Қырыққабат дақылының биологиялық ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

беттер
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 Әдебиеттерге шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 Зерттеу жүргізген аймақтың климат және топырақ жағдайлары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
2.1 Климаттың
жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Тәжірибе танабының топырағы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
3 Қырыққабат дақылының биологиялық ерекшелігі мен өсуру
технологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
3.1 Қырыққабат дақылының биологиялық ерекшелігі
... ... ... ... .
3.2 Қырыққабат дақылының өсуру технологиясы.
... ... ... ... ... ...
4 Тәжірибенің әдістемесі мен бағдарламасы
... ... ... ... ... ... ... ...
5 Минералдық тыңайтқыштарды қолдануға байланысты қырыққабат
дақылы егістігі күңгірт қара-қоныр топырағының агрохимиялық
көрсеткіштерінің өзгеруі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
5.1 Қарашіріндінің мөлшері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
5.2 Топырақтағы минералды азоттың, жылжымылы фосфордың және
алмаспалы калийдың мөлшеріне минералды тыңайтқыштардың әсері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... .
6 Қырыққабат дақылының бактериозды ауырулары мен
зиянкестері және олармен күресу шаралары
6.1 Қырыққабат дақылының бактериозды ауырулары және олармен
күресу шаралары
6.2 Қырыққабат дақылының зиянкестері және олармен күресу
шаралары
7 Қырыққабат дақылының сапасына минералдық тыңайтқыштардың
әсері және қолданылған тыңайтқыштардың экономикалық
тиімділіктері
7.1 Қырыққабат дақылының сапасына минералдық
тыңайтқыштардың әсері
7.2 Қырыққабат дақылына қолданылған тыңайтқыштардың
экономикалық тиімділіктері
8 Еңбек қорғау
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Қырыққабат – қырыққабат (Brassica) туысына жататын екі жылдық бақша
өсімдігі. Құнды дәрумендерімен, дәрілік қасиетімен және айрықша дәмімен
ерекшеленетін қырыққабат жер шарының барлық аймақтарында кездеседі.
Қырыққабаттың 8 түрі ең танымал болып саналады: кәдімгі қырыққабат, савой
қырыққабаты, түсті қырыққабат (цветная капуста), кольраби, қытай
қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, брюссель қырыққабаты және пекин
қырыққабаты. Қырыққабаттың жапырақтары бір сабақтың түбінен шығып,
кезектесіп орналасады. Астыңғы бөлігіндегі жапырақтары үлкен, біршама
қалың, етті, жиі орналасқан, ал сабақты бойлай шыққан жапырақтарының пішіні
сопақтау болып келеді. Қырыққабаттың отаны анықталмаған.
Дегенмен, А. Декандольдің айтуынша,  Ұлыбритания, Ирландия, Дания және
Францияныңсолтүстік-батысында бұл өсімдіктің табиғи түрлері кездесуі
мүмкін.
Қырыққабаттың құрамында қант, минералды тұздар (кальций, калий,
фосфор), майлар, лактоза, липаза, протеаза, А, В1, С, P, К, В6 және тағы
басқа дәрумендер бар. Қырыққабат жеуге жарамды, оны пісіріп, қуырып,
ашытып, тағамдарға қосып және табиғи күйінде жейді. Қырыққабаттың шырыны
асқазан, бауыр ауруларына жылдам әсер ететін дәрі ретінде қолданылады.
Табиғи қалпында (қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда
қырыққабат ағзаның зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды.
Бұған қоса дем алу жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді.
Капуста туысына шалқам, тарна, қызылша сияқ ты өсімдік түрлері
жатады. Еуразия және Cолтүстік Америкада, көбінесе Жерорта теңізі маңында
кездесетін 35-ке жуық түрі белгілі. Капустаның дақылдық түрлері қолдан
өсіру, өзара будандастыружәне сұрыптау нәт ижесінде алуан түрлі өзгеріске
ұшыраған. Капустаның бірнеше сорттары бар. Олардың ішінде түсті және Пекин
Капусталарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер. Капуста
бірінші жылы қаудан түзеді, ал екінші жылы гүлсидамдары
өсіп, тұқым береді. Жапырақтары ірі , кезектесіп орналасады, түсі көк,
қанықтылығы әр түрлі. Барлығына ортақ сипат – Капусталар жарық сүйгіш және
суыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 15 – 18°С. Температураның
төмендеуіне (–10°С-қа дейінгі суыққа) төзімді сорттары – жапырақты және
брюссельдік Капусталар, ыстыққа төзімділері – жапырақты Капуста және
кольраби Капустасы. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы бойынша Капуста
сорттары: өте ерте пісетін (65 – 100 күнде, Куузику вараяне), ерте
пісетін (100 – 115 күнде, Грибовский 147), ертелеу пісетін (115 – 130
күнде, Алтын гектар), орташа мерзімде пісетін (130 – 145 күнде, Даңқ
1305, Надежда), кештеу пісетін (145 – 160 күнде, Сыйлық) және кеш
пісетін (160 күннен артық, Амагер 611, Завадская) болып бөлінеді.
Қауданды Капуста Қазақстандағы негізгі дақылдық көкөністердің бірі.
1 Әдебиеттерге шолу

Болжаулар бойынша, қырыққабатты Ежелгі Европалықтар б.з.б. 50-100 жылы
кроманьондықтар және неандертальдықтар тағам ретінде пайдаланған.
Қырыққабаттың отаны ретінде Жерорта теңізі және Батыс Европа саналады. Ең
бірінші қырыққабат туралы мәліметтерді грек жазушысы Теофраст (б.з.б. 300
жылдары) жазған. Оның айтуы бойынша египеттіктерге қырыққабат шамамен
б.з.б. ІV ғасырда танымал болған [1].
Археологиялық қазбалар нәтижесінде, қырыққабатты адамдар тас дәуірінің
соңында өсіргенін зерттеген. Б.з.б. көне Ибериде 5000 жыл бұрын
қырыққабатты өсіріп, оны ащи деп атаған. Содан бастап Египетте, Греция,
Римде таралған. Ол (капуста – Brassica) – капуста тұқымдасына жататын бір,
екі және көп жылдық өсімдік туысы болып саналады. Негізінен, капуста
туысына жататындар: шалқам, тарна, қызылша т.б. өсімдіктер. Оның дақылдық
түрлері қолдан өсіріледі, олар өзара будандастыру, сұрыптау нәтижесінде
алуан түрлі өзгерістерге ұшырап, көбейіп отыр. Барлық жерде өсіріліп, өнімі
жинап алынады. Жабайы қырыққабат Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі
жағалауларында кездеседі. Қырыққабаттың мынандай түрлері бар: қауданды,
савойя, брюссельдік, кольраби, жапырақты, Қытай, Пекин, түсті капусталар.
Бұлардың ішінде түсті және Пекин капусталарынан басқалары түгелдей дерлік
екі жылдық өсімдіктер, қырыққабаттың барлық түрлері де жарық сүйгіш, суыққа
төзімді. Ал енді ыстыққа төзімділері: жапырақты және кольраби деп аталатын
сорттары [2].
Ежелгі Греция мен Римде қырыққабатты қасиетті тағам деп санаған. Оны әр
түрлі ауруларды және жараларды емдетуге қолданған. Қырыққабаттың қауданы
Батыс Еуропада 12-16 ғасырларда табылған. ТМД елдерінде қырыққабат 10-12
ғасырлар бұрын пайда болған. Оны бірінші етіп Кавказдықтар қолдана бастаған
[3].
Тағам табиғатын, дәрумендер пайдасын зерттеушілер Қытай қорғанын
салушылардың негізгі тағамы қырыққабат болғанын, оның жұмысшыларға ерекше
күш-қуат бергенін айтады. Яғни, біздің заманымыздан 200 жыл бұрын – ақ
адамдар қырыққабаттың қоректік құндылығын жақсы білген. Ежелгі гректер мен
римдіктер де қоректік құндылығы мен емдік қасиеті үшін қырыққабатты ас
мәзірінде кеңінен қолданған. Қырыққабат бірінші жылда қауданды түзесе,
екінші жылы жаңа жапырақтар пайда болып, қауданы баяу өседі және тұқымы
пайда болады. Бүкіл көкөністің ішінде қырыққабат қана сан алуан түрлі. Бұл
оның басты ерекшеліктерінің бірі. Бұл өсімдіктердің ішінде савой
қырыққабаты өз атауын Италияның Савой аралында таралғандығымен өзіне алып,
елге кеңінен танылған. Оны ас әзірлеуге қосқанымен, ашытуға, қалбырлауға,
балғын күйінде ұзақ сақтауға болмайтындықтан, ол біздің елімізде көп
кездеспейді. Мамандар жасы ұлғайған адамдарға қырыққабаттың осы түрін жеуге
ақыл-кеңес береді. Себебі, оның құрамында фосфор, кальций тәрізді маңызды
элементтер бар. Барлық көкөністен де қырыққабат адам ағзасына өте пайдалы.
Бұл мамандардың ғылыми қорытындысы [4].
Дәрігер-ғалымдардың пікірінше, күн сайын қырыққабатты ас мәзірінде
тұтыну қатерлі ісіктің алдын алады, адамның тәбетін ашады. Қырыққабат өте
құнды тағам болып келеді. Ол құндылық оның құрамындағы қанттың, ақуыздың,
дәрумендердің және тағы басқа элементтер мен қосылыстардың болуымен
ерекшеленеді. Қырыққабаттың құрамында қант, минералды тұздар (кальций,
калий, фосфор), майлар, лактоза, липаза, протеаза, А, В1, С, P, К, В6 және
тағы басқа дәрумендер бар. Қырыққабат жеуге жарамды, оны пісіріп, қуырып,
ашытып, тағамдарға қосып және табиғи күйінде жейді. Қырыққабаттың шырыны
асқазан, бауыр ауруларына жылдам әсер ететін дәрі ретінде қолданылады.
Табиғи қалпында (қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда
қырыққабат ағзаның зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды.
Бұған қоса дем алу жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді [5].
Крестгүлділер тұқымдасына жататын бұл өсімдіктердің жапырағында қант,
гемицеллюлоза, С, Р, В1, В2, В6, К, Д дәрумендері, каротин, ферменттер,
минералды тұздар, көмірсу, белок т.б. пайдалы заттар көп. Оның құрамындағы
тартронды қышқыл семіріп кетуден сақтайды. Қырыққабат – С дәруменінің
негізгі көзі болып табылады. Оның 100 гр шикі затында күз және қыс
айларында 20-дан 70 мг-ға дейін аскорбин қышқылы болады. Кеш пісетін
қырыққабатта 41,4-тен 74 мг-ға дейін кездеседі. С дәруменінің адамға
тәуліктік қажеттілігі 70мг-нан 10мг-ға дейін құрайды. Қырыққабат,
құрамындағы С дәруменінің мөлшері жағынан картоп, апельсин, лимон және
мандаринмен бәсекеге түседі. Әсіресе, қауданның сыртқы қабатындағы
жапырақтарында, қауданға қарағанда көп мөлшерде кездеседі [6].
Қырыққабаттың тағамдық құндылығы өте жоғары. Оның құрамында 50-ге жуық
химиялық элементтер кіреді. Олар тағамға арнайы дәм береді. Табиғи қалпында
(қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда қырыққабат ағзаның
зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды. Бұған қоса дем алу
жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді [7].
Қырыққабаттың құрамындағы С дәруменінің мөлшері 41 мгкг болады. Ол
басқа да дәрумендер мен қосылыстарға бай болып келеді. Мәселен: Р (300
мгкг), тиамин, рибофлавин, ниоцин, пантотен қышқылы, фоли қышқылы (0,9-1,9
мгкг), каротин (0,3 мгкг), биотин (0,024 мгкг), К дәрумені, токоферол
(15-25 мгкг), пиродоксин (1,2 мгкг) инозит сияқты заттар кездеседі [8].
Қырыққабаттың құрамы азот тектес заттардың болуымен ерекшелінеді. Оның
мөлшері шикі салмақта 1,9-2,7 % құрайды. Кеш пісетін қырыққабаттың шикі
затында қанттың орташа мөлшері 4,3% құрайды [2].
Соңғы кездегі мәлімет бойынша Қазақстандағы қырыққабат егісінің көлемі
180 мың га. шамасында, бірақ өнімділігі төмен күйінде қалуда. Картоп басқа
дақылдарға қарағанда агрономиялық тұрғыдан өте тиімді дақыл. Біріншіден,
ауыспалы егіс жүйесіндегі көптеген дақылдарды картоптан кейін орналастырған
қолайлы, қырыққабат еккен жер арамшөптерден таза болады және қолданған
тыңайтқыштарға, берілген суға, қайырымы мол дақыл.
Қырыққабатты Қазақстанның барлық облыстарында өсіруге болады, өскен
ортасына өте көп талғам қоймайды, сондықтан кейбір қуаңшылық жылдары немесе
басқа да табиғат апаттарына байланысты халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету
жолында маңызы зор.
Адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету оның ішінде: мал өнімдері (ет,
сүт, жұмыртқа және т.б.) және өсімдік өнімдері (дәнді дақылдар мен майлы да-
қылдар және дәнді бұршақ дақылдар және т.б.) өз бағалылығын жоғалтқан емес,
сонымен қатар қырыққабатта та ауылшаруашылығында кеңінен тараған дақыл-
дардың бірі болып табылады.
Негізінен қырыққабат дақылының 70%-ы жеке шаруашылықтар мен саяжайларда
өсірілуде, яғни ауылшаруашылық машиналары мен құралдары пайдаланбастан
өсіріледі.
Дүниежүзіндегі халқының саны бойынша алдыңғы қатарда тұрған Қытай Халық
Республикасы мен Үнді мемелекеттері қырыққабат пайдасының көп екендігін
ескеріп, оның өндірісін басты назарда ұстауда.
Қырыққабаттың егіс көлемі әр жыл сайын артып отыр. Дүниежүзіндегі
адамзаттың күнделікті пайдаланатын және аса қажетті, қолжетімді, қымбат
емес дақылдардың бірі болып табылады. Қазірі кезде дүние жүзінде картоп
19,3 млн.га жерге отырғызылып, одан 21,7 млн. тонна өнім жиналады (орташа
өнімділігі 160,6 тга). Халықтың қажеттілігін өтеу үшін картоп өнімдерінің
мөлшері жеткілікті болуы керек.
Қауданды Капуста Қазақстандағы негізгі дақылдық көкөністердің бірі.
Оның диам. 10 – 45 см, салм. 16 кг-ға дейін жетеді. Ақ қауданды Капустаны
жыл бойы жаңа піскен және қайта өңделген күйінде тағамға пайдалануға
болады. Қауданын ашытады, бұқтырады немесе  бұрыш,  қияр,  қызанақ, сәбіз,
қызылша, алма, жас бұршақ, пияз және сарымсақ қосып тұздайды. Сонымен
қатар диеталық тағамретінде, ас қорыту бұзылғанға, т.б. ауруларды емдеуге
қолданылады. Капуста – құнарлы мал азығы. Оның түсімі мол, әр га-нан 200 –
900 ц. өнім түседі. Капуста зиянкестері: капуста шыбыны, капуста қоңыр
көбелегі, капуста ақ көбелегі, капуста бітесі, т.б. жиі кездеседі;
аурулары: фомоз, түкті және шырышты бактериоз.
Қырыққабат ауруларының белгілері – өсімдіктің тұқымы мен жас
жапырақтарында сарғыш қоңыр, сарғыш сұр түсті дақтар пайда болады.
Қаудандары дамымай қалады немесе қаудандары өзегінен түсіп қалады.
Мезгілінен бұрын сарғайып, қурап, солып қалады. Ауру тұқымдықты егістікке
отырғызғында бірден солып, дамымай қалады.
Қырыққабат ауруларының қоздырғышы– кила-plasmodiophora brassicae
Wor, қара сирақ - Rhizoctonia solani Kuehn, Olpidiumbrassiae Wor, Pythium
debaryanum Hesse, Alternaria, Fusarum туыстарының саңырау құлақтары, фомоз
немесе құрғақ шірік - Phoma lingam Desm, жалған ақ ұнтағы-Peronospora
brassicae Gaeum, фузариозы - Fusarum oxysporum, альтернариоз-Alternaria
brassicae Sacc, түтікті бактериоз-Xanthomonas compestris Dowson
бактериясы, шырышты бактериоз-Erwinia corotovora Holland [9-15].
Қырыққабаттын бактериозына тән белгілер - А) Залалданған өскіндердің,
тұқым жарнағы ашық түске боялады, F) Жапырақ шетінен бастап ортасына қарай
сарғайып, жүйкелері қоңырайады, В) Өзек пен жапырақтың көлденең
кесіндісінде түтіктердің қоңырайғаны айқын көрінеді [16-19].
Қырыққабаттың альтернариоз ауруы – Alternaria brassicae ылғылы мол
ауада жиі кездеседі. Өсімдік пісіп жетілу кезеңінде таралады. Өсімдіктің
тұқым жарнағы мен сабағында және жас жапырақтарында қара некрозды сызықтар
мен нүктелер пайда болады. Залалданған өсімдік қурауы мүмкін. Өсіп-
өркендеген өсімдіктердің жоғарғы жапырақтарында түсі қоңыр, ірі, центрлі
дақтар түзіледі, олардың бетінде күйе тәрізді өңез пайда болады. Тұқымдық
қырыққабаттың бұршаққабы мен сабағы қатты залалданады. Бұршаққап бетінде
қара түсті, жылтыр, шашыраңқы орналасқан дақтар түзіледі. Бұршаққаптың ұшы
залалданған жағдайда саңырауқулақ диффузды таралып, ауруға шалдыққан
бліктің түсі қоңырланып, жарылады. Ылғалы мол кезеңдерде дақ қара түсті,
мақпалды өңезбен жабылады. Залалданған бұршаққапта түзілген тұқымдар
қыртыстанып, жетілмейді [20-23].
Қырыққабаттың ауруларының қоздырғышының таралуы - насекомдар әсерінен
зақымданған өсімдіктер залалданады, жел, су, жаңбыр тамшылары алқылы
таралады, механикалық жарақаттар арқылы таралады. Қоймада сақтағанда
залалсыздандырылмаған жағдайда, ауа алмастырылмаған жағдайда, бір қалыпты
температура сақталмаған жағдайда пайда болады [24-26].
Қырыққабаттың барлық даму фазасында залалданатын аурулары
- альтернариоз, түкті бактериоз, фомоз.
Қырыққабаттың қара мойнақ ауруының дамуына қолайлы жағдай-жоғарғы
ылғалдылық, егістікте өсімдіктің жиілігі, азот тыңайт-ң артықшылығы, ауа
температурасы-ң күрт жоғарылауы және т.б. [27-28].
Қырыққабаттың қара мойнақ ауруының қоздырғышы-Rhizoctonia solani Kuehn,
Olpidium brassicae, Pythium debaryanum Hesse, Alternaria, Fusarium
саңырауқұлағының туыстары.
Қырыққабаттың переноспороз ауруының ерекше сипаттамасы – аурудың
белгісі жапырақтың жоғарғы бетінде ашық-сары, жайылған дақ, ал оың төменгі
бетінде ақшыл-сұр, селдір өңез түзілуімен білінеді. Залалданған жапырақтар
сарғайып, жансызданып, өсімдік қурайды [29-35].
Қырыққабаттың саңырауқулақ ауруларының қоздырғышы - кила-plasmodiophora
brassicae Wor, қара сирақ-Rhizoctonia solani Kuehn, Olpidiumbrassiae Wor,
Pythium debaryanum Hesse, Alternaria, Fusarum туыстарының саңырау
құлақтары, фомоз немесе құрғақ шірік-Phoma lingam Desm, жалған ақ ұнтағы-
Peronospora brassicae Gaeum,фузариозы- Fusarum oxysporum, альтернариоз-
Alternaria brassicae Sacc [36-40].
Қырыққабаттың бактериалдық ауруының негізгі қоздырғышы-С) Erwinia
corotovora Holland,D) Erwinia aroideae Holland,F) Pseudoraonas fluoresens
Mid, Xanthomonas compestris Dowson. Қырыққабаттың түкті бактериозы
- Xanthomonas compestris Dowson. Барлық даму кезеңінде залалданады.
Залалданған өскіндердің тұқым жарнағы ашық түске боялады. Егістікке
отырғызылған көшеттерде ауру белгісі 2-3 аптадан соң білінеді. Жапырақтың
шетінен бастап ортасына қарай сарғайып, жүйкелер қоңырланады. Өзек пен
жапырақтың көлденең кесіндісінде түтіктердің қоңырланғаны айқын көрінеді.
Ерте залалданған өсімдікте қаудан байланбай, кейде ол қурайды. Кесел
қауданды жинаған кездежиі кездеседі. Бактериоз тұқымдыққа аса зиян
келтіреді. Тұқымдық өсімдік ауру сәл дамығанда да қурауы мүмкін. Егістікке
отырғыған тұқымдықтың өсуі саябырлап, жапырағы қарайып, сабақтарында қара
сызықтар пайда болады. Бұршаққапта қара жылтыр, пішіні мен көлемі әр түрлі
дақтар түзіліп, тұқым жетілмейді [41-49].
Қырыққабаттың шырышты бактериозға тән белгілері – Кесел сулы шрік
түрнде білініп, шырыштанып, жағымсыз иісі болады. Қауданның сыртқы
жапырақтары шіріп, шырыштанып қоңырланады, ал құрғақ ауарайында залалданған
бөліктер кеуіп, жұқарады. Қауданның ішкі бөлігі көбінесе шіріп, өзегінде
қуыс пайда болады. Мұндай қаудандар жетілмей, мезгілінен бұрын өзегінен
ажырап, түсіп, жағымсыз иістенеді. Бұл аурумен көбінесе насекомдар әсерінен
зақымданған өсімдіктер залалданады. Егіске отырғызылған ауру тұқымдық
өсімдіктер бірден солып, қурап, шіріп, жағымсыз иісті болады. Қырыққабаттың
шырышты бактериозының таралуы - Бұл аурумен көбінесе насекомдар әсерінен
зақымданған өсімдіктер залалданады, қоздырғаш егісте қырыққабат шыбыны,
қандаласы және т.б. насекомдар арқылы таралады. Қырыққабаттың шырышты
бактериозының дамуына қолайлы жағдай және инфекцияның таралуы – қоздырғаш
егісте қырыққабат шыбыны, қандаласы және т.б. насекомдар арқылы таралады.
Инфекция қоры-өсімдік қалдықтары, ауру қаудандар мен өзектер, арамшөптер
және тұқым. Кеселдің дамуына 20-250С температура және 50% ауа ылғалдығы
қолайлы жағдай туғызады [50-55].
Қырыққабаттың фомозға тән белгілері – залалданған тұқым жарнағында ашық-
қоңыр түсті дақтар пайда болады. Сабақтың төменгі бөлігінде, тамырда дақтар
сарғыш-сұр түсті, сәл басылған. Дақтар кейін қоңырлынып, үстінде қара
пикнидалар түзіледі. Ауруға шалдыққан ұлпалар үгіліп, өсімдік қурайды.
Залалданған көшетті егістікке отырғызғанда аурудың дамуы жалғасып, өсуі
саябырлап, ақшыл-жасыл түске еніп, төменгі жапырақтары қызғылт-күлгін болып
немесе көкшілденеді. Дақтарда түзілген пикндалардан споралар шығып, басқа
өсімдіктерді залалдайды. Өсіп-өркендеген ересек өсімдіктердің барлық
органдарында дөңгелек немесе сопақша, түсі сұрғылт, қоңыр жиекті дақтар
пайда болады да, үстіне қара пикнидалар түзіледі. Сабақ залалданған
бөліктен сынады. Қоймада сақталу кезінде залалданған тұқымдықтарда ауру
өршіп, қауданның өзегі шіріп, үгітіледі. Ондай тұқымдар кейін егістікке
отырғызғында өспей, солып қурайды [56-59].
Қырыққабаттың тамырын залалдайтын ауру түрі – кила, қара сирақ, фомоз.
Қырыққабаттың кила белгілері – өсімдік тамырында жеке ісіктер мен
буылтықтар пайда болып, бір-бірімен қосылып, кейде тамыр жүйесін түгел
қамтыйды. Көшеттерде буылтықтар мұқият тексергенде көрінеді, ал өсіп
өркендеген ауру өсімдіктердің жапырақтары ашық-жасыл немесе сарғыш жасыл
болып, кейін салбырап, қауданы жетілмейді. Егер қарқынды дамыса өсімдік
қауданы мүлдем байланбайды. Қырыққабаттың қара сирақ ауруының ерекше
сипаттамасы – ауру алғаш көшеттерде білініп, сабағының түбі және тамыр
мойны қарайып, жіңішкеріп, шіріп, өсімдік жапырылып қурайды. Ауру
өсімдіктің тамыры нашар даму себебінен олар топырақтан оңай суырылады [60-
66].
Қырыққабат киласы, фомоз, переноспориоз қоздырғыштарының қыстайтын түрі
– Переноспориоз ауруының қоздырғышының конидия тасушылары дихотомиялы
тармақталып, сәл иілген соңғы тармақтың ұшында бір клеткалы, пішіні сопақша
конидиялары пайда болады. Ұлпа ішінде түзілген дияметрі 25-30 мкм
ооспоралар өсімдік қалдықтарында қыстап шығып, көктемде өсімдікті алғаш
залалдайды, ал қайта залалдану конидиялармен жүреді [67-69].
Қырыққабат зиянкестері. Ақ көбелектер (қырыққабаттың және шалқанның).
Оңтүстік аймақта көбелектердің ұшуының басталуы наурыз айының басында
тіркелді. Жаппай ұшуы, шағылысуы және жұмыртқа салуы наурыз айының бірінші
онкүндігінен бастап байқалды. Қырыққабатта жұлдызқұрттарының тууы 25
сәуірден бастап 21 мамыр аралығында анықталды, 1 өсімдікке тығыздығы 0,1
жұлдызқұртты құрады. Мамыр айының аяғында және шілде айының басында жаңа
ұрпақ көбелектерінің ұшуы байқалды. Үшінші ұрпақ көбелектерінің ұшуы шілде
айының аяғында – тамыз айының ортасында тіркелді, саны 0,05-2
данаөсімдікке болды. төртінші ұрпақ көбелектерінің ұшуы қыркүйек айының
басында анықталды. Өсімдікті зақымдау 2,5%-ға жетті. Қыркүйек айының екінші
онкүндігінің соңында және үшінші онкүндікте зиянкес тегіс қыстауға кетті
[70-72]. 
Солтүстік аймақта бірінші ұрпақ көбелегінің ұшуы созылмалы болды.
көбелектер маусым айының бірінші онкүндігінде де кездесті. Қырыққабатта
жұмыртқа салуы 6-12 маусымда, жұлдызқұрттарының тууы 12-15 маусым күндері
тіркелді. Жұлдызқұрттарының саны 0,1-2,4 данаөсімдікке құрады. Өсімдікті
зақымдауы 0,8-2,0%-ды құрады. Қуыршақтануының басталуы 29 маусымнан бастап
10 шілде аралығында тіркелді. Үшінші ұрпақ көбелектерінің ұшуы 8-13 тамызда
анықталды. Үшінші ұрпақ жұлдызқұрттарының тууы 13-23 тамыз күндері
тіркелді. Қырыққабатта жұлдызқұрттарының саны 0,3-тен 5,0 данаөсімдікке
ауытқып отырды. Қуыршақтары 1-2 данам2 санымен өсімдік қалдықтарында
қыстауға кетті [73]. 
Қырыққабат көбелегі. Көкөніс егілген егістіктерде қыстап шыққан
қуыршақтарының саны 0,1-0,3-тен 2-3 данам2 аралығында болды. қырыққабатта
көбелектерінің ұшуының басталуы 12-15 маусымда тіркелді. Жұмыртқа салуы 12-
25 маусымда анықталды, 1 жұмыртқа салған орында 20-50 жұмыртқа саналды.
Жұлдызқұрттарының тууының басталуы оңтүстік аймақта 10 маусымда, солтүстік
аймақта 2-3 шілдеде тіркелді. Өсімдікте 0,1-3,0% қоныстанғанда
жұлдызқұрттарының саны 0,1-0,2 дана1 өсімдікке құрады. Тамыз айының екінші
онкүндігінің ортасында жұлдызқұрттар топыраққа қуыршақтануға кете бастады.
Олардың салмағы 240-395 мг жетті. Күзгі тексеру барысында қуыршақтарының
саны 0,5-1,5 шт.м2 құрады [74].
Қырыққабат күйесі. Оңтүстік аймақта қырыққабат күйесінің бірінші ұрпағы
ерте көктемде арамшөптерде дамуын бастады. Жұлдызқұрттарының тууы маусым
айының аяғында тіркелді, олардың 1 өсімдікке саны 0,05 дананы құрады.
Бірінші ұрпақ көбелектерінің ұшуының созылмалы болуынан зиянкес барлық даму
сатысында кездесті, орташа саны 1 өсімдікке 0,3 дананы құрады [75-77].
Солтүстік аймақта бірінші ұрпақ көбелектерінің тууы мамыр айының екінші
онкүндігінде, жұмыртқа салуы 5-7 маусымда байқалды. Бірінші ұрпақ
жұлдызқұрттарының тууы 13-14 маусымда басталды. Орташа саны 0,2-1,0
данам2 құрады. Екінші ұрпақ көбелектерінің ұшуы және қырыққабатта жұмыртқа
салуы 6-12 шілдеде анықталды. Екінші ұрпақ жұлдызқұрттарының тууы 11-18
шілде күндері байқалды. Жұлдызқұрттарының саны 1 өсімдікке 0,2-2,0 дананы
құрады. Екінші ұрпақ жұлдызқұрттарының қуыршақтануы 20-27 шілдеде
анықталды. Үшінші ұрпақ көбелектерінің ұшуы, жұмыртқа салуы 27 шілдеден
бастап 3 тамыз аралығында тіркелді. Үшінші ұрпақ жұлдызқұрттарының тууы 4-
15 тамыз аралығында тіркелді. Олардың саны 1 өсімдікке 0,1 данадан 5,0 дана
аралығында болды. Жапырақ бетінің зақымдануы 5-9%-ға жетті.
Жұлдызқұрттарының қуыршақтануы 20-24 қыркүйекте 0,5-3,5 данам2 санымен
байқалды [78,79].
Айқышгүлділер бүргесі. Оңтүстік аймақта бүргенің қыстаудан шығуы
егістіктің шетінде 27 наурызда тіркелді, қоныстану тығыздығы – 0,1
данаөсімдік. Маусым айының басында бүргенің қоректенуі, шағылысуы және
жұмыртқа салуы байқалды. Шілде айының ортасында жас қоңыздар кездесті, саны
1 өсімдікке 5-8 дананы құрады. Қыркүйек айының бірінші онкүндігінің басында
қоңыздардың қыстау орнына көшуі (миграциясы) тіркелді [80-83].
Солтүстік аймақта бүргелердің көкөніс дақылдарына көшуі 5-18 маусым
аралығында байқалды, саны 1-3 данам2 – 19 данам2 аралығында болды.
Шағылысуы және жұмыртқа салуы 10-18 маусымда тіркелді. Топырақта
балаңқұрттарының тууы және ұсақ тамыршалармен қоректенуі – 20-28 маусымда
тіркелді. Қуыршақтануының басталуы 10-18 шілдеде анықталды. Жаңа ұрпақ
қоңыздарының шығуы 22-25 шілдеде тіркелді. Бүргелердің саны жоғары болған
жоқ. Қоректенуін аяқтаған бүргелер өсімдік қалдықтарының астында қыстауға
қалды [84,85].
Климаттық жағдайлардың қолайлы болуы, айқышгүлділер дақылдары
зиянкестерінің жиынтығының дамуына 2009-2013 жылдары олардың санының және
зияндылығының жоғарылауы күтіледі. 
Тамыз айының үшінші онкүндігінің соңында балаңқұрттар қоректенуін
аяқтаған соң, қуыршақтануыға кірісті. Қыркүйекте зиянкес қыстауға кетті.

2 Зерттеу жүргізген аймақтың климат және топырақ жағдайлары

Ғылыми-зерттеу жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы
Қайнар ауылында орналасқан тәжірибе танабында жүргізілді. Аудан тау
етегіндегі құрғақ-далалы аймаққа жатады және теңіз деңгейінен 700-900 м
биіктікте орналасқан.

2.1 Климаттың жағдайлары

Зерттеу жүргізген аймақтың климаты өте континентальды, яғни қысы суық
және жазы өте ыстық болып келеді. Ең төменгі температура суық ай – қаңтар
болып табылады. Қаңтардың орташа температурасы -6-100С, ал ең төменгі
температура -30-340С жетеді. Температураның ең жоғарғысы – шілде айы болып
табылады, оның температурасы -35-400С, ал орташа температурасы -22-240С
шамасында.
Ауа температурасының 00С өту құбылымы көктемде наурыз айының басында,
ал күзде қарашаның ортасында өтеді. 00С жоғары температураның қосындысы
3450-37500С, ал 100С жоғары температураның көрсеткіші 3100-34000С құрайды.
Көктемгі суық сәуірдің аяғында тоқтайды да, ал күзде қыркүйектің аяғы мен
қазанның басында қайта басталады. Кей жылдары көктем айында, яғни мамырдың
ортасына таман және ерте күздеқазан айында суық болады. Аязсыз күндердің
орташа ұзақтығы 140-170 күнге созылады.
2012-2013 жылдар аралығында зерттеу жүргізілген аймақтың климаттың
көрсеткіштері 1,2,3-суреттерде көрсетілген.
Тәжірибе жүргізген жылдары ауаның температурасы, ылғалдылығы және
вегетациялық өсу кезеңінде түскен жауын-шашын мөлшерлері көпжылдық
көрсеткіштерден біршама ауытқып отырды. Ауаның температурасы бойынша 2009
жылы көпжылдық орташа көрсеткіштермен салыстырғанда, сәуір және тамыз
айларында айтарлықтай өзгерістер байқалмағанымен, қыркүйек айында ауаның
ткмпературасы көпжылдықпен салыстырғанда 4,30С төмен болды (сурет 1). Бүл
жылы вегетациялық кезеңде тскен жауын-шашын мөлшері біршама жоғары, яғн 460
мм құрады және оның көпшілігі 282 мм сәуір-мамыр айларының ішнде түсті.
Вегетациялық кезеңдегі көпжылдық орташа жауын-шашын мөлшері 288 мм
шамасында. Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты ауаның ылғалдылығы біршама
жоғарылады. Вегетациялық кезеңнің барлық айларында ауаның ылғалдылығы
жоғары болып, орташа маусымдық көрсеткіш 67,0 % құраса, ал көпжылдық
көрсеткіш 55 % аспады. Әсіресе сәуір айының ылғалдылығы жоғары (84,3%)
болды.
Зерттеудің 2012 және 2013 жылдары ауаның орташа маусымдық
көрсеткіштері 16,8-19,80С құрады. Ең жоғарғы температуралар 24,6-24,90С
2013 жылы шілде мен тамыз айларында байқалды, басқа айлардағы шамалары
көпжылдық көрсеткіштердің нормасынан айтарлықтай ауытқымады (сурет 1).
Осы жылдары түскен жауын-шашын мөлшері 364,2-288,9 мм арасында өзгерді.
2012 жылы жауын-шашын көпжылдықпен салыстырғанда 76,2 мм артық түссе, ал
2013 жылы көпжылдық көрсеткіш деңгейінде (288,9 мм) болды (сурет 2). Сәуір-
маусым айларында жауын-шашынның вегетациялық кезеңдегі 65-70% түсетіндігі
байқалды.

Сурет 1. Зерттеу жүргізілген аймақтың ауа температурасы, оС

Сурет 2. Зерттеу жүргізілген аймақтың жауын-шашын мөлшері, мм
Аталған жылдары ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, көпжылдық
көрсеткіштермен салыстырғанда 9,1-21,9 % жоғары болды. Олардың төменгі 44-
59% шамалары маусым-тамыз айларына сәйкес келеді (сурет 3).
Сонымен, зерттеу мәліметтері бұл аймақта көкөніс дақылдары мен картоп
өсіруге климаттық жағдайлардың қолайлы екендігін көрсетеді.

Сурет 3. Зерттеу жүргізілген аймақтағы ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы, %

2.2 Тәжірибе танабының топырағы

Таулы жерде топыраққұраушы табиғи жағдайлардың көптеген ерекшеліктері
бар. Мұнда климат жазықтыққа қарағанда, өзгеше қалыптасқан яғни жылдық
температура төмен, жауын–шашын мөлшері мен ауа ылғалдылығы жоғары болады,
күн қуаты да артық. Ғылыми зерттеулердің анықтауларынша, жота беткейімен
жоғары көтерілген сайын әрбір 100м биіктікке ауа температурасы 0,5оС
төмендейді. Сондай-ақ белгілі биіктікке дейін жауын-шашын мөлшері артып,
инсоляция (жарық) артады. Бұл топырақтардың түзілуіне тереңде жатқандықтан
ыза су ықпал жасамайды. Өсімдік жамылғысы бозды-бетегелі шөптесін
өсімдіктер мен қуаңшылыққа төзімді мардымсыз аралас шөптерден құралған.
Таудың қара-қоңыр топырақтары теңіз деңгейінен 600-800 м биіктікте кең
тараған. Олар оңтүстігінен солтүстікке қарай біркелкі жолақ түрінде
кездеседі және оның жалпы көлемі 447 мың гектардан астам аумақты алып
жатыр.
Бұл топырақтар астық, астықты-жемді дақылдарды өсіруге қолайлы
топырақтар болып саналады. Сонымен қатар, суармалы жағдайларда көптеген
дақылдарды, оның ішінде көкөніс, техникалық, малазықтық, жеміс-жидек
дақылдарынөсіруге өте қолайлы. Жер бедері бойынша егіншілікке жарамайтын
жерлер шабындықтар мен жайылым ретінде пайдаланылады.
Топырақ түзуші жыныстары лөс және лөс тәрізді құмбалшықтар болып
саналады. Оның химиялық құрамы бойынша кремний мөлшері төмен (54-56%),
темір мен алюминийдің жартылай оксидтері (17-19%), кальций оксиді (8-10%),
магний оксиді аз (2-3%), байланысқан су (1,5-2,5%) және құрғақ қалдық 0,1%
шамасында. Топырақ түзуші жыныстың физикалық және су-физикалық қасиеттері
қолайлы. Су сіңіргіштігі – 30 ммсағат.
Зерттеу жүргізілген тау етегінің қара-қоңыр топырақтары,
ауылшаруашылығында көп астам пайдалану нәтижесінде, біршама өзгерістерге
ұшыраған, яғни олардың құнарлылық көрсеткіштері айтарлықтай төмендеген.
Жүргізген зерттеулері бойынша бұл топырақтардың жыртылған 0-30 см
қабатында қарашірінді мөлшері 3,09-2,97%, жалпы азот 0,19-0,16%, сіңірілген
негіздердің жиынтығы 20,3 мг-экв100г топырақта, карбонаттардың тек ізі
ғана жіне топырақ реакциясы бейтарапқа жақын (pH 7,2-7,3) болған (кесте1).
Кесте 1
Тау етегі суармалы күңгірт қара-қоңыр топырақтарының агрохимиялық
сипаттамасы

Топырақ Қарашірінді, Жалпы СО2, Сіңірілген рН
қабаты, см % азот, % карбонат, негіздердің
% жиынтығы,
мг-экв.100 г
0-10 3,09 0,19 іздері 20,3 7,2
20-30 2,97 0,16 іздері 20,3 7,3
30-40 2,0 0,13 1,6 19,2 7,7
50-60 1,35 0,10 3,6 18,1 7,7

Бұл топырақтардың құнарлылығын 20 жылдан кейін анықтағанда, жаман
жағына қарай біршама өзгергендігі байқалады. Ол туралы деректер 2-ші
кестеде келтірілген.
Осы 2013 жыл уақыт аралығында қарашірінді 2,97-3,09%-дан 2,07-2,15%,
жалпы азот 0,16-0,19%-дан 0,098% дейін төмендеген. Бұрын карбонаттар
жыртылатын қабаттың астында кездессе, ал бүгінде үстіңгі қабатта кездесіп
отыр. Топырақ реакциясы (pH) 7,2-7,3-тен 8,3-8,35 артып, аздап сілтіленген.
Топырақтағы сіңірілген негіздердің жиынтығы 20,3 мг-экв-тен 18,05-17,9 мг-
экв100г топыраққа азайғанын көрсетеді.
Тәжірибе учаскесіндегі топырақтардың профилі созылыңқы гумус
профилімен ерекшеленеді: 25-38 см тың жерде оған қарсы А+В=58-62
гранулометриялық құрамы орташа құмбалшықты болып келеді.
Қара-қоңыр топырақтың А қарашірінді жиналатын қабатының қалыңдығы 18-
27 см, бір тектес күңгірт қара-қоңыр түсті, құрылымы кесекті, шаңды-кесекті
болады. Тың жерде бұл қабаттың үстінде қалыңдығы 0-6 см болып келетін Ад-
дала киізі қабаты орналасады.
В1-қарашірінділі аралық қабаттың қалыңдығы 12-24 см, түсінің күрең
реңі айқын байқалады. Тығыздылығы А қабатына қарағанда арта түседі, кесекті
құрылымды. Жалпы А+В1 қабатының қалыңдығы 34-45 см-ге жетеді.
В2- қарашірінді тілдері қабаты қалыңдығы 11-31 см-ге жетеді, біркелкі
емес қошқыл күрең түсті, тығыздалған, біркелкі кесекті, призмалы кесекті
немесе жаңғақша құрылымды болады.
Кесте 2
Тау етегі суармалы қар-қоңыр топырағының агрохимиялық сипаттамасы
ТереңдіҚарашірЖалпы мөлшері, % Жылжымалы түрлері,СО2,% рН Сіңірілг
к, см інді, % мгкг ен
негіздер
дің
жиынтығы
,
мг-экв
100 г
N P2O5 K2O N

0-20
0-20
0-20 2,23 0,154
0-20 см 20-40 см
Бастапқы мөлшері (1991 ж.) 2,62 2,31
1 Бақылау (тс) 2,30 1,80
2 N60P30K30 2,42 2,25
3 N120P60K60 2,48 2,24
4 N180P90K90 2,51 2,29

Сонымен, кестедегі мәліметтерге қарағанда, қарашіріндінің мөлшері
бастапқы мөлшеріне қарағанда азайуын көріп тұрмыз, оның себептері ұзақ
жылдыры көкөніс дықылдары өсіру мен топырақта органикалық заттардың
қарқынды ыдырауына байланысты. Минералды тыңайтқыштарды қолданған
нұсқаларында қарашіріндінің азаюы шамалы, бақылау нұсқасымен салыстырғанда,
минералды тыңайтқыштар қарашіріндінің мөлшеріне тікелей әсерін тигізбесе
де, олар топыраққа жанама әсерін тигізеді, әсіресе қарашіріндінің
мөлшеріне. Себебі оларды қолданған кезде өсімдіктердің тамыр-аңыз
қалдықтары топырақта көбірек шоғырланады және олар қарашіріндіге айналады.
Топырақ құнарлылығының өзгеруіне әсер ететін негізгі факторларға
тыңайтқыш жатады. Олар топырақ құнарлылығын арттыра отырып, өсірілген дақыл
өнімділігін жоғарылатуға айтарлықтай әсер етеді.
Тыңайтқыштарды қолданғанда топырақтың тиімді құнарлылығы, яғни оның
құрамындағы қоректік заттардың мөлшері біршама жоғарылайды. Нәтижесінде
өсімдіктің қоректенуі жақсарып, оның өнімділігі артады және өнім сапасы
жоғарылайды.

5.2 Топырақтағы минералды азоттың, жылжымылы фосфордың және алмаспалы
калийдың мөлшеріне минералды тыңайтқыштардың әсері

Түрлі агротехникалық және агрохимиялық жағдайлардың заңдылықтарын
терең зерттей отырып өсімдіктің қоректенуін және өнімінің жиналу мөлшері
мен сапасын басқаруға болады. Өсімдік өзіне қажетті қоректік элементтерді
жеткілікті түрде сіңіріп отырғанда ғана мол әрі сапалы өнім береді.
Топырақ азотының негізгі бөлігі түрлі органикалық қосылыстар, тек
аздаған бөлігі ғана өсімдікке сіңімді түрде кездеседі. Өсімдік азот
қосылыстарының ішінен бірдей деңгейде аммоний және нитрат азоттарын
сіңіреді.
Топырақта азоттың негізгі массасы (93-95%) органикалық қосылыстарда
болады. Топырақта азот органикалық емес түрінде аммоний (NH4+), нитрат (NO3-
) және нитрит (NO2-) ретінде кездеседі. Азоттың 1% шамасында өсімдіктер
пайдалана алатын минералдық түрде болады.
Топырақтың жыртылған қабатында минералдық азоттың барлық түрлерінің
мөлшері жалпы азоттан 5-7% құрайды. Мұнда олардың абсолютті шамасы шымтезек-
күлгін топырақтан қара топырақтарға қарай көбейеді. Алмаспайтын аммоний
көбінесе балшықты минералдардың қабат аралық кеңістігінде біріншілік
силикаттарда байласқан.
Алмаспалы аммонийдің шамасы өте өзгермелі болады. Барлық топырақ
түрлерінде оның динамикасы бірдей: ең көп мөлшері көктемде, ең аз мөлшері
жазда, күзге қарай оның мөлшері көбейеді. Топырақтағы алмаспалы аммонийдің
режиміне гидротермиялық жағдай қатты әсерін тигізеді: ылғал қөп және төмен
температуралық жағдайларда оның мөлшері өседі.
Топырақтағы алмаспалы аммонийдің мөлшеріне агротехникалық шаралар
(топырақты өңдеу, өсірілетін ауылшаруашылық дақыл, алғы дақыл) еш қандай
әсер етпейді.
Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдану топырақтағы
алмаспалы аммонийдің мөлшерін уақытша көбейтеді, бірақ ол тез тотығып,
нитраттарға айналады. Алмаспалы аммонийдің азоты негізінде өсімдіктермен
нитраттарға дейін тотыққан соң ғана пайдаланады.
Топырақтан өсімдіктер азотты негізінен азот қышқылы мен аммоний
тұздарының құрамынан қабылдайды. Олардың топырақта жиналу мөлшері
нитрификация процесі мен қолданылған органикалық және минералдық
тыңайтқыштарға байланысты болады. Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-
шығыс аймақтары топырақтарының нитрификациялау қабілеті өте жоғары,
сондықтан минералдық тыңайтқыштармен берілген және органикалық заттардың
минерализациялануынан пайда болған аммоний азоты тез арада нитрификация
процесіне ұшырайды және өсімдік жақсы сіңіретін нитрат азоты пайда болады
Азот қосылыстарының қоры аз топырақтарда, оның мөлшерінің өсімдік
қоректенуі үшін жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан, мұндай топырақтарға
азот тыңайтқыштарын қолданғанда тиімділіктері жоғарылайды.
Топырақта аммоний азоты органикалық азотты заттардың ыдырауынан
түзіледі. Ол құбылысты аммонификация деп атайды. Аммоний түріндегі азоттың
көпшілік бөлігі топырақтың сіңіру комплексінің құрамында болады. Шамалы
мөлшерде топырақ ерітіндісінде де кездеседі. Топырақтағы азоттың бұл
қосылысы да өсімдік үшін азот элементінің қоректену көзі болып саналады.
Топырақ азотының ең жылжымалы түрі - нитраттар. Нитраттардың
жинақталуының бірінші қоры – алмаспалы аммоний. Топырақтағы органикалық
қосындыларының азоты минералданған кейін ғана өсімдіктермен пайдалана
алады.
Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағының топырақтарында минералдық азот
негізінен нитрат күйінде көп кездеседі. Сондықтан, топырақтың минералдық
азотпен қамтамасыз етілуін нитрат азотының мөлшерімен бағалайды.
Қырыққабат дақылы өсірілген егістікке қолданылған минералдық
тыңайтқыштар күңгірт-қара қоңыр топырақтың қоректік режимінің өзгеруіне
әсерін тигізді (кесте 5).
Кесте 5
Топырақта минералды азот мөлшерінің өзгеруіне тыңайтқыштардың әсері,
мгкг
Тәжірибе Топырақ Қауанның пайда
варианттары тереңдігі,4-5 жапырақ бола басталуы Өнім жинау
см
N-NH4 N-NO3 N-NH4 N-NO3 N-NH4 N-NO3
Контроль (бу)0-20 8,4 20,0 6,4 10,2 3,4 7,2
20-40 5,4 14,2 4,0 15,5 1,8 5,3
N60P30K30 0-20 15,0 30,0 9,0 26,0 6,4 18,0
20-40 12,4 24,4 5,2 22,8 3,0 12,0
N120P60K60 0-20 18,6 34,4 10,3 28,6 7,8 20,0
20-40 10,4 27,0 9,0 22,2 5,8 18,0
N180P90K90 0-20 20,3 39,5 13,0 31,4 9,0 24,2
20-40 14,0 25,2 9,4 24,5 5,0 20,0

Нитратты азоттың мөлшері қырыққабаттың 4-5 жапырақ пайда болған
кезеңінде бақылау вариантында 0-20 см топырақ қабатында 20,0 мгкг
топырақта, ал азот тыңайтқышының мөлшері бір (N60), екі (N120) және үш
(N180) есе нормаларын қолданғанда, оның топырақта мөлшері де жоғарлағанын
байқалады 30,0-34,4-39,5 мгкг сәйкес болды. 20-40 см тереңдікте бақылау
нұсқасында нитратты азот мөлшері 14,2 мгкг болды, азот тыңайтқышының
нормалары жоғарлаған сайын топырақта оның мөлшері келесідей жоғарлады:
N60P30K30 нұсқасында 24,4мгкг; N120P60K60 нұсқасында 27,0 мгкг; ал
N180P90K90 нұсқасында 25,2 мгкг топырақта.
Нитраттырды қырыққабаттың қауанның пайда бола басталуы фазасында
анықтағанда, оның мөлшері біраз азайғанын байқалады, ал өнім жинау
барысында (күзде) анықтағанда нитраттардың мөлшері бастапқыдан (көктемде)
төмендеген.
Аммоний азотының мөлшері топырақта нитратты азотқа қарағанда аз болды
және оның мөлшері тек ерте көктемде жоғары мөлшерде болады. Сонымен,
бақылау вариантында оның мөлшері 0-20 см қабатында 4-5 жапырақ пайда болған
кезде 8,4 мгкг, 20-40 см қабатында 5,4 мгкг. Тыңайтылған варианттарында
оның мөлшері 15,0-20,3 және 12,4-14,0 мгкг сәйкес.
Қырыққабат дақылының өнімін жинау кезеңіне қарай, өсімдіктің
пайдалануына сәйкес барлық варианттарда минералды азоттың мөлшері
айтарлықтай төмендейді.
Фосфор топырақта минералдық және органикалық түрде кездеседі.
Органикалық қосындылардағы фосфор химиялық реакцияларда қатысады, бірақ ол
өте берік ұсталғандығынан органикалық заттың минералданғанынан соң ғана
өсімдіктермен пайдалана алады.
Минералдық фосфордың қайнар көзі болып апатит минералы табылады.
Топырақ ерітіндісінде фосфор жеткіліксіз болған жағдайда апатит ери
бастайды. Минералдық фосфат-иондар топырақтың сіңіру кешенінің оң зарядты
учаскелерінде адсорбцияланады. Адсорбцияланған фосфор және басқа қатты
түрлері өте аз мөлшерде кездесетін еріген фосформен (H2PO4- және HPO4-)
теңгерімде болады. Сонда да өсімдіктердің көбісі жылда осы еріген фосфордың
10-30 кгга пайдаланады. Сондықтан, топырақ ерітіндісіндегі фосфордың орны
оқтын-оқтын толтырылып отыруы керек. Бұл толтырылыс органикалық заттың
минералдануы есебінен немесе адсорбцияланған фосфат-иондарының және басқа
қатты фосфор қосындыларымен теңгеру реакциясы арқылы жүреді.
Топырақ ерітіндісінің фосфаттары өсімдіктермен толығымен пайдаланады,
әсіресе алғашқы даму кезеңінде. Олардың концентрациясы топырақтың еріген
фосфор қорының жылжымалық дәрежесін, яғни фосфаттық потенциалын сипаттайды.
Оны су немесе сәл тұзды сүзіндісімен шығарылатын фосфат-иондар
концентрациясы бойынша анықтайды.
Фосфор өсімдік үшін аса қажетті элементтердің бірі. Топырақтағы
фосфордың мөлшері, топырақ түзуші аналық жыныс құрамындағы фосфордың
мөлшерімен тікелей байланысты болады. Сондықтан, топырақтағы өсімдікке
сіңімді жылжымалы фосфордың мөлшерін жоғарылатудың негізгі тәсілі-ол фосфор
тыңайтқыштарын қолдану.
Топырақта жылжымалы фосфор мөлшері де фосфор тыңайтқыштармен
тыңайтылған варианттарда өте жоғары болды және 4-5 жапырақ пайда болған
кезде анықтағанда, оның мөлшері бір (P30), екі (P60) және үш (P90) есе
фосфор тыңайтқыш нормалары жоғарлаған сайын топырақта 0-20 см қабатында
мөлшері 56,4-68,0-78,0 мгкг сәйкес жоғарылады, ал бақылау вариантында
оның мөлшері 17,4 мгкг болды (6-ші кесте).

Кесте 6
Топырақта жылжымалы фосфор мөлшерінің өзгеруіне минералды
тыңайтқыштардың әсері, мгкг
Тәжірибе Топырақ Қауанның пайда
варианттары тереңдігі, 4-5 жапырақ бола басталуы Өнім жинау
см
Бақылау (тс)0-20 17,4 12,0 8,0
20-40 14,7 10,0 6,0
N60P30K30 0-20 56,4 42,2 30,5
20-40 33,3 30,0 25,4
N120P60K60 0-20 68,0 43,0 33,0
20-40 41,0 36,8 28,3
N180P90K90 0-20 78,0 58,8 35,7
20-40 54,0 44,0 31,0

Жылжымалы фосфордың топырақта жоғары деңгейде болуының себебі ұзақ және
жүйелі түрде фосфор тыңайтқыштарын қолдану болып есептеледі.
Ал топырақ тереңдігі ұлғайған сайын қоректік элементтердің мөлшері
азаяды және қырыққабатың қауанның пайда бола басталуы және өнімін жинау
кезеңінде топырақта жылжымалы фосфорды анықтағанда, оның мөлшері азайған,
оның себебі қырыққабат өсімдігінің оны өзінің өсіп-даму үшін пайдаланғаны.
20-40 см тереңдікте жылжымалы фосфор мөлшері төмен болды, бірақ тыңайтылған
нұсқаларында оның мөлшері біршама жоғары болды. Бақылау нұсқасында өнім
жинау кезеңінде 0-20 см тереңдікте жылжымалы фосфор мөлшері 8,0 мг, ал
фосфор тыңайтқышын P30 қолданған нұсқасында топырақта оның мөлшері 30,5
мгкг, фосфорды P60 қолданғанда 33,0 мгкг жоғарлады, ал P90 қолданған
нұсқасында 35,7 мгкг төмендеген.
Топырақтағы калийдің жалпы мөлшері, оның гранулометриялық құрамына
байланысты болады. Калийдің жалпы қоры топырақтың жыртылатын қабатында
азоттан 5-50 есе, фосфордан 8-40 есе көп. Бірақта калийдің топырақтағы
жалпы қоры, өсімдікті бұл элементпен қамтамасыз ету деңгейін білдірмейді.
Өйткені топырақтағы калийдің небәрі 1 пайызы ғана өсімдікке сіңімді болып
келеді.
Топырақтың калий режиміне сипаттама беру үшін оның құрамындағы калийдің
жеке түрлерінің мөлшерін анықтаумен шектелуге болмайды. Ол үшін топырақтағы
өсімдік сіңіретін калийдің алмаспалы қосылыстарының мөлшерін анықтаған жөн.
Калий тыңайтқыштарының тиімділігін арттырудың негізгі жолдарына мыналар
жатады: топырақтағы калийдің алмаспалы түрімен қамтамасыз етілуін ескере
отырып, жеке егіншілік аймақтарға дұрыс бөліп, тарату; егіншілік мәдениетін
көтеру, ауылшаруашылық дақылдарының қоректенуін ұдайы қадағалап реттеп
отыр; сор, сортаң топырақтарды гипстеу; ауылшаруашылық дақылдарының
биологиялық талаптарын ескере отырып, калий тыңайтқыштарының түрін дұрыс
таңдау; ауыспалы егісте калий тыңайтқыштарын, алдымен калий элементін
көбірек қажет ететін дақылдарға (көкөніс, картоп, қант қызылшасы, мал
азықтық тамыржемістілер) қолдану керек; тыңайтқышты беру мерзімі мен әдісін
дұрыс таңдау. Калий тыңайтқыштарын күзде сүдігер жыртар алдында беру оның
тиімділігін арттырады. Ол тыңайтқыш құрамындағы хлор ионының топырақтың
астыңғы қабатына шайылып кетуіне ықпал етеді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына калий тыңайтқыштарын қолдануда топырақтағы
калийдің жалпы қоры емес, оның жылжымалы түрінің мөлшері еске алынады.
Өйткені, калийдің бұл түрі өсімдік қорегінің негізгі көзі болып саналады.
Топырақта жылжымалы калий неғұрлым аз болса, калий тыңайтқыштары соғұрлым
тиімді келеді. Калий тыңайтқыштарының мөлшерін есептеген кезде, топырақтың
механикалық құрамында ескеру керек.
Біздің тәжірибеде топырақтағы алмаспалы калийдің мөлшерінің жоғарлауына
қолданылған калий тыңайтқыштары айтарлықтай әсерлерін тигізді. Ол туралы
деректер 7-ші кестеде келтірілген.
Кесте 7
Топырақта алмаспалы калий мөлшерінің өзгеруіне минералды
тыңайтқыштардың әсері, мгкг
Тәжірибе Топырақ Қауанның пайда
варианттары тереңдігі, 4-5 жапырақ бола басталуы Өнім жинау
см
Контроль 0-20 360 356 340
20-40 345 340 330
N60P30K30 0-20 365 360 345
20-40 340 335 330
N120P60K60 0-20 375 360 350
20-40 340 340 340
N180P90K90 0-20 380 370 350
20-40 350 346 340

Бақылау нұсқасында 4-5 жапырақ кезенінде анықтағанда алмаспалы калий
мөлшері 0-20 см тереңдікте 360 мгкг, ал 20-40 см тереңдікте 345 мгкг
болды. Калий тыңайтқышын бір (К30), екі (К60) және үш (90) есе жоғарлаған
нормаларын қолданғанда, топырақта оның мөлшері де жоғарлады, топырақтың 0-
20 см тереңдікте 365-375-380 мгкг. Келесі кезендерде (қауанның пайда бола
басталуы және өнім жинау) алмаспалы калий мөлшері азайған.
Сонымен, минералды тыңайтқыштарды қолданғанда топырақтың тиімді
құнарлылығы, яғни оның құрамындағы қоректік заттардың мөлшері біршама
жоғарлайды.
6 Қырыққабат дақылының бактериозды ауырулары мен зиянкестері және
олармен күресу шаралары

6.1 Қырыққабат дақылының бактериозды ауырулары және олармен күресу
шаралары

Қырыққабат ауруларының қоздырғышы – түтікті бактериоз - Xanthomonas
compestris Dowson бактериясы, шырышты бактериоз-Erwinia corotovora
Holland, кила-plasmodiophora brassicae Wor, қара сирақ - Rhizoctonia solani
Kuehn, Olpidiumbrassiae Wor, Pythium debaryanum Hesse, Alternaria, Fusarum
туыстарының саңырау құлақтары, фомоз немесе құрғақ шірік - Phoma lingam
Desm, жалған ақ ұнтағы-Peronospora brassicae Gaeum, фузариозы - Fusarum
oxysporum, альтернариоз-Alternaria brassicae Sacc. 
Қырыққабаттын бактериозына тән белгілер - а) Залалданған өскіндердің,
тұқым жарнағы ашық түске боялады, б) Жапырақ шетінен бастап ортасына қарай
сарғайып, жүйкелері қоңырайады, в) Өзек пен жапырақтың көлденең
кесіндісінде түтіктердің қоңырайғаны айқын көрінеді
Қырыққабаттың бактериалдық ауруының негізгі қоздырғышы - а) Erwinia
corotovora Holland, б) Erwinia aroideae Holland, в) Pseudoraonas fluoresens
Mid, Xanthomonas compestris Dowson.
Қырыққабаттың түкті бактериозы - Xanthomonas compestris Dowson. Барлық
даму кезеңінде залалданады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қырыққабат дақылына қолданылған тыңайтқыштардың экономикалық тиімділіктері
Қырыққабат дақылының зиянкестері және олармен күресу шаралары
Tүpкіcтaн oблыcы жaғдaйындa қыpыққaбaт aқ көбeлeгінің тapaлуы жәнe oлapмeн күpeсу шapaлapы
Қырыққабат - құнарлы мал азығы
Қырыққабат дақылының өнімділігіне органикалық тыңайтқыштардың әсері
Дәнді бұршақ дақылдары зиянкестерінің энтомофагтары
Жылыжайдағы қырыққабаттың аурулары
Астық қорының зиянкестерімен күресу шаралары
Жамбыл облысы Байзақ ауданы ауыл шаруашылық қызанақ дақылын өсіру
Тұздалған және ашытылған көкөніс өнімдерінің құрамындағы микроағзалардың түрлерін анықтау
Пәндер