Күздік бидай сорттары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..9
I. Сары-ағаш ауданы бойынша жалпы мәліметтер
1. Табиғи-климаттық және өнеркәсіп кешенінің
жағдайы ... ... ... ... ... ... ...1 2
1.1. Су шаруашылығының
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.2. Топырақ
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..15
II. Негізгі бөлім
2. Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі көрсеткіштері мен қазіргі
кездегі алқаптардың
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.1.Топырақтың құрамы және агрохимиялық
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ..21
2.2. Ауыспалы егістегі күздік бидайдың орны және егістік
тәжірибе ... ... ...25
2.3. Күздік бидайдың өнімі мен сапасына тыңайтқыштардың
әсері ... ... ... .30
2.4. Күздік бидайды
тыңайту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..37
III. Агротехникалық бөлім
3.Топырақты өңдеудегі мақсаты мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .45
3.1.Топырақты өңдеу тәсілдері және механикаландыруы
... ... ... ... ... ... ... .46
3.2.Топырақ өңдеудегі технологиялық
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
3.3.Топырақты өндеу сапасының агротехникалық
багалауы ... ... ... ... ... ... .50
3.4. Дәнді дақылдардың аурулары және олармен күресу
шаралары ... ... ... .53
3.5.Күздік бидайді егу кезіндегі қолданылатын таза пар
жері ... ... ... ... ... ...54
3.6. Топырақты өндеу мерзімінің күздік бидай өңімділігіне пайдасы
... ... ..58
IV. Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
4. Топырақтардың экологиялық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
4.1. Егістіктерді
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .63
4.2. Топырақтың ластануының және бұзылуының негізгі
көздері ... ... ... ... .64
4.3. Еңбек қорғаудың заңдық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
4.4. Тіршілік
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .72
V. Экономикалық бөлім
5. Жобаның эффектілігі және ауыл шаруашылық өнімдерінің өзіндік

құны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .81
5.1. Күздік бидай егудің экономикалық
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..85
5.2. Богаралық жерді және тыңайтқыштарды пайдаланудың тиімділігі ... ... 86
5.3. Тынайтқыштардың экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерін

анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..87
5.4. Бизнес –
жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...90
VI. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...94
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
95

Аннотация

Сары-ағаш ауданы Онтүстік Қазақстан облысының онтүстік жағында
Сырдария өзеңінің оң жақ бетінде орналасқан.
Топырақ жамылғысы негізінде боз топырақтың түрлерінен құралған.
Кәдімгі боз, шалғынды-боз бен боз-шалғындық мелиоративтік түрлері құрайды.
Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп-дамуына қажетті жағдайлардың
бәрі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып, ұзақ
сақталады, сонымен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.
Топырақты өңдеуде мынадай міндеттерді орындайды:
1. Мәдени өсімдіктерге қолайлы факторлармен (су, ауа, жылу, қоректік
заттар) қамтамасыз ету үшін топырақтың өңделетін қабатына оптималды
түйіршіктер, қолайлы құрылым дайындау.
2. Арамшөптерді жою.
3. Танап топырағына органикалық, минералдық тыңайтқыштарды, химиялық
мелиоранттарды, улы химикаттарды енгізу.
4. Ылғалды тапшы жағдайда жинап әрі сақтау, ылғалы мол жағдайда танап
топырағынан артық ылғалды оптималды түрге келтіру.
5. Топырақ қабатындағы микробиологиялық процестерге қарқынды әсер
етумен қоректіктік заттардың жиналуын, сақталуын жақсарту.
6. Өсімдік шаруашылығындағы дақылдарды зақымдайтын зиянкестер мен ауру
қоздырғыштарды жою.
7. Танап топырағындағы оптималды тереңдігіне мәдени дақылдардың
тұқымдарын себу.
8. Топырақтың су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру.
9. Шымтопырақты,тың, тыңайтылған танаптағы болмаса қыртысы топырақта
өскен көпжылдық шөптер тіршілігін жою.
Күздік бидайға арналған жер топырағын өңдеудің ең жақсы әдісі 10-12 см
тереңдікте 2 рет (1 агрегатта тырмамен) дискілеу болып саналады. Осылай
өңдеу, әдеттегі 20-22 см тереңдікте жыртудан гектар шығындылығы кем
түспейтіндігін, күздік бидай өнімін орта есеппен гектарына 3,7 – 4,3
центнерге арттыратынын көрсетеді.
Топырақты өңдеп , құнарландыру көп нәтиже береді. Сондықтан көп
жылдық шөп егілген жер қыртысын, шымтабанын, сол сияқты алғы дәнді
дақылдардан кейін жерді кемінде 20-22 см тереңдікте қайырмалы плугпен
міндетті түрде жырту қажет, бұдан соң дөңбекпен (каток) бір агрегатталған
тырмамен егу алдындағы топырақты жентектеу-тегістеу сияқты өңдеу жұмыстары
жүргізіледі. Күздік бидай себуге арналған шөп танабын, тереңдеп жыртудан
екі апта бұрын, 8-10 см тереңдікте қыршуыш культиватормен сыдыра жыртып
шығу керек.

Кіріспе

Азық-түлік өнімі ретінде бидайдың көптеген аса бағалы қасиеттері бар.
Бидай дәні аса құнарлы да қуатты азық, оны сақтауда қиын емес, бір жерден
екінші жерге де тасып өткізу де оңай, және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға
болады. Адам организмі үшін қажетті ақуыздар мен көмірсулардың жарымына
жуығын, В1 витаминінің 70-80%, РР және Е витаминдерінің едәуір бөлігін,
минерал тұздарды және қажетті заттарды бидай өнімі береді. Дүние жүзілік
азық-түліктік дақылдар ішінде бидай жетекші орын алады.
Оңтүстік өңірінде жұмсақ бидайға жататын күздік, жартылай күздік,
және жаздық түрлері егіледі. Жұмсақ бидай экологиялық тұрғыдан неғұрлым
икемді, бейімделгіш түр болып табылады. Жұмсақ бидай аурулар мен
зиянкестерге төзімсіз келеді.
Қазақстан ауыл еңбеккерлері 1981-1985 жылдарда астықтың орташа жылдық жалпы
түсімі 238-243 миллион тонна болатын деңгейге шығып, ал 1990 жылға қарай
оны ел бойынша орта есеппен әр адамға шаққанда 1 тоннаға жеткізуге қосқан
үлестері де мол, резервтері де жеткілікті болды.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтің агроөнеркәсіп
кешені қызметкерлерінің республикалық кенесінде сөйлеген сөзінде: Ауыл
шаруашылығын дамытудың зор мүмкіндігі бар. Қазақстан ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіру мен өндеуде әлемдік көшбасшылардың қатарында бола алады
десем, көпшілік менімен келісуге тиіс... Ол мақсатқа жету үшін отандық ауыл
шаруашылығының өнімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының табыстары да өсуге тиіс - деп
қорытындылаған еді.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылдың 24 қарашасындағы №
576 Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеуді
дамытудың жағдайы мен шаралары туралы қаулысын орындау мақсатында облыста
біршама жұмыстар жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеумен 70-тен астам ірі акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және 691 кішігірім
цехтар мен кәсіпорындар айналысады.
Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенін
тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы
бекітіліп, бағдарламаны іске асыру іс-шаралары дайындалды. Бағдарламаның
негізгі мақмсатының бірі – қайта өңдеу саласын дамыту болып табылады.
Астық өндіруді арттыру үшін күздік бидай егісінің көлемін одан әрі
арттырып, әр бір гектар суармалы егістіктен кем дегенде 40-50 центнерден
сапалы дән жинауы керек. Озық шаруашылықтардың тәжірибесі агротехникалық
шаралардың бүкіл комплексі дер кезінде және сапалы орындалған жерлерде –
Безостая 1, Красноводопад-210, Стекловидная-24, Интенсивный, Память-47,
Октябрина, Қарлығаш, Южная -200 күздік бидай сорттарынан 50 центнерге жуық
және одан да жоғары алынатынын айқын көрсетуде. Мұндай көлемді табыстар
күздік бидайды дер кезінде сапалы сеуіп, оны күтіп- баптау жұмыстарын
ойдағыдай жүргізудің нәтижесінде іске асады.. Ауданның көптеген
шаруашылықтарында суармалы жерлердің өнімі тәлімі алқаптың егіншілік
нәтижелерінен әлі де көп аса қоймады. Астық өндірудің резевтері толық
пайдаланылмай келеді . Күздік бидай өсірудің агротехникасы бұрмаланады,
егіншілік мәдениеті сақталмайды, жер өңдеу, оны күтіп- баптау, тұқым себу
мерзімі ұзаққа созылады. Сол себептен де өндірілген күздік бидайдың дән
сапасы да төмен, тұқым өндіру жөніндегі жоспар орындалмайды, ал мұның өзі
егіннің шығымдылығына теріс ықпалын тигізуде.
Суармалы жерлерден мол өнім алу үшін мынадай көптеген шараларды
жүзеге асыру керек: бұл-жоғары өнімді дәнді дақылдардың үлес салмағы
барынша көбірек орын алатын ауыспалы егіс, аудандастырылған сорттардың
тұқымдарын себу, тыңайтқыштар мен суаруды ұтымды пайдалану. Күздік бидайдан
жоғары, әрі сапалы дән алудың барлық жолы толық қарастырылуы қажет. Бұл
астық өсіретін диқан – механизаторларының абыройлы ісі.
Сары-ағаш ауданыңда 50361 гектардан аса суармалы жер бар. Суарған
күнде мұнда басқа масақты дақылдарға қарағанда шығымдылығы жағынан ең
тәуірі күздік бидай. Бұл бидайдың Безостая 1 және Стекловидная 24;
Интенсивный сияқты шығымдылығы мол сорттары өндірісте қолданылғалы , оның
жалпы түсімі қауырт көбейіп өндірілген дән сапасы да жақсара бастады.
Аудан шаруашылықтары соңғы жылдары жерді тиімді пайдалану жөнінде
едәуір жұмыстар атқарды. Күздік бидайдың артықшылығына мән беріп, жаздық
бидайға қарағанда гектар басы 4-6 центнер артық беретініне көзі жеткен
егіншілер күздік бидай егісінің үлес салмағын дәнді дақылдардың күллі егіс
көлемінің 70 процентіне жеткізіп отыр.
Ауыспалы егістің болмауы, күздік бидайдың бір жерге 3 жыл және одан
да көп уақыт егіле беруі де және мезгілінде егіліп, жүйелі суарылмауы,
қажетті мөлшерде тыңайтқыштардың енгізілмеуі гектар түсімінің кемуіне және
дәнің сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Осыдан барып, өсімдіктің түрлі
ауруларға шалдығуы немесе зиянкестер мен зақымдануы мүмкін, бұл да оның
шығымдылығына, дән сапасына кері әсер етеді.
Міне, осындай кемшіліктерге жол бермеу үшін, күздік бидай сорттарын
мезгілінде егу, алғы дақылдан кейін күтіп- баптау, жинау, сақтау сияқты
шаралары жоғары дәрежеде жүруі қажет. Сонда ғана күткендегідей нәтижеге
жетуге болады.
006 Ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау бағдарламасының,
Өндірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі мен сапасын арттыру
102 кіші бағдарламасына сәйкес үш жыл бойы мемлекет тарапынан
шаруашылықтарға 9738 тонна жеңілдетілген бағада жанар-жағар май берілді.

Әдебиетке шолу

Дүние жүзінде Қазақстанның оңтүстік өңірінде ауа-райының ерекшелігіне
байланысты бидайдан қалыпты өнім алу үшін суармалы және тәлімі жерлерде
өсіру тиімді екені дәлеледенген. Тәлімі жерлерден ауа-райының
құрғақшылығына қарамай әр жылы тұрақты мол өнім алуға болатынын ғылыми
деректер мен өндірістік озық тәжірибе жан-жақты дәлелдеп келеді. Дегенмен,
біздің бұрынғы зерттеулеріміздің нәтижесінде тәлімі жерлерде күздік бидайды
тегіс 15 см қатар аралықта СЗ-3,6 дән сепкіштермен себуді ұсынып гектарына
5,0-6,0 млн өнгіш дәннің жоғары репродукциялы сертификацияланған өндіріске
қолдануға жіберілген сорттарын біркелкі терендікке (3,5-5,0 см) ұсынған.
Елімізде жүргізілген ауыл шаруашылығындағы реформаларға сәйкес және
нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты барынша шығынды аз жұмсап
өнімділік деңгейі мен сапа көрсеткішін арттыру және бәсекелестікке
қабылетті өнім өндіруге бүгінгі күн талабы [15, 8-26 бет.].
Зерттеу жұмыстары 2003-2006 жылдары Х.А.Яссауи атындағы ӨК суармалы
егіншілік жүйесінде жүргізіліп аудандастырылған Безостая-1, Стекловидный 24
және Интенсивная сорттарымен үш түрлі себу тәсілдерімен тексерілді:
1 – ұсынылған 15 см қатар аралықта СЗ – 3,6 дәнсепкішімен себу;
2 – 70 см арақашықтықта жалға 2-қатарлап егу (20 см);
3 – 70 см арақашықтықта жалға 3 қатарлап егу (15 см).
Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік зерттеулер
орталығының тәжірибе алқаптарында жүргізілген деректер бойынша күздік
бидайды қыратты жалға еккенімізде себу нормасы 90 кгга немесе 2,0 миллион
өнгіш дән сепкенімізде күздік бидай өнімділігі және оның сапасы кәдімгі бір
бағытта 15 см қатар аралықта сепкенге қарағанда (250 кгга немесе 5
миллионга өнгіш дән) едәуір артты.
Онтүстік Қазақстан облысының богаралық жерлерінде күздік бидайды себу
мезгілі 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында болатыны дәлелденген [38, 156-
163 бет].
Күздік бидайды ауыспалы егіс жүйесінде жүгері дақылынан соң ектік.
Зерттеулер жүргізілген жылдары себу мерзімі ұсынысқа сәйкес қазан айының 10
жұлдызында қолдан реконструкция жасалынған көкөніс сепкішімен СО-4,2 егілді
(сепкіш тетіктерін модернизациялап 70 см арақашықтықта жалдың қырығына 20
см аралықта 2 қатарлы егу қамтамасыз етілді, келесі нұсқасында жалдың
қырығында 15 см аралықта 3 қатарлап ектік).
Көп жылдық зерттеулер нәтижесінде себу тәсілінің күздік бидайдың
далалық өнгіштігіне әсер ететіні анықталды. Мысалы үшін, зерттеуге алынған
күздік бидай сорттарының далалық өнгіштігі 2003-2005 жылдары 62,0%-90,9%
аралығында ауытқыды [33, 125-127 бет].
Күздік бидайдың сорттық ерекшелігіне байланысты төмендегіше нәтижелер
болды. Үш жылдық көрсеткішке сүйенсек Безостая 1 сортының далалық өнгіштігі
егу тәсіліне байланысты 76,0-86,2% деңгейінде болды. Ал Стекловидный 24
сортының өнгіштігі 57,8-80,0% аралығында ауытқыды. Интенсивная сортының
көрсеткіші 71,8-89,5% артты. Демек, күздік бидай дәнін жалға еккенде
зерттелген сорттардың далалық өнгіштігі артатынын анықтадық. Яғни күздік
бидайды жалға еккен кезде егу алдында ылғал жинақтау бағытында суаруы
кезінде арықшалар арқылы суғарылған алқапта су бірқалыпты таралып егістік
алқаптың біркелкі ылғалдануына және суару сапасының едәуір жақсарып күздік
астық өскінінің уақтылы және біркелкі шығуына жағдай жасалынып далалық
өнгіштігінің жоғары болатыны дәлелденді. Жоғарыда көрсетілгендей далалық
өнгіштік зерттелген сорттарда бір деңгейде болды, дегенмен де Интенсивная
сортының басқа сорттарға қарағанда жалға еккенде біршама жоғары деңгейде
болатынын байқадық.
Күздік бидайды егу тәсілдері өнімділік көрсеткішіне оң әсерін
тигізетіні анықталды. Түптену коэффициентері зерттеуге алынған сортарының
биологиялық ерекшеліктеріне байланысты екендігін байқаймыз және егу
тәсілдері де осы көрсеткішке тікелей әсер ететіні анықталды. Зерттелген
сорттардың ішінде түптену коэффициентінің ең төменгі көрсеткіші ұсынылған
15 см қатар аралықпен еккенде Стекловидный 24 – 1,04 болғанын байқадық, ал
Безостая 1 және Интенсивная сортарында түптену коэффициенті 1,16-1,37
жоғарылағанын анықтадық. Күздік бидай биіктігі ұсынылған 15 см қатар
аралықпен еккен Безостая 1 сорты егілген нұсқада 89,7 см, Интенсивная
сортының биіктігі 92,7 см, ал Стекловидный 24 сортының биіктігі 102,0 см
болды. Зерттеулер нәтижесінде күздік бидайдың өсуіне және түптенуіне 70 см
арақашықтықта жалға 2 қатарлап еккенімізде оң әсер ететіні анықталды.
Түптеу коэффициентінің ең жоғары нәтижесі 1,87 Интенсивный сортын еккен
нұсқада болды, ал бұл көрсеткіш Безостая 1 сортында 1,74; Стекловидый 24
сортын өсірген нұсқада 1,43 төңірегінде болды. Осы аталмыш сорттарды 70 см
арақашықтықта жалға 3 қатарлап өсірген нұсқада сорттық ерекшеліктеріне
байланысты 1,30; 1,21 және 1,10 төңірегінде қалыптасты.
Демек, түптену коэффициенті көрсеткішіне жалға егу тәсілдемесі оң
әсер ететінін және зерттелген сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне
байланысты әр түрлі деңгейде болатынын анықтадық. Сонымен қатар зерттелген
сорттардың ішінде Интенсивная сортының жалға 70 см арақашықтықта 2 қатарлап
(20 см) еккенде ең жоғарғы түптену коэффициенті болатыны белгілі болды. Осы
нұсқада егілген сорттардың өсу биіктігі Стекловидный 24 – 128,7 см,
Интенсивная – 101,7 см, ал Безостая 1 – 93,3 см төңірегінде қалыптасты.
Яғни, зерттеулер нәтижесінде күздік бидайды жалға 70 см арақашықтықта 2
қатарлап еккенде өнімділік көрсеткіштеріне оң ықпал жасайтыны дәлелденді.
Ал, жалға 70 см арақашықтықта 3 қатарлап еккенде өнімділік құрылым
көрсеткіштерінің төмендейтіні байқалды.
Жаңа себу тәсілі дән байлаған сабақ мөлшерінің ұсынылған нұсқаға
қарағанда кем болғаны, бірақ оның ішінде жетілмеген сабақ саны ұсынылған
нұсқада әлдеқайда көп болды. Бұл көрсеткіш биологиялық ерекшеліктеріне
байланысты Безостая 1 – 99 шт, Стекловидный 24 – 64 шт, Интенсивная
сортында 105 шт болды. Ал күздік бидайды жалға 2 қатарлап еккен нұсқада
небәрі 15; 11 және 22 шт жетілмеген сабақ болды.
Зерттеу жүргізілген жылдары Интенсивная сортының масақтағы дән
санының көрсеткіші 47,6 шт, 1000 дәннің массасы 43,7 г, бір масақтағы дән
массасы 2,57 г болып ең жоғары деңгейге жетті. Стекловидный 24 сортының
көрсеткіші 46,2 шт; 47,5 г және 2,27 г төңірегінде қалыптасты.
Тәжірибеде күздік бидайды 70 см арақашықтықта 2 қатарлап еккенде
төмеңгі көрсеткіш Безостая 1 сортын өсірген алқапта қалыптасқанын байқаймыз
41,2 шт; 41,7 г және 1,77 г болды. Ұсынылған 15 см қатараралықта еккен
нұсқада бұл нәтиже әлдеқайда төмен болып өнімділік көрсеткішіне кері әсер
етті [15, 229-231 бет.]

I. Сары-ағаш ауданы бойынша жалпы мәліметтер

1. Табиғи-климаттық және агроөнеркәсіп кешенінің жағдайы
Жалпы өнім көлемі:
Облыс бойынша – 146 млрд. 900 млн.
Аудан бойынша – 25 млрд. 337 млн (17,2%)
Оның ішінде: егін шаруашылығы – 16 млрд. 527 млн (20%)
мал шаруашылығы – 8 млрд. 810 млн (13%)

Ауданның жалпы келешектегі басты жұмыс бағыттары:
1) Көкөніс, бау-бақша, жылыжай шаруашылығы, астық бидай;
Ауданда негізінен көкөніс, жеміс-жидек, жүзім дақылдары өндіріледі.
Соңғы кезде мақтаның егіс көлемі қысқарып, көкөніс, бақша дақылдары мен
жеміс-жидек, жүзім дақылдарынының егіс көлемі артуда. Өткен жылы 8,5 мың
гектар көкөністің әр гектарынан 200,7 центнерден 171,1 мың тонна, 5,4 мың
га бақшаның әр гектарынан 195 центнерден 105,0 мың тонна өнім өндірілді.
Ауданда 2 астық, 1 мақта өндейтін ірі кәсіпорын және қолдағы бар 41
кішігірім цехтан 17-і жұмыс атқаруда. Оның ішінде: 2 үн диірмен, 4
наубайхана, 3 өсімдік майын, 3 шарап, 3 сүт, 1 етөнімдерін өндеу, және 1
көкөніс-жеміс консервілеу цехы жұмыс істейді.
Ауданда тамшылатып суғару тәсілі бойынша биылғы жылы егіс көлемі 30
гектарға жетпек, жылыжайдың егіс көлемі 65,6 гектарға жетеді. Бұл көрсеткіш
облыстағы бар жылыжайдың 54 пайызын құрайды.
Күздік бидай сорттары
Аудантастырылған аймағы – Онтүстік Қазақстан.
Ауданда богарада өсірілетін күздік бидай сорттары – Ранняя-12; Красная
звезда (двуручка) көктемде және күзде егіледі; Красноводопад-210;
Стекловидная 24; Безостая -1 (сорт с бородой); Интенсивный; Память-47
сияқты сорттар ылғалдылыққа төзімді, ал аз аздан ғана суарым жерлерде
Октябрина, Қарлығаш, Южная 200 егіледі.
Күздік дақылдардың ішінде күздік арпаның егілетін сорттары: Бәйшешек,
Россова, Тритикалий (рожь бен арпадан шыққан).
Аудан бойынша күздік бидай өнімділігі 2006 жылы 18,0 цга, 2007 жылы –
17,5 цга, 2008 жылы – 10,5 цга болған.
Астыққа берілген тыңайтқыш түрлері: күзде – аммофос, суперфосфат;
көктемде – аммиачная селитра.

№ 1 кесте
Аудан бойынша күздік бидай егісінің көлемі мен алынған өнімі
(орта есеппен)
Ауыл Бидай
әкімшіліктері
Егіс көлемі, Түсімі, ц Алынған өнім,
га га мың тонна

Дарбаза 5228 9,2 48,10
Әлімтау 557 10,1 5,63
Ақжар 886 10,8 9,57
Жылға 4154 12,5 43,62
Қызыл-жар 670 10,5 7,03
Қошқар-ата 227 10,8 2,45
Қапланбек 100 12,2 1,22
Дербісек 550 10,3 5,67
Бірлік 397 9,2 3,65
Бозай 250 12,7 3,18
Сары-ағаш ауданы 13019 10,63 137,09
бойынша
Облыс бойынша 134,4 10,7 145,0

Күздік бидайдың вегетациялық периоды 230-270 күнге дейін.

Географиялық жағдайы мен орналасуы. Сары-ағаш ауданы Онтүстік
Қазақстан облысының онтүстік жағында Сырдария өзеңінің оң жақ бетінде
орналасқан. Шымкент қаласынан онтүстік-батыс жағында 170 км қашықтықта
орналасқан. Ауданның орталығы Сары-ағаш қаласы. Географиялық координаттары:
41013′ – 41053′ с.е. и 67019′ – 68005′ ш.б.

Климат. Сары-ағаш ауданының территориясын қамтиды. Аймақтың топырақ-
табиғат жағдайларына рельефтің ерекшеліктері, температура мен жауын-шашын
ғана емес, сондай-ақ табиғаттың басқа элементтері бұлтқа, ауаның
ылғалдылығына, қардың қалыңдылығына, желдің бағыты мен жылдамдылығы да
ықпал етеді.
Сары-ағаш өңірінің климаты аса континентальды. Жаз айлары ыстық та
құрғақ, күз айлары көктем айларына қарағанда жылы. Көп жылғы деректерге
қарағанда жылдық жауын-шашын 235 миллиметрдей болады, оның көп мөлшері
қыста, жылдың суық мезгіліне келеді, олар қар түрінде түседі және
топырақты ылғалдауда маңызы шамалы болады, және көктем айларында түседі.
Қар жамылғысының максимальды биіктігі 33 см. Ауаның абсолюттік ылғалдылығы
қыс айларында 70-75 % болса, шілде-тамыз айларында 20-25 % -ке дейін
төмендейді. Ауаның тәуліктік орташа температурасы шілде-тамыз айларында 26-
280С болса, абсолютті максимум 41,50С болып тіркелді. Ауаның ең төмеңгі
температурасы желтоқсан-қаңтар айларында тіркеліп -25,60С болды, тәуліктік
орташа температурасы -6,70С-тан +0,50С аралығында болды. Аймақтың
солтүстігінде температураның абсолюттік минимумы -45 0С , оңтүстігінде
-320С болады. Жаздың кейбір күндерінде ауа +40-450С дейін қызады. Көктемгі
соңғы салқындық әдетте сәуірдің алғашқы жартысында тоқталады, ал күзгі
салқындық қазанның алғашқы жартысында, кейде тіпті қыркүйектің екінші
онкүндігінде басталады.
2008 жылы аудан көлеміндегі ауа-райы бойынша қыс жылдағыдан ерте
түсіп, қар көп жауды.ақпан айының ортасында жаңбыр жауып және қар еріп,
біраз ауылдарды су алды. Көктемнің алғашқы айы жауын-шашынды болып, халыққа
айтарлықтай зиянын тигізді. Жауынның ең көп жауған айы – наурыз айы. Ауаның
орташа жылдық температурасы – 18,00С. Жыл бойы орташа жауын-шашын жиынтығы
– 870 мм, оның 130 мм суару кезңінің үлесіне тиеді.
Аймақтың жылу ресурстары өте мол. Аймақтың оңтүстігінде наурыздың
аяғынан және қалған территориясында сәуірдің ортасынан бастап ауаның
тәуліктік орташа температурасы +10 0С жоғарылайды. Мұндай кезең 170-200
күнге және оданда ұзақ мерзімге созылады. Бұл кезеңдегі температура
жыйынтығы аймақтық басым бөлігінде 3000-35000С. Жел негізінен,жаз айларында
болады, максимальды жылдамдығы 9-11 мсек-қа жетеді, желдің бағыты,
негізінен, солтүстіктен, солтүстік – батыстан соғады.
Мұнда егіншілікті суармалы жағдайда және богарада жүргізуге болады. Жаз-
күз айларындағы ауа райы дақылдар үшін қолайлы болды. Бірақ, су
тапшылығының әсерінен біраз дақылдар кем егілді. Күз жауын-шашынсыз болып,
диқандардың өнімдерін жинап алуына көп көмегін тигізді.
Аймақтың құба шөл топырағы аса құрғақ, жусанды және сораң-жусанды
келеді. Сонымен агроклиматтық жағдайлары әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарын
тек суармалы жерлерге егіп, өсіруге мүмкіндік тұғызады.

1.1. Су шаруашылығының жағдайы
Ауданның ең улкен су артериясы – Сырдарья өзеңі. Оның шығыс жағында 20-
70 км қашықтықта кішігірім Ащысай және Келес өзеңдері ағып жатыр. Екі
өзеңнің суы да Сырдарияға және Шардара су қоймасына келіп құйылады, екеуі
де меридионалдық бағытта ағады. Аудан аймағында сай-жыралар көп. Су
жинайтын ең ірі сайлардың бірі – Бандығұрсай және Құркелес, бұнда су ұзақ
уақытқа дейін кеппейді. Ауыл шаруашылық дақылдарды суару үшін
Узбекистандағы Шыршық өзеңінен тартылған Зах және Ханым магистральды
каналдардың суын пайдаланады. Келес өзеңінен алынған судың жылдық ағымы 168
млн. м3, вегетация кезінде – 130 млн. м3. Келес өзеңінде үш плотина
салынған. Үш плотинаның суы Оймауыт, Кескен және Ошақты каналдарының
арқасында едәуір жерлерді суарады. Сары-ағаш ауданында үш каналды Келес
суармалы жүйесі бар. Каналдардың ұзындығы 40,5 км, бас арнасы – шлюз-
регулятор, откізу қабылеті 24,9 м3 секунд. Келес жүйесі 23,6 мың. га жерді
сумен қамтамасыз етеді.
Аудан суармалы жерлері Үлкен Келес каналы, Ханым, Кескен, Рамадан,
Келес өзеңінен бөлінетін Бес-Абдал, Ошақты, Оймауыт, Ашынау, ВТК, Боз-су
шаруашылық аралық су жүйелері арқылы сумен қамтамасыз етіледі.
Егістік жерлерге суаруға берілетін судың жалпы тұздылығы талапқа сай,
егін суаруға жарамды. Үлкен Келес каналындағы судың жалпы тұздылығы 0,2
гл.
Егістікке пайдаланған ағын суға төленген төлемақының құнын арзандату
мақсатында Республикалық бюджеттен 11,8 млн. тенге субсидиялық қаржы
төленді.
2008 жылы суармалы жерлерге аудан көлеміндегі су жүйелері арқылы
егістікке қажетті ағын су, Зах-Келес мекемесінен алынған мәлімет бойынша
берілген жалпы су көлемі 241,68 млн. м3 құрайды. Бұл көрсеткіш 2007 жылмен
салыстырғанда 2,575 млн. м3 көп. Ал, жеке су жүйелері арқылы алынған су
көлемі төмендегідей болып бөлінеді:
1. Зах жүйесі – 96,300 млн. м3
2. Ханым – 49,360 млн. м3
3. ҮКМК – 96,000 млн. м3
Барлығы: 241,66 млн. м3

1.2. Топырақ түрлері

Сары-ағаш ауданының топырақ жамылғысы Орта азиялық аумағы,
субтропикалық тау етекті-шөлдік аймағының эфемерлі дала белдеуінде дамиды.
Күннің ыстығы, ағаш өсімдіктердің жоқтығы, жер асты суларының жер бетіне
терең жатқандығы топырақ жамылғысының құрылымына өз әсерін тигізеді.
Топырақ жамылғысы негізінде боз топырақтың түрлерінен құралған. Ағаш
өсімдіктердің аздығынан топырақтың қарашірінді қабаты өте жай дамиды. Сол
себептен боз топырақтардың гумус мөлшері төиен 0,8-1,2 пайыз, ауыл
шаруашылық дақылдар үшін басқа топырақтармен салыстырғанда негізінде аз
өнімді.
Аудандағы топырақ жамылғысының құрылымы, оның бірнеше жылдардағы
өзгеруі №1 кестеде келтірілген. Кестенің мәліметтері бойынша, бұрынғысынша
топырақ жамылғысын кәдімгі боз, шалғынды-боз бен боз-шалғындық
мелиоративтік түрлер құрайды. Боз топырақтың мөлшері басым – 89 пайыз.
Өткен жылмен салыстырғанда топырақ жамылғысының құрылымында онша өзгеріс
болып жатқан жоқ.
Топырақ жамылғысының құрылымында кәдімгі боз топырақтарының көлемі
28225 га немесе 56 пайызға тең. Олар әкімшіліктердің көбісінде кездеседі.
Кәдімгі боз топырақтар қайта тұздану процесстер өтпейтін автоморфты
тәртібінде дамиды. Тұздарды әкелетін жер асты сулар жер бетінен 5 метрден
астам терендігінде жатқанынан осы топырақтар тұзданбаған. Дақылдарды тиімді
өсіру үшін жерлерге су көбірек беру қажет.
Кәдімгі боз топырақтар гумус бойынша да ауданның топырақтарының
ішінде ең жақсы болып саналады. Гумус мәні өнделетін қабатында 1-1,2 пайыз,
тереңдеген сайын азаяды. Осы топырақтардың сіңіру сиымдылығы 100 грамм
топыраққа шаққанда 11,8-13,6 мгэкв, түйіршік құрамы негізінде орта сазды
сиректеу кездеседі. Топырақтардың еңісті адыр-бұдырлы жерінде
орналасқандығынан, олар суару кезінде ирригациялық эрозияға ұшырауы мүмкін.
Шалғынды-боз топырақтарды кәдімгі боз топырақтармен салыстырғанда
морфологиялық ерекшелігі аз. Олардың да тиімділігі мен құнарлығы боз
топырақтардың ішінде мол. Осы топырақтар аудандағы суармалы жерлерінің 33
пайызында жайылып ауыл әкімшіліктердің көбісінде кездеседі. Шалғынды боз
топырақтар қайта тұздану процесстер өте сирек өтетін сорлану бойынша ауыл
шаруашылық дақылдар үшін қолайлы мезоавтоморфты тәртіпте дамуда.
№ 2 кесте
Топырақ жамылғысының құрылымы мен бірнеше жылдардағы өзгеруі.

Топырақтардың Топырақ құрылымының бірнеше жылдардағы өзгеруі, га %
мелиоративтік
түрлері
1995 ж 2000 ж 2005 ж 2006 ж 2007 ж 2008 ж
Кәдімгі боз 37032 37369 26073 20490 20713 28225
76 71 52 41 41 56
Шалғынды-боз 11629 15028 17132 21179 20648 16581
23 28 34 42 41 33
Боз тәрізді 314 395 7156 8692 9000 5555
шалғындық 1 1 14 17 18 11
Барлығы: 48979 52792 50361 50361 50361 50361

Ескерту: алымында – мың га, бөлімінде – пайыз.
ІІ. Негізгі бөлім

2. Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі көрсеткіштері мен қазіргі кездегі
алқаптардың ұйымдастырылуы
№ 3 кесте

Сары-ағаш ауданы бойынша 2007 2008
көрсеткіштер
Суармалы жер көлемі, га 50361 50361
Пайдаланылған жерлер, барлығы 44163 41198
Оның ішінде дақылдар: астық 7212 8118
Мақта 8736 3007
Мал азықтық 6066 5527
Ақтүйнек, көкөніс, бақша 14851 17796
Жайылым 529 529
Көп жылдық дақылдар 2887 2887
Әр түрлі дақылдар 3882 3274
Пайдаланылмаған жерлер, барлығы 6198 9153
Оның ішінде:
сумен қамтамасыз ету жағдайымен 6198 9153

Аудан көлеміндегі ескі және инженерлік дайындықтан өткен 50361 суармалы
жер қоры бар оның ішінде бидай астығы – 2142 га. Бұл жер қоры, жалпы саны
24 ауыл әкімшіліктері бойынша бөлінеді. Биылғы пайдаланылған жер көлемі
41208 гектар құрайды. Оның ішінде егілетін негізгі дақылдар: астық – 2142
га, жүгері – 5976 га, көкөніс, бақша, ақтүйнек – 17796 га, мақта – 3007 га
жерді құрайды.
2008 жылы пайдаланылған жердің көлемі және оның дақылдар бойынша
бөлінуі туралы мәліметтер № 3 кестеде толық келтірілген.
Аудан диқандары 2007 жылға қарағанда 1715 гектар жерге дәндік жүгері
артық екті, ал мақта дақылы 5729 гектарға, астық 1719 гектарға аз егілді.
Оның басты себептері, судың тапшылығы мен мақта дақылының өз құнын
ақтамауында болып тұр.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2008 жылы көктемгі егіс және
егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май материалдары мен
басқа да тауар материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға және өсімдік
шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға Республиканың
бюджетнен төленентін 201,3 млн. теңге диқандар тарапынан толық игерілді.
2008 жылы аудан бойынша 26,5 га жерге жемістің, 293 га жердің жүзімнің
көпжылдық екпелері отырғызылды. Отырғызылған 26,5 га жеміске 10,2 млн.
теңге, 137 га жүзімдікке 30,5 млн. теңге субсидия төленді. Бұдан басқа 2008
жылы отырғызылған жеміс алқабына 235 мың теңге, жүзім алқабына 35 млн.
теңге субсидия қаржы төленді. Көпжылдық екпелерді отырғызуға және өсіруге
кеткен шығындарды ішінара өтеуге берілген субсидиялық қаржы республиканық
бюджеттен төленді.
Аудан аумағында масақты астықты тұқымын көбейтіп, агроқұрылымдарға
таратумен айналысатын Дарбаза ЖШС-гі 2008 жылы масақты астық егумен
айналысатын агроқұрылымдарға 54 тн. Бидайдың жоғары репродукциялы тұқымы,
Красный Водопад ЖШС-гі арқылы 12 тн. бидайдың элита тұқымы сатылды.
2008 жылы аудан көлемінде 40 га егістік жерге суды тиімді пайдалану
мақсатында тамшылап суару тәсілін ендіру межеленген болатын. Бүгінгі таңға
Сарыағаш жер сиы ЖШс-гі 14,5 га егістік жерге тамшылатып суару әдісін
ендірді. Бұл жүйе Өзбекістан мен Израил мемлекеттерінің бірлескен Сан и
пласт ЖШС-гі тарапынан іске асырылды. Сонымен қатар, аудан аумағында 56,98
га егістік жерге салынған 904 дана жылыжайлар және 8,6 га егістік жерге
салынған 239 парниктер жұмыс істеп тұр, оның ішінде биылғы жылы аудан
бойынша 8,5 га егістік жерге қарапайым әдіспен 94 жылыжай салынды.

№ 4 кесте

Сарыағаш ауданы ауылдық округтері бойынша 2008 жылы суармалы жердің
пайдаланылуы туралы мәлімет, га

рсАЖПайдаланылған жерлер Пайдаланылмаған
уа жерлер
ыл
лп
ды
ыс
қу
оа
кр
рм
уа
гл
ты
еж
ре
ар
тк
аө
ул
ые
м
і
,
г
а
БОның ішінде дақылдар Оның ішінде
а
р
-
л
ы
ғ
ы
астық Дәндік
жүгері
Оттек 49,0 Цинк 0,005 Галий 1*10-3
Кремний 33,0 Стронций 0,03 Қалайы 1*10-3
Алюминий 7,00 Цирконий 0,03 Кобальт 8*10-4
Темір 3,70 Фтор 0,02 Торий 6*10-4
Көміртек 2,00 Хром 0,02 Мышьяк 5*10-4
Кальций 1,30 Хлор 0,01 Иод 5*10-4
Калий 1,30 Ванадий 0,01 Цезий 5*10-4
Натрий 0,60 Рубидий 6*10-3 Молибден 3*10-4
Магний 0,6+0 Мырыш 5*10-3 Уран 1*10-4
Сүтек 0,50 Церий 5*10-3 Берилий 1*10-4
Титан 0,46 Никель 4*10-3 Германий 1*10-4
Азот 0,10 Литий 3*10-3 Кадмий 5*10-5
Фосфор 0,08 Мыс 2*10-3 Селен 1*10-5
Күкірт 0,08 Бор 1*10-3 Сынап 1*10-5
марганец 0,08 Қорғасын 1*103 Радий 8*10-5

№ 6 кесте
Аудандағы топырақтың қатты фазасының элементтік құрамы

О – 49 K – 1.36 P – 0.06
Si – 33 Mg – 0.63 Zn – 0.005
S – 0.085 Ti – 0.46 Cu – 0.002
Ca – 1.37 C- 2.0 B – 0.001
Na – 0.83 N – 0.10 Me – 0.0003
Co – 0.0008

Бұл кестеде топырақтағы химиялық элементтер мөлшеріне қарай
орналасқан.
Топырақта органикалық элементтердің мөлшері көп, ал алюминий , темір ,
калий, кальций , магний аз . Осы элементтер әр түрлі қосындылар түрінде
топырақ құрамына еніп , топырақ типтерін анықтайды. Өсімдіктермен топырақ
арасындағы қарым-қатынасты белгілеуде бұлардың биологиялық маңызы өте зор.
Көміртегі, сутегі , оттегі топырақтың органикалық заттарының құрамына
кіреді, минералды түрде олардың карбонаттары тұздары кездеседі. Оттегі су
құрамында, гидроаксидтер амомосиликаттар, бос қышқылдар және олардың
тұздарының құамында болады. Топырақтың тағы бір үлесі мол элементтерінің
бірі – кремний топырақта ең көп тараған кремний қосындыларының бірі – кварц
минералы Ѕi О 2 . Өсімдіктерде кремний (дәнді дақылдарда) 10 % - нан 60%
дейін жетеді. Темір биологиялық жағынан өсімдіктердегі хлорофильдің
түзілуіне қатысады. Егер өсімдіктерге темір жетпесе , олардың жапырақтары
сарғайып хлор аз деген ауруға шалдығады.
Құмдық топырақтарда темір элементі – 0,5 – 1,0 % , лесс жыныстарда
түзілген топырақтарында 3-5, ал ферролитті топырақтарда – 20-50 %.
Калций мен магний топырақта слюдолардың немесе басқа минералдардың
қосындылары мен кездеседі. Бұл екі элементте өсімдіктерге өте қажет . Калий
мен натрий дала шпаттарының ортоклаз, микроклин , альбит құрамында бұзылу
нәтижесінде минералды қышқылдардың тұздарын құрайды. Бұл тұздар суда жақсы
ериді. Калий-өсімдіктердің қоректік элементтерінің бірі . Оның топырақтағы
мөлшері – 2-3 % , Na2 О – ның мөлшері -1-3 %. Натрийдың жылжымалы түрі
топырақта жоқ. Натрийдың жылжымалы түрі топырақта жоғары болса, ол
физикалық және химиялық жағынан қолайсыз қасиеттер туғызады. марганецтің
топырақта мөлшері өте аз . Пиролюзит, баунит, оливин сияқты микроэлементтер
өсімдіктердің өсуі мен сапалы дамуына өте қажет.
Көміртегі , сутегі, азот, фосфор органогендік элементтер. Олардің
топыраққа тигізер пайдасы көп. Көміртегі гумустың , органикалық
қалдықтардың құрамында, сутегі газдардың, өсімдік пен жануарлардың
денелеріндегі органикалық заттар болады. Көміртегі органикалық заттарға бай
топырақтарда 3-10% , сутегі 3-6% мөлшерде . Азот өсімдіктің өсуіне,.
Жануарлардың тіршілігенде зор рол атқарады. Оның мөлшері топырақта көбіне
органикалық қосындылар, аммиак , азот және азотты қышқылдардың тұздары
күйінде кездеседі ( 0,3-0,4 кейде 0,1%) . Топыраққа азот екі жолмен келеді:
1) үлкен қысым, әрі катилизатор ( найзағай қатысуы арқылы аммиак NH3
түзіліп жауын-шашынмен түседі. 2) азот сіңіруші бактериялардың (бос немесе
бұршақты өсімдіктер тамыр түйіндеріндегі ) қатысуымен шоғырланады.
Фосфор апатит , фосфорит минералдары құрамына және топырақ
шіріндісінде, органикалық қосындылар да кездеседі. Топырақта көбінесе суда
еритін, өсімдікке сіңіреді Са (Н2 РО4)2 түрі болуы қажет.
Микроэлементтер. Бор, малибден, мыс, жез, марганец, кобалт, мырыш, йод,
фтор топырақта өте аз , сондықтан олар қоректік элементтер мен бірге
сіңіріледі және организмдердің ферменттік құрамына кіреді де топырақта
биохимиялық алмасу процестерін жеделдетеді. Өсімдіктер өңімі мен оның
сапасының және топырақтағы микроэлементтер мөлшерінің арасында тікелей
байланыс бар. Топырақта микроэлемент жетіспеуінен өсімдіктердің өніміде ,
сапасы да төмендеп, тіпті ауруға шалдығады.
Микроэлементтер жетіспесе немесе артық мөлшерде болса, онда ондай
топырақты биохимия зарарлы эпидемия провинциялары деп атайды. Бұл табиғи
факторлар мен қатар , техногендік ластану, тыңайтқыштарды артық қолдану
салдарынан болуы мүмкін . Топырақтағы микроэлементтің мөлшері олардың
топырақ түзуші аналық жынысындағы бастапқы мөлшерлеріне байланысты .
Гумус белсенді түрде жиналатын процестерде микроэлементтер топырақтың
беткі қабатында мол болады , ал шайылу процесі басым болған топырақтарда
едәуір аз болады.

2.2. Ауыспалы егістегі күздік бидайдың орны және егістік тәжірибе

Көптеген шаруа қожалықтары күздік бидайды бірнеше ауыспалы танапқа
алғы егістен кейін себеді. Озат шаруашылықтардың тәжірибесі, мемлекеттік
сорт учаскелері мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің деректері – Безостая 1
және Интенсивный сияқты интенсивті сорттарының артықшылықтары жақсы
тыңайтылған алғы егістіктен кейін себілген кезде байқалатынын көрсетеді.
Озат шаруашылықтардың тәжірибесін алсақ, Безостая 1 және
Красноводопад – 210, Память-47, Южная-200 сияқты күздік бидайдың
потенциялдық өнімділігінің артуына мейлінше толық жағдай туғызатынын ескере
отырып, аудандастырылған сорттарды таңдаулы алға егістер бойынша себуге
болатынын және күздік бидайдың гектар шығымдылығын арттыруға болатынын
анықтай түседі. Ауыспалы егіс табанындағы көп жылдық шөптер (беде) егілген
жердің қыртысы да күздік бидайдың ең жақсы алғы дақылдары болып саналады.
Ауа райына, әсіресе жауатын жауын-шашын мөлшеріне, топырақтың түріне,
құнарлылығына, жылуына, суық болмайтын күндер санына, шаруашылықтың
мамандандырылуына қарай егіншілікте ауыспалы егістің әр түрлі схемасы
қабылданылуы мүмкін.
Сары-ағаш ауданында орналасқан шаруашылықтар егіншілігіндегі ауыспалы
егістердің схемасы:

I. Дәнді парлы 4 танапты II. Дәнді парлы-отамалы 6
танапты
ауыспалы егіс ауыспалы егіс

1. Пар (ықтырма, ерте) 1. Пар ( ықтырма,
ерте )
2. Күздік бидай 2. Күздік
бидай
3. Күздік бидай 3. Күздік
бидай
4. Арпа 4.
Жүгері
5.
Күздік бидай
6.
Арпа

III. Дәнді-парлы 5 танапты
ауыспалы егіс

1. Пар ( қара, ерте )
2. Бидай (жаздық, күздік)
3. Бидай (жаздық, күздік)
4. Бидай (жаздық, күздік)
5. Арпа

Бұл ауыспалы егіс топырағы жеңіл, құмдауыт болып келген жерлерде
қолданылады.
Сары-ағаш ауданында орналасқан шаруашылықтардың тәлімі егіншілігінде
қолданылатын ауыспалы егістер:
( ылғалмен қамтамасыз етілген және жартылай қамтамасыз етілген
тәлімі жерлер үшін)

I. Дәнді-парлы 5 танапты II. Дәнді-парлы отамалы
ауыспалы егіс 5 танапты
ауыспалы егіс

1. Таза пар (екпе пар ) 1. Таза пар
немесе екпе пар
2. Күздік бидай 2. Күздік
бидай
3. Күздік бидай 3. Арпа
4. Арпа 4.
Отамалы дақыл
5. Көпжылдық шөп (шығарылма танап) 5. Күздік бидай

Құрғақ ( ылғалы жеткіліксіз) тәлімі егіншілігінде
қолданылатын
ауыспалы егістер

I. Дәнді-парлы 5 танапты II. Дәнді-парлы 4
танапты
ауыспалы егіс ауыспалы
егіс

1. Таза пар 1. Таза пар
2. Күздік бидай 2. Күздік бидай

3. Күздік бидай 3. Күздік бидай
4. Арпа 4. Арпа
5. Көпжылдық шөп (шығарылма танап)

III. Дәнді-парлы 3 танапты ауыспалы егіс

1. Таза пар
2. Күздік бидай
3. Арпа

Топырағы жеңіл құмдауыт келген егіншілікте топырақты
эрозиядан қорғайтын 10 жылда айналып өтетін 5 танапты ауыспалы егіс

1. Пар + 3 жылғы көпжылдық шөп
2. Күздік бидай + 4 жылғы көпжылдық шөп
3. Арпа + 5 жылғы көпжылдық шөп
4.1 – жылға көпжылдық шөп + арпа
5. 2 – жылға көпжылдық шөп + арпа

Күздік бидайды көп жылдық шөптер егілген жерге себуде, әдетте, алғы
дақылдар есебіндегі дәнді дақылдардың орнына орналастырғандағыдан гөрі,
өнім гектардан Безостая1 – 10,9, ал Стекловидная 24 -7,0 -9,2 центнердей
болды .
Сөйтіп, Сары-ағаш ауданының шаруа қожалықтарындағы сұр топырақты
суармалы жерлеріндегі ауыспалы егіс танабында күздік бидайды жоғарыда
көрсетілгендей алғы дақылдардың орнына орналастыру қажет.
Күздік бидайды жыл сайын бір танапта егіп - өсіруге болмайтынын есте
сақтаған жөн. Бір жерге қайта-қайта егіп-өсірген кезде екінші жылы өнімі,
дәнге арналған жүгері орнына егілгендегі мен салыстырғанда, гектарынан 4-5
центнер кемиді. Бұл аталған сорттардың тұқымын қайта-қайта еге берсе, өнім
күрт төмендейді және ауруға шалдығады. Сондықтан ауыспалы егісте бұрын
бидай егілген жерде күздік бидайды тек көп жылдық шөптер егілген өңір мен
қант қызылшасы орнына ғана екі жыл қатарынан егуге болады, ал басқа алғы
дәнді дақылдардың орнына себу оның өнімімен дәнінің сапасы төмендеуіне
әкеліп соқтырады.
Ауыспалы егісте таза пардан кейін үлес салмағын арттыру үшін күздік
бидай еккен тиімді, ал күздік бидайдың бүркемесіне көп жылдық шөп (жоңышқа)
еккен тиімді. Бұл жағдайда басқа сорттармен салыстырғанда Безостая 1
шөптің қалыпты өркендеуін қамтамасыз ететін жақсы бүркеме дақыл болып
саналады. Жүгері ауыспалы егісінде күздік бидайдың екінші танабы көпжылдық
шөптерден кейін екі-үш жыл қатарынан егілген жүгері, көкөністер, картоп
орнына орналастырылуы тиіс.
Осындай ұсыныстар суармалы жер аумағы шектелгендіктен күздік бидайдың
басқаша орналастыруға болмайтын шаруашылықтардың қабылдауына қолайлы.
Суармалы жерлері жеткілікті шаруашылықтарда, күздік бидайды көп жылдық
шөптердің орнына, немесе өткен жылы аударылған және үшінші жылғы айдалған
аударма жер қыртысына егу анағұрлым тиімді.
Дүние жүзінде Қазақстанның оңтүстік өңірінде ауа-райының ерекшелігіне
байлангысты бидайдан қалыпты өнім алу үшін суармалы және тәлімі жерлерде
өсіру тиімді екені дәлеледенген. Тәлімі жерлерден ауа-райының
құрғақшылығына қарамай әр жылы тұрақты мол өнім алуға болатынын ғылыми
деректер мен өндірістік озық тәжірибе жан-жақты дәлелдеп келеді. Дегенмен,
біздің бұрынғы зерттеулеріміздің нәтижесінде тәлімі жерлерде күздік бидайды
тегіс 15 см қатар аралықта СЗ-3,6 дән сепкіштермен себуді ұсынып гектарына
5,0-6,0 млн өнгіш дәннің жоғары репродукциялы сертификацияланған өндіріске
қолдануға жіберілген сорттарын біркелкі терендікке (3,5-5,0 см) ұсынған.
Елімізде жүргізілген ауыл шаруашылығындағы реформаларға сәйкес және
нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты барынша шығынды аз жұмсап
өнімділік деңгейі мен сапа көрсеткішін арттыру және бәсекелестікке
қабылетті өнім өндіруге бүгінгі күн талабы.
Зерттеу жұмыстары 2003-2006 жылдары Х.А.Яссауи атындағы ӨК суармалы
егіншілік жүйесінде жүргізіліп аудандастырылған Безостая-1, Стекловидный 24
және Интенсивная сорттарымен үш түрлі себу тәсілдерімен тексерілді:
1 – ұсынылған 15 см қатар аралықта СЗ – 3,6 дәнсепкішімен себу;
2 – 70 см арақашықтықта жалға 2-қатарлап егу (20 см);
3 – 70 см арақашықтықта жалға 3 қатарлап егу (15 см).
Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік зерттеулер
орталығының тәжірибе алқаптарында жүргізілген деректер бойынша күздік
бидайды қыратты жалға еккенімізде себу нормасы 90 кгга немесе 2,0 миллион
өнгіш дән сепкенімізде күздік бидай өнімділігі және оның сапасы кәдімгі бір
бағытта 15 см қатар аралықта сепкенге қарағанда (250 кгга немесе 5
миллионга өнгіш дән) едәуір артты.
Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі жерлерінде күздік бидайды себу
мезгілі 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында болатыны дәлелденген. Күздік
бидайды ауыспалы егіс жүйесінде жүгері дақылынан соң ектік. Зерттеулер
жүргізілген жылдары себу мерзімі ұсынысқа сәйкес қазан айының 10 жұлдызында
қолдан реконструкция жасалынған көкөніс сепкішімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік жұмсақ бидайдың суыққа төзімділігі
Күздік бидай сорттарының салыстырмалы дән өнімділігі және оның құрылымы
Бидай өндіру технологиясы
КАРА БИДАЙ
Бидай өндіру технологиясы (морфологиясымен танысу, өсу фазасын зерттеу) туралы ақпарат
Күздік бидай және қара бидай
Бидайдың жұмсақ және қатты түрлерінің айырмашылық белгілері
Күздік бидай сорттарының өнімділігі
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарының марфологиялық және биалогиялық ажырату белгілері
Өсімдік шаруашылығы
Пәндер