Топырақ қабатын терең қопсыту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 04-08

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тынысбек Нұрғали Бақытғалиұлы

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Айдау қабаты топырағы түбінің табанын қопсытуға арналған жұмысшы орган жарату жобасы

мамандығы 5В080600 - «Аграрлық техника және технология»

Шымкент, 2016

Ф. 7. 04-09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРА Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

т. ғ. к., Г. С. Кенжибаева

“”2016ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: «Айдау қабаты топырағы түбінің табанын қопсытуға арналған жұмысшы орган жарату жобасы»

мамандығы 5В080600 - «Аграрлық техника және технология»

Орындаған Тынысбек Н. Б.

Ғылыми жетекшісі

т. ғ. к., доцент Манабаев Н. Т.

Шымкент, 2016

Ф. 7. 04-10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектебі

Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника кафедрасы

Мамандығы 5В080600 - «Аграрлық техника және технология»

«БЕКІТЕМІН»

Су ресурстары, жерді

пайдалану және агротехника

Кафедрасы меңгерушісі Г. С. Кенжибаева

“”2016 ж.

Дипломдық жоба орындауға

ТАПСЫРМА №11

Студент Тынысбек Нұрғали АП -12-3к2

Жоба тақырыбы: Айдау қабаты топырағы түбінің табанын қопсытуға арналған жұмысшы орган жарату жобасы

Университет бойынша 16. 11. 2015 ж. №3-221 С бұйрығымен бекітілген

Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі 28. 04. 2016 ж.

Жобаның бастапқы мәліметтері: Топырақты терең қопсытуға арналған агрегаттар мен жұмысшы органдары

Дипломдық жобаны орындауға қатысты сұрақтар тізімі:

1Топырақты терең өңдеудiң тәсiлдерi мен құралдары.

2Қазақстанда топырақты өңдеу әдістері.

3Топырақ қабатын терең қопсыту.

4Топырақтың мелиоративтік жағдайын жақсарту технологиясы.

5Терең қопсытқыш агрегатының жұмыс өнімділігі.

6 Зерттеу жұмыстарының нәтижелері.

7 Айдау қабаты топырағы түбі табанын қопсытатын агрегатының жұмысшы органдары.

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАНЫҢ МАЗМҰНЫ

Бөлімдер
Кеңесші Т. А. Ә. қолы
№: 1
Бөлімдер: 2
Кеңесші Т. А. Ә. қолы: 3
№: 1
Бөлімдер: Аналитикалық бөлім
Кеңесші Т. А. Ә. қолы: Манабаев Н. Т.
№: 2
Бөлімдер: Технологиялық бөлім
Кеңесші Т. А. Ә. қолы: Манабаев Н. Т.
№: 3
Бөлімдер: Тіршілік қауіпсіздігі
Кеңесші Т. А. Ә. қолы: Манабаев Н. Т.
№: 4
Бөлімдер: Экология
Кеңесші Т. А. Ә. қолы: Манабаев Н. Т.
№: 5
Бөлімдер: Экономика
Кеңесші Т. А. Ә. қолы:
№: 6
Бөлімдер: Бизнес-жоспар
Кеңесші Т. А. Ә. қолы:

Графикалық материалдардың тізімі:

1. Жазықтiлгiш- терең қопсытқыш ПГ-3-100

2. Топырақты терең қопсыту нәтижесінде ауа, жылу, ылғал және қоректік режимдерінің реттелуі

3. РН-60 терең қопсытқышы Т-100 тракторымен агрегатталуда

4. Топырақты жолақ бойынша өңдеуге арналған терең қопсытқыштың схемасы мен оның жұмысшы мүшелері

5. Терең қопсытқыштың негізгі көрсеткіштері

6. Терең қопсытқыштың жұмысшы мүшелерімен топырақтың деформациялануы және бөлектенуі

7. Екі ярусты соқаның төменгі ярус корпусына қопсытқыш пышақ орнату схемасы

8. Қопсытқыш пышаққа әсер етуші күштер кескіні

9. Экономикалық бөлім

Ұсынылған негізгі әдебиет

1. Халанский В. И., Горбачев И. В. Сельскохозяйственные машины. - М. : Колос, 2004.

2. Программа по развитию агропромышленного комплекса в республике Казахстан на 2013-2020 годы (агробизнес - 2020) . Астана, 2012 .

3. Под ред. Рахимбаева Ф. М. Сельскохозяйственные гидротехнические мелиорации. Ташкент, Мехнат. 1988.

Тапсырманың берілген күні 16. 11. 2015ж.

Дипломдық жоба ғылыми жетекшісі Манабаев Н. Т.

Тапсырманы орындауға алған студент Тынысбек Н. Б.

Ф. 7. 04-11

Дипломдық жобаны орындауға

КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ

Бөлімдер

Орындалу

%

Орындау мерзімі

Тапсырма

берілген күн

Тапсырма

орындалған күн

Кеңесші қолы
№: 1
Бөлімдер: Кіріспе
Орындалу%: 5
Орындау мерзімі: 5 күн
Тапсырмаберілген күн: 16. 11. 2015
Тапсырмаорындалған күн: 21. 11. 2015
Кеңесші қолы:
№: 2
Бөлімдер: Аналитикалық бөлім
Орындалу%: 15
Орындау мерзімі: 40 күн
Тапсырмаберілген күн: 22. 11. 2015
Тапсырмаорындалған күн: 31. 12. 2015
Кеңесші қолы:
№: 3
Бөлімдер: Технологиялық бөлім
Орындалу%: 40
Орындау мерзімі: 40 күн
Тапсырмаберілген күн: 01. 01. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 10. 02. 2016
Кеңесші қолы:
№: 4
Бөлімдер: Тіршілік қауіпсіздігі
Орындалу%: 5
Орындау мерзімі: 15күн
Тапсырмаберілген күн: 11. 02. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 26. 02. 2016
Кеңесші қолы:
№: 5
Бөлімдер: Экология
Орындалу%: 5
Орындау мерзімі: 15 күн
Тапсырмаберілген күн: 27. 02. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 13. 03. 2016
Кеңесші қолы:
№: 6
Бөлімдер: Экономика
Орындалу%: 10
Орындау мерзімі: 20 күн
Тапсырмаберілген күн: 14. 03. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 04. 04. 2016
Кеңесші қолы:
№: 7
Бөлімдер: Бизнес-жоспар
Орындалу%: 10
Орындау мерзімі: 20 күн
Тапсырмаберілген күн: 05. 04. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 25. 04. 2016
Кеңесші қолы:
№: 8
Бөлімдер: Қорытынды
Орындалу%: 5
Орындау мерзімі: 1 күн
Тапсырмаберілген күн: 25. 04. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 26. 04. 2016
Кеңесші қолы:
№: 9
Бөлімдер: Пайдаланған әдебиет
Орындалу%: 5
Орындау мерзімі: 2 күн
Тапсырмаберілген күн: 26. 04. 2016
Тапсырмаорындалған күн: 28. 04. 2016
Кеңесші қолы:
№:
Бөлімдер: Жалпы
Орындалу%: 100
Орындау мерзімі:
Тапсырмаберілген күн:
Тапсырмаорындалған күн:
Кеңесші қолы:

Дипломдық жоба жетекшісі

(күні, қолы)

Дипломдық жоба орындаушы

(күні, қолы)

Норма бақылау

(күні, қолы)

Аннотация

Жоба тақырыбы: «Айдау қабаты топырағы түбінің табанын қопсытуға арналған жұмысшы орган жарату жобасы», студент Тынысбек Н. Б., ғылыми жетекшісі т. ғ. к., доцент Н. Т. Манабаев, қорғау мерзімі 2016 ж.

«Айдау қабаты топырағы түбінің табанын қопсытуға арналған жұмысшы орган жарату жобасы» тақырыбына жазылған дипломдық жоба 6 бөлімнен, 25 -кесте, 15 -сурет, 32 -теңдеу, қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

Дипломдық жоба мақсаты егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызып өнімділікті арттыру және еңбек шығындарын төмендету мақсатында агротехника, машиналы технология, механикаландыру барысында тұрақты машиналар жүйесін пайдалану және басқа салалардағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін қолдану болып отыр.

Дипломдық жобада ауыл шаруашылығы өндірісін ілгері қарай дамыту бұл саланың жұмыстарын интенсивтендіру және энергия сиымдылығы аз технологияларды пайдалану арқылы іске асыруды. Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнын азайту жолдарының бірі шаруашылықтағы бар техникалардан пайдалануды дұрыс ұйымдастыру және топырақтың беткі қабатын қопсытуға арналған агрегаттың жұмысшы органын жобалау қарастырылған.

Дипломдық жобада егу алдында топырақты дайындау, топырақты тырмалау агрегатының жұмысшы органын жетілдіру нұсқасы ұсынылады және есептеулері келтіріледі.

Топырақты егу алдында тырмалау агрегатының жұмысшы органының құрылымдық ерекшеліктері қарастырылып, ұсынылған технологияның агротехникалық талаптарға толық жауап беретіндігі дәлелденген.

Тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары қарастырылды. Жобаның экономикалық тиімділігі негізделіп берілді. Бизнес-жоспар жасалынды.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 9

Анықтамалар . . . 10

Белгілер мен қысқартулар . . . 11

Кіріспе . . . 12

1 Аналитикалық бөлім . . . 14

1. 1 Топырақты терең өңдеудiң тәсiлдерi мен құралдары . . . 14

1. 2 Топырақ өңдеудің мақсаты мен тәсілдері . . . 16 1. 3 Қазақстанда топырақты өңдеу әдістері . . . 17

2 Негізгі бөлім . . . 19

2. 1 Топырақ қабатын терең қопсыту . . . 19

2. 2 Топырақтың құнарлығын сақтау . . . 20

2. 3Топырақтың мелиоративтік жағдайын жақсарту технологиясы және технологияны пайдаланудың негізгі кезеңдері мен агротехникалық шаралары . . . 23

2. 4 Терең қопсытқыш агрегатының жұмыс өнімділігі . . . 25

2. 5 Топырақты жолақ бойынша терең қопсыту . . . 26

2. 6 Терең қопсытқыштың жұмысшы мүшелерінің топырақпен өзара әрекеттесуі зерттеу . . . 30

2. 7 Жаңа терең қопсытқышты сынаудан өткізу . . . 31

2. 8Жаңа терең қопсытқыштың агрегатталуы мен пайдалануы бойынша ұсыныстар . . . 33

2. 9 Зерттеу жұмыстарының нәтижелері . . . 34

3 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 38

3. 1 Өндірістің әлеуметтік қауіптілігі және зияндылығын талдау . . . 39

3. 2 Көлемдік жоспарлау шешімі . . . 40

3. 3 Электр қауіпсіздік . . . 40

3. 4 Өртке қарсы іс-шаралар . . . 42

3. 5 Азаматтық қорғаныс . . . 42

4 Қоршаған ортаны қорғау . . . 44

4. 1Қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу учаскесінің жұмысын сипаттау . . . 44

4. 2Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар . . . 48

5 Экономикалық бөлім . . . 49

5. 1 Бастапқы мәліметтерді таңдау . . . 49

5. 2 Экономикалық тиімділігін есептеу . . . 51

5. 3 Пайдаланған және келтірілген шығындарды анықтау . . . 51

5. 4 Жаңа техниканы пайдаланудың экономикалық тиімділік көрсеткіштері. 54

6 Бизнес-жоспар . . . 57

6. 1 Аннотация . . . 57

6. 2 Түйін . . . 57

6. 3 Кәсіпорынның сипаттамасы . . . 59

6. 3. 1 Менеджмент . . . 59

6. 4 Өндірістік жоспар . . . 60

6. 5 Ұйымдастырушылық жоспар . . . 65

6. 6 Қаржылық жоспар . . . 67

Қорытындылар мен ұсыныстар . . . 69 Қорытынды . . . 70 Пайдаланғанған әдебиеттер тізімі . . . 71

Нормативтік сілтемелер

Дипломдық жобаны орындау барысында мына төмендегі құжаттарға сілтемелер жасалған.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2 Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы

3 «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы Заңы» құжаттары

4 ОСТ-70. 4. 2-80 «Ауыл шаруашылығы техникасын сынау. Топырақты беттік өңдеу машиналары. Сынау бағдарламасы мен әдістері»

5 ОСТ -70. 12. 1-84 «Мелиоративтік және суғару машиналары. Сынау бағдарламасы мен әдістері»

6 Техника сельскохозяйственная. Методы эксплуатационно-технологической оценки. Техника сельскохозяйственная. Методы экономической оценки

7 ГП 902-2-403, 86 құжаттары

8 СН и П 11-33-85 құжаттары

9 МЕСТ 17. 2. 3. 02-78 құжаттары

10 ТП 903-1-212. 84 бойынша қара көмірдің ең үлкен шығынын есептеу.

Анықтамалар

Дипломдық жобаны орындау барысында мына төмендегі терминдерге анықтамалар берілген.

Топырақтың қаттылығы - оның табиғи күйінде сығылу мен сыналануға қарсыласу қабілеті.

Микробедер жасау - жырту қабатының қалыңдығын күшейту, топырақ пен атмосфера арасындағы газ айналымын жақсарту және топырақтың тез қызуын қамтамасыз ету.

Араластыру технологиялық операциясы - топырақ түйіршіктерінің өзара орналасуын өзгерту.

Топырақты тегістеу - беткі қабатының кедір-бұдырлығын жою.

Топырақ қопсыту - оның көлемін ұлғайту.

Профиль - топырақтың жырту қабаты кескінінің өзгеруі.

Гумусы молырақ - құнарлылығы жоғары.

Технологиялық операциялар - өсімдіктерді тіршілігіне қажетті жағдайлармен толық қамтамасыз етуде топырақты өңдеу.

Топырақты аудару - оның өңделетін жоғары және төменгі қабаттарының орындарын тік бағытта өзара алмастыру.

Биологиялық фактор - (микроорганизмдердің тіршілігі) әсерінен топырақтың беткі қабатында микробиологиялық процестер жақсы жүріп, өсімдіктерге қажетті қоректік заттар қорының молаюы.

Белгілер мен қысқартулар

АШК - ауыл шаруашылық кешені.

СТВХ- қолданыстағы сепкіш маркасы.

ШҰК-шекті ұйғарымды концентрация.

ШМК-шектік мүмкін концентрация.

ТҚК-техникалық қызмет көрсету.

АЖ-ағымды жөндеу.

МТС-машина трактор станциясы.

ВП-8- жер тегістегіші.

МВ-6-мала тегістегіші.

ПД-4-35- аспалы түрен.

ПД-3-35- аспалы түрен.

П-5-35- тіркемелі түрен.

БДТ-2, 2- дискелі тырма.

РУМ -органикалық тыңайтқыш себу машинасы.

АРУП - 8 минерал тыңайтқыш себу машинасы.

АБА - 0, 5 автомобилді минерал тыңайтқыш себу машинасы.

Кіріспе

Қазақстан республикасы аграрлық мемлекеттер қатарына жатады, сондықтан ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге көп мән беру қажет. Республиканың оңтүстік аймақтары құнды мақта, көкөніс дақылын өсіретін негізгі аймақ болып табылады. Бірақта, кейінгі жылдарда ауа - райының қолайсыздығы, климаттың қуаншылық жағдайына байланысты топырақтың мелиоративтік жағдайын жақсарту технологиясын жетілдірудің қажеттілігі байқалып келеді.

Жұмыстың актуалдылығы . Егістік танаптарының топырақтарын ойдағыдай өңдеу егіншілік мәдениетін көтерудің басты шартарының бірі болып саналады. Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп - дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып ұзақ сақталады соны мен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді. Сондықтан, топырақтың мелиоративтік жағдайын жақсартатын технологияны жетілдіру жұмыстың актуалдылығын көрсетеді.

Жұмыстың ғылымилығы. Өңдеу жұмысы ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және биологиялық процестердің жоғары қарқынды жүруіне әсер етеді және олардың топырақтағы өзгерістері мәдени өсімдіктері үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Өңдеудің көмегімен ылғалды мол аудандардағы артық ылғалдың кемітуге, ал құрғақшылық аудандарда ылғалды жыйнауға болады. Арамшөптермен күресуде топырақты өңдеудің рөліне баға жетпейді. Осы мәселелерді үйрену ғылыми зерттеулер мен тұжырымдарды талап етеді.

Жұмыстың маңыздылығы. Бәріне мәлім, суғармалы шаруашылықтың белгілі бір ерекшелігі бар, бұл ерекшелік барлық салалардың дамуының егін өсіру шаруашылықтарындағы капиталды көп қажет ететін суғару жүйелерінің - коллекторлық-дренаждық желілердің, гидро-техникалық құрылымдардың, суғару каналдарының және т. б. жағдайына байланыстылығынан байқалады. Топырақтың мелиоративтік жағдайын жақсартатын технология аталған мәселелердің шешімін жеңілдетумен маңызды.

Жұмыстың мақсаты. Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін машиналармен өндіргіш құралдар арқылы топыраққа механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деп айтылады. Топырақты өңдеуге органикалық және минералдық тыңайтқыштарды ендіруге көп жылдық шөп пен сабан түптерін сондай - ақ топырақтың жоғары қабатында аңызда арамшөптерде болатын зиянкестер мен өсімдіктер аурулардың тұқымдарын жауып әрі тұншықтырылады. Егіншіліктің ұзақ жылғы тарихында өңдеу тәсілдері мен құралдары қарапайым түрінен бастап осы заманға топырақты өңдейтін құралдар мен машиналарға дейін үлкен өзгерістерден өтті.

Бірақта, айдау қабаты топырағы түбінің табанын қопсыту талабы орындалмай келеді деуге болады. Айдау қабаты топырағы түбінің табанын қопсытуға арналған жұмысшы органын жетілдіру жобасы мақсатқа сай.

Жұмыстың тапсырмалары. Топырақты өңдеу мынандай міндеттерді орындайды. 1. Арамшөптерді жою 2. Топыраққа органикалық, минералдық тынайтқыштарды, улы химикаттарды енгізу. 3. Өсімдік шаруашылығындағы дақылдарды зақымдайтын зиянкестер мен ауыр қоздырғыштарды жою. 4. Топырақтың су эрозиясы мен дефеяцияға тұрақтылығын арттыру. т. б. міндетті кіреді.

Өнімділікті арттыру және еңбек шығындарын төмендету мақсатында агротехника, машиналы технология, механикаландыру барысында тұрақты машиналар жүйесін пайдалану және басқа салалардағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін қолдану қажет.

Бұл негізінен ауыл шаруашылығы өндірісінде, ауыл шаруашылығы машиналарының жаңа түрлерін жасау мен өндіріске енгізу және технологиялық процестерді орындайтын құралдарды аз энергия мен материалдар шығынын жұмсаумен байланысты болады.

Инженерлік қамтамасыз ету төмен, ол өнеркәсіпке қарағанда ауыл шаруашылығында қарқынды түрде орын алуда. Тракторлар, автомобильдер және мелиоративтік машиналар паркінің қысқаруына байланысты қолдағы қалған техникаға жүктелу деңгейі артады, оларды жұмыс істеуге қабілетті жағдайда ұстап тұру шығындары жоғарылайды. Машиналардың жұмыс істеуге қабілетті жағдайының төмендеуі агротехникалық мерзімдердің бұзылуына алып келеді, сәйкесінше, алынатын өнімнің кемуіне соқтырады.

Жобада мынадай тапсырмаларды үйрену қарастырылады:

1Қазақстанда топырақты өңдеу әдістері.

2Топырақты терең өңдеудiң тәсiлдерi мен құралдары.

3Топырақ қабатын терең қопсыту.

4Топырақтың мелиоративтік жағдайын жақсарту технологиясы.

5Терең қопсытқыш агрегатының жұмыс өнімділігі.

6 Айдау қабаты топырағы түбі табанын қопсытатын агрегатының жұмысшы органдарын жетілдіру.

Зерттеу объекті. Ауыл шаруашылығы өндірісін ілгері қарай дамыту бұл саланың жұмыстарын интенсивтендіру және энергия сиымдылығы аз технологияларды пайдалану арқылы іске асыруға болады. Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнын азайту жолдарының бірі шаруашылықтағы бар техникалардан пайдалануды дұрыс ұйымдастыру және айдау қабаты түбі топырағын қопсытуға арналған жұмысшы органын жарату.

