Уақытша суғару арықтарын тегістейтін тегістегіштің құрылымдық ерекшеліктері
Ф.7.04-08
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тұрдалы Жандар Ералыұлы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Фермер шаруа қожалықтарына арналған әмбебап көпфункционалды аспалы құрылғынының жұмысшы органын жетілдіру жобасы
мамандығы 5В080600 - Аграрлық техника және технология
Шымкент, 2016
Ф.7.04-09
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
КАФЕДРА Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
т.ғ.к., Г. С. Кенжибаева
__________________
"_____"______2016ж.

Орындаған Тұрдалы Ж. Е.
Ғылыми жетекшісі
т.ғ.к., доцент Манабаев Н.Т.
Шымкент, 2016
Ф.7.04-10
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ауылшаруашылық ғылымдары жоғары мектебі
Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника кафедрасы
Мамандығы 5В080600 - Аграрлық техника және технология
БЕКІТЕМІН
Су ресурстары, жерді
пайдалану және агротехника
Кафедрасы меңгерушісі _____________Г.С. Кенжибаева
"_____"____________2016 ж.
Дипломдық жобаны орындауға
ТАПСЫРМА №9
Студент Тұрдалы Жандар АП -12-3к1
Жоба тақырыбы: Фермер шаруа қожалықтарына арналған әмбебап көпфункционалды аспалы құрылғынының жұмысшы органын жетілдіру жобасы
Университет бойынша 16.11.2015 ж. №3-221 С бұйрығымен бекітілген
Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі 28.04.2016 ж.
Жобаның бастапқы мәліметтері: Әмбебап көпфункционалды аспалы құрылғылардың жұмысшы органы
Дипломдық жобаны орындауға қатысты сұрақтар тізімі:
1Уақытша суғару арықтарын тегістейтін тегістегіштерге қойылатын агротехникалық талаптар.
2Уақытша суғару арықтарын тегістейтін тегістегіштің құрылымдық ерекшеліктері.
3Уақытша суғару арықтарын қазу және тегістеу кезіндегі топырақтың жалпы сипаттамасы.
4Дамбаның түзілу сапасына уақытша суғару арықтарын тегістеу технологиясының әсері.
5Зерттеу жұмыстарының нәтижелері.
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАНЫҢ МАЗМҰНЫ
№
Бөлімдер
Кеңесші Т.А.Ә. қолы
1
2
3
1
Аналитикалық бөлім
Манабаев Н.Т.
2
Технологиялық бөлім
Манабаев Н.Т.
3
Тіршілік қауіпсіздігі
Манабаев Н.Т.
4
Экология
Манабаев Н.Т.
5
Экономика
6
Бизнес-жоспар
Графикалық материалдардың тізімі:
1.Суғару арықтары тегістегішінің жұмысшы органдарының параметрлері
2.Қайырма профилінің пішіндері. Кавальер-тегістегіштердің қайырмасын орнату бұрыштарының оңтайлы мәндері
3.Бульдозер қайырмасының көлденең профилінің негізгі параметрлері
4.Қолданыстағы уақытша суғару арықтарын тегістеу технологиялық процесі
5.Тегістелгеннен соң арыққазғыштармен қайта салынған арық
6.Уақытша суғару арығы дамбасы көлденең кесімінде кубиктердің орналасуы
7.Факторлар және олардың варьиациялық деңгейі
8.Қазылған уақытша суғару арығы дамбасы топырағының құрамы
9.Уақытша суғару арықтарын тегістеуге ұсынылатын технология
10.Тегістегеннен кейінгі уақытша арықтың табанындағы топырақ ылғалдылығының үлестірілуі
11.Тегістегеннен кейінгі уақытша арықтың табанындағы топырақ ылғалдылығының өзгеру динамикасы
12.Әмбебап мелиоративтік аспалы қондырғы
13.Жаңа машинасының жер тегістеу нұсқасының жұмыс көрсеткіштері
14. Экономикалық бөлім
Ұсынылған негізгі әдебиет
1.Под ред. Рахимбаева Ф.М. Сельскохозяйственные гидротехнические мелиорации. Ташкент, Мехнат. 1988.
2.Программа по развитию агропромышленного комплекса в республике Казахстан на 2013-2020 годы (агробизнес - 2020). Астана, 2012.
3. Манабаев Н.Т. Заравнивание временного оросителя. Сельское хозяйство Узбекистана. Ташкент: Научно-производственный журнал М.С.Х. Р.Уз.-1992 N8,9 С.47-49;
Тапсырманың берілген күні 16.11. 2015ж.
Дипломдық жоба ғылыми жетекшісі ____________________ Манабаев Н.Т.
Тапсырманы орындауға алған студент ___________________ Тұрдалы Ж.Е.
Ф.7.04-11
Дипломдық жобаны орындауға
КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ
№
Бөлімдер
Орындалу
%
Орындау мерзімі
Тапсырма
берілген күн
Тапсырма
орындалған күн
Кеңесші қолы
1
Кіріспе
5
5 күн
16.11.2015
21.11.2015
2
Аналитикалық бөлім
15
40 күн
22.11.2015
31.12.2015
3
Технологиялық бөлім
40
40 күн
01.01.2016
10.02.2016
4
Тіршілік қауіпсіздігі
5
15күн
11.02.2016
26.02.2016
5
Экология
5
15 күн
27.02.2016
13.03.2016
6
Экономика
10
20 күн
14.03.2016
04.04.2016
7
Бизнес-жоспар
10
20 күн
05.04.2016
25.04.2016
8
Қорытынды
5
1 күн
25.04.2016
26.04.2016
9
Пайдаланған әдебиет
5
2 күн
26.04.2016
28.04.2016
Жалпы
100
Дипломдық жоба жетекшісі ____________________________
(күні,қолы)
Дипломдық жоба орындаушы _________________________
(күні, қолы)
Норма бақылау ___________________________________ ___
(күні, қолы)
Аннотация
Жоба тақырыбы: Фермер шаруа қожалықтарына арналған әмбебап көпфункционалды аспалы құрылғынының жұмысшы органын жетілдіру жобасы, студент Тұрдалы. Ж. Е., ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Манабаев Н.Т., қорғау мерзімі 2016 ж.
Фермер шаруа қожалықтарына арналған әмбебап көпфункционалды аспалы құрылғынының жұмысшы органын жетілдіру жобасы тақырыбына жазылған дипломдық жоба 6 бөлімнен, 25-кесте, 15-сурет, 32-теңдеу, қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
Дипломдық жоба мақсаты егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызып өнімділікті арттыру және еңбек шығындарын төмендету мақсатында агротехника, машиналы технология, механикаландыру барысында тұрақты машиналар жүйесін пайдалану және басқа салалардағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін қолдану болып отыр.
Дипломдық жобада ауыл шаруашылығының материалдық техникалық базасын жарату және дамыту процесінде ауыл шаруашылығын техникалық қайта қаруландыру жаңа техникаларды, тасқынды-индустриальдық өндірістік әдістер және прогрестік технологиялар, барлық ауыл шаруашылық жұмыстарының механизация деңгейін жоғарылату жолы қарастырылған.
Сонымен қатар, әмбебап машиналар жүйедегі машиналар түрінің санын қысқарту мақсатында жаратылады. Бір машинаның өзін әртүрлі жағдайда әртүрлі егін түріне және процестерде жұмыс орындауға бейімдеу, оның қолдану аймағын кеңейту. Әмбебап машиналар жүйедегі машиналардың металсиымдылығын азайтады, қолданылатын машиналардың бағасын төмендетеді.
Дипломдық жобада уақытша суғару арықтарын қазу және жабу жұмыстарын орындайтын агрегатының жұмысшы органын жетілдіру нұсқасы ұсынылады және есептеулері келтіріледі.
Уақытша суғару арықтарын қазу және жабу жұмыстарын орындайтын агрегаттың жұмысшы органының құрылымдық ерекшеліктері қарастырылып, ұсынылған технологияның агротехникалық талаптарға толық жауап беретіндігі дәлелденген.
Тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары қарастырылды. Жобаның экономикалық тиімділігі негізделіп берілді. Бизнес-жоспар жасалынды.
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
Белгілер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1 Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
1.5 Жерді суару және суландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
1.2 Суғармалы егіндерді жүйекпен суғару технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.3 Уақытша суғару арықтарын тегістейтін тегістегіштерге қойылатын агротехникалық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
1.4 Уақытша суғару арықтарын тегістейтін тегістегіштің құрылымдық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
2 Технологиялық негіздеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
2.1 Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2 Уақытша суғару арықтарын тегістеу кезіндегі топырақтың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.3 Уақытша суғару арығын қазу және тегістеу кезіндегі топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.4 Топырақтың ылғалдылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.5 Уақытша суғару арықтарын тегістеу технологиясының дамбаның түзілу
сапасына әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
2.6 Орта және кіші шаруа қожалықтарына арналған әмбебап мелиоративтік аспалы қондырғы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
3 Тіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
3.1 Өндірістің әлеуметтік қауіптілігі және зияндылығын талдау ... ... ... ... .. 42
3.2 Көлемдік жоспарлау шешімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44
3.3 Электр қауіпсізді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
3.4 Өртке қарсы іс-шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 47
3.5 Азаматтық қорғаныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
4 Қоршаған ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
4.1 Қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу учаскесінің жұмысын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 50
4.2 Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
5 Экономикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 55
5.1 Бастапқы мәліметтерді таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 55
5.2 Экономикалық тиімділігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 57
6 Бизнес-жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
6.1 Аннотация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
6.2 Түйіндеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 62
6.3 Кәсіпорынның сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 63
6.4 Өндірістік жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
6.5 Ұйымдастырушылық жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 66
6.6 Қаржылық жоспар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 70
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 71
Нормативтік сілтемелер
Дипломдық жобаны орындау барысында мына төмендегі құжаттарға сілтемелер жасалған.
1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2.Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы.
3.Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы Заңы құжаттары.
4. ОСТ-70.4.2-80 Ауыл шаруашылығы техникасын сынау. Топырақты беттік өңдеу машиналары. Сынау бағдарламасы мен әдістері.
5. ОСТ -70.12.1-84 Мелиоративтік және суғару машиналары. Сынау бағдарламасы мен әдістері.
6. Техника сельскохозяйственная. Методы эксплуатационно-технологической оценки. Техника сельскохозяйственная. Методы экономической оценки.
7. ГП 902-2-403,86 құжаттары.
8. СН и П 11-33-85 құжаттары.
9. МЕСТ 17.2.3.02-78 құжаттары.
10. ТП 903-1-212.84 бойынша қара көмірдің ең үлкен шығынын есептеу.
Анықтамалар
Дипломдық жобаны орындау барысында мына төмендегі терминдерге анықтамалар берілген.
Топырақтың қаттылығы - оның табиғи күйінде сығылу мен сыналануға қарсыласу қабілеті.
Микробедер жасау - жырту қабатының қалыңдығын күшейту, топырақ пен атмосфера арасындағы газ айналымын жақсарту және топырақтың тез қызуын қамтамасыз ету.
Араластыру технологиялық операциясы - топырақ түйіршіктерінің өзара орналасуын өзгерту.
Топырақты тегістеу - беткі қабатының кедір-бұдырлығын жою.
Топырақ қопсыту - оның көлемін ұлғайту.
Профиль - топырақтың жырту қабаты кескінінің өзгеруі.
Гумусы молырақ - құнарлылығы жоғары.
Технологиялық операциялар - өсімдіктерді тіршілігіне қажетті жағдайлармен толық қамтамасыз етуде топырақты өңдеу.
Топырақты аудару - оның өңделетін жоғары және төменгі қабаттарының орындарын тік бағытта өзара алмастыру.
Биологиялық фактор - (микроорганизмдердің тіршілігі) әсерінен топырақтың беткі қабатында микробиологиялық процестер жақсы жүріп, өсімдіктерге қажетті қоректік заттар қорының молаюы.
Белгілер мен қысқартулар
АШК - ауыл шаруашылық кешені;
108-Ф - мақта тұқымының сорты;
СТВХ- қолданыстағы сепкіш маркасы;
ШҰК-шекті ұйғарымды концентрация;
ШМК-шектік мүмкін концентрация;
ТҚК-техникалық қызмет көрсету;
АЖ-ағымды жөндеу;
МТС-машина трактор станциясы;
ВП-8- жер тегістегіші;
МВ-6-мала тегістегіші.
ПД-4-35- аспалы түрен;
ПД-3-35- аспалы түрен;
П-5-35- тіркемелі түрен;
БДТ-2,2- дискелі тырма.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан -2050 Стратегиясының негізгі бағыттарының бірі - еліміздің аграрлық саласын өркендету. Осы жөніндегі Жолдауда республикамыздың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі жолы ретінде еңбек өнімділігін арттыру қажеттігі айрықша атап өтілген. Сонымен қатар, заманауи озық технологиялар мен тиімді жұмыс істейтін машиналар мен агрегаттарды өндіріске енгізу өзекті мәселеге айналып отыр.
Жұмыстың актуалдылығы. Ауыл шаруашылығы өндірісінде бұл негізінен ауыл шаруашылығы машиналарының жаңа түрлерін жасау мен енгізумен және технологиялық процестерді орындайтын әмбебап мелиоративтік аспалы қондырғы жарату, аз энергия мен материалдар шығынының жұмсалуымен байланысты болады.
Ендеше өнімді өнімділігі жоғары технологиямен өндіруге көшу аграрлық өндірістің басты стратегиясына айналуы тиіс. Ауылшаруашылық өнімдерін ілгері дамытудың ең басты қажетті шарты-бұл ауыл шаруашылығының материалдық техникалық базасын нығайту, оны әмбебап өнімділігі жоғары техникалармен жаңарту.
Жұмыстың ғылымилығы. Агротехнология мен машиналар кешенін одан әрі жетілдіруде аграрлық сектордағы отандық және шетел ғалымдары мен практиктерінің еңбегін терең үйрену, ғылыми жиынтықтарды және алдынғы тәжірибелерді енгізу үлкен маңызға ие.
Ауыл шаруашылығы өндірісінде техникаға деген мұқтаждықты анықтау және оның коммерциялық сипаттамасына баға беруде маркетингтік зерртеудің жүргізілуі; жаңа техниканы ойластыру, жасап шығару және өндіріске пайдалану қызметін ұйымдастыруға әлеуметтік тапсырысты көрсетілген мерзімдегі біртұтас өндірістік процесс ретінде қарау.
Жұмыстың маңыздылығы. Ауыл шаруашылығының материалдық техникалық базасын жарату және дамыту процесінде ауыл шаруашылығын техникалық қайта қаруландыру жаңа техникаларды, тасқынды-индустриальдық өндірістік әдістер және прогрестік технологиялар, барлық ауыл шаруашылық жұмыстарының механизация деңгейін жоғарылату жолымен енгізу қарастырылған.
Жұмыстың мақсаты. Сонымен бұл жобада, әмбебап машиналар жүйедегі машиналар түрінің санын қысқарту мақсатында жаратылады. Бір машинаның өзін әртүрлі жағдайда әртүрлі егін түріне және процестерде жұмыс орындауға бейімдеу, оның қолдану аймағын кеңейту. Әмбебап машиналар жүйедегі машиналардың металсиымдылығын азайтады, қолданылатын машиналардың бағасын төмендетеді. Әмбебап көпфункционалды аспалы құрылғынының жұмысшы органын жетілдіру болып отыр.
Жұмыстың тапсырмалары. Ауыл шаруашылығының тиімділігі еңбек өнімділігімен сипатталады Еңбек өнімділігін өсірудің дәйектігі бір жолы - ауыл шаруашылық өндірісін жарақтандыру. Өндірісті жарақтандырудың екі түрлі шешімі бар. Біріншісі - шаруашылықты конструкциясы жетік, сенімділігі мол, жұмыс өнімділігі жоғары техникамен жеткілікті деңгейде жабдықтау да, екіншісі - сол техниканы ұтымды пайдалану.
Машина пайдаланудың түпкі мұраты - дақыл өсіру жұмысын агротехникалық мерзім ішінде түгелдей және сапалы атқарып, жарақталған жұмыстың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету. Жоғарыда атаған мәшине пайдалану ісінің әрқайсысы осы мақсатқа қызмет етеді. Олардың әрбіреуінің өзіндік атқару технологиясы, техникасы, инженерлік қызметі мен материалдық - техникалық қоры бар. Сол техникалық қордың тапсырмаларын нақтылау.
Зерттеу объекті. Солардың бәрін түпкі мақсатқа жұмылдырудың ұтымды жолын мәшине пайдалануды ғылыми зерттеп орта және кіші шаруа қожалықтарына арналған әмбебап мелиоративтік көпфункционалды аспалы құрылғынының жұмысшы органын жетілдіру болып отыр, оның технологиялық, техникалық және ұйымдастыру шарасын белгілеу.
Дипломдық жобаның мақсаты машиналардың соңғы әрі келешектегі технологиялаларға негізделген мақта өсіру аймағына арналған аспалы әмбебап мелиоративтік қондырғыны өндіріске енгізу болып отыр.
1 Аналитикалық бөлім
1.1 Егістікті суғару түрлері мен әдістері
Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін егіс белгілі тәртіпте қолдан сұрыпталып, топырақ ылғалдылығы қажетті мөлшерге дейін жеткізілуге тиісті. Ал суды егіс алқабына жіберу үшін арнаулы суару жүйелері жасалады.
Техникалық және дәнді дақылдарды, мал азықтық шөптерді, көкөністі және басқаларын суарудың шаруашылықтықта маңызы орасан зор.
Шөл және шөлейт аймақтарда ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту тек суармалы егістер ұйымдастыру негізінде ғана мүмкін болады. Ал қуаңшылық аудандарда жер суару жұмысын тиімді пайдаланудың арқасында оларды гүлденген аймаққа айналдырып, елімізде мақта, күріш, жеміс және тағы басқа ауыл шаруашылық дақылдарының мол өнімін алуға мүмкіншілік туады.
Ал енді далаңқы аудандарда жауын-шашынның жеткіліксіз және жыл бойы өте құбылмалы болуының салдарынан ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі тұрақсыз болады. Сондықтан, бұл аймақтарда жыл сайын дәнді, техникалық және мал азығы дақылдары мен көкеністің мөл өнімін тек суғару жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру негізінде алуға болады.
Егісті суғару еліміздің тек оңтүстік топырақ дымқылдығы құбылмалы аудандарда ғана тиімді болып қоймай, сондай-ақ дымқылдығы артық аймақтарда да өте тиімді.
Суғарылған егістердің өнімділігі, суғарылмаған жермен салыстырғанда, 5...10 есе жоғары болады. Қазіргі уақытта 265 млн гектар жер бүкіл дүние жүзі жер шарының жартысынан артық халқын қамтамасыз етеді.
Суғарудың түрлері. Жер суғару топырақты дымқылдандыру, тыңайту және арнаулы суғару болып үш түрге бөлінеді:
Топырақта қажетті су және ауа режимін жасау үшін суғарудың дымқылдандыру түрі пайдаланылады. Суғарудың бұл түрі дүние жүзінде де өте көп тарған негізгі түрі болып саналады және өсімдіктердің өсіп-өну дәуірімен оның кейбір кезеңдерінде судың керекті мөлшерімен қамтамасыз етілмеген шақтарында жүргізіледі. Суғарудың бұл түрі өзінше жүйелі (тұрақты) және бір дүркін ғана суғару болып бөлінеді.
Шаруашылық жағдайында суғарудың жүйелі түрін пайдаланғанда топырақ қажетті мөлшерде және керекті мезгілде дымқылданады.
Су көздерінен су суғару жүйелерінде өздігінен ағатын болғанда өздігінен ағызып суғару, оған керісінше, механикалық әдіспен жіберілсе, онда механикалық суғару деп аталады.
Жоғарыда көрсетілгендей, біздің елімізде судың өздігінен ағуына негізделген жүйелі суғару түрі көп тараған және ол ең негізгі түрі болып саналады.
Ал енді жерді бір дүркін ғана суғару үшін су алаңға бір-ақ рет жайылады. Алаңға жазғытұрым пайда болатын қар суы жабылған жағдайда ол көлтабанды суғарма деп аталады. Ал енді алаңға каналдар арқылы көктемгі тасқын сулары жайылса оны тасқын сумен суғару деп атайды. Көлтабанды суғарма әсіресе Қазақстанда, Ресей және Украинада кеңінен тараған.
Суғарудың топырақты тыңайту үшін қолданылатын түрін ұйымдастырғанда тыңайтқыштар сумен бірге топыраққа ерітілген күйінде таратылып, оның дымқылдану қабатына сіңеді. Суғарудың бұл түріне қалалар мен өнеркәсіп орындарының сарқынды суларын және топырағы құрамында азығы мол тасқын суларын пайдалану жатады.
Арнаулы суғарудың түріне топырақты тазарту, жылыту және т. б. мақсаттармен жүргізілетін суғару жұмыстары жатады. Суғарудың топырақты тазарту үшін қолданылатын түрі оның құрамындағы артық тұздарды шаю және өсімдіктерге зиянкес жәндіктерді құрту үшін ұйымдастырылады. Мысалы, тышқандарды, май қоңызының личинкаларын, филлоксерлерді (өсімдік биті) жою үшін алқап бетіне су жайылады.
Топырақты жылыту үшін суғарғанда, оны өзінен жылырақ сумен суғарып жылытудың арқасында өсімдіктердің өсіп-өну дәуірі ұзартылады. Суғарудың бұл түрі шаруашылық жағдайында қазіргі уақытта аса көп тарамаған.
Суғарудың тәсілдері. Суды топыраққа енгізу тәсіліне қарай жер суғару үш түрге бөлінеді:
1 Беткейлеп, немесе беткі жағынан суғару тәсілі. Бұл әдісті қолданғанда су топырақ бетіне суғару жүйектері, алқаптары және атыздары арқылы таратылады. Бұл әдіс біздің елімізде кеңінен тараған.
2 Жаңбырлатып суғару тәсілі. Бұл әдісті қолданғанда жаңбырлатқыш аппараттар арқылы су жоғары шашыратылып, онда тамшыларға бөлініп жер бетіне табиғи жауын тәрізді жауып, ауаның жер бетіне жақын қабатына, өсімдіктерді және топырақты ылғалдандырады. Қазіргі уақытта суғарудың бұл әдісі шаруашылықтарда өте көп тараған.
3 Егісті астыңғы жағынан суғару әдісін қолдану үшін су топырақтың жыртылатын қабатының астыңғы қыртысына енгізіледі. Бұл әдіс әзірше көп тарамаған және қазіргі уақытта толық жетілдіру сатысы үстінде.
1.2 Суғармалы егіндерді жүйекпен суғару технологиясы
Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алу үшін егіс белгілі тәртіпте қолдан сұрыпталып, топырақ ылғалдылығы қажетті мөлшерге дейін жеткізілуге тиісті. Ал суды егіс алқабына жіберу үшін арнаулы суғару жүйелері жасалады.
Көлдетіп суғару байрығы көне суғару әдісі болып, алқап мұқият тегістеліп, палдармен қоршалып бөлінді. Сондықтан бір сушы 80-100 лс су шығынын басқара алды, сөткесіне 1000-2000 м3 суғару нормасымен 8,5 га жерді тез сумен толтырып суғару мүмкіндігіне ие болды.
Көлдетіп суғару әдісінің кемшілігі жерді мұқият тегістеу, топырақ аэрациясы және топырақ құрамына кері әсері болды.
Сумен дұрыс қамтамасыз ету жүйесінде жаппай бастырып суғару әдісі өзінің жан жақтылығымен ұтымдырақ болды. Жаппай бастырып суғаруда көлденең тегітеу жұмыстары жүргізілмейді, жер еңкістігі реттеледі. Әрбір 100-300 м-де горизонталь бойлап су беру арықтары алынады. Су беру арықтарындағы су топырақ тосықтармен бөгеліп, оның дамбасындағы су жіберу жолдары арқылы алқапқа 15-25 лс мөлшерде жіберілді. Бұл әдістің кемшілігі алқапты жаппай қатқалақ басып және топырақ нығыздалып салдарында оны қопсытуға көп еңбек шығыны талап етіледі. Егінді бір қатар егу әдісіне өтуге байланысты, жүйекпен суғару әдісіне көшті. Егінді суғару техникасы мен технологиясының жетілдірілмеген әдісін қолдану, оның ПӘК- нің 0,48-0,55-ке төмендеуіне алып келеді.
Уақытша суғару арықтары бойлама (1а сурет) және көлденең (1б сурет) әдіс бойынша алынады.
Жүйек ұзындығы 100-200 м болғанда су нормасының таралу біріңғайлылығы 0,5-0,7 аралығында, толық суғарылмаған алқапта өнімнің 2-ден 15%-ға дейін төмендеуіне, ал жүйек ұзындығы 300-400 м болғанда, су нормасының таралу біріңғайлылығы оданда төмен.
Белгіленуі: а) бойлық; 6) көлденең; I - шаруашылық ішіндегі суғару торабы,
2 - учаскелік таратқыш; 3 - уақытша суғару арығы.
Сурет 1. Уақытша суғару торабының учаскелік
таратқыш схемасы
Суғару әдісі алаңының рельефіне байланысты алынады. Суғару алаңының еңістігі і=0,002 кіші болғанда, бойлама әдіс, ал еңістігі і=0,008 дейін болғанда көлденең әдіс қолайлы болады. Алаңның еністігі түрліше болғанда, көлденең әдіс қолайлы. Бойлама әдістен көлденең әдістің қолайлығы да осында. Еңістігі көп, нашар тегістелген және кіші алаңдарда, бұрыннан суғарылатын алқаптарда (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында) көлдененң суғару әдісі кеңінен қолданылады. Мұндай жағдайда суғару арықтарының ара-қашықтықтары 60-80 м аралығында, оның су өткізу қабілеті 80-120 лс жоғары болмайды. Сарағаш ауданының жер жағдайына байланысты көлдененң суғару әдісі кеңінен қолданылады.
Суғару алаңының і=0,004 жоғары болғанда, суғару жүйектері жолақ бағыты бойынша алынады. Уақытша суғару арықтары алаңның еңістігіне, топырақтың механикалық құрамы мен су сіңіру қасиетіне байланысты ұзындығы 1500 м дейін, олардың ара-қашықтығы 160-400 м аралығында алынады. Суғару алаңының еңістігі і=0,004 болғанда, топырақ эрозиясын болдырмау мақсатында суғару арығының су өткізу қабілеті 60-80 лс аспауы қажет. Бұл сушылардың жұмыс өнімділігін төмендететін болса да, тиімдірек.
Сушының уақытша суғару арақтарының қолмен жөндеу жұмыстарын орындау жұмыс өнімін төмендетеді. Бұл уақытша суғару арықтарын қазу машинасның құрылымының жетілмегенімен түсіндіріледі. Өндірістік жағдайлрда уақытша суғару арықтарының су өткізу қабілеті 10-25 лс, ал сушылардың орташа жұмыс өнімділігі ауысымда 0,5 гадан аспайды.
1.3 Арық тегістегіштердің құрылымдық ерекшеліктері
Өндіріске КБН - 0,35А арыққазғыш-тегістегішін және КЗУ-0,3Д әмбебап арыққазғыш-тегістегішін енгізгенге дейін уақытша сағару арықтарын қазуды және оларды тегістеуді әрбір қатараралығын культивациялау алдында арнайы жабдықтардың болмауына байланысты әртүрлі техника және жабдықтарды қолданған немесе қолда кетпенмен тегістеген.
Уақытша суғару арықтарын тегістеуді механикаландыру мақсатында және қол жұмыстарын азайту үшін уақытша суғару арықтарының үлкен қимасын тегістеу орташа типтегі маркасы Д-241, Д-241А, Д-20Б грейдерлері мен бұрылмалы қайырмасы бар маркасы Д-271А, Д-492А и Д-453А бульдозерлері қолданылды (2,3,4 сурет).
Уақытша суғару арықтары мен траншеяларды тегістеу үшін грейдер (2 сурет) мен бульдозер (3 сурет) екі рет жүріп өткенде тегістейді, олардың қайырмасы қозғалыс бағытына 45-500 бұрышпен орнатылады.
Алайда, грейдер мен бұрылмалы қайырмасы бар бульдозерлер бұл жұмыстарды орындауға арналмаған және олардың өнімділігі аз, салмағы үлкен, топырақты таптап, үлкен аумақты тегістейді.
Сурет 2. Грейдер тегістегіші жұмысының технологиялық схемасы
Грейдер мен бульдозерден басқа қимасы үлкен суғару арықтарын тегістеу үшін ЗОР-500 тегістегіші де қолданылады (4 сурет). Тегістегіш 700 бұрышпен әмбебап қаңқада орнатылған екі қайырмадан тұрады .
Шектегіш валиктер тегістегіші - бұл да өзара бұрышпен орнатылған ұзартқышы бар екі қайырмадан тұратын тегістегіш. Қайырмалар арасындағы бұрыш 50 ... 60º тең.
МК-10 тегістегіші машинаның бір жүрісі кезінде дамба топырағын кесіп, оны арық табанына тастап, топырақыт тегістеп және нығыздап өтеді.
Үзіліссіз әсер ететін машиналар арық бойымен қозғалған кезде дамба топырағын арықтың ортасына қарай ығыстырады. Жұмыс органының алым ені топырақ жағдайларына байланысты реттеледі, ол қозғалатын машинаның ізін жабуы қажет.
Бұл талаптарды пассивті жұмысшы органдары бар қайырмалар қанағаттандыра алады. Олардың қайырмаларының қозғалыс бағыты бойынша орналасу бұрышы 45-90º, ал кесу бұрышы 50-85º болады, яғни бұрылатын бульдозерлер типтес машиналарды айтуға болады (қисық күрек).
Сурет 3. Бульдозермен уақытша суғару арықтары мен траншеяларды көму процессі
Сурет 4. ЗОР-500 тегістегіші
Уақытша суғару арықтарын тегістеу кезінде сонымен бірге артқы және алдыңғы қайырмасы бар маркасы БУ-100Б, БУ-55, РУБ-200 и КР-3 кавальер-тегістегіштерін де қолданады (5 а,в сурет).
Алдыңғы қайырмасы бар кавальер-тегістегіштерін қолдану жүргізушінің жұмыс орнында тұрып, жұмыс процесін бақылау қиын және ыңғайсыз болғандықтан, кесу және қамту бұрыштарын орнату және өзгерту механизмдерінің болмауынан оны пайдалану шектелген.
Артқы қайырмасы бар кавальер-тегістегіштерінде тегістегіштің қайрмасы трактор табанынан 1 м оңға қарай шығарып орнатады, ол машинаның суғару арықтарынан қауіпсіз қашықтықта жүруге мүмкіндік береді.
Бұл аталған машиналардың барлығымен орындалатын уақытша суғару арықтарын тегістеу жұмыстары сапасыз және егістік алқаптағы қозғалысы күрделі маневрлілігі өте төмен. Сондықтан, уақытша суғару арықтарын тегістеу жұмыстарына арнайы тегістегіштер қажет етіледі.
Р. Л. Турецкий көрсеткендей, пассивтік жұмысшы органдар топырақты аз майдалайды, энергияны аз жұмсайды. Сериялы шығатын бульдозерлермен уақытша суғару арықтарының дамбасын тегістеу үшін жұмысшы органын өзгертуді қажет етеді, себебі жұмысшы орган босаған топырақты ғана кесіп ығыстырады.
Кавальер-тегістегіштердің бұл көрсеткіштері жалпы пайдаланылатын, топырақты кесу мен сырғытуға арналған әмбебап бульдозерлерден айырмасы бар.
а) алдыңғы қайырмасы бар;
в) артқы қайырмасы бар
Белгіленуі: 1-қайырма; 2-ұзартқыш; 3-бурс; 4-гидроцилиндр; 5-жүк салмақ;
6-пышақ; 7-қозғалтқыш; 8,9-тірек шанасы; 10-бұрғыш; 16-жан тосық;
17-қаңқа; 18-ұзартқыш тиек; 19-кроештейн.
Сурет 5. Кавальер-тегістегіштер
Пассивтік жұмысшы органдарының (қайырмалардың) негізгі параметрлеріне 1 кестедегі мәліметтер жатады.
Кесте 1-Суғару арықтары тегістегішінің жұмысшы органдарының параметрлері
Параметрлер
Машина типтері
Алдыңғы аспалы қайырмасы бар
Артқы аспалы қайырмасы бар
Қайырма ұзындығы, мм
Қайырма биіктігі, мм
Қайырманың көтерілу биіктігі, мм
Қамту бұрыштарын реттеу шектері, град
Кесу бұрыштарын реттеу шектері, град
Кесу бұрышы, град
Қисықтық радиусы, мм
2500-3500
800
600
45-90º
0-7º
50-68º
300-600
5400
900-1000
700
45º
-
-
300-600
Суғару торабын қазу мен тегістеуге арналған машиналар, мысалы, КБН-0,35А (6 сурет), КЗУ-0,3Д (7 сурет) және ПР-0,5 машиналары суғару арықтарын, суғару жолақтарын, негізгі және қосымша жүйектерді, палдарды салады және тегістейді.
Сурет 6. КБН-0,35А тегістегіші бар арық қазғыш-жүйек жасағыш
Сурет 7. КЗУ-0,3 В әмбебап арық қазғыш тегістегіші
Бұл машиналар уақытша суғару арықтары мен жүйектерін тегістеуге арналған, олардың қозғалыс бағытына 30-40º бұрышпен орнатылған екі қайырмасы бар. Тегістегіш суғару арығы үстімен қозғалып, қайырмалар дамбаны кесіп, топырақты арыққа тастайды және оны тегістейді.
Пал жасаушы-тегістегіш қаңқасында палдар мен суғару торабын тегістеуге арналған екі қайырмасы бар. Тегістегіш суғару арығы үстімен қозғалып, қайырмалар дамбаны кесіп, топырақты арыққа тастайды және оны тегістейді.
Шектегіш палдарды тегістеу үшін ұзартқышы бар осы қайырмаларды қолданады, қайрмалар арасындағы бұрыш 50-600 болады.
Уақытша суғару арықтарын тегістеуде қолданылатын құралдарды мақсаты бойынша екі топқа бөлуге болады.
1.4Тегістегіштердің жұмысшы органдарын жетілдіру бойынша зерттеулерге шолу
Ауылшаруашылығы техникасының қазіргі заманғы жағдайында уақытша арықтарды қазу мен тегістеу сапасын айтарлықтай арттыру тек топырақтың физикалық-механикалық жағдайын жақсартуға негізделген технологияны жетілдіру жолымен ғана жетуге мүмкін болады. Мұндай шешімдердің қатарына уақытша арықтарды тегістеу кезінде дамбаның беткі құрғақ топырақ қабатын аудару жолымен уақытша арықтың түбіне тастап көму жатады. Бұл жағдайда тегістегіштің жұмысшы органдарының оңтайлы параметрлері энергия шығындарын аз жұмсай отырып, тегістеу процесінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Отандық және шет елдік ғалымдардың бұл бағытта жүргізген зерттеулері тарту кедергісін төмендету мен топырақты өңдеу сапасын айтарлықтай жақсарту мүмкіндігін дәлелдеді.
В. П. Горячкин, Н. Г. Домбровский, А. Н. Зеленин, Ю. А. Ветров, В. И. Баловнев, Д. И. Федоров, Б. А. Васильев және басқалардың зерттеулерінде топырақтық бұзылуы процесінің сапалық жағы ашылған және жер қазу машиналарының жұмысшы органдарының топырақпен өзара әсерлесуі кезінде пайда болатын кедергіні сандық түрғыдан бағалауға мүмкіндік беретін тәжірибелік-теориялық теңдеулер анықталған.
Грейдерлік типтегі тегістегіштердің оңтайлы параметрлерін анықтау және схемасын жетілдіру, жұмыс процесін зерттеу сұрақтарына Степанов Э. И., Братышев И. П., Немировский Э. Э., Ким Г. Н., Дубенский В. И., Муратов Х., Назиров Р., Манабаев Н.Т. және басқалардың еңбектері арналған.
Қайырма типіндегі жұмысшы органдардың топырақты кесу және жылжыту кезіндегі тарту кедергісі бірінші кезекте топырақтың механикалық қасиеттеріне, жұмысшы органдардың қайырманы кесу бұрышы, қайырма ені, тегістегіш қайырмаларының қамту ені, қайырманың тереңдеу бұрышы, қайырманың қисықтық бұрышы, қозғалыс жылдамдығы сияқты параметрлеріне байланысты болады. Бұл туралы қайырма типіндегі жұмысшы органдарға қатысты әдебиеттерде толық мәліметтер берілген.
Алайда, жол машиналарының қайырма типіндегі жұмысшы органдары тегістегіштерге қарағанда мүлде басқа жағдайларда жұмыс істегенімен, кейбір сұрақтары, мысалы, тегістегіш жабдықтарының қайырма параметрлерін оңтайландыру сұрақтары бірдей болады. Сондықтан қайырма жұмысшы органдарының жұмысын үйренуге байланысты зерттеулер қызығушылық тудырады.
Профессор А. И. Анохин, т.ғ.к. И. М. Эвентов , т.ғ.к. И. А. Недорезов және басқалар жүргізген қайырма қисықтарының радиусын зерттеуге байланысты жұмыстары айтарлықтай қызығушылық тудырған, олар топырақтың деформациялану және тарту кедергісінің шамаларына қайырма қисығының радиусы әсер ететінін анықтаған (сурет 8). Қайырма қисығының радиусын кеміту кесілетін топырақтың кедергісін арттырады.
мүлде тегіс қайырмаларды қолдану тарту кедергісін кемітеді, себебі ол топырақты иілген қайырмаға қарағанда аз деформациялайды. Алайда, топырақтың қайырма алдында көп жинақталуынан, олар қайырма үстінен асып түсуі мүмкін (сурет 8г).
Тұрақты қисықтық радиусы бар қайырмалар (сурет 8а) жоғары бөлігі иілген қайырмаларға (сурет 8в) қарағанда топырақты тиімдіріек жылжытады. Қайырманың жоғарғы бөлігінің иілуі қайырманың төбесіне шыққан топырақты алдына қарай құлауға мәжбүр етеді.
Зерттеулерден бульдозердің бұрылмайтын қайырмасының тиімді пішіні төменге қарай үлкен қисықтығы бар эвольвента болатынын көреміз (сурет 8б). Айнымалы қисықтық радиусы бар қайырмаларды дайындау күрделі операция болып табылады, сондықтан грейдерлердің және бульдозерлердің қайырмаларын цилиндрлік немесе жоғары бөлігін иілген, ал төменгі бөлігін тегіс етіп жасайды.
Көптеген зерттеушілер топырақты жылжыту үшін топырақты қисық кесу үшін тұрақты қисықтығы бар грейдерлер қайырмаларын қолдануды ұсынады. Түзу қайырмалы бульдозерлер үшін айнымалы қисықтығы бар қайырмалармен бірге тұрақты қиысқтығы бар қайырмалардыда қолдануға болады. Қайырма қисықтығының айнымалы радиусы негізінен, қайырма алдындағы топырақ көлемін арттыру үшін қолданылды, ал ол өз кезегінде тарту кедергісін арттырады.
Сондықтан, дайындау қарапайымдылығын және топырақтың қайырманың жұмысшы органдары алдында шашылуын азайту мақсатында тұрақы қисықтық радиуысы бар қайырмаларды қолдану ұсынылады.
Қисық қойылған қайырмамен топырақты кесу кезінде (авторейдерлер, бұрылмалы бульдозерлер) топырақтың бір жағына жылжу жылдамдығының мәні зор, себебі, оны арттыру қайырма алдындағы жинақталған үйінді топырақ өлшемдерін азайтуға мүмкіндік береді. Топырақты тек жылжытуға қарағанда, оны кесе отырып жылжыту кезінде көп энергия кетеді. Топырақты шетке қарай тиімді жылжытуды кесу бұрышы 400 болатын профиль орындай алса (сурет 8а), сурет 8в-да берілген профиль ең тиімдісі болып табылады.
Белгіленуі: α - кесу бұрышы; φ - қайырма доғасының орталық бұрышы;
Во - қайырманың хорда бойынша биіктігі; ε - қайырманың
аудару бұрышы; R, R1 - қайырманың қисықтық радиусы
Сурет 8.Қайырма профилінің пішіндері
Практикада уақытша суғару арықтарын тегістегіштердің тұрақты және айнымалы қисықтық радиусы бар қайрмаларының түрлері қолданылады. Қазіргі кезде әртүрлі топырақты тегістеу кезінде қолданылатын қайырманың оңтайлы пішінін таңдау үшін алынатын толық мәліметтер жоқ. Қайырма алдындағы топырақ оның төбесінен асып кетпей, еркін қозғалуын, оның профилі қамтамасыз етуі қажет. Бұл сәйкес қисықтық радиусымен, аудару бұрышымен қамтамасыз етіледі.
Сынақтар кезінде қисықтық радиусы айнымалы және тұрақты болатын қайырмалармен тегістеу сапасы және энергия пайдалану бойынша нәтижелер алынды. Тәжірибе негізінде бірінші нұсқа тиімді екендігі анықталды. Айнымалы қисықтық қайырманың көлденең профилі (сурет 8в) радиустары доғалардың түйісу нүктесінен кететін R және R1= мм болатын екі доғаның түйісуінен жасалған. R радиусын кемітсек, топырақтың қайырма бойымен қозғалыс жағдайы нашарлап, топырақтың деформациясы артады.
Айнымалы қисықты қайырмалар үшін қайырмаға перпендикуляр болатын жазықтықта кесу бұрышы оның басқа параметрлерімен байланысты болады. Қайырманың биіктігі берілген жағдайда, кесу бұрышын азайту аудару бұрышын немесе қисықтық радиусын азайтады. Ол топырақтың қайырма бойымен қозғалысын нашарлатып, топырақ үйіндісінің артуын және тоқтап қалуын болдырады.
Кавальерлерді тегістеуді үлкен кесу бұрыштарында 60-75º орындауға болады, ол тегістеуді қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Қайырма қисықтығының әрбір радиусының пішіні үшін топырақтың қайырма бойымен қозғалысына минимал кедергі тудыратын және тез жылжуына мүмкіндік беретін бұрышқа сәйкес келетін кесу бұрышының оңтайлы мәні 2 кестеде келтірілген.
Қисықтық радиусы артқан сайын, кесудің оңтайлы бұрышы да артады. Кесу бұрышын оңтайлы кесу бұрышынан да арттыру топырақ деформацмиясын арттырып, қайырманың ішінде топырақтың қатып қалу аймағының түзілуіне мүмкіндік береді, ол жылжытуға кедергі тудырады.
Кесте 2-Кавальер-тегістегіштердің қайырмасын орнату бұрыштарының оңтайлы мәндері
Радиус мм
600
600
400
600
400
300
300
250
200
-
-
-
Кесудің оңтайлы бұрышы, градус
60-65
55-60
45-50
65-70
60-65
50-55
Қамтудың оңтайлы бұрышы, градус
44-45
40-50
35-47
42-52
40-50
35-45
Автогрейдерлер мен бульдозерлердің бұрылмалы қайырмаларын топырақтың көлденең жылжуының жылдамдығын арттыру үшін қисықтық радиусын тұрақты етіп жасау ұсынылады, ал әмбебап емес бульдозерлердің көлденең қайырмаларын жоғары жинақтау қабылетін қамтамасыз ету үшін төменгі жағында үлкен қисықтық радиусы болатын етіп жасау қажет. Бульдозердің қайырмасын жобалау кезінде қайырма бетінің профилінің параметрлерін: қайырма бетінің қисық сызықты учаскесінің радиусын, қайырманың аудару бұрышын анықтау қажет (3 кесте).
Кесте 3-Бульдозер қайырмасының көлденең профилінің негізгі параметрлері
Параметлер
Қайырма
Бұрылмайтын
Бұрылатын
Кесу бұрышы, градус
55
50-55
Қайырманың еңістік бұрышы, градус
75
75
Аудару бұрышы, градус
70-75
60-75
Қалқаншаны орнату бұрышы, градус
90-100
90-100
Артқы бұрыш, градус
30-35
30-35
Қайырманың цилиндрлік бетінің радиусы, мм
R=H
R=(0,8-0,9)H
Кесу бұрышы кесу процесінің энергия тұтынуына көп әсер етеді, себебі оны азайтсақ, кесуге кедергі күші де айтарлықтай кемиді. Осы себептерді ескере отырып, бульдозердің бастапқы жағдайындағы өлшенген кесу бұрышын бұрылмайтын қайырма үшін 55º және бұрылатын қайырма үшін 50-55º деп алуға болады.
Үшкірлену бұрышының аз болуынан кесу ұшының беріктігі төмендейді. Сол үшін артқы бұрышты 30+35º деп алу керек. Қамту бұрышы бұрылатын қайырмадан топырақтың бір шетке ығысуы талаптарынан алынады. Іс-жүзінде қамту бұрышы 55-60º көп болса, топырақ бір шетке қиын жылжиды. Бульдозердің үзіліссіз қозғалысымен орындалатын жұмыстар кезінде (траншеяны көму, тегістеу) қамту бұрышы 45-50 º кем ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz