Алдыңғы дақылдың күздік бидайдың өнімділігіне әсері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

Ордабасы ауданы Онтүстік Қазақстан облысының онтүстік жағында оң жақ бетінде орналасқан.
Топырақ жамылғысы негізінде боз топырақтың түрлерінен құралған. Кәдімгі боз, шалғынды-боз бен боз-шалғындық мелиоративтік түрлері құрайды.
Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп-дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып, ұзақ сақталады, сонымен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.
Топырақты өңдеуде мынадай міндеттерді орындайды:
1. Мәдени өсімдіктерге қолайлы факторлармен (су, ауа, жылу, қоректік заттар) қамтамасыз ету үшін топырақтың өңделетін қабатына оптималды түйіршіктер, қолайлы құрылым дайындау.
2. Арамшөптерді жою.
3. Танап топырағына органикалық, минералдық тыңайтқыштарды, химиялық мелиоранттарды, улы химикаттарды енгізу.
4. Ылғалды тапшы жағдайда жинап әрі сақтау, ылғалы мол жағдайда танап топырағынан артық ылғалды оптималды түрге келтіру.
5. Топырақ қабатындағы микробиологиялық процестерге қарқынды әсер етумен қоректіктік заттардың жиналуын, сақталуын жақсарту.
6. Өсімдік шаруашылығындағы дақылдарды зақымдайтын зиянкестер мен ауру қоздырғыштарды жою.
7. Танап топырағындағы оптималды тереңдігіне мәдени дақылдардың тұқымдарын себу.
8. Топырақтың су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру.
9. Шымтопырақты,тың, тыңайтылған танаптағы болмаса қыртысы топырақта өскен көпжылдық шөптер тіршілігін жою.
Күздік бидайға арналған жер топырағын өңдеудің ең жақсы әдісі 10-12 см тереңдікте 2 рет (1 агрегатта тырмамен) дискілеу болып саналады. Осылай өңдеу, әдеттегі 20-22 см тереңдікте жыртудан гектар шығындылығы кем түспейтіндігін, күздік бидай өнімін орта есеппен гектарына 3,7 - 4,3 центнерге арттыратынын көрсетеді.
Топырақты өңдеп , құнарландыру көп нәтиже береді. Сондықтан көп жылдық шөп егілген жер қыртысын, шымтабанын, сол сияқты алғы дәнді дақылдардан кейін жерді кемінде 20-22 см тереңдікте қайырмалы плугпен міндетті түрде жырту қажет, бұдан соң дөңбекпен (каток) бір агрегатталған тырмамен егу алдындағы топырақты жентектеу-тегістеу сияқты өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Күздік бидай себуге арналған шөп танабын, тереңдеп жыртудан екі апта бұрын, 8-10 см тереңдікте қыршуыш культиватормен сыдыра жыртып шығу керек.

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
СНиП 2.06.03.-85 Мелиоративтік жүйелер және құрылымдар - М., 1986. 60 б.
СниП РК 4.01.02 - 2001. Сумен қамтамасыз ету. Сыртқы жүйелер және құрылымдар. Астана; Құрылыс комитеті. ҚР экономика және сауда министрлігі, 2002 ж.
МҮТ 7.32 -2001 мемлекетаралық үлгі - талап. Ғылыми - зерттеу жұмысы жайындағы есеп. Құрылымы мен рәсімдеу ережелері.
МҮТ 7.1 -84. Ақпарат, кітапхана және баспа істері жөніндегі үлгі-талаптар жүйесі. Құжаттың әдеби көрсеткіштер сипаттамасы. Құжат жасаудың жалпы талаптары мен ережелері.
ҚР СТ 1.5-2004 Стандарттардың мазмұны, оны түзу, рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.102-68 КҚБЖ (ЕСКД). Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплекстері.
МЖМБС 2.104-2006 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.201-80 КҚБЖ (ЕСКД). Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.
МЖМБС 7.1-2003. Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен орындау ережелері.
СТ ОҚМУ 4.02-2008 Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
СТ ОҚМУ 7.11-2010 Университет стандарттары. Оқу-әдістемелік процестерді басқару.
ҚҮ ОҚМУ 4.03-2008 Құжаттамалы үрдіс. Құжаттарды басқару.
ӘН ОҚМУ 7.14-2008 Курстық жобалауды ұйымдастыру. Курстық жоба

АНЫҚТАМАЛАР

Агротехника - ауылшаруашылық дақылдарын өсіру тәсілдерінің жүйесі. Оған ауыспалы егіс, топырақ өңдеу, тыңайтқыштар беру, себуге тұқымдарды дайындау, егу және отырғызу, өсімдіктерді күтіп-баптау, зиянкестермен, аурулармен және арамшөптермен күресу, өнімді жинау жатады.
Ауа ылғалдылығы - пайызбен өлшенетін ауадағы су буының мөлшері.
Вегетациялық кезең - өсімдікке толық даму циклінен: тұқымның өнуінен өнімді жинағанға дейін өту үшін қажет мерзім.
Жүзімдік - жүзім егілген танап
Жүзім питомнигі - жүзімкөшеттерінөндіретінжерүлескісі , көшеттік
Телу - бір өсімдіктің (телінуші) жас өркенінің бүршігін (қалемшесін) не көзшесін екінші өсімдікке (телітуші) телу.
Ауыспалы егіс - екпе дақылдар мен жердің ғылыми негізде егіс танаптарындағы белгілі уақыт аралығында алмасып отыруы.
Егістіктің ылғалмен қамтылуы - танаптағы екпе дақылдардың топырақ ылғалына талабын қамтамасыз ету.
Жалпы өнім - белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемі.
Қарашірік - құнарлықты анықтайтын және топырақтың жоғарғы қабатындағы қара қоңыр түсті органикалық зат.
Құрғақшылық - ауаның шамадан тыс температурасы мен аңызақ желдің салдарынан туындайтын жайсыз құбылыс.
Өнімді ылғал қоры - өнімге тікелей әсері бар топырақтағы өсімдіктер пайдаланатын ылғал мөлшері.
Сүрі танап - ауыспалы егістегі ылғал жинайтын және арамшөптермен күрес жүргізілетін танап.
Сыдыра жырту - топырақты қайырмасыз құралдармен жыртып өңдеу.
Сыртқы орта - тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта факторларының жиынтығы.
Тәлімі егіншілік - ауа райының қолайсыз жағдайында өсірілетін дақылдар өнімі көктемгі жауын-шашынға негізделген суарылмайтын егіншілік саласы.
Эрозия - топырақтың жоғарғы құнарлы қабатын желдің ұшырып немесе сумен шайылуы.
Топырақ бұрғысы - жер қыртысының әр түрлі тереңдігінен топырақ үлгілерін алуға арналған құрал.
Тұқымның өнгіштігі - белгілі бір жағдайда тұқымның өніп шығу қасиеті.
Вегетациялық суару - ауылшаруашылық дақылдарын вегетациялық кезеңде жүргізілетін суару.
Диапауза(үзіліс) - жануарлар мен өсімдіктерде тыныштық кезеңі, қолайсыз жағдайларда зат алмасуы төмендеп, тіршілік ету қабілеті сақталады.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ж.ж. - жылдар
ж.б. - және басқалар
т.б. - тағы басқа
га - гектар
ц - центнер
цга - 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері
г - грамм
см - сантиметр
% - пайыз
м - метр
м2 - шаршы метр
м3га - кубометр гектарына
кгга - 1 гектарда килограмм есебі
гсм3 - 1 куб сантиметрдегі грамм есебі
P - фосфор
N - азот
ә.е.з. - әсер етуші зат
с.е. - су ерітінді
э.к. - эмульсиялы концентрат
тг - тенге
тгга - 1 гектарға жұмсалған тенге

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1. Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.1 Өткізілген орыныға сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2 Аймақтың топырақ-климат жағдайларының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... 12
2 Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Күздік бидайдың өсіп-өнуіне алдыңғы дақылдың әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ..14
2.2 Алдыңғы дақылдың күздік бидайдың өнімділігіне әсері ... ... ... ... ... ... ... .1 5
2.3 Күздік бидай Стекловидная-24 құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.4 Күздік бидайдың Стекловидная 24 сортының сапасына алдыңғы дақылдың әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

КІРІСПЕ

Еліміздің ауыл шаруашылығы саласының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, әрі сапалы өнім алып қана қоймай, топырақ құнарлығын жоғарылату болып табылады.
Бұл міндеттерді шешуде ауыл шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізін жасай, оның ішінде тыңайтқыштардың тиімді мөлшерін, мерзімін, себу тәсілін қолдану басты рөл атқарады.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы негізгі дақылдардың бірі күздік бидайдың егістік көлемі осы аймақта 600 мың га шамасында, осы дақылдарға құрылған ауыспалы егістік пен тыңайтқыштар жүйесі сақталмауы салдарынан оның өнімділік деңгейі 20 цга аспайды.
Қазіргі кезде көптеген ғылыми зерттеу тәжірибелерінің нәтижелері ауыспалы егістік пен тыңайту жүйесін дұрыс құрғанда күздік бидайдан мол әрі сапалы өнім алуға болатындығын дәлелдеп отыр.
Осы жұмыста күздік бидайдың Стекловидная - 24 сортына қолданылған минералдық тыңайтқыштардың оның өнімділігі мен сапасына әсерлері және экономикалық жағынан тиімділіктері жөнінде толық деректер келтіріліп отыр.
Алдыңғы дақыл сапалы астық өндіруде үлкен рөл атқарып отыр. Масақтық астық өндіруде егістіктерге сапалы дән егілсе гектарына 3-4 центнерден артық өнім алынатындығы ғылыми зерттеулердің нәтижелері, алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың деректерімен дәлелденген мәселе.
Бір сортты ұзақ жылдар бойы егу тұқымның сапасын төмендетуге әкеліп соғады, себебі ол механикалық зақымданады және биологиялық ластануы мүмкін. Агротехникалық шаралардың толық орындалмауы да дәннің сапасын төмендетеді. Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу мекемелерінің шығарған жоғары өнімді және сапалы сорттары өндіріске қарқынды енгізілуде.
Оңтүстік Қазақстан облысы егістіктерінің 25% масақтық астық өндірумен айналысып келеді. 219 мың гектар жерге жыл сайын 5,5-6,0 тонна көлемінде элиталық астық қажет. Осы элиталық астық тұқымын алуда Оңтүстік Қазақстан облысында алдыңғы дақылдың маңызы өте жоғары.
Қазақстанда күздік дақылдар оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда орналасқан, жалпы алғанда астық дақылдары 16934 мың гектарға егілсе, оның 578 мың гектарын күздіктер алып жатыр, ал оның 536,5 мың гектарына күздік бидай себіледі, басқа күздік дақылдардың үлесі 42 мың гектар ғана, оның көпшілігі Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында орналасқан Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда тәлімі және суармалы жерлерінде егіледі.Күздік бидайдың жаздық бидайға қарағанда өнімділігі жоғары, себебі дақыл күзде және ерте көктемде түсетін жауын-шашынды өте тиімді пайдаланады.

АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Өткізілген орынға сипаттама

Тәжірибе жүргізу әдістеріне және алдымызға қойылған алқаптың тәжірибе ауданы өндірістік кәсіпорында жүргізілді. Өндірістік кәсіпорынның топырағы ежелгі суармалы сұр топырақ.
Бізде сұр топырақ (Банков 1935, Розанов 1951) мәліметтерге қарағанда теңіз бетінен 350-550 м биіктік аралығында ойлы, қырлы, тегістік жерлерді алып жатады.
С.А. Кудрин (1949ж), М.А.Панков (1935 ж), А.Н.Разанов (1951 ж) мәліметтеріне сүйенсек сұр және сұрғылт топырақ төмендегідей қасиеттерге ие, қарашірік қабатының күшсіз, топырақта минералды түйіршіктердің кем ыдырауы, минералды каллоидтардың өте кем болуы, кальцийдің көбірек болып корбанатты болуы. Жер асты ыза сулары 1,5-2 метрді құрайды, көктем, күз айларында ыза суы 0,6-1,0 метрге дейін көтеріледі. Бұл жағдай қазіргі кездегі алдыңғы дренаждардың істен шығуына байланысты болса керек. Климаттың жағдайына келетін болсақ Мақтаарал ауданы климаты ауыл шаруашылығы егіндеріне қолайлы болып келеді. Аязсыз күндердің кем болуы сондай-ақ суландыру жүйелері жеткілікті болғаны үшін мақта, жүгері, жоңышқа, тамыр жемісті өсімдіктерден мол алуға үлкен жағдай жасайды.
Біз тәжірибе алқаптарына жалпы климаттық жағдайына сипаттама беруге елді мекен метерологиялық станициясының мәліметтерінен пайдаландық. Аудан климаттық жағдай (Панков 1935, Разанов 1951) мәліметтеріне қарағанда құм-шөлді зонаға тиісті ерекшеліктердің бірі жауын-шашынның кем болуы. Оның да көбірек мөлшері көктем, күз айларында дұрыс келеді. Метерологиялық мәліметтерге сүйенсек жаз айлары құрғақ және ыстық келеді. Тәуліктік температура амплитудасы тұрақсыз болып күндіз және түнда өзгеріп тұрады. Жыл бойы ашық бұлтсыз күндер көп болады. Аязсыз күндер мөлшері 200 күннен артық, жалпы көпжылдық мәліметтерге қарасақ, жылдық жауын-шашын мөлшері 282 мм болып соның ішінде 34-40% қыста, 38-40% көктемде және күзде 15-19% дұрыс келеді. Жалпы жылдық температура орташа 12-14 градус болады.
Абсолют ауаның минимум (төменгі) температурасы орташа 9,0-дан 30ºС-қа дейін ауытқып тұрады. Соың ішінде температураның өте ыстық, жоғары кезеңі (45ºС) шілде айына дұрыс келеді (1 кесте).

Кесте 1- Тыңайтқыш себілетін кезеңдері

рн
Тәжірибе
варианттары
Тыңайтқыш себілетін кезеңдері

Жерді аударудан
алдын
Көктемгі түтіктену кезеңінде
1
Бақылау (тыңайтқышсыз)
-
-
2
N30Р30К30
N30Р30К30
-
3
N30Р30К30 + N30Р30
N30Р30К30
N30Р30
4
N30Р30К30 + N60Р60
N30Р30К30
N60Р60

Топырақтағы жалпы фосфор және калий Мешеряков әдістерінде атқарылды.
Егілген бидайдың өсіп өркендеуі және өнімділігін зерттеу үшін бақылаулар және биометриялық өлшеулер төмендегі әдіс нұсқаулардан пайдаланылды.
oo тұқымның далалық жағдайда өнгіштігі, өсімдіктердің қыстап шығуы, одан кейінгі және өнімді жинаудан алдыңғы өлшем және саны 0,5м2 ауданда, вариан бойынша 5 нүктеден анықталып орташа есепке алынды.
oo топырақ беткі көлемі, өсу динамикасы фотосинтез таза өнімділігі А.А.Нигопорович және басқалар (1961), И.С.Шантилов (1975) әдістері бойынша анықталды.
oo суда еритін қант мөлшерін өсімдіктің жер үсті бөлігінде Сакслет әдісімен анықталды.
oo өсімдіктердің құрғақ салмағы өсіп-өркендеу дәуірлері бойынша әрбір қайталаудан 10 дана өсімдік алынып анықталды.
oo күзгі бидай түптенуі, түктердің өнімділігі агротехникалық әдістерге байланысты зерттеу мақсатында әрбір варианттан 20 дана өсімдік алынып, олардың негізгі және жанама сабақтары өсу дәуірлері бойынша алынып талқыланды.
oo өсімдіктердің түп саны қалыңдығы анықтау үшін ажыратылған алқаптардан баулар алынды.
oo алынған бау үлгілерінен лаборатория жағдайында өсімдік бойы, сабағы , өнімділігі, масақ ұзындығы, масақтағы масақшалар саны және олардағы дән саны, бір масақтағы дән салмағы анықталды.
oo мың дана дән салмағы, дән шынылығы, клейковина (уызы) мөлшері лабораторияда анықталды. Дәндегі ақуыз мөлшері Барништейн бойынша, жалпы ақуыз мөлшері Къелдал әдісімен анықталды.
oo экономикалық тиімділігі есептеу жолымен анықталды.
Тәжірибе жүргізуден алдын топыраққа агрохимиялық сипаттама беру үшін топырақтан үлгі алынды.

1.2 Аймақтың топырақ-климат жағдайларының ерекшеліктері

Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ-климат жағдайы, жер бедері әртүрлі болуымен ерекшеленеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының климаты өзінің ерекшелігімен, яғни тез құбылмалылығымен, күн сәулесінің радиациясы және жылылығымен ерекшеленеді.
Қысы жылы, қысқа, әлсін-әлсін жылымықты,қар аз жауады және ұзақ жатпайды. Тәуліктік орташа температурасы 0˚С-ден асатын жылы кезеңнің ұзақтығы облыстың солтүстігінде 8 айға тең және оңтүстігінде 10 айдан асады.
Ауаның жылдық орташа температурасы 8-9 ˚С-ден 14˚С-ге дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай жоғары көтеріліп, өзгеріп тұрады. Температураның режиміне сипаттама беру үшін ауаның айлық және жылдық орташа температуралары 1-ші кестеде келтіріліп отыр.
Тәжірибе жүргізілген жылдары ауаның жылдық орташа температурасы көпжылдықпен салыстырғанда орта есеппен 1,4°С жоғары болып, ауаның айтарлықтай жылығаны байқалды
Қаңтар-жылдың ең суық айы, ондағы орташа температура облыстың аумағында -1˚С-ден 10˚С-ге дейін ауытқиды. Жекелеген жылдары температураның абсолюттік минимумы -30-35˚С-ге дейін, ал кейбір аудандарда тіпті -38- 39˚С-ге дейін жетеді (кесте 4)

Кесте 2- Ауаның орташа айлық және жылдық температурасы, 0С

Көрсеткіштер

Айлар
орташа бір жылдық ауа температурасы, 0С

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Көп жылдық
-9,6
-2,9

12,8

15,1

21,1

26,9

28,1

27,8

19,6

13,0

6,0

1,5

13,3
2016
-2,6
-0,3

5,4

12,8

18,7

23,2

26,1

2,5

19,1

11,9

4,8

0,0

13,4

Қардың түсуі және оның қалыңдығы жылдық ауа райына байланысты өзгеріп отырады. Бірінші қар желтоқсанның басында жауады, бірақ мөлшері онша көп емес. Қардың басым көпшілігі нағыз қыс айларында, яғни қаңтар-ақпан айларында түседі.
Қар қабаты тұрақты емес, қыс соңында оның орташа қалыңдығы 25см-ге жуық. Ең суық айлар қаңтар-ақпан, оны 6-шы кестеде келтірілген деректерден көруге болады.
Кесте 3- Қысқы айлардағы қардың орташа қалыңдығы, см

Көрсеткіштер
Айлар
Қардың орташа қалыңдығы

Желтоқсан
қаңтар
Ақпан

І
ІІ
ІІІ
І
ІІ
ІІІ
І
ІІ
ІІІ

Көпжылдық деректер бойынша
2016 жыл

3

4
6

10
8

10
10

16
13

19
15

20
15

17
15

17
16

19
11,2

15,7

Көктем ерте шығып, наурыз айында жылы жаңбырға ұласады. Көктемгі соңғы үсік наурыз айының екінші онкүндігінде болады. Күн сәулесінің тез жылуына қар сулары топыраққа сіңіп үлгере алмай сай-салаға ағады (кесте 7).

Кесте 4- Аязсыз мезгілдің ұзақтығы, күн

Көрсеткіштер
Көктемгі соңғы үсік
Күзгі бірінші үсік
Аязсыз мезгілдің ұзақтығы
Көпжылдық деректер бойынша

23. ІV
17. Х
180
2016 жыл

27.ІV
23. Х

185

Осы 4-шы кестені талқылай келіп, тәжірибе станция жағдайында көктемгі ең соңғы суық сәуір айының үшінші онкүндігінде тоқталатынын байқауға болады.

2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

2.1 Күздік бидайдың өсіп-өнуіне алдыңғы дақылдың әсері

Өсімдіктің өсіп-өнуі кезеңінде (көктеуден толық пісу кезеңіне дейін) бірнеше фенологиялық кезеңдерінен өтеді. Олардың жаңа органдар түзуі және морфологиялық құрылымының өзгеруіне (жапырақ, сабақ, генеративтік мүшелері) байланысты. Көнтеген әдебиеттердің мәліметтері бойынша, күздік бидайдың вегетациялық кезеңінің ұзақтығы сорттың биологиялық ерекшеліктеріне, өңделген ауданға байланысты орташа 140-280 тәулік аралығында ауытқиды.
Күздік бидайдың өсіп-өнуіне жүргізілген бақылау нәтижелері көрсеткендей өсімдіктің өсу кезеңінің сорттың ерекшелігіне, вегетациялық кезеңнің метеорологиялық жағдайына байланысты.
Күздік бидайдың өсіп-өнуінің алғашқы екі кезеңі (қолайлы жағдайда) күзде, қалған кезеңдерді келесі жылдың көктем, жазында өткізеді. Көктеу кезеңінің басында енгізілген тыңайтқыштардың және климаттық жағдайлардың әсері мол.
Өсімдіктің өсу кезеңі органогенездің 12 этапына бөлінеді, яғни өсу кезеңдерінде тыңайтқыш енгізу мерзімін анықтауға, мерзімінен бұрын өсімдіктің өсіп-өнуінің сипаттамасын алуға болады [7].
Күздік бидайдың Стекловидная-24 сортына өсіп-өну кезеңіндегі жүргізілген фенологиялық бақылау бойынша күздік бидайдың өсу кезеңі алдыңғы дақылға және маусым кезеңіндегі метеорологиялық жағдайларға байланысты болды, 7-ші кестеде көрсетілгендей.

Кесте 5- Күздік бидайдың өсіп-өну кезеңіндегі алдыңғы дақылға байланысты фенологиялық кезеңдерінің ұзақтығы

Нұсқалар
Түтіктену
Масақтану
Пісу кезеңі
Өсу кезеңінің ұзақтығы, тәулік

сүттеніп
Қамырла-нып
толық

Пар
15.04
27.05
19.06
30.06
19.07
292
Көк бұршақ
16.04
28.05
21.06
1.07
22.07
294
Сүрлем жүгері
16.04
28.05
21.06
1.07
22.07
294
3 жылдық жоңыш-қаның қыртысы
15.04
30.05
22.06
2.07
23.07
290

Зерттеу жұмыстары жүргізілген жылдары тұқым себу мерзімі қыркүйек айының жартысында (23-ші жұлдызында) жүргізілді. Дәннің көктеуі негізінен ауа температурасына және алдыңғы дақылға байланысты болды. Күзде күздік бидайдың түптенуі барлық алдыңғы дақылдарда қысқа өтуі жақсы болды. Зерттеу нәтижелеріне алдыңғы дақыл пар болғанда тәжірибе танабында көктеу және түптену кезеңдерінде нұсқалар арасында айтарлықтай айырмашылық болған жоқ. Ал түтіктену кезеңінен бастап тәжірибе танаптарындағы нұсқалар арасында айырмашылықтар байқалды. Көктемгі, жазғы кезеңдерде алдыңғы дақылға және климат жағдайлары басқа кезеңге өтуіне қолайлы әсер етті.
Ескерту: I-көктемде, II-түтіктену кезеңінде, III-масақтану кезеңінде
Келесі кезең ерте көктемде 14 сәуір туды, яғни көктеу кезеңі үшін алдыңғы дақыл өсу кезеңінің тұқымының жақсы түптеніп, жақсы қыстап шығуына қолайлы әсер етті.
Сонымен қатар енгізілген алдыңғы дақыл өсімдіктің жақсы түптеуіне қолайлы жағдай туғызады және пар мен жоңышқа алдыңғы дақыл болғанда тиімділігі жоғары болды. Өсу кезеңінің ұзақтығы алдыңғы дақыл пар және жоңышқа болғанда, басқа алдыңғы дақылдармен салыстырғанда бір күнге, ал жоңышқа болғанда 1-2 күнге ауытқыды. Түптену кезеңінде пар болған жағдайда 3 күнге, ал масақтану кезеңінде осы нұсқаларда 5 күнге айырмашылық болды.
Үш жылдың орташа мәліметтері бойынша зерттеу жылдарында жазғы кезеңде түскен жауын-шашынның мөлшері жоғары, осыған байланысты алдыңғы дақылдардың да тиімділіктері жоғарылауына байланысты масақтану кезеңінің ұзақтығы 42 тәулікке дейін ұзарды. Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері бойынша өсу кезеңінің ұзақтығы - себуден толық піскенге дейін 2 жылдың орташа мәліметіндегі нұсқалар бойынша 290-294 тәулік аралығында болды.
Күздік бидайдың өсіп-өну кезеңінде пар мен жоңыршқадан кейін басқа нұсқасымен салыстырғанда 2-3 тәулікке өсу кезеңінің ұзарғаны байқалды.

2.2 Алдыңғы дақылдың күздік бидайдың өнімділігіне әсері

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудың негізгі шарттарының бірі - дақылдарды өсіруде қарқынды, экономикалық тиімді технологияны өндіріске енгізу, оның ішінде тыңайту жүйесін ғылыми негізде қолдану ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырумен қатар сапасын да жақсартады.
Зерттеу жұмысының негізгі көрсеткіші - ол дақылдың өнімділігі. Дақылдың өнімділігі барлық факторларға тікелей байланысты. Қазіргі таңда аз шығын жұмсап, көп өнім алу әрбір фермер мен шаруа қожалықтары үшін өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан экономикалық тиімді технологияны өндіріске енгізу, сонымен қатар тиімді тыңайту жүйесін ғылыми негізде қолдануды қажет етеді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін ұлғайтып, түсімін арттыру керек.
Осыған байланысты талапқа сай қазіргі заманғы ғылым мен техника жетістіктерін, озат тәжірибені кең қолдану негізінде егісті интенсивті технологиямен өсіру болып табылады.
Дақылдарды өсірудің технологиялық әдістемесін дұрыс сақтамаудың әсерінен дән өнімділігі төмендейді.
Астық дақылдары егісінде тиімді тыңайту жүйесі - бұл өсімдікті қоректік элементтермен қамтамасыз етіп қана қоймай, дақыл дамуының белгілі бір кезеңінде өсімдіктердің орган түзілу процестерін қалыптастыруға бағытталған тыңайтқыш әсеріне негізделуі тиіс. Тыңайтқыштардың жоғары тиімділігіне аймақтың топырақ-климат жағдайларын, алғы дақылдар мен топырақ құнарлылығы деңгейін ескеріп, дұрыс пайдаланғанда қол жеткізуге болады.
Дақылдардан мол өнім алу үшін топырақта оларға қажетті минералды және органикалық заттар қажетті мөлшерде болуы қажет, ол үшін жақсы алдыңғы дақылдар енгізу агротехникалық маңызды шара болып табылады, 3-ші кестеде көрсетілгендей.

Кесте 6- Күздік бидайдың өнімділігіне алдыңғы дақылдың әсері

Нұсқалар
Өнімділік, цга

2009
2010
орташасы
Пар
23,6
41,6
32,6
Көк бұршақ
19,4
28,2
23,8
Сүрлем жүгері
17,7
27,9
22,8
Үш жылдық жоңышқа қыртысы
28,4
40,6
34,5
ЕАЕА095 цга
1,23
1,88
1,98

Күздік бидайдың өнімділігіне алдыңғы дақылдың әсері 3 кестеде көрсетілген. Бұл кестенің мәліметтері бойынша алдыңғы дақыл пар болған жағдайда орташа өнімділігі 32,6 ц болды, ал сүрлем жүгері мен көк бұршақ болған жағдайда көрсеткіштері 22,8-23,8 цга. Жоңышқаның үш жылдық қыртысынан кейін күздік бидайдың өнімділігі 34,5 цга. Пар мен жоңыршқа алдыңғы дақыл ретінде қолданылғанда күздік бидайдың өнімі жоғары болды, бірақ жоңыршқадан соң пар алдыңғы дақыл болғандағыдан 2 цга өнім жоғары болды. Бұл жағдайды біз жоңышқаның үш жылдық қыртысынан соң қоректік заттардың мол болғанынан және топырақтың құрлысының жақсарғанынан деп түсінеміз.
Қорыта келгенде Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы жағдайында ең жақсы алдыңғы дақыл болып жоңышқа мен пар есептеледі деп ойлаймыз.

2.3 Күздік бидай Стекловидная-24 құрылымы

Дәнді дақылдар егістігінде жоғары өнім түзу - өнім құрылымының элементтеріне тірелей байланысты. Күздік бидай өнімділігіне әсер ететін негізгі компоненттер: өнімді түптеу, бір масақтағы дән саны, бір масақтағы дән салмағы, 1000 дәннің салмағы. Оның ішінде негізгісі болып масақтағы дән саны саналады. Күздік бидайды азот тыңайтқыштарымен қоректендіру масақтың ұзындығын ұлғайтады. Масақ өнімділігі және оның ұлғаюына әсер етеді, яғни ол дән өнімділігінің жоғарылауына мүмкіндік береді.
Күздік бидай өнімін жинау қарсаңында өнім құрылымы нақты дәрежеде өсімдіктің қоректену жағдайына байланысты болды.
Зерттеу нәтижелерінде фосфор аясында азот тыңайтқыштарын енгізу мерзімі, мөлшері, тәсілдерінің өнім құрылымына әсері берілген. Күздік бидайға қолданылған минералды тыңайтқыштар, оның тек өнімін жоғарлатып қана қоймай, оладың сапа көрсеткіштерінің өзгеруіне де әсерін тигізеді.
Суармалы ашық қара-қоңыр топыраққа азот пен фосфор тыңайтқыштарын қолданғанда күздік бидайдың өнімділігі 37 %-ға жоғарылаған.
Күздік бидай құрғақ затты жинақтаған кезде азотты интенсивті түрде сіңіреді. Күздік бидайдың түптену фазасымен дәннің толық пісуіне дейін азотпен жақсы қамтамасыз етілуі оның өнімділігін көбейтеді.
Ғылыми зерттеу мекемелерінің мәліметтері бойынша, күздік бидайды суармалы жерлерде тыңайтқыш қолданбай өсірсе, онда бұл дақылдың дәндерінің құрамындағы белок пен клейковинаның мөлшері азайып, нанның сапасы төмендейді.
Азот тыңайтқыштарының өнім құрылымына әсері 9-шы кестеде берілген. Жалпы түптену бақылау нұсқасында 2,6, ал басқа салыстырмалы нұсқаларда 3,0-3,8 бірлікке дейін ауытқыды, 4-ші кестеде көрсетілген.

Кесте 7- Алдыңғы дақылдың күздік бидай өнім құрылымына әсері,

Нұсқалар

Өсімдік 1 м2 дана
Түптеу, дана
Бір өсімдіктегі дән салмағы, г
1000 дән салмағы, г
Биоло-гиялық өнім,
цга

жалпы
өнімді

Пар
118
3,7
3,4
1,66
42,8
35,6
Көк бұршақ
108
2,8
2,5
1,43
39,1
25,8
Сүрлем жүгері
106
2,9
2,4
1,44
39,0
24,1
Үш жылдық жоң-ышқа қыртысы
120
3,8
3,4
1,68
43,4
36,7

Алдыңғы дақылдық әсрінен масақтағы дән саны мен оның салмағы артты. 1000 дәннің салмағы түтіктену кезінде масақтану кезінде берілген нұсқада 42,8 г болды.
Масақтың салмағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік жұмсақ бидайдың суыққа төзімділігі
Күздік бидай сорттарының салыстырмалы дән өнімділігі және оның құрылымы
Күздік бидай - әлеуеті зор дақыл
Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі егіншілігінде биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің күздік бидайдың өнім құрылымына әсері
Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай
КҮЗДІК АСТЫҚТАР ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы. Өсіру технологиясы
Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері туралы
Күздік қара бидай
ОҚО, Аксукент ауылы жағдайында күздік бидай дақылынан жоғарғы өнім алудың технолгиясын жасау
Пәндер