Вагондарды жүк станцияларына беру кезегін анықтау


Аннотация
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «ҚТЖ» ҰК Сарыағаш темір жол стансасының контейнерлік бекетінің жұмыс технологиясын, автоматтандырылған басқару жүйесін енгізе отырып жетілдіру».
Дипломдық жұмыс мәтіні 86 беттен, 7 суреттен, 8 кестеден тұрады.
Дипломдық жұмыста Сарыағаш станциясының техникалық пайдалану сипаттамасы келтірілген, жүк жылжымалы құрамының салмағы мен ұзындығы есептелініп анықталынды, поездар қозғалыс кестесін жасау технологиясы қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың өзекті мәселесі ретінде контейнерлер бекетінің жұмыс технологиясы, автоматты басқару жүйесін енгізе отырып жетілдірілді.
Сонымен бірге, дипломдық жұмыста 7, 8, 9-10 бөлімдерінде тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, техника-экономикалық есептеулер және бизнес-жоспар сұрақтары толық қамтылған.
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2006 жылдағы 1 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауыннда осы заманғы бәсекеге қабілетті көлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөнінде көрсетілген: «Қазақстаның көлік коммуникация кешенінің басты мақсаты еуразиялық көлік жүйесіне кіргізу болып қала береді. Көлік-коммуникация кешенін дамыту Еуропа мен Азия ортасындағы аралық көпір отырған еліміздің геостратегиялық орналасуының артықшылықтарын пайдалануда толығымен қамтамасыз етуге тиіс.
Жүктердің тез өткізілуін ұйымдастыру жөнінде тиімді рәсімдер енгізу үшін көршілермен арадағы нақтылы уағдаластықтарды дамыту қажет.
Осы және басқа да міндеттердің бәрі Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын әзірлеу мен іске асыру барысында ескерілуге тиіс.
Бұл мәселелерді шешуде біз мемлекеттік жеке меншік серіктестікті қамтамасыз ету тетіктеріне баса назар аударуға тиіспіз».
Темір жол көлігі орасан үлкен тасымалдау көлемін атқарады. Бұл саладағы барлық қызметкерлердің басты назары мен бүкіл іс-әрекеті теміржол тасымалдарына бағытталған.
Теміржолдар халықтың тасымал мұқтаждығын толығымен әрі өз мерзімінде қанағаттандырады, қауіпсіз әрі қолайлы қозғалыс пен жолаушыларға вокзалдар мен поездарда жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Қамтамасыз етуі, қызмет көрсету аумағын кеңейтіп отыруы тиіс.
Теміржол станциясы - тасымалдау процесінің шешуші буыны. Осы жерде бұл тасымалдау процесі басталып, осында аяқталады, вагон ағындары өңделеледі және станцияның қалай жұмыс істейтіндігіне байланысты вагонның айналу уақыты өзгереді де, тасымал жоспарының орындалу немесе орындалмауы да осыған тәуелді болады. Ал станцияның өзінің жұмыс көрсеткіші оның техникалық жарақтандырылу дәрежесіне технологияның жетілдіруіне, мамандардың біліктілігіне, ұжымдағы еңбек тәртібінің сақталуына, ауысым бөлімшелерінің арасындағы тығыз өзара байланысқа, еңбекті ұйымдастыру мен басқару деңгейіне байланысты болады.
Станцияның жұмысты ұйымдастыру технологиясы - тасымалдау көлемін жемісті орындаудың, олардың өзіндік құнының төмендеуінің, вагондардың айналымының өсуінің, еңбек өнімділігінің жоғарлауының кепілі.
«Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Шымкент бөлімшесінің Сарыағаш станциясы жұмыс сипаты бойынша жүк станциясы болып табылып, жұмыс көлемі бойынша 2-санатқа жатқызылған.
Станцияға химия, энергетика, мұнай өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары, сонымен қатар құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары мекемелері қосылған және мұнда жуу-булау станциясы бар.
Технологиялық процеске тасымалдауды ұйымдастырудың автоматтандырылған басқару жүйесін (ТҰАБЖ) енгізу арқылы станциясының жұмыс технологиясына өзгеріс кіргізудің маңызы зор.
Бағдарламаның бағыттарының бірі - бұл, мақсаты техникалық құралдарды пайдалану мен жөндеу сапасын жақсартып, олардың техникалық жағдайының деңгейін арттыра отырып, еңбек, отын -энергетикалық және материалдық ресурстарды үнемдеу болып табылатын ресурс үнемдеу технологиясына өту.
Сонымен қатар темір жол көлігінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеу ортасына, атмосфералық ауаға, су ресурстарына және топыраққа кері әсерін төмендету қажет.
Тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған көліктің барлық бөлімдерінің өндірістік іс әрекеті темір жол көлігінің пайдалану жұмысы деп аталады.
Темір жолдың пайдалану жұмысының негізгі принциптері:
- қозғалыс қауіпсіздігін қатаң сақтау; ережелер мен нұсқаулардың талаптарын мүлтіксіз орындау; станцияның, бөлімшенің, бағыттардың жұмыстарының технологиялық процестерін мүлтіксіз сақтау арқылы қамтамасыз етілетін темір жол көлігінің техникалық құралдарын пайдаланудың жоғарғы көрсеткіштерін қамтамасыз ету; көліктің барлық буындарының жұмыстарына жаңа технологияларды енгізу және қолданылып жүргендерін жетілдіру.
1 Станция жұмысының техникалық және пайдалану сипаттамасы
- Станцияның техникалық сипаттамасы
Сары-Ағаш станциясы көлемі бойынша және жұмыс сипатына байланысты телімдік және ІІ класқа жатады. Станция электрлі орталық нұсқағышпен дабыл белгілерімен жабдықталған. Станция айлақ аралықпен негізгі байланыс құралдарымен, поездар қозғалысын ұйымдастыру:
- тақ бағытында: Сары -Ағаш - Дарбаза- екі жолды,
- І жолдан - біржақтама автоблокировка тақ бағытта жолаушылар мен жүк поездар қозғалысы үшін,
- ІІ жолдан - біржақтама автоблокировка жұп бағыттағы жолаушы мен жүк поездар қозғалысы үшін;
- жұп бағытында: Сары-Ағаш - Келес - екі жолды,
І- жолдан тақ бағытта жолаушылар мен жүк поездар қозғалысы үшін біржақты автоблокировка,
ІІ- жолдан жұп бағытта жолаушылар мен жүк поездар қозғалысы үшін біржақты автоблокировка.
1. 2 Байланыс құрал жабдықтары
Электрлік орталықтандыру посты келесі байланыстармен жабдықталған:
- диспетчерлік пойыз байланысы;
- Дарбаза, Келес станцияларымен поездық станцияаралық байланысуы;
- Жүк қабылдап өткізүшімен тікелей ішкі станциялық байланысы, тауарлық кассамен, БҚКП, ТҚКП, СТО, АҚ «ӘТЖК» ДС, ДСО, ДСМ, кедендік терминалмен, ІІЖБ;
- Вокзалдық анықтамалық бюросымен тікелей байланысы, ЭО механикімен;
- Пойыздық байланыс;
- Екіжақтама байланыс;
- АТС АҚ «Транстелеком» нөмерімен.
1. 3 Кірме жолдардың тізбегі:
- «БН» ЖШС, «Альянс Транс Сервис», «Лидер НК» ЖШС, «Корп. Мырзакент» АҚ, «Корп. Мырзакент-Саби» АҚ, «Курорт» ЖШС, «Бек» ЖШС, «Дархан» ЖШС, ПК «Игілік», «Темир Транс Сервис» ЖШС, «Отын» ЖШС, «Демеу-СУ» ЖШС.
Маневрлік локомотив станция кезекшісімен маневрлік радиобайланыс арқылы жабдықталған. Станция кезекшісі ғимаратында пойыз локомотивімен радиобайланыс орнатылған. Станция жолдарында дауыстағыш қызмет етеді, ал станцияның тақ және жұп мойынтегінде радиосөйлесу колонкалары орнатылған және жұмыс істеп тұр.
Маневрлік жұмыстарды атқару үшін пойыздарды қалыптастыру ажырату, кірме жолдарға вагондарды беру және тазалау станция жалпы және жалпы емес жолдарда екі маневрлік аудан (тақ және жұп аудан) бар, ТЭМ-2 және ВЛ-80с сериялы екі маневрлік локомотивтер қызмет көрсетеді.
Маневрлік ауданда келесі операциялар орындалады:
- құрама поездарын, берілімін қалыптастыру мен ажырату;
- жалпы және жалпы емес жолдарды қолдануда беру және тазалау;
- ажыратудағы топ вагондар;
- жүк фронтынан жергілікті вагондарды іріктеу;
- топ вагондардың орнын ауыстыру, тіркеу, ағыту;
- жолаушылар және қаламаңындық поездарды орнынан ауыстырып, оларды тұрақтау және жөнелту жолдарына жеткізу;
- локомотивтердің, жолаушылар пойызының локомотив бригадасының ауысымы.
1. 4 Станцияның пайдалану сипаттамасы
Сары-Ағаш станциясында келесі операцияларды өңдейді:
- Құрамдарды техникалық тексеру, вагондарды ағытпай жөндеу және тежегіштерді сынаудан өткізу.
- Құрамдарды коммерциялық тексеру және коммерциялық ақаулықтарды жою.
- Топтық вагондар және транзиттік жүк поездарын қабылдап жөнелту.
- Жалпы және жалпы емес жолдарындағы қолдану және беру, тазалау.
- Станциядағы құрама поздарды қалыптастыру және ажырату, және де жүк фронтына вагондардың берілуі және жүк фронтынан вагондарды тазалау.
- Келген және жөнелтілетін жүктердің поздық және жүктік құжаттарын рәсімдеу.
- Жолаушы және жүк поездарының локомотив локомотив бргадаларының ауысымы.
Технологиялық үрдісті жетілдіруде 2009 ж 11 айдың бастапқы деректері қолданылды:
- ортатәуліктік вагонайналымы - 1656 ваг;
- ортатәулікті түсіру - 23, 8 ваг;
- ортатәулікті тиеу - 8, 9 ваг;
- жұмыс паркі - 48 ваг;
- жай бір жүк операциясына - 27, 9 сағ;
- жұмысшылар саны - 134 адам.
2 Жүк пойыз құрамының салмағы мен ұзындығын есептеу
Сары -Ағаш - Дарбаза жанасатын бөлімдегі қозғалыс өлшемдерін анықтау үшін тартым есептеулерін орындаймыз.
Тартым есептеулері жылжымалы құрамды пайдалану пойыз-аралығын тиімді пайдалануға, сонымен қатар темір жолдарды пайдалану кезінде кең ауқымды тапсырмаларды (бұған ең алдымен пойыздардың салмақтық нормаларын есептеу, пойыздардың жүріс графигіне қажетті пойыздардың озып өту уақытын анықтау жатады) орындауға мүмікндік береді де, өзінің құрамында бірнеше сұрақтардың шешуін қамтиды:
- Жүк пойызы құрамының салмағын анықтау.
- Жүктелген пойыздың ұзындығын анықтау.
Жанасатын Сары-Ағаш - Дарбаза аралығындағы жүк қозғалысында ВЛ-80 с сериялы локомотивтер қызмет көрсетеді. Осы локомотивтің есептік параметрлері 2. 1-кестеде келтірілген.
Кесте 2. 1
ВЛ-80 с локомотивінің есептік параметрлері
V р ,
км/сағ
F кр ,
кГс
F кmр,
кГс
P л,
mc
L л ,
м
V конс ,
км/сағ
Кесте 2. 2
Жүк вагондарының бастапқы мәліметтері
q бр ,
mc
q m ,
mc
q н ,
mc
L,
м
2. 1 Жүк пойызы құрамынынң салмағын анықтау
Жүк пойызы құрамының салмағын есептеуі мына формуламен орындалады :
F кр P л ( о + i p )
о "+ i p
мұндағы, F кр - V е есептік жылдамдықтағы локомотивтің тартымының есептік күші, кГс;
P л - локомотивтің есептік салмағы, тс;
0 - есептік жылдамдықтағы арба ретінде локомотивтің қозғалуына негізгі меншікті кедергісі, кГс/mc:
0 = 1, 9 + 0, 01 + 0, 0003 2 (2. 2)
0 - есептік жылдамдықтағы құрамның қозғалуына негізгі орташа өлшенген кедергісі, кГс/mc, ол былай анықталады:
- роликтік подшипниктердегі жүктелген 4-осьті вагондар үшін (q 0 ≥ 6) :
3 + 0, 1 + 0, 0025 2
q 0
- жүктелген 8-осьті вагондар үшін (q 0 ≥ 6) :
6+ 0, 038 + 0, 0021 2
q 0
- сырғанау подшипниктеріндегі бос 4-осьті вагондар үшін (q 0 ≤ 6) :
0 = 1, 5 + 0, 045 + 0, 0027 2 (2. 5)
- сырғанау подшипниктеріндегі жүктелген осьті вагондар мен роликтік подшипниктердегі 6-осьті вагондар үшін (q 0 ≥ 6 ) :
8 + 0, 1+ 0, 0025 2
q 0
- роликтік подшипниктердегі бос 4-осьті вагондар үшін (q 0 ≤6) :
0 = 1, 0 + 0, 0044 + 0, 00024 2 (2. 7)
мұндағы, q 0 - вагон осінен рельске жүктемесі, тс/ось:
q 04 = q бр4 : 4; q 08 = q бр8 : 8;
мұндағы, q бр4 , q бр8 - сәйкес 4, 8-осьті вагондардың брутто салмағы.
Құрамның қозғалуына орташа өлшенген негізгі кедергіні мына формула бойынша анықтаймыз:
о" = β (о 4 " γ ск + о 4 "γ р ) + β 08 о 8 ", (2. 8)
мұндағы, γ ск, , γ р - сәйкесінше сырғанау және домалау подшипниктеріндегі 4-осьті вагонның сандық қатынасы, γ ск, = 0, 25; γ р = 0, 75;
β 4 , β 8 , - құрамдағы 4, 8-осьті вагондардың салмақтық мөлшерлері:
β 4 = γ 4 q бр4 : (γ 4 q бр4 + γ 8 q бр8 ) ) (2. 9)
β 8 = γ 8 q бр8 : (γ 4 q бр4 + γ 8 q бр8 )
мұндағы, γ 4 , γ 8 - құрамдағы 4, 8-осьті вагондардың сандық қатынасы
β 4 + β 8 = 1 соммасы есептеуді тексеруге керек.
Пойыз салмағының есептеуін (2. 1) - (2. 9) формулалар бойынша жүргіземіз:
о = 1, 9 + 0, 01 * 43, 5 + 0, 0003 * (43, 5) 2 = 2, 9 кГс/тс
q бр4 = q т +q нт = 63 + 22, 4 = 85, 4 т;
q бр8 = q т +q нт = 126 + 43, 7 = 168, 7 т ;
q 04 = 85, 4 : 4 = 21, 35 тс/ось
q 08 = 168, 7 : 8 = 21, 1 тс/ось
8 + 0, 1•43, 5+ 0, 0025• 43, 5 2
21, 35
3 + 0, 1•43, 5+ 0, 0025• 43, 5 2
21, 35
6 + 0, 038•43, 5+ 0, 0021• 43, 5 2
21, 09
γ 4 = 85 = 0, 85; γ 8 = 15 = 0, 15;
β 4 = 0, 85•85, 4: ( 0, 85•85, 4 +0, 15•168, 7 ) = 0, 74;
β 8 = 0, 15•168, 7: ( 0, 85•85, 4 +0, 15•168, 7 ) = 0, 26.
Құрамның қозғалуына орташа өлшенген негізгі кедергі:
о" = 0, 74 (1, 5•0, 25+1, 248•0, 75) +0, 26•1, 245 = 1, 29 кГс/тс ;
Масса есептеулерін алныған мәліметтер негізінде мына формула орындайық:
4500 - 190 (2, 903 + 6, 5)
1, 294 + 6, 5
Қорытынды:
43, 5 км/сағ жылдамдықпен, е 6, 5 ‰ есептік еңістікте ВЛ80 с локомотивімен тартылып жатқан құрамның массасы, Масса состава, ведомого локомотивом на расчетном подъеме 5461 тонна құрайды.
2. 2 Жүктелген пойыздың ұзындығын анықтау
Жүктелген вагондардан тұратын пойыздың ұзындығын келесі формуламен анықтаймыз:
гр
L п =L л +L с +10, м (2. 10)
мұндағы, L л - локомотивтің ұзындығы, м;
L с - құрамның ұзындығы, ол мына формула бойынша анықталады:
L с = m 4 L 4 +m 6 L 6 +m 8 L 8 (2. 11)
10 - пойыздың қоюдың дәл еместігіне ұзындықтың:
L 4 , L 6 , L 8 - сәйкесінше 4, 6, 8-осьті вагондардың орташа өлшенген ұзындығы.
L с = 55 • 13, 92 + 10•20, 24 = 968 м
гр
L п = 33 + 968 +10 = 1011 м.
Қорытынды:
ВЛ80 с электровозы бар массасы 5461 тонна пойыздың ұзындығы 1011 м болады.
3 ПОЕЗДАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС КЕСТЕСІН ЖАСАУ
3. 1 Таратуға жататын поездарды өңдеу технологиясы
Тарату үшін станцияга келетін поездарды өңдеуді ұйымдастыру барысында Шеңгелді, Жылга станцияларынан поездардың шыгуы туралы хабарды алысымен станция кезекшісі СТО кызметкерлеріне, ТҚКС қызметкерлеріне және коммерциялық байкау кызметкерлеріне поездың номері, келетін жолы мен уакыты туралы хабарлайды. Поезды келген бойда өңдеу барысында құрамды бақылап - тексеру, локомотив бригадасынан тасымал құжаттарын қабылдау және оны нақты паракпен тексеру, вагондарды техникалық және коммерциялық тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Поезд толық тоқтағаннан кейін, поездық локомотив ажыратылады және құрам оқшауаланады. Поезд құрамын техникалық және коммерциялык тексеру барысында окшаулау тәртібін станция басшысы белгілейді. Тексеру барысында техникалык ақаулары бар вагондар анықталып, олардың жарамдылығы анықталады.
Ажыратылмай жөнделуі мүмкін ақауы бар вагондар жақтауына цистерналар қабырғаларына бормен арнайы белгі қойылады.
Жүгі бар, ажыратылып жөнделуі қажет жергілікті вагондар жөндеуге жүктері түсірілгеннен соң, егер олардың қозғалысы қауіпсіздік ережелеріне карсы келмесе, жіберіледі.
Техникалык байқаумен қатар поезды қабылдаушылар вагондарды коммерциялық тұрғыдан қозғалыс қауіпсіздігі мен жүктердің және вагондардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруші ақаулар анықталады және жөнделеді.
Поезд құрамында коммерциялық ақауы бар вагон анықталған жағдайда жалпы үлгідегі екі дана акт түзіліп, ол поезд қабылдаушысы мен әскери күзет атқышы тарапынан қол қойылады. Тексерумен бір мезгілде вагондардағы қорғасын мөрлер анықталады.
Вагондарға техникалық қызмет көрсету мен оларды коммерциялық тексеру аяқталып, оқшаулар алынған соң вагондарды аға караушы техникалық бөлімге ажыратылып жөнделуі тиіс вагондар номерлері хабарланып, ВУ - 23 үлгісіндегі ескертулер толтырылады. Ал поезд қабылдаушы арнайы жолдарға жіберілуі тиіс вагондар номерлерін хабарлайды, сосын ГУ - 23 түріндегі акт түзіледі. Тексерудің аяқталуы туралы аға тексеруші мен қабылдап - өткізуші станция кезекшісіне хабарлайды.
Поезд құрамы, салмағы мен ұзындығы туралы мәліметтер нақты параққа енгізіліп, ол поезд құрамымен бірге еріп жүреді. Оның бір данасы шұғыл хат-нақты парақты жол - есептеу орталығы немесе поездың баратын станциясына жіберу үшін қолданылады.
Поезд құрамын өңдеудің операцияларын орындау мен олардың үлгілік нормалары 2. 1 - суретте келтірілген.
Сарыағаш станциясында тарату үшін келетін поездар қабылдау -жөнелту паркінің жолдарында қабылданады және ТҚКС бригадалары тарапынан транзиттік поездармен бірге өңделеді.
Вагондарды өңдеудің уақытын қысқартып, оны типтік технологиялык
процестер бойынша белгіленген дейңгейге дейін жеткізу үшін ТҚКС
бригадасы бірнеше топтан кұралып, олар құрамының әртүрлі бөліктерін
тексереді.
Техникалық тексеру уақыты
Мұндағы т -вагондар саны;
Т - бір вагонды өңдеудің орташа уақыты (I = 0, 8 - 1, 0 мин. ) ; а - дайындау - аяқтау операциялары уақыты (а=2мин) ;
К гр - ТҚКС бригадасы құрамындағы тексерушілер тобының саны;
Поездардың кабылдау паркіне келу уақыттарының аралықтары үлкен аралықта өзгеріп отырады. Ол уақыт аралықтарының сандык сипаттамалары мен таралу заңдылыктарын анықтау үшін оларды ең төменгі мәнінен ең Жоғарғы мәніне дейін 8-9 топқа бөлу керек.
Белгілі мәліметтер негізінде поездардың келу аралықтарының сипаттамасын аныктаймыз.
1 ср = Іі Рі = 48, 7 мин (3. 2)
Сосын 7 бағананың мәліметтерін қосып, оларды дисперсияны анықтауға қолданамыз:
Dвх = Іі 2 Рі - Іср 2 = 3389, 6-48, 7 2 =1018 (3. 3)
Кесте 3. 1
Өңдеуге келіп түсуші поездарды өңдеу кестесі.
Поезд
келгенге
дейін
Поезд келгеннен соң, мин 0 5 10 15
Орындаушы-лар
ТҚКС мен СТО кызметкерлеріне поездың келу уакытын хабарлау
СТО операторы
Паркке кіру басында кұрамды бакылап тексеру
Станция кезекшісі
ЭЕМ поездың келуі турады мәлімет енгізу. Белгіленген нақты парақты алу
СТО
операторы
Кіру барысында поезд құрамын белгілеп отыру
Поезд құжаттарын СТО жеткізу
5
5
СТО
операторы
3
СТО
операторы
15
ТҚКС, СТО
операторы
Поезды еңдеудің жалпы ауқыты
15
Жекелеген уақыт аралықтарының олардың орташа мәнінен орташа квадраттық ауытқуы:
мин (3. 4)
Уақыт аралықтарының вариация коэффициенті:
(3. 5)
Бұл коэффициентің шамасы поездардың тарату үшін келуінің әркелкілігі өте жоғары дәрежеде екендігін көрсетеді.
3. 2 Өзінде жасақталған поезд құрамдарын өңдеу
технологиясы
Сарыағаш станциясында жасақталып жөнелтілетін поездарды өңдеу әдетте, сұрыптау паркінің 20 - 28 жолдарында жасақталған поездар үшін қабылдау - жөнелту жолдарында, және де сұрыптау жөнелту паркінің 15 - 19 жолдарында жүргізіліп, келесі операцияларды қамтиды:
- вагондарды техникалық байқау және ажыратпай жөндеу;
- вагондарды коммерциялық байқау және коммерциялықақауларды жөндеу; - поезд локомативін тіркеу; - автотежегіштерді тексеру және сынау; - локоматив бригадасына тасмал құжаттарын тапсыру;
Станция кезекшісі құрамды техникалық және коммерциялық байқауға ұсына отырып, тексеру станциясының басшыларына жолдың номерін поездағы вагондар санын, бас жақтағы және соңғы вагонның номерлерін және жөнелту уақытын хабарлайды.
Техникалық өызмет көрсету станцяисының (ТҚКС) қызметкерлері поезды оқшаулайды, сосын оны белгіленген тәртіп бойынша тексеру мен жөндеуге кіріседі.
Поезд құрамына техникалық қызмет көрсету барысында ажыратып жөндеуді қажет ететін вагондар, сонымен қатар вагондарды ажыратусыз, поездың кесте бойынша тұратын уақыты ішінде жөнделуі мүмкін техникалық ақаулар анықталады. Техникалық қызмет көрсетудің жұмыстарын бастар алдында, есіктер, қақпақшалар мен жақтаулар жабылып, ТҚКС операторлары поезд құрамын оқшаулайды, сосын ол жолдан берілетін белгілерген және осы жолға берілетін белгілерге тыйым салынады. Ол туралы ТҚКС операторы дыбыс күшейткіш құралдары арқылы хабарлайды.
Маневрлік жұмыстардың қауіпсіздігіне қатер төндіруші ақаулары бар вагондар анықталған жағдайда, вагондардың аға қараушысы міндетті түрде станция кезекшісін хабардар етеді де қозғалыстың мүмкін болатын жылдамдығын хабарлайды, ерекше жағдайларда ол вагонды жеке өзі ертіп жүреді. Бұл мәліметтер ВУ - 23 түрінде көрсетіліп, маневрлік жұмыстар басталғанға дейін парк кезекшісіне берілуі тиіс. Ажыратылып, жөнделуі тиісвагондарға оларды тексерушілер тиісті белгілерді бормен жазып, онда вагондардың қайда бағытталуы қажет екендігі көрсетіледі. Сонымен қатар ТҚКС операторы арқылы, ол вагондардың номерлері станция кезекшісіне хабарланып, сосын оған ВУ - 23 түріндегі ескертулер жіберіледі.
Вагондарға техникалық қызмет көрсетумен бір мезгілде оларды коммерциялық тексеру жүргізіліп, ақаулар жөнделеді. Коммерциялық тұрғыдан тексеру нәтижелері мен поездың жөнелтілуге дайындығы туралы поезд қабылдаушысы парк кезекшісіне хабарлап, тиісті мәліметтерді ГУ - 98 үлгісіндегі кітапқа тіркейді.
Ақаулы вагондар жөнелтілетін поезд құрамынан ажыратылып алынатын жағдайды топтық тасымалдау құжаттарына тиісті өзгертулер енгізіліп, оларға ГУ - 23 түріндегі актінің көшірмесі, вагонның ажыратылу себебі көрсетіліп, қоса жіберіледі. Ақаулар түзетілгеннен соң жөнделген вагон қосымша ведомость бойынша негізгі бағытына жіберіледі.
Поезд құрамын жөнелтуден бұрын парк кезекшісі поездың техникалық және коммерциялық тұрғыдан дайындығына көз жеткізгеннен соң, поезд локомативінің машинистіне немесе оның кезекшісіне құжаттар салынған пакетті ДУ - 40 үлгісіндегі құжаттарды тапсыру кітабына қол қойдыра отырып тапсырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz