Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылық Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек.

Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының дамуына әсер етеді.

Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 10 жыл ішінде байсалды қаржы ресурстарымен бекітілген агроөнеркәсіптік кешені мен ауылды дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламалар қабылданған.

Қазақстанның ауылшаруашылығы саласы оның құрылымдағы рөлі мен экономиканың тұтасымен ұдайы өндірістік іс жүргізуі бойынша негізгі болып табылады. 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес агроөндірістік кешен жеті басым секторлардың қатарында өзінің салалық артықшылығын және ауқымды әлеуетін толық жүзеге асыруы тиіс.

Өсімдік шаруашылығында құрылымдық және технологиялық әртараптандыруды жүзеге асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басымды ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс аумақтарын кеңейту, бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған өнімдердің өндірісін ұлғайту жөнінде жұмыстар одан әрі жалғастырылуда.

Қазақстанның барлық облыстарында топырақ сапасы нашарлауының тұрақты тенденциясы байқалады: топырақ құрамындағы қарашірік пен қоректік заттардың; өсімдіктердің түрлік құрамы мен өнімділігінің төмендеуі, бұл азық базасының әлеуетін төмендетті. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер азып-тозуға, ластануға ұшыраған және құнарлығының қалпына келтіру қабілетін жоғалтуда.

Қазақстан Республикасы аумағында ауыл шаруашылығы алқаптарының едәуір белігі жер құнарлығына кері әсер ететін белгілердің болуымен сипатталады. Жыртылған жерлердің біршама аудандарында топырақтың қарашіріктенбеуі байқалады. Соңғы отыз жылда әртүрлі топырақтарда қарашіріктің құрамы 10-нан 20 %-ға дейін төмендеді. Қазақстан аумағының шамамен 70%-ға жуық жерлері әртүрлі деңгейде шөлдену мен азып-тозуға ұшыраған.

Өсiмдiк шаруашылығы саласын дамыту саланы құрылымдық және технологиялық диверсификациясына байланысты сату нарығы бар, егiншiлiктiң ғылыми-негiзделген жүйесiне өту, өндiрiске жаңа су ресурстарын сақтайтын технологияларды енгiзу, кең химияландыру, айналысқа жаңа және қолданбаған суармалы жерлердi енгiзу арқылы егiншiлiк мәдениетiнiң деңгейiн көтеруге байланысты өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң өндiрiс көлемiн арттыруға бағытталады. Осы шаралар өндiрiс кепiлiн арттыруға және моно дақылдарға, бiр дақылдарды артық өндiрiп, ал басқа дақылдарды мүлдем өндiрмеуге алып соғатын қазiргi келеңсiздiктердi дұрыстауға мүмкiндiк бередi.

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және топырақ құнарлылығын сақтау және көтеруде дәнді-бұршақ дақылдарының егістігін арттыру маңызды роль атқарады. Республикамыздың астық қорын толықтыруда ноқат дақылының маңызы зор. Ақуыз мөлшері мол болып табылатын ноқатқа диқандардың қызығуының себептерінің бірі оның қуаңшылыққа төзімділігі және азотфиксациялаушы қасиеттерінің болуы.

Оңтүстік Қазақстан жағдайында топырақта азот жинайтын дақылдың бірі жоңышқа. Жоңышқа көп жылдық дақыл болғандықтан қысқы ротациалы ауыспалы егісте қолдану мүмкін болмай отыр, сол себептен егіншілікті биологизациялау, әртараптандыру және өндірісте ақуызы жоғары дәнді бұршақ дақылы соның ішінде ноқат дақылы егіліп келеді. Ауа райының құрғақшылығына егілген ноқат дақылы өзінен кейін топыраққа 30-40 кг/га экологиялық таза азот қалдырып кетеді.

Аталған мәселені шешу үшін Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында ноқаттың жаңа сорттарының түйнек бактериялары мен өнім түзу ерекшеліктерін зерттеу дипломдық жұмыстың мақсаты болып алынды. Көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек:

- Ноқат сорттарының өсіп-дамуы және биометриялық көрсеткіштерінің өзгеруін бақылау;

- Оңтүстік Қазақстан жағдайында ноқат сорттарының түйнек бактерияларын түзу ерекшеліктерін саралау;

- Қазақстанның оңтүстік өңірінде ноқаттың жаңа сорттарының өнім түзу сипаттары мен өнім құрылымын зерттеу;

- Ноқат дақылының әртүрлі сорттары тұқымдарының себу сапа көрсеткіштерін анықтау.

Ғылыми жаңалық. Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында ноқаттың жаңа сорттарының түйнек бактериялары мен өнім түзу ерекшеліктері ғылыми түрғыдан негізделді.

Практикалық маңызы. Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында ноқаттың жаңа сорттарының өнім түзу ерекшеліктері жоғары болатындығы және олардың топырақты қоректік заттарға айтарлықтай ықпал ететіндіктен Тассай және Мерей -100 сорттарын аймаққа аудандастырудың маңызы зор болып табылады.

Жұмыстың құрлысы мен көлемі. Дипломдық жұмыс бетке компьютермен терілген. Ол кіріспеден, 6 тараудан, қорытындыдан, өндіріске арналған ұсыныстардан, қолданылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады. Оның құрамына 32 кесте, 6 сурет кіреді. Қолданылған әдебиеттер тізімінде - 30 туындыға сілтеме жасалынған.

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

  1. Республикада өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің қазіргі кездегі жай-күйі

Агроөнеркәсіптік кешен ұлттық экономиканың ең басты бөлігі болып табылады, мұнда қоғамның тіршілігі үшін маңызды өнімдер өндірілетін және үлкен экономикалық әлеует шоғырланған. Оның шешуші шамада дамуы экономиканың барлық саласының жағдайын, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтайды.

Аграрлық сектор ішкі жалпы өнімнің 5, 7 % және халықтың тұтыну қорының шамамен 70 % қалыптастырады және елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығын дамыту өндіріс құралдарын жеткізетін және ауыл шаруашылығы өнімдерін шикізат ретінде қолданатын басқа да салалардың дамуына жәрдемдеседі, сондай-ақ көліктік, сауда және басқа да қызметтер ұсынады.

Қазақстанның ауылдық жерін мекендейтін халықтың саны 7, 3 млн адам немесе елдегі жалпы халық санының 47, 2% құрайды. Ауыл шаруашылығы саласында 2, 38 млн адам жұмыспен қамтыған. 2005 - 2015 жылдардағы белгілі тұрақтылық пен ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін арттыру ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі көлемін ұлғайтуға және халықтың жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну деңгейін көтеруге мүмкіндік берді. Алайда, қазіргі кезде салада қалыптасқан жағдай теріс құбылыстарды жеңуге мүмкіндік бермейді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемі 2, 1 трлн. теңгеден асып түсті және 2121, 8 млрд. теңгені құрады, ал өндірістің өсуі 8%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығында 11-12 %-ға еңбек өнімділігінің жыл сайынғы өсуінің оң үрдісі байқалады және қазіргі кезде жалпы өнім өндірісі саладағы 1 жұмыс басты адамға 3800 АҚШ долларын астамын құрайды.

2015 жылы ауылдық жерлерде жұмыссыздық деңгейі 6, 2 % деңгейінде қалыптасты.
Жыл сайын ауылшаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар ұлғая түсуде. Егер 2002 жылы инвестициялар 17, 3 млрд. теңгені құраса, 2015 жылы - 75, 9 млрд. теңге немесе 3, 2 есе артты.

Ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндірісінің көлемі тамақтанудың оңтайлы нормасы бойынша тұтынушылық көлемін ет, балық, жеміс, жидек, жүзім, өсімдік майы және қант бойынша қамтамасыз ете алмайды.

Экономика салаларының ішінде жылдық орташа жалақының ең төмені ауыл шаруашылығында. Ауыл шаруашылығының индустрияланбау қаупі сақталуды 80 %-дан жоғары техникалық құралдар тозуы салдарынан жедел жаңартуды қажет етеді. Машина-трактор парктерін жаңарту қарқыны төмен деңгейде: жыл сайынғы тракторларды жаңарту орташа 0, 87%, астық жинау комбайндары 3, 2% құрайды. Қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдері бәсекеге қабілетті емес және ішкі нарықтан ығыстырылады. Әсіресе, қант, өсімдік майы, жеміс-көкөніс консервілері, құс еті және сүтті қайта өңдеу өнімдері нарығында импорттық өнімнің үлесі басым. Осылайша, осы шаралар кешенін әзірлеу мен қабылдау өзектілігі, көлемдері мен қаржыландыру көздеріне сәйкес ауыл шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттілігімен түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасы бидай мен ұнның ірі экспортшысы болып табылады (экспортшылардың әлемдік 7 орын алады), елдің ауылшаруашылық өнімдерінің жалпы экспортында мақта (15 %) мен жүн (25%) де айтарлықтай орын алады.

Республикадағы ауылшаруашылық жерінің жалпы ауданы 222, 6 млн. га құрайды, оның ішінде 24 млн. га егістік (10, 8%), 5 млн. га шабындық жер (2, 2%), жайылымы 189 млн га. (85%) алып жатыр.

2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары себілген егістік алқаптарының 80%-нан астамын астық дақылдарының жалпы егістігі құрады. 2005 жылмен салыстырғанда бидай егістігінің алқабы 245, 8 мың га (1, 9 %), қарақұмық - 60, 5 мың га (1, 7 есе), жемдік дақылдар (арпа мен сұлы) - 322, 4 мың га (18, 8%), рапс - 129, 1 мың га (4, 1 есе), соя - 12, 6 мың га (25, 4 %) өсті.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2015 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 21, 2 млн. га, соның ішінде дәнді дақылдар - 16, 2 млн. га, оның ішінде бидай 13, 8 млн. га құрады. Майлы дақылдар 1, 8 млн. га, мақта - 160, 6 мың га, қант қызылшасы 21, 0 мың га, картоп және бақша дақылдары тиісінше 184, 2 және 196, 5 мың га алқапқа егілді. Дәнді дақылдардың алқабы 2010 жылмен салыстырғанда 427, 3 мың га (2, 6%) қысқарып, 16, 2 млн. га құрады, бидайдың алқаптары 448, 1 мың га қысқарып, 13, 8 млн. га құрады. Бұл ретте, 2010 жылмен салыстырғанда дәндік жүгері алқабы - 2, 2 мың га, дәнді бұршақ дақылдар - 19, 9 мың га, күнбағыс - 85, 8 мың га, соя - 8, 9 мың га, зығыр - 95, 8 мың га, мақта - 23, 4 мың га, қант қызылшасы - 0, 9 мың га, көкөніс-бақша дақылдары - 12, 7 мың га, картоп - 4, 4 мың га, жемшөптік дақылдар - 97, 3 мың га ұлғайды.

Майлы дақылдар бойынша жалпы түсім өткен жылмен салыстырғанда 1, 5 есе ұлғайып, 1, 1 млн. тоннаны құрады. Бұл көлем өсімдік майына ішкі қажеттілікті 100 % қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шаруашылық жүргізудің жаңа нысанының қалыптасуы, олардың нарықтық жағдайға бейімделуі, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау өсімдік шаруашылығының тұрақтануына ықпал етті. Өндіріске қазіргі заманғы технологиялар және егіншіліктің озық әдістерін енгізу бойынша жүйелі жұмыстың арқасында елде соңғы 7 жыл ішінде ағымдағы бағамен көлемі 2, 7 есеге ұлғайған өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты өсуі жүруде.

Бидайды жалпы жинаудың орта жылдық өсу қарқыны 9, 3 %-ды, картопты - 5, 3 %-ды, көкөністерді - 5, 3 %-ды, шикі мақтаны - 6, 7 %-ды, күнбағыс дақылдарын - 12, 1 % құрайды.

Республиканың астық танабының 2015 жылы үштен бірін (5, 2 млн. га) құраған алаңдарға ылғалқорсақтау технологиясын кең ауқымда қолдану, сұрыпталған тұқым себу үлесін (2007 жылы 53 %-дан 2015 жылы 99, 7 %-ға дейін), 1-2 класс тұқымдары үлесін - 78, 9 %-ға дейін, ал жоғарғы репродукция тұқымын - 84 %-ға дейін арттыруы, және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау көлемінің өсуі арқасында астық өндірісін ұлғайтуға қол жетті.

Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауына ауыл шаруашылығы саласына аса басымдылық танытып мемлекет және қаржы институттары арқылы агроөнеркәсіптік кешенге ауқымды қолдаулар көрсетуде. Ағымдағы жылы қаржы институттары арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 18, 0 млрд. тг жуық несие қаржылары беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 28 % артып, 2, 5 мыңға жуық ірі, орта, шағын жобалар қаржыландырылды.

АӨК-дегі жағдайдың қайсыбір тұрақтануына қарамастан, ауылшаруашылық тауарларын өндірісінің шамалы қысқаруы қант өндірісі 25, 4%, жарма 17, 5% және ерте картоп өндіру 14, 5% бағыттарында байқалады.

  1. Дәнді бұршақ дақыларының (ноқаттың) халық шаруашылығындағы маңызы

Белок-жер шарындағы өмірдің кілті. Белоктар - әр қырлы биологиялық катализаторлар, оларсыз организмде бірде-бір биохимиялық процестер жүрмейді. Организмде белоктар зат алмасу процесінде азайып жұмсалады да, олардың қоры әр қашан да толықтырылып тұрады. Организмнің 1/5 бөлігі белоктан тұрса және 2/3 бөлігі қатты қалдықтан тұрады, сол себепті адам организмі белок резерві онша көп болмайды. Сондықтан күнбе-күн белокті тамақты аминоқышқылдармен жолықтырылып отырылады, олар адамзаттың қоректенуі үшін табылмайтын және басқамен ауыстырылмайтын қорек болып есептеледі. Негізгі ауыстырылмайтын амин қышқылдарымен тамақты толықтыру белокті құрамының толық бөлінуіне талап етеді (аргенин, метионин, лезин, гисьяин, фенил-аларин, летсин, вомен, турифтедан, теонин) . Егер адам организмі белокпен бірге 8 негізгі аминқышқылын қабылдау керек болса, ал бала организмі оған қосымша тағы екіаминқышқылын талап етеді (аргинин, гистидин) . Егер, ұзақ уақыт тамақта белок аз болса онда ол денсаулыққа зиян тигізеді, яғни салмақты азайтады, қанның мөлшерінің азаюна себепші болады, жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді және т. б. Ал егер тамақта белок көп болса ол да әрбір ауруларға себепші болады. Сондықтан адамның тамағында нағыз белоктардың болғаны абзал. Орта жастағы адамға күніне 80-100г белок қажет, немесе 1. 6-1. 3 г белок 1кг дене салмағына қажет. Белок қабылдау нормасы адамның жасына, жұмыс тәртібіне, денсаулығына байланысты болады. Адам организмін негізінен белокпен қамтамасыз етушілер өсімдік және мал шаруашылықтар өнімдері. Дәнді бұршақ дақылдарын тағамға пайдалану, басқа тағамдарға қосымша, организмді сапалы тез қорытылатын белоктармен, минералды заттармен және витаминдермен қамтамасыз етеді.

Дәнді бұршақ дақылары (асбұршақ, ноқат, ноғаттақ, бөрі бұршақ, т. б. ) дәнді дақылдардың үшінші биологиялық тобын құрайды да, бұршақ тұқымдасына жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да жоғары мөлшерде ақуыз болады, ал бұл дәнді астық дақылдарынан 1, 5-3, 0 есе артық. Оның үстіне ақуызды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша (лизин, триптофон, т. б. ) толыққұнды, жеңіл ериді, адам мен жануарлар ағзаларымен жеңіл қорытылады. Тұқымдар мен жемістерінде ағзаның қалыпты қызмет істеуіне қажетті көп мөлшерде көмірсулары (крахмал) және әртүрлі дәрумендер (А, В, С, т. б. ) де шоғырланған.

Дәнді бұршақ дақылдары мал шаруашылығындағы ақуыз мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды. Таза және аралас егістіктерде олардан қоректілігі жақсы жасыл балауса, пішен және сүрлемдайындалады. Олардың сабаны мен мекені де мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді. Дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары өңдеу өнеркәсібінде де пайдаланылады. Айта кеткен жөн, ақуыздың көп бөлігін бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадығы азотты сіңірудің нәтижесінде қалыптастырылады. Олардың агротехникалық маңызы да зор : тамырларында орналасқан түйнек бактерияларының азотты байлау қабілетінің арасында топырақ органикалық заттармен және биологиялық азотпен байытылады. Сондықтан барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктер көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл болып табылады.

Әлемдік егіншілікте бұршақ тұқымдастар 90 млн. га егіліп, олардың үлесі масақты дақылдардың 11, 5% құрайды, ал Қазақстанда бұршақ тұқымдастар (соя, бүршақ, ноқат) 2004 жылы бар болғаны 71 мың га ауданға егіліп, олардың үлесі 0, 62% ғана құрайды.

Ноқаттытың дән құрамында 25% ақуыз, 46% азотсыз экстрактілі заттар, 45% май, 4% жасуша және 3, 5% бейорганикалық заттар бар. Масақты дақылдардың дәнінен ноқаттың дәнінің айырмашылығы оның құрамында адам және жануарларға қажетті аминқышқылдардың бәрі бар және де бұршақ тұқымдастар дәнінде олардың тағамдық, әрі азықтық қасиетін арттыратын түрлі А, В 1 В 2 , С т. б. витаминдер анықталған.

Ноқат өзге бұршақ тұқымдастардан гөрі топырақ ылғалсыздығына және ауа қуаңшылығына шымдамды болады, әрі дән құрттарымен (зерновка) сирек жарақаттанады.

Ноқаттың ауадағы азотты тамырларында жинақтау қасиеті топырақтың құнарлығын арттырады.

1. 3 Ноқаттың морфологиялық сипаттамасы

Ноқат дәнді бұршақ дақылдарына кіреді. Ол бұршақ тұқымдасына (Ғавасеае) жатады. Қауырсын жапырақты.

Ноқат - Нут - Сicer. Ноқат Сіcer туыстығына жатады және 30-дан астам түрлерді біріктіреді. Олардың көпшілігі көпжылдық. Дақылда кең тарағаны жалғыз түр - мәдени ноқат (Сісеr аrietinum) .

Бұл бір жылдық өсімдік, сабақтары қырлы, тік өседі. Тамыр түбінен немесе бүкіл сабақ бойымен бұтақтанады. Дәнді бұршақ дақылдарының тамыр жүйесі кіндікті, 1-2 м топырақ қабатына бойлайды, көптеген бірінші, екінші, үшінші және одан кейінгі дәрежедегі бүйір тамыршалары болады, олар негізінен жыртылатын топырақ қабатында орналасқан.

Сабағы біреулерінде тік тұратын, бұтақты. Жапырақтары күрделі, құрылысы бойынша қауырсын жапырақты.

Гүл шоғыры - шоқгүл немесе гүлдері жапырақ қолтығындағы гүл бағанасында бір, екі немесе үштен орналасқан (сурет 1) .

1 сурет - Ноқат өсімдігінің сыртқы құрылысы

Гүлдері - қосжынысты, бес күлтеше жапырақты, бұрыс пішінді, күлтеше жапырақтарының түсі ақ түстен қызғылт-қызыл немесе күлгін түске дейін. Жемісі - әртүрлі пішіндегі және мөлшердегі бұршақ. Піскенде екі ұзынша жармаға жарылады.

Тұқымдары әртүрлі көлемді, пішінді және әр түсті болып келеді.

Ноқат бойы 60 см дейін өсетін, тік сабақты және қауырсыны тақ жапырақты өсімдік. Гүлдері ақ түсті. Қауашағы қысқа, әрі жуандау болып, ішінде 1-3 дән болады. Дәні домалақ пішінді болып, бір қыры сүйірлеу болады. Дәннің сырты бұжыр болады. Ноқат өзара тозаңданатын өсімдік

1. 4 Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері

Ноқат, әсіресе гүлдену және дәндеу кезеңдерінде бұршаққа қарағанда жылу сүйгіштігімен ерекшеленеді, бірақ жас өскіндері суыққа төзімді келеді.

Ноқат өзге бұршақ тұқымдастардан гөрі топырақ ылғалсыздығына және ауа қуаңшылығына шымдамды болады, әрі дән құрттарымен (зерновка) сирек жарақаттанады.

Ноқат- жылуды басқа бұршақ тұқымдас өсімдіктеріне қарағанда көп қажет етеді. Тұқымы 3-4°С температурада өне бастайды. Біркелкі көктеп шығуына ең қолайлы температура 7-8°С. Ноқат өскіндері 8°С дейінгі үсікті көтере алады. Гүлдеу-дән байлау кезеңдеріндегі жоғары температура оның өніміне кері әсер етеді. Ноқаттың дәні 3. . 4 С жылылықта көктей береді. Тәуліктік орташа жылылық 5-6 С болғанда ноқат 20-25 күнде көктеп шығады, жылылық 10-12 С болғанда бұл кезең 10-12 күнге, ал 15 С болғанда 7-8 күнге дейін азаяды. Көгі 8 С дейінгі суыққа шыдайды. Сонымен, ноқат үшін жылылықтың биологиялық минимумы 6-7 0 С. Ноқаттың өніп - өсуі үшін ең қолайлы жылылық 18-22 0 С деп саналады, жоғары жылылық 35 0 С. Бұдан жоғары температурада өсімдіктің өсуі тоқталады, ал ноқаттың сортына байланысты дәннің толық пісіп жетілуі үшін тәулікті орташа жылылығының жалпы жиынтық мөлшері 1100-1400 0 С болады.

Өсіп-жетілу кезеңнің орташа ұзақтығы 70-тен 140- күнге дейін.

Ноқат ылғалға шыдамды өсімдік, сондықтан оны Оңтүстік Қазақстан өңірінің тәлімі топырақтарында өсіруге болады. Оның дәні бөрткен кезде бойына өзінің салмағынан да көбірек ылғал сіңіреді. Бөртуі үшін өз салмағының 60% мөлшеріне дейін ылғал қажет ететін сорттары бар. Өсімдік әсіресе шашақтану-гүлдену кезеңдерінде ылғалды көбірек тілейді. Бұл кезеңде ноқат өнімді жеделдете құрады, бұл тұста ылғалдың тапшы болуы өсімдіктің дамуына кері әсер етеді, өнімін кемітеді. Транспирациялық коэффициенті 350-400.

Ноқат үшін бейтарап немесе әлсізсіл-тілі реакциялы (рН 6-7) қара және қоңыр топырақтар жақсы. Жоғары агротехникада ноқат шымды-күлгін топырақтарда да жақсы өнім береді. Құм, сортаңдау және қышқыл батпақтанған топырақтар ноқат өсіруге жарамсыз.

Өсімдіктің ауа азотын фиксациялаушы қасиетінің болуына байланысты азот элементін тек өсімдіктің алғашқы даму сатысында ғана енгізуді қажет етеді.

Фосфор (Р 2 О 5 ) тамыр жүйесінің дамуын тездетеді, жалпы өнімдері астық үлесін арттырады, қуаңшалыққа төзімділігін күшейтеді, су пайдалану коэффициентін төмендетеді.

Калий (К 2 О) фотосинтездің қалыпты жағдайда өтуіне мүмкіндік жасайды, өсімдіктің ылғал үстау және тамырдың ылғал сіқіру қабілеттерін арттырады, қуаңшылыққа төзімділігін арттырады.

Ноқаттың қоректену элементтерді пайдалануы топыраққа байланысты және орта есеппен (әрбір ц астық пен тиісті сабанға шақканда) азот (N) - 6, 5, фосфор (Р 2 О 5 ) -0, 14 және калий (К 2 О) - 0, 16 кг тең (кесте 1) .

Кесте 1

Ноқаттың сыртқы орта жағдайларына қоятын талаптары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұр шірік
Жабайы кенепшөптен алынған препараттардың биологиялық белсенділігін анықтау
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Ноқат дақылының биологиясы
Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында тәтті бұрыш дақылын өсіру
Шыны майлар мен майға ұқсас заттар
Күздік бидай және қара бидай
Өсімдіктердің індетті (патогенді) ауруларға иммунитеті
Техногенді бүлінген жерлердің жас топырақтарында өсімдіктердің қалыптасу үдерісі
Өсімдіктің зиянкестермен зақымданбауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz