Облыста дәнді дақылдардан негізінен көп егілетіні күздік бидай


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . .
Нормативтік сілтемелер . . .: Анықтамалар . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Белгілеулер мен қысқартулар . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Кіріспе . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 1 Аналитикалық шолу . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 1 Күздік бидай дақылының биологиясы және морфологиялық сипаттамасы . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 2 Өсімдіктің өсіп-даму ерекшеліктері . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 3 Дақылдың биологиялық ерекшеліктері . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 1. 4 Күздік бидайдың аймақта аудандастырылған сорттары . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2 Тәжірибелік бөлім . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 1 Шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайлары . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 2 Нақты топырақ-климаттық жағдайында өнімді бағдарлау, фотосинтетикалық белсенді радиация кірісі бойынша нақты мүмкін мөлшерін анықтау . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 3 Ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты нақты мүмкін өнім мөлшерін анықтау . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 4 Күздік бидайдың жоспарланған өнімін алу үшін тыңайтқыш мөлшерін анықтау . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 5 Нақты топырақ-климаттық жағдайында дақылды өсіру технологиясы . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 5. 1 Дақылдың ауыспалы егістегі орны . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 5. 2 Тыңайтқыштар жүйесі . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 5. 3 Топырақ өңдеу жүйесі . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .:
  1. Тұқымды себуге әзірлеу . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 5. 5 Тұқым себу мерзімі, мөлшері және әдістері . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 5. 6 Егістікті күтіп-баптау . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 5. 7 Өнімді жинау . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 2. 5. 8 Дақылды өсірудің технологиялық кескіні . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: 3 Тіршілік қауіпсіздігі . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Қорытынды . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
:

Аннотация

Астық дақылдары, күздік бидай, сорт, өсіру технологиясы, шаруашылық, топырақ-климаттық жағдайы, өсімдіктің биологиясы, ауыспалы егістік, топырақ өңдеу жүйесі, егін себу, егістікті күтіп-баптау, өнімді жинау.

Күздік бидай Оңтүстік Қазақстан өңірінде басты астықты дақылдардың бірі. Күздік бидайдың интенсивті сорттары жаздық бидайға қарағанда 1, 5-2, 0 есе мол өнім береді, сонымен қатар сапасы әлдеқайда жоғары болады. Суармалы жерлерде ғылыми негізделген агротехникалық жүйені өз дәрежесінде сапалы уақтылы жүргізу арқылы әр гектардың түсімін 70-90 центнерге жеткізуге болатынын озық тәжірибе мен ғылыми зерттеулердің нәтижесі дәлелдеп отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Аксукент ауылы жағдайында күздік бидай дақылынан жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау.

Бұл мақсатты орындау үшін мынандай міндеттер шешілді;

  • Күздік бидайдың биологиялық қасиеттерін анықтау;
  • Технологиялық элементтерді дұрыс құру үшін өсімдік өсіретін шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайларына сараптама жасау;
  • Дақылдың биологиялық ерекшеліктері мен нақты топырақ-климаттық ерекшеліктері бойынша өнімді бағдарлау;
  • Нақты топырақ-климаттық жағдайы ерекшеліктері бойынша күздәк бидай өсіру технологиясын жасау.

Практикалық бағалылығы. Оңтүстік Қазақстанның тәлімі жерлерінде күздік бидай дақылынан мол өнім қалыптастыру үшін шаруашылықтың топырақ климаттық жағдайлары және өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері негізінде өсіру технологиясы жасалды. Бұл технология көптеген шаруашылық нысандарында пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс бес бөлімнен тұрады: әдебиетке шолу бөлімі, шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайлары бөлімі, нақты топырақ-климаттық жағдайында өнімді бағдарлау бөлімі, нақты топырақ-климаттық жағдайында жүгері өсіру технологиясын жасау бөлімі және дақылды өсірудің технологиялық кескінін жасау бөлімі.

Бет кесте сурет әдебиет .

Нормативтік сілтемелер

Осы курстық жұмыс келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

ҚР СТ 1. 5-2004 Стандарттардың мазмұны, оны түзу, рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС 2. 102-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплекстері.

МЖМБС 2. 104-2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 201-80 КҚБЖ (ЕСКД) . Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.

МЖМБС 2. 301-68 КҚБЖ (ЕСКД) . Форматтар.

МЖМБС 2. 304-81 КҚБЖ (ЕСКД) . Сызбалық шрифттер.

МЖМБС 2. 321-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Әріптік белгілеулер.

МЖМБС 2. 601-2006 КҚБЖ (ЕСКД) . Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2. 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) . Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойлатын жалпы талаптар.

МЖМБС 7. 1-2003. Библиографиялық жазу. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен орындау ережелері.

СТ ОҚМУ 4. 02-2008 Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

СТ ОҚМУ 7. 11-2010 Университет стандарттары. Оқу-әдістемелік процестерді басқару.

ҚҮ ОҚМУ 4. 03-2008 Құжаттамалы үрдіс. Құжаттарды басқару.

ӘН ОҚМУ 7. 14-2008 «Курстық жобалауды ұйымдастыру. Курстық жұмыс»

Анықтамалар

Гумус - топырақтың беткі органикалық қосылыстары бар тыңайтқыштармен байытылған межелік аралығы.

Тыңайтқыш - топырақтың құнарлығын арттыруға қолдынылатын түрлі органикалық және минералды заттар.

Микроэлементтер - өсімдіктің қоректенуі мен өнімнің қалыптасуына және оның сапасының -жақсаруына бор, марганец, молибден, мырыш, мыс, кобольт өте маңызды рөл атқарады.

Атмосфера - аса қабаты бөліктері, оттекті жер шарының қабаты.

Климат - аймақтық ареалға байланысты байқалатын құбылыстар: күннің ысуы, құрғақшылық, жауын-шашын, қардың жауу және т. б.

Топырақтың ылғылдық қоры - топырақ құрамындағы сулы борпылдақ аймағы және дақылдардың ылғылды жоғарырақ пайдалана алатындығы байқалуы.

Агроландшафт - әр аймаққа тән табиғи өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ондағы агроценоздармен және ауылдық елді мекендермен алмасу жүйесінің үйлесімді көрінісі.

Топырақтың қышқылдығы (Кислотность почвы) - топырақ ерітіндісіндегі (белсенді немесе маңызды қышқылдық) және топырақтың сіңіретін кешеніндегі (әлуетті қышқылдық) сутек иондарының концентрациясы.

Сор (кебір) - геоморфологиялық ілім бойынша өз алдына рельеф типін құрайтын өсімдіксіз тақыр, немесе сораңдардан тұратын өсімдіктері өте сирек тұзды шөлдердегі ойпаңдар.

Белгілеулер мен қысқартулар

ҚР- Қазақстан Республикасы

ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы

г- грамм

га- гектар

кг- килограмм

л-литр

м-метр

мин-минут

мг-миллиграмм

мм-миллиметр

мл-миллилитр

см-сантиметр

ц-центнер

%- пайыз

м3- шаршы метр

млн - миллион

ц/га - гектарына центнер

кв. км- шаршы километр

°С- градус Цельсий

Кіріспе

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 762, 7 мың гектарды құрайды. Дәнді және бұршақты дәнді дақылдар 226, 5-278, 6 мың га жерге себіледі, сонымен қатар май сығатын дақылдар - 82, 1 га., мақта -222, 9 мың. га., картоп - 10, 2 мың. га., көкөніс-24, 2 мың. га., бақша -16, 9 мың. га. егіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылық дақылдарының ішінде масақты дақылдардың жылдық орташа егіс көлемі соңғы жылдары 215-250 мың гектардан астам жерге егіледі. Егістік аумағы осыдан 10 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 2, 0-2, 2 есеге кеміген. Негізінен облыста егілетін дәнді дақылдарға күздік және жаздық бидай мен арпа жатады.

Бидай мен арпа - негізгі азық-ауқат көзі болуымен қатар, жоғары сапалы мал азығы болып саналады. Облыста нарықтық сұранысқа сәйкес арпаны өндірісте сыра шығаруға пайдаланады.

Масақты дақылдардың тек өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, оның өнімділігін арттыру және сапасын жаңарту сияқты ізденіс шаралардың дүние жүзілік маңызы өте зор. Күздік бидай Оңтүстік Қазақстан өңірінде басты астықты дақылдардың бірі. Күздік бидайдың интенсивті сорттары жаздық бидайға қарағанда 1, 5-2, 0 есе мол өнім береді, сонымен қатар сапасы әлдеқайда жоғары болады. Суармалы жерлерде ғылыми негізделген агротехникалық жүйені өз дәрежесінде сапалы уақтылы жүргізу арқылы әр гектардың түсімін 70-90 центнерге жеткізуге болатынын озық тәжірибе мен ғылыми зерттеулердің нәтижесі дәлелдеп отыр.

Красноводопад селекциялық тәжірибе бекетінде жүргізілген көпжылдық тәжірибелерге сүйенсек, облыстың барлық аймақтарында өсіру технологиясын дұрыс сақтағанда ғана масақты дәнді дақылдардан тұрақты мол өнім алуға болады.

Облыста дәнді дақылдардан негізінен көп егілетіні күздік бидай.

Күздік дақылдар өзінің биологиялық ерекшеліктеріне қарай күзгі, қысқы және көктемгі кезеңдердегі ылғал қорын тиімді пайдаланса, жаздық дақылдарға қарағанда өнімді көп береді. Топырағы құнарлы, ылғал мөлшері көп түсетін таулы аймақтарда күздік дәнді дақылдардан жыл сайын тұрақты мол өнім алып отыруға болады.

Күздік бидай - қара сүрі танаптан және көпжылдық жоңышқадан кейін егілгенде жоғары өнім береді.

Курстық жұмыстың мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Аксукент ауылы жағдайында күздік бидай дақылынан жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау.

Бұл мақсатты орындау үшін мынандай міндеттер шешілді;

  • Күздік бидайдың биологиялық қасиеттерін анықтау;
  • Технологиялық элементтерді дұрыс құру үшін өсімдік өсіретін шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайларына сараптама жасау;
  • Дақылдың биологиялық ерекшеліктері мен нақты топырақ-климаттық ерекшеліктері бойынша өнімді бағдарлау;
  • Нақты топырақ-климаттық жағдайы ерекшеліктері бойынша күздәк бидай өсіру технологиясын жасау.

Практикалық бағалылығы. Оңтүстік Қазақстанның тәлімі жерлерінде күздік бидай дақылынан мол өнім қалыптастыру үшін шаруашылықтың топырақ климаттық жағдайлары және өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері негізінде өсіру технологиясы жасалды. Бұл технология көптеген шаруашылық нысандарында пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс бес бөлімнен тұрады: әдебиетке шолу бөлімі, шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайлары бөлімі, нақты топырақ-климаттық жағдайында өнімді бағдарлау бөлімі, нақты топырақ-климаттық жағдайында жүгері өсіру технологиясын жасау бөлімі және дақылды өсірудің технологиялық кескінін жасау бөлімі.

1 Аналитикалық шолу

1. 1 Күздік бидай дақылының биологиясы және морфологиялық сипаттамасы

Күздік бидай қоңырбастар Роасеае тұқымдасына жатады.

Тамыр жүйесі - шашақты. Тамыр жүйесінің құрылысы мен оның даму сипаты өсімдік түрі мен сортына байланысты өзгереді. Тамыр жүйесінің дамуы ұрықтық (алғашқы) тамырлалардың пайда болуынан басталады, олардың саны 3-5 аралығын құрайды. Соңынан түптену түйінінен қосалқы (түйін) тамырлары түзіледі, олар топыраққа тез бойлайды (ылғалды және борпылдақ топырақта) . Олар егін көгі шыққаннан кейін 12-14 тәуліктен кейін (3-4 жапырақ кезеңі) пайда болады.

Кұздік бидайдың ұрықтық тамырлары бүкіл өсіп-жетілу кезеңінде өсімдіктердің қоректенуіне қатысады. Түйін тамырлардан бұрын түзіліп, оларды ұзындығы бойынша басып озады да өсіп-жетілу кезеңінің соңына қарай 150 см және одан да ұзын шамаға жетеді. Алайда жоғары өнімді түйін тамырлары жақсы дамығанда ғана алуға болады. Қуаңшылықты жылдары, әдетте, түйін (екінші, қосалқы) тамырлар түзілмейді, ал астық өнімі ұрықтық тамырлар есебінен қалыптасады және 5-8 ц/га мөлшермен шектеледі.

Сабағы - сабан, сабақтар түйіндерімен шектелген түйін аралығынан тұрады. Түйін аралығының саны жапырақтар санына сәйкес келеді. Сабаны қуыс. Сабақтың орта бөлігі барынша жуан, ал жоғары бөлігі жіңішке келеді.

Жапырақтары - ұрықтық (3-4) және сабақтық болады. Сабақтық жапырақтар жапырақ қынабынан және жапырақ тақтасынан тұрады. Жапырақ қынабының тақтаға ауысар орнын да тілше деп аталатын жұқа түссіз қабық болады. Тілше сабаққа тығыз жабысқан және жапырақ қынабының ішіне судың етуін бөгейді. Жапырақ қынабының негізінде (басында) ұзынша кұлақшалар немесе мүйізшелер түзіледі, олар сабақты орай өседі.

Гүл шоғыры - масақ. Масақ мүшелі біліктен және масақшалардан тұрады. Білік өзара әртүрлі күйде орналасқан мүшеліктерден тұрады, олар түзу немесе иілген, жалаңаш немесе түкті (қара бидайда) болуы мүмкін. Әдетте, мүшеліктер қысыңқы келеді де екі кең жақтары мен екі қабырғасы болады. Біліктің кең жағын бет жағы, ал қыр жағын бүйір жағы деп атайды. Білік бойынша масақтың бет және бүйір жақтарын жеңіл ажыратады.

Әрбір мүшеліктің төбесі жуанданып бітеді де тұғыр (кемер) деп аталады, онда масақшалар орналасады. Біліктің әрбір мүшелігінде бір-бір масақша бекиді. Әрбір масақша екі жағынан қапталдасып орналасқан екі масақша қауызынан (қабығынан) тұрады. Масақша қабықшалары әртүрлі деңгейде дамыған.

Масақша қабықшасы қайықша құрылысын еске түсіреді, кең және көпжүйкелі, әрі ұзынша келген килі бар. Әрбір гүлде екі қабықшасы болады: масақ қабықшасына таяу орналасқаны қалыңдау болады да ол сыртқы гүл қабықшасы деп аталады, ал екіншісі өте жұқа, әрі нәзік келеді және оны ішкі гүл қабықшасы деп атайды.

Жемісі - дән. Қабықты астықтарда ол гүл қабықшаларымен қапталған, дәндері қабықшадан жеңіл ажырайды.

1- масақша; II - масақша құрлысының кескіні; III - аналық пен лодикуле;

1 - масақша қауыздары; 2 - сыртқы гүл қауызы; 3- ішкі гүл қауызы; 4 - аталықтар; 5 - аналық аузы; 6 - жатын; 7 - лодикуле; 3 - гүл сабағы

Сурет 1. Бидайдың масақшасы

Дәннің анатомиялық құрылысы. Күздік бидайдың жемісі ұрық пен эндоспермнен және олармен бірігіп өскен тұқымдық және жемістік қабықтан құралған. Ұрық дәннің төменгі бөлігінде орналасқан, оның төменгі жағында ұрықтық тамыршалар, ал жоғарғысында ұрықтық жапырақтары бар алғашқы сабақ болады. Ұрықтың маңында кішкене қалқан - дәннің жалғыз тұқым жарнағы - орналасқан.

Эндоспермде дән қабығына қабыса біткен сыртқы алейрон қабаты мен ішкі ұнды бөлігі ажыратылады. Алейрон қабаты белокқа бай бір қатарлы клеткалардан тұрады (арпада 3-5 қатарлы келеді) . Эндоспермнің ұнды бөлігіндегі клеткалар крахмал дәндерімен толтырылған, ал олардың аралықтарында белокты заттар орналасқан. Жемістік және тұқымдық қабықтар сыртқы орта мен әртүрлі саңырауқұлақ аурулары қоздырғыштарынан қорғаныш қызметін атқарады.

1. 2 Өсімдіктің өсіп-даму ерекшеліктері

Өзінің жеке дамуында - онтогенезде - дәнді дақылдар мынадай кезектесіп өтетін өсіп-даму кезеңдерінен өтеді: тұқымның енуі, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, немесе шашақтану, гүлдену және пісіп-жетілу. Барлық аталған кезеңдер Ф. М. Куперманның пікірі бойынша, үш тіршілік шағына - жастық шақ, есею және қартаю шағына бөлінеді де олар органогенездің 12 кезеңіне біріктіріледі. Органогенездің кезеңдерін білудің нәтижесінде өсімдіктердің өсіп-даму ерекшеліктерінен күні бұрын түсінік алуға болады.

Тұқымның өнуі үшін ылғал, жылу және оттегі қажет. Дәннің суды сіңіруі оның бөрту мен ұрықтың тыныс алуын күшейтеді. Ферменттердің әсерінен ерімейтін қорлық заттар еритін түрге ауысады да ұрықты қоректендіруге жұмсалады. Тұқымның бөртуі мен өнуіне абсолют құрғақ зат массасына есептегенде 50% мөлшерде су (ылғал) қажет. Суды сіңіру жылдамдығына сыртқы ортаның температурасы, топырақ ерітіндісінің концентрациясы, дәннің ірілігі, қабықтылығы және құрамы айтарлықтай әсер етеді.

Ең төменгі өну температурасы күздік бидайда -+1-2°С. Мұндай жылылықта олар ұзақ уақыт бойы өніп-өседі, сондықтан саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады. Қолайлы өну температурасы +6-12°С. Жаппай өнуге ауаның жетімсіздігі теріс әсерін тигізеді. Өнуге органогенездің бірінші кезеңі сәйкес келеді, бұл уақытта ұрықтық жапырақшалар мен тамыршалар қарқынды өсе бастайды. Күздік бидайдың түп тамырлары 3-5 дана өнеді. Түп тамырлардың соңынан бүршік дами бастайды да сабақ өркені пайда болады (ұрықтық сабақ) . Сабақ өркені сыртынан колеоптиле деп аталатын тыспен қапталған. Ол ескіннің топырақты жарып, жоғары шығуына жеңілдік жасайды және оны жарақаттанудан сақтайды.

Топырақ бетіне шыққаннан кейін колеоптиле өзінің өсуін тоқтатады да жарылып одан бірінші нағыз жапырақ пайда болады. Тәжірибеде мұны көктеу кезеңі деп атайды. Өсімдіктің жеке дамуында бұл органогенездің екінші кезеңіне сәйкес келеді. Бұл уақытта өсу конусы ұрықтық түйіндерге және сабақтың түйін аралықтарына дифференциацияланады, кезектесіп екінші және үшінші жапырақ түзіледі.

Үшінші жапырақ пайда болысымен өсімдіктің биіктеп өсуі саябырлайды да жер асты бөлігінің өсуі мен тамырлануы жылдамдайды. Жер асты бұтақтануы жүреді, түптену түйінінде екінші (қосалқы) тамырлар түзіледі және топырақ бетінде қосымша өркендер (сабақтар) пайда болады. Тәжірибеде бұл кезеңді түптену деп атайды. Астық тұқымдас өсімдіктердегі мұндай сапа өзгерісі органогенездің үшінші кезеңіне сәйкес келеді де гүл шоғырының білігі дифференциацияланады, масақшалардың негізі қаланады. Түптену нәтижесінде бір тұқымнан бірнеше сабақ өсіп шығады немесе бұта қалыптасады. Жалпы және өнімді түптену ажыратылады. Жалпы түптену деп бір өсімдікке келетін барлық сабақ санын атайды, ал өнімді түптену - егін жинау қарсаңындағы піскен дәні бар сабақ санын көрсетеді. Гүл шоғыры бар, бірақ дәні пісіп үлгермеген сабақтарды сабан өркен, ал гүл шоғыры жоқ сабақтарды мамық шеп деп атайды. Түптену дәрежесі дақыл мен оның биологиялық ерекшеліктеріне, топырақтың құнарлығы мен ылғалдылығына, температураға, өсіру технологиясының ерекшеліктеріне (себу мерзімі, тұқым сіңіру тереңдігіне, себу мөлшеріне т. б. ) байланысты. Күздік қара бидай күздік бидайға, арпа сұлыға, сұлы жаздық бидайға қарағанда күштірек түптенеді. Күздік дәнді дақылдар жаздыққа қарағанда жақсырақ түптенеді. Түптенудің маңызы біркелкі емес. Күшті түптену әруақытта да оң құбылыс бола бермейді. Солтүстік Қазақстан жағдайында, әсіресе көктем қуаңшылықты және жаз ылғалды болғанда кейде сабан шөп күшті дамиды, басты сабақтардың дәнінің пісіп жетілген кезеңінде олар әлі дән түзіп үлгермейді. Бірақ жекелеген жылдары сабан шөп саны мен олардың дәнділігі негізгі сабақтардан гөрі анағұрлым жоғары өнім беретіндіктен олар үшін егін жинау мерзімін кешеуілдетуге тура келеді.

Жалпы алғанда дәнді дақылдар өнімін қалыптастыруда түптену негізгі фактор - өсімдік бітіктігінің жиілігінде қосымша рөл атқарады. Солтүстік Қазақстан жағдайында дәнді дақылдардың өнімді түптенуі айтарлықтай емес және ол жаздық бидайда - 1, 2-1, 3; арпада - 1, 5-1, 6; сұлыда - 1, 4-1, 5; тарыда - 1, 8- 2, 0, күздік қара бидай мен күздік бидайда ол көрсеткіш анағұрлым жоғары (2-4) . Алайда дәнді дақылдар түптенуінің биологиялық мүмкіндіктері зор. Атап айтқанда, Италия экологы Аццидің деректері бойынша Перуджи жоғары ауылшаруашылық институтының музейінде 342 масағы бар күздік бидай бұтасы сақтаулы. Дала жағдайында мұндай бұтаның пісуі өте көп энергетикалық шығынмен байланысты және мүмкін емес.

Бір өлшем егістіктегі өсімдік саны мен өнімді түптену сабақ бітіктігінің жиілігін құрайды, оның қолайлы мөлшерінен өсімдіктің тіршілік факторларының пайдалануы, олардың өсіп-жетілуі мен өнімділігі тәуелді. Қолайлы сабақ бітіктігі - бір өлшем алқаптағы сабақ саны. Ол өсімдіктердің толық қабысып қоректену алаңы мен басқа тіршілік факторларына барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды, соның нәтижесінде нақты жағдайда фотосинтездің жоғары өнімділігі қамтамасыз етіледі әрі ең жоғары егін өнімі жиналады. Целиноград ауылшаруашылық институтының өсімдік шаруашылығы кафедрасының (Әрінов Қ. К. ) және басқа ғылыми мекемелердің деректері бойынша Қазақстаның солтүстік облыстарында бір өлшем алаңдағы (1 м 2 ) дәнді дақылдардың орташа өнімді сабақ саны 200-350 дана.

Түптену кезеңінде жоғарыда айтылғандай, гүл шоғыры білігінің дифференциациясы жүреді және масақшалардың негізі салынады. Кейінірек ешқандай агротехникалық шаралармен масақтағы масақша санын көбейтуге болмайды. Сондықтан да өсімдіктерді түптенуге дейін қоректік заттар және ылғалмен қамтамасыз етудің маңызы зор.

Түтікке шығу кезеңі түптену соңынан басталады. Бұл кезеңде қысқа түйін аралығы ұрықтық гүл шоғыры (масақ, сіпсебас) бар ұрықтық сабақ ұзара түседі де жапырақ түтікшесінің ішімен жоғары қарай көтеріледі. Ең алдымен төменгі түйін аралығы өсіп ұзара бастайды, оның соңынан төменнен екінші, үшінші және одан кейінгілер дами бастайды. Бір мезгілде гүл шоғыры да дамиды: үшінші дәрежедегі өсу конусы салынады (органогенездің 4-ші кезеңі), соңынан жатын мен аналықтар қалыптасады (органогенездің 5-6 кезендері) . Сабақтың биіктеп есуі жалғасында органогенездің 7-кезеңі өтеді; бұл кезеңде гүлдің жыныс элементтері қалыптасады. Түтіктену кезеңіндегі жағдайлар гүл шоғырының өнімділігін анықтауда үлкен маңызға ие болады. Дәнді дақылдар тіршілігінде ылғалға, қоректік заттарға, температура т. б. факторларға қоятын талаптарына сәйкес бұл кезең «қиын-қыстау» кезеңі деп есептеледі. Мұның өзі өнім мөлшерін анықтайды.

Масақтану немесе шашақтану кезеқі гүл шоғырының жоғары жапырақ қынабынан шығарумен сипатталады. Жапырақтың, сабанның қарқынды өсуі жалғасады, масақтың немесе сіпсебастың қалыптасуы аяқталады (органогенездің 8-ші кезеңі) . Бұл кезеңде өсімдіктер ылғал мен қоректік заттарға жоғары талап қояды. Кезең неғұрлым ұйымшылдықпен өтсе, астық соғұрлым біркелкі піседі де сапасы жоғары болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚО, Аксукент ауылы жағдайында күздік бидай дақылынан жоғарғы өнім алудың технолгиясын жасау
Күздік бидай және қара бидай
Жүгері - дақылдарын өндіру
Кластерлік жүйе
Жүгері өсіру технологиясымен танысу және зерттеу туралы ақпарат
КАРА БИДАЙ
Эфир майлы дақылдар
Оңтүстік Қазақстанның жерлерінде күздік бидайды тікелей егу жұмыстарын жүргізу
Дәндік жүгері өсіру технологиясы
ОҚО Төлеби ауданы Зертас ауылы жағдайында сұлы дақылынан жоғары өнім алудың технологиясын жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz