Топырақтың беткі қабатын өңдеу



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.04-08
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Коконов Мирзабек Куанишбекугли

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Топырақты егу алдында дайындау чизель-культиваторы агрегатының жұмысшы органын жетілдіру жобасы

мамандығы 5В080600 - Аграрлық техника және технология

Шымкент, 2016
Ф.7.04-09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРА Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
т.ғ.к., Г. С. Кенжибаева
__________________
"_____"______2016ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Топырақты егу алдында дайындау чизель-культиваторы агрегатының жұмысшы органын жетілдіру жобасы

мамандығы 5В080600 - Аграрлық техника және технология

Орындаған Коконов М.К.

Ғылыми жетекшісі
т.ғ.к., доцент Манабаев Н.Т.

Шымкент, 2016
Ф.7.04-10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебі
Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника кафедрасы
Мамандығы 5В080600 - Аграрлық техника және технология

БЕКІТЕМІН
Су ресурстары, жерді
пайдалану және агротехника
Кафедрасы меңгерушісі _____________Г.С. Кенжибаева
"_____"____________2016 ж.

Дипломдық жоба орындауға
ТАПСЫРМА №4

Студент Коконов Мирзабек АП -12-3к2
Жоба тақырыбы: Топырақты егу алдында дайындау чизель-культиваторы агрегатының жұмысшы органын жетілдіру жобасы
Университет бойынша 16.11.2015 ж. №3-221 С бұйрығымен бекітілген
Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі 20.04.2016 ж.
Жобаның бастапқы мәліметтері: Топырақты өңдеу чизель-культиваторы агрегатының жұмысшы органдары

Дипломдық жобаны орындауға қатысты сұрақтар тізімі:

1Топырақ өңдеу түрлері.
2Топырақтың беткі қабатын өңдеу.
3 Топырақты чизель-культиваторы агрегатымен өңдеу.
4 Топырақ өңдеуге арналған жұмысшы органдар.
5 Зерттеу жұмыстарының нәтижелері.
6 Чизель-культиваторының жұмысшы органдары

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАНЫҢ МАЗМҰНЫ


Бөлімдер
Кеңесші Т.А.Ә. қолы
1
2
3
1
Аналитикалық бөлім
Манабаев Н.Т.
2
Технологиялық бөлім
Манабаев Н.Т.
3
Тіршілік қауіпсіздігі
Манабаев Н.Т.
4
Экология
Манабаев Н.Т.
5
Экономика

6
Бизнес-жоспар

Графикалық материалдардың тізімі:

1.Культиватор КШУ-12
2.КПШ-11 жазықтiлгiшті культиватор
3.Серіппелі жұмысшы органдар
4.Арнайы серіппелі жұмысшы орган
5.Жұмысшы органы серіппелі чизель-культиваторы
6.Арнайы серіппелі жұмысшы орган
7.Тербелмелі-соққылау қопсытқышты роторлы чизельдің жұмысшы органының кескіні
8.Чизель-культиваторы агрегатының негізгі өлшемдері
9.Экономикалық бөлім.

Ұсынылған негізгі әдебиет
1.Халанский В.И., Горбачев И.В. Сельскохозяйственные машины. - М.: Колос, 2004.
2.Программа по развитию агропромышленного комплекса в республике Казахстан на 2013-2020 годы (агробизнес - 2020). Астана, 2012.
3.Под ред. Рахимбаева Ф.М. Сельскохозяйственные гидротехнические мелиорации. Ташкент, Мехнат. 1988.
4.Сергиенко В. А. Технологические основы механизации обработки почвы в междурядьях хлопчатника. Ташкент, 1978.

Тапсырманың берілген күні 09.12. 2015ж.
Дипломдық жоба ғылыми жетекшісі ____________________ Манабаев Н.Т.
Тапсырманы орындауға алған студент ___________________ Коконов М.К.

Ф.7.04-11
Дипломдық жобаны орындауға
КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ

Бөлімдер
Орындалу
%
Орындау мерзімі
Тапсырма
берілген күн
Тапсырма
орындалған күн
Кеңесші қолы
1
Кіріспе
5
5 күн
16.11.2015
21.11.2015

2
Аналитикалық бөлім
15
40 күн
22.11.2015
31.12.2015

3
Технологиялық бөлім
40
40 күн
01.01.2016
10.02.2016

4
Тіршілік қауіпсіздігі
5
15күн
11.02.2016
26.02.2016

5
Экология
5
15 күн
27.02.2016
13.03.2016

6
Экономика
10
20 күн
14.03.2016
04.04.2016

7
Бизнес-жоспар
10
20 күн
05.04.2016
25.04.2016

8
Қорытынды
5
1 күн
25.04.2016
26.04.2016

9
Пайдаланған әдебиет
5
2 күн
26.04.2016
28.04.2016

Жалпы
100

Дипломдық жоба жетекшісі ____________________________
(күні,қолы)

Дипломдық жоба орындаушы _________________________
(күні, қолы)
Норма бақылау ___________________________________ ___
(күні, қолы)

Аннотация

Топырақты егу алдында дайындау чизель-культиваторы агрегатының жұмысшы органын жетілдіру жобасы тақырыбына жазылған дипломдық жоба 6 бөлімнен, 25-кесте, 15-сурет, 32-теңдеу, қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
Дипломдық жоба мақсаты ауыл шаруашылығы өндірісін ілгері қарай дамыту жолында егін өсіру шаруа қожалық жағдайында озық технологияны қолдану негізінде энергия сиымдылығы аз технологияларды пайдалану арқылы қажетті техника түрін пайдалануды дұрыс ұйымдастыру болып отыр.
Дипломдық жобада егін өсіретін шаруашылық жағдайында машинадан пайдалануды ұйымдастыру, топырақты егу алдында дайындау, чизель-культиваторы агрегатының жұмысшы органын жетілдіруді жобалау қарастырылған.
Дипломдық жобада егу алдында топырақты дайындау, чизель-культиваторы агрегатының жұмысшы органын жетілдіру нұсқасы ұсынылады және есептеулері келтіріледі.
Топырақты егу алдында дайындау чизель-культиваторы агрегатының жұмысшы органының құрылымдық ерекшеліктері қарастырылып, ұсынылған технологияның агротехникалық талаптарға толық жауап беретіндігі дәлелденген.
Тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары қарастырылды. Жобаның экономикалық тиімділігі негізделіп берілді. Бизнес-жоспар жасалынды.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Белгілер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1 Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
1.1 Топырақты үнемді өңдеу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14 1.2 Сүдігерді жыртуға дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3 Көктемде егістікті жыртуға дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
2 Техникалық негіздеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.1 Топырақты өңдеудің жаңа үнемді технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2 Себу алдында топырақты өңдеу агротехникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
2.4.1Топырақты сыдыра жырту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
2.4 Топырақ бетін өңдеу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
2.4.2 Нығыздау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.5 Мақта өсіру аймағында чизель-культиватор агрегатымен жұмыс орындауға арналған катокты тырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.6 Трактордың пайдалану көрсеткіштерін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34
2.6.1 Қозғалтқыштың жанама тарту күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36
2.6.2 Трактор қуатының тепе - теңдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 37
3 Тіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
3.1 Өндірістің әлеуметтік қауіптілігі және зияндылығын талдау ... ... ... ... .. 39
3.2 Көлемдік жоспарлау шешімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 41
3.3 Электр қауіпсізді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
3.4 Өртке қарсы іс-шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 45
3.5 Азаматтық қорғаныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
4 Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
4.1 Қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу учаскесінің жұмысын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 50
4.2 Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
5 Экономикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 55
5.1 Бастапқы мәліметтерді таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 55
5.2 Экономикалық тиімділігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 57
6 Бизнес-жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
6.1 Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
6.2 Түйіндеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 62
6.3 Кәсіпорынның сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 63
6.4 Өндірістік жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
6.5 Ұйымдастырушылық жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 65
6.6 Қаржылық жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 66
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...67
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..68

Нормативтік сілтемелер

Дипломдық жобаны орындау барысында мына төмендегі құжаттарға сілтемелер жасалған.
1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2.Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы.
3.Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы Заңы құжаттары.
4. ОСТ-70.4.2-80 Ауыл шаруашылығы техникасын сынау. Топырақты беттік өңдеу машиналары. Сынау бағдарламасы мен әдістері.
5. ОСТ -70.12.1-84 Мелиоративтік және суғару машиналары. Сынау бағдарламасы мен әдістері.
6. Техника сельскохозяйственная. Методы эксплуатационно-технологической оценки. Техника сельскохозяйственная. Методы экономической оценки.
7. ГП 902-2-403,86 құжаттары.
8. СН и П 11-33-85 құжаттары.
9. МЕСТ 17.2.3.02-78 құжаттары.
10. ТП 903-1-212.84 бойынша қара көмірдің ең үлкен шығынын есептеу.

Анықтамалар

Дипломдық жобаны орындау барысында мына төмендегі терминдерге анықтамалар берілген.
Топырақтың қаттылығы - оның табиғи күйінде сығылу мен сыналануға қарсыласу қабілеті.
Микробедер жасау - жырту қабатының қалыңдығын күшейту, топырақ пен атмосфера арасындағы газ айналымын жақсарту және топырақтың тез қызуын қамтамасыз ету.
Араластыру технологиялық операциясы - топырақ түйіршіктерінің өзара орналасуын өзгерту.
Топырақты тегістеу - беткі қабатының кедір-бұдырлығын жою.
Топырақ қопсыту - оның көлемін ұлғайту.
Профиль - топырақтың жырту қабаты кескінінің өзгеруі.
Гумусы молырақ - құнарлылығы жоғары.
Технологиялық операциялар - өсімдіктерді тіршілігіне қажетті жағдайлармен толық қамтамасыз етуде топырақты өңдеу.
Топырақты аудару - оның өңделетін жоғары және төменгі қабаттарының орындарын тік бағытта өзара алмастыру.
Биологиялық фактор - (микроорганизмдердің тіршілігі) әсерінен топырақтың беткі қабатында микробиологиялық процестер жақсы жүріп, өсімдіктерге қажетті қоректік заттар қорының молаюы.

Белгілер мен қысқартулар

АШК - ауыл шаруашылық кешені;
ШҰК-шекті ұйғарымды концентрация;
ШМК-шектік мүмкін концентрация;
ТҚК-техникалық қызмет көрсету;
АЖ-ағымды жөндеу;
МТС-машина трактор станциясы;
ВП-8- жер тегістегіші;
МВ-6-мала тегістегіші.
ПД-4-35- аспалы түрен;
ПД-3-35- аспалы түрен;
П-5-35- тіркемелі түрен;
БДТ-2,2- дискелі тырма.

Кіріспе

Ауыл шаруашылығында өндірлетін өнімнің дүниежүзілік және отандық нарықта бәсекеге қабілетілігін арттыру агроөнеркәсіп өндірісін дамытудағы өзекті мәселе. Бұл процестің жүзеге асуы экономикалық және экологиялық тұрғыдан негізделген егін шаруашылығы жүйесін тиімді игеру және агротехнологиялық жағдаймен тығыз байлансты екендігі мәлім. Егін шаруашылығында қалыптасқан жағдайда топырақ өңдеу жұмыстарына қыруар энергия шығыны жұмсалуда, нақтырақ айтар болсақ, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде жалпы технологиялық процестерге жұмсалатын энергетикалық шығынның жартысына жуығы осы топырақты өңдеудің еншісінде.
Сондықтан соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінде ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруде топырақты үнемді өңдеу тәсілі кеңінен қолданысқа енуде. Сонымен қатар, заманауи озық технологиялар мен тиімді жұмыс істейтін машиналар мен агрегаттарды өндіріске енгізу өзекті мәселеге айналып отыр.
Жұмыстың актуалдылығы. Ауыл шаруашылығы өндірісінде бұл негізінен ауыл шаруашылығы машиналарының жаңа түрлерін жасау мен енгізумен және технологиялық процестерді орындайтын құралдарды аз энергия мен материалдар шығынымен жасаумен байланысты болады.
Ендеше өнімді өнімділігі жоғары технологиямен өндіруге көшу аграрлық өндірістің басты стратегиясына айналуы тиіс. Жаңа конструкциялар мен технологияларды өндіріске енгізу неғұрлым жоғары деңгейде жүрсе, аграрлық сала жұмысы да соғұрлым баянды болмақ, егін өсіретін шаруашылық жағдайында машина пайдалануды ұйымдастыру, егіншілік аймағында чизель-культиваторымен жұмыс орындауға арналған жаңа жұмысшы орган жарату талапқа сай орындалған жұмыс.
Жұмыстың ғылымилығы. Машиналы технология мен техникалық құрал кешенін ауылшаруашылық өндіріске енгізудің ерекше сипаты ретінде мыналарды атауға болады: жалпы мақсат пен ізденіс болатын, белгілейтін, түпкі міндеттің масштабы мен негізі ретінде тапсырыс иелерінің (фермер, шаруа қожалықтары, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив жетекшісі, т.б.) санатын анықтайтын әлеуметтік тапсырыстың алдыңғы қатарда тұруы; қумалау (итеративті) - адымдау әдісімен оңтайландыру арқылы ең ұтымды деген шешімді таңдаудың есептемелік және сараптамалық - логикалық операциялардың иерархиялық тізбектемесіне сүйенуі, технология мен техникаға ғылыми-зерттеу институты, машина сынау станциясы, т.б. қонған агро - және зоотехникалық талаптың әрдайым басымдылығы, технология мен техниканың бейімделушілігі; техникаға деген мұқтаждықты анықтау және оның коммерциялық сипаттамасына баға беруде маркетингтік зерртеудің жүргізілуі; жаңа техниканы ойластыру, жасап шығару және өндіріске пайдалану қызметін ұйымдастыруға әлеуметтік тапсырысты көрсетілген мерзімдегі біртұтас өндірістік процесс ретінде қарау жұмыстың ғылымилылығы.
Жұмыстың маңыздылығы. Агротехнология мен машиналар кешенінің одан әрі жетілуі, аграрлық сектордағы отандық және шетел ғалымдары мен практиктерінің еңбегіне сүйене отырып, білікті агроинженердің ауылшаруашылық техникаларын жаңа түрлерін үйреніп олардан дұрыс пайдалануы.
Жұмыстың мақсаты. Сонымен бұл жобаның негізгі мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы шаруа қожалықтары жағдайында жаңа технологияларды қолдану, механикаландыру деңгейін жоғарылату негізінде егістікті өңдеу технологиясын жетілдіру және топырақты егу алдында дайындау чизель-культиваторы агрегатының жұмысшы органын жетілдіру жобасы болып отыр.
Жұмыстың тапсырмалары. Ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігінің тиімділігін арттыру. Еңбек өнімділігін өсірудің дәйекті бір жолы - ауыл шаруашылық өндірісін жарақтандыру. Өндірісті жарақтандырудың екі түрлі шешімі бар. Біріншісі - шаруашылықты конструкциясы жетік, сенімділігі мол, жұмыс өнімділігі жоғары техникамен жеткілікті деңгейде жабдықтау да, екіншісі - сол техниканы ұтымды пайдалану.
Дақыл өсіру жұмысын агротехникалық мерзім ішінде түгелдей сапалы атқарып, жарақталған жұмыстың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету.
Мәшине пайдаланудың әрбіреуінің өзіндік атқару технологиялық, техникалық, инженерлік қызметі мен материалдық - техникалық қорын жарату.
Зерттеу объекті. Чизель-культиваторы агрегатының жұмысшы органын жетілдіріп түпкі мақсатқа жұмылдырудың ұтымды жолын ғылыми зерттеп егін өсіру аймағында чизель-культиваторы агрегатымен жұмыс орындау, оның технологиялық, техникалық және ұйымдастыру шарасын белгілеу.
Дипломдық жобаның мақсаты машиналардың соңғы әрі келешектегі технологиялаларға негізделген егін өсіретін шаруашылық жағдайында машина пайдалануды ұйымдастыру, егін өсіру аймағында чизель-культиваторы агрегатының жетілдірілген жұмысшы органын өндіріске енгізу болып отыр.

1 Аналитикалық бөлім

1.1 Егістік алқабын жыртуға дайындау

Болашақта егін дақылынан жоғары да, сапалы өнім алу үшін, егін дақылы жиналған соң егістік алқабын жыртуға дайындау қажет. Ол үшін жоғары сапалы жер жырту әдістерін толық пайдаланып, ертерек егістікті сүдігер жыртуға дайындау қажет.
Егістік алқаптың ластануымен күресу. Топырақты індеттен тазалау үшін барлық егістіктегі індетті өсімдіктердің, мақта егістігінде мақта өсімдігінің сабақшаларын 14-16 см тереңдікте шауып, егістік алқаптан шығарылады, себебі бұл індет өнімді және талшық сапасын төмендетеді. Егістікті жинау және тазалау жұмыстарында механикалық құралдарды максималды қолдану қажет.
Егер егістіктің топырақ қабаты қатты құрғаған болса, онда паяларды түбімен жұлып, ескі жүйек бойымен суғарылады. Мұндай суғару жер асты суын топырақтың терең қабаты астында сақтауға қажет.
Мақта шикізатын машинамен жинағанда, алқапта қалған өнім қалдықтары мен қозапаяларды қазанның соңында және қарашаның басында жинауды бастауға болады.
Егіс алқабының түйнекті арамшөптер таралған аймақтарын 18-20см тереңдікте тамырмен шауып тастаған соң тазалап және түренмен жыртамыз. Егістік жыртылып болғаннан соң арамшөптің тамырларын культиватормен қопсытқыш чизельмен, аспалы баранамен шығарып тастайды немесе катокпен жаншып езеді (1 сурет).

Сурет 1. Ауыр каток агрегатымен егістік алқабындағы өсімдік қалдықтарын жаншып тазалау
Егер егістік алқап ластанса, онда оған барлық жұмысты жасау қажет. Арамшөп тамырларын жинап егістіктен шығарып тасталады.
Кейбір шаруашылықтарда тамырлы арамшөптерді көктемде жер жыртылғанда шығарып тастайды. Мұндай тазалау түрі жақсы нәтиже бермейді және егістік қабатын қатты тығыздап жібереді, сондықтан ұсынылмайды. Жер жыртудан алдын оқ-арықтарды және т.б. тегіссіздіктерді тегістеу қажет. Қарапайым түренді 4 корпусты соқамен 30 см тереңдікте жер жырту(2сурет).

Сурет 2. Егістік алқабын терең жырту

Терең екі қабаттап жыртуды мына схема бойынша қамтамасыз етіледі 0-15, 15-30см түрен маркасы ПЛН-4-35 және 40см тереңдікке 0-20, 20-40 схемасы бойынша ПЛН-3-35 түренімен (3 сурет) орындалады.

Сурет 3. Егістікті екі қабаттап жыртатын ПЛН-3-35 түренді соқасы
Топырақты негізгі өңдеуден өткізу үшін соқалар қолданылады, ал олар топырақ қыртысын аударып, аудармай және сыдыра жыртатын болып үшке бөлінеді. Топырақ қыртысын аударып жыртатын соқалар жал немесе ашық жүйек және тегіс жыртатын болып екіге белінеді. Жал немесе ашық жүйек жасап жыртатын соқалар топырақ кыртысын бір жаққа қарай ғана (оңға немесе солға) аударады. Топырақты жал немесе ашық жүйек жасап жыртатын соқалар жер қыртысын оң жаққа ғана аударатын қайырмалармен (отвал) жабдықталады.
Үлкен аудандағы жер аудару қарапайым П-5-35М маркілі түренмен жүргізілетінін ескертіп, ол шолақ түренді болып ұсынылып жүргізіледі.
Сүдігер жырту мезгілі. Сүдігер жырту қазанның ортасында немесе қарашада және желтоқсанның бірінші аптасында, яғни қар, жаңбыр жаумай жүргізілуі қажет.
Жоғарғы қабатқа шыққан топырақтың төменгі қабаты қыс мезгілінде қатады және ериді, нәтижесінде майда түйіршік қабатты құрайды, сөйтіп егістік дақылына қажетті қоректендіргіш заттарды бойына сіңіреді. Тым ылғал не құрғақ немесе мұзды сүдігер жері сең болады. Сонымен қоса ылғал топырақты жыртқанда егістікте тығыз қабаттар құралады. Ол егін дақылының өсуіне, өнімділігіне кері әсерін тигізеді.

1.2 Егістікті көктемде жырту іс шаралары

Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және сапалы өнім алуда, еңбек шығыны аз болған механикаландырылған агротехникалардан пайдаланудың орны ерекше.
Осы мақсатта механикаландырылған агротехникаларды орындауға дайындық көру, техникалық жабдықтарды жөндеу, реттеу, оларға техникалық сервис қызметтерін көрсету жұмыстарын орындау, машина және механизмдерден тиімді пайдалануды ұйымдастыруды қажет етеді.
Жер жыртуға дайындық көру барысында алқаптарды қозапая, сабан, рам шөп қалдықтарынан, тас, темір-терсек және де кедергі беретін заттардан тазалау қажет. Алқаптағы суару арықтары, әр түрлі ойық шұқырлар тегістелуі, алқап шеттері, оқарықтар бульдозер немесе грейдерлер көмегімен тегістелуі, алақапта орналасқан электр және байланыс торабы бөренелері төңіректері кіші соқалармен алдан ала жыртылған болу қажет. Жер жыртуды бастау кезеңінде топырақтың ылғалдық дәрежесі 16-18 пайыз төңірегінде болуы тиіс. Әрбір анық маркалы соқаның өзіне сәйкес келетін лемех және түрен орнату қажет, Соқамен жер жыртуды ең алдымен бақылау алаңында тексеруден соң бастау қажет.
Егістік алқапта суғарып шаю жұмыстары жүргізілгенде егістікті сүдігерлеу көктемде жүргізіледі, онда жауған жауын-шашынның әсерінен егістік қабаты сәйкесінше шөгеді де топырақ тиімді қопсытылады. Өсімдік және арамшөп қалдықтары, тұқымдары шіріп үлгермейді де, топырақты көктемде өңдеу барысында чизел-культиваторы, тырма т.б. агрегаттардың жұмысшы органдарына ілініп, жұмысына кедергі келтіріп сапасын төмендетеді.
Мәселе мынада яғни көктемдегі және егу алдындағы өңдеуден бастап, топырақтың қопсытылуының тығыздығынан артық өңдеумен жоғарылатпау керек, керісінше топырақтың тиімді қопсытылуын ұзақ мерзімге дейін сақтау үшін егістік алқабын жырту кескінін нақтылау қажет .
Жерді жырту тек жал және жүйек загонымен жүргізіледі. Кішігірім алқапты бір загонмен (жал немесе жүйек) жыртады, ал үлкен алқаптарда кезектесіп бірнеше жал және жүйек загондарын жасайды. Бұның қаншалықты қажеттілігі ұсынылған суреттерден 4 а,б көрінеді.

Белгіленуі: Сандармен жерді жыртудың кезектесуі көрсетілген. Жерді кезектесіп жырту реті сақталмағанда 5-үйінді жал, 4-жайма жүйек пайда болады.

Сурет 4а. Бес жал загонымен жерді жырту кескіні.

Алқап конфигурациясы мүмкіндік берсе, егістік рельефін жақсарту мақсатында жер жырту бағытын өзгерту керек: осы жылы алқапты жырту бағыты солтүстіктен оңтүстіке қарап жыртылса, келер жылы оның жырту бағытын батыстан шығысқа қарап жырту керек.
Сондайақ, алынатын суғару жүйектері бағытына көлденең бағытта алқапты өңдеу ұсынылады. Мұндай жағдайда топырақ эрозиясы азаяды және суғару суынан пайдалану тиімділігі артады, ол топыраққа жақсы сіңеді.

Белгіленуі:Үйінді жал саны үшке дейін, ал жайма жүйек екіге дейін қысқарды.

Сурет 4б. Үйінді және жайма әдісімен жерді кезектесіп жырту кескіні

Топырақты аз нығыздау үшін және егістікті жақсы өңдеу үшін жеке-дара жүргізілетін жұмыстарды қысқарту қажет, яғни трактордың бір жүрісінде бірнеше агрегат тіркесіп өтуі тиіс. Мысалы, бір мезгілде чизелмен тыңайтқыш себеді және тырманы немесе маланы, тісті катокты тіркейміз және т.б. (5 сурет).
Келтірілгендерден мынаны көреміз, яғни теориялық негізге сәйкес топырақты артық өңдеудің, трактордардың құрал-саймандарымен егістікте артық жүруінің пайдалылығына басқаша жақындау қажет. Егістік қабатын өңдеу нәтижесінде аз тығыздауды және сонымен қоса сулы физикалық жағдайды сақтауды, ол өсімдік шикізатының өнімін арттыру үшін тиімді.
Оның үстіне жердің тегіс және қалдықтардан таза болмауы тырма тістерінің тербелуін және чизелдің жұмыс органдарының қамту ені мен тереңдігі бойынша тербелуін арттырады. Бұл жерден көріп отырғанымыздай, тегіс далада тырма және катокты чизелдеуді жүргізу кезінде жұмыс органдарының жүру тереңдігі де біршама тең болады.

Сурет 5. Егістікті дайындауға арналған чизель құрамалы агрегаты

Сондықтан, ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және сапалы өнім алуда, еңбек шығыны аз болған механикаландырылған агротехникалардан пайдалану жұмыстарын орындау, машина және механизмдерден тиімді пайдалануды ұйымдастыруды ерекше қажет етеді.

1.3 Көктемгі тырмалау, чизелдеу жұмыстары

Егістік жерін егуге дайындауда тырмалау мен чизелдеу жұмыстары ылғал жоғалтуды азайту және топырақты қопсытып ұнтақтау мақсатында жүргізілетін себу алды өңдеудің түрі болып табылады. Тырмалау және чизел жұмысының сапалы көрсеткіштеріне қойылатын негізгі талаптар-жұмыс органдарының жүріс тереңдігінің теңдігі және топырақтың қопсу дәрежесі. Тегістелген учаскелерде (сурет 6) тырмалау кезінде тырманың тістеріне соққылық әсер күшейеді. Оның үстіне жердің тегіс болмауы тырма тістерінің тербелуін және чизелдің жұмыс органдарының қамту ені мен тереңдігі бойынша тербелуін арттырады. Бұл жерден көріп отырғанымыздай, тегіс далада тырмалау және чизел-тырманы жүргізу кезінде жұмыс органдарының жүру тереңдігі де біршама тең болады.

Сурет 6. Тегістелген учаскелерде тырмалау жұмысын жүргізу

Тегіс емес жерде тырма тістерінің ирек жүрісінің тереңдігі 0-120 мм, ал тегістелген жерлерде 50-80 мм шеңберде өзгереді. Чизелдің қопсытқышы тегістелмеген учаскеде 0-150 мм тегістелген жерде 140-180 мм өзгермелі болады. Бұл жерден көріп отырғанымыздай, тегіс далада тырмалау және чизелдеуді жүргізу кезінде жұмыс органдарының жүру тереңдігі де біршама тең болады.
Агротехникалық талаптар жұмыс органдарының көлденең және тігінен жазықтықтағы ауытқуына +-20 мм-ге дейін ауытқуына жол береді. Алайда, тәжірибеде анықталғандай, көрсетілген жол берулер кейбір мәндерінде белгілегеннен асып кетеді, яғни жұмыс органдары тегіс жерлерде де өңдеудің қажетті сапасын толық қамтамасыз етпейді. Бәлкім бұл жол беру аса қатаң болар және оны ескеру керек.

1.4 Топырақты егуге дайындаудың үнемді өңдеу технологиясы

Ауыл шаруашылығында өндірлетін өнімнің дүниежүзілік және отандық нарықта бәсекеге қабілетілігін арттыру агроөнеркәсіп өндірісін дамытудағы өзекті мәселе. Бұл процестің жүзеге асуы экономикалық және экологиялық тұрғыдан негізделген егін шаруашылығы жүйесін тиімді игеру және агротехнологиялық жағдаймен тығыз байлансты екендігі мәлім. Егін шаруашылығында қалыптасқан жағдайда топырақ өңдеу жұмыстарына қыруар энергия шығыны жұмсалуда, нақтырақ айтар болсақ, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде жалпы технологиялық процестерге жұмсалатын энергетикалық шығынның жартысына жуығы осы топырақты өңдеудің еншісінде.
Сондықтан соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінде ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруде топырақты үнемді өңдеу тәсілі кеңінен қолданысқа енуде. Қазіргі кезде жасап шығарлып жатқан жоғары тиімді ауыл шаруашылық техникаларының арқасында, бір жүргенде бірнеше технологиялық іс шараларды бірге алып жүру (7 суретте), үнемді технологияның басты басымдылығы болып есептелінеді.

Сурет 7. Топырақты егу алдында үнемді өңдеу технологиясы

Топырақтың жақсы су өткізгіштік қасиеті егіннің тұқым себу кезеңі мен суғару аралығындағы кезеңдерде өсуі мен дамуы үшін ылғалдың тиімді қорын қалыптастыратын болады дегенді білідре бермейді. Топырақтың түзілуінің қолайлы жағдайларында бәрі де топырақтың суды ұстап тұру қабілетіне, оның шектеулі алқаптық ылғал сыйымдылығы шамасына байланысты. Топырақтың шектеулі алқаптық ылғал сыйымдылығы біздің жағдайымызда 26,0%-ға тең. Топырақта ылғалды сақтау, егістен алдын өңдеудің ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Ылғалдың топырақта сақталуы негізінен оның құрылымы мен және жыртылу қабатының түзілуімен айқындалады. Біздің зерттеулерде, топырақтың ылғалдығын анықтау барлық мөлдектер мен тәжірибедегі қайталаулар бойынша 60 см тереңдікке дейін, егістен кейін, вегетациялық суаруға дейін және өніп-өсу кезеңінің соңында жүргізіледі.
Топырақты өңдеу негізгі агротехникалық талаптың бірі болып табылады, ол егістік жерден жоғары өнім алуға және өсімдік дақылының өнімін арттыруға мүмкіндік береді.
Егер жерді терең айдау егістік қабатының нығыздығына және аймақтық топырақты-климаттық жағдайына сәйкес таңдалмаса, онда ол топырақтың тиімділік құнарлығын және өсімдік дақылының өнімін жоғарлатпайды, керісінше төмендетеді.
Топырақ құнарлығын тиімді қолдану үшін енгізілген тыңайтқыштар өсімдіктің өнімділігін жоғарлатады, оған топырақтың тығыздығы, өңделуі және оның одан әрі өзгеруінің парқы жоқ.
Топырақтың ылғалды физикалық қасиеті көбірек тиімдірек болып келеді. Биологиялық процесс кезінде мақта өсімдігінің дамуына және бұл жағдайларда мақта шикізатынан жоғары өнім алуды қамтамасыз етуге топырақтың көп бөлігі өсу кезінде қолайлы шектеулі тығыздықта болады. Мысалы сұр топырақ және шабындық топырақтың тиімді тығыздығы егіндік қабатында орналасады 1,1-1,3 гсм3, ал ашытқы сұр топырақта 1,2-1,4 гсм3 және т.б.
Топырақты негізгі өңдеу кезінде егістік қабатпен қолайлы қопсыту үшін берілген топырақтың әртүрлілігі өзіне тән және оны ылғалды кезеңінде көбірек ұстауға мүмкіндігі бар болу керек, бұл мақта өсімдігін өңдеудегі негізгі агротехникалық талап болып табылады.
Топырақты себуге дейін өңдеу жұмыстары мыналардан тұрады: алқапты жинау, арамшөпті тазалау, тыңайтқышты енгізу, егістікте пайда болған тегіссіздікті түзулеу, көктемгі тырмалау, дискілеу, тырмамен және маламен чизельдеу, себу алдында тыңайтқыш енгізу, чизельмен малалап тырмалау немесе егістікті тегістеу.
Жеке климаттық аймақтарда күзгі-қысқы және көктемгі мезгілде жауын-шашын өте аз болады. Сол себепті егуге дейінгі топырақты дайындау жұмыстарында қосымша қажеттілік туғандықтан егістікті егу алдында суғару, жерді сапалы айдау үшін және де өсімдік дақылынан сапалы өнімін алу үшін қажет. Сорлануға ұшыраған жерлердегі егістік бетін тегістеу, жүйектерді шаюдың алдында және оларды ерте көктемгі бағаналау алдында жүргізіледі.
Барлық аталған себу алдындағы топырақты себуге дайындау жұмыстары, бір-бірімен байланысты екі жүйеге бөлінеді, топырақты негізгі өңдеу жүйесі және ерте көктемгі немесе себу алдындағы өңдеу жұмыстары.
Ерте көктемгі және егу алдындағы топырақ өңдеу жүйесі, негізгі топырақты өңдеу жұмыстары қалай орындалғанына тәуелді өзгереді, яғни егістік бетінің жағдайы қандай, қосымша немесе шайып суғару жүргізілді ме және т.б. орындалған жұмыстарға байланысты.
Бұл екі жүйенің де энергия сыйымдылығы жеткілікті, ал топырақты себуге дайындау бойынша әртүрлі агротехникалық талаптардың бұзылуы әртүрлі операциялардың тиімділігі бірден төмендейді және де қосымша жұмыстарды қажет етеді. Бұл материалдық қаржылық шығындарды жоғарлатады, өнімнің өзіндік құны жоғарлайды, шаруашылықтың кірісі төмендейді. Осыған байланысты себуге дейінгі барлық топырақты өңдеу жұмыстары жоғары сапада және уақтылы жүргізілуі қажет.
Республикамыздағы мақта егушілер мақта шикізаты өнімінің келешекте жоғарлауының бірінші деңгейдегі мәні топырақты-климаттық жағдайларда сүдігер жыртудың жүргізілуіне байланысты болатынын білуі қажет.
Алдыңғы қатардағы практикалық тәжірибе мынаны көрсетті:
-жоғары сапалы және қазіргі заманға сай жүргізілген сүдігер;
-алқаптың ластануымен күресу міндеті;
-ерте көктемгі және егу алдында топырақты себуге дайындау үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілуі, яғни жоғары өнім алу үшін мақта өсімдігінің жақсы дамуы және ерте пісіп жетілуі жоғары өнім алудың маңызды кепілі.
Сондықтан топырақты егу алдында дайындау чизель-культиваторы агрегатының жұмысшы органын жетілдіру талапқа сай жоба болып есептеледі.

2 Технологиялық негіздеу бөлімі

2.1 Топырақтың беткi қабатын және саяз өңдеудiң тәсiлдерi мен құралдары

Топырақтың беткi қабатын өңдеудiң тереңдiгi 10 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ өңдеу жүйесі
Топырақты өңдеу әдістері
Топырақ бетін өңдеу тәсілдері
Топырақ өңдеу тәсілдері мен әдістері
Топырақ өңдеу
Топырақ өңдеу технологиясы
Топырақты өңдеудің міндеттері
Топырақты қорғайтын топырақ өңдеу жүйесін анықтау туралы
Топырақ қабатын терең қопсыту
Топырақты қорғайтын топырақ өңдеу жүйесін анықтау
Пәндер