Топырақ өңдеу технологиясы


Ф. 7. 04-08
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Токтаров Еламан Галиевич
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Жер жырту технологиясын жетілдіруде соқа түренінің өлшемін негіздеу жобасы
мамандығы 5В080600 - «Аграрлық техника және технология»
Шымкент, 2016
Ф. 7. 04-09
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
КАФЕДРА Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
т. ғ. к., Г. С. Кенжибаева
“”2016ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: « Жер жырту технологиясын жетілдіруде соқа түренінің өлшемін негіздеу жобасы»
мамандығы 5В080600 - «Аграрлық техника және технология»
Орындаған Токтаров Е. Г.
Ғылыми жетекшісі
т. ғ. к., доцент Манабаев Н. Т.
Шымкент, 2016
Ф. 7. 04-10
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектебі
Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника кафедрасы
Мамандығы 5В080600 - «Аграрлық техника және технология»
«БЕКІТЕМІН»
Су ресурстары, жерді
пайдалану және агротехника
Кафедрасы меңгерушісі Г. С. Кенжибаева
“”2016 ж.
Дипломдық жоба орындауға
ТАПСЫРМА №9
Студент Токтаров Еламан АП -12-3к2
Жоба тақырыбы: Жер жырту технологиясын жетілдіруде соқа түренінің өлшемін негіздеу жобасы
Университет бойынша 16. 11. 2015 ж. №3-221 С бұйрығымен бекітілген
Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі 20. 04. 2016 ж.
Жобаның бастапқы мәліметтері: Жер жырту технологиясы және соқаның жұмысшы органдары
Дипломдық жобаны орындауға қатысты сұрақтар тізімі:
1Топырақ өңдеудің мақсаты мен тәсілдері.
2Топырақтың механикалық, физика-химиялық және биологиялық қасиеттері.
3Топырақты негізгі өңдеу түрлері.
4Топырақты өңдеу тәсілдерін зерттеу.
5Топырақ қабатын аудармай жыртуға арналған корпустар
6Трактордың пайдалану көрсеткіштерін есептеу
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАНЫҢ МАЗМҰНЫ
Графикалық материалдардың тізімі:
1Топырақты терең жырту нәтижесінде ауа, жылу, ылғал және қоректік режимдерінің реттелуі.
2Топырақты механикалық өңдеудің негізгі операциялары.
3Соқа корпусымен шым жер жырту технологиялық процессі.
4Жер жырту түрлері.
5Топырақ өңдеу технологиялық процессі.
6Топырақ қабатын аудармай терең жыртуға арналған корпустар.
7Жер жырту технологиясын жетілдіруде соқа түрені жұмысының технологиялық схемасы.
8Экономикалық бөлім.
Ұсынылған негізгі әдебиет
1. Халанский В. И., Горбачев И. В. Сельскохозяйственные машины. - М. : Колос, 2004.
2. Программа по развитию агропромышленного комплекса в республике Казахстан на 2013-2020 годы (агробизнес - 2020) . Астана, 2012 .
3. Под ред. Рахимбаева Ф. М. Сельскохозяйственные гидротехнические мелиорации. Ташкент, Мехнат. 1988.
4. Циммерман М. З. Рабочие органы почвообрабатывающих машин. - М, 1978.
Тапсырманың берілген күні 16. 11. 2015ж.
Дипломдық жоба ғылыми жетекшісі Манабаев Н. Т.
Тапсырманы орындауға алған студент Токтаров Е. Г.
Ф. 7. 04-11
Дипломдық жобаны орындауға
КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ
Орындалу
%
Тапсырма
берілген күн
Тапсырма
орындалған күн
Дипломдық жоба жетекшісі
(күні, қолы)
Дипломдық жоба орындаушы
(күні, қолы)
Норма бақылау
(күні, қолы)
Аннотация
«Жер жырту технологиясын жетілдіруде соқа түренінің өлшемін негіздеу жобасы» тақырыбына жазылған дипломдық жоба 6 бөлімнен, 25 -кесте, 15 -сурет, 32 -теңдеу, қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
Дипломдық жоба мақсаты ауыл шаруашылығы өндірісін ілгері қарай дамыту жолында егін өсіру шаруа қожалық жағдайында озық технологияны қолдану негізінде энергия сиымдылығы аз технологияларды пайдалану арқылы жер жырту технологиясын жетілдіру болып отыр.
Дипломдық жобада егін өсіретін шаруашылық жағдайында машинадан пайдалануды ұйымдастыру, топырақты негізгі өңдеу технологиясын жетілдіру, соқа түренінің өлшемін негіздеуді жобалау қарастырылған.
Дипломдық жобада жер жырту технологиясы мен соқа түренінің өлшемін негіздеу ұсынылады және есептеулері келтіріледі.
Топырақты негізгі өңдеуде қолданылатын соқа агрегатының жұмысшы органының құрылымдық ерекшеліктері қарастырылып, ұсынылған технологияның агротехникалық талаптарға толық жауап беретіндігі дәлелденген.
Тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары қарастырылды. Жобаның экономикалық тиімділігі негізделіп берілді. Бизнес-жоспар жасалынды.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер . . . 9
Анықтамалар . . . 10
Белгілер мен қысқартулар . . . 11
Кіріспе . . . 12
1Аналитикалық бөлім . . . . . . 14
1. 1Топырақ өңдеу технологиясы . . . 14
1. 2 Топырақты негізгі және егу алдында өңдеу технологиясы16
1. 3 Топырақ өңдеудің мақсаты мен тәсілдері. . 16
1. 4 Топырақ өңдеудің технологиялық операциялары және жүйелері . . . 17
2 Технологиялық бөлім. . 26
2. 1Топырақтың технологиялық қасиеттері . . . 26
2. 2 Топырақты өңдеу тәсілдері29
2. 3 Топырақты негізгі өңдеу түрлері . . . 33
2. 4 Зерттеу бөлімі. . 35
2. 4. 1Топырақты айналмалы соқамен жырту. . 35
2. 4. 2 Бұрышкескіш орнатылған айналмалы соқаның тәжірибелік корпусы. 38
2. 5 Есептеу бөлімі. . 40
2. 5. 1Айналмалы соқа жүрісінің техникалық экономикалық көрсеткіштерін есептеу40
3 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 43
3. 1 Өндірістің әлеуметтік қауіптілігі және зияндылығын талдау . . . 43
3. 2 Көлемдік жоспарлау шешімі . . . 44
3. 3 Электр қауіпсізді . . . 45 3. 4 Өртке қарсы іс-шаралар . . . 473. 5 Азаматтық қорғаныс . . . 47
4 Қоршаған ортаны қорғау . . . 49
4. 1 Қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан ауыл шаруашылығы
техникасын жөндеу учаскесінің жұмысын сипаттау49
4. 2 Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар53
5 Экономикалық бөлім . . . 54
5. 1 Бастапқы мәліметтерді таңдау . . . 54
5. 2 Экономикалық тиімділігін есептеу . . . 56
6 Бизнес-жоспар . . . 62
6. 1 Аннотация . . . 62
6. 2 Түйіндеме . . . 62
6. 3 Кәсіпорынның сипаттамасы . . . 63
6. 4 Өндірістік жоспар . . . 64
6. 5 Ұйымдастырушылық жоспар . . . 66
6. 6 Қаржылық жоспар . . . 69
Қорытынды . . . 70
Пайдаланған әдебиеттер . . . 71
Нормативтік сілтемелер
Дипломдық жобаны орындау барысында мына төмендегі құжаттарға сілтемелер жасалған.
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2. Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы.
3. «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы Заңы» құжаттары.
4. ОСТ-70. 4. 2-80 «Ауыл шаруашылығы техникасын сынау. Топырақты беттік өңдеу машиналары. Сынау бағдарламасы мен әдістері».
5. ОСТ -70. 12. 1-84 «Мелиоративтік және суғару машиналары. Сынау бағдарламасы мен әдістері».
6. Техника сельскохозяйственная. Методы эксплуатационно-технологической оценки. Техника сельскохозяйственная. Методы экономической оценки.
7. ГП 902-2-403, 86 құжаттары.
8. СН и П 11-33-85 құжаттары.
9. МЕСТ 17. 2. 3. 02-78 құжаттары.
10. ТП 903-1-212. 84 бойынша қара көмірдің ең үлкен шығынын есептеу.
Анықтамалар
Дипломдық жобаны орындау барысында мына төмендегі терминдерге анықтамалар берілген.
Топырақтың қаттылығы - оның табиғи күйінде сығылу мен сыналануға қарсыласу қабілеті.
Микробедер жасау - жырту қабатының қалыңдығын күшейту, топырақ пен атмосфера арасындағы газ айналымын жақсарту және топырақтың тез қызуын қамтамасыз ету.
Араластыру технологиялық операциясы - топырақ түйіршіктерінің өзара орналасуын өзгерту.
Топырақты тегістеу - беткі қабатының кедір-бұдырлығын жою.
Топырақ қопсыту - оның көлемін ұлғайту.
Профиль - топырақтың жырту қабаты кескінінің өзгеруі.
Гумусы молырақ - құнарлылығы жоғары.
Технологиялық операциялар - өсімдіктерді тіршілігіне қажетті жағдайлармен толық қамтамасыз етуде топырақты өңдеу.
Топырақты аудару - оның өңделетін жоғары және төменгі қабаттарының орындарын тік бағытта өзара алмастыру.
Биологиялық фактор - (микроорганизмдердің тіршілігі) әсерінен топырақтың беткі қабатында микробиологиялық процестер жақсы жүріп, өсімдіктерге қажетті қоректік заттар қорының молаюы.
Белгілер мен қысқартулар
АШК - ауыл шаруашылық кешені;
ШҰК-шекті ұйғарымды концентрация;
ШМК-шектік мүмкін концентрация;
ТҚК-техникалық қызмет көрсету;
АЖ-ағымды жөндеу;
МТС-машина трактор станциясы;
ВП-8- жер тегістегіші;
МВ-6-мала тегістегіші.
ПД-4-35- аспалы түрен;
ПД-3-35- аспалы түрен;
П-5-35- тіркемелі түрен;
БДТ-2, 2- дискелі тырма;
МПа-мега паскаль;
КБ-01, КБ-02, ББ-01- соқа корпусының маркілері;
ПНЛ-5-35 және ПНЛ-8-40-соқа маркілері
Кіріспе
Азық-түлік кешеніндегі түбірлі өзгеріс ауылшаруашылық салаларын қалыптастырумен тікелей байланысты екендігін отандық алдыңғы қатарлы қожалықтар мен шаруашылықтар және шетел тәжірибесі көрсетіп отыр.
Қазір қоғамда импорт орнын басу, басты-басты өнім түрін экспортқа шығару арқылы отандық азық-түлік кешенінің бәсекелесу қабілеттілігін арттыру жолында өндірісті технологияландырудың басымдылық ролін түсіну бар.
Жұмыстың актуалдылығы . Ендеше өнімді өнімділігі жоғары технологиямен өндіруге көшу аграрлық өндірістің басты стратегиясына айналуы тиіс. Себебі егін және мал шаруашылығының өнімділік деңгейі мен техникалық, материалдық, энергетикалық, қаражат, т. б. шығын мен қор қайтымы қарқынды және жоғары технологияны өндірісте пайдалануға тікелей байланысты.
Жаңа технологияларды өндіріске енгізу неғұрлым жоғары деңгейде жүрсе, аграрлық сала жұмыс да соғұрлым баянды болмақ. Қарашірікті қабаты қалың емес топырақты өндегенде, төменгі құнарсыз қабат үстіне шығарылады да, құнарлы қабаттың сапасын төмендетеді. Сондықтан мұндай топырақты арнаулы ойықты корпуспен өндеген жөн. Ойық корпус топырақты екі қабаттап өңдейді. Топырақты арнаулы ойықты корпуспен өндеу технологиясы қазіргі таңда актуалды деп есептеледі.
Жұмыстың ғылымилығы. Машиналы технология мен техникалық құрал кешенін ауылшаруашылық өндіріске енгізудің ерекше сипаты ретінде мыналарды атауға болады: жалпы мақсат пен ізденіс болатын, белгілейтін, түпкі міндеттің масштабы мен негізі ретінде тапсырыс иелерінің (фермер, шаруа қожалықтары, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив жетекшісі, т. б. ) санатын анықтайтын әлеуметтік тапсырыстың алдыңғы қатарда тұруы; қумалау (итеративті) - адымдау әдісімен оңтайландыру арқылы ең ұтымды деген шешімді таңдаудың есептемелік және сараптамалық-логикалық операциялардың иерархиялық тізбектемесіне сүйенуі, технологиямен техникаға ғылыми-зерттеу институты, машина сынау станциясы, т. б. қонған агро - және зоотехникалық талаптың әрдайым басымдылығы, технология мен техниканың бейімделушілігі; техникаға деген мұқтаждықты анықтау және оның коммерциялық сипаттамасына баға беруде маркетингтік зерртеудің жүргізілуі; жаңа техниканы ойластыру, жасап шығару және өндіріске пайдалану қызметін ұйымдастыруға әлеуметтік тапсырысты көрсетілген мерзімдегі біртұтас өндірістік процесс ретінде қарау.
Жұмыстың маңыздылығы. Агротехнология мен машиналар кешенінің одан әрі жетілуі, аграрлық сектордағы отандық және шетел ғалымдары мен практиктерінің еңбегіне, ауылшаруашылық техникаларын дұрыс пайдалану агроинженердің біліктілігіне де тікелей байланысты.
Жұмыстың мақсаты. Сонымен бұл жобаның негізгі мақсаты шаруа қожалықтары жағдайында жаңа технологияларды қолдану, механикаландыру деңгейін жоғарылату негізінде егістікті өңдеу технологиясын жетілдіру және екі ярусты соқаға бұрышкескіштің өлшемін жобалау болып отыр.
Жұмыстың тапсырмалары. Ауыл шаруашылығының тиімділігі еңбек өнімділігімен сипатталады Еңбек өнімділігін өсірудің дәйектігі бір жолы - ауыл шаруашылық өндірісін жарақтандыру. Өндірісті жарақтандырудың екі түрлі шешімі бар. Біріншісі - шаруашылықты конструкциясы жетік, сенімділігі мол, жұмыс өнімділігі жоғары техникамен жеткілікті деңгейде жабдықтау да, екіншісі - сол техниканы ұтымды пайдалану.
Машина пайдаланудың түпкі мұраты-дақыл өсіру жұмысын агротехникалық мерзім ішінде түгелдей және сапалы атқарып, жарақталған жұмыстың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету. Жоғарыда атаған мәшине пайдалану ісінің әрқайсысы осы мақсатқа қызмет етеді. Олардың әрбіреуінің өзіндік атқару технологиясы, техникасы, инженерлік қызметі мен материалдық - техникалық қоры бар.
Зерттеу объекті. Солардың бәрін түпкі мақсатқа жұмылдырудың ұтымды жолын мәшине пайдалану ғылымы зерттеп, оның технологиялық, техникалық және айналмалы соқа түренінің бұрыш кескіші өлшемін негіздеу.
Еліміздегі «Ауыл жылдары» бағдарламасының жүзеге асырылуынан кейін және бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірудің стратегиялық бағыттары бойынша тұралаған ауыл шаруашылығын қайтадан қолға алу, ауыл шаруашылығын заманға лайық кең де терең реформалауға байланысты машиналы агротехнология мен оның техникалық құралын жүйелілік тұрғысынан жасау мұқтаждығы, бұрынғыдай жекелеген машиналы емес, машиналардың соңғы әрі келешектегі технологиялаларға негізделген кешенін ауылшаруашылық өндіріске енгізу қажет болып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында суғармалы егіншілік алқабын ұлғайту ұсынылған - бұл келешекте мақта, қызылша, дән, көкөніс, т. б. ауыл шаруашылық дақылдары көлеміннің кеңейуіне, азық-түлік өнімін арттырудың үлкен қоры.
- Аналитикалық бөлім
1. 1 Топырақ өңдеу
Топырақ өңдеу - ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп - өнуіне қолайлы жағдайлар жасау үшін топырақ өңдеуші машиналар мен құралдардың жұмысшы органдары арқылы топыраққа механикалық әсер ету. Топырақ өңдеу егісті арамшөптерден тазартуға, ауыл шаруашылық дақылдары ның зиянкестері мен ауру таратушыларды жоюға, сонымен қатар шымның, тыңайтқыштар мен гербицидтердің топыраққа сіңіп кетуіне және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымының белгілі бір тереңдікке енуіне мүмкіндік береді.
Топырақ өңдеу қаншалықты тереңдікте жүргізілуіне байланысты:
- негізгі - жер жырту, топырақты қопармай тереңнен қопсыту, т. б. ;
- беткі қабатты сыдыра жырту, қопсыту, тырмалау, т. б. ;
- арнайы - тереңнен қопара жырту, т. б. болып ажыратылады.
Топырақ өңдеудің қопсыту, үгіту, аудару, тығыздау, егістік бетін тегістеу, топырақты араластыру, арамшөптерді кесу, топырақ бетінде өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру, микрорельеф қалыптастыру, т. б. түрлері бар.
Қопсыту - топырақ бөліктерінің өзара орналасуын соқа, қопсытқыш, көп пышақты топырақ өңдегіштің көмегімен топырақта ірі кеуектілік пайда болатындай етіп өзгерту.
Үгіту - қатып қалған ірі кесек топырақтарды ұнтақтау, ұсату. Қопсыту, аудару, араластыру жұмыстырмен бір мезгілде жүргізіледі.
Аудару - құрамындағы суы, қарашіріндісі, қоректік заттары мен микро организмдеріне қарай ерекшеленетін топырақ қабаттарын тік бағытта орнын ауыстыру. Тығыздау - топырақ бөліктерінің өзара орналасуын топырақта азғантай кеуектілік пайда болатындай етіп өзгерту.
Егістік бетін тегістеу - топырақтағы тегіс емес жерлерді жөндеу; сүйреткі, ысырма, тырма, таптауыштардың көмегімен атқарылады.
Топырақты араластыру - органик заттар, тыңайтқыштар, әктің ыдырау өнімдері біркелкі таралып өңделетін біртектес қабат жасау.
Арамшөптерді кесу, қопсыту, аудару, топырақты араластыру жұмыстарымен қатар жүргізіледі. Топырақ бетінде өсімдіктің қысқа сабақтарын қалдыру кескіш-қопсытқыштың, тереңнен қопсытқыштың, аударғыштардың, тісті тырманың көмегімен орындалады.
Микрорельеф қалыптастыру (атыз, жүйек, жал, саңылау, ұя) топырақтың ауа және су режимін реттеу үшін жасалынады. Жыртуға арналған қуатты қабат қалыптастыруда табиғи құнарлылығы төмен тұзды және шымтезекті топырақтарды құнарландыру үшін арнайы топырақ өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін топырақтың бетіне немесе біршама тереңдігіне әр түрлі тыңайтқыштар енгізіледі. Өңдеу үшін атқарылған жұмыстардың жиынтығын
топырақ өңдеу жүйесі деп атайды. Жаздық, күздік, т. б. дақылдардың Топырақ өңдеу жүйесі әр түрлі болады. Суармалы, қайтадан тыңайтылған жерлердің, эрозияға қарсы, т. б. топырақ өңдеу жүйелері де бар. Топырақтың жыртылған қабатының борпылдақ жағдайда болуы барлық отамалы дақылдар үшін (қант қызылшасы, картоп, жүгері, т. б. ) қажет болса, басқа көпшілік дақылдарға топырақтың беткі қабатының құрылымы уақ түйіртпекті болғаны қолайлы.
Міне, сондықтан да отамалы дақылдар аралығын жиі өңдегенде, топырақ беті борпылдақ күйінде сақталады. Кейде топырақ қабатындағы ылғал тез буланып, ауаға ұшқанда оның бетін тырмалап, борпылдақ етеді, сонда оның бетінен ылғалдың булану мөлшері төмендейді. Ал керісінше топырақ бетінен ылғал тез буланып кету үшін оның бетін ауырырақ техникамен өңдеп (малалау) тығыздайды. Сонда топырақ қабатындағы капиллярлар (қылтүтіктер) бір-біріне тез жалғасып, оның құрамындағы ылғал ауаға тез ұшады. Әдетте топырақты мұндай өңдеулер топырақ беті бос, егіс егілмей тұрған кезде немесе арнайы егіс егілмейтін сүрі жер танабында жүргізіледі.
Топырақ өңдеудің басты мәселесі - жерді жырту сол егістік орналасқан аймақтардың табиғи жағдайларына тікелей байланысты. Мысалы, Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы дәнді дақылдар өсірілетін негізгі егістіктер жел эрозиясына қатты ұшырайтындықтан, негізінен қайырмалы соқамен жыртылмай, жай қопсытылады. Ал оңт. аудандардағы еңіс тау беткейлерінде су эрозиясы болмас үшін, жерді жыртқан кезде жырту бағытын беткей еңісіне көлденең етіп жырту немесе жемісті ағаштарды қолдан жасалған сатылы белдеулерге (терраса) орналастыру тәжірибесі қолданылады.
Кейбір жағдайларда топырақ құнарлылығын топырақ ортасының жағымсыз реакциялары да кемітеді. Мысалы, солтүстік аймақтарда топырақ ортасының қышқылды реакциясы басым болса, оңт. құрғақ шөлді аймақтарда керісінше сілтілі реакция басым түсіп, топырақ құнарына теріс әсер етеді. Бұл жағдаймен күресу үшін қышқылды топырақтардың сол қабатына қажетті мөлшерде әк енгізілсе, сілтілі топырақтардың қабатына тиісті мөлшерде гипс енгізіледі.
Бұл шаралар топырақты хим. жақсарту деп аталады. Ал егістік жерлердегі көбейіп кететін арамшөптермен күресу үшін ауыспалы егіс жүйесінде арнайы сүрі жер танабы енгізіліп, жыл бойы әр түрлі өңдеулерден өтіп, арамшөптерден тазартылады.
Топырақ өңдеудің біршама күрделі шаралары суармалы егістік жерлерде жүзеге асырылады. Көктемде және тұқым себер алдында топырақ өңдеу үшін тырмалау, тырмалап қопсыту, тегістеп қопсыту жұмыстары жүргізіледі. Тұқым себілгеннен кейін топырақты нығыздап, жер бетіне өскіні шыққанға дейін және шыққаннан кейін де тырмалайды. Қайтадан тыңайтылған жерлердегі топырақ өңдеу жұмыстарына шымтезекті-батпақты және жайылма, орманды және тыңайған жерлердегі өнімділігі аз топырақтарды өңдеу жатады.
1. 2 Топырақ өңдеудің мақсаты мен тәсілдері
Топырақ өңдеу және оның маңызы мен мақсаттары. Топырақ ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі өндіріс құралы болғандықтан, оның барлық қасиеттерін, әсіресе құнарлығын ұдайы жақсартып отыру керек. Топырақтың жалпы құнарлығын, оның ішінде тиімді құнарлығын жақсарту мақсатымен адамдар әр түрлі агротехникалық шараларды жүзеге асырады. Атап айтқанда, жерді өңдейді, органикалық (көң, қорда, жасыл тыңайтқыш, сабан, құстың саңғырығы және басқалар) және минералдық (азотты, фосфорлы, калийлі, күрделі) тыңайтқыштарды қолданады, ауыспалы егістерді игереді, егінді суарады, ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары және зиянкес жәндіктермен күрес жүргізеді, арамшөптерді құртады және басқа агротехникалық шараларды жүзеге асырады.
Осылардың ішінде егіншіліктегі маңыздылығы жағынан ерекше орын алатыны - топырақ өңдеу. Ғылыми және өндірістік тұрғыдан алып қарасақ, оны егіншіліктің іргетасы деуге болады. Э. Расел топырақ өңдеудің маңыздылығы, оның құнарлылығын арттыру үшін қолдан берілетін тыңайтқыштардан да зор, өйткені тыңайтқыш беру арқылы біз топырақтың тек қоректену режимін жақсартсақ, ал топырақты өңдеу арқылы оны терең қопсытып ауа, жылу, ылғал және қоректік заттар режимдерін қолайлы жағдайға келтіреміз деген еді.
Шынында да тіршілік факторларының өсімдіктер үшін қолайлы түрде қалыптасуы топырақ өңдеу жүйесіне тікелей байланысты. Топырақ өңдеу жұмысы дер кезінде және сапалы түрде жүргізілсе, оның ылғалдық, жылулық, ауа және қоректік режимдерінің жақсы реттелуіне, яғни ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп - өнуіне және дамуына оңтайлы жағдай жасалады. Топырақты өңдеу нәтижесінде оның жырту қабатының құрылымы, тығыздығы, құрылысы, фитосанитарлық және басқа жағдайлары жақсарады (1 сурет) .
Сурет 1. Топырақты терең жырту нәтижесінде ауа, жылу, ылғал және қоректік режимдерінің реттелуі
Сонымен топырақ өңдеу деп - ауыл шаруашылық дақылдарының өсуіне қолайлы жағдай жасау үшін топыраққа ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарының жұмыс органдары арқылы механикалық әсер етуді айтады.
Өзінің мағынасы, еңбек шығыны және энергияны қажет ету жағынан топырақ өңдеу егіншілікте басқа агротехникалық шаралардың ішінде бірінші орында тұр. Сондықтан оны басқа ешқандай агротехникалық шаралармен алмастыруға болмайды. Топырақ өңдеу жүйесі дұрыс және сапалы жүргізілсе, ауыл шаруашылық дақылдарының өсіп-дамуына қолайлы жағдай туып, олардың түсімі артады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz