Уақытша суғару арықтарынның сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 04-08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Мейрамбек Мұхан Орынбасарұлы

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Суғармалы егіншілікке арналған арыққазғыштың жұмысшы органына дамба нығыздағыш орнату жобасы

мамандығы 5В080600 - «Аграрлық техника және технология»

Шымкент, 2016

Ф. 7. 04-09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРА Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

т. ғ. к., Г. С. Кенжибаева

“”2016ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: « Суғармалы егіншілікке арналған арыққазғыштың жұмысшы органына дамба нығыздағыш орнату жобасы»

мамандығы 5В080600 - «Аграрлық техника және технология»

Орындаған Мейрамбек М. О.

Ғылыми жетекшісі

т. ғ. к., доцент Манабаев Н. Т.

Шымкент, 2016

Ф. 7. 04-10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектебі

Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника кафедрасы

Мамандығы 5В080600 - «Аграрлық техника және технология»

«БЕКІТЕМІН»

Су ресурстары, жерді

пайдалану және агротехника

Кафедрасы меңгерушісі Г. С. Кенжибаева

“”2016 ж.

Дипломдық жоба орындауға

ТАПСЫРМА №7

Студент Мұханов М. АП -12-3к1

Жоба тақырыбы: Суғармалы егіншілікке арналған арыққазғыштың жұмысшы органына дамба нығыздағыш орнату жобасы

Университет бойынша 16. 11. 2015 ж. №3-221 С бұйрығымен бекітілген

Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі 28. 04. 2016 ж.

Жобаның бастапқы мәліметтері: Суғармалы егіншілікке арналған арыққазғыштың дамба нығыздағышы

Дипломдық жобаны орындауға қатысты сұрақтар тізімі:

1Ауыл шаруашылық дақылдарын суғарудың әдістері және техникасы.

2 Суғару әдістері мен техникасына қойылатын талаптар.

3 Суғармалы алқаптарда уақытша суғару арықтарын салуда қолданылатын арыққазғыштар .

4Қолданыстағы уақытша суғару арықтары қазғышының кемшіліктері.

5 Уақытша суғару арықтарының сапасын жоғарылату жолдары.

6 Зерттеу жұмыстарының нәтижелері.

7 Тәжірибелік арыққазғыш қондырғысын жарату.

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАНЫҢ МАЗМҰНЫ

Бөлімдер
Кеңесші Т. А. Ә. қолы
№: 1
Бөлімдер: 2
Кеңесші Т. А. Ә. қолы: 3
№: 1
Бөлімдер: Аналитикалық бөлім
Кеңесші Т. А. Ә. қолы: Манабаев Н. Т.
№: 2
Бөлімдер: Технологиялық бөлім
Кеңесші Т. А. Ә. қолы: Манабаев Н. Т.
№: 3
Бөлімдер: Тіршілік қауіпсіздігі
Кеңесші Т. А. Ә. қолы: Манабаев Н. Т.
№: 4
Бөлімдер: Экология
Кеңесші Т. А. Ә. қолы: Манабаев Н. Т.
№: 5
Бөлімдер: Экономика
Кеңесші Т. А. Ә. қолы:
№: 6
Бөлімдер: Бизнес-жоспар
Кеңесші Т. А. Ә. қолы:

Графикалық материалдардың тізімі:

1. Арыққазғаштармен қазылған уақытша суғару арықтарының көлденең кесімі

2. Уақытша суғару арығының жалпы көрінісі

3. Уақытша суғару арықтарына қойылатын агротехникалық талаптар

4. Д-716 арыққазғышы және онымен алынған уақытша суғару арығының көлденең профилі

5. Дамба нығыздағыш орнатылған арыққазғыш

6 Экономикалық бөлім.

Ұсынылған негізгі әдебиет

1. Халанский В. И., Горбачев И. В. Сельскохозяйственные машины. - М. : Колос, 2004.

2. Программа по развитию агропромышленного комплекса в республике Казахстан на 2013-2020 годы (агробизнес - 2020) . Астана, 2012 .

3. Под ред. Рахимбаева Ф. М. Сельскохозяйственные гидротехнические мелиорации. Ташкент, Мехнат. 1988.

4. Листопад Г. Е. и др. Мелиоративные орудия для устройства временной оросительной сети (теория и расчет) . -М. : Агропромиздат, 1986 - 128 с.

5. Шох А. С. Исследование и обоснование параметров кналокопателя для нарезки оросителей, обеспечивающих полив с помощью трубок-сифонов. Специальность: 05. 20. 01. Дисс. на соиск. уч. ст. к. т. н., Янгиюль, 1978. -135 с.

6. Манабаев Н. Т. Улучшенный заравнитель временного оросителя / Механизация хлопководства, 1992. -№3. С. 10-11.

Тапсырманың берілген күні 16. 11. 2015ж.

Дипломдық жоба ғылыми жетекшісі Манабаев Н. Т.

Тапсырманы орындауға алған студент Мұханов М. О.

Ф. 7. 04-11

Дипломдық жобаны орындауға

КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ

Бөлімдер

Орындалу

%

Орындау мерзімі

Тапсырма

берілген күн

Тапсырма

орындалған күн

Кеңесші қолы
№: 1
Бөлімдер: Кіріспе
Орындалу%: 5
Орындау мерзімі: 5 күн
Тапсырмаберілген күн: 16. 11. 2015
Тапсырмаорындалған күн: 21. 11. 2015
Кеңесші қолы:
№: 2
Бөлімдер: Аналитикалық бөлім
Орындалу%: 15
Орындау мерзімі: 40 күн
Тапсырмаберілген күн: 22. 11. 2015
Тапсырмаорындалған күн: 31. 12. 2015
Кеңесші қолы:
№: 3
Бөлімдер: Технологиялық бөлім
Орындалу%: 40
Орындау мерзімі: 40 күн
Тапсырмаберілген күн: 01. 01. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 10. 02. 2016
Кеңесші қолы:
№: 4
Бөлімдер: Тіршілік қауіпсіздігі
Орындалу%: 5
Орындау мерзімі: 15күн
Тапсырмаберілген күн: 11. 02. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 26. 02. 2016
Кеңесші қолы:
№: 5
Бөлімдер: Экология
Орындалу%: 5
Орындау мерзімі: 15 күн
Тапсырмаберілген күн: 27. 02. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 13. 03. 2016
Кеңесші қолы:
№: 6
Бөлімдер: Экономика
Орындалу%: 10
Орындау мерзімі: 20 күн
Тапсырмаберілген күн: 14. 03. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 04. 04. 2016
Кеңесші қолы:
№: 7
Бөлімдер: Бизнес-жоспар
Орындалу%: 10
Орындау мерзімі: 20 күн
Тапсырмаберілген күн: 05. 04. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 25. 04. 2016
Кеңесші қолы:
№: 8
Бөлімдер: Қорытынды
Орындалу%: 5
Орындау мерзімі: 1 күн
Тапсырмаберілген күн: 25. 04. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 26. 04. 2016
Кеңесші қолы:
№: 9
Бөлімдер: Пайдаланған әдебиет
Орындалу%: 5
Орындау мерзімі: 2 күн
Тапсырмаберілген күн: 26. 04. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 28. 04. 2016
Кеңесші қолы:
№:
Бөлімдер: Жалпы
Орындалу%: 100
Орындау мерзімі:
Тапсырмаберілген күн:
Тапсырмаорындалған күн:
Кеңесші қолы:

Дипломдық жоба жетекшісі

(күні, қолы)

Дипломдық жоба орындаушы

(күні, қолы)

Норма бақылау

(күні, қолы)

Аннотация

Жоба тақырыбы: «Суғармалы егіншілікке арналған арыққазғыштың жұмысшы органына дамба нығыздағыш орнату жобасы», студент Мейрамбек М. О., ғылыми жетекшісі т. ғ. к., доцент Н. Т. Манабаев, қорғау мерзімі 2016 ж.

Дипломдық жоба мақсаты ауыл шаруашылығы өндірісін ілгері қарай дамыту жолында егін өсіру шаруа қожалық жағдайында озық технологияны қолдану негізінде энергия сиымдылығы аз технологияларды пайдалану арқылы қажетті уақытша суғару арығын қазуға арналған арыққазғыштың жұмысшы органына дамба нығыздағыш орнату, шаруа қожалықтарындағы суғармалы егістіктегі суғару арықтарын қазу технологиясын жетілдіру. Шаруа қожалық жағдайында озық технологияны қолдану негізінде энергия сиымдылығы аз технологияларды пайдалануды дұрыс ұйымдастыру болып отыр.

Дипломдық жобада шаруашылық жағдайында суғармалы егістіктегі машиналар жүйесін пайдалануды ұйымдастыру, суғармалы егістіктегі суғару арықтарынның сапасын жоғарылату технологиясын пайдалану қарастырылған.

«Суғармалы егіншілікке арналған арыққазғыштың жұмысшы органына дамба нығыздағыш орнату жобасы» тақырыбына жазылған дипломдық жоба 6 бөлімнен, 19-кесте, 14-сурет, 57-теңдеу , қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

Дипломдық жобада уақытша суғару арығын қазуға арналған арыққазғыштың жұмысшы органына орнатылған дамба нығыздағыштың оның сапасына әсері, суғару арықтарындағы топырақтың физика-механикалық қасиеттері зерттеліп үйренілді және жаңа арыққазғыш жаратылып қолданысқа ұсынылады.

Тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау шаралары қарастырылды.

Жобаның экономикалық тиімділігі негізделіп берілді.

Бизнес-жоспар жасалынды.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 9

Анықтамалар . . . 10 Белгілер мен қысқартулар . . . 11 Кіріспе . . . 12

1 Аналитикалық бөлім . . . 14

1. 1 Уақытша суғару арықтарынның сипаттамасы . . . 14

1. 2 Ауыл шаруашылық дақылдарын суғару туралы түсініктемелер . . . 17

1. 3 Суғару әдістері мен техникасына қойылатын талаптар . . . 18

1. 4 Суғару техникасының элементтерін есептеу . . . 19

2. Техникалық бөлім . . . 23

2. 1 Уақытша суғару арықтарының сапасын жоғарылату қажеттілігі . . . 23

2. 2Суғармалы алқаптарда уақытша суғару арықтарын алуда қолданылатын арыққазғыштар . . . 25

2. 3 Қолданыстағы уақытша суғару арықтарын қазғышының кемшіліктері . . . 33

2. 4Тәжірибелік арыққазғыштың негізгі параметрлерінің таңдауы мен есебі . . . 36

2. 4. 1 Арыққазғыштың бағыттағыш қисығын анықтау . . . 36

2. 4. 2Сферикалық бетінің бейнесін көтеру-қайырма қисығының теңдеуін құрастыру . . . 38

2. 5 Тәжірибелік арыққазғыш қондырғысын жарату . . . 39

3. Тіршілік қауіпсіздігі . . . 43

3. 1Ауыл шаруашылығы машиналарын сақтау орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету . . . 44

3. 2 Санитарлық-техникалық іс-шаралар . . . 46

3. 2. 1 Желдету . . . 46

3. 2. 2 Жарықтандыру . . . 47

3. 2. 3 Шу мен дірілден қорғану . . . 47

3. 3 Есептеу бөлімі . . . 48

3. 4 Техника қауіпсіздігі . . . 50

3. 5 Электрқауіпсіздік . . . 50

4. Қоршаған ортаны қорғау . . . 52

4. 1 Қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу орындарыныңжұмысын сипаттау . . . 53

4. 2 Атмосфераға тасталынатын зиянды заттар үшін төлем сомасын есептеу . . . 53

4. 3 Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар . . . 56

5. Экономикалық бөлім . . . 58

5. 1 Бастапқы мәліметтерді таңдау . . . 58

5. 2 Арыққазғыштың экономикалық тиімділігін есептеу . . . 60

6. Бизнес-жоспар . . . 65

6. 1. Аннотация . . . 65

6. 2. Түйін . . . 65

6. 3. Кәсіпорынның сипаттамасы . . . 66

6. 3. 1 Менеджмент . . . 67

6. 4 Өндірістік жоспар . . . 67

6. 5 Ұйымдастырушылық жоспар . . . 69

6. 6 Қаржылық жоспар . . . 72

Қорытынды . . . 76

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 77

Нормативтік сілтемелер

Дипломдық жобаны орындау барысында мына төмендегі құжаттарға сілтемелер жасалған.

1. ОСТ-70. 4. 2-80 «Ауыл шаруашылығы техникасын сынау. Топырақты беттік өңдеу машиналары. Сынау бағдарламасы мен әдістері»

2. ОСТ -70. 12. 1-84 «Мелиоративтік және суғару машиналары. Сынау бағдарламасы мен әдістері»

3. «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы Заңы» құжаттары

4. Техника сельскохозяйственная. Методы эксплуатационно-технологической оценки. Техника сельскохозяйственная. Методы экономической оценки

5. ГП 902-2-403, 86 құжаттары

6. СН и П 11-33-85 құжаттары

7. МЕСТ 12. 1. 004-85 құжаттары

8. СН 4088-20 және МЕСТ 12. 1. 005-76 құжаттары.

Анықтамалар

Дипломдық жобаны орындау барысында мына төмендегі терминдерге анықтамалар берілген.

Фракция - топырақ түйіршіктерінің өлшемі

Дамба - суғару арықтарын қазғанда пайда болатын үйінді топырақ

Дренаж - жабық кәріз түтіктер

Скважина - бұрғыланған су көзі

Лоток - бетон арықтар

Филлоксерлер - өсімдік биті

Оптимал ылғалдылық - топырақтың 16-18% ылғалдылығы

Топырақтың физика - механикалық қасиеті - ылғалдылық, тығыздық,

деформациялық ығысу, сырғу кедергісі.

Белгілер мен қысқартулар

АШК- ауыл шаруашылық кешені

МК- бас канал

ВМК -бас канал тармағы

НК- су жинағыш канал

ВК- су қашырғыш канал

ПК- қорғау каналы

СР- жинау каналы

ПӘК-пайдалы әсер коэффиценті

КБН-0, 35 А- арық қазу жабу машинасы

Д-241А- грейдер тегістегіш

Д-271 А- бульдозер тегістегіш

ЗОР-500- канал тегістегіш

БУ-100 Б -кавалер тегістегіш.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» Стратегиясының негізгі бағыттарының бірі - еліміздің аграрлық саласын өркендету. Осы жөніндегі Жолдауда республикамыздың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі жолы ретінде еңбек өнімділігін арттыру қажеттігі айрықша атап өтілген. Сонымен қатар, заманауи озық технологиялар мен тиімді жұмыс істейтін машиналар мен агрегаттарды өндіріске енгізу өзекті мәселеге айналып отыр.

Жұмыстың актуалдылығы . Бұл негізінен ауыл шаруашылығы өндірісінде ауыл шаруашылығы машиналарының жаңа түрлерін жасау мен енгізу және технологиялық процестерді аз энергия мен материалдар шығыны болатын құралдарды жасаумен байланысты болады.

Ендеше өнімді өнімділігі жоғары технологиямен өндіруге көшу аграрлық өндірістің басты стратегиясына айналуы тиіс. Жаңа конструкциялар мен технологияларды өндіріске енгізу неғұрлым жоғары деңгейде жүрсе, аграрлық сала жұмысы да соғұрлым баянды болмақ. Онда, суғармалы егіншілікке арналған арыққазғыштың жұмысшы органына дамба нығыздағыш орнату қазіргі таңның актуалды мәселесінің бірі болмақ.

Жұмыстың ғылымилығы. Машиналы технология мен техникалық құрал кешенін ауылшаруашылық өндіріске енгізудің ерекше сипаты ретінде мыналарды атауға болады: ең ұтымды деген шешімді таңдаудың есептемелік және сараптамалық-логикалық операциялардың иерархиялық тізбектемесіне сүйенуі, технологиямен техникаға ғылыми-зерттеу институты, машина сынау станциясы, т. б. агро - және зоотехникалық талаптың әрдайым басымдылығы, технология мен техниканың бейімделушілігі; техникаға деген мұқтаждықты анықтау және оның коммерциялық сипаттамасына баға беруде маркетингтік зерртеудің жүргізілуі; жаңа техниканы ойластыру, жасап шығару және өндіріске пайдалану қызметін ұйымдастыруға әлеуметтік тапсырысты көрсетілген мерзімдегі біртұтас өндірістік процесс ретінде қарау.

Жұмыстың маңыздылығы. Агротехнология мен машиналар кешеніндне уақытша суғару арығын қазуға арналған арыққазғыштың жұмысшы органына дамба нығыздағыш орнату, оны одан әрі жетілдіру маңызды мәселелердің бірі.

Жұмыстың мақсаты. Сонымен бұл жобаның негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы шаруа қожалықтары жағдайында жаңа технологияларды қолдану, механикаландыру деңгейін жоғарылату негізінде егістікті өңдеу технологиясын жетілдіру және уақытша суғару арығын қазуға арналған арыққазғыштың жұмысшы органына дамба нығыздағыш орнатуды жобалау болып отыр.

Жұмыстың тапсырмалары. Ауыл шаруашылығының тиімділігі еңбек өнімділігімен сипатталады Еңбек өнімділігін өсірудің дәйектігі бір жолы - ауыл шаруашылық өндірісін жарақтандыру. Өндірісті жарақтандырудың екі түрлі шешімі бар. Біріншісі - шаруашылықты конструкциясы жетік, сенімділігі мол, жұмыс өнімділігі жоғары техникамен жеткілікті деңгейде жабдықтау да, екіншісі - сол техниканы ұтымды пайдалану.

Машина пайдаланудың түпкі мұраты-дақыл өсіру жұмысын агротехникалық мерзім ішінде түгелдей және сапалы атқарып, жарақталған жұмыстың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету. Жоғарыда атаған мәшине пайдалану ісінің әрқайсысы осы мақсатқа қызмет етеді. Олардың әрбіреуінің өзіндік атқару технологиясы, техникасы, инженерлік қызметі мен материалдық - техникалық қоры бар. Осы аталғандарды зерттеп үйрену тапсырылады.

Зерттеу объекті. Солардың бәрін түпкі мақсатқа жұмылдырудың ұтымды жолын мәшине пайдалануды ғылыми зерттеп уақытша суғару арығын қазуға арналған арыққазғыштың жұмысшы органына дамба нығыздағыш орнату, оның технологиялық, техникалық және ұйымдастыру шарасын белгілеу.

Дипломдық жобаның мақсаты машиналардың соңғы әрі келешектегі технологиялаларға негізделген мақта өсіру аймағына арналған суғармалы егіншілікке арналған арыққазғыштың жұмысшы органына дамба нығыздағыш орнатуды өндіріске енгізу болып отыр.

  1. Аналитикалық бөлім

1. 1 Уақытша суғару арықтарынның сипаттамасы

Сушының жұмыс өнімділігін жоғарылту үшін, суғару алқабындағы арықтардың су өткізу қабілетін жоғарылату қажет. Уақытша суғару арықтарының су өткізу қабілетін сушыға жеткенге дейін 40-60 л/с-ге көтеру керек. Уақытша суғару арығының өткізу қабілеті, оның көлденең кесімінің ауданы мен көлденең кесімі профилінің спецификалық ерекшелігіне байланысты. Уақытша суғару арықтары өзінің барлық ұзындығы бойында, бір стандарт кесімде жартылай қазылған және жартылай топырағы үйілген түрде, үйілген топырақ (дамба) тек қазылған бөліктің топырағынан түзіледі.

Сондықтан уақытша қазылған арықтарға қойылатын талап: профилі кең, бірақ шұңқыры терең емес, дамбасы биік, шұңқырдың пайдаланбайтын бөлігі (өлі шұңқыр) тереңдігі аз болуы керек. Арықтың пайдаланбайтын шұңқыр тереңдігін азайту және дамба топырағының фильтрацияға қабілеттілігін жоғарылату, бұл үшін дамба топырағы құрамындағы ірі кесек түйіршіктерін азайту немесе нығыздау қажет.

Дамба топырағын нығыздау қосымша технологиялық процесс болып, оны қосымша механизмдер көмегімен немесе арыққазғышқа дамбаның сапасын жақсартатын қосымша жабдықтар орнату, сондай-ақ тербелмелі нығыздағыштар қолдану ұсынылған. Бірақ олардың құрылысы күрделі, қолдануға ыңғайсыз болғандықтан өндірісте қолдау таппады.

Белгілі болғандай, арықты қазу және оны тегістеуде КБН-0, 35А, КЗУ-0, 3Д, КЗУ-0, 5 және КОР -500А машиналарынан пайдаланынлады. Олармен алынған арықтардың көлденең кесімі сурет 1-де көрсетілген.

Қазіргі таңда қолданылып жүрген арыққазғыштар, арық откостарының бұрышын бірдей 45 0 бұрышпен қазады. Сондықтан мұндай арықтардың дамба топырағының 15 пайызы арық ішіне қайта түседі. Нәтижеде арық өлшемі кішірейіп, су өткізу қабілеті төмендейді. Дамба топырағының арық ішіне қайта түсуін болдырмау үшін дамба откосының бұрышын табиғи сырғу 36 0 бұрышымен бірдей ету керек. Ал дамба топырағының су өткізбеу қабілетін арттыру үшін дамба топырағының майда болуын қамтамасыз ету немесе нығыздау қажет.

Уақытша суғару арықтарына төмендегідей талап қойылады:

-жалпы құрылыс биіктігі 0, 45 м,

-арық түбінің ені 0, 20-0, 50 м,

-ал дамба жоғарысы ені 0, 10 м кем болмауы,

-ішкі откосы 1:1 немесе 1:2,

-сыртқы откосы 1:3 немесе 1:4.

Белгіленуі: а- КЗУ-0, 3; б) -КЗУ-0, 5; в- К0Р-500А; г-КБН-0, 35А

Сурет 1. Арыққазғаштармен қазылған уақытша

арықтарының көлденең кесімі

Бойлама әдіс бойынша арық ұзындығы 600-800 м, су сыйымдылығы 60 м/сек кем болмайды.

Көлденең әдіс бойынша арық ұзындығы 400 м, су сыйымдылығы 40 л/с болғанда арықтың ПӘК 0, 90-0, 95 кем болмауға тиіс.

Арық-дамба топырағының су өткізбеу қабілеті мына теңдеумен есептеледі:

L ф =C·H; (1)

мұнда: С- ілініс күші коффициенті, т/м;

Н- дамбадағы су қысымы, м.

Уақытша суғару торабы егін алқабының шетінен құрғақ жерлерге салынады және оны ары қарай жеке арықшалар бойынша суды жеткізудің технологиялық құралы ретінде қолдануға болады.

Мақта алқабын суғару кезінде (кенеп, жүгері және т. б) уақытша суғару арықтары бірнеше рет көміліп, қайта қазылады.

Уақытша суғару арықтарына қойылатын агротехникалық талаптары келесілер болып табылады:

  • өткізу қабілеті;
  • пайдалы әсер коэффициенті (сүзілу, булану, ақаба тасталу, т. б) ;
  • егін алқабының техникалық процесіне басқа өнімдерді егуге мүмкіндік болуы;
  • арық салуды және тегістеуді мехникаландыруға мүмкіндік болуы және т. б.

Уақытша суғару арықтарының торабының негізгі бөлігі бірінші суғару алдында алғашқы рет салынады. Бұл уақытта топырақтың ылғалдылығы 0-50 см қабатта оның алқаптық ылғал сыйымдылығынан 70-75% болады. Алдын-ала өңдеуден кейін, яғни 30 см дейін жерді аудару және егіс алдындағы дайындықтан кейін топырақ жеңіл майдаланып, уақытша суғару арығын салу кезінде нәтижелі қалыптасады. Бұл кезде судың қажет шығыны бірінші суғару үшін минимал суғару нормасы қажет болады: 600-700 м³/га /2, 7/.

Вегетациялық суғарудан соң уақытша суғару арығын тегістегенен кейін, оның топырағының жоғары деңгейде ылғалдануы және қатар аралық өңдеу кезіндегі қопсыту агрегатының өтуі есебінен, оның көмілген, ылғалданған төменгі бөлігінде монолиттік топырақ ортасы пайда болады. Сондықтан уақытша суғару арығын қайта келесі суғару үшін қазған кезде, қазылған арықттың дамбасында үлкен кесектер, лайлы кесектер пайда болып, ол судың деңгейін қажетті суғару нормасына 1000-1200м³/га дейін көтеруге және уақытша суғару арығының қимасын толық пайдалануды қамтамсыз ете алмайды (2 сурет) .

201120131839.jpg

Сурет 2. Уақытша суғару арығы дамбасының сапасыз түзілуінің көрінісі

Уақытша суғару арығындағы топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері және уақытша суғару арығын қазу кезіндегі жолақтың көлденең профилі толық зерттелмеген. Сондықтан біз вегетациялық суғарудан кейінгі дамбаның және уақытша суғару арығының топырақтарының кейбір физикалық-механикалық қасиеттерін анықтадық.

Суғару аяқталғаннан кейін (өлі тереңдікте) арықта судың шамалы көлемі қалады, оның кебуі үшін біраз уақыт керек. Ол, тегістелгеннен кейін, сол шұңқырлардағы топырақ ылғалдылығының динамикасына әсер етіп, келесі уақытша суғару арығын қазу кезінде дамба жасалу сапасына да әсер етеді. Топырақтағы судың құрамына байланысты топырақтың үйкеліс коэффиценті, қаттылығы өзгеріп, топырақтың деформациялануға кедергісі төмендейді. Жаңадан салынған дамбаның физикалық-механикалық қасиеттері оның бұрынға қасиеттерінен айтарлықтай айырмасы болады.

Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері топырақ өңдеуші құралдардың жұмыс істейтін ортасы ретінде, бастапқы мәліметтер ретінде олардың параметрлерін негіздеу кезінде қолданылады. Бұл сұрақты білудің маңызы туралы өздерінің еңбектерінде академик В. П. Горячкин, профессор Ч. М. Гологурский, профессор М. Х. Пигулевский, профессор Н. В. Щучкин және басқалар атап өтті.

1. 2 Ауыл шаруашылық дақылдарын суғару туралы түсініктемелер

Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін егіс белгілі тәртіпте қолдан сұрыпталып, топырақ ылғалдылығы қажетті мөлшерге дейін жеткізілуге тиісті. Ал суды егіс алқабына жіберу үшін арнаулы суғару жүйелері жасалады.

Дегенмен су қоймалары құрылыстарын салу және жергілікті су қорларын қайта бөлу арқылы суғармалы егіншілік шаруашылығы сумен толық қамтамасыз етілмейді, олар тек өзендер суын маусымдық және көпжылдық реттеу арқасында су қорын тиімді пайдалануға мүмкіншілік туғызады.

Сондықтан бұл мәселені шешу үшін республикамыздағы жер асты суларының мол қорын толық пайдалану мен суғару жұмыстарын ұйымдастырғанда, суды тиімді және үнемді пайдаланудың алатын орны зор.

Суды пайдалану шығынын азайтумен күресу-суғармалы егіншіліктің тиімділігін арттырдың негізі шарты болып саналады. Осындай күрделі мәселені шешу суғару жүйелерінің техникалық жағдайымен тікелей байланысты болғандықтан бұрын салынған және жаңадан салынатын суғару жүйелерін техникалық жағынан жетілдіру мәселесіне қатал талаптар қою қажет.

Техникалық және дәнді дақылдарды, мал азықтық шөптерді, көкөністі және басқаларын суғарудың шаруашылықтық маңызы бар.

Қазіргі күнде ҚР территориясында жүйекпен суғару 85%, чекпен суғару 12%, палмен суғару 3%-ды қамтиды. Бұл барлық әдістер жердің су жүру бағытына қарай ұқыпты тегістелуін талап етеді.

Шөл және шөлейт аймақтарда ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту тек суғармалы егістерді ұйымдастыру негізінде ғана мүмкін болады. Ал қуаңшылық аудандарда жер суғару жұмысын тиімді пайдаланудың арқасында оларды гүлденген аймаққа айналдырып, елімізде мақта, күріш, жеміс және тағы басқа ауыл шаруашылық дақылдарының мол өнімін алуға мүмкіншілік туады.

Ал енді далаңқы аудандарда жауын-шашынның жеткіліксіз және жыл бойы өте құбылмалы болуының салдарынан ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі тұрақсыз болады. Сондықтан, бұл аймақтарда жыл сайын дәнді, техникалық және мал азығы дақылдары мен көкөністің мол өнімін тек суғару жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру негізінде алуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚО Мақтарал ауданында мақта өсіруге арналған суғару арықтарының сапасын жоғарылату мақсатында арыққазғыш КДУ-2/1 дамба нығыздағыштың жұмысшы органын жобалау
Алматы облысы, Ақсу ауданындағы Қызылағаш LD өндірістік бірлестігінің суару жүйесін жобалау
Уақытша суғару арықтарын тегістейтін тегістегіштің құрылымдық ерекшеліктері
Тақталап суару
«Ақтобе облысы Қарғалы ауданындағы суармалы жер учаскесін жобалау»
ОҚО Төлеби ауданына қарасты «Алмалы» шаруа қожалығының 450 га көкөніс дақылдары алқабын суғару жүйесінің жобасы
Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимі
ОҚО Мақтарал ауданы Тоған ЖШС жер алқабын суғару жүйесін жетілдіру туралы ақпарат
Ауыспалы егістіктің құрамы
Дара жеке шаруашылығы орналасқан облысының топырақ картасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz