Бидайдың гүлшоғы - масақ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

АННОТАЦИЯ

Дипломдық жұмыста кіріспе, негізгі бөлімдер, қорытынды, қолданылған әдебиеттер келтірілген. Жұмыс негізінен алты бөлімнен тұрады: аналитикалық шолу, ғылыми зерттеу бөлімі, тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, экономикалық, бизнес жоспар бөлімдері. Аналитикалық бөлімінде жұмыстың тақырыбына сай әдебиетке шолу және жұмыстың өзектілігі, мақсаты және міндеттері баяндалады.

Дипломдық жұмыста алғы дақыл күздік бидайдың мақсаты мен міндеті - адам баласына қажетті мол өнім беретін, суыққа, ауруға төзімді өсімдік сорттарын шығару және жақсарту. Егістік алқабында өсірілген күздік бидай өніміне морфологиялық талдаулар арқылы жүргізілді.

Зерттеудің мақсаты: Оңтүстік Қазақстан Облысы Ордабасы ауданында күздік бидайдың өсіру технологиясын зерттеу, осы топырақ-климаттық жағдайларында жоғары айтылған дақылдан сапалы өнім алуын зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

- оптималды тұқымды егу мерзімді анықтау;

- күздік бидай тұқымның егілетін нормасын анықтау;

- қоректік элементтерге қойылатын талаптарды анықтау.

Дипломдық жұмыс 60 беттен тұрады. Кесте саны 5, Пайдаланған әдебиеттер саны 61.

Дипломдық жұмыстың тіршілік қаіупсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінде зертханадағы жүргізілген жұмыстардың техника және экология қауіпсіздігі баяндалған. Экономикалық бөлімде жұмыстың экономикалық тиімділігі, қажетті қаражат мөлшері мен шығымдары есептелген. Бизнес жоспарлау бөлімінде кәсіпорынға сипаттама беріліп, оны жүзеге асыру тәуекелділігі баяндалған.

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы диплом жұмысында мына сілтемелер қолданылған:

СТ ҚР 1. 5-2004 Стандарттардың мазмұнына және өрнектелуіне, құрастырылуына жалпы талаптар.

МЕСТ 2. 102-68 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың түрлері мен жиынтығы.

МЕСТ 2. 104-68 ЕСКД. Негізгі жазбалар.

МЕСТ 2. 201-80 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың және бұйымдардың белгілері.

МЕСТ 2. 301-68 ЕСКД. Форматтар.

МЕСТ 2. 601-95 ЕСКД. Эксплуатациялық құжаттар.

МЕСТ 2. 304-81 ЕСКД. Сызудың шрифттары.

МЕСТ 2. 701-84 ЕСКД. Сызбалар және типтер. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЕСТ 2. 321-84 ЕСКД. Әріптік белгілеулер.

МК ҚР 04-2004 “Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнімнің классификаторы” (КПВЭД) .

СТ ОҚМУ 4. 02-2008. Университет стандарты. СМЖ құжаттарын дайындау, баяндау мен рәсімдеудің жалпы талаптары.

СТ ОҚМУ 7. 11-2008. Университет стандарты. Оқу-әдістемелік процесті басқару.

АНЫҚТАМАЛАР

Сорт - өнім түсімі мен өнім сапасын көтеру мақсатында тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда өсіру үшін сұрыпталған әрі көбейтілген мәдени өсімдіктердің шаруашылық-биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша ұқсас топтарын айтады.

Гибрид - ата-тегіне салыстырғанда өміршеңдігі, өнімділігі жоғары гибридтердің бірінші ұрпағы.

Будан - бұдан популяциясынан будандастыру және сұрыптау арқылы алынған сорттарды.

Линия - өсімдіктердің айқас тозаңдануы селекция ісіндегі бастапқы материал алудың көзі болып табылады

Сыртқы орта - тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта факторларының жиынтығы.

Қарашірік - құнарлықты анықтайтын топырақтың жоғарғы қабатындағы қара қоңыр түсті органикалық зат.

Дақыл - белгілі бір мақсатта пайдалану үшін екпе егісте өсірілетін өсімдік түрі.

Өскін - себілген тұқымнан белгілі бір уақытта жер бетіне өсіп шыққан өсімдік көгі.

Өсу кезеңі - өсімдік өскіндері жер бетіне шыққананнан бастап толық піскенге дейінгі аралық.

Фенология - табиғаттағы немесе екпе егістегі маусымдық өзгерістерін және оның ауа райы ерекшелігімен байланысын зерттейтін ғылым саласы.

Белгі - өсімдік құрылымың тиісті құралдармен өлшенетін немесе көріп бағаланатын нақты сипаты.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚазККШҒЗИ
-
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты
ҚазККШҒЗИ: NPK
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: азот, фосфор, калий
ҚазККШҒЗИ: NO
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: нитраттар
ҚазККШҒЗИ: ЕЖШД
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: ең жоғары шектеулі деңгей
ҚазККШҒЗИ: ШК
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: шектеулі концентрация
ҚазККШҒЗИ: Мем. ст.
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: мемлекеттік стандарт
ҚазККШҒЗИ: фбр
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: фотосинтетикалық белсенді радиация
ҚазККШҒЗИ: ҚР
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: Қазақстан Республикасы
ҚазККШҒЗИ: АШҒЗИ
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: Ауыл шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты
ҚазККШҒЗИ: ҒЗИ
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: ғылыми-зерттеу институты
ҚазККШҒЗИ: га
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: гектар
ҚазККШҒЗИ: ц
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: центнер
ҚазККШҒЗИ: ц/га
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері
ҚазККШҒЗИ: г
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: грамм
ҚазККШҒЗИ: см
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: сантиметр
ҚазККШҒЗИ: %
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: пайыз
ҚазККШҒЗИ: м
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: метр
ҚазККШҒЗИ: м 2
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: шаршы метр
ҚазККШҒЗИ: P
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: фосфор
ҚазККШҒЗИ: N
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: Азот
ҚазККШҒЗИ: тг
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: тенге
ҚазККШҒЗИ: тг/га
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: 1 гектарға жұмсалған тенге
ҚазККШҒЗИ: NРК
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: азот, фосфор, калий
ҚазККШҒЗИ: ц/га
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері
ҚазККШҒЗИ: г/см 3
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: 1 куб сантиметрдегі грамм есебі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
9
КІРІСПЕ: 1.
9: АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ
11
КІРІСПЕ: 1. 1
9: Күздік бидайды әртүрлі аймақтарда өсіру жағдайлары және топырақтың құрамына байланыстылығы
11
КІРІСПЕ: 1. 2
9: Бидайдың морфологиясы және химиялық құрамы
12
КІРІСПЕ: 1. 3
9: Дақылдың ботаникалық әр түрлілігі және морфологиялық сипаттмасы
19
КІРІСПЕ: 1. 4
9: Бидай сапасының физикалық белгілері
23
КІРІСПЕ: 1. 5
9: Күздік бидайдың фотосинтетикалық қызметіне тыңайтқыштардың әсері
24
КІРІСПЕ: 2
9: ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
27
КІРІСПЕ: 2. 1
9: Шаруашылық климатына сипаттама
27
КІРІСПЕ: 2. 2
9: Өніп-өсу жағдайына қойылатын талаптар
27
КІРІСПЕ: 2. 3
9: Тәжірибені жүргізу жағдайлары
33
КІРІСПЕ: 2. 4
9: Зерттеу зерзаты мен әдістемелері
33
КІРІСПЕ: 3
9: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
33
КІРІСПЕ: 3. 1
9: Түр аралық будандардың вегетациялық кезеңіне сипаттамасы
34
КІРІСПЕ: 3. 2
9: Күздік қара бидай өсімдігінің қыстап шығуы
35
КІРІСПЕ: 3. 3
9: Оңтүстік Қазақстанның суармалы жағдайында күздік бидай сорт үлгілерінің өнімділігі
37
КІРІСПЕ: 4
9: ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
41
КІРІСПЕ: 5
9: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
45
КІРІСПЕ: 6
9: ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
50
КІРІСПЕ: 7
9: БИЗНЕС ЖОСПАР
53
КІРІСПЕ:
9: ҚОРЫТЫНДЫ
56
КІРІСПЕ:
9: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
57

КІРІСПЕ

Тақырыпты өзектілігі: Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев еліміздің аграрлық секторына жақын арадағы 10 жыл ішінде дүние жүзіндегі ең ірі бидай экспорттаушы бес мемлекеттің қатарына кіру міндетін қойды [1] .

Қатты бидай дәнінің ерекшелігі құрамында ақуыз 28-ке дейін болғанымен, жұмсақ бидайға қарағанда көтерілуі төмендеу, өте серіпелі, бірақ үзілгіш. Сондықтан қатты бидайдың дәнін макарон, жарма дайындауға пайдаланады. Қатты бидайдың өндірісте ең көп тарған түрі күздік түрі.

Негізіне көп таралған сорттары: күздіктерден- Одесская 66, Прогресс, Саратовская 4, Богарная 56, Безостая 1, Красноводопадская 210, Қарлығаш, Алматинская полукрликовая, жаздықтардан- Безенчукская 98, Интенсивная, Қазақстан, Целинная, Юбилейная, Қызыл бас, Дархан, және т. б., қара бидайдан- Саратовская4, Саратовская 5, Омка және т. б [2] .

Бидай астық тұқымдастарға жатады. Бір жылдық шөптесін өсімдік. Тамыры жүйесі топырақтың өңделген қабатында таралған шашақ тамыр, топырақ бетіндегі сабағы -сабан деп аталады. Сабан жұмыр, іші қуыс, буындармен бөлінген болып келеді. Буын аралықтары 5-6. Жапырағы сабаққа кезектесіп орналасқан жіңішке таспа тәрізді, оның өзі жапырақты берік ететін қынаптан және жапырақ тақтасынан тұрады. Гүл шоғыры- күрделі масақ. Жемісі әдетте дән деп аталатын, біртұқымды ұрықтас дәншік. Бидай және қара бидай дәні жалаңаш тұқымды топқа жатады, себебі астық бастырғанда гүл қабықшасы дәннен жеңіл бөлініп топанға кетеді.

Өсіп жетілуі мынадай кезеңдерден тұрады: көктеу, түптену, масақтану, гүлдену және дәннің сүттеніп, балауызданып, толық пісіп жетілуі. Өнімді жинау ауа райына, дақылдардың қаншалықты піскеніне байланысты.

Ал қатты бидай (күздік) шашылуға өте төзімді, бірақ орылмай тамырында ұзақ тұрып қалса масақ сынып кетуі мүмкін. Сондықтан егінді ору ең жауапты кезең. Қазақстанның солтүстік облыстарында негізінен егінді бөлептеп оруәдісін қолдануға байланысты, оның пісіп жетілуі сатысын дұрыс анықтауға үлкен мән береді. Егін жинауға дән балауызданып піскенде кіріскен жөн. Егін тым аласа, нашар шыққан жағдайда оны бөлептеп ормай, тікелей орған дұрыс.

Жауын-шашын дұрыс болған жылы күздік бидай жаздыққа қарағанда ерте піседі, ал күздік қара бидай болса бәрінен ерте піседі. Жауынды салқын күндері далалық дақылдардың пісуі созылып кетеді де егісті жинауға көп кедергі жасайды. Құрғақ, ыстық күнде де егін тез піседі. Әсіресе оңтүстік және батыс беткейге қарағанда егін тез піседі [3] .

Құмды және құмдақ топырақта, сазды ауыр топыраққа қарағанда егін тез піседі. Фосфор тыңайтқышы егіннің тез пісуіне жағдай жасайды, ал азот тыңайтқышы егіннің пісуін созады. Күздік қара бидай дестеде жатып нашар піседі, сондықтан оны оруды балауызданып пісу кезеңінің ортасынан бастап тез арада жинауды бітіреді. Жинаудың кезеңі созылып кетсе дәннің шашылып қалуынан ысырап көп болады.

Қазір республикамызда 21, 5 млн гектардан артық егіс егіледі. Осындай жетістіктерге қарамастан, астық өнімдері тамақ өнеркəсібіншикізатпен, мал шаруашылығын құрама жеммен қамтамасыз етуге əлі де жетіспейді. Сондықтан республикамыздың əлеуметтік жəне экономикалық дамуының негізгі бағыттарында егіс өнімін арттыруең басты бағыт деп есептеліп, əр адам басына жылына 1, 5 тоннаданастық өндіру міндетін алға қойып отыр. Сонда ғана Қазақстанда ұн, нан сияқты халық күнделікті пайдаланатын тағамдармен қатар, малазығына қажетті сапалы жем де жеткілікті болмақ [4] .

Астық құрғақ жағдайда өте ұзақ сақталады, əртүрлі пішіндіқамбаларға құюға жəне жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауғақолайлы, ыстықтан да, суықтан да қорықпайды. Міне, осыдан барыпбарлық жержүзіне кең тарап кеткен. Осындай маңызды ерекшеліктерінеқарай дүниежүзінің көптеген елдерінде егін шаруашылығын дамытуға, сапалы астықты мол өндіруге үлкен мəн беріледі.

Қазақстан астық өндіру жөнінде дүниежүзіндегі белгілі елдердіңқатарына жатады. Республикада астық шаруашылығын өркендетугебасты көңіл бөлініп, жыл сайын орташа есеппен өндірілетін астықтыңкөлемін 26, 5-28, 5 млн тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Ауа райықолайлы жылдары Қазақстанда астық өнімі 30-32 млн тоннаға дейінжетеді.

Зерттеудің мақсаты: Оңтүстік Қазақстан Облысы Ордабасы ауданында күздік бидайдың өсіру технологиясын зерттеу, осы топырақ-климаттық жағдайларында жоғары айтылған дақылдан сапалы өнім алуын зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

- Түр аралық будандардың вегетациялық кезеңіне сипаттамасы

- Күздік қара бидай өсімдігінің қыстап шығуы

- Оңтүстік Қазақстанның суармалы жағдайында күздік бидай сорт үлгілерінің өнімділігі

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ

1. 1 Күздік бидайды әртүрлі аймақтарда өсіру жағдайлары және топырақтың құрамына байланыстылығы

Дәнді дақылдар ең әуелі адамзаттың азық қоры болып табылады. Астық - жер шарындағы халықтың негізгі азық-түлігі. Сонымен қатар, дәнді дақылдар - өңдеу өнеркәсібінің шикізат қоры (сыра қайнату, спирт өндіру, крахмал т. б. ) .

Дүние жүзі егіншілігінде дәнді дақылдардың арасында бірінші орынды бидай алады. Оның егіс көлемі 220 млн. га, немесе жер шарындағы барлық дәнді дақылдардың 28, 9%. Дәнді дақылдардың ішінде күріш, жүгері, тары, арпа т. б. да маңызы зор. Астық өндірісін арттыру - біздің еліміздің ғана емес, бүкіл дүние жүзінің агроөнеркәсіптік құрамын дамытудағы басты проблема. Бұған халық қажетін азық-түлікпен қамтамасыз ету мен мал шаруашылығын дамыту тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасында дәнді дақылдардың 65% алты солтүстік облыстарында - Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Торғай және Целиноград облыстарында шоғырланған: орта есеппен 1986-1990 жылдарда ол 15 млн. га болды [5] .

Қазақстанның солтүстік облыстарында 1986-1990 жылдары орта есеппен астықтың жалпы түсімі 15, 3 млн. тн, ал өнімі әр гектардан 9, 9 цн болды [5] .

Бидай дәнінің сапасын сипаттайтын маңызды көрсеткішке белок мөлшері мен дән уызы (клейковина) жатады. Бұл көрсеткіштер бидайдың пайалану сипатын анықтайды.

Өңдеу (өндіру) өнеркәсібі мен экспорт үшін күшті және қатты бидай сорттары жоғары бағаланады. Күшті бидайға белогі мен дән уызы мол жұмсақ бидай жатады.

Жұмсақ бидай сорттары ұн мен нанның сапасын анықтайтын жинақты көрсеткіш - ұнның «күшіне» қарай күшті, орташа және осал (әлсіз ) болып үш топқа бөлінеді.

Күшті бидай белогының көптігі, уызының жиырымдылығы және созылымдылығы жағынан көзге түседі. Мұндай ұнан пісірілген нан көмпиіп тұрады, түрі өте ұнамды, бүйір қабығы жұқа немесе тор көзді, жұмсақ, созылмалы келеді, сондай-ақ өте дәмді, сүйкімді иісі болады. Сонымен қатар күшті бидайдың байытушылық қасиеті бар: осал бидайдың ұнына аздап күшті бидайдың ұнын қосқанда одан шығатын нанның сапасы анағұрлым жақсарады. Күшті бидай ең таңдаулы бидай болып саналады, сондықтан ішкі және халықаралық нарықта оған деген сұраныс жоғары [6] .

Орташа нандық күші (қуаты), бар бидай, басқаша айтқанда филлер, ешқандай қоспасыз-ақ жақсы сапалы нан береді. Оған жататын сорттар белогының мөлшері орташа, уызының жиырымдылығы біршама төмен, сондай-ақ қамырының ашытылған кездегі ферменттік тұрақтылығы да төмендеу болады. Мұндай сорттар осал бидайдың нандық қасиетін жақсартуға қабілетті емес.

Осал (әлсіз) бидайдың белогы шамалы, дән уызының жиырымдылығы өте әлсіз болады. Сондықтан нан сапасының көрсеткіштері төмен болады. Осал бидай нанының сапасын жақсарту үшін міндетті түрде күшті бидай ұнын қосады.

Жақсы қатты бидай астығы жоғары сапалы макарон өндіруге таптырмайтын шикізат болып табылады. Жұмсақ бидай ұнынан макарон өнімдерін жасауға болады, бірақ олар өзінің пішінін сақтай алмайды, омырылғыш, піскен кезде жабысқақ келеді де тиімсіз түске өнеді. Сары-янтарлы немесе лимон тәрізді сарғыш түсті макарон өте жоғары сапалы деп есептеледі. Мұндай түс каротиноид пигментіне байланысты, ал оның мөлшері жұмсақ бидайға қарағанда қатты бидайда орта есеппен екі есе көп [7] .

Жақсы макарон өнімдері мынадай талаптарға сай болуы қажет: қамыры тығыз жабыспалы, қалыпқа салғанда жеткілікті дәрежеде механакалық берік және пішінді. Бұл қасиеттердің барлығы жоғары сапалы қатты бидай өнімдерінен дайындалған қамырға тән. Қатты бидай жоғары сапалы ұнтақ жармасын өндіретш шикізат болып табылады. Қатты бидай дәнін диірменге тартқанда қырлы ұн бөліктері бірыңғай масса болып түзіледі; ұн клеткалары қатты, бірақ нәзік келеді, ал жұмсақ бидайда олар борпылдақ әрі ұсақ саңылаулары болады. Дән уызының мөлшері мен оның сапасы да үлкен рөл атқарады. Қатты бидайдың дән уызы «қысқа» серпімді болып келеді, сондықтан оның ұнынан пісірілген нанның көлемі аз, тор көзділігі нашар болады. Газ ұстау қабілетінің төмендігінен қатты бидайдың нандық сапасы жұмсақ бидайға қарағанда төмен [8] .

Класты астықта кем дегенде 22-28% дән уызы болуға тиіс және екінші топтан төмен болмау керек, көлемдік масса 770 г/л және одан да жоғары болады, бидай дәнінің басқа типтері 10-15% аспайды және астық қоспасы 15% аспауға тиіс класты бидайдың барлығында дәннің түсі тиісті тип пен подтиптің түсіне сәйкес келуі керек: астық аурудан, қызып кетуден аман болуға, нақты сортқа тән түсі мен қалыпты иісі сақталуға тиіс.

Күздік дақылдар өзінің биологиялық ерекшеліктеріне қарай күзгі, қысқы және көктемгі кезеңдердегі ылғал қорын тиімді пайдаланса, жаздық дақылдарға қарағанда өнімді көп береді. Топырағы құнарлы, ылғал мөлшері көп түсетін таулы аймақтарда күздік дәнді дақылдардан жыл сайын тұрақты мол өнім алып отыруға болады.

1. 2 Бидайдың морфологиясы және химиялық құрамы

Бидайды астық тектес өсімдіктеріне, Гордеум тұқымына жатқызады. Екі және алты қатарлылары болады. Қарабидай - бидайдан кейінгі маңызды астық дақылы болып есептелінеді. Ұндық-нандық сапасы бойынша, ол тек бидайға ғана орын бергенімен, нанының калориялығы одан кем емес, тіпті кейбір дәрумендер (рибофлавин) мөлшері артық. Қарабидай дәнін крахмал мен спирт алуға, ұнын нан дайындауға, ұн қалдықтарын малға концентратталған жем ретінде пайдаланады. Дәнінің құрғақ затында орташа 12, 8% ақуыз, 80, 9% көмірсулар болса, қалған заттар мөлшері бойынша бидайдан айырмашылығы шамалы. Қарабидай дәнінің коректік құндылығы мен химиялық құрамы бойынша арпадан айырмасы жоқ, бірақ оның органикалық заттары жақсы қорытылады.

Әдетте малазықтық мақсаттарға стандартты емес, ұсақ, семіз дәндері пайдаланылады. Ондапротеин (орташа П-13%-дың орнына 15 % дейін) және жасунық (орташа 2 %-дың орнына 4 % жуық) біршама көбірек; азотсыз экстракталы заттар аз. Қарабидай дәніндегі азотты заттар көбіне ақуыздық сипатта, ал азотсыз экстрактивтілер негізінен крахмалдан тұрады. Дәні басқа азықтармен қоспаланып пайдаланылады. Малдардың барлық түрлері үшін дәндерді үнтақталған, не-месе түйіртпектелген түрде беру керек. Қарабидайдың көк балаусасы өсіп-жетілуініңтек қанаерте фазаларында жақсы жем, кейін ол қатайып кетеді. Тіпті онда ақуыздың мөлшері мен азықтың желінуі 2 есеге төмендейді. Өсімдіктің өсіп-жетілу фазалары бойынша, көк балаусаның химиялық құрамы (құрғақзатқа) : түтіктену фазасында протеин 16, 2%, жасуның 28, 6 %; масақтануда - сәйкес 11, 6; 6, 3; 29, 2. Қарабидайдың 100 кг шөбінде 17 малазықтық өлшем және 4, 5 кг қорытылатын протеин болады.

Қарабидай сабаны малға қатты азық пен төсеніш, сондай-ақ ол жоғары сапалы қағаз, себет, бас киім және құрылыс материалдарын жасау үшін қолданылады [9, 10] .

Күздік қарабидай көп түптенуі мен тез өсуінің арқасында арам шөптерді жақсы түншықтырып басып тастайтындықтан, көптеген ауыл шаруашылығы дақылдары үшін ең жақсы алғы дақылдардың бірі.

Масақтануға дейін орылған қарабидай гектарына орташа 80-150 ц көк балаусаөнімін береді. Дән өнімі - 18-20 ц.

Екі қатарлы бидай, негізі, жаздық, ал алтықатарлы - жаздық және күзгі. Бидай сорттарында дәннің қабаты өте жіңішке, крахмалдың мөлшері жоғары, ал ақуыздардың мөлшері төмен.

Бидай дәні тұқымнан 2, эндосперм (ұнды дене) 6 және қабаттардан 8, 9 тұрады.

Тұқым дәннің төменгі бөлігінде орналасқан. Ол тұқымдық жапырақ-бүршіктен 3 және тұқымдық тамыршадан 1 тұрады. Тұқым дәннің, өнуіне жауапты, ең негізгі бөлігі болып саналады. Эндоспермнен тұқым қалқаншамен 5 ажыратылған, оның жасушасы арқылы өну барысында қоректік заттар беріледі. Эндосперм - дәннің ұнды бөлігі. Ол, крахмал мен ақуыздармен толтырылған, ірі жасушалардан тұрады. Жасушаның жіңішке қабаты гемицеллюлозадан тұрады. Эндоспермнің сыртқы бөлігі алейрон қабаты 7 болып саналады, ол, құрамында ақуыздар мен майлары бар, қалыңқабырғалы жасушалардың үш қабаттарынан тұрады. Тұқымға жақындаған сайын қабаттың қалыңдығы азаяды, ал тұқымның тұсында алейрон қабаты жойылады. Тұқым тұсындағы эндосперм жасушасында крахмал болмайды, себебі дәнді пісу және сақтау барысында ол шығындалған. Өну барысында осы қабатта ферменттердің көп бөлігі түзіледі.

Қабаттар. Дән дақылы қабаттармен қоршалған, олар мына рет бойынша орналасқан: сыртқы - гүл қабыршағы 9, оның астында жемісті, кейін дәнді қабыршақтар 8 орналасқан. Егер гүл қабыршақтары эндосперммен жабысса, онда осындай бидайды қабыршақты, егер жабыспаса, онда таза дәнді деп атайды. Қырманда өңдеу барысында таза дәнді бидай қабыршағы ажыратылады. Бидай қабаттары дәнді зақымдалудан сақтап, ішке су сіңіреді, бірақ тұздарды ұстап қалады. Олардың құрамында целлюлозаның мөлшері жоғары, сыра өндірісінде оның маңыздылығы жоқ. Қабаттар құрамындағы кейбір заттар (полифенолды, азотты, ащы заттар, липидтер, кремний қышқылы) сыраның сапасына әсер етеді [11] .

Дәннің химиялық құрамы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гүлді өсімдіктер
Бидай және оның жалпы сипаттамасы
Гүлшоғы
Гүлдің құрылысы және оның қызметі
Бидайдың сапасын зерттеу
Астық тұқымдастарына сипаттама
Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері туралы ақпарат
Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері
Ботаника емтихан билеттері
Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz