Delphi ортасымен танысу


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе. Delphi ортасымен Тансу
Жоспары
- Кіріспе
- Негізгі терезе мен компоненттер жинағы.
- Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі.
- Программа кодының терезесі.
Кіріспе
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi-дің 7 негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD - жүйесіне “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өңдеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке сұхбат терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тіл қолданылады, оның негізіне Object Pascal ( Turbo Pascal жалғасы ) жатады. Delphi әртүрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі . NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.
Delphi тілінде программалау ортасымен танысу
Delphi тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар IDE (Integrated Development Environment) дамытылған құрылымдық ортада орындалады. IDE ортасы программалаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әртүрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және программаны түзету, оны орындау әрекеттері IDE ортасында орындалады.
Delphi ортасын іске қосу үшін, келесі командаларды пайдалану керек: Пуск - > Программы -> Borland Delphi - Delphi 7.
Delphi-дің ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және икемделуіне байланысты оның көрнісі жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы мүмкін (1- сурет) . Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді:
- Негізгі терезе (Project 1) ;
- Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector) ;
- Формаларды құрастырушының терезесі (Form1) ;
- Программа кодының терезесі (Unit1. pas) .
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға және олардың өлшемін өзгертуге болады. Delphi бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Программалар жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі. Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің Windows ортасында орындалуымен бірдей болып келеді. Форманың терезесінен Unit кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады. Кейде Delphi жүктелгенде, Unit терезесі шығады. Сол жақтағы терезе Browser терезесі деп аталады және бұл терезе арқылы программаның құрылымымен танысуға болады. Delphi ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек.
Негізгі терезе мен компоненттер жинағы
Негiзгi терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы iске қосылып тұрғанда мiндеттi түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады (2-сурет) .
Бұл терезеде Delphi-дiң
негiзгi меню жүйесi, пиктограммалық командалық батырмалары мен компоненттер палитрасы
орналасады. Негiзгi меню жүйесiнiң опциялар тақырыптарының құрамына iшкi меню кiредi.
Негiзгi меню жүйесiнiң элементтерi сол жағында ¦¦¦ таңба қойылған арнайы панельдерде орналасады. Негiзгi менюден басқа элементтердi панельдегi ¦¦¦ таңбасы арқылы негiзгi терезеден тыс экранның кез-келген жерiне жылжытуға немесе мүлдем алып тастауға болады.
Компоненттер жинағы
- Delphi-дiң негiзгi байлығы болып табылады. Ол негiзгi терeзенiң оң жағында орналасып, қажеттi компонентті тез табуға арналған белгiлерден тұрады (3-сурет) .
Компонент деп белгiлi бiр қасиеттердi иемденген және форма терезесiнде кез-келген объектiнi орналастыру мүмкiндiгiн туғызатын функционалды элементтi айтады. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлiнген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегiмен программаның негiзi бөлiгi құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тiзiмдерi және т. с. с) .
Батырмалар панелi сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады. Ол үшiн компоненттер палитрасына кiретiн кез-келген пиктограмманы тышқан тетiгiнiң оң батырмасымен сырт еткiзiп, арнайы редакторды iске қосу керек. Ашылған менюдегi Properties (қасиеттер) пунктiн таңдағанда 4-суреттегi оң жақ терезе шығады.
Мысалы, 3-суретте көрiнбейтiн компоненттер арасындағы Dialogs парағын алға жылжытсақ, бұл парақта жиi қолданылатын компоненттер орналасады. Ол үшiн 4-суретте келтiрiлген терезеде Dialogs пунктiн тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, Dialogs пунктiн Data Aсcess пунктiнiң орнына қою керек.
Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі.
Форма құрастырушысының немесе форманың терезесi - болашақ программаның Windows терезесiнiң жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәлiрек айтсақ, Windows-тiң стандартты интерфейстiк элементтерiнен: жүйелi менюдi шақыру, терезенi үлкейту, кiшiрейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршаған шегiнен тұрады. Бұл терезенiң жұмыс аймағы координттық тордың нүктелерiмен реттелген.
Программалаудағы айтарлықтай уақытта Lego констукторының бөлiктерiмен атқарылатын жұмыс сияқты компоненттер жинағынан қажеттi компонентті таңдап, форманың терезесiнде орналастыруға болады. Сөйтiп, форма терезесiнде қажеттi компоненттер бiрiнен соң бiрi орналастырылады.
Бұл ерекшелiк - визуалды (көрсеткiш) программалаудың негiзi болып табылады. Программалаушы әр мезгiлде құрылатын программаның терезесiн бақылап отырып, қажеттi өзгерiстердi кез-келген мезетте енгiзу мүмкiндiгiне ие болады.
Формадағы орналасқан әр компоненттер өзiнiң мекен-жайымен, мөлшерiмен, түсiмен т. с. с. анықталады. Форманы құрастыру File => New => Form опциялары арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бiр компонентті, мысалы Standard парағының Button батырмасын орналастыру үшiн компоненттер жинағындағы Standard белгiсiн сырт еткiзiп, парақты екпiндi күйге келтiру керек.
Button батырмасының кескiнiн ажырату үшiн тышқанды баспай тұрып парақта орналасқан белгiлердiң үстiнен жылжытып көрген сәтте компоненттердің аты шығып тұрады.
қажеттi компонентті сырт еткiзiп белгiлеп, тышқанды форма аймағының кез-келген жерiне сырт еткiзсек, форманың бетiнде Button1 элементi пайда болады.
Компоненттің формадағы орнын, мөлшерiн форма терезесiнде бiрден өзгертуге болады, ол үшiн компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен белгiлеу керек (кiшiгiрiм төртбұрыштылар пайда болады) . Ендi белгiленген компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрып, форма аймағының кез-келген жерiне жылжытуға болады. Мөлшерiн өзгерту үшiн тышқанды элементтi қоршап тұрған кез-келген төртбұрышқа орналастырсаңыз, пайда болған қос бағытты тiк сызықты тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып жылжытуға болады. Компонент жою үшiн оны белгiлеп, Delete пернесiн басса жеткiлiктi.
Компоненттің басқа параметрлерiн өзгерту әрекеттерi Объектiлер бақылаушысы арқылы немесе программаның денесiнде орындалады.
Объектiлер бақылаушысының терезесi екi парақтан құрылады: Properties - қасиеттерi және Event s -оқиғалары. Properties парағы арқылы компоненттің қасиеттерi -параметрлерi анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті әртүрлi оқиғаларға сәйкес сезiндiру анықталады. 5-суреттегi Form1 терезесiнде орналасқан Button1 батырмасы - компонент, оқиға - осы батырманы басу, ал оқиғаға сезiндiру - осы батырма басылғанда қандай амалдар орындалады- соны анықтауды қажет етедi.
Объектiлер бақылаушысы екi бағанадан құралған кесте: сол жақ бағанасында параметрдiң немесе оқиғаның атауы, ал оң жақта - параметрдiң мәнi немесе оқиғаны өңдейтiн iшкi программаның атауы орналасады.
Кестенiң кез келген жолын тышқанды сырт еткiзу арқылы таңдауға болады. Бұл жолдағы параметр қарапайым немесе күрделi болуы мүмкiн. Қарапайымдарға бiр мәнмен анықталатын - сан, символдар жолы, True немесе False мәндерiн қабылдай алатын және т. с. с. компоненттің қасиеттерi жатады. Мысалы, Caption (тақырыбы) қасиетi бiр символдар жолымен, Enabled (қол жетерлiк) - True немесе False мәндерiмен, ал Heigh (биiктiгi) және Width (ұзындығы) нақты бiр сандық шамалармен анықталады.
Компоненттің күрделi қасиеттер құрамына бiрнеше мәндер тiзiмi кiредi. Олардың сол жағында “+“ белгiсi тұрады, мысалы
.
Осы тiзiмдi ашу үшiн “+” белгiсiн тышқанмен сырт еткiзсе жеткiлiктi. Тiзiмдi жабу амалы қасиеттiң “-“ белгiсiн басқанда орындалады.
Жолдың оң бағанасын сырт еткiзу арқылы қасиеттiң мәнiн шығаруға болады, кейде шыққан көрiнiс келесi түрлерде де болуы мүмкiн:
Суреттегi бiрiншi көрiнiстегi “
…
” белгiсiн басқанда қасиеттiң мәнiн анықтауға мүмкiндiк туғызатын сұқбаттасу терезесi шығады. Екiншi көрiнiстiң белгiсiн басқанда қарапайым қасиеттiң болуы мүмкiн мәндерiнiң тiзiмi ашылады.
Объектiлер бақылаушысы терезесiнiң жоғарғы жағында форманың атауы және формадағы орналасқан барлық компоненттер және оларға қолданылған оқиғалар тiзiмi орналасып тұрады (7-сурет) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz