Жылжымалы жөндеу шеберханасы


Аннотация
Дипломдық жобаның тақырыбы «ОҚО Төлеби ауданы шаруа шаруашылықтарындағы техникасын жөндеуге арналған жылжымалы шеберханасын және құрылғыны жобалау».
Орындаған студент Жүнісов Б., жетекшісі Нурманов Б. Д., 2016 ж.
Дипломдық жобада шаруа шаруашылықтарындағы техникасын жөндеуге арналған жылжымалы шеберханасы жобаланған. Үйкелетін бөлшектерді майлауға арналған жетілдірілген айла бұйым солидолсықағыш ұсынылған.
Астық жинайтын комбайндарға техникалық қызмет көрсетудің толық жаңа технологиясы жасалған.
Жалпы жөндеу шеберханасы бойынша өндірістік бағдарламаның технологиялық есебі жасалған, оның негізінде және жөндеуге қойылатын талапқа сай өндіріс учаскесі ұсынылған, еңбек сыйымдылығы және өндіріс аудандары есептелген, қажетті жабдықтар таңдалған оларды орналастыру тұралы нақты нұсқаулар берілген.
Дипломдық жобада еңбекті және қоршаған ортаны қорғау сұрақтары қарастырылған.
Жобада ауыл шаруашылық техникасын дала жағдайында жөндеуге арналған қазіргі бар конструкцияларды және айла бұйымдарды үйренуге және талдауға бағытталған зерттеу жұмыстары жүргізілген.
Жобаның экономикалық көрсеткіштері есептелген және бизнес-жоспар жасалған.
Жоба 91 бет түсіндірме жазбадан тұрады. Түсіндірме жазбада 19 кесте және 38 сурет ұсынылған.
Дипломдық жобаның графикалық бөлімі А-1 форматта орындалған 5 парақтан тұрады:
1 Пневматикалық гайка бұрағыштың сұлбасы
2 Электромеханикалық солидолсықағыштың принципиалды схемасы
3 Жылжымалы жөндеу шеберханасы жабдықтарын орналастыру жоспары
4 Сұйықтықтарды машиналардың картерлік қуыстарынан төгуге арналған құрылғы
5 Шаруа шаруашылықтары техникасын жөндеуге арналған жылжымалы шеберхананың техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер . . . 7
Анықтамалар . . . 8
Белгілеулер мен қысқартулар . . . 10
Кіріспе . . . 11
1Аналитикалық бөлім
1. 1 Қолданыстағы жылжымалы техникалық қызмет көрсету құралдарын талдау . . . 13
1. 2 ОҚО Төлеби ауданы туралы мәлімет . . . 26
1. 3 Аудан бойынша тракторлардың саны . . . 30
2 Технологиялық бөлім. Шаруа шаруашылықтары техникасын жөндеуге арналған жылжымалы шеберханасының есебі
2. 1 Машина-трактор паркінің құрамы және машиналардың жылдық жоспарлы жүктемесі . . . 33
2. 2 Жылжымалы шеберхана жұмысының жылдық жоспары . . . 34
2. 3 Жабдық санын есептеу және таңдау . . . 35
2. 4 Жөндеу шеберханасының ауданын есептеу . . . 40
2. 5 Электр жетекті солидолсықағыштың есебі
2. 5. 1 Ұсынылатын жұмыстардың сипаттамасы . . . 42
2. 5. 2 Қозғалтқышты таңдау . . . 44
2. 5. 3 Бірінші саты шынжыр берілісінің есебі . . . 44
2. 5. 4 Екінші саты шынжыр берілісінің есебі . . . 49
2. 5. 5 Біліктер есебі . . . 51
2. 6 Электрлендіру, жарықтандыру, жылу беру, желдету және суландыру параметрлерінің есептері . . . 55
3 Сұйықтықтарды машиналардың картерлік қуыстарынан, дала жағдайында техникалық қызмет көрсету кезінде, төгуге арналған құрылғы . . . 58
4Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау . . . 62
5 Қоршаған ортаны қорғау . . . 73
6 Экономикалық тиімділіктің есебі . . . 77
7 Бизнес жоспарлау . . . 83
Қорытынды . . . 89
Пайдаланылған әдебиет тізімі . . . 90
Нормативтік сілтемелер
Осы дипломдық жобада келесі негізгі нормативтік құжаттар қолданылған:
МемСТ2. 101-68 - конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесінің негізгі ережелері;
МемСТ2. 101-69 - конструкторлық құжаттар кешені мен түрлерін зерттеп дайындау сатысы;
МемСТ2. 114-70 - сызбаға қойылатын талаптар;
МемСТ2. 113-85 - тексті құжаттар;
МемСТ 2. 201-80 - конструкторлық құжаттарды белгілеу мен сұрыпталуы;
МемСТ2. 301-68 . . . 2. 317-69 - сызбаларды орындаудың жалпы ережелері; МемСТ2. 301-68 . . . 2. 317-69;
МемСТ2. 401-68 . . . 2. 418-77 - әртүрлі типті тетіктердің сызбаларын жасау ережелері (тісті дөңгелектер, шлицалы қосылыстар, құбырлы өткізгіштер, онымен қатар электр құрастыру сызбалары және т. б. )
МемСТ 2. 601-68 . . . 2. 605-68 - пайдалану және жөндеу құжаттары;
МемСТ 2. 501-68 . . . 2. 503-74 - бұйым құжаттарын тіркеу, есепке алу және сақтау;
МемСТ2. 701-80 . . . 2. 787-71 - сұлбаларды орындау ережесі (электрлік және пневматикалық; сұлбалардағы шартты графикалық белгілеулер) ;
МемСТ. 7. 1-84 - ақпарат, кітапхана және баспа ісі жүйесінің стандарты;
МемСТ. 8. 417-2002 - өлшеулердің бірегейлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе стандарты. Шамалар бірліктері.
Анықтамалар
Өнімнің сапасы - қызметіне сәйкес белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын өнімнің қасиеттерінің жиынтығы.
Сенімділік - пайдаланудың, техникалық қызмет көрсетудің, жөндеудің, сақтаудың және тасымалдаудың берілген режимдерінде және шарттарында талап етілетін функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын, объектің барлық параметрлердің мәндерін белгіленген аралықтарда уақыт ішінде сақтау қасиеті.
Объект - бұйым, техникалық жүйе және оның элементтері, машиналар, агрегаттар, жинақ бірліктер, бөлшектер, аппараттар, аспаптар және т. б.
Параметрлер - кинематикалық және динамикалық сипаттамалар, өнімділік, жылдамдық, жүк көтергіштік, экономикалық, дәлдік және т. б. көрсеткіштер.
Түзу (ақаусыз) жағдай - объект барлақ нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарына сай.
Ақаулы жағдай - объект нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттар талаптарының ең болмаса бірін қанағаттандырмаса.
Жұмысқа қабілетті жағдай - берілген функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын, барлық параметрлердің мәндері нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарына сай келеді.
Жұмысқа қабілетсіз жағдай - берілген функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын, ең болмаса бір параметрдің мәні нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарына сай келмейді.
Шекті жағдай - объекті қызметіне қарай пайдалану мүмкін емес немесе тиімсіз.
Зақымдалу - жұмысқа қабілетті жағдайдың сақталып, түзу (ақаусыз) жағдайдың бұзылуы.
Сақтаулылық - объектің (бұйымның) сақтау немесе тасымалдау кезінде және одан кейін, үздіксіз жұмысқа қабілетті және ақаусыз жағдайда болу қабілеті.
Эргономиялық - адам-бұйым (адам-машина) жүйесін сипаттайтын және адамның гигиеналық, анропометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттерін ескеретін, өндірістік және тұрмыстық процестерде байқалатын объектің қасиеттері.
Экологиялық - объектің, қолдану кезінде пайда болатын, қоршаған ортаға зиянды әсер ету дәрежесін сипаттайтын қасиеті.
Тоқтау (отказ) - объектің жұмысқа қабілетті жағдайының бұзылуы.
Жөнделетін объект - жөндеуге мүмкіндігі бар объект және ол нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттарда қарастырылған.
Жөндеу - бұйымдардың жұмыс істеу қабілетін және түзулігін және бұйымдар мен олардың құрама бөліктерінің техникалық ресурсын жаңартуға арналған, операциялар кешені.
Жүктеме (наработка) - сағатпен, мотосағатпен, гектармен, жүріс километрімен және т. б. өлшенетінобъектің жұмыс уақыты немесе көлемі.
Техникалық ресурс (ресурс) - объекті пайдаланудың басынан немесе капиталды жөндеуден кейін қайта пайдаланудан бастап шекті жағдайға өткенге дейінгі оның қосынды жүктемесі.
Жаңартылатын объект - жұмысқа қабілетті жағдайын жаңарту нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттарда қарастырылған.
Жекешеліндірілмеген жөндеу - жаңартылатын құрама бөлшектердің белгілі бұйым экземплярына тиістілігі сақталмайтын жөндеудің әдісі.
Жекешеліндірілген жөндеу - жаңартылатын құрама бөлшектердің белгілі бұйым экземплярына тиістілігі сақталатын жөндеудің әдісі.
Агрегатты жөндеу - ақаулы агрегаттар жаңасымен немесе жаңартылғанымен ауыстырғандағы жекешеліндірілмеген жөндеу әдісі.
Тоқтаусыздық (безотказность) - бұл объектің кейбір уақыт ағымында немесе жүктемесінде жұмысқа қабілетті жағдайды тоқтаусыз сақтау қасиеті. Техникалық қызмет көрсету - машиналарды пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде олардың жұмыс қабылетін ұстап тұруға арналған жұмыстар кешені.
Жөндеу-қызмет көрсету мекеменің өндірістік процесі - нәтижесінде тозған объектілердің-бөлшектердің, агрегаттардың және машиналардың жұмыс қабілеттілігі жаңартылатын, ұйымдастыру-техникалық және технологиялық процестер қосындысымен сипатталады.
Технологиялық процесс - объектің жұмыс істеу қабілетін орнына келтіруге арналған өндірістік процестің бір бөлігі.
Технологиялық операция - бір жұмыс орнында орындалатын технолгиялық процестің аяқталған бөлігі .
Деградациялық тоқтау - жобалаудың, жасаудың және пайдаланудың барлық белгіленген ережелерін және (немесе) қалыптарын сақтау жағдайында табиғи ескіруге, тозуға, коррозияға және шаршауға байланысты тоқтау.
Ауыл шаруашылығы машиналарына алдын-алу техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі - диагностика, техникалық қызмет және жөндеу арқылы машиналардың сапасын ұстап тұру үшін және оны жаңарту мақсатында қолданатын, өзара байланысқан құралдардың, құжаттардың және орындаушылардың қосындысы болып табылады .
Сервис - бұл, тұтынушыларды талап ететін тауар.
Машина-технологиялық станса (МТС) - бұл шұғыл-шаруалық және құқықтық қатынастардағы тәуелсіз мамандандырылған мекеме, оның мақсаты - күрделі және қымбат техниканы қолдануды, қызметкерлердің жоғары біліктілігін және арнаулы білімі болуын талап ететін, механикаландырылған ауылшаруашылық жұмыстарын орындау.
Белгілеулер мен қысқартулар
Мәтіндегі және суреттердің астындағы жазуларындағы сөздерде, ережелерге сай, қысқартулар рұқсат берілмейді. Бірақ ережеден ауытқып, мәтіндегі төменде көрсетілген сөздерді және сөз тіркестерді қысқартып жазуға рұқсат беріледі:
т. б. - тағы басқа,
т. с. с. - тағы сол сияқты,
с. с. - сол сияқты,
кес. - кесте,
сур. - сурет,
коэф. - коэффициент,
пәк - пайдалы әсер коэффициенті,
мин. - минут,
сағ. - сағат,
тең. - теңге,
ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы,
ТҚ - техникалық қызмет,
ТҚК - техникалық қызмет көрсету,
а/ш - ауыл шаруашылық,
МТС - машина технологиялық стансасы,
МТП - машина трактор паркі,
МТА - машина трактор агрегаты,
АШМ - ауыл шаруашылық машиналары,
КҚБЖ - конструкторлық құжаттардың бiрыңғай жуйесi,
ТҚБЖ - технологиялық қужаттардың бiрыңғай жүйесi,
МемСТ - мемлекеттік стандарт,
ИСО - халықаралық стандарт тәжірибесі.
Кіріспе
Экономикалық қатынастарды реформалау кезеңінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемінің азаюы байқалады. Машина-трактор паркінің жағдайы нашарлайды және ол тозады, сондықтан бүгінгі күні АӨК де техникалық сервисті ұйымдастыру және жетілдіру ерекше актуальды. Қазақстанның әлемдік нарығына кіруі АӨК де техникалық сервисті ұйымдастыруға жаңа көз қарасты талап етеді. Ол үшін өз еліміздің, сондай ақ нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін ескеру қажет. Қазақстан ауыл шаруашылығы жеткіліксіз механикаландыру деңгейімен және үлкен еңбек шығындарымен сипатталады. Мысалы, 100кг дән өндіру үшін еңбек шығыны 1, 2 адам-сағатты құрайды, ал қызылшаға - 0, 9 адам-сағат. Картоп өндірудегі механикаландыру деңгейі - 54 %, көкөніс - 26 %, ірі қара мал өсіруде - 68 %.
Нарықтық қатынастардың жетілуі машиналарға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге кететін шығындарды едәуір үлкейтті, әсіресе майда тауар өндірушілер үшін.
Тозған бөлшектерді жаңарту - ауыл шаруашылығындағы машиналарды және жабдықтарды тиімді пайдаланудың маңызды резрвтерінің бірі. Бұл материалдық, жылу-энергетикалық және еңбек ресурстарын қайталап, кейбір кезде көп рет өзінің ресурсын өтеп қойған бөлшектерді және түйіндерді пайдалану арқылы, үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.
Зерттеулер көрсеткендей ауыл шаруашылығында пайдаланатын күрделі жөндеуге түсетін машиналардың көбінде орта есеппен тек қана 20% бөлшектер жарамсыз болып табылады, 25 . . . 40% бөлшектер пайдалануға жарамды болып табылады, ал қалғандарын жаңартуға болады.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі - жөндеудің өзіндік құнын азайтуымен қатар машиналарды жөндеу сапасын жоғарлату. Машинаны күрделі жөндеудің өзіндік құны құрылымындағы шығындардың 60. . 70% қосалқы бөлшек сатып алуға кетеді, олар нарықтық қатынастар жағдайында да тапшы және бағасы өте үлкен. Машинаны жөндеудің өзіндік құнын төмендетудің негізгі жолы - қосалқы бөлшектерге кететін шығынды азайту. Оны жарым жартылай машиналарды шешуді және бөлшектерді дефектілеуді ықтият және сауатты жүргізу арқылы қамтамасыз етуге болады. Бірақ негізгі қоры - тозған бөлшектерді жаңарту және қайта қолдану, себебі жаңартылған бөлшектердің өзіндік құны жаңа бөлшектердің бағасының 20 . . . 60% құрайды.
Ұсынылатын дипломдық жобаның актуальдығы, ауыл шаруашылық техникасын жөндеу жұмыстарының үлкен бөлігі дала жағдайында (әсіресе жөндеу базасы жоқ шаруа шаруашылықтарында) өткізіледі.
Қашанда болмасын техникалық қамтудың ең басты мақсаты - шаруашылықтарда, әсіресе шаруа қожалықтарында, ауыл шаруашылық өнімдерін толық, сапалы және арзан өндіруді қамтамасыз ету. Бұл көбінесе машиналарды әрдайым жұмысқа қабілетті жағдайда ұстап тұруға байланысты.
Фермерлер өзінің машиналары мен жабдықтарының ақаусыздығын және жұмысқа қабілеттілігін түрлі тәсілдердің бірін қолданып іске асыруы мүмкін. Қазіргі кезде шаруа қожалықтарында техникалардың күрделі агрегаттарын жөндеуді машиналық-технологиялық станциялардың көмегімен (МТС) немесе басқада арнайы мамандандырылған жөндеу-қамту мекемелерінде орындайды. Егерде ондай мүмкіндіктері болмаған жағдайда кезекті техникалық қамтулардың операцияларын, шағын ақаулықтарды жоюды өзі, жанұя мүшелері немесе жалдамалы жұмыскер орындауы мүмкін. Бұл кезде машиналарды және құралдарды жөндеуді және техникалық қамтуды қосалқы құралдар мен саймандар жинағы көмегімен, сондай-ақ өзінің гараж - прафилакториі немесе жөндеу учаскесі жабдықтары көмегімен орындаған қолайлы, әрі тиімді. Шағын шаруашылықтардың техникасын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін жылжымалы шеберхананы қолдануға болады.
Жобада ғылыми жаңалығы және тәжірибелік маңызы бар үйкелетін бөлшектерді майлауға арналған айла бұйым солидолсықағыштың жетілдіруі ұсынылған.
Дипломдық жобаның мақсаты - шаруа шаруашылықтары техникасын жөндеуге арналған жылжымалы шеберханасы қызметінің тәжірибесін зерттеу.
Дипломдық жобаның объектіне шаруа шаруашылықтары техникасын жөндеуге арналған жылжымалы шеберханасын жобалау жатады.
Дипломдық жобаны орындаудың теориялық және методологиялық негізіне «Агротехсервистің жөндеу- қызмет көрсету мекемелерін жобалау» пәнін игеру кезінде алынған жобалау методикасы, ал тәжірибелік базасына оқу барысында өндірістік және диплом-алды тәжірибелерде алынған мағлұматтар жатады.
1 Аналитикалық бөлім
1. 1 Қолданыстағы жылжымалы техникалық қызмет көрсету құралдарын талдау
Ж0, ылжымалы құралдарға мыналар жатады: техникалық қызмет көрсету агрегаты; механикаландырылған жанар май құйғыш агрегат; жөндеу немесе жөндеу-диагностикалау шеберханасы; дигностикалық қондырғы; мұнай қоймаларының жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шеберхана және резервуарларды тазалайтын қондырғы; байланыс жүйесін жөндеуге арналған шеберхана және т. б.
Жылжымалы және тұрақты құралдардың арасында техникалық қызмет көрсету жұмыстарын бөлуді ескерген жағдайда, олардың 100 физикалық тракторларға және соған лайықты комбайындар және ауыл шаруашылық машиналарға техникалық қызмет көрсетуге қажет, қажеттіліктерінің жуықталған орташа нормативтері бар:
- механикаландырылған жанар май құйғыш агрегат . . . 2, 31
- техникалық қызмет көрсету агрегаты . . . 2, 10
- жылжымылы жөндеу шеберханасы . . . 2, 44
- жылжымалы диагностикалық қондырғы . . . 0, 53
- КСТО-1 комплекті . . . 2, 07
- КСТО-2 омплекті . . . 0, 96
- КСТО-3 комплекті . . . 0, 47
Жылжымылы жөндеу шеберханасы шаруашылықтағы тракторларды, автомобильдерді, комбайндарды дала жұмыс орындарында диагностикалау, оларға техникалық қызмет көрсету және қарапайым жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған. Шеберхананың өндірістік әрекеті машиналарға, агрегаттарға және түйіндерге күрделі жөндеу жүргізуге, сондай ақ бөлшектерді жаңартуға, автотрактор резинасын және аккумулятор батареяларын жөндеуге арналған кәсіпорындарының жұмысымен байланысқан. Шеберханада қоректендіру, майлау және гидравликалық жүйелерін, электржабдықтарды тексеру машиналардың құрама бөліктерін майлау және шиналарға жел беру қарастырылады.
Техникалық қызмет көрсетуге арналған жылжымалы механикаландырылған агрегаттары МЕМСТ 20793-81 бойынша қоршаған ортаның +5ºС ден +45ºС дейінгі температурасында тракторлардың, өздігінен жүретін шассилердің, ауыл шаруашылық машиналарының далалық жағдайда бірінші (ТҚ-1) және екінші (ТҚ-2) техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындауға арналған.
Агрегаттың жабдықтары, құралдары, саймандары және аспаптары мына жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді:
- машиналарды бірнеше түрлі жанар-жағар май өнімдерімен және сумен қосымша толтыру;
- мойынтіректердің жейілетін тетіктерін трансмиссиялық және пластикалық майлармен майлау;
- пайдаланған майларды ауыстыру және майлау жүйесін жуу;
- радиаторларды, сүзгілерді, түтіктерді, жуылған бөлшектерді сығылған ауамен үрлеу, шиналарға жел беру, коррозияға қарсы заттарды жағу, суды және майларды жылыту және т. б. ;
Техникалық қызмет көрсету кезінде машиналардың бөлшектерін және тетіктерін тазалау және сумен (ыстық) жуу.
Агрегат көмегімен бұзып-жинауды, слесарлық жұмыстарды, машиналардың тетіктерін реттеу және ұсақ техникалық ақаулықтарды жөндеу жұмыстарын орындауға болатын, қажетті слесарлық сайман және құрылғылар жиынтығымен жабдықталған. Агрегаттардың қысқаша техникалық сипаттамалары 1 кестеде келтірілген.
1 кесте - Техникалық қызмет көрсетуге арналған жылжымалы агрегаттардың техникалық сипаттамалары
Мысалы, АТО-9994 ГОСНИТИ агрегаты мынадай жұмыстарды орындайды:
шаң және батпақтан тазарту; сыртын сумен жуу; прецезиондық және басқа бөлшектерді суйықтықпен жуу; радиаторларды, түтіктерді, кассеталарды, ауа тазартқыштардың сүзгілерін және жуылған бөлшектерді сығылған ауамен үрлеу; екі түрлі трансмиссиялық және пластикалық майлармен мойынтіректердің жейілетін тетіктерін майлау; машиналарды төрт түрлі майлармен толтыру және үш түрлі майлардың беруін жалпы есептеу, берілген мотор майларын сүзгілеу; пайдаланылған суйықтықтарды және заттарды жинау; басқару механизімінің жағдайын, ауыл шаруашылық машиналарының сақтағыш муфталарын баптау және жарамдығын анықтау; бұзу-жинау және слесарлық жұмыстар; электролиттің тығыздығы мен деңгейін және аккумуляторлық батареялардың зарядталу дәрежесін анықтау; дистиляциялық суды сақтау және аккумуляторлық батареяларға еселеу; тежегіштің суйықтығын сақтау және еселеп құю; форсункаларды алу, сынау, реттеу және қою; қозғалтқыш май сүзгілерін тексеру; қозғалтқыштың газ тарату механизіміндегі күйенте мен клапан итергіші арасындағы жылулық саңылауын реттеу; дизель қозғалтқыштарында жанар май насосы секцияларының отын берудің басталу мерзгілін анықтау және реттеу; ауа тазартқыштың ластану дәрежесін анықтау; қозғалтқыштың ауа кіргізу жолы сағылаусыздығының бұзылу орындарын табу; шиналардағы ауа қысымын тексеру және реттеу;
машина құрама бөлшектеріндегі бөгде шулардың пайда болу көздері мен аймақтарын анықтау; қозғалтқыштың майлау жүйесіндегі және гидравликалық жүйенің суйықтықтардың қысымын анықтау; белдіктердің және шынжыр табандардың тартылуын тексеру және реттеу; стартерлік аккумулятор батареялары клеммаларының және сымдардың ұштарын тазалау; рычагтар және басқару педальдарының бос жүрісін тексеру және реттеу; кернеудің және оқшаулау кедергісінің мөлшерін тексеру; жұмысшы манометрдің жағдайын тексеру; техникалық қызмет көрсетілетін машинаға жарық түсіру; машиналардан алынған бөлшектерді уақытша сақтау; жинақ бірліктерінің саңылауларын анықтау, құрама бөлшектердің жағдайын уақыт, жылулық, режим, айналым жиілігі және ұзындық өлшемдері бойынша бағалау; қызмет көрсетуші адамның қолын жууға жағдай жасау (суреттер 1 . . . 3) .
Сурет 1. АТО-16365-ГОСНИТИ жылжымалы техникалық қызмет көрсету агрегаты
Сурет 2. АТО-9994-ГОСНИТИ жылжымалы техникалық қызмет көрсету агрегаты
Сурет 3. АТО-1500Г ГОСНИТИ жылжымалы техникалық қызмет көрсету агрегаты
А-701М жылжымалы шеберханасы ЗИЛ-130 автомобилінің шассиінде орнатылған. Тіркемеге АДВ-306 электрпісіру агрегаты орнатылған.
Шеберхананың негізгі жабдықтары: жүк көтеру құрылғысы - лебедкасы бар жебенің жүк көтергіштігі 1, 2 т; П-3/20 модельді насос қондырғысы; АБ-4-Т/230М бензоэлектрлік агрегат; 0-30 жылытқышы; май сыйымдылығы; КП-1609 дизель форсункаларын реттегіш аспап; кескіш, өлшеу және слесарлық құралдардың жинағы.
Жүк көтергіш құрылғыдан басқа жабдықтар кузов ішіне жайғастырылған, ол өз кезегінде өндірістік бөлменің қызметін атқарады. Кузов екі қабаттан, ортасында изоляциядан тұрады. Кузовтың артқы жағында ішіне кіруге арналған және бүйірінде электр бекетіне, май тарату жүйесіне және жуу қондырғысына жетуге арналған есіктер бар.
А-701М шеберханасының жабдықтары жетекті бензоэлектрлік агрегаттан алады, ал май автомобиль компрессорынан бактарға келетін сығылған ауа қысымымен беріледі. Бұл мақсатта, шеберхана жинағында өзі оралатын шлангасы және пистолеті бар, даңғыра орнатылғын. Бактарды толтыруды, сору және сықағыш магистральдары бар насос көмегімен, жүргізеді.
Бұрандалар гайкаларын бұрау пневматикалық гайка бұрағышпен жүргізіледі (сурет 4) .
Белгілеулер: 1-ауыстырмалы бүйірлік бас; 2-шарик; 3-шпиндель; 4-корпус; 5-соққы механизімі; 6-шлицелық муфта; 7-ротор білігі; 8-корпус; 9-қозғалтқыш; 10-саусақ; 11-ауа таратқыш; 12-штуцер; 13-қосу құрылғысы; 14-винт; 15-қосу шүріппесі
Сурет 4 Пневматикалық гайка бұрағыштың сұлбасы
А-701М жылжымалы шеберхана жабдықтарының орналысуы сурет 5 көрсетілген.
Шеберхана жинағына кіретін жабдықтардың көмегімен техникалық қызмет көрсету және жөндеудің технологиялық операциялары жүргізіледі - жуу, ашу, жинау, пісіру, майлау және басқа жұмыстардың түрлері. бағдарламалы мамандандырылған жөндеу мекемелерінде қолданылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz