Қазақтың ұлттық аспаптары жайлы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы

Р Е Ф Е Р А Т

Қазақтың Ұлттық аспаптары

2012 жыл

Жоспары

1. Домбыра және домбыра туралы түсінік.

2. Адырна туралы түсінік.

3. Аса таяқ туралы түсінік.

4. Дауылпаз туралы түсінік.

5. Жетіген туралы түсінік.

6. Желбуаз туралы түсінік.

7. Қыл қобыз туралы түсінік.

8. Сақпан туралы түсінік.

9. Шаң қобыз туралы түсінік.

Домбыра

Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз. Ұлттық аспаптардың ішін-де қазақтың жүрегіне, жан-дүниесіне жақыны да домбыра. Алайда, осынау баға жетпес қасиетті де, киелі аспапты бүгінде қастер-лей алып жүрміз бе? Ықылым заманнан үзілмей жеткен атакәсіп ұсталық-тың бір тармағы домбыра жасау өнерін ұстап қала алдық па?

- Қазір ел ішінде дом-быраның сапасы жөнінде әртүрлі әңгіме айтылып жүр. Ең алдыменен, домбыраны кез-келген адам жасай алмайды, оның жақсысы да, нашары да шебердің қолынан шығады. Мәселе, оның жасалу үр-дісінде. Көп жағдайда елі-міздегі домбыра жасаушы шеберлер жанбағыстың қамымен, арнайы құрал-жабдықсыз, өз үйінде жасап шығарады да, төмен бағамен базарға апарып сатады. Қаншама барма-ғынан бал тамған шебер-лер күнкөрістің жетегіне еріп, арзан дүние жасау-ға бейімделіп алды. Әйт-кенімен, көбінесе адамның күтіп ұстауына да байланысты. Кейбір үйлерге барғанда ішің ашиды.

Домбыраны сатып алып, қалай болса солай сүйей салады, жерде жатады. Тіпті, кейбіреулер баласын уату үшін қолына беріп қояды. Содан кейін барып, ол домбыра сынбай қайтеді. Домбыра - қазақтың қазақ екенін көрсететін киелі аспап емес пе? Өкінішке орай, осыны сезінбей, құр әшейін мақтан үшін сатып алатыңдар бар.

Жалпы, кешегі Одақ ке-зінде біздің республикамызда айына 7 мыңға жуық ұлттық аспаптар шығып тұрған кездің өзінде әр қазақтың шаңырағында бірде-бір домбыра болған жоқ. Жасыратыны жоқ, ол аспаптардың да сапасы төмен болды. Неге десеңіз, ол жерде цехтың бастығы, бөлім бастықтары тү-гел басқа ұлттан болатын. Олар аспаптың сапасын түсінбейтін. Оларға сан керек, жоспарды орындаса болды.

Домбыраны жасамас бұрын алдымен оның ағашы дайын болу керек. Домбыраны жасайтын арнайы қатты ағаштар бізде өспейді. Мәселен, бұйра үйеңкі, емендер Кавказдан, Италия, Индия, Африка ел-дерінен әкелінеді. Осыған байланысты, бағасы да қымбатқа түсіп отыр. Сапалы, жақсы ағаш қандай аспаптың да дыбысын жақ-сы шығарады. Мәселен, шанағы үйеңкі ағашынан, емен ағашынан жасалса дауысы күмбірлеп тұрады. Жалпы, шанақ қатты, әрі кепкен ағаштан жасалса, домбыраның үні де жақсы шығады. Қазіргі домбыралар көбінесе жеті шанақ-тан жасалады. Ал, бет тақ-тайына шырша ағашы бап. Ағашы неғұрлым ұзағы-рақ кептірілсе, соғұрлым дыбысты күштірек береді. Мойын ағашын бұрын шыр- шадан істеп келсек, қа-зір екі бөлек ағаштан құ-растырып жасаймыз да, майысып кетпес үшін, орта-сындағы діңін қатты ағаш-тан саламыз. Сондай-ақ, мойынның бетіндегі жап- сырмасы да қатты ағаш-тан жасалды. Әйтпесе адамның қолы баса берген соң желініп, ойылып кетеді. Біздегі өзекті мә-селе - домбыраның шегі. Бұрынғы кезде бабалары-мыз ешкінің шегін иіріп тұрып жасайды екен. Ондайды білетін адам қазір жоқ. Қазір жаппай балық аулайтын жилканы пайдаланып жүрміз. Моңғолия-да иіретін адамдар бар деп естиміз. Жұмагелді Нәжімеденов ағамыз осы мәселені зерттеп жүр. Не-гізінен домбыра аспабын жасаушылардың жұмысы бірдей деп айтуға болады. Тек, бет тақтайын жабар кезде әр шебердің өзінің құпия тәсілі бар. Домбыраның басқа ағаш-тан ерекшелігі - оның күмбірлеген үнінде жатыр.

Қазақтың құлағына, жан дүниесіне жақын. Екі қа-зақтың біреуі домбыра десе елеңдеп тұрады. Домбыра тартқанда қолға жеңіл болуы тиіс. Егер қатты тартылса жаңадан үйренуші талапкердің қолын іліп қала береді де, бетін қайтарады. Сондықтан енді қызығып келе жатқан бала тастап кетеді. Егер домбыра сатып аламын деушілер болса, ең алдымен білетін адамға көрсетіп алғаны жөн.

Қобыз Қобыз - халқымыздың ұлттық аспаптарының ішін-дегі ең көне аспап.

Х-ХІ ғасырларда өмір сүр-ген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді.

Қылқобыз - екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап.

Жалпы, ұлттық аспаптар-дың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауы-нан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды.

Себебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді һәм ысқышы да қыл. Оның қылқобыз аталуы да сон-дықтан. Меніңше, қобызды ертеректерде де әр шебер жергілікті жердің ағашынан шауып отырған болуы керек. Өйткені, бү-гінгі күні мұражайлардағы ертеден жеткен қобыздар-ды қарасағыз, негізінен қарағайдан шабылған бай-қайсыз. Бір есептен ол кезде аса бір ағаштан тү-йін түйген ұсталар болмаса, үйеңкі секілді қатты ағаштардан шабатын қа-зіргідей құрал-жабдық бол- ған жоқ. Оның үстіне қо- быздың мойына аса сал-мақ түспейтіндіктен, қарағай, терек, қайың секілді жұмсақ ағаштар жарай береді. Әйтсе де, домбы-раға қарағанда қобыз жасау қиындау. Мәселен, қобызды алдымен тұтас бір ағаштан шауып, ойып аласыз. Содан кейін бетіне тері тартылады. Жалпы, қобыздың бетіне біреулер ботаның терісін, енді бі-реулер ешкінің болмаса, бұзаудың иленген терісін тартады. Негізінен жас мал-дікі дұрыс. Неге десеңіз, үлкен малдың терісі қа-лың болып келеді де, оны жұқарту да қиынға түседі. Алайда, ботаның терісін табу қиын. Өйткені, елі-мізде «ойсыл қараның» тұқымы да азайып барады.

Сондай-ақ, түйенің төлін баласындай аялаған қа-зақ өзі аз ботасын сойып бермейтіні де анық. Сон-дықтан, қобыздың бетіне көбінесе ешкінің, бұзаудың терісін илеп тартып жатамыз.

Қазіргі күні шабылып жатқан қобыздың дені - не-гізінен, кәдімгі қылқобыз. Одан үлкендеу түрі «альт» деп аталады. Содан кейін-гісі екі ішекті қылқобыз-дың ішіндегі ең үлкен түрі - «нар қобыз». Кейіннен «примақобыз» деген түрі қо-сылды. Бұл негізінен скрип-каға ұқсас, оркестрде ой-нағанда даусы күштірек шығады. Скрипка ұлттық аспаптарға кірмейтін бол-ған соң скрипканың дыбысын берсін деген мақ-сатта шығарылған. Бірақ, таза скрипканың даусы болып кетпес үшін бетін жартылай терімен, жартылай ағашпен жабады. Сол себепті ол қоңырлау дыбыс береді. Бүгінде «Примақобызды» қазақша қобыз деп атап жүрміз. Себебі, оның беті жарты лай тері, жартылай ағаш-пен жабылады. Ал, артқы шанағы қатты ағаштан, үйеңкі ағашынан шабы-лады. Мойнын да қатты ағаштан бөлек отырғыза-ды. 1985 жылдардан бас- тап елімізде қобыздың жа-ңаша «скрипкалық қобыз» деген түрі шығарыла бас- тады. Қобыздың бұл түрі скрипканың үнін бергені-мен, кәдімгі қылқобыз си-яқты тізеге қойып ойнай-ды. Шеберлер «скрипкалық қобыздың» ең алдымен екі шанағы жасап алып, арт-қы жағын ағаштан ойып шығарады. Сонымен қа- тар, қылқобызға бұрынғы- дай жылқының қылын тар- тамыз да, ал «примақо-бызға» скрипканың сым ішектері салынады. Оған қажетті сым ішектер Италия, Германия, Қытай, Корея секілді шет мемлекеттерден әкелінеді. Әсілі, қобызға ұқсайтын тері тартылған аспап Қы-тай мен Кореяда да бар. Бірақ, олар қылдың орнына темір ішектер салады. Сондықтан, олар қазақ-тың қобызындай қоңыр үн бермейді. Қылқобыз-ды хылқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қа-зақ қобыздың үні шық- қан жерге жын-шайтан жо- ламайды деп ырымдайды.

Ертеде бабаларымыз қо-бызды төріне іліп қойып, бақсыларға оқытатын бол-ған. Ондай ырым қазір де кездеседі.

Шаңқобыз, шаңқауыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаң-қобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербе-ліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден не кү-містен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту ар- қылы орындалады. Негізгі дыбысы (тоны) тілдің мөл- шеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқы- лы да түрлі дыбыстар шы- ғарып отырады. Кейде орын- даушылар саусақтарына қо-ңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пай- даланды. Шаңқобызға ар-налған «Қыз зары», «Қыз ұзату», «Қыздың мұңы» ән- дері мен «Шаңқауыздың толғауы» сияқты күй де бар. Шаңқобыз халық ас-паптар оркестрінде, ансамбльдерде қолданыла-ды әрі жеке де ойналады. Қазақ шаңқобызы тектес музыкалық аспаптар өзбек, қырғыз, қалмақ, хақас, бурят, моңғол, орыс, украин халықтары арасында да кең таралған. Сыбызғы - қазақтың үр-мелі көне музыка аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзын-дығы 600 - 650 мм немесе 700 - 800 мм болады; 3 - 4 ойықты. Дыбыс қатары диатоник, көлденең 2 1/2 октава. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбыз-ғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Сы- бызғы тектес аспаптар бас-қа халықтарда да (абхаз, адыгей, өзбек, тәжік, татар, башқұрт, т. б. ) бар. Бұл аспап алғаш 1934 ж. Қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиия халық аспаптары оркестрінде пайдаланылды. Қазір оның жетілдірілген түрі фольклорлық-этногра-фиялық ансамбльдер мен оркестрлерде («Сазген», «Шертер», «Отырар сазы», т. б. ) қолданылады. Шертер - музыка аспабы. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып кледі. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қаптал-ған. Дыбыс күші қапталған терінің жұқа-қалыңдығына, ішегінің жуан-жіңішкелігіне байланысты. Пернесі болмайды, ішегіне ызған жыл-қы қылы тағылады. Жалпы тұрқы 650 - 700 мм. Ойнау тәсілі домбыраға жақын бол-ғанымен, жасалуы жағынан қылқобызға көбірек көбі-рек ұқсайды. Бұл аспаптың өткен ғасырларда негізінен малшылар арасында кең тарағандығы жайлы халық аңыздарында айтылады. Шертердің суреті Б. Залескийдің 1865 ж. Париж қаласында басылып шыққан «Қырғыз (қазақ) далала-рындағы тіршілік» атты альбомынан (бұл аспапты ол Маңғыстау қазақтары арасынан кездестірген) табылды. Музыка аспабын жасаушы шебер О. Бейсембаев осы альбомдағы сурет бойынша шертерді қайта жасап шығарды; ал шебер Ә. Аухадиев оның жетілдірілген түрін (1972) әзірледі. Шер-тердің бір үлгісі Санкт-Пе-тербург этнографиялық мұражайында сақтаулы. Шер-тердің құлақ күйі кварта не квинта бұрауында болады. Дыбыс көлемі екі жарым октава. Шертерді оркестр мен ансамбльде, сондай-ақ жеке орындау үшін де пайдалануға болады. Кезінде шертердің жетілдірілген түрі «Айгүл», «Ғасырлар пернесі», «Сазген», т. б. ансамбльдерде пайдаланылды. Жетіген - қазақ хал-қының көп ішекті шертпе-лі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген - жасаулы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағы-лып, тиектің орнына асық-тар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жеті-ген аталған. 18 ғасырда қазақ даласын аралаған саяхатшы-этнографтар И. Лепехин, И. Георги, т. б. екі ішекті домбырадан басқа көп ішекті аспаптардың да болғандығын жазады. Ал саяхатшы А. С. Паллас 1786 жылғы қазақ даласын аралаған сапарында осы күн-гі жетігеннің көне түрін кездестірген. «Бұл аспап шыршадан жасалған ша-ғын ғана жәшік, оның түбі ғана бар. Оған ішектер ешбір құлақсыз керілген. Бұл аспапты құлақ күйіне кел-тіру үшін әрбір ішектің астына кішкене тиек - қойдың асықтары қойылады. Музы-кант ішектің ұзын жағын сол қолымен тартады да, оң қолымен дишкантта ойнайды», - деп жазған. Эт-нограф-саяхатшылардың осы секілді жазбаларына қарағанда жетіген аспабы қазақ халқы арасында 19 ғасырдың ортасына дейін сақталып, бертін келе жо-ғалып кеткен. Осы этнографтар сипаттамалар бойынша қалпына келтірілген немесе жетілдіріліп жасал-ған жетігеннің алғашқы үл- гісі өмірге қайта келіп, өне-ріміз бен аспаптық музыкамызда орын ала бастады. 1817 жылғы «Сибирский вестник» журналында жа-зылған анықтама бойынша белгілі шебер Оразғазы Бейсенбекұлы 1966 жылы жетіген аспабының алғашқы нұсқасын қалпына келтіріп жасап шықты. Бұл алғашқы үлгінің дыбыс ауқымы бір жарым октава болып, 13 ішек тағылып жасалды. Оның ұзындығы 1060 мм. Шанақ екі 250 мм болып бетіне екі-үш жерден тиектер қойылып жасалды. Жетігеннің ноталық жүйе-сін анықтаған ғалым-зерт-теуші Б. Сарыбаев болды. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші-өнер-паз жасап, «Жетігеннің же- ті күйін» шығарыпты дейтін аңыз бар. Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т. Сары-баев, Е. Құсайынов, С. Мере-кеев, т. б. музыкашылардың орындауында жаңаша си-патқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2-2, 5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында жетіген аспабының этнографтар сипаттамалары бо- йынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған. Оларды О. Бей-сенбекұлы, Н. Әбдірахманов, Д. Шоқпарұлы, С. Ділманов секілді аспапшы шеберлер жасап шықты. Аспап «Сазген», «Мұрагер», «Адырна», «Отырар сазы», т. б. белгілі өнер ұжымдарында ойналып келеді. Жетіген аспабы түркі тілдес халықтардың барлығында да бар және өз тілдік атауларымен аталады. Мы- салы, татарлар - «етиган», тывалықтар - «жадықан», хақастар - «шатқан» деп атап, музыкалық аспаптары-мыздың да этнографтар шығу,

Адырна

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саз сырнай аспабының шығу тарихы және репертуар дамытудағы өзіндік ерекшеліктері
Қазақ халқында музыкалық аспаптардың түрлері көп
Қазақтың ұлттық аспаптарын музыкалық-дидактикалық ойын барысында қолдану тәсілдері
Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестірі
Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі
Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі
Халықтың саз өнерінің тағлымы
Қазақ халқының музыкалық аспаптарымен танысу
Түркі тілдес халықтарының көне музыкалық аспаптар тарихынан деректер
Мектептегі музыка сабағында ұлттық музыканы игеру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz