Қожа Ахмет Яссауидің өмірі



Жоспар

1. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі.
2. Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары.
3. "Диуани Хикмет" еңбегі.
4. "Диуани Хикметтің" теһеранда шыққан аудармалары.
5. Қожа Ахмет Яссауи жэне "Диуани Хикметте" қолданылған діни сопылық идеялардың зерттелуі.
6. "Диуани хикметтегі" сопылық сарын

Пайдаланылған әдебиеттер
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі
Қ.А.Яссауидің өміріне байланысты көптеген аңыздар бар. Өйткені халық жақсы көрген адамдары туралы кей нәрселерді тым асырып айтады. Бүл барлық қоғамда кездесетін жағдай. Біз тарихи жағдайларға сүйене отырып, Әзіреттің өмірін қысқаша баяндаймыз.
Қ.А.Яссауи Сайрамда дүниеге келді. Туылған жылы нақты белгілі емес. Бірақ көптеген тарихшылар 1093 жылы деп белгілейді. Әкесі Ибраһим ата ғалым, анасы Қарашаш деп аталып кеткен. Айша-Бибі:
Айша-үлгілі отбасының қызы болған. Екеуінің мазары Сайрамда. Сайрамның ескі аты -Испиджап болған.
Қ.А.Яссауи кішкене жасынан әкесінен ілім ала бастаған. әкесі қайтыс болған соң әпкесі-Гауһар шахназбен Яссыға кетеді. Яссы-Түркістанның ескі аты. Яссыда Арыстанмен кездесіп біршама уақыт соның тәрбиесінде болған.
Арыстанбап оның екінші әкесіндей болған кісі. Арыстанбаптың мазары Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде орналасқан.
Қ.А.Яссауидің өмірінің көбісі Яссыда өткені үшін Яссылық мағынасын беретін Яссауи деп аталып кеткен. Яссауи сол дәуірдің ілімі мен рухани орталығы болған Бұхарға барады. Ол кезде жасы 20-ның үстінде болған. Бұхар медреселерінде заманның ең мәшһүр ғалымдарынан ілім алады. Араб, парсы тілдерімен қатар діни ілімдерді де жоғары дәрежеде оқып үйренеді. Бұхарада оның негізгі ұстазы Юсуф Хамадани. Бұл ұстазы заманының ең мәшһүр, ғалымы және әулиесі еді. Юсуф сонымен бірге пір болған. Яғни сопылық ілімін жақсы білген сол жолмен тәрбиелеген адам болған.
Қ.А.Яссауи одан әрі шариғат ілімдерін үйреніп, әрі рухани тәрбие алып пір дәрежесіне жетеді. Оның ең таңдаулы үш шәкіртінің бірі болды. Біраз уақыт Бұхарада шаихтық жасап, кейін Яссыға қайтады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Г.Спандиярова «Диуани Хикметтегі сопылық сарын (Қожа Ахмет Иассауи еңбегі туралы Ұлағат-2003 ж. 1-10-14 беттер.
2.А.Исин «Диуанихикметтің Теһеранда шыққан аудармалары» Абай-2001ж. 3-14 беттер
3. Қ.Қаратышқанова «Қожа Ахмет Ясауи және Диуани хикметте» қолданылған діни сопылық идеялардың зерттелуі. Ақиқат-2001 6-93 беттер

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі.
2. Қожа Ахмет Яссауидің шығармалары.
3. "Диуани Хикмет" еңбегі.
4. "Диуани Хикметтің" теһеранда шыққан аудармалары.
5. Қожа Ахмет Яссауи жэне "Диуани Хикметте" қолданылған діни сопылық
идеялардың зерттелуі.
6. "Диуани хикметтегі" сопылық сарын
Пайдаланылған әдебиеттер

Қожа Ахмет Яссауидің өмірі
Қ.А.Яссауидің өміріне байланысты көптеген аңыздар бар. Өйткені халық
жақсы көрген адамдары туралы кей нәрселерді тым асырып айтады. Бүл барлық
қоғамда кездесетін жағдай. Біз тарихи жағдайларға сүйене отырып, Әзіреттің
өмірін қысқаша баяндаймыз.
Қ.А.Яссауи Сайрамда дүниеге келді. Туылған жылы нақты белгілі емес.
Бірақ көптеген тарихшылар 1093 жылы деп белгілейді. Әкесі Ибраһим ата
ғалым, анасы Қарашаш деп аталып кеткен. Айша-Бибі:
Айша-үлгілі отбасының қызы болған. Екеуінің мазары Сайрамда. Сайрамның ескі
аты -Испиджап болған.
Қ.А.Яссауи кішкене жасынан әкесінен ілім ала бастаған. әкесі қайтыс
болған соң әпкесі-Гауһар шахназбен Яссыға кетеді. Яссы-Түркістанның ескі
аты. Яссыда Арыстанмен кездесіп біршама уақыт соның тәрбиесінде болған.
Арыстанбап оның екінші әкесіндей болған кісі. Арыстанбаптың мазары Отырар
ауданының орталығы Шәуілдірде орналасқан.
Қ.А.Яссауидің өмірінің көбісі Яссыда өткені үшін Яссылық мағынасын
беретін Яссауи деп аталып кеткен. Яссауи сол дәуірдің ілімі мен рухани
орталығы болған Бұхарға барады. Ол кезде жасы 20-ның үстінде болған. Бұхар
медреселерінде заманның ең мәшһүр ғалымдарынан ілім алады. Араб, парсы
тілдерімен қатар діни ілімдерді де жоғары дәрежеде оқып үйренеді. Бұхарада
оның негізгі ұстазы Юсуф Хамадани. Бұл ұстазы заманының ең мәшһүр, ғалымы
және әулиесі еді. Юсуф сонымен бірге пір болған. Яғни сопылық ілімін жақсы
білген сол жолмен тәрбиелеген адам болған.
Қ.А.Яссауи одан әрі шариғат ілімдерін үйреніп, әрі рухани тәрбие алып
пір дәрежесіне жетеді. Оның ең таңдаулы үш шәкіртінің бірі болды. Біраз
уақыт Бұхарада шаихтық жасап, кейін Яссыға қайтады.
Қ.А.Яссауи күнделікті қажетін өз еңбегімен тапқан. Ол ағаштан түрлі
ыдыстар жасаған. Үстаздығы үшін халықтан ештеңе алмаған. Ол өзін көрсетіп,
ерекшеленгенді сүймейтін, халықпен бірдей қарапайым өмір кешкен. Әр ісінде
Мұхаммед пайғамбарды үлгі түтқан. Әр уақыт халыққа насихат жасаған. Ең
маңыздысы халыққа түсінікті тілмен сөйлеген. Заманының ғалымдары парсыша
немесе арабша қалағанда, ол түрік тілін қолданған. Яссауидің есімі-
Түркістанда аз уақытта белгілі болып, үйі жан-жақтан келген кісілермен
үнемі толып отырған. Орта Азияда исламды қабылдаған түрік тайпалары одан
нағыз мүсылмандықты үйренген. Қ.А.Яссауидің насихаты халыққа түсінікті өлең
түрінде болған. Оның бұл өлеңдеріне хикметтенеді. Хикметтері түрік тайпалар
арасында ауызша тарап көпшілігі жатқа білетін болған. Қ.А.Яссауи 63 жасында
мен пайғамбар жасынан ұзап дүние нығметтерін пайдалануға ұяламын деп, жер
астындағы кішкене бөлмеде өмірінің соңына дейін жасаған. Қайтыс болған
уақыты да нақты белгілі емес, шамамен 1166 жылы делінеді. Бірақ Әзіреттің
Хикметі бойынша жер астындағы бөлмеде тағы да 63 жас өмір сүргені
айтылады.
Олай болса, 126 жасында қайтыс болған. Мазары-Түркістан қаласында.
Ол қазіргі күннің өзінде ең мәшһүр зиярат орындарының бірі болып табылады.
Қ.А.Яссауидің шығармалары
Қ.А.Яссауидің шығармаларының қазірден түп нұсқасы жоқ. Қолда бар
нүсқалар болса, XVII ғ.-дан кейінгі кезеңдерге тиісті екендігі
нақтыланған.Тек стилді формасы мен мазмүны жағынан Яссауиге тиісті деген
болжам жасалынады. Қ.А.Яссауидің Диуани Хикмет, Фақырнама (Пақырнама),
Миратул клуб атты шығармалар бар.
Диуани Хикмет еңбегі
Қ.А.Яссауидің діни сопылық және моралдық ойларын қамтитын шығарма аты
болып табылады. Әдебиетте ақынның таңдамалы жинағы беріледі. Диуани аты
беріледі. Бірақ басқалардан өзгеше Яссауидің шығармасына Диуани Хикмет
делінуі назар аударарлық жайт. Хикмет сөзі құран кәрімнің түскен
аяттарында, пайғамбардың уағыздарымен қатар, кітап, шариғат деген
мағыналарда қолданылған. Сөздікте төмендегідей мағыналарды білдіреді:
Тәңірлік ақиқаттарды кұранның мағынасын терең түсіну ислам дінінің жалпы
қағидаларына сай әрекет ету ислам философиясында болмыстың негіздің қүран
өкімдеріне сай білу, әлемге байланысты шындықты, адам мен әлем тәңірі мен
әлем арасындағы байланыстарды терең түсіну жолы болып табылады.
Діни сопылық термин ретінде алынған білім негізінде қолынан келегенше
амал жасау, рухтың кемелденуі барлық нәрсенің ақиқат жөнін білу, әлемнің
сырлары сияқты ойлануды білдіреді.
Флат Қапрұлы мәшһүр шығармасы алғашқы мүтамалыфтар кітабында X ғ.
бері мүндай діни сопылық мәндегі шумақтарға Хикмет делінгендігін айтады.
Қазіргі түрлі Диуани нұсқалардың тілдік айырмашылығы да бұл
нұсқалардың түрлі адамдар тарапынан әртүрлі жерлерде және әрқилы уақытқа
тілге тиек етілгендігін айтады. Диуани хикмет нүсқалардың шумақтардың
тілі Яссауидің туып өскен және тәрбие алған жерін географиялық мөдени
шарттарымен өлкенің әкімшілік басқару жағынан қарастырғанымызда
М.Қашқаридің түрік тілінің ең жоғары түрі ретінде қабылданған қоғм
диалектісі яғни Қарахан түрік иесі болу керек. Бірақ қолымыздағы нүсқалар
кейінгі уақытта көбейтілгені үшін жергілікті тіл ерекшеліктері көптеп
көрінеді. Диуани хикмет жинағында орын алған хикметтің сандары да өзгеше.
Бір хикметте Яссауидің 4400 хикмет айтқаны білдірілсе де оның дүрыстығын
растау мүмкін емес. Түрлі және баспа жазбалар түркі жинақтарының
Яссауиге қатысты хикметтер санының 250-ден асатындығы көрінуде.
Диуани Хикмет кейінгі жолдарға жазба кейін баспа жолдары арқылы
көбейтілген. Хикметтің әлем кітапханаларында және жеке адамдардың қолында
көптеген жазба және баспа нүсқалардың XVI- XVII ғ. көне
болмағаны туралы болжам жасалуда.
Диуани Хикмет 17 рет Ташкентте, 9 рет Стамбулда, 5 рет Қазанда, 1
ретттен Бұхара мен Қағанда басылып шыққан Флат Қапрұлының
айтқанындай хикметтердің мағыналық жағын діни сопылық элементтер ал,
формасының халықтық дәстүрдегі (ескі түрік мәдениеті) элементтер құрайды.
Хикметтер ислам принциптерін, шариғат үкімдерін сопылық негіздерін үйретуді
мақсат етеді. Хикметтердің мағынасы формасы мен сөз қолданыс тәсілі
Яссауидің өмірі жеке тұлғасы мүддесімен үндеп отырған ортасы мен мәдени
және әлеуметтік жағдайымен тығыз байланысты Хикмет тілінің қарапайым түрік
тілі болуы түрік халқы әдебиеті мен түрік мәдениеті үшін маңызы зор оқиға.
Хикметтердің мазмұнын исламиет Түркістандағы сопылық пен Яссауиге
байланысты негіздер құрайды. Басты тақырыптары; аллаһқа деген
сүйіспеншілік, аллаһтың бірлігі абсолюттік еркі мен қүдіреті, пайғамбарға
деген сүйіспеншілік 4 үлкен Халифаға арналған мадақтар, шариғат, сүннет,
һақуалдық, ислам ахлаты, хиямет, жаннат, жаһаннам, сопылар туралы хиссалар
және зікір сияқты Яссауиге тәне әдептер мен принциптер қүралады.
Диуани Хикметтің Теһеранда шыққан аудармалары
Әлемдік тұлға, ғұлама сопы, мүрасы ислам, түркі халықтарының ортақ
қазына байлығына айналған Қожа Ахмет Яссауидің соңғы он жыл төңірегінде
туып өскен елінің топырағында да танылып, жариялануы ұлт мәдениетіміздің
асылмен әрленіп, қуаттанар қайнармен сусындана алған құбылысын көрсете
алатын шығар.
Сөзді алғаш сөз басылымнан бастайық. 1993 жылы Диуани хикмет
Алматыда түңғыш рет көлемді кітап ретінде көп тарылыммен жарық көргені бар.
М.Жармүхамедүлы, С.Дәуітұлы, М.Шафиғи өздері қолданған нүсқаның 69 хикметін
(аударылмаған 25 және 26 хикметтерді есептемегенде) және шығарма соңындағы
мінәжатты қазіргі қазақ тіліне аударып, қазақ әріптерімен
транскрипцияланған ескі мәтінді де қоса жариялаған. Сол арқылы бұл
зерттеушілердің ескі мәтінді түсініп-оқуының да аудару ерекшеліктерін де
жақсы тануға болады.
Әрине алғашқы ірі талпыныс ретінде мүнда белгілі бір табысқа жету бар.
Әйтсе де, Яссауи мәтінінің түпнұсқасын жеткізу бір принципті үстану арқылы
жүзеге асты деп айту қиын. Шығарма өз топырағымызда Түркістанның Арқамен
жалғасып жатқан қиырында жаралғандықтан оны тіліміздегі -шағатайдың
ескі қазақ тіліне жақын дүниесі деп түсіну жетіспейтін сияқты.
Бұлайша қарағанда мәтінді қазіргі қазақ тіліне мейлінше дәл, орамды
жеткізуге мүмкіндіктер көбейе түсер еді.
Төгілмелі әдемі келетін, зерттеушілер шартты түрде шағатай тілі деп
атаған шығарманың бірқатар түсы табиғи дұрыс транскрипцияланып оқылмағаны
өз алдына, аударма сөздері әр түрлі фонетикалық жолмен алынған және
түпнұсқа лекциясының бөтен сөздермен қүрамаланып, өңінен айрылып қалғаны да
байқалады.
Сөз дәлелді болу үшін (Диуани хикметтің мына бір жолдарынан мысал
келтірейік. 4-хикметтегі сөздер түпнұсқада:
Мен иігіріма алты иаша сауда қылдым,
Мансур сифат дидар учун ғауға қылдым.
Пірсіз йуруб дерт уа халат пайда қылдым,
Ол себебин хаққа сиғынып келдим мна.
Иасауидің дені жақсы түсінікті сөздері қазақшалағанда түпнұсқадан
алыстап кетпесе керек еді. Бірақ оның екі жолын аудармашылар:
Мансүр сипат үшін талас қылдым.
Пірсіз жүріп дерт пен шерді пайдақылдым,-деп алған (1993 жылғы басылым 26-
бет)
Қазақшалағанда ғауға сөзін (арабша шу, айғай, дау секілді
мағыналы) қазіргі қыпшақ тілдерінде бар қауға нұсқасында сақтаса
ұтымдыболар еді. Соғыс деген мағынадағы қауға сөзі қазіргі ноғай
тілінде кең қолданыста. Қазіргі қазаққа да бөтен емес деген сөз. Ал хал,
халат сөздерінің арабшада мағыналар бір деугеболады: жағдай, көңіл-
күй. Өзімізге түсінікті түпнүсқадағы қазақшалағанда халді деген сөзді
мағынасын өзгерте шерді деп алу аударма үтылысы екені айқын.
35-хикметтегі (1863 жылғы Қазан нүсқасындағы 40-шы) мына жолдарды алайық
(олардың өзін аталған зерттеушілер дүрыс тарнскрипциялады деп айту қиын):
Махаббатны жөмин ічіб ракс илеген,
Диуаналығ мақамиға кирди, достал.
Ач уа тоқлуқ, сауд уа зиян һеч билмеген,
Сармаст болуб, рақс самағ урду, достлар. Белгілінге сөздер 1993 жылғы
жинақта қателермен аударылған (72-6);
Махаббаттың шарабын ішіп рахатқа батқан, Диуананың мақамына кірді, достар
Аш пен тоғын, пайда-зиян еш білмеген, (Сауық-сайран, қызықпен жүрді,
достар.
Арабша рақс (ра, қаф, сад әріптері) сөзінің мағынасы-би, ал самағ
сөзі (дүрысырағы исмағ, син мим, әліп, ғайын) ән. парсы сөзі
сармаст мағынасы- мас. Сонда дәл аударманың қазіргі тілде икемделген
түрі былайша болуға тиіс еді:
Махаббатың шарабын ішіп би билеген
Диуаналық мақамға кірді, достар,
Аш пен тоқтық пайда мен зиян еш білмеген
Мас болып , би мен ән үрды, достар.
Диуани хикметтің аударма дәлдігіне аса үлкен талап қою-ғұлама
ойшылдың сол арқылы сан құбылған айтпақ ойлары, уағызы бүрмаланбай
тыңдаушысына өз мәнінде жетуін үнемі аңғарып отыру деген түсінік.
М.Жармұхамедұлы тобыны жіберген ағаттықтарын жалғастыра беруге де болар
еді. Әділіне жүгінсек, дүдәмал тұстардың көбі көпшілікке арналған басылымда
қай лексикалық қолданысты таңдаймыз сол сұраққа барып тіреледі. Түгелдей
қазіргі лексикалық қолданыстарды, сөздердің төте мағынасын өлең жолдарына
тықпалай бермей, көмескіленген лексика мен көмескіленген грамматикалық да
күш-қуатын мөлшермен алып, түсініктемелер арқылы қазіргі оқырманның таным
өрісін биікте белгілеп отырса дұрыс болар еді. Алғашқы талпыныста бұл жоқ
емес деп тағы айта алмаймыз.
Бізде белгілі бір дүниелердің басы басталғаннан кейін зерттеуі
жалғаспай қалатын нашарлау әдет бар.
Құдай сәтін беріп ДИУАНИ ХИКМЕТТІҢ аудармасына жас иранистер
Қуанышбек Қари мен Ғалия Қамбарбекова кіріскен екен, Ахмет Яссауи кітабының
толықтырылған аудармаларын Иран ислам Республикасының астана қаласы
теһеранда шығаруы үлкен қуаныш және мәдениетімізге қосқан жақсы үлес.
Қуанышбек Қари мен Ғалия Қамбарбекова иасауитанушылар толық жинақ
ретінде қабылдаған Қазан университеті баспаханасынан ҺІЗПМ. 1893-94 жылы
шыққан нұсқаны және батын, -ішкі, құпия, жасырын-сөздерінің
мағыналарын біледі. Бірақ қазақша жеткізгенде түпнұсқадан алшақтап кетеді.
Арабтың мүдәм сөзінің мағынасы, біздіңтүсінуімізде тәкаппар.
Аудармада осы сөзді аудармай сақтаудың өзі үйлесім беретін сияқты.
Тәліпті талапкер дей берудің де жансақтығы бар: тәлім-өз тіл
қорымыздағы сөз ғой.
А.Ясауидің араб-парсы сөздерін мол қолданған, аударуға расында да
қиындау келетін тұстардың белгілі бір сөз қолданыс ерекшеліктерін сақтай
отырып берсе игі деп ойлаймыз.
Сонымен, біз орта ғасырлардың әдеби мұраларын көпшілікке арнап
қазақшалаған кезде ұстамды аудару жолын қалаймыз. Яғни, мәтінді
архайкалық лексикаға толық байлап тастамай, не толық жаңаланған лексиканы
қуаламай, алтын өлшемді таңдаған жөн. Көнерген сөздердің бірқатарын
ұлтымыздың әдеби тіліне қолдану үлгіліреі бар ғой. Демек, олар мүлде үмыт
болып кеткен жоқ. Белгілі бір түсініктерді беру арқылы ортағасырлық шығарма
реңі сақталады, қазақшаланған нүсқа араб-парсы сөздері алып тасталған жалаң
тіл болып шықпау керек. Ал, ғылыми, филологиялық аударма жасасақ-Яссауи сөз
қоры толық сақталу керек.
Қуанышбек Қари мен Ғалия Қамбарбекова аудармаларын жалпы, сапалы деп
қабылдасақ ондағы кейбір үлгілірде қазіргіге, жалаңға ауытқуды байқау да
қиын емес.
Асылы, біздің мақсатымыз аудармадағы ағаттық немесе өз ойымызша
кемшілік деп есептеген түстарын тізе беру немесе түгел көрсету емес,
ойымыз, ескі мүраны жариялауды ширықтыра беру, ескі түркі-шағатай
тілдеріндегі мәтіндерді мейлінше дөл жеткізу жолдарын іздестіру қажеттігіне
зерттеушілер мен аудармашылар назарын аудару.
Яссауидің жазғанын неғүрлым түпнүсқаға жақын қазақшалап отырсақ,
соғүрлым асыл ойы да, әсем өрнегі де жүрекке құйыла түсер еді. Ұлы бабаның
халқымыздың тірлік-мүратын көздеген ойлары күннің өзекті талпыныстарына
ұласып жатыр. Яссауи бабамыздың тіл өсиеті-132 (131) хикмет - қандай ғажап
шығарма! Оны өз мәнерінде (тіл сол бұрынғы ғой) толғай алсақ, қанша адам
қуаныш нұрына бөліне алар еді:
Қостамайды ғалымдар сөзді айтқан түркіні,
Ғаріптерден естісең ашар көңіл мүлкіні
Аят-хадис мағынасы түркі болса жарамды,
Мағынасына жеткендер жерге қояр бөркіні
Қожамын деп лепірме, үшбу дүние бипайан,
Білемін деп айтпа сен көңілдегі шіркіні.
Раһнума-дүр Қожа Ахмет гүлстани мағрифат,
Сөйлер сөзі хақиқат, ашар көңіл мүлкіні
Міскін, зағиф Қожа Ахмет, жеті атаңа рахмет,
Парсы тілін білгенмен қүп еттің де түркіні!
Түпнұсқадағы арабтың муафық сөзін өз мағынасында жарамды (келісті,
үйлесімді) деп алдық. Парсының бипаян сөзінің мағынасы-шексіз. Шіркі-
кір (Қуанышбек Қари мен Ғалия Қамбарбекова кірбің деп жақсы жеткізген).
Раһнума (раһнима, раһбар)-жол серік, жол сілтеуші (бүл сөзді
Қуанышбек Қари мен Ғалия Қамбарбекова дәл аударған) Парсының пушт сөзінің
мағынасы-қорғаушы, қамқаоршы Қуанышбек Қари мен Ғалия Қамбарбекованың
ата деп беруін сақтауға болады.
Сөз соңында айтарымыз Қуанышбек Қари мен Ғалия Қамбарбекова
аудармалары мәнді, Яссауи бабамыздың хикметтерін жақсы ұға және аудара
алған, аудармаға зәру осы уақытта аса қажет дүние. Және жас зерттеушілер
еңбектерін жалғастыра береді деген үлкен сенімдеміз.

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ЖӘНЕ ДИУАНИ ХИКМЕТТЕ ҚОЛДАНЫЛҒАН ДШИ-
СОПЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Орта ғасырларда үлкен бір өркеняттың қалыптасуына негіз болған ислам
діні- Орталықазия халықтарының рухани өмірінде осы күнге дейін маңызды
орынға ие болып отыр.
Ислам діні түркілер арасына толық сіңе қоймаған ІХ-ХІ ғасырларда,
оларды исламға бағыттап, діни ағартуды қолға алған, кейін өз атымен аталған
сопылық мектептің қүрылуына ықпал еткен Қ.А.Ясауи, десек артық болмас еді?
Қ.А.Ясауиге дейін түркілер арасында осы істі бастағандар болса да, олардың
ықпалы соншалық күшті байқалады.
Қожа Ахмет сопы-ақын және тариқат қүрушысы болғанымен де түркілердің
рухани өміріне ғасырлар бойы әсер еткен. Түркілер арасында Пир-і Түркістан,
Сұлтаны Арифин атақтарымен танымал болған Хазини Жауахир ал-Абрар мин
Амуажи ал-Бихар деген кітабында былай жырға қосқан:
Кутб-ы Арабпир-ы Ажам шайх-ы Түрк
Мүршид-и афак-у азиз-и бузург.
Хащинидің бұл шығармасы тұңғыш рет 1919 жылы Фуат Көпірұлының Түрк
әдебиетіндегі алғашқы сопылар кітабында жарықкөрген болатын. Бүл
шығарманың қазір де маңыздылығын жоймауының себебі-оның Ахмет Ясауи
турасында басты да негізгі қайнар көз болуы.
Яссыда өмір сүрген жылдары Қ.А.Ясауи төңірегіне мыңдаған шөкірт
жинайды да, тарихаттың таралуына ат салысады. Негізінен ол кездегі жағдай
дін мен сопылықты насихаттауда өте қолайлы болатын. Бүл насихаттауда
өтеқолайлы болатын. Бұл насихат Сырдария бойында, Ташкент пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диуани Хикмет еңбегі
Диуани хикметтің тілі қай түрік тілінде
Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен шығармашылығы
Қожа Ахмет Иассауйдің Диуани Хикмет еңбегі
Қожа Ахмед Яссауий кесенесі
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі жайлы
Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін сипаттау
Яссауи философиясындағы әлем мәселесі
Яссауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі - адам
Қожа Ахмет Яссауи (1093 1094-1166)
Пәндер