Негізгі химиялық топтар


КІРІСПЕ
Дүние жүзі бойынша адам саны жыл сайын өсіп келеді. Яғни үшінші мыңжылдықта, 2050 жылы адамзат баласының саны 9, 2 миллиардқа жетеді деген болжам бар. Бұл планетамызды тамақпен қамтамасыз ету қажеттілігін тудырады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік қоры мекемесінің мәліметтері бойынша, дүниежүзілік барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін зиянкестер, аурулар және арамшөптер 35%, төмендетеді. Сондықтан, ауыл шаруашылық өнім өндірушілері жыл сайын аталған зиянды организмдерге қарсы қорғау шараларын жүргізеді. Осыған орай қазіргі кезде ауыл шауруашылық дақылдарын қорғаудың негізгі жолы - химиялық тәсіл болып табылады.
Өсімдіктерді қорғау үшін қолданылатын химиялық әдіс - экономикалық тиімділігімен, жан - жақтылығымен, өнімділігімен жетекші орын алады. Химиялық заттар ауылшаруашылық дақылдарының өнімін сақтауға, сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты кейінгі онжылдықта өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттарды шығару мен оларды қолдану тез қарқынмен дамуда. Мысалы, АҚШ-та 20 мыңнан аса препарат (675 әсер етуші заттар негізінде) тіркелген, олардың 470-і ауылшарушылығында қолданылады, ал Ресейде 633 препарат (194 әсер етуші заттар негізінде) тіркелген . 2003-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының территориясында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің тізімі 249 атаудан тұрады.
Бірақ, пестицидтер химиялық заттар болғандықтан, оларды дұрыс қолданбау қоршаған ортаға, яғни адамзатқа, жануарлар мен өсімдік организмдеріне қауіпті. Өсімдіктерді қорғайтын химиялық заттар тамақ өнімдерінің сыртқы пішіні, дәм сапасын, зат алмасу үрдүстерін өзгертеді. Пестицидтерді қарқынды пайдалану, олардың кіші және үлкен биологиялық айналымдарға қатысуы арқылы бүкіл биосфераға да әсерін тигізеді. Мұндай үрдістер, негізінен қоладанылған пестицидтердің өсімдік пен топырақта ыдырау жылдамдығына байланысты болып келеді. Көбінесе, топырақ бетіне түскен немесе топыраққа сіңген улы заттар, жаңбыр және ирригациялық сулар арқылы өзендерді, су қоймаларын тіпті су бассейндерін ластап, теңіз бен мұхиттардан табылып жатады. Осыған байланысты қоршаған ортаны пестицидтерден қорғау - негізгі мәселелердің бірі болуда.
Бұл жұмыста көкөніс дақылдарына қолданатын заманауи пестицидтердің өнімге және топыраққа әсері зерттелді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Пестицидтерді қолдануда жағымсыз салдарын болдырмау мақсатында, оның қоршаған ортадағы және мал азығы, егін алқаптарындағы өнімнің, азық түлік құрамындағы уыттылық мөлшерін бақылау ең негізгі рөльдің бірі. Қазіргі уақыттта егіншілік алқаптарын дамыған аудандарда топырақтың пестицидтермен және қалдық мөлшерімен ластану толықтай зерітттелмеген. Сондықтан, ауылшарушылық өнімдегі, көкөніс дақылдары және топырақтағы, пестицидтердің таралу динамикасын, қалдық мөлшерін зерттеу, және олардың төмендету жолдарын қарастыру негізгі мәселе ретінде қарастырылды.
Жұмыстың мақсаты: Көкөніс дақылдарындағы және топырағындағы, жапырағындағы пестицид қалдықтарын және таралу динамикасын зерттей отырып, көкөніс дақылдарына қолданылған пестицидтердің әсерін зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
- Көкөніс дақылдарындағы және топырақтағы пестицидтердің таралу динамикасын зерттеу;
- Көкөніс дақылдарындағы және топырақтағы пестицидтердің қалдық мөлшерін зерттеу;
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- ӘДЕБИТКЕ ШОЛУПестицидтерге жалпы сипаттама
Планетамызда жылдан-жылға көбейіп жатқан халықты азық - түлікпен қамтамасыз ету, ауылшаруашылық дақылдарының дәстүрлік әдісімен, индустриалды технологияны орнату мәселесімен байланысты. Сондықтан дүниежүзілік тәрбие үздіксіз өсіп келе жатқан жер шары халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету өсімдіктерді зиянкестерден қорғау шараларына тікелей байланысты екендігін көрсетіп отыр. Осы технологияның бірден - бір бөлігі пестицидтерді қолдану көмегімен жоғары өнім алу. Сондықтан, пестицидтерді прогрессивті әдіс - тәсілдермен тиімді және қауіпсіз қолдану зиянды организмдердің көбеюін төмендетеді [1] .
Қазіргі таңда агроөндірістік кешеннің негізгі бағыттарының бірі - елімізді ауыл шаруашылық шикізаттары және өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету. БҰҰ тамақ және ауылшаруашылық ұйымының санағы бойынша жыл сайын зиянды ағзалар ауылшаруашылық өнімдерінің 30 пайызын төмендетеді. Оның ішінде топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды сіңіретін, күн көзінен көлеңкелейтін, улы тұқымдарымен ластайтын арам шөптердің үлесі мол. Ауылшаруашылық өнімдерінде таралған ауру қоздырғыштары (қара күйе, тат, ақ ұнтақ, таз қотыр, жалған ақ ұнтақ, фитофтороз және т. б. ) дәнді залалдап, микотоксиндер (афлатоксиндер, охратоксиндер) түзеді. Талдау бойынша микотоксиндер жоғары улы заттарға (ЛД50 1, 6-30 мг/кг) жатады. Аурулардың эпифитотиялық таралу жағдайында ауылшаруашылық дақылдары өнімін түгелдей жояды. Жәндіктер, кенелер тез көбейіп, мысалы колорад қоңызы бір мезгілде 3 рет генерацияланып, 30 млн. дана, ал қандала одан да көп жұмыртқа салады. Қазақстанда 2000 жылы жәндіктердің ішінде шегірткенің кең көлемде таралып, егістіктер мен шабындық-тарға орасан зиян келтіргені белгілі.
Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, 2008 жылы 10, 8 млн. га егіс гербицидпен бапталған екен, бұл көрсеткіш 1997 жылмен салыстырғанда 2, 7 есе жоғары. XX ғасыр аяғында Республика территориясында шикізат материалдары мен тағамдарда өсімдіктерді зиянкестерден қорғауға пайдаланатын химиялық заттар 20-30% жеткен. 1999 жылы шайдың сынамаларына (пробаларына) талдау жасалып, құрамында хлор бар пестицидтердің шекті рауалы концентрациясынан (ШРК) 40% артық болғандығы анықталған. Бұл жай Алматы қаласында, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалған. Сонымен қатар, 1999 жылы Республикалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің токсикология бөлімі шайдың сынамаларына талдау жасағанда олардың 45% - да пестицидтердің бар екендігі, соның ішінде 10% дикофол пестицидінің ШРК (0, 01 мг/кг ) артық екендігі анықталған. 1998 жылы Алматы облысы бойынша шикі және піскен тағамдардың 0, 41% - да пестицидтердің қалдығы анықталып, ШРК- 0, 41% - ға және 0, 16% - ға көп болған. 1999 жылы бұл көрсеткіштер 0, 3% артқан. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын дүние жүзінде пестицидтерді пайдаланудың салдарынан 500 000 - нан 2 миллионға жуық адам уланып, олардың 10 - 40 мыңы өліп кеткен жағдайлар болғанын айтады [2] .
Мамандардың есебі бойынша жыл сайын топыраққа 500 млн тоннадан аса минералды тыңайтқыштар мен 3 млн тоннаға жуық пестицидтер себіледі [3] .
Кейінгі 100 жыл көлемінде химиялық өсімдік қорғау заттары өсімдік ауруларын қоздырушыларына, бунақденелер мен қойма зиянкестеріне қарсы күресте шешуші рөл атқаруда. Өсімдік қорғау мамандарының мұндай жолға баруы да түсінікті жай, себебі осы зиянкестер кесірінен егін-орақтың 23, 9 - 46, 4% аралығында түсімін жоғалтатын көрінеді. ФАО-ның есептеуінше, жыл сайынғы әлемдік ауылшаруашылық саласы егістік зиянкестерінен 75 млрд доллорға жуық шығынғы батады екен. Осыған байланысты да, бүкіл әлемде жыл сайынғы пестицид өндірісі ұлғайып отыр. Жер шарындағы барлық өндірілген пестицидтердің 33% - ын АҚШ пен Канада, 25% - ын Батыс Европа елдері, Оңтүстік Шығыс Азия елдері 25% - ын, Шығыс Европа елдері ( Ресейді қосқанда ) 10%, Латын Америка елдері 9 %, Австралия мен Жаңа Зеландия 1% - ын тұтынады. Италияда пестицидті өнімдерді 1 га егін алқабында 21 кг, Жапонияда 16, Батыс Европа елдерінде орташа алғанда 2 - 3, ТМД елдерінде 0, 6 - 13, 2 аралығында, ал әлемде орташа есеппен 0, 3 - 0, 4 кг га себіледі [4] .
Пестицидтердің түрі өте көп. Оларға мына препараттар жатады: өсімдіктерді жою үшін қолданатын гербициттер, бунақденелілерге инсектицидтер, саңырауқұлақтарға фунгицидтер, кенелерге акарацидтер, балдырларға альгицидтер және т. б. жатады.
Пестицидтерге сонымен қатар ағзалардың физиологиялық функцияларын өзгертетін немесе олардың жекелеген мүшелеріне әсер ететін заттар да жатады. Дефолианттар - өсімдіктердің жапырағын түсіретін, дефлоранттар - өсімдіктердің гүлдерін жою үшін, реплент - жануарларды қорқыту үшін, аттараканттар - жануарларды өздеріне тарту үшін, фумиганттар - дезинфекция мақсатында ауыл шаруашылық танаптары немесе ғимараттарды түтіндету үшін қолданылады [5] .
Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кеткен. Бір жағынан, пестицидтерді қолдана отырып, дәнді - дақылдардың өнімділігінің тиімділігін және сапасын арттыруға болады, ал екінші жағынан, пестицидтерді қолдану ауыл шарушылығының өнімдерінің, судың, ауаның және топырақтың ластануына әкеледі. Сонымен қатар, мал азығы үшін қолданылатын жем де пестицидтер арқылы ластану мүмкін, ал бұл өз кезегінде, адамдарға да зиянын тигізуі мүмкін. Соңғы жылдары азық - жемнің құрамындағы қалдық пестицидтердің тұтынушыларға тигізетін зиянына аса назар аударылуда [6, 7] .
Тұрақты ластағыштардың ең негізгі түріне пестицидтерді жатқызады. Пестицидтер өзінің химиялық табиғатымен физиологиялық белсенді заттар болып табылады. Және тұрақты ластағыштардың ең негізгі түріне пестицидтерді жатқызғандықтан, оларды агроценозда қолданғанда жыртылған жердің топырағымен ағынды суларды ластайды. Осыған байланысты пестицидтерді тәжірибеде қолдану негізінде қатаң экологиялық тәртіп орнату маңызды мәелелердің бірі болуда [8] .
Қоршаған ортаның ластану факторларының арасынан адамдар мен жануарларға ерекше қауіпті пестицидтер туғызады, олар биологиялық жоғары белсенді химиялық заттардың жалғыз класы болып саналады. Әрине, әр нәрсенің пайдалы да және зиянды жағы болғандықтан, пестицидтерді шектен тыс пайдалану зияндылығын әкеледі. Пестицидтерді кеңінен қолдану қоршаған ортаға біріншіден, агроценоз немесе фитоценозда зиянды ағзалармен қатар пайдалы жәндіктер, аң мен құстар, өсімдік мүшелерінде және топырақта неше түрлі микроағзалар, дөңгелек құрттарға, сонымен қатар өсімдіктерден басталып, қоршаған ортаның ауасы мен қатар, топырақ пен суға шайылып, жан-жануар мен адамға тікелей әсер етеді.
Басқа химиялық заттармен салыстырғанда ортаны ластауы мүмкін пестицидтер төмендегідей сипатқа ие:
1) олардың биосферадағы циркуляциясының қайта қалпына келмеуі (авиация мен жер беті аппаратураларының көмегімен қолданғанда пестицид қоршаған орта объектісіне бірден түсіп, онда толығымен ыдырағанша болады) .
2) табиғат пен адам үшін потенциалдық қауіп туғызатын белгілеу бойынша препараттардың биологиялық белсенділігі;
3) қорғайтын шаралардың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолданатын шығын мөлшерінің азаюының мүмкін еместігі;
4) препараттардың шаруашылықтың әртүрлі салаларында қолданылуымен, қоршаған ортадағы айналымымен және азық-түлiк өнiмдерiнде қалдықтардың болуымен байланысты көп мөлшердегі адамдардың пестицидтермен жанасуы;
5) табиғи шарттарда препараттардың тұрақтылығы және азық-түлік тізбегі бойынша берілуі;
6) биологиялық белсенді деңгейге жеткенше төмен концентрациялы препараттарға қатысты ағзаларда пестицидтердің жиналуы [1] .
Көптеген мақалаларда көрсетілген зерттеулер бойынша, өсімдіктерде, жануарларда, топырақта және суда, танаптарда, ормандарда қолданылған пестицидтер топырақтардан табылған. Сонымен қатар В. П. Венгорек [9] зерттеулері бойынша, ДДТ препараттары топырақта 7 жылға жуық сақталған және хлорлы көмірсутектер жауынқұрттарда көбірек сақталған . Демек, бұл қосылыстар жауынқұрттар денесінде көбірек жиналады. Фосфорорганикалық пестицидтер қазіргі таңда кеңінен қолданылса да адам өмірі мен жануарларға қауіпті. Бұл препараттар сыртқы ортада, яғни топырақта тез ыдырайды, бірақ кейбір зерттеушілердің пайымдауынша ұзақ сақталатыны белгілі болған.
Пестицидтердің негізгі тобының ішінде хлорорганикалық қосылыстар (п, п-ДДТ, БХК, хлордан, гептахлор, альдрин, дильдрин және эндрин) өзінің тұрақтылығы арасында қауіпті саналады. Бұл пестицидтер сүтте, етте және балықта жиналады [10, 11] . Осылайша адам ағзасына түсіп, денсаулығына кері әсер етеді. Бұл қоспаларды қолдануға көптеген елдерде тиым салынғандықтан, концентрациясы азайды, алайда бұрынғыша топырақ, су және тағам құрамынан табылуды. Ал, хлорорганикалық инсектицидтерді қолданудың қауіптілігін, ғалымдар жануарлардың және адамдардың майлы ұлпаларында осы заттардың қалдықтарын табу кезінде мойындаған. 1970 жылы жарияланған, бір ғана зерттеуге келсемін, яғни Нью-Дели (Индия) қаласының тұрғындарының май ұлпаларында инсектицидтердің жоғарғы құрамы анықталды (26 мыңнан бір бөлігі) . Хлорорганикалық қосылыстардың қалдықтары денсаулыққа кері әсерін тигізе отырып (қатерлі ісіктің дамуы) қоршаған ортада көп жылдар бойы сақталады.
Ал, А. О Сағитов пен Ө. С. Нұржановтың [12] зерттеулері бойынша, Қазақстанның оңтүстік шығысында шегіртке зиянкестеріне қарсы фосфорорганикалық дурсбан, адонис препараттары қолданылып, өсімдік пен топырақта 4 айға жуық сақталған. Демек, бұл препараттардың қоршаған ортаға тигізер әсері көп. Химиялық препараттардың топырақта, жайылымдық шөпте баяу ыдырауы мал шаруашылықтарының өнімдеріндерінде улы заттардың жиналуына әкеледі. Егер шегіркелердің жаппай көбейген 1999-2000 жылдары республика бойынша пестицидтер 8, 1 млн. га жерге қолданылған болса, соның ішінде жоғарыда көрсетілген дурсбан және адонис препараттарының қоршаған ортаға қаншама экологиялық зиян келтіргенін байқауға болады.
Карбонатты пестицидтер (СBS) зиянкесті шыбын-шіркейлерді жою мaқсатында кең қолданылады. Олардың кейбірі канцерогенді және мутагенді болу қаупі бар. Cинтетикалық пиретроидті пестицидтер ( я PYR ) полярлы емес және сүтқоректілер үшін аз токсинді, сонымен қатар, экологиялық тұрақтылығы аз мерзімді болып келеді. (Триазиндер(TRZs) ) ауыл шаруашылығында көп қолданылатын пестицидтердің бірі болып келеді. Олардың көбісі симм-триазинаның (1, 3, 5 - триазина ) қолданылады, бірақ кейбіреуі 1, 2, 4 - триазин (СЕС, 2006) негізделген. Бұл гербицидтер рак тудыратын, туа біткен кемістіктер, гормон қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Сондықтан, бұл гербицидтерге ITED бойынша бірнеше мемлекеттер тиым салынған болатын [13, 14] .
Исектицидтер мен фунгицидтерді қолданғанда 97-99%, гербицидтердің 60-95%-ға жуғы барлық талаптар мен ережелер сақталған күйдің өзінде аталған нысанға түспей топырақты, ауаны, су қоймаларын ластап отырады. Отандық және шетелдік әдебиет көздерінде пестицидтердің жекелей компоненттер түрінде сыртқы ортада кездесетіні жайлы толық ақпарат көздері кездеседі. Пестицидтердің қоршаған орта мен тағамдық тізбек арқылы миграциялауы, адам мен жануарлар ағзасында препарат қалдықтарының жиналуына себепкер болады [15] .
Жемістер мен көкөністердегі пестицид қалдықтарының сақталуы адам ағзасына тікелей әсер ету жолдарының бірі болып табылады, сондықтан да хлорорганикалық пестицидтерді өте тұрақты исектицидтер болғандықтан, көп түрлерін пайдалануға тйым салынған, себебі олардың қалдықтары қоршаған орта мен тағамдық өнімдерді ластаушы заттар ретінде әлі де кездеседі.
Сондықтан қазіргі кезде пестицидтермен күрес барлық дамыған және дамушы елдерде азық-түлік қауіпсіздігі саласында ең бір өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.
- Пестицидтер және олардың түрлері
Пестицидтер (латынның pestis-жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін деген сөздерінен шыққан - өсімдік зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне, жануарлар эктопаразиттеріне, адаммен жануарларға ауру тудыратын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық қосылыстар. Бұл қосылыстардың барлығы ксенобиотиктер, яғни тірі ағзалар мен тұтас алғандағы биосфера үшін бөгде заттар болып табылады. Пестицидтердің әрекет ететін заты - оның биологиялық тұрақты бөлігі зиянды организмге ғана әсер етіп қоймай, өсімдіктің өсуіне, дамуына тікелей әсер етеді [2] .
Қазіргі кезде пестицидтерді қолдануына байланысты пестицидтердің химиялық, өндірістік және гигиеналық түрлері бар.
Пестицидтер химиялық құрамына қарай Г. С. Груздев [16] бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:
1. Бейорганикалық қосылыстар (сынап, фтор, барий, күкірт, мыс және хлораттардың, бораттардың қосылыстары) .
2. Өсімдіктердің бактериалды және саңырауқұлақты препараттары (пиретриндер, бактериалды және саңырауқұлақты препараттар, антибиотиктер және фитонцидтер) .
3. Органикалық қосылыстар - физиологиялық белсенділігі жоғары пестицидтердің кең көлемді топтарына: хлорорганикалық қосылыстар (гекса-хлорциклогексан, полихлоркамфен, тиодан, дилор және тағы басқалары) ; фосфорорганикалық қосылыстар (гардон, хлорофос, метафос, метатион, трихлор-метафос-3, бромофос, карбофос, элсан, цидиал, фозалон, антио, актеллик, цианокс және басқалары) ; синтетикалық пиретроидтар - перметрин (амбуш, корсар), дельтаметрин (декаметрин, децис), циперметрин ( рипкорд, цимбуш, арриво, кинмикс, фастак ), сумицидин (фенвалерат) және басқалары; карбамин, дикарбамин қышқылдары (севин, пиримор, карбин, бетанал, эптам, тиллам, цинеб, поликарбацин, ТМТД және басқалары) ; фенолдардың нитро-қосылыстары - нитрофенолдар (акрекс, нитрафен, каратан, мороцид) ; фталимидтер (каптан, фталан ) ; минералды майлар; сынаптың органикалық қо-
Кесте 1.
Пестицидтердің кластары
хлорлы көмірсутектер ДДТ (ДДТ) аналогтары (алдрин) циклодиендер хлорлы терпендер (токсафен)
фосфорорганикалық қосылыстар (паратион) карбаматтар (карбарил) тиоцианаттар (летан) динитрофенолдар (ДНОК) фторацетаттар (ниссол) өсімдік улары никотин ротеноидтар (ротенон) перитроидтар (перитрин) өсуші гормондардың аналогтары (метопрен) мышьяк туындылары (қорғасын арсенаты) фторқосылысты қосылыстар (натрий фториді)
-сылыстары (гранозан, меркургексан) ; хинондар (дихлон) ; мочевина туындылары; симмтриазиндер және басқалары; хитин синтезінің ингибиторлары (димилин, номолт) және тағы басқалары қолданылады.
Өндірістік мақсатына және әсер ету объектісіне байланысты (арамшөптер, зиянды жәндіктер, жылықанды жануарлар т. б. ) Шампурин А. А. . және т. б. авторлардың [17, 18] мәліметі бойынша пестицидтерді негізгі үш топқа бөлінеді: инсектицидтер ( insectum - бунақденелілер) - бунақденелілерге қарсы; фунгицидтер ( fungus - саңырауқұлақ) - саңырауқұлақ ауруларына қарсы; гербицидтер ( herbum, herbi - шөп) - арамшөптер мен улы шөптерге қарсы қолданылады. Және Сағитов А. О., Исенова Г. Ж. және т. б авторлардың [1] мәліметтерінде пестицидтердің төмендегідей класстары бар (кесте 1) .
Пестицидтердің гигиеналық классификациясы пестицидтердің қоршаған ортадағы айналымына, биологиялық объектілерді уландыру дәрежесіне байланысты бөлінеді. Жануарлармен тәжірибе жүргізу барысында пестицидтердің улылық дәрежесін төрт топқа бөліп қарастырылды: өте улы заттар, жоғары токсинді заттар, орта токсинді және аз токсинді заттар. Ал, Ашықбаев және басқа авторлардың [19] мәліметі бойынша уыттылық дәрежесі бойынша бірнеше топқа бөлінеді.
- Уыттылығы күшті улы заттар ЛМ50 (летальды мөлшерлер 50 мг/кг
дейін;
2. Уыттылығы жоғары улы заттар ЛМ50 - 50-200 мг/кг;
3. Уыттылығы орташа заттар ЛМ50 - 200-1000 мг/кг
4. Уыттылығы әлсіз улы заттар ЛМ50 - 1000 мг/кг;
Сагитов А. О және т. б авторлардың [1] мәліметі бойынша пестицидтер биологиялық ортада тұрақтылық қасиетіне байланысты (топырақта) 4 топқа бөлінеді.
1. Өте тұрақты зат - усыз компонеттерде ыдырау уақыты 2 жылдан көп.
2. Тұрақты - усыз компоненттерде ыдырау уақыты 0, 5-2 жыл.
3. Бірқалыпты тұрақты - усыз компоненттерде ыдырау уақыты 1-6 ай.
4. Тұрақтылығы аз - усыз компонеттерде ыдырау уақыты 1 ай ішінде.
Тұрақтыға ұшқыштығы өте төмен, атмосфералық факторлардың әсерінен химиялық өзгермейтін симазин, ТМТД, минералды майлар, ДНОК және т. б. пестицидтер жатады. Ал ұшқыштығы төмен препараттарға химиялық қасиеттері баяу өзгеретін гексахлоран, карбофос, хлорофос, фосфамид, цинеб, карбатион және басқалары шамалы тұрақты топтарына жатады. Қоршаған орта әсерінен буланатын, химиялық өзгеретін пестицидтер тұрақтылығы аз топтарға: фумиганттар, сынап препараттары кіреді. Оларды герметикалық ыдыстарда сақтау қажет.
Ал, пестицидтердің топырақта ыдырау дәрежесіне байланысты төмендегідей бөлінеді.
- Өте тұрақты заттар уытсыз компонентке ыдырауы 2 жылдан аса
мерзімде;
- Тұрақты заттар ыдырауы 0, 5-2 жылға дейін ;
- Тұрақтылығы орташа заттар ыдырауы 1-6 айға дейін ;
- Тұрақсыз заттар -ыдырауы мерзімі 1 ай [29] .
Лұқпанов Н., Нүсіров Н. [20] мәліметі бойынша пестицидтер өздерінің улылығына қарай төмендегідей төрт топқа бөлінеді.
Бірінші топқа адам және жылы қанды жануарлар өміріне өте қауіпті күшті улылық қасиеті бар препараттар жатады. Олар кальций арсениті, арсенаты және натрий арсениті, альдрин, анабазин сульфаты, гранозан, париж көгі, меркуран, никотин сульфаты, октомотил, тиофос, хлорпикрин, хлор қосындылары, цианплав.
Екінші топқа улылық қасиеті күшті бромдиметил, гексахлорбутадиен, гамма изомері, гептахлор, дихлорэтан, динитроортокрезол, зоокумарин, крысид, метилмер-каптофос, метафос, препарат М-81, пентахлорфенол, пентахлорфенолит мысы, ратиндан, фосфид мырышы жатады.
Үшінші топқа улылық қасиеті орташа авадекс, бутифос, вапам, техникалық гексахлоран, олардың ұнтақ препараттары, ДДТ, оның ұнтақ препараттары т. б кіреді.
Төртінші топқа улылығы аз авенин, атразин, бардос сұйығы, гесахлорбензол, фигон, дихлор мочевина, диурон, далапон, көк сабын, темір купоросы, каптан, №30, 20 препараттар және тағы басқалар.
Пестицидтердің топырақта, суда және т. б. объектілерде ыдырау жылдамдығына байланысты алты топқа бөлінеді:
- 18 айдан артық уақытта ыдырайтын.
- 18 ай шамасында ыдырайтын.
- 12 ай шамасында ыдырайтын.
- 6 айға дейін ыдырайтын.
- 3 айда ыдырайтын.
- 3 айдан кем уақыт аралығында ыдырайтын.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz