Жүзім - жүзім тұқымдасына жататын өсімдік



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
АННОТАЦИЯ

Диплом жұмысы 69 беттен, 14 кестеден, 14 суруттен, 60 әдебиеттен
тұрады. Дипломдық жұмыста кіріспе, негізгі бөлімдер, қорытынды,
қолданылған әдебиеттер келтірілген. Жұмыс негізінен алты бөлімнен тұрады:
аналитикалық бөлім, ғылыми зерттеу бөлімі, тіршілік қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, экономикалық, бизнес жоспар
бөлімдері. Аналитикалық бөлімінде жұмыстың тақырыбына сай әдебиетке шолу
және зерттеудің қойылу мақсаты баяндалады.
Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды
салаларына көкөніс және жеміс шаруашылығы жатады. Бұл өсімдік
шаруашылығының ерекше мамандандырылған және қарқындатылған салалары. Жүзім
өсіру біздің заманымызға дейінгі 5 мың жылдықта басталған. Өсімдік қорғау
бойынша фитосанитарлық диагностика мен болжау қызметінің және басқа да
мекемелердің мамандары зиянды организмдердің сан мөлшерін және таралуын
есептеуде, олардың зияндылығын анықтауда, басты зиянкестердің сан мөлшерін,
арамшөптер мен аурулардың дамуын есептеу мен бақылаудың осы заманғы
әдістемелерін меңгерулері аса қажет.
Қазақстанда жеміс-жүзім кеңшарлары 20 ғ-дың 20 – 30-жылдары кеңінен
қолға алына бастаған. Жүзімдіктер, негізінен, Оңтүстік Қазақстан, Алматы,
Жамбыл облыстарында суармалы жерлерде орналасқан орташа өнімділігі 81,1
цга).
Қарастырылған ғылыми жұмыста жүзім зиянкестеріне, ауруларына және
арамшөптерге қарсы тиімді әдістерін қолдана отырып, және де мол, сапалы
өнәм алуға мүмкіндік тудыратын жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: жүзім жеміс жемірінің жұлдызқұрты, раушан жапырақ
ширатқышы, қотыр ауруы, мильдюм, ойдиум, арамшөптер;
Зерттеу әдістемесі: жөмысты зерттеу барысында жүзім зиянкестеріне,
ауруларына және арамшөптерге қарсы химиялық, биологиялық және
агротехникалық әдістер қолданылды;
Зерттеу нәтижелері: инсектицидтерді, акарицидтерді, фунгицидтерді,
гербицидтерді, биопрепараттарды біріктіріп және даралап қолдану.
Ауылшаруашылық дақылдарында пестицидтерді енгізу мөлшері, мерзімі және
тәсілі. Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымды себерде және отырғызылатын
материалдарды өңдеуге препараттарды таңдау; оларды қолдану технологиясы.
Мәдени өсімдіктерге себер алдында және вегетациялық кезеңдерінде
пестицидтерді қолдану.
Дипломдық жұмыстың тіршілік қаіупсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау
бөлімдерінде зертханадағы жүргізілген жұмыстардың техника және экология
қауіпсіздігі баяндалған. Экономикалық бөлімде жұмыстың экономикалық
тиімділігі, қажетті қаражат мөлшері мен шығымдары есептелген. Бизнес
жоспарлау бөлімінде кәсіпорынға сипаттама беріліп, оны жүзеге асыру
тәуекелділігі баяндалған.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1 Аналитикалық бөлім
1.1 Жүзімді өсіру технологиясы
1.2 Танаптық дақылдар егістеріндегі арамшөптіліктің
дәрежесін анықтау
1.3 Ауылшаруашылық даұылдарының зиянды ағзаларына қарсы
қолданылатын химиялық препараттар
2 Тәжірибелік бөлім
2.1 Аймақтың топырақ-климат жағдайларының ерекшеліктері
2.2 Жүзімнің зерттеуге қойылған сорттарына сипаттама
2.2 Ізденістің бағдарламасы және жүргізілу әдістемелері
3 Зерттеу нәтижелері
3.1 Жүзімнің зиянкестерін есептеу
3.2 Жүзімнің аурулары
3.3 Жүзім шоғының жапырақ ширатқышының таралуы мен дамуы
4 Тіршілік қауіпсіздігі
5 Қоршаған ортаны қорғау
6 Экономика
7 Бизнес-жоспар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Мыңдаған жылдар бұрын, жеміс және жидек
өсімдіктерінің мәдени сұрыптары болмағанда, адамдар табиғатта өскен
өсімдіктердің жемістері мен жидектерін пайдаланған. Бұл өсімдіктер жер
шарының әр тұсында өседі. Табиғи жағдайдың өзгеруінің әсерімен олар жаңа
қасиеттер мен белгілеріне ие бола отырып, жеміс және жидек өсімдіктерінің
жаңа түрлеріне және формаларына айналды. Мұндай өсімдіктердің көптеген
түрлері мен формалары қазіргі кездің өзінде Еуропада, Азияда және әлемнің
басқа да елдерінде өсуде.
Табиғатта жабайы өсетін өсімдіктердің халық шаруашылығындағы мәні өте
зор; олар тамақ өнеркәсібіне шикізат, ағаш өңдейтін, тоқыма, лак-бояу
өнеркәсібіне материалдар береді, жеміс және жидек өсімдіктерінің жаңа,қысқа
төзімді,жоғары өнімді сұрыптарды шығару үшін алғашқы формалары ретінде жиі
қолданылуда; телітушілерді өсіруге қажетті жеміс өсімдіктерін алуға жарамды
көз болып табылады. Мәдени жеміс және жидек өсімдіктерінің шығуында жетекші
рөлді, мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан, жасанды сұрыптау атқарды.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларына көкөніс
және жеміс шаруашылығы жатады. Бұл өсімдік шаруашылығының ерекше
мамандандырылған және қарқындатылған салалары. Жүзім өсіру біздің
заманымызға дейінгі 5 мың жылдықта басталған. Көп өсірілетін аймағы
негізінен – Кіші Азия. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездеседі. Піскен
жүзімнің 100 грамында 154 грамм карбондық гидрат, 1 грамм протеин, 1 грамм
май, 21 грамм фосфор, 0,6 мг темір, аз-аздан болса да басқа да элементтер,
түрлі дәрумендер, су кездеседі. 100 грамында 60 калория бар.
Көкөніс шаруашылығының қорғаулы жерлердегі жайларын (құрылыстарын)
салу, жеміс, жидек және жүзімдіктерді отырғызу мол қаражатты қажет етеді.
Көкөніс және жеміс-жидек, жүзім өсімдіктерін өсіру еңбекті мол шығындаумен
байланысты. Көкөніс және жеміс шаруашылығының негізгі міндеті –халықтың
азық-түлігі және өңдеу өнеркәсібінің шикізаты саналатын көкөністерді,
жемістерді, жидектерді және жүзімді өндіру.
Қазақстанның 2006-2010 жылдарға арналған тұрақты даму тұжырымдамасында
жеміс-көкөніс шаруашылығының одан әрі дамуы қарастырылған. Жылыжай
кешендерін салу, бақ шаруашылығы мен жүзім шаруашылығының дамуы, жеміс-
көкөніс шаруашылығында тамшылатып суаруды енгізу, сондай-ақ жоғары
технологиялы және тиімді егіншілік жүйесіне көшу ұйғарылған.
Көкөністерді, жемістерді және жүзімдерді медициналық деңгейде
пайдалануды қамтамасыз дандыратындай деңгейде өндіру міндеті ұсынылуда.
Халықтың әл-ауқатының жақсаруының арқасында құнарлылығы жоғары етті, майлы,
қантты, консервіленген өнімдерді пайдалану артуда, бірақ бұл өнімдерде
дәрумендер мен биологиялық белсенді заттар ағзаның талабына сай мөлшерде
кездеспейді, сондықтан дәрумендердің, минералды және хош иісті заттардың,
көмірсуларының және органикалық заттардың көзі саналатын көкөністер мен
жеміс өсімдіктерінің маңызы арта түседі.
Сонымен қатар ауылшаруашылық дақылдарында зиянды организмдердің
таралуы мен дамуын болжау – жалпы мемлекеттік және аймақтық өсімдік
қорғауды жоспарлаудың негізі.
Зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің фенологиясын зерттеу,
сондай-ақ олардың зияндылығын болжау, олармен күресудің тиімді мерзімін
белгілеу мен өсімдік қорғау препараттарын ұтымды пайдаланудың негізі болып
табылады. Жоғарыда аталған мақсаттарды шешу үшін ауылшаруашылық
өсімдіктерінің зиянкестерін, ауруларын және арамшөптерін айқындау және
есептеу әдістерін жете меңгеруі керек. Фитосанитарлық мониторинг
мәліметтері негізінде ауылшаруашылық дақылдарының егісіндегі зиянды
организмдер популяциясының тығыздығы бойынша өсімдікті қорғау жүйесінің
тиімді әдісін дұрыс таңдай білу қажет.
Фитосанитарлық диагностиканың міндетіне танаптарды, екпелерді және
ауылшаруашылық егістерін, зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің,
пайда болуына байланысты тексеру, зиянды объектілердің жағдайын, егіс пен
екпелердің жағдайын бағалау, алынған мәлімет бойынша олардың өзара
байланысын талдау жатады.
Өсімдік қорғау бойынша фитосанитарлық диагностика мен болжау
қызметінің және басқа да мекемелердің мамандары зиянды организмдердің сан
мөлшерін және таралуын есептеуде, олардың зияндылығын анықтауда, басты
зиянкестердің сан мөлшерін, арамшөптер мен аурулардың дамуын есептеу мен
бақылаудың осы заманғы әдістемелерін меңгерулері аса қажет.
Қазақстанда жеміс-жүзім кеңшарлары 20 ғ-дың 20 – 30-жылдары кеңінен
қолға алына бастаған. Жүзімдіктер, негізінен, Оңтүстік Қазақстан, Алматы,
Жамбыл облыстарында суармалы жерлерде орналасқан орташа өнімділігі 81,1
цга).
Диплом жұмысының мақсаты: Жүзімнің шығу тегі, өсіру технологиясы,
шаруашылықтағы маңызы, аймақтың табиғи климаты .
- жемістерін, бұтақтарын, жапырақтарын зақымдаушы зиянкестерін
анықтау.
- жүзімнің өсіп жетілуіне кедергі келтіретін ауруларын анықтап,
фунгецидтермен емдеп, қорғау шараларын жүргізу.
- жүзімнің қорегін тамыры, сбағы арқылы пайдаланатын арамшөптерге
қарсы гербицидтерді бүрку.
- қолданылған пестицидтердің қоршаған ортаға, жүзімнің құрамында шекті
мөлшерден аспауын қадағалау.
- шаруашылыққа жұмсалған шығынның экономикалық тиімділігін көрсету
- жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігін сақтап, кемшіліктердің алдын
алу

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Жүзімді өсіру технологиясының ерекшеліктері

Жаңа жүзімдіктер отырғызған кезде бұталарын құрғақ және суық желдерден
сақтап, топырақта ылғал жиналуына ықпал ететін сондай-ақ көктемгі суықтың
зиянды әсерін төмендететін ағаштар отырғызу қарастырылады (сурет 1).

1сурет - Жүзім түбінің құрылымы:
1-жер асты сидамы; 2-табаны; 3-шық тамырлары; 4-бүйір (ортаңғы)
тамырлар; 5-бас (негізгі, табан) тамырлар; 6-сидам; 7-қолтық; 8- шырпудан
кейінгі жеміс звеносы; 9-мүйізше; 10-орынбасатын өркен; 11-жүзім сабағы
(жеміс өркені); 12...15-ағымдағы жылдың негізгі өркендері (12-жеміс
салмайтын; 13-жеміс салатын; 14-балапан өркендер; 15-зырылдауық); 16-өгей
бұтақшалар; 17- қолтықтан дамымаған өркен; 18-түптің басы; 19-жаңару
өркендері.

Әдетте жүзімдіктің сыртын қоршап айналасына 3—5 қатар ағаш алқаптары
отырғызылады. Квартал аралық алқаптарда екі және бір қатарлы жел сындырғыш
линиялар тартылады.Отырғызу алдындағы топырақ өңдеудің жүзімнің жақсы өсіп,
жоғары және тұрақты өнім алудағы мәні зор.
Оның мақсаты топырағы құнарлы әрі қуатты қабат жасауға тіреледі. Бұған
терең аударыстыра жырту 60—70 см, соған қоса 1 гектарына 35—40 тонна көн, 5
центнер суперфосфат және 2 центнер калийлі тыңайтқыштар сіңіру арқылы
жетуге болады. Бұл жұмысты жүргізудің қолайлы кезі жаз болып табылады.
Облыс жағдайындағы қатарлар мен бұталар арасының ең жақсы орналасу
қашықтығы мынандай болып келеді: күшті өскен сорттар үшін — 2,5X2, әлсіз
өскен сорттар үшін 2,5х1,6 және 2,5х1,5 метр.
Өте жақсы жетіліп кетуі үшін жүзімдікке тамыр жүйесі жақсы дамыған бір
жылдық көшеттерді ғана отырғызу керек. Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында
жүзімді күзде де, көктемде де отырғызуға болады. Көп аудандарда отырғызу
март айының ортасынан басталып, сәуір айының ортасына дейін созылады. Күзгі
отырғызудағы ұтымды кез қазан айынын. басы болып табылады. Соңғы жылдары
жүзім отырғызуға сумен бұрғылау, сондайақ ВУМ-60-қа орнатылған жүзім
отырғызу машиналары кеңінен қолданылып жүр. Сонан кейін арық бойынша баяу
ағызып суаруды ұйымдастыру қажет.
Күзде отырғызғанда суарғаннан кейін дереу қардың суығына қалдырмай
топырақпен мұқият көміп тастайды. Қатар аралықтарын таза парда ұстаған жөн.
Көктем-жаз кезеңдерінде 5—6 рет 10—12 см тереңдікте қопсыту қажет. 3—4
жылдан кейін әрбір 1 га, жерге 30—40 т. көң, 2—3 ц, суперфосфат және 2—3 ц,
калий тұзын енгізу жақсы нәтиже береді. Жас жүзімдік екі қарық бойынша,
жеміс беретін жүзімдік бір қарық-жырамен суарылады.
Тасты топырақ вегетация дәуірінде 4—6 дан 10—12-ге дейін суарылады;
сұр және қызыл қоңыр топырақты жерлерде ылғал жабу үшін 2—3 және 1—2; ыза
суы жер бетіне жақын жатқан жерде не бары 1—2 суарылады. Бұталарды жабуды
кеш пісетін сорттарды жинағаннан кейін және бұтақтарын күзгі кесуден
өткізгеннен соң дереу бұталарды жабатын машинамен тез арада жүргізу керек.
Жүзімдікті жабудың жақсы мезгілдері 4—5° салқын түскенше, 10 қазанға
дейінгі аралық қазіргі уақытта негізінен әр бағытта пайдаланылып, әр
мезгілде пісетін, көбіне аудандастырылмаған аралас сортты жүзімдер егіліп
жүр. Мұндай жүзімдіктерден сорттық агротехникалық шаралар қолдану арқылы
жоғары өнім алу мүмкін смес. Мұндай бағасы төмен жүзімдіктерді жоғары
сапалы өнімді сорттармен ауыстыра отырып, бірте-бірте қайта жасау керек.
Жүзім – жүзім тұқымдасына жататын өсімдік. Жүзімнің 70-ке жуық түрі
бар. Қазақстанда дақылдық жүзім сорты өсіріледі.
Діңі – шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық Жүзім
сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын 3 – 5 м, жіңішке келеді. Жапырағы
кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті.
Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас жәндіктермен не желмен немесе өздігінен
тозаңданады. Жемісі – жидек. Жидегінің шырын құрамында: су 65 – 80%,
фруктоза, глюкоза 15 – 35%, органикалық қышқылдар 4 – 11%, пектин 0,3 –
1,2%, минералдық заттар 0,3 – 0,6% және С, В1, В2, РР витаминдері,
провитамин А каротині бар.
Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады. Өңделген Жүзімнен шарап,
коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан этил спирті, сірке суы, шарап
қышқылдары, т.б. заттар алынады. Піскен жүзім жемісі адамның ас сіңіруін
жақсартып, зат алмасуын тездетеді. Жүзім дақылының жылдық тіршілігі екі
кезеңнен тұрады тынығу және вегетация. Тынығу кезеңінде жапырақтары түсіп,
қоректік заттар сабағына, тамырларына жиналады.
Вегетация кезеңі жүзім бүршік жара бастағаннан жемісі толық пісіп,
жапырақтары түскенге дейін созылады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер
болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады.
Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері
шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім
жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді.
Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді (сурет 2).

2 сурет - Жүзімнің отырғызылған көшеттері және қаламшелері

Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Жүзімнің
түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі ерте ашылса,
үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы, жүзім
түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте бастағанға
дейін аяқтау қажет. Мол және тұрақты өнім алу үшін жүзімді уақтылы тыңайтып
отыру қажет. Жүзімнің гүл шоғырлары өсіп келе жатқанда азотпен, жеміс өсе
бастағанда фосфор және калий тыңайтқышымен қоректендіреді.
Жүзім сабағын аспаларға өнімнің салмағын көтере алатындай берік жіппен
байлау қажет. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын болғандықтан,
байлаған жіп сабақты қиып кетпуі үшін, кеңірек етіп байлау керек. Синтетика
жіпті және сымды пайдалануға болмайды. Көктемде қырқу-кесу жұмыстары
жүргізілмесе, онда күзде міндетті түрде жасау қажет, өйткені бұтақтары жиі
болып кеткен жағдайда, жеміс беру сапасы нашарлайды.
Қазақстанда өсірілетін жүзім сорттарының негізгілері: асханалық
сорттар – інжу саба, мадлен анжевин, ақ халили, Алматы ерте пісетін сорты,
ақ шасла, нимранг, агадан, Гамбург мускаты, Өзбекстан мускаты, қызғылт
түсті тайфи, венгр мускаты, оның ішінде жидектері кептіріліп мейіз
жасалатын сорттары – рислинг, ркацители, алеатико, қара пино, саперави,
Құлжа жүзімі, т.б. Жүзімнің түрлері мен сорттары туралы ғылым –
ампелография деп аталады.
Жүзім шаруашылығы – ауыл шаруашылығының жүзім өсірумен айналысатын
саласы. Осыған байланысты Жүзім шарушылығының 4 өндірістік бағыты бар:
асханалық Жүзім шаруашылығы - жергілікті тұтынуға, басқа жерлерге
тасымалдауға және сақтауға арналған жүзім жемісін өсірумен айналысады;
кептірілген жүзім өндірісін шикізатпен қамтамасыз ететін - Жүзім
шаруашылығы мейізді, киш-мишті сорттарды өсіреді;
шарап, шампан, коньяк өндіретін заттарды шикізатпен қамтамасыз ететін
Жүзім шаруашылығы жүзімнің шараптық сорттарын өсіреді;
Жүзім шаруашылығының төртінші бағыты шырын, сусын, тосап, маринад,
т.б. алкогольсіз өнімдер өндіретін консерві өнеркәсібін шикізатпен
қамтамасыз етеді.Облыстың жеке шаруашылық серіктестіктері жүзім көшеттерін
отырғызуымен айналысады. Аталған шаруашылық бір ғана Шымкент облысының
өзінде 21 мың гектар жерге жүз мыңға жуық көшеттерін отырғызып баптауда
(сурет 3).

3 сурет – Көшет отырғызылған алқап

Онда негізінен арнайы Франциядан әкелінген Мерлот, Каберне Совиньон,
Каберне франк және Брокколь сынды жүзім сорттары өсірілуде. Мамандардың
айтуынша, бұлардың отандық сорттардан айырмашылығы – 150 жыл өмір сүреді
және өнімді әлдеқайда көп береді. 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы
бойынша 10,7 мың гектар жерде жүзім алқабы болған болса, 1990 жылы 6,62 мың
гектарға, 2000 жылы 5,7 мың гектарға, 2004 жылы 3,9 мың гектарға дейін
кеміп кеткен. Ал, 1980 жылы облыс бойынша 125,2 мың тонна жүзім өндірілсе,
соңғы жылдары 153,3 мың тонна жүзім өндірілуде.
Жүзімді сақтау. Сақтауға негізінен табиғи жағдайда өскен жүзімдерді
таңдаған жөн. Жүзімнің ең жақсысы ұстағанда қатқылдауы, реңі ашықтары.
Жасыл түстегі жүзім алынса, сәл сарғыштауын, қара жүзім алынса, қою
түстісін таңдаған жөн. Жүзімді мүмкіндігінше сыртқы тозаңымен сақтай білген
дұрыс. Сабағының құрғап қалғандығы – жүзімнің үзілгеніне біраз уақыт
болғанын көрсетеді. Тез үзіле қоймауы жүзімнің сапасын білдіреді.
Бір тал жүзімнің шіри бастауы тұтастай бір шоқ жүзімнің шіруіне алып
келеді. Жүзім міндетті түрде суық жерде сақталуы тиіс. Бөлменің жылылығы
жүзімді тез солдырады. Жүзім тоңазытқышта бір-екі күн бойы бұзылмастан
сақталып тұра береді.

1.2 Танаптық дақылдар егістеріндегі арамшөптіліктің дәрежесін анықтау

Атақты физиолог И.П.Павлов,адам күнде жас көкөністермен қоректенсе өз
өмірін ең кем дегенде13ұзарта алады дейтін. Көкөністердің, жемістердің
және жидектердің негізгі рөлі –әртүрлі аурулардың (жүрек-тамыр, ішек-қарын,
жұқпалы, қан ауруларының) алдын алу. Жемістер, көкөністер, жидектер мен
жүзімдер техникалық өңдеуге кең қолданылады: ашыту, маринадтау, әр түрлі
консервілер дайындау, кептіру, тоңазыту және шарап дайындау, яғни олармен
халықты жыл бойы қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді.
Бақ –ара шаруашылығының маңызды көзі. Жеміс шаруашылығының қоршаған
ортаны қорғаудағы рөлі зор. Жеміс өсімдіктерінің жапырақтары шаң
–тозаңдардың таралуына кедергі жасайды және ауадан көмір қышқыл газын
сіңіреді, ауаны тазалайды. Бұдан басқа, жеміс өсімдіктерін бақ қорғайтын
және жеміс қорғайтын екпе ретінде, қалалар маңайында жасыл аймақты құруға,
елді мекендерді, оның төңірегін,көлік және темір жол бойын жасылдандыруға
пайдаланады. Олар тұрмысты, демалыс орындарын әшекейлейді, айналадағы
ауаның құрамын жақсартады және сонымен бірге қосымша өнім береді. Жеміс
өсімдіктері адамға әсемдік әсер етеді. Бақ ауасымен тыныс алған адам жас
шағымен, тіршілік қызығымен, сұлулықпен, ұзақ өмірмен тыныстайды
(Л.П.Симиренко).Ауыл шаруашылығының әлемдік даму үдерісі,жеміс-көкөніс
шаруашылығының өнімдерін өндіру жылдан жылға артып келе жатқанын көрсетуде.
Мысалы, соңғы 10-12 жылда көкөністердің өнімдерін өндіру 40%-ға артып,
нәтижесінде жер шарының әрбір тұрғынын көкөніспен қамтамасыздандыру
деңгейін, тұрғындардың саны 5,2 млрд-тан 6,2 млрд-қа жеткеніне қарамай 89
кг-нан 110 кг-ға дейін көтеруге мүмкіндік берді. (С.Б.Кененбаев, Б.М.
Амиров, 2004).
Көкөніс шаруашылығы мен жеміс шаруашылығын өрлеуінде ғылым маңызды
рөлге ие. Орыс ғалымдары А.Т.Болотов, М.В.Рытов, Р.И.Шредер, Н.И.Кичунов,
сондай-ақ тәжірибелі көкөнісшілер көкөніс шаруашылығының ғылыми негізін
қалады және алғашқы оқулықтарын жазды (М.В.Рытов, Р.И.Шредер). Н.И.Кичунов
ресейдің революцияға дейінгі бақшашылық тәжірибесін жинақтап,қорытынды
жасады.Көкөніс шаруашылығының ғылыми негіздерін әзірлеуге
В.И.Эдельштейн–отандық ғылыми көкөніс шаруашылығының негізін салушы –үлкен
үлес қосты.
В.И.Эдельштейннің және оның шәкірттерінің ғылыми зерттеулерінің
нәтижесі ашық және қорғаулы жерлерде көкөніс өсімдіктерін өсірудің
өнеркәсіптік технологиясын дайындаудың негізі болды.
Ғылыми жеміс шаруашылығы–белгілі ғалым-бағбандардың И.В.Мичуриннің,
В.В.Пашкевичтің, Л.П.Симиренконың еңбектеріне негізделінген. Н.И.Вавиловтың
ежелгі егіншілік елдеріне жасаған экспедициялары, селекциялық жұмыстар үшін
құнды материал айналысуда.
Сібірдің көптеген сұрыптары ішінара мәдениленгендер дегендер немесе
ірі жемісті қытайлықтар әртүрлі жолдармен Қазақстанның солтүстігіне жетіп
отырған. 1932 жылы С.М.Рытов пен агроном А.С.Крюков Қарағанды облысының
Долин ағаш тұқымбағында суландырылатын бір гектар жерге алғашқы тәжірибелік
жеміс бағын салды. Бұл тұқымбақта сібірлік жидекті алмаға телінген ұсақ
жемісті сібірлік сұрыптардың жүз шақты алма ағашы, уссурийлік жабайы
алмұрттың бірнеше екпе көшеттері және оншақты канадалық және уссурийлік
алхоры ағашы болды.
1935-1941 жылдары бағбандар И.К.Фортунатов және В.М.Савич Қарағанды
ауыл шаруашылық тәжірибе стансасында 28 га жерге тәжірибе бағын салды. 1950
жылдары ағаштардың жасы 9-17 жеткенде тәжірибе бағындағы алманың әр
гектарынан 137ц өнім жинаған, бүлдіргеннен –62,5-80,0,таңқурайдан –55 ц.
Жеміс ағаштарымен өзінің зерттеу жұмыстарын Шортанды тәжірибе стансасында
1935 жылы бастап,сегіз жыл бойы агромелиорация бөлімінің меңгерушісі
белгілі ботаник В.В.Штейн жүргізді.
Молдавияда Кипианидің зерттеулері бойынша, зиянкестің биологиялық және
экологиялық ерекшеліктері оның таралған әртүрлі аймақтарында бірнеше
зерттеушілердің көп жылдар бойына жүргізілген мәліметтер (962;
Абдулагаттов, 1975; Набиев, 1979; Мамедов, 1982; Лазарь, 1988; Халилов,
1990; Козарь 2004; Власов, Константинова 2009 және басқалар) [16].
Біздің зерттеуіміз бойынша Қазақстанның оңтүстік-шығысы аймағы
жағдайында жүзімнің екі ұрпақты жапырақ ширатқышы- Eupoecilia ambiguella
Hb. Ал кейбір жерлерде сол жердің агроклиматтық жағдайларына байланысты
Франция, Щвейцария, Италия, Румыния, Орта Азия мемлекеттерінде төрт ұрпақ
беріп үлгереді екен (Набиев, 1979) [47].
Өзбекстанда Набиевтің зерттеулері бойынша ТМД елдерінің құрамына
кіретін мемлекеттердің жүзімдік алқабында 200-ден астам буынаяқтылар
тіршілік етеді және оларды зақымдайды (Лазарь, 1988; Войняк, 1986; Халилов,
Жалалов, 1990, Чичинадзе, Странишевская, Скориков 2000 және басқалар) екен
[48, 49,].
Орта Азияда 130-ға жуық зиянды жәндіктер мен кенелер, оның ішінде 60
