Ауыспалы егістегі қауынның орны


Сарыағаш ауданы жағдайында қауын шыбынына қарсы жүргізілетін күрес шаралары
МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР
Тұқымның өнгіштігі - белгілі бір жағдайда тұқымның өніп шығу қасиеті.
Тыңайтқыштың әсерлі заты - тыңайтқыш құрамындағы өсімдік сіңіре алатын элемент мөлшері.
Фенология - табиғаттағы маусымдық құбылысты және оның ауа райы ерекшелігімен байланысын зерттейтін ғылым саласы.
Белгі - өсімдік құрылымының шаруашылықта пайдалы және тиісті
құралдармен өлшенетін немесе көріп бағаланатын нақты сипаты.
Дақыл - белгілі бір мақсатта пайдалану үшін мәдени егісте өсірілетін өсімдік түрі.
Сорт - белгілі бір дақылдың тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда
өсіру үшін өнім мөлшері мен сапасын арттыру мақсатында селекциялық жолмен сұрыпталған және тұқымы жүйелі көбейтілген, шығу тегі бойынша туыстас және морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша ұқсас өсімдіктерінің тобы.
Технология - нақты топырақ-климат жағдайында тиімді мөлшерде және сапалы өнім алу мақсатында арнайы ғылыми-зерттеу нәтижесінде әзірленген белгілі бір дақылды өсіру тәсілдерінің жиынтығы.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
Дипломдық жұмыста төмендегідей белгілер мен қысқартылған сөздер пайдаланылды:
ж. ж. - жылдар
ж. б. - және басқалар
т. б. - тағы басқа
ц/га - 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері
см - сантиметр
% - пайыз
м - метр
ц - центнер
АШҒЗИ - ауыл шаруашылығы ғылыми -зерттеу институты
г/см 3 - 1 куб сантиметрдегі грамм есебі
< - кіші
> - үлкен
ҒЗИ - ғылыми-зерттеу институты
млрд. - милиард
P - фосфор
N - азот
кг/га - 1 гектарда килограмм есебі
ә. е. з. - әсер етуші зат
с. е. - су ерітінді
э. к. - эмульсиялы концентрат
с. д. т. - суға дайындалған түйіршік
т. с. с. - тағы сол сияқты
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ -климаттық жағдайы бақша дақылдарын өсіру үшін қолайлы экономикалық секторын реформалау кезеңдерінде бақша дақылдарын өсіру алаңы 2, 0 еседен аса ұлғайды және 2014-2015 жылдары 32, 3-38, 7 мың гектарға тұрақталды. Бақша дақылдарының өнімділігі мен сапасының төмендеуіне негізгі себептер зиянкестердің көбеюуі және соңғы жылдары пайда болған карантинді зиянкес қауын шабыны белең алуда.
Бақша дақылы қауынды шеберлікпен өсірсе жоғары өнім береді. Алайда, ұсақ шаруашылық жағдайларында оларды өсіру технологиясының бұзылуына байланысты өнімнің өнімділігі мен сапасы төмендеді.
Шағын және орта шаруашылықтарда және агроқұрылымның әртүрлі формаларында қауын өсіру технологиясының бұзылуымен бақша дақылы егістігінің фитосанитарлық жағдайы нашарлады. Бұл жағдай өнімнің тауарлық сапасын нашарлатып, нарық жағдайында бәсекеге қабілеттілігін төмендеуде.
Соңғы 2-3 жылда бақша дақылдарын, әсіресе қауын егіс алқабы зиянкестерден қорғау мәселесі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында жүйелі инсектицидтерді пайдаланып зерттеулер жүргізілмеген. Облысымыздың бақша егістігінде өсіріп бапталатын аудандарда кәдуілгі қара қоңыздарға: құмдық opatrum sabulosum L., жүгері Pedinus femoralis L., кішкене Dasus pusillus F., далалық Blaps halophila F. -W/, кең кеуделі В. lethifera Marsh, және домалақ Pimelia subglobosa Pall, жатады. Олардың өсіп дамуы 1-2 жыл бойы жалғасады. Оңтүстік Қазақстан - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөнінен республикадағы ең ірі өңірдің бірі. Мұнда шаруашылықтардың табысының негізгі көзі болып табылатын мақта егістігі шоғырланғандығы белгілі. Дегенмен де соңғы жылдары өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға байланысты бақша дақылдарының егіс көлемі өсіп, ол өткен жылы республикамыз бойынша 87, 7 мың гектарды құраса, соның 45, 3 мың гектары Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Яғни жалпы бақша дақылдары егістік көлемінің 55 пайызынан жоғары бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Бірақ өткен жылы қауын егістіктерінде, жалпы оңтүстік аймақтарда бұрын-соңды кездеспеген «қауын шыбыны» зиянкесі пайда болып, қиыншылық туындатты. Нақты айтқанда зиянкестер алқаптардағы қауындарды тесіп, жарамсыз жағдайға жеткізді.
Қауын шыбыны қандай зиянкес, қайдан келген, зияндылығы қандай және онымен күрес шараларын диқандардың басым көпшілігі білмеді. Кейбір диқандар зиянкесті ажырата алмады да. Сөйтіп осы жағдайлар қауын шыбынының зияндылығын арттырды. Сарыағаш ауданы жағдайында қауын шыбыны 2009 жылы пайда бола бастаған алайда бастапқыда ешкім елемеген.
Жалпы зиянкестің географиялық таралу аймағы Еуропада Ресей, Әзірбайжан, Армения, Грузия мемлекеттері, ал Азияда Үндістан, Палестина, Солтүстік Иран, Ирак, Израиль, Ауғанстан және Өзбекстан мемлекеттері болып табылады.
Қауын шыбыны облысымызда бірінші рет Түркістан, Отырар, Сарыағаш аудандарында кездескен. Жалпы, бұл шыбын Сарыағаш ауданында бүгінгі таңда 600 гектардан астам жерде таралған. Ол Өзбекстанның барлық жерінде бұрыннан бар десек қателеспейміз. Негізінде қауын шыбыны Өзбекстан жағынан келген болуы мүмкін. Қауын шыбынына қарсы күресті тек арнайы мамандар химиялық әдіспен жүргізеді. Оған өзге жәндіктер секілді қарапайым шараларды қолдануға болмайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл дипломдық жұмыста алғаш рет Сарыағаш ауданы жағдайында қауын шыбының таралуы мен санына есеп жүргізу. Зиянкеспен күресуде химиялық тәсілдің тиімділігін анықтау.
Бұл мәселені жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қойылды:
- қауын шыбынының таралуы мен санына есеп жүргізу;
- егіс алқаптағы қауын шыбының зияндылық шегін анықтау;
- пайдаланған жаңа жүйелі инсектицидтің биологиялық және шаруашылық тиімділігін анықтау;
- қауын шыбынына қарсы қолданылған улы химикаттардың тиімділігін экономикалық тұрғыда бағалау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы Сарыағаш ауданы жағдайында қауын шыбынының санына есеп жүргізіліп, зияндылық шегі анықталды. Зиянкеспен күресуде жаңа жүйелі инсектицидтерді пайдаланып олардың тиімділігі шаруашылық және экологиялық тұрғыда тұжырымдалды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер:
- қауын шыбынына қарсы химиялық күрес жүргізуге байланысты дақылдың тұрақты өнім қалыптастыру ерекшеліктері;
- қауын өсіруде зиянкеске қарсы химиялық іс-шараны пайдалануға байланысты өнім құрылымы мен оның сапалылық көрсеткіштері.
І. АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Қазақстанның оңтүстік өңірінде қауын өсірудің тиімділігі
Қауынның негізгі өсірілетін аймағы Қазакстанның оңтүстігі болып табылады. Республикада бақша дақылдарының ішінде үлес салмағының басым бөлігін қауын иелейді - 60-80%. Қауынның негізгі өндірушілері және Қазақстанның ішкі және сыртқы нарығына жеткізушілері - Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстарыИ. Умбетаев [1] .
Қауынның ең жаксы сорттарында қанттың мөлшері 12-І4 %-ды, ал жеке жагдайларда- 18 %-ды құрайды. Қанттардың ішінде ең көп мөлшерін сахароза, содан соң глюкоза және фруктоза иелейді. Қауындарда көп болмаған мөлшерде В ( В 2 , В 6 , P3 J , Н (биотин) дәрумендеріне ие және едәуір көп мөлшерде С дәрумені кездеседі - еуропалық және АҚШ қауындарында оның мөлшері 3, 4-9, 8 мг% болса, біздің қауындарда ол - 10, 0-26, 0 мг% мөлшерінде кездеседі. Балашов Н. Н., Зееман Г. О1978 ж [2] .
Қауын жемісін жаңа үзілген күйінде пайдаланады, қүрғатады, тосап, цукаттар, мармелад, повидло, бекмес, қауын балы дайындалады. Қазіргі кезде қауын ассортименті көп емес, жергілікті және еуропалық түрлері қолданылады Балашов Н. Н., Зееман Г. О1978 ж [2] .
Әлемдік қауын өндірісі шамамен 14 млн. тоннаны, орташа өнімділік 15, 0т/га құрайды. Жалпы өнім бойыпша Қытай бірінші орынды иелейді (2, 5 млн. т) . Иран, Мысыр және Румыния жылына 0, 5 млн. т қауын өндіреді және артығын Батые Еуропаға экспорттайды. ТМД елдерінің жылдық қауын өндірісі шамамен 0, 5 млн. т., ал АҚШ-та 0, 8 млн. тоннаны құрайды. Қазіргі кезде кауын Украинаның және Ресейдің оңтүстік облыстарында, Өзбекстанда, Түркменстанда, Қазақстанда т. б. аймақтарда өсіріледіКруживин А. С. [3] .
Қауынның негізгі келіп шығу орталығы Орталық және тропикалық Азия, Ауғанстан және Иран елдері болып табылады. Кейбір түрлері Қытайдан және Тропикалық Африкадан келіп шыққан. Бүгінгі таңдағы кауынның таралу аймағы пайда болуының 4 облысын қамтиды: Кіші және Орта Азия, Қытай және Еуропаның бір бөліғі. Соңғы жылдары қауын Оңтүстік Еуропа елдерінде, Жерорта теңізі жағалауы мен араб елдерінде де өсірілуде. Олар Латын және Солтүстік Америкасында көп мөлшерде егілетін асқабақты ығыстырып, сол елдерге енудеМ. А. Эрвальд [4] . .
Европада бақша дақылдарын тағам ретінде ХVIII ғасырдан бері қолдана бастады. Оны майға қуырып, суға қайнатып пайдаланды. Қауында қоректік заттар аз болғанымен ол жоғары дәмділігі мен ерекшеленеді Доденей В. К [5] .
Бақша дақылы жемісінде қант және микроэлементтер көптеп кездеседі. Бақша дақылдарын консервілеу өнеркәсібінде кеңінен пайдаланып, тұздап қысқа сақтайды. Қайнатылған бақша жемісінің шырыны өте бағалы саналады Рогачева В. И. 1956ж [6] .
Бақша дақылы жемісіндегі шырын құрамында глюкоза, сахароза, фруктоза көптеп кездеседі. Сонымен қатар аскарбин қышқылы мен крахмал кездесетіні анықталды Круживин А. С. [7] .
Бақша дақылдарының ішінде қауын ылғал сүйгіштігімен ерекшеленеді. Дақылдың жылуға қатынасы қолайлы температура 25-30 0 С, ал топырақ ылғалдылығы даму кезеңінде 85-90%
Бақша дақылы көктерінің алғашқы даму кезеңінде температураның төмендеуі едәуір ықпал етіп, жақсы жетілмейді. Сондықтан да бақша дақылдары жылу сүйгіш өсімдік екені анықталды В. М. Богатов [8] . Даму кезеңінде қажет ететін активті температура 3000 0 С жоғары. Қауынның жарыққа қатынасы қыскүндік өсімдік екені байқалды. Егер көлеңкелі жерде өсірілген жағдайда өсімдік жеміс түзбейді В. М. Богатов [8] .
Бақша дақылдары жеңіл құмдақ құнарлы топырақтарда жақсы өсіп жетіледі. Ал саздақ ауыр топырақтарда өсірілген жағдайда жүйек арасын қопсытуды талап етеді А. М. Филов [9] .
Бақша егістігінен жоғары сапалы өнім алу үшін топырақ құнарлығы жоғары болып және үстеп қоректендірілуі тиіс. Даму кезеңінде дақылға қажетті ылғал мөлшері жетіспеген жағдайда бітеу гүлдерімен гүлдері ерте қурап түседі. Сондай-ақ жемістері майдаланып деформацияға ұшырайды, дақылдың пісу мерзімі кешігіп өнімділік азаяды Е. О. Шаталов [8] .
Бқаша дақылдакрының тұқымдарын егуден алдын топырақ саңырқұлақтарына қарсы фунгицидтермен өңдеу қажет. Мәселен, ТМТД фунгицидін 1кг дәнге 4грамм шамасында өңдеген жағдайда көктерінің өнгіштігі жоғарлап, біркелкі шығуына ықпал етеді И. К. Бамберг [10] .
Топырақтың тұқым енгізілетін тереңдік температурасы +10 0 С жоғары болғанда себу жұмыстарын жүргізу, өскіндерінің жақсы жетілуіне жағдай туғызады И. О. Богатов [8] .
Көктемгі жауын-шашынның көп болуы және ауа-райының салқындауы қауын тамырларының шіруіне әкеледі. Сондықтан да егілетін тұқымдарды себуден алдын (бір апта) өңдеу қажет Н. Соловьев [11] .
Бақша дақылдары біркелкі көшеттерін алу үшін Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында жылыжайда тұқымдарды себу мерзімі наурыз айының бірінші онкүндігі. Ал егер тұқымды себу мерзімінен кешіктіру даму кезеңін ұзартып, өнімділікті төмендетеді Р. Кружинин [12] .
Көшет өсіру үшін дайындалатын топырақ құрамы мұқият зерттеліп анықталуы тиіс. Топырақ бөлігінің бірі қарашірік, бір бөлігі топырақ, ал алтыдан бір бөлігіне құм араластырады Г. Т. Каменнов [13] .
Асханалық қауынның жемісі - құнды тағамдык және диеталық өнім болып, құрамында қант (16-18%), С дәрумені (60 мг%), каротин, пектин заттары, минералды тұздар бар. Жемісін жаңа үзілген түрінде, кептірілген түрінде пайдала-нылады, сондай-ақ тосап, цукат, мармелад, бекмес (қауын балы) ж. т. б. тәттілер дайындалады. Суармалы жерлерде өнімділігі (Орта Азия) 300-400 ц/га, тәлімі жерлерде (Волга жағалауы, Украина ж. т. б. елдерде) 1 гектардан 200 центнерге дейін өнім алынадыБалашов Н. Н., Зееман Г. О1978 ж [2] .
Бақша дақылдарын суару мерзімі топырақтағы ылғал мөлшеріне байланысты. Көшеттерді отырғызу мерзімінде топырақтағы ылғал мөшері 85-90%, ал алғашқы жеміс түзілу кезеңіне дейін топырақтағы ылғал 75%, сондай-ақ жемістің түзілу кезеңінде 85-90% болып, пісу кезеңінде топырақтағы ылғал көлемі 75% дейін төмендегені дұрысКуликов М. Ф. [14] .
1. 2 Қауын шыбынымен күресудің тиімді шаралары
Ауылшаруашылық зиянкестерімен химиялық және биологиялық күресу, сондай-ақ басқа да мелиоративтік жэне агротехникалық жұмыстар ауыспалы алқаптардың аймақтық ерекшеліктерін, топырақ құнарлылығын, егіс жағдайын, қауынның жоспарланған өнімділігін есепке ала отырып уақтылы және сапалы жүргізілуі керекИ. Умбетаев [1] .
Егістіктегі қауын шыбына қарсы химиялық күресуде Карбофос 0, 5-0, 7 л/га; Вертимек, 018 к. э. 0, 3 л/га қолданған тиімді деп тұжырымдайды Т. Джамбаев[15] . Қауын шыбынына қарсы зияндылық шегі төмен жағдайда, энтомофагтарды афидимизаның жабайы галлицаларын жіберу тиімді И. Умбетаев [1] . Асқабақ тұқымдас дақылдар өсірілген барлық алқаптарда
өсімдік қалдықтарын тазарту, артынан терең сүдігер жырту негізгі агротехникалық шара деп тұжырымдайды Балашов Н. Н., Зееман Г. О1978 ж [2] . Бақшадақылдары өсірілген алқаптыңайналасындагы 100
м радиустағы аумақты арамшөптерден тазарту қажет деп есептейді Т. Джамбаев[15] . Зиянкестерге қарсы күресу тиімділігінің негізгі шарты. Ауыспалы егісті алып баруға ерекше назар аударылады. Ауыспалы егісте бакша дакылдарын алдыңғы өсіріп бапталған алқапқа кемінде бес жылдан кейін қайта оралуға болады. Ауыстырмай бір дақыл егіле берген алкаптарда өсімдіктер көптеген зиянкестермен жэне аурулармен зақымдалады, ең алдымен қауын шыбыны зақымдайдыБешанов А. В. 16] . Бақша дақылдарының егісіне ауыр сазды топырақты жерлерді пайдалану ұсынылмайды, өйткені мұндай жерлерде өсімдіктер фузариозды солу, жасыл дақтылық жэне вирустық ауруларына жиі шалдығады. Зиянкестерге карсы күресу тиімді шараларының бірі терең сүдігер жырту (35-37 см) болып табылады. Терең сүдігер жырту топырақтын, үстіңгі қабатында жайласкан зиянкестер мен ауру қоздырғыштардың жойылуына жағдай жасайдыТ. Джамбаев[15] . Минералды және органикалық тыңайтқыштарды ұсынылған мөлшерлерде енгізу мыкты және ауруларға төзімді өсімдіктер түзілуіне жағдай жасайды. Минералды, соның ішінде калий және азот санының біршама азаюына жағдай жасайды. Фосфор-калий тыңайтқыштарын және шіріген көңді енгізгеннен кейін өсімдіктердің антракноз ауруына карсы тұру қабілетіарта түседі[16] . Бақша дақылдарының тамыр шірігінің тараған жағдайында көңді тыңайтқыш ретінде қолдану ұсынылмайды. Фузариозды солу ауруынан келетін шығынды азайту үшін өсімдіктерді қүс саңғырығы және күл қоспасымен қоректендіруқажет. Фузариозға карсы күресу үшін егісті құрамындатемір және бор (0, 05% ерітінді), мырыш, марганец, мыс (0, 1% ерітінді) элементтері бар микро тыңайтқыштармен коректендіру қажет[17] .
Бақша дақылдарының ауруларының басым көпшілігі тұқым арқылы жұғады. Тұқымдарды күн сәулесінде немесе басқаша эдістермен қыздыру ауру қоздыргыштар санын едәуір азайтуга мүмкіндік береді. Күн сәулесінде қыздырғаннан кейінтұқымдарды микро тыңайтқыштардың тұз еріткішпен өндеу бақша дақылдарының ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Бор, мыс, марганец сияқты микро элементтер 0, 02 %-дық ерітінді түрінде қолданылады, өйткені ол өсімдіктердің антракноз ауруына шалдығуын төмендетуге жағдай жасайды. Қауынның фузариозды солу ауруына шалдығуына карсы күресу үшін тұқымдарды темір мен бордың 0, 025%-дық тұз ерітінділерінде және мырыш, марганец, мыстын, 0, 5%дық ерітіндісінде жібітіп қою тиімді болады. Бақша дақылдарының өскіндері мен жас өсімдіктерінің ауруға шалдыгуын төмендетуде егісті оңтайлы мерзімдерде жүргізудің маңызы зор. Тұқымдардың өніп шығу және өскіндердің өсіп даму кезеңдерінде төмен температура және топырақтың жоғары ылғалдылығы тұқымдардың көгеріп кетуіне, өскіндердің кеш шығуына, фузариозға қарсы тұра алмайтын әлсіз өскіндер пайда болуына алып келеді. [18] .
Инфекцияның азаюында және егістегі өсімдіктердің өсіп дамуын күшейтуде ұқыптап күтіп баптаудың, ең алдымен арамшөптерді жоюдың маңызы зор. Арамшөптер ылғалдың және топырақтағы қоректік заттардың қорын азайтады, топырақ кабаттарындагы ауа алмасуды қиындатады. Ылғал мол болған жылдары суармалы бақша өсірілетін аудандардың арамшөптермен ластануы антракноз ауруының дамуына жағдай жасайды[19] .
Арамшөптер көптеген ауру түрлерінің, әсіресе вирустык аурулардың ошағы болып табылады, сондай-ақ өсімдіктерге зиян келтіретін және вирустық аурулардың жұқтырушысы болып табылатын сымқұрт, зауза қоңыз, сабақ жегі көбелек. шабындық көбелек, бақша биті сияқты зиянкестердің таралуына жағдай жасайды. Фузариоз ауруына шалдыгу әсіресе калуен, шырмауық және басқа да арамшөптер өскен алқаптарда жиі анықталады[20] .
Мөлшерден артық суару бакша дақылдарының өсіп дамуына жағдай жасаумен бір уақытта зиянкестердің және аурулардың таралуына да жол ашып береді. Коп кайтара суару, әсіресе ауыр және кебуі қиын жерлерде өсімдіктердің антракноз ауруынан қырылып қалуына алып келеді[21] .
Топырақтың шектен тыс жоғары ылғалдылығы сымкұрттардың, тамыр шірігінін, фузариоздың ж. т. б. зиянды әсерін күшейте түседі. Бақша дақылдарының егісінде жалпы және міндетті агротехникалық шара - аурулар мен зиянкестердің ошағы болған шіріген қалдықтарды жою болып табылады. Түрлі ауруларға және зиянкестерге төзімді сорттарды тандаудың маңызы үлкен. Бақша дакылдарының аурулар мен зиянкестерге толық төзімділік қабілетіне ие сорттары әлі шығарылмаған. Eгіс үшін тұқымдарды бақша дақылдарының сау алқаптарынан және зақым келмеген сау жемістерінен жинап алу керек. Жабық жерде өсірілген жағдайда тамыр шірігі, жалған ақұнтақ жәнебасқа да аурулардың дамуын болдырмау үшін егістің орналасу жиілігі тығыз болмау қажет[1] .
Бақша дакылдарының зиянкестері мен ауруларына қарсы күресудің химиялық әдістері тұқымды дәрілеуден басталады, оны егістен 1-2 ай бұрын жүргізеді. Күздік жэне егістік көбелегімен қарсы күресу үшін вегетация кезеңінде Шерпа, 25% к. э. препаратымен бүрку керек (бүрку мөлшері - 0, 24-0, 32 л/га) . Жиын-терімнен 20 күн бұрын бір бүрку жүргізіледі. Көбелектерге қарсы сондай-ак Децис, 2, 5% к. э. (бүрку мөлшері -- 0, 25-0, 5 л/га) препараты да қолданылады. Бұл препаратпен өсімдіктерді өскіи алу кезеңіндебүрку керек. ауруына шалдығуна қарсы Байлетон, 25% с. п. препаратымен өндеу ұсынылады (қолдану мөлшері - 0, 3-0, 4 кг/га, 0, 05%-дықерітінді) . Бүрку үш ретжүргізіледі, ең соңғысы өнім жиын-терімінен20 күн бұрын жүргізіледі. Қарбыз жэне кауын егісінің ак ұнтақ ауруына қарсы Каратан ФМ 57, 18, 25% с. п. препараты да колданылады (0, 1%-дықерітінді, қолдану мелшері - 0, 8-1 кг/га) . Бүрку үшрет жүргізіледі, ең соңғысы өнім жиын-терімінен 20 күн бұрын жүргізіледі[1] .
Егісті шектен тыс көп суару топырақтың қатайып өсімдіктің ауруға шалдығуына әкеледі және дамуы тежеледі. Нәтижесінде өсімдік жақсы өнім түзбейді С. И. Мулаева [14] .
Бақша дақылдарын өсіруде зиянкестермен күресу мақсатында инсектицидтерді қолдануды жан-жақты, терең зерттеулерді Бешанов А. В. жүргізді[16] . Сынақ үшін олар негізінен Россия өндіретін улы химикаттарды қолданды және олардың көпшілігі қазіргі уақытта өндірістен шығып қалған. Көп салалы, көпжылдық экспериментальды мәліметтер Қазақ ҒЗИ ғалымдарының егістіктердегі томат, қырыққабат, қияр және басқа ауылшаруашылық дақылдарын қорғауға, арамшөптермен күресуінде кездеседі [22] .
Әдебиетке шолу барысында көптеген ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып әр аймақтың топырақ-климаттық ерекшеліктеріне байланысты ауыспалы егіс жүйесін қалыптастыруда, егісті зиянкестерден қорғаудың маңыздылығы ескерілуі тиіс, егістегі қауын шыбынының биологиялық өзгешелігін ескере отырып, тиімді химиялық және агротехникалық шараларды пайдалану бүгінгі нарықтық бәсекелестік жағдайда басым бағытқа ие екенін байқадық. Демек, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы жағдайынданының суармалы жерлерінде қауын шыбынынан егісті қорғаудың химиялық тәсілін қолданудың тиімді үлгісін жасау осы дипломдық жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz