ауыздың кілегей
қабығы ылғалды. Қарын мен ішек тұсын сипап көргенде ауырғандығы байқалып,
мал – мазасызданады.
Зәр шығару жүйесі. Зәр шығаруы бұзылмаған. Диагноз. Катаральді
бронхопневмония. (бронх пен өкпенің катаральды қабынуы).
2. Түрі -қой
Жынысы –саулық
Жасы – 2 жаста
Түсі – ақ
Пародасы (тегі) – Оңтүстік Қазақстандық меренос
Жеке инв. Номері -2720
Жалпы жағдайы – күйзелген түрде
Тем. 41,5ºС; Пульсі – 90, Д-40
Кеңістіктегі дене жағдайы, ылажсыздан жатыр, кейде шеңбер бойымен
айналып қозғалады.
Жүнінің жамылғысы – денені түгел жауып, ұйпаланған, мықты және құрғақ.
Көздің кілегей қабығы – қызарған.
Мұрын қуысының кілегей қабығы қызарған, катаральды қабынған.
Лимфа түйіндері. Жақтың астындағы түйіндер үлкейген, қатты қозғалмалы,
температура көтерілген.
Жүрек- қантамыр жүйесі. Жүрек жиырылуының жиілігі артқан, жүрек екпіні
күшейген, пульсі толымды, серкімелі.
Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу қозғалысының ырғағы күшейген, терең дем алу
бар, жиілшігі артқан және сыртқы. Тыңдап көргенде өзгерістер білінбейді,
соғып көргенде өкпе шекарасы өзгермеген.
Жүйке жүйесі. Көз көрмейді, тері сезімталдығы төмендеген, қозғалыс
координациясы бұзылған, (монежді қозғалыс бар) сол жақ бүйіріне жатыр.
Зәр шығару жүйесі. Зәр және тезек шығару актілері бұзылған. Жиі-жиі зәр
шығарады..
Диагноз.Церебральды ценуроз. (Айналма, тентек).
3. Түрі -қой
Жынысы –қошқар
Жасы – 2 жаста
Түсі – қара
Пародасы (тегі) – қаракөл
Жеке инв. Номері -1381
Жалпы жағдайы – қанағаттандырарлық
Тем. 41,0ºС; Пульсі – 85, Д-30
Кеңістіктегі дене жағдайы, ылажсыздан жатыр, күйі төмендеген, күйісі
жоқ, кекірік бар. Жүнінің жамылғысы – тегіс денесін жапқан, ұйпаланған.
Терісі –жұмсақ, өзіне тән иісі бар. Лимфа түйіндері. Үлкейген, қатты,
қозғалмалы.
Жүрек-қантамыр жүйесі. Пульс жиілеген, жүрек ұрысы әлсіз, перкуторлық
шекарасы үлкеймеген.
Тыныс алу жүйесі. Тынысы жиілемеген, терең тыныс алады, перкуторлық
шекарасы өзгермеген.
Ас қорыту жүйесі. Кекіру бар, ұлтабар біршама толық, жұдырықпен басқанда
сол жақ аш бүйірде ойық пайда болып, ол ұзақ сақталады, тезек тастауы
сирек, тезегі қатты.
Жүйке жүйесі. Мал мазасызданады. Қарын тұсын сипағанда ауырсынғаны
байқалады. Жалпы халі күйзелген түрде. Ауруды сезгіштігі жоғары,
сезімталдықтың басқа түрлеріне реакция сақталған. Бас сүйектің жарақаты,
омыртқа жотасының жарақаттары білінбейді.
Зәр шығару жүйесі. Өзгерістер мен ауытқулар байқалмайды. Диагноз.
Қарынның алдыңғы бөлінің атониясы.
4. Түрі –М.М.М. қой
Жынысы –саулық
Жасы – 3 жаста
Түсі – қара
Пародасы (тегі) – қаракөл
Жеке инв. Номері - 1115
Жалпы жағдайы – қанағаттандырарлық
Тем. 39,5 ºС; Пульсі – 75, Д-24
Кеңістіктегі дене жағдайы - өз аяғында тұрады. Күй –орташа. Жүнінің
жамылғысы – денені біркелкі жапқан, мықты, ұйпаланған. Терісі –жұмсақ,
өзіне тән иісі бар. Ауыздың кілегей қабығы – көгілдір. Мұрын қуысының
кілегей қабығы - көгілдір, көздің кілегей қабығы қызарып тұр.
Лимфа түйіндері. Сыртқы жайын, тізеасты, емшекүсті лимфа түйіндері
өзгермеген.
Жүрек - қантамыр жүйесі. Жүрек қызметі күшейген, жүрек ұрысы біршама
толымды, жиілеген.
Тыныс алу жүйесі. Малдың жөтелгені байқалады, жөтелдің аралас түрі бар,
ентіккен. Көкірек қуысы бөшке тәрізді формада. Өкпенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етқоректілер эхинококкозын балау
Эхинококкоз ауруының диагностикасы
Жануарлардың эхинококкозына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Эхинококкоз адамдар мен жануарлар арасында кең тараған ауру
Эхинококк құрттарының иттерде таралуы
Мал эхинококкозы ауруының өрбуі
Ірі қара эхинококкозы
Өлексені сою барысында жазылған патологиялық-анатомиялық хаттама
Ірі қара фасциолезіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Эхинококкоз сойыс өнімдерін ВСС және санитариялық бағалау
Пәндер