Ноқат топырақтан қоректік заттарды мол алатын дақыл


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

АННОТАЦИЯ

Дипломдық жұмыста кіріспе, негізгі бөлімдер, қорытынды, қолданылған әдебиеттер келтірілген. Жұмыс негізінен алты бөлімнен тұрады: аналитикалық шолу, ғылыми зерттеу бөлімі, тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, экономикалық, бизнес жоспар бөлімдері. Аналитикалық бөлімінде жұмыстың тақырыбына сай әдебиетке шолу және жұмыстың өзектілігі, мақсаты және міндеттері баяндалады.

Тақырыптың өзектілігі: . Оңтүстік Қазақстанның тәлімі жерлерінде ноқат дақылынан мол өнім қалыптастыру үшін шаруашылықтың топырақ климаттық жағдайлары және өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері негізінде өсіру технологиясы жасалды. Бұл технология көптеген шаруашылық нысандарында пайдалануға болады.

Зерттеудің мақсаты: Оңтүстік Қазақстанның тәлімі аймағында ноқат өсіруде жоғарғы өнім алудың агротехнологиясын зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

- тәлімі аймақта ноқат дақылынан жоғары және сапасы мол өнім алуды анықтау:

- жерді өңдеу жұмыстарында, тыңайту, агрегаттық күйін жақсартуға, арамшөптерден жоюда тыңайту сапасын жоғарылатуда жұмыстарды анықтау:

- оңтүстік қазақстанның ауа-раына бақылау жасап тәлімі жердің құнарлылығын анықтау:

- тәлімі аймаққа тұқымның жарамдылық сапасын анықтау:

Дипломдық жұмыс 66 беттен тұрады. Кесте саны 21, Сурет 1, Пайдаланған әдебиеттер саны 70.

Дипломдық жұмыстың тіршілік қаіупсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінде зертханадағы жүргізілген жұмыстардың техника және экология қауіпсіздігі баяндалған. Экономикалық бөлімде жұмыстың экономикалық тиімділігі, қажетті қаражат мөлшері мен шығымдары есептелген. Бизнес жоспарлау бөлімінде кәсіпорынға сипаттама беріліп, оны жүзеге асыру тәуекелділігі баяндалған.

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы диплом жұмысында мына сілтемелер қолданылған:

СТ ҚР 1. 5-2004 Стандарттардың мазмұнына және өрнектелуіне, құрастырылуына жалпы талаптар.

МЕСТ 2. 102-68 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың түрлері мен жиынтығы.

МЕСТ 2. 104-68 ЕСКД. Негізгі жазбалар.

МЕСТ 2. 201-80 ЕСКД. Құрастырушы құжаттардың және бұйымдардың белгілері.

МЕСТ 2. 301-68 ЕСКД. Форматтар.

МЕСТ 2. 601-95 ЕСКД. Эксплуатациялық құжаттар.

МЕСТ 2. 304-81 ЕСКД. Сызудың шрифттары.

МЕСТ 2. 701-84 ЕСКД. Сызбалар және типтер. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЕСТ 2. 321-84 ЕСКД. Әріптік белгілеулер.

МК ҚР 04-2004 “Экономикалық қызметтің түрлері бойынша өнімнің классификаторы” (КПВЭД) .

СТ ОҚМУ 4. 02-2008. Университет стандарты. СМЖ құжаттарын дайындау, баяндау мен рәсімдеудің жалпы талаптары.

СТ ОҚМУ 7. 11-2008. Университет стандарты. Оқу-әдістемелік процесті басқару.

АНЫҚТАМАЛАР

Сорт - өнім түсімі мен өнім сапасын көтеру мақсатында тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда өсіру үшін сұрыпталған әрі көбейтілген мәдени өсімдіктердің шаруашылық-биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша ұқсас топтарын айтады.

Гибрид - ата-тегіне салыстырғанда өміршеңдігі, өнімділігі жоғары гибридтердің бірінші ұрпағы.

Будан - бұдан популяциясынан будандастыру және сұрыптау арқылы алынған сорттарды.

Линия - өсімдіктердің айқас тозаңдануы селекция ісіндегі бастапқы материал алудың көзі болып табылады

Сыртқы орта - тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта факторларының жиынтығы.

Қарашірік - құнарлықты анықтайтын топырақтың жоғарғы қабатындағы қара қоңыр түсті органикалық зат.

Дақыл - белгілі бір мақсатта пайдалану үшін екпе егісте өсірілетін өсімдік түрі.

Өскін - себілген тұқымнан белгілі бір уақытта жер бетіне өсіп шыққан өсімдік көгі.

Өсу кезеңі - өсімдік өскіндері жер бетіне шыққананнан бастап толық піскенге дейінгі аралық.

Фенология - табиғаттағы немесе екпе егістегі маусымдық өзгерістерін және оның ауа райы ерекшелігімен байланысын зерттейтін ғылым саласы.

Белгі - өсімдік құрылымың тиісті құралдармен өлшенетін немесе көріп бағаланатын нақты сипаты.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚазККШҒЗИ
-
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты
ҚазККШҒЗИ: ҚазККШҒЗИ
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты
ҚазККШҒЗИ: д.
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: дана
ҚазККШҒЗИ: NPK
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: азот, фосфор, калий
ҚазККШҒЗИ: NO
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: нитраттар
ҚазККШҒЗИ: ЕЖШД
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: ең жоғары шектеулі деңгей
ҚазККШҒЗИ: ШК
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: шектеулі концентрация
ҚазККШҒЗИ: Мем. ст.
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: мемлекеттік стандарт
ҚазККШҒЗИ: фбр
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: фотосинтетикалық белсенді радиация
ҚазККШҒЗИ: ҚР
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: Қазақстан Республикасы
ҚазККШҒЗИ: АШҒЗИ
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: Ауыл шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты
ҚазККШҒЗИ: ҒЗИ
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: ғылыми-зерттеу институты
ҚазККШҒЗИ: ж. ж.
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: жылдар
ҚазККШҒЗИ: ж. б.
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: және басқалар
ҚазККШҒЗИ: т. б.
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: тағы басқа
ҚазККШҒЗИ: га
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: гектар
ҚазККШҒЗИ: ц
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: центнер
ҚазККШҒЗИ: ц/га
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері
ҚазККШҒЗИ: г
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: грамм
ҚазККШҒЗИ: см
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: сантиметр
ҚазККШҒЗИ: %
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: пайыз
ҚазККШҒЗИ: м
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: метр
ҚазККШҒЗИ: м 2
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: шаршы метр
ҚазККШҒЗИ: P
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: фосфор
ҚазККШҒЗИ: N
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: Азот
ҚазККШҒЗИ: ә. е. з.
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: әсер етуші зат
ҚазККШҒЗИ: с. е.
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: су ерітінді
ҚазККШҒЗИ: э. к.
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: эмульсиялы концентрат
ҚазККШҒЗИ: тг
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: тенге
ҚазККШҒЗИ: тг/га
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: 1 гектарға жұмсалған тенге
ҚазККШҒЗИ: NРК
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: азот, фосфор, калий
ҚазККШҒЗИ: ц/га
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері
ҚазККШҒЗИ: г/см 3
-: -
Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты: 1 куб сантиметрдегі грамм есебі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
9
: 1.
КІРІСПЕ . . .: АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ . . .
9: 11
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .: Тәлімі аймақта ноқатқа минералды тыңайтқыштарды енгізу . . .
9: 11
: 1. 2
КІРІСПЕ . . .: Ноқаттың морфологиялық сипаттамасы . . .
9: 12
: 1. 3
КІРІСПЕ . . .: Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері . . .
9: 13
: 1. 4
КІРІСПЕ . . .: Шаруашылықтың топырақ, ауа-райы жағдайлары . . .
9: 15
: 1. 5
КІРІСПЕ . . .: Топырақ құнарлылылғын арттыру және ылғал қорын жинау . . .
9: 17
: 1. 6
КІРІСПЕ . . .: Ноқаттың ауыспалы егістегі орны . . .
9: 26
: 2
КІРІСПЕ . . .: ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . .
9: 27
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: Тұқым себу мерзімі, мөлшері және әдістері . . .
9: 27
: 2. 2
КІРІСПЕ . . .: Оңтүстік Қазақстан облысы ауа райының ерекшелігі . . .
9: 28
: 2. 3
КІРІСПЕ . . .: Топырақ және жер бедері өзгешеліктері . . .
9: 30
: 2. 4
КІРІСПЕ . . .: Минералды және микротыңайтқыш енгізудің ноқат дәнінің өнімділігіне әсері . . .
9: 31
: 2. 5
КІРІСПЕ . . .: Егістікті күтіп-баптау . . .
9: 32
: 2. 6
КІРІСПЕ . . .: Ноқат дақылын өсірудің технологиялық кескіні . . .
9: 34
: 2. 7
КІРІСПЕ . . .: Зерттеу зерзаты мен әдістемелері . . .
9: 36
: 2. 8
КІРІСПЕ . . .: Тұқымды себуге әзірлеудің тиімді жолдары . . .
9: 36
: 3
КІРІСПЕ . . .: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ . . .
9: 37
: 3. 1
КІРІСПЕ . . .: ФБР кірісі бойынша бағдарламаланған өнімді анықтау . . .
9: 37
: 3. 2
КІРІСПЕ . . .: Топырақ өңдеу жүйесі . . .
9: 39
: 3. 3
КІРІСПЕ . . .: Ноқат егістігіндегі арамшөптермен химиялық күресу . . .
9: 40
: 3. 4
КІРІСПЕ . . .: Оңтүстік Қазақстанның тәлімі аймағында ноқаттың жоспарланған өнімін алу үшін тыңайтқыш мөлшерін анықтау
9: 42
: 3. 5
КІРІСПЕ . . .: Өнімді жинау . . .
9: 43
: 4
КІРІСПЕ . . .: ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ . . .
9: 45
: 5
КІРІСПЕ . . .: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ . . .
9: 48
: 6
КІРІСПЕ . . .: ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . .
9: 53
: 7
КІРІСПЕ . . .: БИЗНЕС ЖОСПАР . . .
9: 60
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
9: 62
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
9: 63

КІРІСПЕ

Ауылшаруашылығы өндірісінің алдында тұрған негізгі міндет - халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен, ал мал шаруашылығын қажетті жемшөп қорымен қамтамасыз ету. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі күн талабына сай әр аймақтың өзіне тән ауа райымен топырақ-климат ерекшеліктерін ескере отырып, өндірісте ауылшаруашылығы дақылдарын өсірудің аймақтық технологиясын немесе жетілдірілген жеке агротехникалық тәсілдерін енгізу қазіргі ғылымның басты мақсаты болып отыр [1] .

Ноқат бұршақ тұқымдас барлық қуаң аудандарында жаппай өсірілетін негізгі мал азықғындық және тағам ретінде өсірілетін дақылдарының қатарына жатады. Құрғақшылыққа төзімділігіне және дән қоректілігінің құндылығына байланысты оның жемшөп құрамындағы маңызыдылығы ерекшеленеді. Шөл және шөлейтті тәлімі аймақтардың өзінде ноқаттың түсімі басқа жаздық дәнді дақылдармен салыстырғанда едәуір жоғары болатындығы белгілі.

Ноқат (Cicer arie) дәні құрамында ақуыздың мол болуымен және айрықша дәмділілігімен ерекшеленетін тағамдық және мал азықтық дақыл.

Диқандардың ноқатқа қызығуының себептерінің бірі оның қуаңшылыққа төзімділігі. Ноқат, әсіресе гүлдену және дәндеу кезеңдерінде бұршаққа қарағанда жылу сүйгіштігімен ерекшеленеді, бірақ жас өскіндері суыққа төзімді келеді.

Ноқат өзге бұршақ тұқымдастардан гөрі топырақ ылғалсыздығына және ауа қуаңшылығына шымдамды болады, әрі дән құрттарымен (зерновка) сирек жарақаттанады.

Дән құрамында 25% ақуыз, 46% азотсыз экстрактілі заттар, 45% май, 4% жасуша және 3, 5% бейорганикалық заттар бар. Масақты дақылдардың дәнінен ноқаттың дәнінің айырмашылығы оның құрамында адам және жануарларға қажетті аминқышқылдардың бәрі бар және де бұршақ тұқымдастар дәнінде олардың тағамдық, әрі азықтық қасиетін арттыратын түрлі А, В 1 В 2 , С т. б. витаминдер анықталған.

Ноқаттың ауадағы азотты тамырларында жинақтау қасиеті топырақтың құнарлығын арттырады.

Әлемдік егіншілікте бұршақ тұқымдастар 90 млн. га егіліп, олардың үлесі масақты дақылдардың 11, 5% құрайды, ал Қазақстанда бұршақ тұқымдастар (соя, бүршақ, ноқат) 2004 жылы бар болғаны 71 мың га ауданға егіліп, олардың үлесі 0, 62% ғана құрайды.

Соған қарамастан оларды пайдалану жөніндегі нақты зерттеу жұмыстары аз. Қөптеген шаруашылықтардағы әр гектардан алынған өнімдер әлі де болса жоғары деңгейде болмай отыр. Осы зерттеу жұмыстарымыздан басқа да, ғылыми мекемелердің қорытындылары, әртүрлі құнарлылықтағы топырақ пен алғы дақылдарға егілген ноқаттың сорттарына сай қолданылатын тыңайтқыштардың нормасы, мерзімдері және тәсілдері, шаруашылықтардағы оларды қолданудың озат тәжірирелері мен экономикалық тиімділігі, қоршаған ортаны сақтау жолдары баяндалады.

Ал, бүгінгі танда жер өңдеудің әдістемелік бағыттарының бірі - жеңіл өндеу болып табылады да, ол топыраққа механикалық өңдеудің кері әсерін, яғни шаңдануды, топырақтың тозуын, ылғалдың жоғалуын арттырады, энергия шығынын, материалдық және еңбек қорын үнемдейді. Топырақ өндеуді жеңілдетудің маңыздылығы біріншіден, топырақты өңдеуге кететін 40%-энергетикалық және 25% еңбек шығынын; екіншіден: тракторлар мен құралдардың жүріп өткенінен топырақтың физикалық қасиеттерінің нашарлауы мен шамадан артық тығыздалуын төмендетеді, үшіншіден, органикалық заттардың тез ыдырауы мен шандануынан эрозиялық процестердің артуын тоқтатады.

Зерттеудің мақсаты: Оңтүстік Қазақстанның тәлімі аймағында ноқат өсіруде жоғарғы өнім алудың агротехнологиясын зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

- тәлімі аймақта ноқат дақылынан жоғары және сапасы мол өнім алуды анықтау:

- жерді өңдеу жұмыстарында, тыңайту, агрегаттық күйін жақсартуға, арамшөптерден жоюда тыңайту сапасын жоғарылатуда жұмыстарды анықтау:

- оңтүстік қазақстанның ауа-раына бақылау жасап тәлімі жердің құнарлылығын анықтау:

- тәлімі аймаққа тұқымның жарамдылық сапасын анықтау:

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ

1. 1 Тәлімі аймақта ноқатқа минералды тыңайтқыштарды енгізу

Тәлімі егіс жағдайында өсімдіктерге минералды твыңайтқыштарды енгізіп, топырақтың қоректі қорын арттыру арқылы ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары сапалы өнім алуға болады. Топырақ ылғалдылығы мен қоректік қорларын біркелкі жақсарту жақсы өнім кепілі. Шет елдерде ноқатқа минералды тыңайтқыштарды енгізу тәжірибе жұмыстары көптеген жылдар зерттеулер жүргізіле отырып, мынадай тұжырымға келді. АҚШ ғалымы З. И. Журбицкий, жүргізген тә жірибе қорытындыларына сүйенсек, ноқатқа NPK тыңайтқыштарын 2:1:1 қатынасында қолданған тиімділігі анықталды. Бұндай жағдайда ноқаттың 1 гектердан алынған өнімі 20 ц/га жеткен [2] .

Р. А. Канидич мәлімдемесі бойынша қара топырақсыз аймақтарда N 90 P 60 K 60 мөлшерде енгізу жоғары көрсеткішке ие болған[3] . Ал азот- фосфор немесе фосфор-калий тыңайтқыштарын жұбымен енгізу тиімсіздігі анықталды.

Украина ғалымы Н. И. Михайлов, тұжырымдамасы бойынша минералды тыңайтқыштарды енгізуде негізінен топырақтағы қоректік элементтер қорына байланысты екендігі айтылған [4] . Қазіргі жағдайда көптеген шаруашылықтарда көп мөлшерде минералды тыңайтқыштарды қолдану қосымша өнімімен ақталады.

Қостанай облысы Қарабалық тәжірибе станциясы мәліметтері бойынша кәдімгі қара топыраққа егілген ноқат өнімділігіне фосфор тыңайқышы елеулі әсер еткен. Ғалымдарының тұжырымдамасы бойынша жүгеріге үстеме қорек ретінде азот тыңайтқышын енгізу (РК жеткілікті болса) өсімдік өсуі жеделдеп, өнімділік артады [5],

Ресейдің ғалымы жоғары өнім алу үшін ең алдымен өсімдіктің нені қажет ететінін, қорекпен қалай қамтамасыз етіліп отырғанын білу керек дегенді. Демек, табиғи ерекшеліктеріне, қажетінің өтелуіне сәйкес ноқат тұрақты жоғары өнім береді [6] .

Шыққан тегі жағынан алсақ, ноқат жылылықты сүйетін дақылдар қатарына жатады. Осыған байланысты ол өте сезімтал, өзін қоршаған ортаға (жарыққа, жылуға, ылғалға, қорекке) талап қойғыш. Ноқатты күтіп-баптау кезінде мәселенің осы жағына баса назар аудару керек.

Ноқаттың өзіне тән ерекшелігі сол, вегетациялық өсу кезеңінің бірінші жартысында (көктеуге дейін) баяу, екінші кезеңінде (әбден піскенге дейін) қарқынды өседі. Ноқаттың құрғақ заттың алтыдан бір бөлігін өсуінің алғашқы екі айында, алтыдан бес бөлігін онан кейінгі бір жарым айда жинайды. Ноқаттан мол өнім алу үшін осы аймаққа лайық келетін агротехниканы қолданған жөн. Ноқатқа фосфордың жетіспейтін шағы -үш-төрт жапырақ шыққаннан кейіңгі екі апта. Осы кезде фосфор жетіспесе дән байланбайды, өнім күрт төмендейді. Ноқат азотты сабағы мен жапырақта-рының өсуі кезінде және содан кейін көп керек етеді. Алғашқы айда азот берілмесе, өнім күрт төмендеп, дән байлауы нашарлайды. Сегізінші және тоғызыншы жапырағы шыққан кездерде азот пен фосфор жеткілікті болса, онда жүгеріден мол өнім күтуге болады. Д. Н. Прянишников, И. В. Якушкиннің [7], мәліметі бойынша басқа жаздық дақылдарға қарағанда ноқат бойлап өскен жылдары топырақтан азот пен фосфорды 1, 5-2 есе, калийді 3-5 есе көп қабылдайды. Сорттар мен будандардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай топырақтағы минералдық элементтерді қажетсінуі әркелкі болады.

Ноқат топырақтан қоректік заттарды мол алатын дақыл. Оның қоректік заттар пайдалануының белгілі кезеңдері бар. Қоректік заттарды көп пайдаланудың бірінші кезеңі - ноқат жапырағы көктеп жетіле бастағаннан бұршақ салғанына, дейін созылады. Екінші кезеңі - 15-20 күн шамасында өте қысқа болғанымен, бұл - ноқат қоректік заттарды сіңіру қабілетінің жоғарылайтын тұсы. Ғалымдардың жүргізген зерттеулеріне қарағанда, осы кезеңнің әрбір күнінде ноқат топырақтың бір гектарынан 6-7 кг азот, 2 қг фосфор және 10-12 кг калий заттарын пайдаланады екен П. Г. Найдин [8] .

Ноқат өсімдігі өзінің вегетациялық дамуы кезінде минералдық элементтерді бір қалыпты қабылдамайды.

Омскінің қара топырақты аймақтарында ноқаттың кұрғақ зат түзуі мен минералдық элементтерді қабылдауын 4 жылы бойы зерттеген А. П. Белов [8], бұл дақылдың қоректік зат қабылдау процесі құүрғақ зат түзу процесімен сәйкес болатынын анықтаған. Ноқаттың құрғақ зат түзуінің ең жоғары шегі (56, 3-61, 9) процент интенсивті даму кезінде, яғни, дақылдың 5-7 жапырақты кезінен собықтарының култеленгеніне дейінгі аралығында жүретінін анықтаған. Бұл кезде өсімдік топырақтағы жалпы азоттың 88, 9-89, 5 процентін, фосфордың 74, 6-85, 4 процентін, калийдің 90, 5-106, 5 процентін қабылдайды. Жеміс түзілу сүттену процесіне дейін өсімдіктің құрғақ заты мейлінше өсе түседі.

Қорыта айтқанда әрбір аймақтың топырақ - климат жағдайы мен топырақ құрымындағы макро, микро қорларына байланысты минералды тыңайтқыштарды енгізу әртүрлі болып келеді.

1. 2 Ноқаттың морфологиялық сипаттамасы

Ноқат дәнді бұршақ дақылдарына кіреді. Ол бұршақ тұқымдасына (Ғавасеае) жатады. Қауырсын жапырақты.

Ноқат - Нут - Сicer. Ноқат Сіcer туыстығына жатады және 30-дан астам түрлерді біріктіреді. Олардың көпшілігі көпжылдық. Дақылда кең тарағаны жалғыз түр - мәдени ноқат ( Сісеr аrietinum ) . Бұл бір жылдық өсімдік, сабақтары қырлы, тік өседі. Тамыр түбінен немесе бүкіл сабақ бойымен бұтақтанады. Дәнді бұршақ дақылдарының тамыр жүйесі кіндікті, 1-2 м топырақ қабатына бойлайды, көптеген бірінші, екінші, үшінші және одан кейінгі дәрежедегі бүйір тамыршалары болады, олар негізінен жыртылатын топырақ қабатында орналасқан.

Сабағы біреулерінде тік тұратын, бұтақты. Жапырақтары күрделі, құрылысы бойынша қауырсын жапырақты (сурет 1) .

Гүл шоғыры - шоқгүл немесе гүлдері жапырақ қолтығындағы гүл бағанасында бір, екі немесе үштен орналасқан.

Сурет 1- Ноқаттың морфологиялық көрінісі

Гүлдері - қосжынысты, бес күлтеше жапырақты, бұрыс пішінді, күлтеше жапырақтарының түсі ақ түстен қызғылт-қызыл немесе күлгін түске дейін. Жемісі - әртүрлі пішіндегі және мөлшердегі бұршақ. Піскенде екі ұзынша жармаға жарылады. Тұқымдары әртүрлі көлемді, пішінді және әр түсті болып келеді. Ноқат бойы 60 см дейін өсетін, тік сабақты және қауырсыны тақ жапырақты өсімдік. Гүлдері ақ түсті. Қауашағы қысқа, әрі жуандау болып, ішінде 1-3 дән болады. Дәні домалақ пішінді болып, бір қыры сүйірлеу болады. Дәннің сырты бұжыр болады. Ноқат өзара тозаңданатын өсімдік

1. 3 Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері

Ноқат, әсіресе гүлдену және дәндеу кезеңдерінде бұршаққа қарағанда жылу сүйгіштігімен ерекшеленеді, бірақ жас өскіндері суыққа төзімді келеді.

Ноқат өзге бұршақ тұқымдастардан гөрі топырақ ылғалсыздығына және ауа қуаңшылығына шымдамды болады, әрі дән құрттарымен (зерновка) сирек жарақаттанады [9] .

Ноқат - жылуды басқа бұршақ тұқымдас өсімдіктеріне қарағанда көп қажет етеді. Тұқымы 3-4°С температурада өне бастайды. Біркелкі көктеп шығуына ең қолайлы температура 7-8°С. Ноқат өскіндері 8°С дейінгі үсікті көтере алады. Гүлдеу-дән байлау кезеңдеріндегі жоғары температура оның өніміне кері әсер етеді. Ноқаттың дәні 3-4 С жылылықта көктей береді. Тәуліктік орташа жылылық 5-6 С болғанда ноқат 20-25 күнде көктеп шығады, жылылық 10-12 С болғанда бұл кезең 10-12 күнге, ал 15 С болғанда 7-8 күнге дейін азаяды. Көгі 8 С дейінгі суыққа шыдайды. Сонымен, ноқат үшін жылылықтың биологиялық минимумы 6-7 0 С. Ноқаттың өніп - өсуі үшін ең қолайлы жылылық 18-22 0 С деп саналады, жоғары жылылық 35 0 С. Бұдан жоғары температурада өсімдіктің өсуі тоқталады, ал ноқаттың сортына байланысты дәннің толық пісіп жетілуі үшін тәулікті орташа жылылығының жалпы жиынтық мөлшері 1100-1400 0 С болады [10] .

Өсіп-жетілу кезеңнің орташа ұзақтығы 70-тен 140- күнге дейін.

Ноқат ылғалға шыдамды өсімдік, сондықтан оны Оңтүстік Қазақстан өңірінің тәлімі топырақтарында өсіруге болады. Оның дәні бөрткен кезде бойына өзінің салмағынан да көбірек ылғал сіңіреді. Бөртуі үшін өз салмағының 60% мөлшеріне дейін ылғал қажет ететін сорттары бар. Өсімдік әсіресе шашақтану-гүлдену кезеңдерінде ылғалды көбірек тілейді. Бұл кезеңде ноқат өнімді жеделдете құрады, бұл тұста ылғалдың тапшы болуы өсімдіктің дамуына кері әсер етеді, өнімін кемітеді. Транспирациялық коэффициенті 350-400.

Ноқат үшін бейтарап немесе әлсіз реакциялы (рН 6-7) қара және қоңыр топырақтар жақсы. Жоғары агротехникада ноқат шымды-күлгін топырақтарда да жақсы өнім береді. Құм, сортаңдау және қышқыл батпақтанған топырақтар ноқат өсіруге жарамсыз.

Өсімдіктің ауа азотын фиксациялаушы қасиетінің болуына байланысты азот элементін тек өсімдіктің алғашқы даму сатысында ғана енгізуді қажет етеді.

Фосфор (Р 2 О 5 ) тамыр жүйесінің дамуын тездетеді, жалпы өнімдері астық үлесін арттырады, қуаңшалыққа төзімділігін күшейтеді, су пайдалану коэффициентін төмендетеді.

Калий (К 2 О) фотосинтездің қалыпты жағдайда өтуіне мүмкіндік жасайды, өсімдіктің ылғал үстау және тамырдың ылғал сіқіру қабілеттерін арттырады, қуаңшылыққа төзімділігін арттырады (кесте 1) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ноқат дақылының биологиясы
Ноқат дақылының биологиясы және морфологиялық сипаттамасы
Дәнді дақылдарды стандарттау
Жасымық біржылдық бұршақ тұқымдас өсімдік
ДӘНДІ ЖӘНЕ ЖАРМАЛЫҚ ДАҚЫЛДАР, ОЛАРДЫ ӨСІРУДІҢ ИНТЕНСИВТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Дәнді дақылдардың морфологиялық ерекшеліктері
Бұршақты көкөністер
Органикалық тыңайтқыш түрлері
Жаздық рапс сорттарын таңдау негіздемесі
Атбас бұршақ және бөрібұршақ дақылдарын өсіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz