Мақта шиті тұқымын себуге арналған себу аппараты


Ф. 7. 04-08
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Елемес Еркебұлан Бауыржанұлы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Мақта шиті тұқымын дискілі дәл себу аппаратымен себуді жетілдіру жобасы
мамандығы 5В080600 - «Аграрлық техника және технология»
Шымкент, 2016
Ф. 7. 04-09
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
КАФЕДРА Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
т. ғ. к., Г. С. Кенжибаева
“”2016ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: « Мақта шиті тұқымын дискілі дәл себу аппаратымен себуді жетілдіру жобасы»
мамандығы 5В080600 - «Аграрлық техника және технология»
Орындаған Елемес Е. Б.
Ғылыми жетекшісі
т. ғ. к., доцент Манабаев Н. Т.
Шымкент, 2016
Ф. 7. 04-10
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектебі
Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника кафедрасы
Мамандығы 5В080600 - «Аграрлық техника және технология»
«БЕКІТЕМІН»
Су ресурстары, жерді
пайдалану және агротехника
Кафедрасы меңгерушісі Г. С. Кенжибаева
“”2016 ж.
Дипломдық жоба орындауға
ТАПСЫРМА №2
Студент Елемес Еркебұлан АП -12-3к1
Жоба тақырыбы: Мақта шиті тұқымын дискілі дәл себу аппаратымен себуді жетілдіру жобасы
Университет бойынша 16. 11. 2015 ж. №3-221 С бұйрығымен бекітілген
Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі 28. 04. 2016 ж.
Жобаның бастапқы мәліметтері: Мақта шиті тұқымын себуге арналған себу аппараты
Дипломдық жобаны орындауға қатысты сұрақтар тізімі:
1. Мақта себу сепкішінің конструкциясы мен оның жұмысшы органдарына шолу.
2. Мақта себу аппараттарының ерекшеліктері.
3. Дискілі дәл себу аппараты сеялкасының ерекшелігі.
4. Мқта себу аппаратының ұяшық жасайтын қондырғысы.
5. Себу аппараттарын зерттеулерге қысқаша шолу.
6 Зерттеу жұмыстарының нәтижелері.
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАНЫҢ МАЗМҰНЫ
Графикалық материалдардың тізімі:
1. Алғашқы мақта егу құралы
2. Атқа жегетін мақта сеялкаларының соңғы конструкциясы
3. Мақта егуге арналған СЧХ-4Б сеялкасы
4. СЧХ-4Б сеялкасының техникалық сипаттамасы
5. ССК сеялкасының себу аппараты
6. Пневматикалық себу аппараты
7. СТВХ және СТХ-4сеялкелерінің себу аппараты
8. Ұяшық ұзындығы мен тұқымның салыстырма жылдамдығын негіздеу
6Экономикалық бөлім.
Ұсынылған негізгі әдебиет
1. Халанский В. И., Горбачев И. В. Сельскохозяйственные машины. - М. : Колос, 2004.
2. Программа по развитию агропромышленного комплекса в республике Казахстан на 2013-2020 годы (агробизнес - 2020) . Астана, 2012 .
3. Сеялка точного высева хлопковая СТХ-4. Руководства по эксплуатации, М. : Машгиз, 1966.
5. Рудаков Г. М. Опанасенко Н. Ф. О высевающем аппарате для точного скоростного высева хлопчатника. «Механизация хлопководства», 1967, №4.
Тапсырманың берілген күні 16. 11. 2015ж.
Дипломдық жоба ғылыми жетекшісі Манабаев Н. Т.
Тапсырманы орындауға алған студент Елемес Е. Б.
Ф. 7. 04-11
Дипломдық жобаны орындауға
КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ
Орындалу
%
Тапсырма
берілген күн
Тапсырма
орындалған күн
Дипломдық жоба жетекшісі
(күні, қолы)
Дипломдық жоба орындаушы
(күні, қолы)
Норма бақылау
(күні, қолы)
Аннотация
Жоба тақырыбы: «Мақта шиті тұқымын дискілі дәл себу аппаратымен себуді жетілдіру жобасы», студент Елемес Е. Б., ғылыми жетекшісі т. ғ. к., доцент Н. Т. Манабаев, қорғау мерзімі 2016 ж.
Жоба тақырыбы «Мақта шиті тұқымын дискілі дәл себу аппаратымен себуді жетілдіру жобасы» тақырыбына жазылған дипломдық жоба 6 бөлімнен, 24 -кесте, 19 -сурет, 61 -теңдеу, қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
Студент Елемес Е., ғылыми жетекшісі т. ғ. к., доцент Н. Т. Манабаев, қорғау мерзімі 2016 ж.
Дипломдық жоба мақсаты мақта шаруашылығы өндірісін ілгері қарай дамыту жолында мақта өсіру шаруа қожалық жағдайында озық технологияны қолдану негізінде энергия сиымдылығы аз технологияларды пайдалану арқылы қажетті техника түрін пайдалануды дұрыс ұйымдастыру болып отыр.
Дипломдық жобада мақта өсіретін шаруашылық жағдайында машина пайдалануды ұйымдастыру, мақта дақылын сепкіштің себу аппаратын жетілдірілген нұсқасын жобалау қарастырылған.
Дипломдық жобада дақыл тұқымын сепкіштің себу аппаратын жетілділдірілген нұсқасы ұсынылады және есептеулері келтіріледі.
Тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау шаралары қарастырылды. Жобаның экономикалық тиімділігі негізделіп берілді. Бизнес-жоспар жасалынды.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер . . . 9
Анықтамалар . . . 10
Белгілер мен қысқартулар . . . 11
Кіріспе . . . 12
1 Аналитикалық бөлім . . . 14
1. 1 Мақта өнімінің өндірістік сипаты . . . 14
1. 2 Маркетингтік стратегия және нарық талдауы . . . 14
1. 3 Мақта себу сепкішінің конструкциясы мен оның жұмысшы органдарына шолу . . . 15
1. 4 Американдық сеялканың ерекшелігі . . . 22
2 Негізгі бөлім . . . 23
2. 1 Мақта себу аппараттарының ерекшеліктері . . . 23 2. 2 Мақта себу аппаратының ұяшық жасайтын қондырғысы . . . 30 2. 3 Себу аппараттарын зерттеулерге қысқаша шолу . . . 32
2. 4 Бір тұқымды ұяшық формасын таңдау негізі . . . 39
2. 5Тұқым өлшеміне байланысты ұяшық өлшемдерімен пішіндерін анықтау . . . 42
3 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 50
3. 1 Өндірістің әлеуметтік қауіптілігі және зияндылығын талдау . . . 54
3. 2 Көлемдік жоспарлау шешімі . . . 55
3. 3 Электр қауіпсізді . . . 56 3. 4 Өртке қарсы іс-шаралар . . . 573. 5 Азаматтық қорғаныс . . . 58
4 Қоршаған ортаны қорғау . . . 59
4. 1 Қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу учаскесінің жұмысын сипаттау . . . 60
4. 2 Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар . . . 64
5 Экономикалық бөлім . . . 65
5. 1 Бастапқы мәліметтерді таңдау . . . 66
5. 2 Экономикалық тиімділігін есептеу . . . 67
6 Бизнес-жоспар . . . 70
6. 1 Аннотация . . . 71
6. 2 Түйіндеме . . . 72
6. 3 Кәсіпорынның сипаттамасы . . . 73
6. 4 Өндірістік жоспар . . . 74
6. 5 Ұйымдастырушылық жоспар . . . 76
6. 6 Қаржылық жоспар . . . 79
Қорытынды . . . 80
Пайдаланған әдебиеттер . . . 81
Нормативтік сілтемелер
Дипломдық жобаны орындау барысында мына төмендегі құжаттарға сілтемелер жасалған.
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2. Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы.
3. «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы Заңы» құжаттары.
4. ОСТ-70. 4. 2-80 «Ауыл шаруашылығы техникасын сынау. Топырақты беттік өңдеу машиналары. Сынау бағдарламасы мен әдістері».
5. ОСТ -70. 12. 1-84 «Мелиоративтік және суғару машиналары. Сынау бағдарламасы мен әдістері».
6. Техника сельскохозяйственная. Методы эксплуатационно-технологической оценки. Техника сельскохозяйственная. Методы экономической оценки.
7. ГП 902-2-403, 86 құжаттары.
8. СН и П 11-33-85 құжаттары.
9. МЕСТ 17. 2. 3. 02-78 құжаттары.
10. ТП 903-1-212. 84 бойынша қара көмірдің ең үлкен шығынын есептеу.
Анықтамалар
Дипломдық жобаны орындау барысында мына төмендегі терминдерге анықтамалар берілген.
Топырақтың қаттылығы - оның табиғи күйінде сығылу мен сыналануға қарсыласу қабілеті.
Микробедер жасау - жырту қабатының қалыңдығын күшейту, топырақ пен атмосфера арасындағы газ айналымын жақсарту және топырақтың тез қызуын қамтамасыз ету.
Араластыру технологиялық операциясы - топырақ түйіршіктерінің өзара орналасуын өзгерту.
Топырақты тегістеу - беткі қабатының кедір-бұдырлығын жою.
Топырақ қопсыту - оның көлемін ұлғайту.
Профиль - топырақтың жырту қабаты кескінінің өзгеруі.
Гумусы молырақ - құнарлылығы жоғары.
Технологиялық операциялар - өсімдіктерді тіршілігіне қажетті жағдайлармен толық қамтамасыз етуде топырақты өңдеу.
Топырақты аудару - оның өңделетін жоғары және төменгі қабаттарының орындарын тік бағытта өзара алмастыру.
Биологиялық фактор - (микроорганизмдердің тіршілігі) әсерінен топырақтың беткі қабатында микробиологиялық процестер жақсы жүріп, өсімдіктерге қажетті қоректік заттар қорының молаюы.
Белгілер мен қысқартулар
АШК - ауыл шаруашылық кешені;
108-Ф - мақта тұқымының сорты;
СТВХ- қолданыстағы сепкіш маркасы;
ШҰК-шекті ұйғарымды концентрация;
ШМК-шектік мүмкін концентрация;
ТҚК-техникалық қызмет көрсету;
АЖ-ағымды жөндеу;
МТС-машина трактор станциясы;
ВП-8- жер тегістегіші;
МВ-6-мала тегістегіші.
ПД-4-35- аспалы түрен;
ПД-3-35- аспалы түрен;
П-5-35- тіркемелі түрен;
БДТ-2, 2- дискелі тырма;
РУМ -органикалық тыңайтқыш себу машинасы;
АРУП - 8 минерал тыңайтқыш себу машинасы;
АБА - 0, 5 автомобилді минерал тыңайтқыш себу машинасы;
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің елімізді бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына енгізу мақсаты мен республикамыздың Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі тұрған кезеңде - бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, заманауи озық технологиялар мен тиімді жұмыс істейтін машиналар мен агрегаттарды өндіріске енгізу өзекті мәселеге айналып отыр.
Жұмыстың актуалдылығы . Ауыл шаруашылығы өндірісінде бұл негізінен ауыл шаруашылығы машиналарының жаңа түрлерін жасау мен енгізумен және технологиялық процестерді орындайтын құралдарды аз энергия мен материалдар шығынымен жасаумен байланысты болады.
Ендеше өнімді өнімділігі жоғары технологиямен өндіруге көшу аграрлық өндірістің басты стратегиясына айналуы тиіс. Жаңа конструкциялар мен технологияларды өндіріске енгізу неғұрлым жоғары деңгейде жүрсе, аграрлық сала жұмыс да соғұрлым баянды болмақ, оған тиетін сыртқы қолайсыз ықпалдың теріс әсері жоққа саналмақ. Мақта шиті тұқымын дискілі дәл себу аппаратымен себуді жетілдіру жобасы қазіргі таңның өзекті мәселесінің бірі болмақ.
Жұмыстың ғылымилығы. Машиналы технология мен техникалық құрал кешенін ауылшаруашылық өндіріске енгізудің ғылымилығы технологиямен техникаға ғылыми-зерттеу институты, машина сынау станциясы, т. б. қойған агро - және зоотехникалық талаптың әрдайым басымдылығы, технология мен техниканың бейімделушілігі; техникаға деген мұқтаждықты анықтау және оның коммерциялық сипаттамасына баға беруде маркетингтік зерртеудің жүргізілуі; жаңа техниканы ойластыру, жасап шығару және өндіріске пайдалану қызметін ұйымдастыруға әлеуметтік тапсырыста көрсетілген мерзімдегі біртұтас өндірістік процесс ретінде қарау.
Жұмыстың маңыздылығы. Агротехнология мен машиналар кешенінің одан әрі жетілуі, аграрлық сектордағы отандық және шетел ғалымдары мен практиктерінің еңбегін, ауылшаруашылық техникаларын дұрыс пайдалану агроинженердің біліктілігіне де тікелей байланысты. Жұмыс аграрлық сектордағы агроинженер мамандарының біліктілігін жоғарылатуда айтарлықтай маңызға ие.
Жұмыстың мақсаты. Сонымен бұл жобаның негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы шаруа қожалықтары жағдайында жаңа технологияларды қолдану, механикаландыру деңгейін жоғарылату негізінде егістікті өңдеу технологиясын жетілдіру және мақта шиті сепкішінің себу аппаратын жетілдіруге арналған қондырғыны жобалау болып отыр.
Жұмыстың тапсырмалары. Ауыл шаруашылығының тиімділігі еңбек өнімділігімен сипатталады Еңбек өнімділігін өсірудің дәйектігі бір жолы - ауыл шаруашылық өндірісін жарақтандыру. Өндірісті жарақтандырудың екі түрлі шешімі бар. Біріншісі - шаруашылықты конструкциясы жетік, сенімділігі мол, жұмыс өнімділігі жоғары техникамен жеткілікті деңгейде жабдықтау да, екіншісі - сол техниканы ұтымды пайдалану. Машина пайдаланудың түпкі мұраты-дақыл өсіру жұмысын агротехникалық мерзім ішінде түгелдей және сапалы атқарып, жарақталған жұмыстың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету. Жоғарыда атаған мәшине пайдалану ісінің әрқайсысы осы мақсатқа қызмет етеді. Олардың әрбіреуінің өзіндік атқару технологиясы, техникасы, инженерлік қызметі мен материалдық - техникалық қоры бар. Жұмыс сенімділігі мол, жұмыс өнімділігі жоғары техникамен жабдықтау тапсырмасын орындайды.
Зерттеу объекті. Жоғарыдағылардың бәрін түпкі мақсатқа жұмылдырудың ұтымды жолын мәшине пайдалануды ғылыми зерттеп, мақта шиті сепкішінің себу аппаратын жетілдіру, оның технологиялық, техникалық және ұйымдастыру шарасын белгілеу.
Еліміздегі «Ауыл жылдары» бағдарламасының жүзеге асырылуынан кейін және бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірудің стратегиялық бағыттары бойынша тұралаған ауыл шаруашылығын қайтадан қолға алу, ауыл шаруашылығын заманға лайық кең де терең реформалауға байланысты машиналы агротехнология мен оның техникалық құралын жүйелілік тұрғысынан жасау мұқтаждығы, бұрынғыдай жекелеген машиналы емес, машиналардың соңғы әрі келешектегі технологиялаларға негізделген кешенін ауылшаруашылық өндіріске енгізу қажет болып отыр. Сондықтан, зерттеу объекті мақта шиті тұқымын дәл себетін дискілі аппараты болып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында суғармалы егіншілік алқабын ұлғайту ұсынылған - бұл келешекте мақта, қызылша, дән, көкөніс, т. б. ауыл шаруашылық дақылдары көлеміннің кеңейуіне, азық-түлік өнімін арттырудың үлкен қоры.
- Аналитикалық бөлім
1. 1 Өндіріс саласындағы мақта өнімінің сипаты
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта шаруашылығы ауыл шаруашылығының басты саласы болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-шикізаты ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің 17% салыстырмалы салмақты құрайды.
Мақта талшықтары өсірілетін шикізаттың ең басты түрлерінің бірі тоқыма өнеркәсібінің және кең көлемде автомобил өнеркәсібінде, авиацияда және өндірістің басқа да салаларында қолданылады. Ол әртүрлі маталарды дайындауда қолданылады (ситец, сатин, бумазея, маркизет), трикотаждан тігілген киім, сызба маталар, жіптер, арқан т. б. Мақта талшықтары мен жүн араластырып жіңішке жартылай жүн маталар тоқылады.
Қысқа талшықты мақталар декоративті маталар тоқуда қолданылады, көрпе, вафельді сүлгілер. Шит сыртындағы талшықтардан жұқа киіз, дайындалған мақта, білте, пластмасса, целлюлоза, фотапленка, қағаз, метал үшін лактер жасалады. Мақта шитінен өсімдік майы, сабын, темірді майлау майлары, глицирин, стеарин алынады. Мақта күнжарасы - бағалы байытылған жануарлар үшін дайындалған жем, оның құамында 40% белок бар. Мақта шиті қабығынан этилді және метиді спирттері, лимонды қышқыл, сонымен қатар қағаз өндіріледі.
Қазақстан мемлекетінің мүмкіндігі тоқыма индустриясын дамытуға қабілетті. Мақтаның иірілген жібінен орташа шығуы - 88% талшық құрайды.
Жіптің басты қолданылу облысы: мата өндіру, трикотаж және шұлық өнімдері.
1. 2 Мақта өндіру бойынша маркетингтік стратегия және нарықтық талдау
Мақта өндіруші басты мемлекеттер Қытай (20%), АҚШ (18%), Индия (13%), Пакистан (8%) ; әлемдік мақта өндірісі көлемінің ТМД елдері 8%, Өзбекстан үлесіне 5%. Әлемдік ірі мақта экспорттаушы мемлекет АҚШ, оның үлесі шамамен 40%.
Әлемдегі ірі мақта өндірушілердің бірі Өзбекстан болып табылады және жоғары сапалы талшықтарын өндіреді (мақта өндіру жағынан алтыншы орын 4, 2% және мақта талшықтарын экспортқа шығарудан екінші орын 10, 6%) . Жылсайын 3, 6 млн. тонна мақта-талшығын өңдейді. Оның ішінде 95% ортаталшықты ұзындығы 32-33 мм, қалған ұзынталшықтылар экспортты құрайды.
ТМД елдері жер аймағында мақта өндірушы алып мемлекет: Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Азербайжан, Қырғызстан және Қазақстан.
Қазақстан мақта-талшығын өсіруден 26 орынды иеленеді, оның құрамы 673 кг/га, мақта-шикізаты- 22, 5%, егу ауданы бойынша 25 орын (205 мың га) және жалпы талшық жинау -26 орын (118 мың тонна) мақта-шикізатының өнімділігі Австралияда 56, 7 ц/га, Израйлде 49 ц/га, Өзбекстанда 25 ц/га, ал Қазақстанда -23 ц/га.
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта шаруашылығы ауыл шаруашылығының басты саласы болып табылады.
1. 3 Мақта шиті тұқымы сепкішінің конструкциясы мен оның себу аппаратының жұмысына шолу
Мақта сеялкасы алғаш рет Орта Азияда 1912 жылы қолданылды. Бұл атқа жегіп қолданылатын бірқатарлы сеялканы АҚШ өндірісінде өндірілді. Оның ішінде ең көп тарағаны әр түрлі модификациядағы Кантон және Баннер сеялкасы (1 суретте) . Кантон сеялкасы 155 мыналардан тұрады: рамадан, жүріс доңғалағынан, жегу құрылғысынан, себу аппаратынан, түренді анкер типінен және загортач қызметін атқаратын екі қопсытқыш табанынан тұрады. Себу аппараты - вертикаль айналу осі бар банкалы катушкалы айналдырғыштан тұрады. Аппарат бірнеше жетілдірілуден соң барлық мақта сеялкаларында кеңінен қолданысқа ие болды.
Сурет 1. Баннер үлгісіндегі америкалық мақта егу құралы
1924-1929 ж. ж. Совет Үкіметінің заводтарында атқа жегілген сеялкалардың сол типтегі жетілдірілген үлгілері шығарыла бастады, сонымен қоса Кантон 2 және «Уртак» сеялкалары Баннер сеялкасының модернизациясы. Кантон 2 сеялкасында анкерлінің орнына табанды түрен қолданылды және арнайы загортачтармен домалату катогы да қолданылды. Баннер сеялкасының Кантон 2 сеялкасынан айырмашылығы себу аппаратында, ол төмен жағы тарылған ағаш жәшіктен тұрады, орта жағына шыбықты айналдырғышы бекітілген, ал түбінде тілінген себу дискісі бар, ол қозғалмалы бүркеншіксіз шегеден тұрады.
1937ж және соғыс біткеннен соң Ташкентте атқа жегетін мақта сеялкаларының соңғы конструкциясымен СГК - 1 және СГК - 2 ұялы сеялкалары шығарылды (2 суретте) . Сеялкалардың конструкцияларының айырмашылығы тор көзді дискісінің болуы, ол бір мезгілде себу аппартының ролін және ұялау аппаратының ролін атқарады.
Сурет 2. Атқа жегетін мақта сеялкаларының соңғы конструкциясы
СГК - 1 және СГК - 2 ұялы сеялкасы
Тракторлы сеялкаларды алғаш рет 1928-1929 ж. ж. қолдана бастады. Бұл сеялкалар Армавирдегі «Армалит» заводында және ФА-20, ФА-34, ФА-74, ФА-320 фирмаларында МҚЖМ АҚШ-та шығарыла бастады.
«Армалит» сеялка заводы сеялканы атқа жегуді екі қатарлы қылып шығарады, ал егуде тракторға екі сеялканы тіркейді. Кантон сеялкасының себу аппараты бір типті, ал түрендері бір дискілі. Рычакты механизмдегі топсалы рама, түренің жүрісіндегі тереңдікті реттейді. Конустың доңғалақ ободы тілінген жүріс доңғалақтарын түреннің артына орналастырады және ол бір мезгілде каток пен загортачтың ролін атқарады. ФА-20 және ФА-34 сеялкалары да қабатталған екі қатарлы сеялканы береді (3 суретте) . ФА-20 сеялкасында шана табаны секілді түрендері бар және ұялап еге алатындығымен ерекшеленеді, ол үшін түренге клапан орнатылған және ол жұдырықшалы механизм арқылы жүргізіледі.
ФА-20 сеялкасының айырмашылығы мынада: әр екі қатарлы секция алдындағы доңғалақтың болуы, тереңдікті реттеу үшін винтті механизм, жұмысшы органын көтеру үшін және түренге екі дискілі беттік корпустарды орналастыру үшін автомат орнатады (борзданың түбіне егу үшін ) . ФА-20, ФА-34 және ФА-320 сеялкасының жабдықталуы квадратты ұялап егу үшін бейімделеді және ол қалыпты сымның көмегімен жүргізіледі.
Сурет 3. ФА-34 сеялкасы
ФА-74 сеялкасы аталған екі сеялкадан айырмашылығы мынада: дискілі загортачымен және домалатылған катоктарының барлығынан, сонымен қоса дискілі пышақтың орнына орнатады. ФА-320 аспалы сеялкасы ФА-20 сеялкасы сияқты екі қатарлы секциядан тұрады «Фармолл» тракторының алдыңғы және артқы доңғалақтарына және жақтауларына асылған.
«Ташсельмаш» заводында отандық тракторлы сеялкалар ССГ (1934ж) және ССЖ (1936ж) шығарылды, олар КСРО-дағы мақта шаруашылығында кеңінен қолданылады.
ССГ сеялкасы екі қатарлы екі секциядан тұрады, олар егістік жердің бедеріне жақсы бейімделуі үшін шарнирлі қосылған. Оның рамасы үш жүріс доңғалағына сүйенеді, ол жалпы және алдыңғы білікке отырғызылады. Себу аппараты-банкалық катушка типті айналдырғышты жүріс доңғалағының қозғалтқыш білігінен алады. Түрендер-шана табанды-шектеулігімен шана табанды типін биіктігі арқылы реттеледі және қалақ тектес загортачты рычагты механизмнің көмегімен көтереді және домалау катогының толық майысқан доңғалақ ободы шарнирлі ілінген рамаға бекітілген және ол биіктігі жағынан орналасу мүмкіндігі бар, сонымен қоса топыраққа реттелген қысым беріледі.
ССЖ сеялкасы-ССГ сеялкасының модернизацияланған түрі оның айырмашылығы төрт жүріс доңғалағының бар болуы, түрендердің тереңделуінің мүмкіндігін жоғалтып, сонымен қоса қатар аралығындағы суару бороздаларын тілу үшін екі борозда тілгіштер қолданылады.
1937ж «Ташсельмаш» заводы жаңа өндіріс бастады, онда ССК жаңа мақта сеялкасының конструкциясы 1954 жылға дейін шығарыла бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz