Қазақстанда арпа селекциясының қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Бет

К І Р І С П Е 8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...12
... ... ... ... ... ... 12
1.Ғылыми әдебиеттер деректеріне шолу 16
... ... ... ... ... ... ... ... .. .. 19
1.1 Қазақстанда арпа селекциясының қалыптасуы
... ... ... ... ... ... 23
1.2 Сорттың бейімделу қабілетінің дәнді дақылдардың
өнімділігі мен сапасын тұрақтандыруда атқаратын рөлі ... ... 26
1.3 Күздік арпаның морфологиялық және биологиялық 26
ерекшеліктері 28
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...33
... ... .
1.4 Күздік арпаның өсіріп-баптау технологиясының 36
ерекшеліктері 36
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...39
... ... ... 42
2 Зерттеу жүргізген аймақтың табиғи-климат жағдайлары ... .. 44
2.1 Климаттық жағдайы 49
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 52
Тәжірибе танабының 59
топырағы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 60
3 Зерттеудің объектісі, бағдарламасы және әдістемесі
... ... ... ... .

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
4 Арпа сортүлгілерінің топырақ-климаттық жағдайға байланысты
шаруашылық-құнды белгілерінің қалыптасуы ... ..
4.1 Арпа сортүлгілерінің құрғақшылыққа төзімділігі,
фотосинтез өнімділігі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
4.2 Арпа сортүлгілерінің тамыр шірігі ауруымен залалдануы ... .
4.3 Арпа егістігінің танапта орналасу тығыздығына
байланысты арамшөптермен ластануы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
4.4 Өсу ортасы жағдайының өзгеруіне байланысты
арпа сортүлгілерінің өнім құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ..
5 Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында арпа астығын
өндірудің экономикалық тиімділігі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
6 Еңбек қорғау
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
ҚОРТЫНДЫЛАР
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ...

Символдармен терминдердің қысқаша аталуы

ц га - гектарына центнер
т - тонна
млнга. - бір гектарға млн.дана дән
Ұрық П-1 - алғашқы жылғы ұрық питомнигі
Ұрық П-2 - екінші жылғы ұрық питомнигі
Р- 1 - бірінші репродукция
P- 2 - екінші репродукция
Репродукция - көбейтілген тұқым ұрпақтары
Рес.Мем.Қ.М - Республикалық мемлекеттік қазыналық мекеме
ТАӨ - тәжірибелі астық өндірушілер
Оңт-Бат.А.Ш.Ғ.Ө.О - Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылым өндірістік
орталығы
Қаз ЕӨШ ҒЗИ - Қазақтың егіншілік және өсімдік шаруашылығы
ғылыми зерттеу институты
БӨШИ - Бүкілресейлік өсімдік шаруашылығы институты
ҚР АШМ - Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы
Министрлігі
H.disticum - хордеум дистикум, екі қатарлы арпа түр тобының
атауы
Н. Vulgare - кәдімгі арпа

КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылығының, оның негізгі саласы егін шаруашылығының басты
міндеті – халқымызды жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, мал
шаруашылығына қажетті азықпен, өнеркәсіп орындарын шикізетпен қамтамасыз
ету, мемлекетіміздің азық-түліктік қауіпсіздігін және экономикалық
тәуелсіздігін күшейту үшін керекті сатылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін
тұрақты түрде көбейтіп, керісінше шеттен келетін өнімдерді азайта беру
болады.
Қазақстанда арпа дақылы шаруашылық маңызы және егістік көлемі жөнінен
бидайдан кейінгі екінші орынды алады. Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасында арпаның егістік көлемі 1,8 млн.га. Оның 90 пайызы мал
азығына жұмсалатын болса, 10 пайызы сыра өндірісіне қолданылады. Нарықтық
экономикалық қатынасқа байланысты елімізде мал басының көбеюімен қатар,сыра
өнеркәсібі жақсы дамуда. Осы себепті бұл өнеркәсіп салаларының негізгі
шикізаты арпа дәні болғандықтан оған сұраныс артуда. Осыған байланысты
селекционер-ғалымдардың негізгі мақсаты жемдік қасиеті мен сыралық сапасы
жоғары арпаның жаңа сорттарын шығару болып табылады.
Күздік арпаны негізінен мал азықтық және дақыл ретінде өсіреді.
Қазақстанның мал шаруашылығы саласын ойдағыдай дамытуда жем-азықтық
дақылдар өндірісін арттырудың рөлі зор, өйткені жемазыққа бидай астығын
пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Қазақстандағы негізгі жемазықтық
дақылдарға арпа мен сұлы жатады. Жемдік астықтар өндірісін арттыру
міндеттеріне байланысты және күздік арпа жаздықтармен салысьырған өте
өнімді болғандықтан, оның егісін қазіргі өсірілетін аймақтардан да әрі
қарай кеңейте түсу көзделуде. Күздік арпа күздік жауыннан басқа, ерте
көктемдік жаңбыр ылғалын әлдеқайда толық пайдалануынан, құрғақ оңтүстік-
шығыс желдері болмай тұрып ерте пісуінен, сондай-ақ кештеу пісетін жаздық
арпанікінен гөрі өте толық салмақты дән беруінен жаздықтарға қарағанда көп
өнім береді. Сонымен қатар арпа үй жануарлары мен құстары үшін бағалы
концентратталған жем. Дақыл сабаны мен топанының, әсіресе бұқтырып
пайдаланатындарының азықтық құндылығы жоғары. Сондай-ақ, арпа қосылған
құрама жем ірі қараның қысқы суыққа, ауруға төзімділінін жоғарылатады.
Дәнінде ақуыздың аз болуы оны сыра қайнату өнекәсібінің құнды
шикізаты қатарына жатқызады. Дәнінің құрамында 13,4%-ақуыз, 2,0%-май ,
54,0%-крахмал, 9,0%-пентазондар, 5,7%- клечатка және 3,0% шамасында күл
бар.арпаны сыра қайнату өндірісінде үлкен роль атқарады, әсіресе сыра
ашытқысын (солод) дайындауға қосқатарлы арпа сорттары өте құнды деп
есептелінеді, өйткені олардың дәндері біркелкі, ірі, ақуыздылығы төмен (9-
12%), қабықтылығы аз мөлшерде (8-10%) және жоғары өну энергиясымен (95%-дан
кем емес) ерекшеленеді. Арпа дәнінен ұн, жарма, кофе және спирт дайындайды.
Нанның сапасы бидайдікіне қарағанда нашар болғанымен, асқазаны ауыратын
адамдар үшін ол диеталық тағам.
Күздік арпа егісін күзде сеуіп және оны ерте орудан жұмысшы қолдары
мен техникалары тиімді пайдаланылады. Одан басқа ерте орылып-жиналатын
күздік арпа бірқатар дақылдарға құнды алғы дақыл. Ылғал жеткілікті
аудандарда күздік арпадан кейінгі танаптарды аңыздық дақылдар – тары,
қарақұмық, судан шөбі және басқа да дақылдар егіп пайдаланған дұрыс.
Күздік арпа – астық тұқымдасына жататын бір және көп жылдық дақыл.
Шыққан жері – Иран, Түркия, Армения. Адамдар неолит дәуірінде-ақ (б.з.б. 12
– 10 мың жыл) қолдан өсіре бастаған.
Бұрынғы Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институты – бес континент
елдерінде және бұрынғы КСРО-на енген мемлекеттер бойынша материалдардың
нәтижелерін жинақтау үшін, үш жүзден астам экспедиция ұйымдастырды. Осы
мекеме ұжымдарының еңбегінің арқасында шетелдердің көптеген ғылыми
мекемелерімен сортүлгілерін алмастыру кеңінен жүргізілді. Н.И.Вавиловтың
басшылығымен Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институтының ғалымдары
ұжымының көпжылдық жұмысы нәтижесінде көптеген жаңа сорттар ашылды. Атап
айтақ, арпа,күздік зығыр, нұттың үлкен түр бөлегі, қуаңшылыққа берілмейтін
қауынның өзгеше түрлері Кіші Азиядан табылған. Азияның ілгері жағындағы
елдерде күздік арпаның қылтанақты түрі, сондай-ақ жығылмайтын, ақұнтақ
ауруына төзімді қылтықсыз түр бөлегі ашылған. Арменияда тозаңды қаракүйеге
бой бермейтін арпаның түрі алынған, оның селекциялық құндылығы жоғары,
қуаңшылыққа және ыстыққа төзімді арпаның түрлері Орта Азиядан алынады.
Қытайда сабағы мықты, көп асақтары бар бидай және сабағы қысқа, жығылуға
бой бермейтін көп қатарлы арпаның көптеген түрлері табылған. Қытай
арпасының көптеген түрлері тез пісетіндігімен, дән толысуымен шапшаңдығымен
ерекшеленеді. Оларды АҚШ селекционерлері кеңінен пайдалануда. Міне,
қазіргі уақытқа шейін өз жалғасын тауып қана қоймай астық дақылдар
селекциясында мемлекеттер арасындағы материал алмастыру үрдісінің өзіндік
үлесі жоғары.
Еліміздің 2030 жылға дейінгі дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялық
бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңа жүз жылдықта
еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі атты халыққа жолдауында ауыл
шаруашылығы өндірісін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету белгіленген.
Бағдарламаның мақсаты – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, аграрлық-
өндірістік кешенде жаңа технологиялар жасау мен өндіріске енгізу
жөніндегі ғылыми кепілдемелер негізінде Қазақстан халқын қоректік
өнімдермен және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы
бағдарлама аясында республикамыздың селекционер-ғалымдарының арпа
селекциясында еңбектері өз жалғасын табуда.
Арпа астығы халықаралық саудада да сұранысқа ие. Қазақстанның арпа
экспорттың 70%-дан астамы ТМД елдеріне шығарылады, оның ішінде негізгі және
дәстүрлі сатып алушы ел қатарына Ресей жатады. Алыс шетелдерден арпаның
барынша үлкен көлемі Сауд Арабиясы мен Иранға сатылады. Алайда Қазақстандық
арпаның ТМД елдері арасындағы бәсекелестік қабілеті әзірше төмен.
Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырап, еліміз егемендікке жеткен кезеңде ауыл
шаруашылығы өндірісі айтарлықтай дағдарысқа ұшырағаны баршамызға аян.
Әсіресе, жекешелендіру кезінде аймақтық және экономикалық жағдайларына
байланысты арнайы мамандандырылған шаруашылықтардың мезгілсіз таратылып,
кішігірім ауыл шаруашылығы құрылымдарына айналуы жылдар бойы қалыптасқан
материалдық–техникалық базаның құлдырап, егіс құрылымындағы дақылдардың
үлес салмағы мен ауыспалы егістердің бұзылуына себебші болды. Осындай
келеңсіз құбылыстардың салдарынан көптеген дақылдардың егіс көлемі амалсыз
қысқарып, өнімділігі әлдеқайда төмендеп кетті.
Дегенмен, бертін келе шағын құрылымдардың өндірістік кооперативтер мен
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге және акционерлік қоғамдарға
қайтадан бірігуі ауыл шаруашылығы өндірісінің қайтадан жанданып, тұрақтану
кезеңіне біршама тезірек өтуіне мүмкіндік жасады. Оның үстіне кейінгі
жылдардың арнайы ауылға арналуы – мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына
көрсетіліп отырған нақты қолдауы мен тікелей көмегінің айғағы. Нәтижесінде
осыдан 8-10 жыл бұрын жағдайы сын көтермейтін ауыл шаруашылығының барлық
салалары қазіргі уақытта қайта жаңарып, жан-жақты даму үстінде.
Еліміздің оңтүстік – шығысындағы ылғалы жеткіліксіз тәлімі аймақта
орналасқан егіншілік аудандарының астық өндірудегі мүмкіндіктері
айтарлықтай жоғары. Әйтсе де агротехниканың жетімсіз зерттелуінен аймақтағы
арпа өнімі бірталай тұрақсыздыққа ұшыраған және қазіргі талап деңгейіне
сәйкес келмейді. Сөз етіп отырған дақылдың өнім құрылымын былай қойғанда,
күздік арпаның, әсіресе аудандастырылған Береке 54 және сол тектес
сорттардың өнімділігі мен оның жекелеген көрсеткіштеріне кешенді ықпал
ететін агротехникалық әдістердің (алғы дақыл, қоректену аясы және тұқым
себу мөлшері) жиынтық әсері жөнінде де ғылыми деректер жоқтың қасы.
Сол себепті тәлімі аймақтың топырақ – климат жағдайлары мен
аудандастырылған сорттардың биологиялық ерекшеліктерін естен шығармай
дүниежүзілік генқорынан алынған күздік арпа сортүлгілерін өсірумен қатар
Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында зерттеулердің қажеттігі туындап, осы
еңбектің негізгі мазмұнын сипаттайтын басты арқауға айналды.
Дүниежүзі мемлекеттері және Қазақстан Республикасы үшін күздік
дақылдардың маңызы зор, өйткені олар тек азық-түлік, мал азықтық дақыл ғана
емес, өндірісте кеңінен пайдаланылатын шикізат. Соңғы кезде олардың
өнеркәсіпте кеңінен пайдалану аясы биологиялық отын алу тарапына
кеңейді. Арпа егісін күзде егіп және оны ерте орудан жұмысшы қолдары мен
техникалары тиімді пайдаланылады. Одан басқа ерте орылып-жиналатын күздік
арпа бірқатар дақылдарға кұнды алғы дақыл.
Жемдік астықтар өндірісін арттыру міндеттеріне байланысты күздік арпа
жаздықтармен салыстырғанда өте өнімді болғандыктан, оның егісін қазіргі
өсірілетін аймақтардан да әрі қарай кеңейте түсу көзделуде. Күздік арпа
күздік жауыннан басқа, ерте көктемдік жаңбыр ылғалын әлдеқайда толық
пайдалануынан, құрғақ онтүстік-шығыс желдері болмай тұрып ерте пісуінен,
сондай-ақ кештеу пісетін жаздық арпанікінен гөрі өте толық салмақты дән
беруінен жаздықтарға қарағанда көп өнім береді.
Диплом жұмысы 61 бетке жазылды, кесте саны-15, 3 сурет, қолданылған
әдебиеттер саны-26.
Зерттеу нысаны. Дүниежүзілік генқорынан алынған күздік арпа
сортүлгілерінің өнім түзу ерекшеліктерін зерттеу.
Жұмыстың мақсаты. Тәлімі жерге орналастырылған арпа сортүлгілерінен
селекция үдерісінде қолдануға бастапқы материал таңдау және Қазақстанның
оңтүстік-шығыс аймағының топырақ-климаттық жағдайына бейімделген
сортүлгілерін селекциялық-құнды белгілері бойынша таңдап алу.
Жұмыс тәсілі. Далалық тәжірибе жүргізу және зертханалық жолменарпа
сортүлгілерін бағалау.
Жұмыс нәтижелері. Тәлімі жердегі арпа сортүлгілерінен бастапқы
материал ретінде қолдануға болатын үлгілер бағаланып алынды, А-445
сортүлгісі сортсынақ жүйесіне ұсынылды.

1 Ғылыми әдебиеттер деректеріне шолу
1. Қазақстанда арпа селекциясының қалыптасуы

Арпа – кең таралған және кең ауқымды қолданысымен ерекшеленетін
әмбебап мәдени дақыл. Арпаның әртүрлі салада жармалық, азық-түліктік
мақсатта, сонымен қатар сыра өнеркәсібінде таптырмас шикізат көзі ретінде
қолданылуы оның Қазақстан Республикасының астық өндірісінде маңызды рөл
атқарады.
Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағындағы күздік арпа бойынша
селекциялық жұмыстардың басталуы А.К. Гольбек және А.А. Орлова есімдерімен
тығыз байланысты. 1923 жылдан тәлімі аймаққа арналған ауыл шаруашылық
дақылдарының селекциясы Красноводопад тәжірибе егісінде басталды. Орта
Азия мемлекеттері мен Қазақстанның оңтүстік аймағының табиғат жағдайымен
тәлімі аймақтарды үш басты типке бөлді[1].
Біріншісі – ылғалмен қамтамасыз етілмеген тәлімі жер, ақшыл сұр
топырағымен және орташа жылдық жауын-шашын мөлшері – 254 мм, оның ішінде
күзде – 37 мм, қыста – 91 мм, көктемде – 108 мм және жаз мезгілінде -18 мм
көрсеткіштерімен ерекшеленеді.
Тәлімі жердің екінші типі – ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген,
ақшыл-қоңыр әлсіз сілтілі топырағымен және орташа жылдық жауын-шашын
мөлшері – 401мм, оның ішінде күзде - 68 мм, қыста – 154 мм, көктемде – 165
мм және жаз мезгілінде – 14 мм көрсеткіштерімен ерекшеленеді.
Тәлімі жердің үшінші типі –ылғалмен қамтамасыз етілген, ақшыл қызғылт
топырағымен және орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 483 мм, оның ішінде
күзде - 102 мм, қыста – 151 мм, көктемде - 178 мм және жаз мезгілінде – 52
мм көрсеткіштерімен ерекшеленеді.
Ылғалмен қамтамасыз етілмеген тәлімі жерлердің негізгі ерекшелігі
жауын-шашынның жыл мезгілдеріне байланысты түсуімен ерекшеленеді. Мамыр
айынан бастап қазан айының аяғы аралығында олардың 10,5-14,5% түседі, яғни
өсімдіктердің вегетация кезеңінде тиімді жауын-шашын мөлшері түспейді.
Бұл аймақтарда тұрақты астық өнімін алу үшін ылғалдың жиналу және
сақталу жолдарын тауып немесе бар ылғалды ұтымды пайдаланатын және ыстық
желдің әсеріне төтеп бере алатын сорттарды шығару міндеті анықталды.
Селекциялық жұмысы бастаған уақытта жаңа сорт шығарудың 2 әдісі
болды: қолданыстағы популяцияны сұрыптау - аналитикалық селекция және
будандастыру – синтездік селекция. Селекциялық жұмысын арпаның коллекциясы
негізінде жүргізді. Оларға бастапқы селекциялық материал ретінде Орта
Азияда экспедиция жүргізген уақытында жинақтаған коллекциясынан және
жергілікті сорт-популяцияларынан алынған үлгілер болатын. Оларды зерттеу
барысында жергілікті тәлімі егістік жағдайларына жергілікті популяциялық
сорттар бейім келетіндігі анықталды. Бірақ, олар селекциялық құнды
белгілері бойынша біркелкі болмады. Екінші жағынан бұл жағдай сұрыптауға
шексіз мүмкіндіктер жасады. Өз жұмысында аналитикалық селекция әдісін
қолданған селекционердің жетістігі бастапқы материалды дұрыс таңдауымен,
кейінгі жұмыстар үшін тұқым қуалайтын жақсы қасиеттерге ие өсімдіктерді
ептілікпен таңдай алумен және олардың ұрпағына дұрыс және жан-жақты баға
беруімен ерекшеленді.
Әрбір өсімдікті мұқият таңдап және талдап алды, және олардың
ұрпақтары тәлімі жердің барлық аймақтарында сыналды. Бұл оған жаңа
сорттарды бағалауды тездетуге, құнды үлгілерін сұрыптап алуға мүмкіндік
берді. Осылайша жаңа тезпісетін, өнімділігі жоғары, ірі дәнді сорт –
Прекоциус 143 сорты пайда болды, бұл сорттың егіс көлемі 1940- жылдары
КСРО-да 1,5 млн гектарға жетті.
1955 жылдан 1968 жылдар аралығында қалыптастырылған селекциялық
материалды зерттеумен астық дақылдары селекциясы бөлімінің аға ғылыми
қызметкері Красноводопад селекциялық тәжірибе станциясында айналысты.
Будандастыру әдісінің айтарлықтай нәтижиеге жетуі Красноводопад
селекциялық тәжірибе станциясында 1969 жылдан басталды деуге болады. 1969
жылдан осы селекциялық тәжірибе станциясында күздік арпа селекция жұмыстары
жүргізіле бастады. Қазақстанның оңтүстік аймағы жағдайында арпаның жылдам
масақтануы және аналық гүлдің тозаңды ұрықтануға қабылдауға дайындығы
аталықты тозаңдарынан айырғаннан кейін 2-3 күннен соң байқалады, оған қоса
арпаның будан ұрықтарының түйнектенуі өте жоғары болады (84%).
Сұрыптау мен өнімділіктің сандық көрсеткіштері негізінде зерттей
отырып түрлі агроэкотипке сәйкес әртүрлі биологиялық типтегі арпаның
Шолпан, Бәйшешек, Южно-Казахстанская 43, Береке 54 сорттары жасалып
шығарылды және аудандастырылды.
1992 жылдан бастап сыра қайнататын арпамен селекциялық жұмыстар бастау
алды. Қазіргі уақытта Красноводопад селекциялық тәжірибе станциясында
күздік арпаның өнімділігі жоғары Бастау сорты шығарылып Мемлекеттік
сортсынауға тапсырылды.
Қазақ Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-да арпа селекциясы 1935
жылдан басталды. Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-ның дүниежүзілік
коллекциясынан және жергілікті үлгілерден көптеген арпаның сортүлгілері
жинақталған. ҚазЕҒЗИ-дың арпа селекцисы бойынша алдағы уақыттағы
жұмыстарында пайдаланатын бастапқы материалдың негізгі көзі. Арпаның
селекциялық жұмыстарымен қатар ҚазЕӨШҒЗИ –да Алматы облысы жарғдайына
сәйкес арпаның жаңа сорттарын шығару жұмыстары 1934 жылдан Бүкілодақтық
өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-да жүргізілді.
Арпа селекциясының әдістемелік және теориялық мәселелері әл-Фараби
атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің аспиранттарының күшімен
жасалынды. Осылайша, 1950-1955 жж. арпаның аталық ұрықсыздандырылған
масақтарын еркін және жасанды тозандандыру арқылы будандастыруды қолданып
дән байлануын 80%-ға дейін қамтамасыз ете алатын әдістеме жасап
шығарылды.1962-1965 жж. Алматы облысы жағдайы үшін арпаның анағұрлым
бейімделген биологиялық типтерін анықталды. 1963-1967 жж. зертханалық
жағдайда тозаңдарды өндіру әдістемесін жасап шығарды, аналық гаметоциттің
өмір сүру ұзақтығын, қосымша жарықтандырудың өсімдіктің дамуына әсерін
зерттелген.
Жаздық арпа селекциясы бойынша дербес топ Қазақ Егіншілік ҒЗИ-да алғаш
1965 жылы бидай селекциясы бөлімінің құрамында құрылды. 1965 жылдан 1980
жылдар аралығында жаздық арпаның түрлі жағдайларда буданды популяциясының
және сұрыптарының бәсекелестік қабілеттіктерін және диалельді будандастыру
әдісімен сандық белгілерінің тұқым қуалау ерекшеліктерін зерттелді. Осы
жылдар аралығында топ Зилийский, Іле, Қараой, Жалаңаш дәнді 1278 жаңа
сорттарын шығарып, Мемлекеттік сортсынаққа берді, бірақ олар өнімділігі
бойынша аудандастырылған сорттармен салыстырғанда айқын басымдықтары
байқалмағаннан кейін, кейінгі сынаудан алынып тасталды.
1982 жылдан бастап ҚазЕҒЗИ арпаны селекциясы тобы б.ғ.к
Б.С. Сариевтің жетекшілігімен дербес бөлім болып қайта құрылды.
Штаттың ұлғаюымен, аспиранттар қабылдаудан кейін селекциялық жұмыстың
көлемі үш есеге көбейген, экологиялық нүктелердің саны артқан, олар Семей,
Орал тәжірибе стансалары және Красноводопад мемлекеттік селекция
стансиялары. 1982-1993 жылдарды аралығында арпа селекциясын теориялық
тұрғыдан негіздеу мақсатында Шығыс селекция орталығының аясында Арпа
кешенді бағдарлама жасалынды. Бұл бағдарламада Қазақстанның оңтүстік-шығыс
аймағына бейімделген арпа сорттарын шығару селекциясының мәселелерін
шешудің теориялық және тәжірибелік жолдары анықталды. Арпаның өнімділігіне,
ыстыққа, құрғақшылыққа төзімділігіне, сапасына әсер ететін сандық белгілері
селекциялық-генетикалық зерттеуден өтті. Гордеин бойынша арпаның
морфологиялық белгілерін маркерлеу үшін дақыл сорттарының биотиптік құрамы
зерттелді. Өсімдікті күйзелістік жағдайларда өсіру кезіндегі дәннің
ақуыздылығын бағалаудың тәсілі жасалды.
Арпаның құрғақшылыққа төзімділігіне селекция жүргізу мәселесі бұл
бағыттағы зерттеулердің ең маңыздылардың бірі. Осыған байланысты жаздық
арпаның түрлі генотиптерінің өскіндерінен күйзелістік жағдайда бос пролин
және триптофан концентрациясының, изопероксидаздар белсенділігінің
өзгергіштігін анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізілді. Зерттеулер
нәтижесінде температуралық фактордың өсімдікке әсер етуі бос пролиннің де,
бос триптофанның да концентрациясының жоғарылауына алып келетіндігі және
біріншісі екіншісінен 2 есе асып түсетіндігі анықталды,. Сондықтан арпа
генотипінің ыстыққа және құрғақшылыққа төзімділігін бағалау үшін бұл
бағыттағы зерттеулерде бос пролиннің мөлшеріне көңіл аудару қажет деген
тұжырымға келді. Изопераксидаздардың белсенділігі бойынша арпаның ыстыққа
және құрғақшылыққа төзімділігін анықтауға болатындығы туралы сенімді
деңгейде деректер алынбады.
Осы жылдары селекцияға бастапқы материалдар алу үшін биотехнология
әдістері кеңінен қолданылды. ҚазЕҒЗИ ғалымдары арпа сортүлгілерінің каллус
құру, регенерациялық мүмкіндіктерін, келешегі бар арпа сортүлгілерінің
сомаклондық линияларының селекциялық құндылықтары, генотип пен қоректік
ортаның арпа андрогенезіне әсері зерттелді. Зертханалық жағдайда арпаның
құрғақшылыққа төзімділігін диагностикалау тәсілі және арпаның құрғақшылыққа
төзімділігін бағалаудың орамалық әдісі жасалды.
Жоғарыда айтылған зерттеулердің негізінде 1982-1993 жылдардың
аралығында жемшөптік, сыра кайнату бағыттарындағы арпаның селекция үдерісі
барысында қолдануға ұсынылған үлгілер топтары жасалды, бұл үлгілер топтарын
қолданудың негізінде 1500-ден аса будандық формалар алынды, селекциялық
үдерісте келешегі бар жеке дара өсімдіктер мен линиялардың үлкен көлемі
зерттелді. Осындай кешенді жұмыстардың арқасында алты сорт (Гаухар, Шалқар,
Сәуле, Жұлдыз, Әсем, Асыл) мемлекеттік сортсынаққа берілді. Олардың ішінен
1991 жылы шығарылған Сәуле және 1993 жылы шығарылған Жұлдыз сорттары
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық
жетікстіктердің Мемлекеттік тізіліміне енгізілді. 1986-1989 жылдар
аралығында арпаның сандық белгілерінің экологиялық жағдайларға байланысты
тұқым қуалаушылығының өзгергіштігін зерттеп тәжірибелік селекцияның алға
қойған мақсатын орындауға қажет келешегі бар будандық популяциялар алды.
ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы және егіншілік ғылыми-өндірістік орталығы
мекемесінің малазықтық дақылдар селекциясы бөлімінде арпа селекциясы 1993-
2003 жылдары селекциялық материалдарды ылғалмен тұрақсыз қамтамасыз
етілетін аймақтар жағдайына бейімдеуге бағытталды. Арпаның әлемдік селекция
нәтижелері бейімдеу селекциясы үдерісінде будандастыру бағдарламасының
негізі ретінде жергілікті бастапқы материал алынатын болса нәтиже жоғары
болатындығы дәлелденді [2]. Осы ұстанымды қолдана отырып Өсімдік және
егіншілік ғылыми-өндірістік орталығы арпа селекциясы бойынша айтарлықтай
жетістіктерге жетті. Өсімдік және егіншілік ғылыми-өндірістік орталығы
селекциялық жұмыстардың барысында жаздық арпаның 8 сортын шығарып,
Қазақстан Республикасында қолданысқа берді, ол үшін 3 мыңнан аса
будандастыру жүргізілді. Будандастыруға экологиялық-географиялық
биотиптердің мыңдаған бастапқы үлгілері пайдаланылды. ҚР қолдануға рұқсат
етілген сегіз сортың бесеуінің гнеалогиясында жергілікті бастапқы материал
бар. Бұл заңдылық селекционерге жаздық арпаның бейімделген сорттарын шығару
мақсатымен будандастыру кезінде қажеті жоқ будандастыру нұсқаларна уақыт
және қаражат жұмсамай селекциялық жұмыстардың нәтижелілігін жоғарылатуға
мүмкіндік береді.
Арпа селекциясында, басқа да өздігінен тозаңданатын дақылдардікіндей
қолдан өзгертуге келмейтін үдеріс популяциядағы ыдырау кезеңінің ұзақтығы
және будандық популяциялардың алғашқы ұрпақтарынан тұрақты формаларын
сұрыптау алуға мүмкіндіктің болмауынан жаңа сорттардың шығару кезеңдерінің
айтарлықтай ұзақтығы. F2-F3 будандық популяциялардан гомозиготалық ұрпақтар
алу селекция үшін теориялық және тәжірибелік маңызы зор үдеріс, жаңа
сорттар шығару мерзімін қысқарту мүмкіндігін тудырады. Hordeum bulbosum
гаплопродюссерін қолдану арқылы алынған екі еселенген гаплоидтардың
негізінде арпа сорттарын шығару жұмыстары табиғи жағдайда жүргізілді
(H.Disticum×H.bulbosum). Бұл ретте табиғи күйзелістік жағдайда алынған
эмбриондардың тіршілікке икемділігі жоғары болуының арқасында олардан
алынатын екі еселенген гаплоидтардың қалыпты селекция жолымен алынған
будандармен бәсекелікке түсу мүмкіншілігі жоғары болатындығы күтілді (кесте
1).
1993 жылы екі еселенген гаплоидтар алу үшін будандастырудың 5 нұсқасы
(Г13441355×Одесский 100, 448-68×Одесский 100, Одесский 100×9380-3,
Одесский 100×4481-68) қолданылып арпаның F1 буданары алынды.
кесте 1
Сорттардың, әдетті селекция сортүлгілерінің және екі еселенген
гаплоидтар өнімділігі
Жылдар Сорттар Әдетті селекция Екі еселенген ЕЕА095
сортүлгілері гаплоидтар
Саны өнім саны өнім саны өнім
1997 3 51,6 21 54,1 1 53,6 4,4
1998 3 48,6 14 51,1 3 52,6 5,4
1999 3 53,1 22 52,2 5 52,4 3,6
2001 3 39,6 33 42,5 1 43,8 5,0

Осы будандық популяциялар негізінде гаплоидтық технологияны қолданып 48
диплоидты өсімдіктер алды. Осы өсімдіктердің тұқымдарын, әрқайсысын жеке-
жеке көбейткеннен кейін олар селекциялық үдерістің тәлімбағында зерттелді
және екі еселенген гаплоидтар өнімділігі бойынша дәстүрлі сортүлгілерімен
және стандартты сорттармен салыстырылған.
Арпаның дигаплоидтарын зерттеу нәтижесінде сортсынау байқауының
құрамында селекциялық құнды белгілері бойынша бөлініп шыққан Ақжол атымен
ДГ-29 (Одесский 100 х 93803) сорты 2000 жылы мемлекеттік сортсынауға
берілді [1].

1.2 Сорттың бейімделу қабылетінің дәнді дақылдардың өнімділігі мен
сапасын тұрақтандыруда атқаратын рөлі

Жердің интенсификациялану факторының артуына байланысты мәдени
дақылдардың өнімділігі 20-ғасырдың 2-жартысында, 2-3 есеге артты. Оның
негізі себептерінің бірі интенсификациялау факторының арқасында қолданысағы
сорттардың зиянкестерге, дақылдың түрлі ауруларына төтеп беру қабылетінің
жоғарлауы деп саналады [2]. Егерде жаңа дамып келе жатқан мемлекеттерде
өткен ғасырдың 60-70 жылдарында дәнді дақылдың өнімділігі біріншіден
жердің құнарлығына, ал екіншіден сортына байланысты өсті дейтін болсақ
Германияда 1952-1975 жылдар аралығында күздік бидайдың өнімі артуының
негізін 62%-ға жаңа технологиялар құрады. Соның арқасында Германияда 1950-
1978 жылдары қара бидайдың өнімділігі гектарына 22,2 ц–ден 35,2 центнерге
дейін артты. Ал одан кейінгі жылдары гектарына небәрі 50 кг артты.
Ал арпа мен бидайдың өнімі атап көрсетілген уақыт аралығында
гектарына 82 кг-ға асты. Бидай өнімділігі жаңа технологиялардың арқасында
68%-ға, жаңа сорттардың арқасында 32%-ға артса, арпа өнімділігіне жаңа
технологиялар мен жаңа сорттардың әсерінен гектарына 59 кг-ға артып, сәйкес
49 және 51% құрады.
Англия зерттеушілерінің деректері бойынша өнімнің артуына негізгі әсер
ететін факторлар: гербицидтер мен жердің құнарлығын арттыратын заттар,
әсіресе микротыңайтқыштар мен азот.
1967 жылдан бері көптеген зерттеушілердің пікіріне сәйкес өнім
артуының негізгі факторы сорт болып табылады. Англияның заманауи сорттары
гектарына 140 ц-ге дейін өнім түзеді. R.Austinнің айтуынша жаңа сорттардың
арқасында Англиялық бидайдың өнімдік әлеуеті ең жоғары сатыға көтерілді.
АҚШ ғалымдарының пікірінше өткен жүзжылдықтың 50–70 жылдарында
астық дақылдарының өнімділік әлеуетінің артуына кең көлемде пестицидтер мен
жердің құнарлығын арттыратын заттар және жаңа дамыған ауылшаруашылық
техникасын қолдану арқасында екендігі атап көрсетіледі.
Кеңестер одағында мәдени дәнді дақылдардың өнімділігі өткен
ғасырдың 60–80 жылдар аралығында гектарына 55-59 кг артты. Сол кездегі
прогресс интенсификациямен және жер өңдеу мәдениетінің өсуімен байланысты
[3]. Елімізде жаңа интенсивті типті сорттардың пайда болуының арқасында,
яғни күздік бидайдың Мироновская 808, Безостая 1, қара бидайдың Восход 1
және Восход 2, арпаның Московский 121 дәнді дақылдар өнімділігі жоғары
қарқынмен дамыды. Бірақта кейінректе бұл тұрақтылық өзгерді. Сорттардың
құрылымдық ерекшеліктері жаңа технологияларды қолдануға мүмкіндік бермеді.
Мысалы: 1970 жылдардың аяғы мен 1980 жылдардың басында Ресейдің
қаратопырақсыз аймағында арпаның жоғары сапалы Московский 121, Надя,
Эльгина және т.б сорттары 80% алқаптан жоғары өнім бере алмады. Себебі
бұл аймақтың экстремалдық, экологиялық және эдафикалық жағдайлары тура
келмеді.
1980 жылдары дән өнімділігінің артуына кең көлемде техногендік
факторларды қолданғандықтың арқасында екенін айтқан жөн. Жердің құнарлығын
арттыру 1980 жылдардың бірінші жартысында астық өнімділігін айтарлықтай
өзгерткен жоқ. Ал, сорттың генетикалық әлеуетін арттырудың арқасында астық
өнімділігі орта есеппен гектарына 3 ц-ге артты, ал күздік бидайдікі 8 ц-ге
артты. Бұл жетістіктер күздік бидайдың өнімділік әлеуеті гектарына 80-100
ц, қара бидайдың 60-70 ц, жаздық бидайдың 50-60 ц, сұлының 60-80 ц
сорттарын Рессей федерациясының пайдалануға рұқсат етілген сорттар мен
будандардың Мемлекеттік реестріне кіргізіп, өндіріске енгізудің арқасында
мүмкін болды.
Бірақ, қазіргі технологиялар дамыған кезеңде селекционер-ғалымдардың
пікірінше орта есеппен алғанда өнімділіктің үштен бір бөлігі сорттың
генетикаық әлеуетіне байланысты, ал кей жағдайларда 10-20% құрайды.
Германияда мәдени астық дақылдарын 3-топқа немесе 3 сорттық типке
бөледі:
1. Ұзын масақтық тип - сорттың өнімділігі масақтық ұзындығына
байланысты.
2. Көп масақтық тип. Бұл типтің сорттық өнімділігі ондағы масақтың
санына байланысты.
3. Аралас тип. Ұзын масағы көп өсімдіктер.
Егіншілік мәселелерін зерттеуші шетелдік ғалымдардың пікірі бойынша
өндірістік жағдайда сорттың өнімділік әлеуетінің 75% алуды көздеукерек
деген міндет қояды. Германияда күздік арпа өндіру технологиясында сан түрлі
техникалар қолданылады, сондықтан тағы бір өзекті мәселелердің бірі
қолданыстағы күздік арпа сорттарының механикаландырылған өндіріске төтеп
беру қабілеті [3].
1991-1999 жылдар аралығында Кеңестер Одағы республикаларында жаңа
сорттардың арқасында өнім 94% артты. Мұнда сортың физиологиялық әлеуетін
жоғарылату өнімділікке 64% әсер етіп, гектарынан 23 ц өнім алуды қамтамасыз
етті, ауруларға төзімділік - 39% немесе гектарына 14 ц, сорттардың
техникаға төтеп беруі (комбайнға, жерді құнарландыратын дәріге) т.с.с. 91%
немесе 33 ц\га өнімді құрады. Сортты және сорттық агротехниканы дұрыс
таңдаудың арқасында жақсы өнім алуға болады [2].
Селекциялық прогресс технологиялық прогреспен қатар жүруі тиіс.Себебі
өнімді еккеннен кейін өсімдіктер түрлі ауруларға шалдығады, күйзелістік
факторларға реакция береді, жаңа жерге бейімделуі қиынға түседі. Сол үшін
де сорттық агротехниканы дұрыс қолданған жөн. Сорт дұрыс таңдалмаған
жағдайда өндіріс міндетті түрде шығынға түседі [1].
Соңғы кездері шетелдердегі селекция азотты көп қажет етпейтін,
ауруларға жақсы төтеп беретін жаңа сорттар шығаруға бағытталған. Мұндай
сорттарды өсіру экономикалық және экологиялық тұрғыдан пайдалы, шығын
мүлдем аз кетеді. Неміс зерттеушілері мұндай сорттарды көптеп шығара
бастады. Азотты және басқада тыңайтқыштарды аз көлемде пайдаланатын
сорттар экологиялық және экономикалық тұрғыдан өте бағалы болып саналады,
олар жоғары өнім береді. Құнарлы жерлерге жаздық бидай өте бейім болып
келеді.
Дәл қазіргі уақытта Сібірде жазғы бидайдың екі типі қолданылады.
Біріншіге – пластикалық, өнімділігі күшті, құрғаққа төзімді
сорттар жатады яғни Саратовская 29 сорты.
Екінші топқа – жоғары потенциалды, өнімділігі интенсивті,
климаты және агротехникалық жағдайы жақсы жерлерге өсетін сорттар жатады.
Мысалы Новосибирская 67 және Омская 9. Көктемде жер неғұрлым нәм болса
интенсивті типтегі дақылды егу қажет.
Қыс кезі қар аз, құрғақшылық жылдары бейімделу қабылеті жоғары
типтегі сорттарды еккен дұрыс. Құрғақшылыққа, түрлі ауруларға төзімді
сорттарды селекцияда және өндірісте қолданудың арқасында, П.П Лукьяненко
атындығы Краснодар ауылшаруаылығы ҒЗИ зерттеушілері айтарлықтай қол
жеткізген.
Ресейдің қаратопырақты емес аймағы ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу
институтында сорттардың потенциалдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін,
институттың технологиялық орталығында күрделі зерттеулер жүзеге асырылуда.
Мұнда дәнді дақылдардың зиянкестеріне, түрлі ауруларына қарсы және жердің
құнарлығын арттыру үшін түрлі технологияларды зерттеп өндіріске енгізуде
[1,3].

1.3 Күздік арпаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Елімізде азық-түліктік және жемдік астық мақсатында күздік арпа
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында егіледі.
Дақыл өнімі гектарына 18-20 ц, алдыңғы қатарлы шаруашылықтар 5-6 тоннаға
дейін алады.
Күздік арпа күздік бидаймен, әсіресе күздік кара бидаймен салыстырғанда
қысқа төзімсіз. Ол үшін -12°С-тан төмен аяздар қауіпті. Күздік бидайға
қарағанда ол ерте көктемгі қолайсыз жағдайлардан көбірек зардап шегеді.
Көктемгі жылы кездер басталысымен күздік арпа жедел өсе бастайды. Өсіп-даму
кезеңі жаздық арпадан 12-16 күнге, күздік бидайдан 6-9 күндей қыскарақ.
Топыраққа талабы күздік бидайдікіндей [2].
Мәдени арпа (Hordeum sativum L.) жеміс беретін масақшалар санына
байланысты - көпқатарлы, екі қатарлы және аралық түр тармақтары болады [4].
1. Көп қатарлы, немесе кәдімгі арпа - Н. vulgare, масақ білігінің әр
кемерінде өсіп-жетіліп жеміс беретін үш масақша болады. Көп қатарлы арпа
масақтың тығыздық дәрежесі бойынша екі топқа бөлінеді:
Біріншісі - масағы тығыз, жуан, қысқа және көлденең қиындысының кескіні
дұрыс алты қырлы болатын, дұрыс алты қатарлы (алтықырлы) топ..
Екіншісі - масағы тығыз емес, дән қатарлары дұрыс орналаспаған, бүйір
масақшалары біріне бірі кіріп тұрады, ортадаға масақшалар бүйірдегілерден
жақсы жетілген. Арпаның екінші тобы масағының бет жағының екі жалпақ және
бүйірінің екі жіңішке қырлары болады, оның көлденең қиындысының кескіні
төртбұрыш түзеді. Көп қатарлы арпа түршелерінің сипаттамасынан
ерекшеліктерін аңғаруға болады (кесте 2).
2. Екі қатарлы арпа -H.disticum L. Онда білік кемерінде отырған үш
масакшаның тек ортасындағылары жеміс береді, бүйір масақшалары жеміс
бермейді. Екі қатарлы арпалар бүйірлеріндегі жеміс бермейтін масақшаларының
даму ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөлінеді:
а) жеміс бермейтін бүйір масақшаларының масақша және гүл кауыздары бар
- nutantia R. Reg.;
б) жеміс бермейтін бүйір масақшаларының тек масақша қауыздары бар -
deficientia R. Reg.
Екі қатарлы арпа егістері тек nиtаntіа тобынан, ал арпаның екінші топ
(deficientia) өкілдері қоспа түрінде кездеседі, әсіресе Закавказьеде.
3. Аралық арпа - intermedium Vav. еt Orl- бұл түртармақ масағы
білігінің кемерінде 1-ден 3-ке дейін дән қалыпты жетілуі мүмкін.
Біздің елімізде арпаның тек көп қатарлы және екі қатарлы түр тармақтары
таралған. Әдетте, көп қатарлы арпа екі қатарлыға қарағанда тез піседі және
құрғакшылыққа төзімді, сондықтан оны солтүстікте де, оңтүстікте де өсіре
беруге болады. Күздік арпа тек қана көпқатарлы болып келеді [5].
Елімізде арпа егісінің көп жерін екі қатарлылардан - нутанс, ал көп
қатарылардан паллидум алады. Бұл түршелерден басқа қылтансыз, немесе
фуркатты арпалар-horsfordianum (масақтары сары, көп қатарлы, дәндері
қауызды) және trifurcatum (масақтары көпқатарлы, сары, дәндері жалаңаш)
белгілі шамада қызығушылық танытуда.
Бұл түршелер сорттары өнімінің төмендігі мен өсу ортасының қолайсыз
жағдайларына төзімсіздігіне байланысты біздің елімізде таралмаған [2].
Арпаның дәні бүйірлерінен қысылған жалпақ. Сұлы дәнінен айырмасы арпа
дәні гүл қауызымен бірігіп кеткен. Екі қатарлы арпаның қауыздылығы 9-11%
құраса, көп қатарлынікі - 10-13 %. Көп қатарлы арпаның дәні ірілігі бойынша
біркелкі емес, бүйір дәндері ұсақ және негізіне қарай сәл қисайған.
Арпаның алғашқы екі түр тармағының әрқайсысы түршелерге бөлінеді де,
оның негізіне мына белгілері алынады:
- қылтықтылық (қылттықты немесе қылтықсыз);
- қылтықтар сипаты (тісті немесе тегіс);
- масақ пен дәнек түсі (сары немесе қара);
- дән қауыздылығы (қауызды, немесе жалаңаш дәнді);
- масақ тығыздығы (тығыз немесе борпаң).
Кең таралған арпа түршелері 2 кестеде келтірілген.
кесте 2
Көп қатарлы арпа түршелері
Түрше Масақ-тыңМасақтың Қылтықтар-дың Дән Дәннің
түсі тығыздығы тістілігі қауыздылығы түсі
Паллидум сары борпаң тісті кауызды сары
(Pallidum)
Рикотензе жылтыр
(Ricotense)
Нигрум қара тісті Қара
(Nigrum)
Целесте сары жалаңаш сары
(Coeleste)
Параллелум тығыз қауызды сары
(Parallelum)

Оңтүстік Қазақстан – елімізде күздік арпа өндірісін әрі қарай дамыту
үшін үлкен мүмкіншілік бар негізгі аймақ. Облыс климаты шұғыл
континенталды. Оған тән ерекшеліктер: қысы суық емес, қары аз, орташа
тәуліктік температурасы +3,20С. Красноводопад селекциялық тәжірибе
станциясының агрометеорологиялық бөлімінің мәліметі бойынша көктемі жылы,
жазы ыстық, күзі қоңыржай.
Дән толығу кезеңінде (мамыр айы) арпа өсімдігі ылғал тапшылығын
сезінеді. Осы себепті арпаның жалпы тіршілік кезеңінің ұзақтығы ауа райы
жағдайымен шектелген. Тәлімі жер жағдайында дәнді дақылдардың, оның ішінде
арпаның дән тиімділігі шекарасын анықтайтын фактор – ауадан түсетін ылғал
мөлшері және ылғалдың түсу мерзімі [5].
Өсімдіктер селекциясының негізі – жаңа түр үлгілерін пайдалана отырып,
селекциялық материалдың тектік қорын жаңалау болып табылады. Осыған
байланысты жаңа түр үлгілерін селекциялық жұмысқа пайдалану алдында оларды
өнім құрайтын сандық белгілері бойынша жан-жақты зерттеу қажет.
Өсімдіктердің сандық белгілері полимерлік гендермен басқарылады және олар
сыртқы орта жағдайының әсерінен үлкен өзгерістерге ұшырайды [6].

Дәнді дақылдардың өнім құрайтын негізгі сандық белгілеріне өсімдік
биіктігі, өнімді сабағының саны, масақ масақшасының саны, масақтағы дән
салмағы, бір өсімдік дәнінің алмағы, мың дәннің салмағы жатады [5].
Жемдік жаңа сорттарға қойылған талаптар тегінің (генотип) тұрақтылығы,
өнімнің жоғарылығы, өсу мерзімі, ауа райы жағдайына бейімділігі, масақтың
сынбауы, дәнінің төгілмеуі, аурулер мен зиянкестерге төзімділігі және
қолданылу саласына байланысты сапасының жоғары болуы.
Арпаның жемдік бағытындағы селекциялық жұмысы тәлімі жерде, ал сыра
өндірісіне бағытталған селекциялық жұмыс суармалы жерде жүргізіледі [7].
Жемдік астық дақылдарының ұрықтану органының жетілуіне ылғалдылық әсері
туралы көптеген авторлар атап көрсеткен. Олар өз зерттеулерінде өсімдіктің
масақтану кезеңінде ылғалдың жетіспеушілігі гүл шоғырының өсуін шектейді,
онда гүлдеуі шамалы болады, соның әсерінен дән түзілуі кемиді.
Астық тұқымдастар піскен кезде негізгі үдерісі – дәнде белок пен
крахмалдың жиналуы. Арпаның өсіп-өну кезеңінде оның құрамындағы қант ,
крахмал мен гемицелюлоздың түзуіне пайдаланып, оның мөлшері 6,62-8,98%-дан
2,55-3,40%-ға дейін кемиді.
Дәннің алғашқы толысу кезеңінде дәнде көбінесе ақуыз жинақталады, ал
крахмал шамалы синтезделеді, сол себепті жас дәнде белок пен ерімелі қант
көп болады. Өсімдік балауызданып пісе бастағанда дәнде көмірсудың
жинақталуы күшейіп, крахмалдың синтезделуі едәуір артады; осы кезеңде белок
мөлшері біршама кемиді. Ал өсімдікте протеиннің, майдың, қанттың кемуі
мынадай себептерге байланысты: өсіп-өну протеинде тамыржүйесі сола бастайды
да, фотосинтез тоқталады, осы кезде жапырақ пен сабақтағы қоректік заттар
дәнге ауысады. Тамыр жүйесі солғаннан кейін өсімдік тіршілігі тоқтамайды,
бұрын, жинақталған жеңіл гидролизденетін заттар тотығу үрдісіне жұмсалады
[8,9,10].
Арпа тұқымын сіңірудің қолайлы тереңдігі орташа жеңіл құмдауыт
топырақта 7-8см, орташа ауыр, орташа саздауыт топырақта-5-6см.
Егісті таптау топырақтағы ылғалдың булануын азайтуға және тұқымның
топырақ бөлшектеріне жанасуын арттыруға ықпал етеді, демек, тұқымды қалыпты
ылғалмен қамтамсыз етеді. Құмдауыт топырақты таптағаннан кейін танапта
дәннің өнгіштігі артады [11,14].
Өсімдіктердің өнімділігіне байланысты түзілетін өте маңызды селекциялық
белгілердің бірі масақтың дәнділігі болып табылады. Масақтағы дән санының
даму дәрежесін айқандайтын көрсеткіш – масақ ұзындығы және ондағы
масақшалар саны. Арпа сорттарының масақ дәнділігі бойынша комбинациялық
қабілеттілігін зерттеу жұмыстары аталған белгінің негізінен гендердің
аддитивті әсерлерімен бақыланатындығын дәлелдейді.
Будандар өнімділігінің орта мәнімен өлшенетін сорттардың жалпы
комбинациялық қабілеттілік жекелеген комбинациялардың күтілген орта әсерден
ауытқуын бейнелейтін гендердің аддитивті емес өзара әсерлерімен басқарылады
[12,15].
Арпа үлгілерін талдап алуда ең қажетті көрсеткіштері ретінде таңдап
алынатын сорт өнімділігі мен сапасына қоршаған ортаның қолайсыз
жағдайларына төзімділігін анықтауды басты мәселе ретінде қарастыруды
ұсынады. 2002-2003жылдардағы тәжірибелік зерттеулерінде аса қуаңшылық
болған жылдары арпа сорттарындағы дәндерінің құрамындағы ақуыз мөлшерінің
жоғарылауын, ал қоршаған ортаның сыра дайындауға арналған арпа сорттарына
қолайлы болған жылдары дән құрамындағы ақуыз мөлшерінің төмендегенін
келтіреді [16].
Арпа дақылы 1-20С температурада өсіп шығады, сондықтан бұл дақылды ерте
көктемде егуге болады. Бірақ бұл кезеңде өсімдіктердің өскіндері көп
уақытқа дейін топырақ бетіне шыға алмайды. Ал жоғары температурада
өскіндердің шығуы жылдамдайды. Өскіндердің өсіп шығуына орташа қолайлы
температура 18-250С болып саналады [17,18].
Тәлімі жерлерге егілетін дақылдардың маңыздысы болып есептелетін арпа
дақылынан мол және сапалы өнім алудың негізгі кепілі күз-көктем
мезгілдерінде топырақта жиналған ылғал қорын ұтымды сақтап, егістіктің өсу
кезеңінде тиімді пайдалануы болып саналады. Бұл тұрғыда мамандандырылған
ауыспалы егіс жүйесін кеңінен қолданудың маңызы өте зор. Сол арқылы
топырақтың құнарлылығын сақтап, арамшөптер, зиянды жәндіктер және тамыр
шірігі ауруымен күресудің мүмкіншіліктері толық іске асырылады. Аталған
ауыспалы егіс жүйесі сүрі жер-арпа-арпа үлгісі бойынша игеріліп, ауыл
шаруашылығы өндірісіне енгізілуі тиіс [19].
Күздік арпаның қазіргі өсірілетін сорттарының қыс пен суыққа
төзімділігі күздік бидай мен қарабидайдан төмен болғандықтан, олар қысы
жұмсақ аймақтарда ғана егіледі. Күздік арпа жаздықтан - 12-16, күздік
бидайдан 9-10 күн ерте пісетіндіктен, танапты аңыздық аралық дақылдар
(тары, біржылдық малазықтық дақылдар және т.б.) егуге, немесе басқа күздік
дақылдар егуге жақсылап дайындап қоюға болады [20].
Топырақ құнарлығы мен алғы дақылдарға қоятын талаптары бойынша,
күздік арпа күздік бидайға жақын. Ол топырақтағы күздік-қыстық ылғал қорын
жақсы пайдалануының арқасында жаздық арпадан құрғақшылыққа төзімдірек.
Сорттары. Қазақстанда күздік арпаның мынандай сорттары аудандас-
тырылған: Береке 54 (1994, Параллелюм), Роман (1987, Паллидум), Росава
(1994, Паллидум), Циклон (1988, Параллелюм), Тлек (2010), Нектария (2011)
және Южноказахстанский 43 (Нутанс). Күздік арпаның егістіктері негізінен
Оңтүстік Қазақстан облысында [20,21].

1.4 Күздік арпаның өсіріп-баптау технологиясының ерекшеліктері

Тамыр жүйесінің әлсіз дамуы мен қоректік заттарды қысқа мерзім
ішінде сіңіретін қабілетіне сәйкес арпа тіршілік жағдайларына жоғары талап
қояды. Сол себепті өсімдіктердің ойдағыдай дамып, өнімнің мөлшері мен
сапасын қамтамасыз ететін агротехникалық шаралардың негізгі құрамдас бөлігі-
алғы дақылды дұрыс таңдай білу. Жақсы алғы дақыл топырақтың агрофизикалық
қасиеттеріне, су және қоректік режимдеріне қолайлы жағдай туғызып,
егістіктің арамшөппен ластануын әрі аурулар мен зиянкестерден зақымдануын
төмендетеді, нәтижесінде астық түсімін молайтып, дән сапасын едәуір
жақсартады [22].
Ғылыми-зерттеу ауыл шаруашылық мекемелері мен алдыңғы қатарлы
шаруашылықтардың көп жылдық тәжірибелері көрсеткеніндей, ауыспалы егістерді
арпаның жақсы алғы егістердің қатарына бір және бірнеше жылдық сүрі жер,
сонымен қатар отамалы, дәнді-бұршақ, бұршақ және күздік дақылдар жатады
(кесте 3).
Күздік арпа тыңайтқышқа өте жоғары талап қояды. Егу
кезінде суперфосфатты (Р10) енгізу өсімдіктің шынығуына және жақсы кыстап
шығуына ықпал жасайды. Аязға ең жоғары төзімділік тыңайтқыш (Р40-50, К40-
50) енгізгенде байқалады. Аммиак селитрасымен (N50) ертерек үстеп
қоректендіргенде өнімділік 10-15% артады [23].
Күздік арпа үшін астық дақылдарынан кейін топырақты өңдеу сыдыра
жыртқышты колданудан басталады, соңынан жырту қабатының мүмкін тереңдігіне
жыртып, іле-шала тырма жіберіледі. Егу алдында культивация жүргізіледі.
Күздік арпаны жақсы күтіп-бапталынған отамалы дақылдардан кейін еккенде,
танап кеш босайтындықтан, жырту культивациямен немесе сыдыра жыртқышпен
алмастырылады және тырма жіберіледі. Егер егістік арамшөптермен қатты
ластанған және тығыздалған болса, отамалы дақылдардан кейін жыртады және
тырма қолданады [24].

кесте 3
Күздік арпаның алғы дақылға байланысты өнімділік көрсеткіштері
Алғы дақылдар




Көрсеткіштер
арпа ныңарпа ныңауыс пай
сүрі сүрі сүрі тын
жерге жерден жерден арпа
егіл кейінгі кейінгі егістігі
ген 2-ші 3-ші
арпа дақыл дақыл
Себер алдындағы ылғал қоры,мм 131,3 107,5 92,8 65,4
1ц дәнге жұмсалған жалпы ылғал шығыны,
мм 9,1 11,6 12,4 18,0
Тұқымның егістік өнгіштігі,% 75,1 73,0 71,4 68,2
Буын тамырлардың саны,дана 16,0 12,6 10,8 6,5
Жасуша шырынының концентрациясы,% 14,2 16,2 17,5 18,5
Егістіктегі арамшөптер саны,данам2 6,7 8,2 10,7 13,3
Тамыр шірігінің дамуы,% 12,5 20,6 22,4 40,3
Жапырақ алаңы,мың м2га 26,0 22,0 19,5 13,6
100 өсімдіктің құрғақ массассы,г 364,9 310,6 285,0 198,7
Өсу кезеңіндегі Ф.т.ө., тәулігіне гм2 8,1 7,0 6,5 5,3
Өсімдік биіктігі,см 72,7 69,2 66,0 56,3
Өнімді сабақтар,данам2 320 287 274 200
Масақтағы дән саны,дана 17,0 15,8 15,1 12,5
Масақтың ұзындығы, см 6,5 6,1 5,8 4,5
Дән өнімі, цга 22,5 16,1 14,1 8,3

Егілетін тұқымды мұқият тазартып, егістік сапасының І-ІІ -класына
сәйкестендіреді. Оларды егер алдында қатты күйеге қарсы дымқыл немесе
құрғақ, тәсілмен дәрілейді [25].
Қазақстанның, оңтүстігі үшін ең қолайлы себу мерзімі - қыркүйектің, 20-
жұлдызымен қазан айының 10-шы жұлдызының арасы. Бұдан кеш егу, әлсіз
түптену мен өсімдіктің нашар қыстауының нәтижесінде өнімді кемітеді.
Күздік арпаны тар қатарлап және тоғыспалы егу тәсілімен егеді. Тар
қатарлап егу ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бидай селекциясында заманауи биотехнологиялық әдістерді қолдану арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырудың ғылыми теориялық негіздері
Сұлының тәжтәріздес тат ауруына қарсы төзімділік генетикасы
Қытайбұршақ дақылдарының сорттары
Күздік арпаның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Арпа дақылын өсіру
Селекцияның генетикалық негіздері
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясының жетістіктері
Күріш өздігінен тозаңданатын өсімдік
Қарақұмдық (Гречиха) дақылдарының дән қауызын анықтау, селекциялық жетістіктер
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Мәдімәр» өндірістік-бірлестік жерлерінде мал шаруашылығына берік мал азығы қорын жасау
Пәндер