түрі Қазақстанда кездеседі (Кожанчиков, 1930; Принц, 1937; Рузаев,
Липецкая, 1948; Харин, 1964; 1979; Суровцев, Ульмасбаев, 1980; Чичинадзе,
Скориков, 1990; Искендирова 1994) [52].
Жайылымдықтар мен шабындықтар шығымдылығын арттырудың неғұрлым орынды
жерін таңдап алуға мүмкіндік беретін, соған сүйенетін өлшемдер қажет. Ондай
өлшемдерге мына төмендегілер жатады: шымдалу процесінің даму кезеңі, өскін
шөптегі мал азықтық бағыл шөптер үлесі, топырақтың сумен ауа өткізгіштігі,
олардың мәдени техникалық жағдайы [1].
Мальцев шкаласын қолдану арқылы көз мөлшерімен есептеу.
Танаптық дақылдар егістеріндегі арамшөптіліктің дәрежесін анықтау үшін
сандық есеп. Арамшөптілік дәрежесінің өрбуі. [3].
Арам шөптердің тұқымы мен топырақтың арамшөптілік шамасын есептеу.
Арамшөптіліктің балдық бағасы. Гербицидтермен өңдеуге жатқызылатын жер
көлемін болжаудың принциптері. Тиімді температура. Арамшөптермен күресу
шараларының биологиялық тиімділігін анықтау. Ауылшаруашылық дақылдарының
егістері мен егіндеріндегі арамшөптердің басым түрлерінің экономикалық
зияндылық шегі [4].
Технеряднованың жетекшілігімен Қазақстандағы жүзім генефондының
негізін құратын жүзімнің 340 сортының үлгілері бар ампелографиялық
коллекция жасалып, 30-ға жуық жүзімнің жаңа сорттары шығарылды В.П.
Понамарчук, Р.Т. Технеряднова, Л.И. Бекетаева, т.б. Елімізде жүзімнің 28
сорты аудандастырылған (оның ішінде 12 сорты – асханалық, 2 сорты –
әмбебап, 14 сорты – техникалық. Жалпы жүзімдіктер көлемінің 75%-ын тех.
сорттар құрайды. Ең көп тараған сорттар: ркацители жүзімі, саперави жүзімі,
рислинг жүзімі, т.б. [1].
Арамшөптердің тұқымымен танаптардың қамтамасыздығын дәлелдейтін
күзгі тексеру. Топырақтың егістік қабатын талдау әдістері.
Арамшөптілікті анықтау әдістері. Мальцев шкаласын қолдану арқылы көз
мөлшерімен есептеу. Танаптық дақылдар егістеріндегі арамшөптіліктің
дәрежесін анықтау үшін сандық есеп. Арамшөптілік дәрежесінің өрбуі [2].
Е.Н. Мишустин (1964) айтқандай, топырақты микроорганизмдердің белгілі
түрімен қорек ретінде қолданылмаған органикалық табиғи немесе жасанды
қосылыстар формасы жоқ. Сонымен қатар, көрсетілген қосылыстар берілген ағза
үшін улы емес концентрацияда қолданылуы керек.Зияндылығы төмен
дрепараттарды таңдаудың жолы оларды нақты бір оратада бағалау. Осыған
сәйкес экотоксиколо-гиялық қауіпті деңгейлерін әртүрлі бағаналар бойынша
салыстырулар ұсынылған.
Р. Меткаф инсектицидтердің қоршаған ортаға қауіптілігі бойынша ұпайлық
жіктеу бағанасын ұсынған - сүтқоректілерге, қырғауылдарға, форельдерге,
араларға әсері, препараттың қоршаған ортадағы тұрақтылығы (персистент-
тілігі).Біздің елімізде келесі негізгі көрсеткіштерге сәйкес гигиеналық
жіктеулер: ас қорыту мүшелеріне енуі, тері арқылы ағзаға өту улылығы, ұшу
дәрежесі, кумуляциялану дәрежесі қабылданған.
Пестицидтердің қауіптілігін кешенді бағалау М.С Соколова және Б.П.
Стрекозова препараттардың әртүрлі кластары үшін қауіптілік класы интегралды
көрсеткіш қатарын ұпаймен бағалау ұсынған.Жалпы бағалау ұпайы 13 аспайтын
пестицидтер қауіптілігі төмен, 14-21 ұпай бойынша орташа, 21 жоғары
қауіптілеріне жатады.Қоршаған ортаны және егістік өнімдерін пестицидтермен
ластанудан қорғау шараларын ұйымдастыруда улы заттарды қолданған
аймақтарда, ауыспалы егістіктерде таралуы мен жиналу қауіптілік потенциалын
ескеру керек.
Экотоксикологиялық жағдайды сипаттау үшін М.С. Соколов және М.А.
Глазовский сандық параметрлер әдісін ұсынған. Пестицидтерді белгілі аймақта
қолданудағы қауіптілік деңгейін бағалауда келесі көрсеткіштер: жекелеген
препарат-тардың реттелген бағалау индексі, бірнеше пестицидтер қатарына
қолданылатын орташа бағалау индексі, жердің бірлік өлшеміне кеткен
пестицидтің мөлшері, топырақ құрамының өздік тазарту индексі қолданылады.
Өсімдікті химиялық қорғаудың қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау
үшін пестицидтерді интегралды қорғау жүйесінде немесе кешенді өсімдікті
интегралды қорғау жүйесін ұқыпты пайдалану. Осы жүйелердің негізгі мақсаты
кешенді іс шараларды қолдана отырып, зиянды ағзалардың санын белгілі
мөлшерден асырмау.
Знаменский А.В., Щеголов В.Н. және т.б. энтомологтарымен теориялық
жағдайды зиянкестермен күресудің кешенді (агротехникалық, химиялық,
биологиялық және басқа да әдістер) іс шараларын ұсынған. Бұл бағытта
химиялық қорғау іс-шараларының жүргізілу мүмкіндіктері қаралған және
жалпыға бірдей интегралды жүйе деп аталады.
Саңырауқұлақ ауруларына қарсы жасалған іс шаралар жүйесі дәнді-
дақылдар өнімдерін 10-30 %-ын сақтауға септігін тигізген. Шегірткелердің
жаппай таралуын тоқтатуда кешенді іс-шаралардың маңызы зор. Кешенді іс-
шараларды қолдануда жүзім, мақта, жоңышқа, темекі және қызылша
егістіктеріндегі зиянкестерді жоюға қолданылған.

1.3 Ауылшаруашылық даұылдарының зиянды ағзаларына қарсы қолданылатын
химиялық препараттар

Өсімдікті қорғауда қолданылатын химиялық заттарды үнемді пайдалану -
ауылшаруашылық дақылдарын, экологиялық жағдайдағы барлық факторларды
(зиякестердің саны, пайдалы жәндіктердің сана) ескеру болып табылады.
Ауылшаруашылық дақылдарын зиянды ағзалардан химиялық жолмен қорғауда
қауіпсіздіктің төрт негізгі бағыты бар (Фадеев, 1975).
1. Пестицидтердің адам және жануарларға улылығын, қор-шаған ортада
персистенттілігін төмендету, таңдамалы әсерін жоғарылату мақсатында олардың
қатарын жаңарту.
2. Пестицидтердің ыңғайлы ұрықтарды алдын-ала өңдеу, бақшалардағы ерте
көктемде немесе күзде өңдеу, ленталық немесе жолақты өңдеу, бөлшекті
препараттарды қолдану сияқты өңдеу тәсілдерін қолдану.
3. Әр аймаққа сәйкес зиякестермен күресуде экономикалық мақсатты
көздейтін популяцияларды жоюда әр зиянкес үшін (ЭПВ) экономикалық шектеу
зияндылығын ескеріп пестицид-терді қолдану.
4. Пестицидтерді ауылшаруашылықта немесе басқа да мақсаттарға
қолданғанда препараттардың санитарлық-гигиена-лық қасиеттеріне, жұмыс істеу
қауіпсіздігіне сәйкес регмент-терін сақтау.
Табиғатта улылығы жоғары қосылыстар үшін химиялық өңдеу үшін улылығы
төмен және тұрақсыздарына ауыс-тырылады. Пайдалы жәндіктерді сақтау
мақсатында химиялық өңдеу үшін таңдамалы қасиеті бар, зиянды жәндіктерге
улы, олардың табиғи жауларына улылығы төмен препараттар қолданылуы тиіс.
Пайдалы жәндіктерге фунгицидтердің зияндылығы төмен. Кеңінен қолданылатын
препараттардың таңдамалы қасиетін жоғарылату үшін әр препаратқа
экономикалық зияндылық шектеулері есептелуі тиіс.
Осы химиялық заттармен өңдеудің санын және өңделетін аймақтың ауданын
төмендетіп, қорға-латын дақылдарға зияндылығын азайтады. Мысалы, мақтаның
зиянды жәндіктерінің экономикалық зияндылық шектеулерін есептеу үшін
зиянкестердің минималды санына байланысты тәжірбиелік әдістер қолданылған
(Кейсерухский М.Г.).
Экономикалық зияндылық шектеулерін есептеу үшін инсектицидттің
биологиялық белсенділігі, өңдеуге, өнімді жинауға және тасымалдауға
жұмсалған қаражат саналады. Тәжірибиелік әдіс өндірісте пестицидтің
биологиялық және шаруашылықтық тиімділігін, сандық және сапалық санақты,
статистикалық және математикалық өңдеуден тұрады.
Метаболизм процесінің бұл бағыты қосылыстар мен олардың
токсикологиялық құрамына тәуелді. Пестицидтерді қолданудың негізгі маңызы -
өнімді сақтау, адамдар үшін азық-түлік қорларын көбейту болып табылады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде пайдаланылатын пестицидтер мен бұрынғы
қолданылып келген пестицидтердің айырмашы-лықтары өте үлкен.
Хлорорганикалық инсектицидтердің ішінде барлығына мәлім препараттардың бірі
- ДДТ (дихлордифенил-трихлорэтан) 1874 жылы синтездеп алынған. Препараттың
инсектицидтік құрамын 1939 жылы ең бірінші анықтаған швейцариялық химик
Паул Мюллер болатын. Ол жыл өткен соң, ашқан жаңалығы үшін Нобель сыйлығына
ие болған. ДДТ препараты Ұлы Отан соғысы жылдарында малярий ауруларына,
битке және басқа зиянкестерге қарсы қолданылған.
Зерттеу барысында ДДТ препараты сиыр сүті мен ана сүтінен табылған.
Алма ағашына бүркілген ДДТ препараты топырақта ұзақ сақталып, яғни 9 жылдан
кейін де табылған. Ал қазіргі таңда бұл препараттың токсикологиялық кері
әсері болғандықтан, өндірістен алынды.
Хлорорганикалық пестицидтерге мына препараттар жатады:
Фосфорорганикалық инсектицидтер (ФОИ) - көп мөлшерде фосфор және тиофосфор
қышқылдары эфирлерінен тұрады. Бұл препараттар хлорорганикалық
препараттарға қарағанда өте улы, бірақ қоршаған ортада тұрақсыз, тез
ыдырайтындықтан экологиялық көзқарас жағынан қауіпсіз. ФОИ 1930 жылдары
Германияның Герхард Шрадер зертханасында зерттеліп алын-ған. Оның улылығы
фосфор атомындағы алкил радикалының құрылымына тәуелді. Тиофосфор қышқылы
туындыларына қарағанда фосфор қышқылы адамзат пен сүтқоректілер үшін улы,
ал зиянкестерге керісінше әсер етеді. Бірінші рет осы топтың ішінде
тетраэтилпирофосфат (ТЭПФ) препараты қолда-нылған. Препарат сүтқоректілерге
улы болғандықтан кейіннен басқа қосылыстармен ауыстырылды. Сол
қосылыстардың ішін-дегі танымал фосфорорганикалық инсектицидтер: паратион,
диазинон, хлорофос, карбофос, дисульфотион, малатион.
Қазіргі таңда қолданылып жүрген фосфорорганикалық пестицидтер:
Дурсбан - инсектицид, әсер етуші заты - хлорпирифос.
Барлық аталған заттар кең спектрлі әсер ету қасиетіне ие және дәл осы
көрсеткіш ауылшаруашылық өнімдерін өндіру-шілер арасында даңқын арттырды.
Бірақ, олар көптеген тиімді энтомофаг пен акарифагтарды жояды.
Инсектоакарицидтердің жеке топтарында келесі ерекшеліктері бар:
Фосфорорганикалық инсектоакарицидтер – улы өсімдіктерде дернәсілдері,
нимфалары ересек жәндіктерді жояды, бірақ жұмыртқа қабығынан кіре алмау
себепті кененің жұмыртқасына әлсіз әсер етеді.1960-1980 жылдары
агроценозда, әсіресе көкөніс бақтарында қолданғанда оларға кене-
фитофагтардың төзімділігі тез жоғарылағаны ескерілді.
Пиретроидты инсектицидтер - жоғары биологиялық тиімділігі мен төмен
шығын көлемімен ерекшелінеді. Және белгілі бір тәртіп бойынша қолданғанда
олардың төзімділігі тез артады. Авермектиндер-топырақтағы
стрептомицеттердің ферментация нәтижесінде түзілетін Streptomyces
avermitilis топырақ актиномицеттері. Алғаш авермектиндер 1976 жылы
Жапонияда гольф алаңдарында гельминттерге қарсы топырақтың сүлбелерінде
жүргізілген. Зерттеу нәтижесінде топырақ сүлбелерінің
паразиттерге қарсы қолданудағы потенциалы белгіленген. Streptomyces
avermitilis авермектинінің өнімін 1978 жылы Берга, Миллер тапқан.
Химиялық синтездеудің нәтижесінде абамектиннен Ивермектин бөлінген.
Ивермектин – 22,22-дигидроавермектин B1а және B1b тұратын, жылы қанды
жанураларға уыттылығы төмен, ерігіштігі жоғары, кең спектр көлемінде
тұрақты және паразиттерге қарсы белсенділігі белсенді жартылай синтетикалық
авермектин. Кейін B1а дигидроавермектин, дорамектин (R.M. Jones et al.,
1993), эприномектин (К. Guerrero et al., 1998) және селамектин (B.F. Bishop
et al., 2000), атауларымен патенттелген. Авермектиннің кейінгі түрлері
моксидектин атуына ие.
Пестицидтердің көпшілігі гербицидтер болып табылатындықтан оларды
инсектицидтермен салыстырғанда жылықандылар мен құстарға және балықтарға
улылығы аз (А.П. Карпенко А.П., 1981). Бірақ, гербицидтер топырақта ұзақ
уақыт сақталып, сыртқы ортаның нысандарын ластауы мүмкін. Әсіресе,
топырақта пиклорам мен симтриазиндер, 2М-4Х және хлорфеноксиқышқылды
гербицидтердің қалдықтары 4 айға дейін сақталады.

2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

2.1 Аймақтың топырақ-климат жағдайларының ерекшеліктері

Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері негізінен жазық орташа
биіктігі 200 – 500 м. Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-
батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және
Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін
Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр.
Оның ең биік жері – Бессаз (Мыңжылқы) тауы 2176 м. Қаратаудың оңтүстік-
шығысында Боралдай 1400– 1600м жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-
шығысын Батыс Тянь-Шанның сілемдері Өгем жотасы, Қаржантау 2800 – 2900 м,
Қазығұрт тауы 1700 м, Талас Алатауының батыс сілемдері – Кіші Ақсу 2577
м, Алатау 3139 м таулары қамтиды.
Облыстың ең биік жері – Сайрам шыңы 4299 м. Оңтүстік батысында
Қызылқұм, Қарақтауы 388м, оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы,
Қауынбай молда 321 м, Белтау 592 м жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып
жатыр.
Климат жағдайы: Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар
жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы
солтүстігінде –7 – 9°С, оңтүстігінде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және
аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29°С. Шөлді
аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100–150 мм, тау алдында 300
– 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм (кесте 1).

Кесте 1
Орташа жылдық және айлық жауын-шашын мөлшері

Көрсеткіштер Айлар Орташа
жылдық
I II
I II III
Барлығы:

Тексерілген аудан, га_______________ Қоныстанған аудан, га___________
Тексеруші__________________________ ______________________________

Шаруашылықтың жетекшісі__________________________ _______________

Зиянкестердің түріне, даму сатысына қарай оларды формалинде, спиртте
жинап, мақта бетіне салып, ондағы қағаз бетіне жиналған күнін, даму фазасын
т.б. көрсетіледі.
Маршруттық тексерулер 1 рет вегетация уақтысында, жазда жүзім пісер
алдында жүргізілді. Зиянкестермен бірге кездескен пайдалы энтомофагтарды
(қан қоңызы, алтынкөздер, трихограммалар, габробракондар т.б.) есепке алып
жазып отырдық.
Жүзім алқаптарындағы жүзім түптерін тексердік, ондағы жидектеріндегі
жұмыртқа, жұлдыққұрттары мен қуыршақтарын есепке алып жазып отырдық.
Кәдімгі өрмекші кенеге жапырақтардың түрінің өзгеруіне байланысты
немесе лупамен қарағанда ондағы кененің (жоқтығы, аздығы-1-2 жапырақ және
көптігі-1 түпте 5 жапырақтан асса) саны анықталады.
Жүзім шоғы жапырақ ширатқышы көбелектерінің ұшып шығу мерзімдерін
анықтау үшін Атракон А түріндегі өндірген тұзақтардың КМ жыныстық жасанды
феромондары пайдаланылды.
Фиксатор ретінде Пестификс желімі пайдаланылды. Тұзақтар сәуірдің
аяғында, екінші аспа биіктігінде, 3-5 гектарға бір тұзақ есебімен
орнатылды. Тұзақтарды байқау күнделікті, ал санын есептеу – әр 7 күн сайын
жүргізілді. Қайталанымы – төрт рет.
Кей кездері жүзім шоғы жапырақ ширатқышы көбелектерін ұшып шығуын
қадағалау үшін өзіміз дайындадық. Ауа температурасы 100С асқан кездері
ілініп қойылды.
Оны дайындау үшін 1 литр суға 100 г қант және ашытқы салынды. Ол
ашыған кезде оған 200 г жүзім шырынын немесе 100 г шарап қосып, 0,5 л
банкіге құйып, екінші аспа биіктігінде тұзақ есебімен орнатылды.
Оларды тексерген кезде ондағы көбелектерді фильтровальдық қағазға
салып кептіріп, мақтаға салып қойылды. Жүзім шоғы жапырақ ширатқышы
көбелектерінің ұшуына график жасалынды. Графиктің сол жағында көбелек саны
көрсетіліп, сосын жиналған күндері, көбелектердің ұшуының бастапқы,
ортаңғы, соңғы кезеңі көрсетілді.
Феромондардың тартымдылығы көбелектердің ұсталғаны бойынша, ал
өзіндік ерекшеліктері – тұзаққа түскен жапырақ ширатқыштардың түрлерін
жинау мен оларды есептеу жолымен бағаланды. Жүзім шоғы жапырақ ширатқышының
зерттеу тәжірибелерін жыл бойы Мускат шаруа қожалығының жүзімдіктерінде,
3 га жүзім алқабында жүргізілді (1 сурет).
Жүзім шоғы жапырақ ширатқышының биологиялық ерекшеліктерін далалық
жағдайда бақыладық. Жүзім шоғы жапырақ ширатқышының жаппай ұшуынан кейін
әрбір 5 күн сайын 5 гүл шанағын, ал кейінірек әрбір 1-ші түпте жидектерін
есепке алдық.
Әрбір есептеу жұмысы кезінде кемінде 50 жидектің жұмыртқасын,
жұлдызқұртын және қуыршақтарын барлық бірінші, екінші және үшінші ұрпақтары
бойынша есептеу жұмысын жүргіздік. Дала жағдайында көбелектің өсімталдығы
және қанша жұмыртқа салатыны есепке алынды (сурет 7) .

7 сурет – Мускат жүзім шаруа қожалығы
Көбелектің өсімталдығын есептеу үшін тұзаққа түскен 10 көбелектің
құрсағын өткір қайшымен жарып, инемен ондағы жұмыртқаларын 8-ге көбейттік.
Микроскоппен дами қоймаған жұмыртқаларды да есептедік (8 сурет.)

8 сурет – Жүзім жапырағы ширатқышының жұлдызқұрты

Жүзім шоғы жапырақ ширатқышының даму сатысы (фазасы) зертханалық
жағдайда анықталды. Бірінші ұрпақтың жұлдызқұрттарын анықтау үшін
жүзімдікте 100 гүл шанағы жұлдызқұрттарымен бірге банкаға әрқайсысына 10
данадан салынды. Банкілер столға күн түспейтін жерге қойылды. Бір-екі күн
сайын онда жаңадан гүл шанағы қорек ретінде салынып тұрды. Күнделікті
олардың дамуы, бірінші қуыршаққа айналу кезеңін қадағаладық. Қуыршаққа
айналып болған соң олардың көбелекке немесе паразитке айналуын бақыладық.
Жүзім шоғы жапырақ ширатқышының бірінші, екінші және үшінші жаппай ұшу
кезінде жүзімдіктен жұмыртқасы бар жидектерді жинап 10-15 данадан (10-
банкада, 100-150 жұмыртқа) ондағы жұмыртқадан күнделікті жұлдызқұрттар
немесе энтомофагтардың шығуы қадағаланды. Банканың түбіне жүзім жапырағы
салынып, оны дәкемен жауып, күнделікті жаңадан ауыстырып тұрдық. Күн
түспейтіндей етіп қабырғаға термометр қойылды. Бірінші күннен бастап,
күнделікті ауа температурасы бақыланды.
Жыртқыш өрмекшілерді әрбір 20 түптен, 5 жапырақтан қарап, ондағы
стерорустар, қан қоңыздары мен трихограммалар, алтынкөздер есептелінді.
Жүзім шоғы жапырақ ширатқышының бірінші, екінші және үшінші
ұрпақтарының зияндылығын әр жерде орналасқан 10 түптен зақымдалған және
зақымдалмағандары, пестицид бүркілген және бүркілмегендері анықталды.
Химиялық және биологиялық тәжірибелерді жүзім шоғы жапырақ
ширатқышының бірінші, екінші және үшінші ұрпақтары жұлдызқұрттарына
тәжірибе қойылды. Инсектицидтермен дәрілеу жұмыстары бірінші зиянкестің
зақымдау шегі болғанда 2 рет бүрку жүргізілді, бүрку мерзімі 2- күн,
екінші және басқа бүрку немесе бүрку жұмыстары 15-20 күнен кейін
жүргізілді.
Химиялық препараттарды сынау кезінде пайдаланылып жүрген Г.А.Викторов
(1969), М.А.Драховская (1962), В.В.Косов және басқалардың А.Ж. Ағыбаевтың
(2010), ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер анықтамалығы
басшылыққа алынды [38;39, 43,40, 42, 42, 44].
Жүзім шоғы жапырақ ширатқышы көбелектерін аулау әдістерінің тиімділігі
күресудің жеке элементі ретінде зиянкестердің әр буыны бойынша ауланған
көбелектердің санын салыстыру арқылы; тәжірибе бөлтектеріндегі жапырақ
ширатқыштарының эталонды бақылаумен салыстырғанда зияндылық дәрежелерінің
төмендеуі бойынша анықталды (100 жүзім шоғырындағы жұлдызқұрттар саны, бір
түптегі зақымдалған және зақымдалмаған жидектер салмағы).
Биологиялық тиімділік Аббот формуласы бойынша анықталды. Өсімдік
қорғау шараларды жүргізгенде олардың 3 түрлі: биологиялық, шаруашылық және
экономикалық тиімділіктеріне баға беріледі [45].
Зиянкестерге қарсы инсектицидтерді қолданғанда биологиялық тиімділік
төмендегі Аббот теңдеуі бойынша анықталады:

а - в
Бт= ----------- х100 мұнда,
а
Бт-биологиялық тиімділік, % зиянкестің саны немесе өсімдіктің әртүрлі
мүшелерінің зақымдалуының төмендеуі;
а – есепті күнгі бақылаудағы зиянкестің бір өсімдікке немесе бір шаршы
метрге келетін саны;
в – есепке алынған күнгі тәжірибедегі зиянкестің бір өсімдікке немесе
бір шаршы метрге келетін, немесе зақымдалған өсімдіктердің саны;
Өсімдіктің зақымдалу дәрежесін өңдеуден кейін 7, 14 күндері тәжірибе
бөлтектеріндегі бірдей есепті қашықтықтарда өсімдіктердің жалпы саны және
оның ішінде зақымдалғандары есептелінеді.
Жапырақ ширатқышының зияндылығының экономикалық шегі мен зиянкестер
санын төмендетуге арналған феромонды-желімді тұзақтармен көбелектерін
жаппай аулау әдісінің тиімділігі ауыл шаруашылығындағы агрохимиялық
қызметтің орталық ғылыми-зерттеу институты (ЦИНАО) әдістемесімен (1986)
жүргізілді [46].
Тәжірибеден алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу дисперсионды
талдау әдісімен (Доспехов Б.А., 1985) жүргізілді [47].
Тәжірибие жұмыстары жүргізілетін стационарлық бөлімінде көктемде
зиянкес пайда болғанда, бақылау жұмыстары толықтай жүргізілді. Жүзім
шоғының жапырақ ширатқышының зақымдау дәрежесін келесі шкала бойынша
анықталды:
0-ешқандай зақымдану жоқ
1-зақымдану 10 пайыз
2-зақымдану 25 пайыз
3-зақымдану 50 пайыз
4-зақымдану 50 пайыздан жоғары болғанда
Бақылау 4 варианттан тұрды, онда 50 қатар (әр қатар 100 м). Әрбір
вариант 6 қатардан болды, есептеу жұмыстары ортадағы 4 қатардан вариантар
арасындағы 1 қатар қорғаныс ретінде пайдаланылды. Әр қайталанымда 10 түптен
25 жидек (100 жидек бір вариантта) бүрку жұмыстарын бак сепкіші-ОВТ-1
қолданылды. Себу мөлшері 600 лга.
Жүзім шоғының жапырақ ширатқышының препараттармен бүрку варианттары
Мускат шаруа қожалығы бойынша:
1. Ровикурт, э.к. 25%, 1,2 лга + Ридомил гольд мц 2,6 лга;
2. Гюхарад,э.к. 5 %, 0,3лга+скор 250 э.к. 0,4 лга;
3. Суми-альфа, 5%, 0,4лга+топаз 100%,э.к. 0,4 лга-эталон;
4. Бақылау-дәрі себілмеген.
Жүзім шоғының жапырақ ширатқышының препараттармен бүрку варианттары
Мускат шаруа қожалығы бойынша:
1. Децис, э.к. 2,5%, 0,4 лга + топаз 100%,э.к. 0,4 лга;
2. Гюхарад,э.к. 5 %, 0,3лга+скор 250 э.к. 0,4 лга;
3. Суми-альфа, 5%, 0,4лга+топаз 100%,э.к. 0,4 лга-эталон;
4. Бақылау-дәрі себілмеген.
Жүзім шоғының жапырақ ширатқышының зияндылық шегін анықтау, ондағы
көбелектерді ұстау үшін феромондық тұзақтар қойылды. Тұзақтарды
көбелектердің ұшуынан 10-12 күн бұрын, 1,2-1,5 метр яғни жидектердің тұсына
қарама-қарсы 3-5 гектарға бір тұзақ қайталанып – 4 реттен ілінді.
Бір вариантағы немесе бір сорттағы тұзақтардың саны орта есеппен 10
дана, бірақ ол жерде бүрку жұмыстары жүргізілмеді.
Зиякестерді әрбір оныншы қатардағы жиырмасыншы өсімдіктегі–жүзім
шоқтарын тексеріп, ондағы зиянкесті есептедік. Бұтақтарға көзбен шолып
зиянкестермен залалданған бүршіктер, жапырақтар, жүзім жемістердің
зақымдалған пайызы анықталды, сонымен қатар зақымдалған мүшелердің орташа
пайызы есептелінді. Жүзім шоғының жапырақ ширатқыш көбелегі зияндылығы
бірнеше рет есепке алынды: біріншісі-гүлшоғының, жүзім шоғының
зақымдалғанында; екінші және үшіншісі - өнім пісер және жинау алдында жүзім
жемістерінде есептеу жүргізілді.
Жүзім шоғының зақымдалғанында; екінші және үшіншісі - жемістің пісер
және жинау алдында жүзім жемістеріне есептеу жұмыстары жүргізілді.
Айта кететін жайт, әсіресе Қазақстандағы жүзімдіктерді және де Орта
Азиядағы жүзімдіктерді зияндайтын жүзім филоксерасы- Philloxsera vast rix
Planch-пайда болмаған. Төменде көрсетілген 4 кесте бойынша оңтүстік
Қазақстан жүзімдіктерінде кездесетін және зақымдайтын зиянкестердің біздің
зерттеулеріміз бойынша, яғни буынаяқтылар мен бунақденелердің тіршілік етуі
көрсетілген.

Кесте 4
Жүзім ағашында тіршілік ететін, мүшелерін зақымдайтын буынаяқтылардың түр
құрамы

Түрлердің атаулары Зақымдайтын мүшелері
тамыры сабағы, өркені, гүл
өркені жапырағы шанағы
мен
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шырынды жемістердің биологиялық ерекшеліктері
Жидек дақылдарының аурулары
Қазақстандағы тағамдық өсімдіктер (жеміс-жидектер)
Алматы облысы Іле ауданында жүзімді зиянкестері мен ауруларынан қорғау шаралары
Қазақстандағы жеміс шаруашылығы
Балды өсімдіктер
Жемістер мен көкөністер. Физико-химиялық технологияның негіздері .Жылуфизикалық технологияның негіздері
Оңтүстік Қазақстанда жеміс өсіру
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФЛОРАСЫ МЕН ФАУНАСЫ
Ағаштардың биіктігі және желектерінің декоративтік қасиеттері
Пәндер