Сонымен, дипломдық жобаның мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы шаруа қожалықтары жағдайында жаңа технологияларды қолдану, механикаландыру деңгейін жоғарылату негізінде егістік көлеміне сәйкес топырақтың мелиоративтік жағдайын жақсарту технологиясы және айдау қабаты асты топырағын терең қопсытқыш жұмысшы органын өндіріске енгізу болып отыр.

1 Аналитикалық бөлім

1. 1 Қазақстанда топырақты өңдеу әдістері

Егістік танаптарының топырақтарын ойдағыдай өңдеу - егіншілік мәдениетін көтерудің басты шартының бірі болып саналады.

Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп-дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып, ұзақ сақталады, сонымен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.

Топырақты өңдегенде құрылымы төмендеген беткі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры анағұрлым көп төменгі қабат ауысып түседі. Мұндай жағдайда аэробты мироорганизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Сонымен топырақты өңдеу арқылы оның қабаттарына ылғал, ауа және қажетті қоректік заттардың қорын молайтуға болады.

Топырақты өңдеудің мақсаты. Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін машиналар мен өндіргіш құралдары арқылы топыраққа механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деп атайды.

Топырақты өңдеуде органикалық және миниралдық тыңайтқыштарды ендіруге, қөпжылдық шөп пен сабан түптерін, сондай-ақ топырақтың жоғарғы қабатында, аңызда, арамшөптерден болатын зиянкестер мен өсімдік ауруларының тұқымдарын жауып, әрі тұншықтырады.

Егіншіліктің ұзақ жылғы тарихында өңдеу тәсілдері мен құралдары қарапайым түрінен бастап, осы заманғы топырақты өңдейтін құралдары мен машиналарға дейін үлкен өзгерістерден өтті.

Өдеу ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және биологиялық процестердің жоғарғы қарқынды жүреді, өсімдіктер үшін қолайлы жағдайларды жасайды. Яғни су және коректік заттар өсімдікке тікелей топырақ арқылы бірігіп әсер етеді.

Өңдеудің көмегімен ылғалы мол аудандардағы артық ылғалды кемітуге, ал құрғақшылық аудандарда ылғалды жинауға болады. Арамшөптермен күресуде топырақты өндеудің роліне баға жетпейді.

Танапқа себілетін тұқымдық дән топырактағы барлық керекті факторларды тиімді түрде бойына сіңіре отырып, көктеп шығатындай және толысып есетіндей етіп өндеу қажет.

Қазіргі егіншіліктегі ғылыми-техникалық прогреске байланысты топырақ еңдеудің тәсілдері мен құралдарының саны тұрақты өсіп келеді. Мұның өзі бір жағынан топырақ құнарлығына қарқынды әсер етуінің қажеттілігінен туса, екінші жағынан кұнарлылығы темендеген топырақтарға да егін егудің қажеттігінен туып отыр.

Топырақты өңдеудің міндеттері. Топырақты өңдеуде мынадай міндеттер орындалады:

1 Мәдени өсімдіктерге қолайлы факторлармен (су, ауа, жылу, қоректік заттар) қамтамасыз ету үшін топырактың өнделетін қабатына оптималды түйіршіктер, қолайлы кұрылым дайындау.

2 Арамшөптерді жою.

3 Танап топырағына органикалык, минералдык тыңайткыштарды, химиялық мелиоранттарды, улы химикаттарды енгізу.

4 Ылғалы тапшы жағдайда жинап әрі сақтау, ылғалы мол жағдайда танап топырағынан артық ылғалды оптималды түрге келтіру.

5 Топырақ қабатынағы микробиологиялық процестерге қарқынды әсер етумен қоректік заттардың жиналуын, сакталуын жаксарту.

6 Өсімдік шаруашылығындағы дакылдарды закымдантын зиянкестер мен ауру қоздырғыштарды жою.

7Танап топырағының оптималды терендігіне мәдени дақылдардың тұқымдарын себу.

8 Топырактың су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру.

9Шымтопырақты, тың, тыңайтылған танаптағы болмаса кыртысты топыракта өскен көпжылдық шөптер тіршілігін жою.

1. 2 Егістікті терең қопсытудың тәсiлдерi мен құралдары

Топырақты терең өңдеу дегенiмiз - бүкiл жыртылатын қабаттың құнарлылығын арттыру мақсатында топырақтың генетикалық құрылысын айтарлықтай өзгертпестен топыраққа құралдар мен машиналар арқылы әсер ету. Солтүстiк Қазақстан жағдайында топырақты терең өңдеу негiзiнен 20-22 және 25-27 см тереңдiкте жүргiзiледi. Аймақтарына қарай, терең өңдеудiң басты тәсiлдерiне жердi жырту және терең қопсыту жатады.

Жердi жырту терең қопсытуға қарағанда көп ерте қолданыла бастаған. Жердi жыртудың сапасы 1863 жылы Рудольф Сакк шым аударғышы, пышағы және қайырмасы бар соқаны ойлап тапқаннан кейiн күрт жақсарды. Оған 1871 жылы Париждегi дүниежүзiлiк көрмеде құрметтi диплом тапсырылды. Рудольф Сакк өзінiң құралын «мәдени соқа» деп атады. Содан берi жердi шым аударғышы бар соқамен жыртуды «мәдени жырту» деп орынды айтады.

Бұдан кейiн тракторға тiркелетiн соқалар жасалды, олардың алымы кеңейдi, бiрақ оның жұмыс орындау қағидасы негiзiнен сол күйiнде қалды.

Ұзақ уақыт бойы жердi соқамен жырту, топырақты терең өңдеудiң бiрден-бiр дерлiк тәсiлi болып келдi. Тек елуiншi жылдардың басына ғана Т. С. Мальцев жердi жыртудың бұл үстемдiгiн бұзды. Ол топырақты терең өңдеуге бiрiншi рет арнайы дайындалған қайырмасыз соқаны қолданды (1 сурет) . Өңдеудiң жаңа тәсiлiн жаңа төрт және бес танапты ауыспалы егiстерде ұзақ уақыт жүргiзiлген сынау жақсы нәтиже бердi.

Сурет 1. Т. С. Мальцевтің соқасы

Тың және тыңайған жерлерді игергеннен кейін Солтүстік Қазақстанда жылда жерді соқамен жырту, әсiресе механикалық құрамы жеңiл және карбонатты топырақтарда, топырақ дефляциясына әкелiп соқты. Т. С. Мальцев әдiсiмен топырақтың беткi қабатын аудармай өңдеу оны толық қорғай алмады. Топырақты өңдеудiң жаңа, жетiлдiрiлген тәсiлдерi мен құралдары керек болды.

Бұл жұмыстарды академик А. И. Бараевтың басшылығымен Бүкiл Одақтық астық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының (БОАШҒЗИ) ғалымдары жүргiздi. Топырақты терең өңдеудi, аңыз паясының 80% дейiн топырақ бетiнде сақтайтын, жазықтiлгiш-терең қопсытқыштармен (2 сурет) жүргiзе бастады. Қалдырылған аңыз паясы топырақты желге ұшудан қорғайтын «сенiмдi қорған» болды. Сонымен қатар, танапта сақталған аңыз паясы қарды жақсы ұстайды, топырақтың тоңдануын азайтып, көктемде ылғал қорын арттырады.

Сурет 2. Жазықтiлгiш- терең қопсытқыш ПГ-3-100.

Топырақты жазықтiлгiш құралдармен өңдеу егiншiлiктiң топырақ қорғау жүйесiнiң негiзгi буындарының бiрi болып табылады. ВАСХНИЛ-дiң 1966 жылы Целиноград қаласында өткен көшпелi сессиясы топырақ қорғау егiншiлiк жүйесiн өндіріске енгiзугi ұсынды. Кейiнгi жылдар оның тиiмдiлiгiнiң жоғары екенiн көрсетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ өңдеу жүйесі
Топырақты өңдеу әдістері
Топырақ бетін өңдеу тәсілдері
Топырақты өңдеудің міндеттері
Топырақ өңдеу технологиясы
Топырақ өңдеу тәсілдері мен әдістері
Топырақ өңдеу
Қамба кенелері, қойма зиянкестері, колорадо қоңызы, астық тескіш, топырақты қопсыту және майдалау
Топырақты өңдеудің мақсаты
Ауыл шаруашылығында ауа райының жағдайларына байланыс-ты және оған егілетін егіннің түрлеріне қарай жер өңдеудің әртүр- лі жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz