Көкөніс дақылдарының ішінде қызанақ дақылы өте бағалы


МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер
Дипломдық жұмысты дайындау кезінде мынадай үлгі-талаптарға сілтемелер жасалды:
1. МҮТ 7. 32 -2001 мемлекетаралық үлгі -талап. Ғылыми -зерттеу жұмысы жайындағы есеп. Құрылымы мен рәсімдеу ережелері.
2. МҮТ 7. 1 -84. Ақпарат, кітапхана және баспа істері жөніндегі үлгі-талаптар жүйесі. Құжаттың әдеби көрсеткіштер сипаттамасы. Құжат жасаудың жалпы талаптары мен ережелері.
Анықтамалар
Ауыспалы егіс - екпе дақылдар мен жердің ғылыми негізде егіс танаптарындағы белгілі уақыт аралығында алмасып отыруы.
Егістіктің ылғалмен қамтылуы - танаптағы екпе дақылдардың топырақ ылғалына талабын қамтамасыз ету.
Жалпы өнім - белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемі.
Қарашірік - құнарлықты анықтайтын және топырақтың жоғарғы қабатындағы қара қоңыр түсті органикалық зат.
Құрғақшылық - ауаның шамадан тыс температурасы мен аңызақ желдің салдарынан туындайтын жайсыз құбылыс.
Өнімді ылғал қоры - өнімге тікелей әсері бар топырақтағы өсімдіктер пайдаланатын ылғал мөлшері.
Сүрі танап - ауыспалы егістегі ылғал жинайтын және арамшөптермен күрес жүргізілетін танап.
Сыдыра жырту - топырақты қайырмасыз құралдармен жыртып өңдеу.
Сыртқы орта - тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта факторларының жиынтығы.
Тәлімі егіншілік - ауа райының қолайсыз жағдайында өсірілетін дақылдар өнімі көктемгі жауын-шашынға негізделген суарылмайтын егіншілік саласы.
Эрозия - топырақтың жоғарғы құнарлы қабатын желдің ұшырып немесе сумен шайылуы.
Топырақ бұрғысы - жер қыртысының әр түрлі тереңдігінен топырақ үлгілерін алуға арналған құрал.
Тұқымның өнгіштігі - белгілі бір жағдайда тұқымның өніп шығу қасиеті.
Тыңайтқыштың әсерлі заты - тыңайтқыш құрамындағы өсімдік сіңіре алатын элемент мөлшері.
Фенология - табиғаттағы маусымдық құбылысты және оның ауа райы ерекшелігімен байланысын зерттейтін ғылым саласы.
Белгі
- өсімдік құрылымының шаруашылықта пайдалы және тиісті
құралдармен өлшенетін немесе көріп бағаланатын нақты сипаты.
Дақыл - белгілі бір мақсатта пайдалану үшін мәдени егісте өсірілетін өсімдік түрі.
Сорт
- белгілі бір дақылдың тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда
өсіру үшін өнім мөлшері мен сапасын арттыру мақсатында селекциялық жолмен сұрыпталған және тұқымы жүйелі көбейтілген, шығу тегі бойынша туыстас және морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша ұқсас өсімдіктерінің тобы.
Технология - нақты топырақ-климат жағдайында тиімді мөлшерде және сапалы өнім алу мақсатында арнайы ғылыми-зерттеу нәтижесінде әзірленген белгілі бір дақылды өсіру тәсілдерінің жиынтығы.
Белгілер мен қысқартылған сөздер
Дипломдық жұмыста төмендегідей белгілер мен қысқартылған сөздер пайдаланылды:
ж. ж. - жылдар
ж. б. - және басқалар
т. б. - тағы басқа
ц/га - 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері
см - сантиметр
% - пайыз
м - метр
ц - центнер
АШҒЗИ - ауыл шаруашылығы ғылыми -зерттеу институты
г/см 3 - 1 куб сантиметрдегі грамм есебі
< - кіші
> - үлкен
ҒЗИ - ғылыми-зерттеу институты
млрд. - милиард
P - фосфор
N - азот
кг/га - 1 гектарда килограмм есебі
ә. е. з. - әсер етуші зат
с. е. - су ерітінді
э. к. - эмульсиялы концентрат
с. д. т. - суға дайындалған түйіршік
т. с. с. - тағы сол сияқты
КІРІСПЕ
Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту арқылы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ауылда тұратын еліміздің 47 пайызға жуық халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру сияқты екі үлкен проблеманы шешуге қол жеткізіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін еліміздің негізгі аймақтарының бірі болып саналады.
Облыстың топырақ-климат жағдайлары бұл аймақта ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық түрін, көкөністен бастап цитрустық дақылдарға дейін өндіруге қолайлы болып келеді.
Егіншілік - аймақтың ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің негізгі саласы.
Ерте заманнан бері адамзат баласы кеңінен қолданып келген көкөністердің тағамдық қасиетіне ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағынада көңіл бөлген. Қазіргі кездегі "дәрі ауруы" аллергиясының пайда болуы, қорғаныштықтың (иммунитеттің) төмендеуі сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты мұның маңызы арта түспесе, кеміген жоқ. Ескі қолжазбалардан көкөніс дақылдарын ертеден тағамға пайдаланғандығын біле аламыз. 40-60 жылдарда академик В. И. Эдельштейн өзінің еңбектерінде көкөністерді "Денсаулықты сақтаудың қайнар көзі" деп жазса, академик Е. П. Леонтович "Тағамның музыкасы" деген.
Әр халықтың даналығы мен адамзатгың ғасырлар бойы жинаған эмпириялық тәжірибесі фитотерапияның шексіз қазынасына айналған. Бұлардың емдік құрамын құнды мәліметтермен үнемі толықтырып отыру адамдардың тағамдық және емдік мақсатта пайдалану мүмкіндігін кеңейтеді.
Көкөніс дақылдарының тағамдық, шипалық сырына анағұрлым терең үңілу, химиялық құрамын ғылымның бүгінгі жетістіктері деңгейінде анықтап алу, олардың (профилактикалық) сақтандырғыш дәрі (олардың көбі аса мәнді дәрумендер), емдік сақтандырғыш (диетикалық-жеңіл сіңімді қасиеттері негізінде) және әр түрлі ауруларға емдік дәрі ретінде, сондай-ақ, ерекше емдеу арқылы терапиялық әсерін күшейту үшін пайдаланылуда. Көкөніс дақылдарымен маусымдық емдеуді көбіне курортқа теңейді. Жеміс түрлерінің дәмділігі және олардың құрамындағы дәрумендердің, микроэлементтердің, тұздардың, қышқылдардың сан алуан болуы жағынан алып қарағанда, оларды тағамды сіңіру процесінің күшті химиялық реттеушісі деуге болады. Жүрек-тамыр жүйесі ауырған кезде, жүйке жүйесі нашарлап, жұқарған кезде нығайту дәрісі ретінде де пайдаланады. Гипертонияны - қан кысымын емдеу саласында сарымсақ терапиясын Жапония мен Қытайда кеңінен пайдаланады. Көптеген ауруларды (тұмау, жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда, тістердің еттері, терінің іріндеуі) емдейтін әрі сақтандырғыш (профилактика) жасайтын фитонцидтік қасиеттері бар әр алуан көкөністерді пайдалану арқылы фитонцидотерапия да өмірде кең орын алуда.
Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық денгейлерде жүйелі қолдану көрсетуде одан ары шаралар қолдануды тапсырамн. Шикізат өндіруге айрықша назар аудару қажет деп атап өтті. Аул шаруашылығнда жемс- көкөніс шаруашылығда маңзды орын алады.
Жеміс-көкөністің маңызы, оның пайдалылығы азық-түліктік, емдік, диеталық қасиеттері адамға өте ерте заманнан белгілі болған. Жасаң немесе қайта өңделген жемс-көкөніс азық - түлік және халық емшілігінде сан ғасырлар бойы пайдаланылып келеді.
Менің дипломдық жұмысым " Қызанақты маринадтауға тиімді сорттарды таңдау " мұнда алдымен жеміс-көкөністің негізгі ерекшелігін айтар болсам олардың құрамында су мөлшері жоғары болады. 80% 90% ал қияр, қызанақ, салат сияқты дақылдарда су 97% - 98% дейін жетеді. су көп жеміс-көкөністердің клеткаларында тіршілік проссестері, неше тұрлі химиялық прасестер жоғары жылдамдықпен өтеді. С ондықтан жеміс-көкөністер тез ескіріп тез бұзылады.
Жаз, күз айларында біз қызанақты жас күйінде тұтына аламыз. Алайда қыс айларында ондай болмайды. Сол үшін қызанақты маринадтаймыз. Бұл өте қолайлы әрі тиімді болып табылады.
Қазір елімзде санаулы заводтар ғана жеміс - көкөніс шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жұмысымен айналысады. Бірақ бұл заводтар бізге аздық етеді, халықтың әл ауқаты жақсарған сайн олардың тұтыну өресі де жоғарлайды, ал сол себепті осы қажетті өнімдерді біз срттан әкелмей өз мемелекетімызде өндіруіміз керек.
1АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Оңтүстік Қазақстан облысының ауа-райы ерекшеліктері
Оңтүстік Қазақстан облысынының топырақ -климаттық жағдайы алуан түрлі бедерлігімен ерекшеленеді. Талас Алатауы мен Тянь-Шань тауының батыс тау сілемдерімен облыстың солтүстік -батыс жағы құмды шөлейт Бетпақ дала жазығымен жалғасып жатады. Оңтүстік -Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе егіс алқабы шамамен теңіз деңгейінен 650-800 м биіктікте орналасқан.
Оңтүстік Қазақстан облысының климаты ерекше мінезімен тез құбылмалығымен, күн сәулесінің радиациясы және жылылығымен ерекшеленеді. Орташа суықсыз кезеңі 245-265 күнге созылып, яғни 0 0 жоғары температура 8-10 айды құрайды. 2013-2015 жылдары қыс айларында агрометрологиялық жағдай температураның күрт төмендегенімен қардың көп көлемде түсуімен ерекшеленді.
Алғашқы қар жамылғысы зерттеу жүргізілген 2013-2015 жылдары қараша айының II декадасының соңғы күндері түсіп, ал 2009 жылы желтоқсан айының II декадасында жауған қар ақпан айының соңғы декадасына дейін сақталып наурыз айына дейін жатты. Ең жоғарғы қар жамылығысының биіктігі қараша-қаңтар айларында 23-45см жетіп, зерттеу жүргізген жылдары топырақ қабатында тоң қату болған жоқ, сондықтан күздік бидай қар жамылғысының астында қолайлы жағдай қалыптасқандықтан одан әрі даму процестері жүріп жатқандығы белгілі болды.
Көпжылдық көрсеткіштермен салыстыра қарағанда 2013-2015 жылдары сәуір-мамыр айларындағы түскен жауын-шашын мөлшері біркелкі болып, күздік бидайдың бас шығару және сүттеніп пісу кезеңдерінде ылғал жеткілікті болып, өнімнің де жоғары болуына септігін тигізді. Ал, 2015 жылғы көктем айларында құрғақшылық болып, түскен жауын-шашын мөлшері күздік дақылдарға нағыз ылғал қажет кезінде 22, 0-58, 3 мм құрады, бұл көрсеткіш орташа көпжылдыққа қарағанда 1, 5-2, 0 есе аз болғанын көрсетеді (1-кесте) .
Көпжылдық орташа мәліметтер бойынша жауын-шашын түсімінің жиынтығы - 515 мм, оның ішінде 40, 0 % көктемде, жазда - 5, 2 %, күзде - 18, 6% және қыста - 36, 2% түседі. Зерттеулер жүргізілген 2013-2015 ауыл-шаруашылық жылы - 81, 9 мм немесе 13, 2% - күзде, 262, 5 мм немесе 39, 2% - қыста, 154, 5 мм немесе 23, 1% - көктемде, 36, 5 мм немесе 5, 5% - жазда жауын-шашын түсті, 2007-2009 ауылшаруашылық жылы бұл көрсеткіштер төмендегі-ше деңгейде болды: 208, 2 мм немесе 31, 1% - күзде, 212, 6 мм немесе 37, 3% - қыста, 201, 1 мм немесе 35, 2% - көктемде, 7, 7 мм немесе 1, 3% - жазда жауын жауған, ал 2013-2014 жылдары тиісінше 91, 4 мм немесе 18, 1% - күзде, 231, 8 мм немесе 52, 6% - қыста, 123, 3 мм немесе 28, 0% - көктемде, 5, 6 мм немесе 1, 3% - жазда жауын түскен. Яғни қыс және көктем айларында 70-80% жыл бойы түсетін жауын-шашын мөлшері түссе, күз айында небары 13, 2-18, 6% жаңбыр
Кесте 1
Зерттеу жүргізілген 2014-2015 жылдардағы («Шымкент» АгроМетеостанциясының мәліметтері бойынша)
жауатыны айқындалды. Осы себептен күздегі далалық жұмыстарды уақтылы және сапалы жүргізу үшін әр жылы көптеген қиындықтар мен кедергілер туындайды. Демек, егіншілік жүйесінде күз айларында жүргізілетін агротехникалық шараға барынша шығынды аз жұмсау бағытын қалыптастыру керектігі өндірістің бүгінгі талабы екені аян.
2013 жылы қазан айының екінші онкүндігінде 17, 7 мм, ал үшінші онкүндігінде 36, 3 мм жауын жауып жердің беткі тұқым орналасатын қабатында (0-10 см) 25, 2 мм ылғал қоры жинақталып далалық егіс жұмыстарын жүргізуге өте ыңғайлы болды. Бұл жылы күздік бидайды себу мерзімі қараша айының 6 жұлдызына тура келді. Топырақ ылғалдылығының жеткіліктілігі және тәліктік орташа температураның жоғарылығы (16, 0 0 С) нәтижесінде бидай өскінінің жер бетіне 8 күнде шығуы, толық шығымы 10-12 күнде қалыптасты (қарашаның II онкүндіктегі тәуліктік орташа температура 8, 6 0 С болды) . Келесі 2008 жылдың жаз және күз айлары өте құрғақ болып (қыркүйек - 0, 0 мм, қазан - 8, 0 мм, қараша айының бірінші онкүндігінде - 17, 2 мм жауын болды) далалық егіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермеді, нәтижесінде күздік бидайды топырақты өңдемей тікелей егу қараша айының 30 жұлдызында жүргізілді (қарашаның үшінші онкүндігінде 65, 7 мм жауын болды) . Осы жылы күздік бидайдың алғашқы өскіні желтоқсан айының басында (6. XII. 2014 ж. ) көрінді, толық өскін (14. XII. 2007 ж. ) инелік дәуірінде қар астында қалды.
2014 жылы алғашқы қар 13-16 желтоқсанда жауып жер бетінде 5 см тереңдікте топырақ қатқақтанып ең төменгі температура 0, 5 0 С төңірегінде болды. Ал тұрақты қар түсімі желтоқсан айының 19 жұлдызынан басталып, осы айдың үшінші онкүндігінде қар қалыңдығы 27 см болды, ал қаңтар айының алғашқы күндері (5-7. I. 2008 ж. ) қардың биіктігі 36 см жетті. Қар қалыңдығы-ның ең жоғарғы көрсеткіші 58см ақпан айының 15-16 жұлдызында анықталды. Демек, қар түсімінің мол болып ұзақ жатуы 72 тәулік (19. XII. 2015 ж. - 28. II. 2014 ж. ), сонымен қатар қыстың аязды болып (желтоқсан айының үшінші онкүндігі - 7, 5 0 С, қаңтар айының орташа температурасы - 9, 6 0 С жекелеген күндер - 30- 31 0 С төмендеді, ақпан айының бірінші онкүндігі - 8, 7 0 С, ал екінші онкүндігінде - 1, 9 0 С температура қалыптасты) ақпан айының соңғы күндеріне дейін созылуы қыс айларының күздік бидайдың қыстап шығуына қолайсыз болғандығын айқындайды. Дегенмен, қардың қалың түсуі және бірқалыпты деңгейде ұзақ жатуы қар астындағы күздік өскінінің баяу болса да дамуына, нәтижесінде өз бойындағы пластикалық заттардың демалу процесіне жұмсалуына байланысты күздік өскіндерінің 25% дейін өліп шығындануына әкеліп соқты. Сонымен қатар қар бар-жоғы 2 (екі) тәуліктің ішінде (27-28 ақпан күндері) тез еріп оның үстіне жылы ақ жауын жауып күздік бидайдың ылғал жоғарылығынан танаптың төменгі рельефінің бетіне шалшық су жинақталып қыстан әлсіреп шыққан күздік масақты дақылдардың түп санының сиреуіне себеп болды. Осы жылғы ауа-райының қолайсыздығы наурыз айының алғашқы күндерінен бастап орташа тәуліктік температураның күн санап артып бірінші онкүндікте 8, 5 0 С жоғарылап көпжылдық көрсеткіштен 3 есе артқанын, екінші онкүндікте 2, 5 есе жоғары болып орта тәуліктік температура 13, 3 0 С жетіп, үшінші онкүндікте 16, 5 0 С артты. Жалпы наурыз айының орташа тәуліктік температурасы 12, 8 0 С жетіп, көпжылдық орташа көрсеткіштен 2, 5 есе жоғары болды, ал жауын-шашын деңгейі 2, 0 есе төмен болып (43, 0 мм) топырақ қабатының жоғарғы беті күздік бидайдың тамыры қалыптасқан қабаты қатқақтанып құрғап кетті.
1. 2 Тәжірибе жүргізудің бағдарламасы, жағдайы және әдістемесі.
«Голд продукт » ААҚ жеміс - көкөніс зауыты томат пастасын, джем, түрлі салаттар, әртүрлі қызанақ концервілерін қызанақ, қияр маринадтарын дайындап шығарумен айналысады. Қызанақ концервілерінің ішінде жеңіл әдісәмен дайындалып, ұзақ уақыт сақталатын маринадталған қызанақ болып есептеледі. Осы себептен біз зерттеуге қызанақ маринадтау технологиясын алдық.
Зауытқа жақын орналасқан кейбір шаруа - қожалықтар жаз айларында зауытпен келсім шартқа отырып, белгілі көлемде, белгіленген баға мен жаз бойы партия-партиямен өткізіп отырады.
Біздің алдымызға қойған мақсатымыз - «Голд продукт» жеміс -көкөніс өңдеу зауыты жағдайында қызанақты маринадау әдісін зерттеу. Алдымызға қойылған мақсатқа жету үшін біз зерттеудің келесі міндеттерін белгіледік.
- Маринаттауға арналған қызанақ сортын таңдау.
- Қызанақ өнімінің сапасын анықтау.
- Әр түрлі әдістермен маринадталған қызанақтың сапасын салыстыру.
- Қызанақты маринадтаудың экономикалық тиімділігін есептеу.
Осы мақсаттармен міндеттерге байлансты біз қызанақты маринаттауға 4 сортын пайдаландық. Олар: Рио-фуего, Реогранд, Новичок, Факел.
Сорттарға сипаттама:
Рио-фуего - голландық сорт. Орташа ерте мезгілде піседі. Қызанақтың ішінде жоғары өнімділігімен көрінеді. Жемісінің сапасы жақсы, жемістері алхры тәріздес дөнгелек. Салмағы 90-110 гр. Жемістерінің сыртқы пішіні тегіс, жазық. Жемістерінің ішінде тұқымдар сны көп емес, шығу, тасымалдауға ыңғайлы, құрғақ зат мөлшері жоғары, өңдеу және жасаң күйінде пайдаланады. ашық танапта көшетсіз өсіруге ұсынылады.
Реогранд - Голландық сорт, орташа мезгілде піседі. Жақсы сапалы және өте жоғары өнімділігімен көзге түседі. Бұта түбінің қалыңдығы әдеттегідей, биіктігі ммен жапырақтануы орташа, жемісі тегіс, түсі қызыл, орташа салмағы 100-110 гр, детерминанты бұталы, орташа шоқ гулдері шашыраңқы. Механикалық әдіспен жинауға өте ыңғайлы. Фузариез, рак ауруына өте төзімді.
Новичок - орта, ерте мезгілде піседі. Вегетациалық кезеңі 110-120 күн. Вир-дің водгоградтағы көкөніс тәжрибе станциасында шығарылған сорт. Детерминанты бұтасыз. Гул шоғыры әдеттегідей 3-6 жеміс. Жемістері сопақша, сырты тегіс, түсі қызғылт, 60-80 гр. Тұқымның саны 3-5 тең тұрады. Өнімділігі 272ц/го, тасымалдауға өте төзімді, жемістер сабақтарынан оңай ажырайды, жинауға ыңғайлы. Алматы, Талдықорған аймақтарында аудандастырылған. Қызанақ өнімдерін жасауға және жасаң күйінде қалдыруға болады.
Факел- Молдаваның 030F, (зарием, барнаул, консербілеу) шағылыстырылып алынған.
Өсімдік детерминанты. Орташа жапырақты. Бұтағының биіктігі 33-56см, жапырағы қарапайым, көлемі орташа, түсі жасыл. Жемісінің пішіні домалақ, тегіс, орташа көлемді (60-90гр) . Піспеген жемісінің түсі жасыл, қара дақтармен, піскен жемісінің түсі қызыл 4-5дән ұяшықтан болады. сорт орташа мезгілде піседі. Өсімдік өсіп алғашқы жинап алғанға дейін 112-127күн, жаппай пісуін механикалық жинау 155 күн. Өнімділігі 295ц/га. Жемісінің дәмділігі. Құндылығы жақсы. Ашық алаңда отырғызылады. Жемісі жаңа күйінде және концервілеуге қолданылады.
Маринадтауға жылы жайда өсірілген жемісі көп олданылмайды, көбінесе ашық танапта өсірілген қызанақ сорттары жарамды келеді.
Қызанақ құрамындағы қант, құрғақ зат мөлшері арнайы лабраторияларда анықталды.
1. 3 Топырақ және рельеф өзгешеліктері
Оңтүстік Қазақстан облысы солтүстіктен оңтүстікке қарай 650 километр және шығыстан батысқа қарай 550 километр жерді алып жатыр. Оның жер көлемі - 117, 4 мың шаршы километр.
Облыстың территориясы негізінен алғанда солтүстік шөл аймақта орналасқан және алуан түрлі рельефімен көзге түседі. Рельефіне қарай ол айқын айырмалы төрт бөлікке бөлінген: солтүстік, оңтүстік-батыс жазықтық, жазықтық-оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Географиялық жағынан облысқа Қызылқұм шөл даласының оңтүстік-шығыс бөлігі, Сырдария өзенінің орта ағысындағы аңғары, Мойынқұмның батыс шеті, Шу өзенінің төменгі ағысындағы алқап, Бетпақдала шөлінің сазды батыс бөлігі, Қаратау жотасының көпшілік бөлігі және Батыс Тянь-Шань бірқатар жоталары қосылады. Қаратау жотасы оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай облысты екіге - солтүстік және оңтүстік бөліктерге бөліп жатыр.
Өсімдіктер дүниесі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz