Жол - көлік оқиғаларын талдау мәселелері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .
4
: 1
Кіріспе . . .: «Югдорстрой» ЖШС-нің құрылымы және қызметінің сипаттамасы . . .
4: 6
: 2
Кіріспе . . .: Жол-көлік оқиғаларын талау . . .
4: 11
: 3
Кіріспе . . .: Қозғалыс қауiпсiздiгi қызметiн дамыту, жетiлдiру келешегi . . .
4: 15
: 4
Кіріспе . . .: Басқарушы есептеуіш кешені . . .
4: 22
: 5
Кіріспе . . .: Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау . . .
4: 29
:
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
4: 33
:
Кіріспе . . .: Қолданылған әдебиеттер тiзiмi . . .
4: 34

Кіріспе

Автомобиль паркы мен тасымалдау көлемінің өсімі қозғалыс қарқындылығының артуына алып келеді, ол тарихи құрылған құрылыстары бар қала шарттарында көлік мәселелерінің туындауына алып келеді. Әсіресе ол көше-жол торабының тораптық бекеттерінде күшті байқалады. Мұнда көліктік тоқтап тұрулар артады, кезек пен кептелістер түзіледі, ол қатынас жылдамдығының төмендеуін, отынныңң ақталмаған шығынын және көлік құралдарының тораптары мен агрегаттарының жоғарылатылған тозуын туындатады. Қозғалыстың ауыспалы тәртібі, қиылыстарда автомобильдердің жиі тоқтап тұруы мен жинақталуы отынның толық жанбаған өнімдерімен қаланың әуе бассейнінің жоғарылатылған ластануының себептері болып табылады. Қала халқы көліктің шуы мен пайдаланылған газдардың әрекетіне тұрақты ұшыраған. Көлік және жаяу жүргіншілер ағындарының қарқындылығының өсуі сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Барлық жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) 60% астамы қала мен өзге де халықтық бекеттерге келеді екен. Мұнда қаланың елеусіз бөлігін алып жатқан қиылыстарда барлық ЖКО 30% астамы жинақталады. Қазіргі заманғы қалаларда жылдам және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету сәулеттік-жоспарлық және ұйымдастырушылық сипатты іс-шаралар кешенін қолдануды талап етеді. Сәулеттік-жоспарлық іс-шаралар санына жаңа және бұрыннан бар көшелерді, жолдар мен магистралдарды қалпына келтіру құрылысы, әр түрлі деңгейлердегі көліктік қиылысулар, транзитті көлік ағындарын шығаруға арналған қала маңындағы айналма жолдардың құрылысы, т. б. жатады.

Ұйымдастырушылық іс-шаралар бұрыннан бар (қалыптасқан) көше-жол жүйесінің қозғалысын реттеуге септігін тигізеді. Осындай іс-шаралардың қатарына бір жақты қозғалысты, қиылыстарда айналмалы қозғалыстарды енгізу, жаяу жүргіншілердің өту жолдары мен аймақтарын ұйымдастыру, қоғамдық көліктердің тоқтауы және басқалар жатады. Сәулеттік-жоспарлық сипатты іс-шараларын іске асыру едәуір қаржы салымынан басқа жеткілікті үлкен уақыт аралығын талап еткен кезде, ұйымдастырушылық іс-шаралар уақытша болса да салыстырмалы жылдам әсер беруге келтіруге қабілетті. Жағдайлар қатарында ұйымдастырушылық іс-шаралар көлік мәселесінің шешімі үшін жалғыз құрал қызметін атқарады. Әңгіме сәулет ескерткіштері және қалпына келтіруге жатпайтын болып саналатын ескі қалалардағы тарихи салынған кварталдарда қозғалысты ұйымдастыру жайында болып жатыр. Сонымен қатар, көше-жол торабының дамуы жасыл көшеттерді жоюмен жиі байланысты, ол үнемі мақсатты бола бермейді. Қозғалысты ұйымдастыру бойынша іс-шараларды іске асыру барысында техникалық құралдарды: жол белгілері мен жол белгіленулерін, бағдаршамды реттеу, жолды ұйымдастыру құралдары мен бағыттауыш құралдарды енгізуге ерекше қызмет атқарады. Мұнда бағдаршамды реттеу қиылыстарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Бағдаршамдармен жабдықталған қиылыстардың саны автомобилизацияның жоғары деңгейі бар ірі қалаларда үздіксіз өседі және кейбір жағдайларға бір бағдаршамды объект 1, 5-2 мың қала халқына қатынасына жетеді. Соңғы жылдарда біздің елде және шет елдерде басқарушы ЕЭМ, автоматика, телематика құралдарын, диспетчерлік байланыс пен ірі ауданның немесе толық қаланың масштабтарында қозғалысты басқаруға арналған теледидарды қолданумен күрделі автоматтандырылған жүйені жасау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Осындай жүйелерді пайдалану тәжірибесі көлік мәселелерін шешуде олардың тиімділігі туралы сенімді куәландырады.

1 «Югдорстрой» ЖШС-нің құрылымы және қызметінің сипаттамасы

1. 1 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы

«Югдорстрой» ЖШС 1997 жылы «Комбината дорожных материалов» кәсіпорнының базасында ОҚО Сайрам ауданы Ақсу еліді-мекенінде құрылды. Кәсіпорынның негізгі қызметі автомагистралдар мен жолдарды құрылысы және жөндеу, жасанды құрылымдардың құрылысы. «Югдорстрой» ЖШС бірінші болып Оңтүстік Қазақстан облысында жол бедлгілерін шығара бастады, қазіргі таңда үш көршілес облыстарды қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, құмдағы автожол жерқабатын стабилизациялау үшін «Полибонд» химиялық препаратын берінші болып пайдалана бастады. Осындай инновациялық технологиямен 2012 жылы «Казатомпром» 28 км жолы жөндеуден өткізілді. Кәсіпорынның соңғы жетістігі-Сырдария өзені арқылы 364 метрлік бұрамалы тығынды сваймен көпірдің құрылысы.

«Югдорстрой» ЖШС-нің атқарған істері. Жалпы жергілікті автомобиль жолдарының ұзындығы 17 673, 2 шақырымды құрайды. Оның ішінде:

облыстық маңызы 4330, 3 шақырым,

аудандық маңызы бар 2081 шақырым,

елді мекен көшелері 11 261, 9 шақырым.

2013 жылы облыстағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында құрылыс, қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 18 279, 2млн. теңге қаралған. (Республикалық бюджеттен 7 314, 5 млн. теңге, облыстық бюджеттен 10 964, 7 млн. теңге)

Қаралған қаржыға жалпы 571 нысан іске асырылуда.
Оның ішінде:

8 422, 7 млн. теңгеге облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 61 нысан.

9 856, 5 млн. теңгеге аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 510 нысан.

Қысқа дайындық бойынша:
2013-2014 жылы автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға облыстық бюджеттен 65 000, 0 мың теңге, қаржы жоспарланған.
Күзгі-қысқы кезеңде қызмет көрсететін техникалардың барлық түрлері бойынша 175 дана техника және тайғаққа қарсы себілетін материалдар мен жанар жағар май толық дайындалып, қыс мезгілінде тәулік бойы (24 сағат) кезекшілік ұйымдастырылды.

«Югдорстрой» ЖШС -і қолға алған жол құрылыс жұмыстары бүгінде кестеге сай әрі сапалы атқарылуда.

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға атсалысқан кәсіпорынның жұмысына оң баға беріп өңір басшысының қолынан 2015жылы «Жылдың үздік жол құрылыс мекемесі» номинациясын алған.

1. 2 Кәсіпорынның қызмет саласы

1. 2. 1 Автомобиль жолдарының жұмыс істеу жағдайлары

ҚР автомобиль жолдары жалпы пайдалану жолдарына, шаруашылық автомобиль жолдарына және қалалар мен мекен жайлардың көшелеріне бөлінеді. Қозғалыстың қарқындылығына байланысты белгіленетін техникалық жіктелінуіне сәйкес барлық жолдар 5 топқа бөлінеді ( 1. 1 кесте) .

Жалпы пайдалану жолдары (мемлекеттік, аймақтық) габариттік өлшемдері: бір автомобильдің ұзындығы 12м дейін, автопоездардың ұзындығы 20 метрге дейін көлік құралдарды өткізуге; ені 2, 5 м дейін; биіктігі 4м дейін I -IV категория жолдарында биігі 2, 5 м дейін және V категориялы жолдар үшін 3, 8 м дейін.

Сурет 1. 1 ҚР жол тармағы

Мемлекеттік автомобиль жолдарына Астананы Қазақстанның ірі әкімшілік-шаруашылық аудандарымен немесе осы аудандарды бір бірімен байланыстыратын елдің ең маңызды автомобиль жолдары жатады. Барлық автомобиль жолдары нөмірленеді және аталынады, мысалы магистраль М-5 Астана-Борабай. Аймақтық автомобиль жолдары - аймағында (облыс, аудан) жайғасқан және осы региондардың бөлек мекен жайларын байланыстыратын жолдар.

I категорияның автомобиль жолдары магист­ральдық-жылдамдық (категория I-а) және жалпы тағайындалған магистральдық (категория 1-6) бөлінеді.

I және II категорияларға мемлекеттік автомобиль жолдары, негізгі магистралдық жолдар, ірі қалалардан әуе жайларға, өзен және теңіз порттарына кіру жолдары.

III категорияға жалпы мемлекеттік автомобиль жолдары ( I және II категорияларға кіретіндерден басқалары), негізгі облыс жолдары, мекен жайларға, өзен және теңіз порттарына кіру жолдары және б.

Кесте 1. 1

Жол параметрлері

Жолдың категориясы
Қозғалыстың есепті қарқындылығы, авт. /тәулік
Жолдың категориясы:
Қозғалыстың есепті қарқындылығы, авт. /тәулік: Көлік өлшемімен
Жеңіл автокөлікке келтіргенде
Жолдың категориясы: 1-а
Қозғалыстың есепті қарқындылығы, авт. /тәулік: 7000 жоғары
14 000жоғары
Жолдың категориясы: 1-6
Қозғалыстың есепті қарқындылығы, авт. /тәулік: 7 000жоғары
14 000 жоғары
Жолдың категориясы: II
Қозғалыстың есепті қарқындылығы, авт. /тәулік: 3 000-7 000
6 000-14 000
Жолдың категориясы: III
Қозғалыстың есепті қарқындылығы, авт. /тәулік: 1000-3 000
2 000-6 000
Жолдың категориясы: IV
Қозғалыстың есепті қарқындылығы, авт. /тәулік: 100-1 000
200-2 000
Жолдың категориясы: V
Қозғалыстың есепті қарқындылығы, авт. /тәулік: 100 кем
200кем

1. 2. 2 Автокөлік жолдарын жеңіл желпі жөндеуден өткізу

Жеңіл желпі жөндеуге бір жылда жолдың барлық ұзындығында өткізілетін жол ғимараттарының қирауын және майда деформацияларын жөндеу мен алдын ала қарастыру жұмыстары кіреді. Жеңіл желпі жөндеу барысында пайдалану қасиеттерінің көрсеткіштері жақсарады, жұмыс істеу және тайғақтық коэффициенттері жоғарылайды.

Жолды жеңіл желпі жөндеу жұмыстарының тізімі кестеде (1. 2) келтірілген.

Кесте 1. 2

Жеңіл желпі жөндеу жұмыстарының тізімі

Ғимараттардың аталуы-жолдың элементтері
Жеңіл желпі жөндеудің жұмыстары
Ғимараттардың аталуы-жолдың элементтері: Жер полотнасы және бөлу жолағы
Жеңіл желпі жөндеудің жұмыстары: Жер полотнасының кейбір бөлек майда бұзылуларды жөндеу. Үйінді мен ойықтардың құламаларын топырақ төсеп және шөп егіп жарым жартылай жоспарлау. Кейбір учаскелерде жиектерді сала түсу, кесу және жоспарлау. Су бұру қондырғыларын, қорғаныс, бекіту, жөндеу құрылымдарын дұрыстау. Резерфтерді дұрыстау және жоспарлау.
Ғимараттардың аталуы-жолдың элементтері: Жол жамылғысы және жол төсемдері.
Жеңіл желпі жөндеудің жұмыстары: Жүргінші бөліктік көлденең профилін қалпына келтіру. Шұңқырларды, шөгулерді, сораптарды, қаптауларды, ысыруларды және басқа майда деформациялар мен қирауларды жою. Жетілдірілген жамылғыларды бет бұдырмақтылығын қалпына келтіру, қарапайым және өткелі түрде жамылғыларды шаңнан тазалау. Майда малта тас және шағыл тас материалдарын себу, цементбетон жабындардың тігістерін жөндеу және қайта толтыру.
Ғимараттардың аталуы-жолдың элементтері: Сызықты ғимараттар
Жеңіл желпі жөндеудің жұмыстары: Сылақтарды жөндеу, әктеу және сырлау, әйнек салу, бөлме аралық қабырғаларды, төбелерді, шатырды, қабат аралықтарды, есік, терезелерді, пештерді, құдықтарды, су және канализация құбырларын, байланыс желілерін жөндеу.
Ғимараттардың аталуы-жолдың элементтері: Жол жабдықтары және жолды абаттандыру элеметтері
Жеңіл желпі жөндеудің жұмыстары: Кейбір бұзылған жол белгілері мен қоршауларын сырлау және ауыстыру, бұзылуларды дұрыстау. Бөлек жағдайда жетіспейтін белгілер мен қоршауларды, жолдардың архитектура-сәулет безендерін және жайластырушылық элементтерінің бұзылуларын қалпына келтіру.

1. 2. 3 Жер төсемесін жеңіл желпі жөндеу

Табиғи және көлік құралдары әсері нәтижесінде автомобиль жолдарын пайдалану процесінде пайда болған деформациялар мен қирауларды жою үшін жер төсемесін жеңіл желпі жөндейді.

Нөсер және қар ерудің су тасқынынан пайда болған үйінді мен шұңқыр еңістерінің шайылып кеткен жерлерін топырақ төсеумен және шөп егумен бекітеді. Су тоқырайтын шұңқырларды алдын ала латоктар мен канавалар арқылы судан боатады. Еңістердегі құлаған топырақты алып еңістерді жоспарлайды және бекітеді тор көз шөп егу, тас материалдарды төсеу арқылы бекітеді. Бөлу жолақта жиналған суды бұрып, шұңқырларды топырақпен көмеді, жоспарланады және шөп егіледі.

Суды жолдан бұру қондырғылардың жұмысын жақсарту үшін оның барлық жүйесін -топырақ және тас лотоктар мен қанауларын, жер асты дренаждарын тазалайды және жөндейді. Лотоктар мен қанаулардың астына қажетті еңіс беріледі, қираған плиталар, тастар, құбырлар ауыстырылады. 11. 2 кестеде жиектерге топырақ себуге шамамен қажетті топырақ шығындары және оларды жоспарлауға қажетті звено құрамдары келтірілген.

Жер полтнасының жиегінің көрінісін жетілдіру үшін, І-ІІ кейбір жағдайларда ІІІ категориялы жолдарда жүргінші бөліктердің шеттерін бекіту үшін шым лентасын жасайды.

1. 2. 4 Жол төсемді және жабындарды жеңіл желпі жөндеу

Жеңіл желпі жөндеу барысында кейбір деформациялар мен жол жабынның қирауларын жояды-жергілікті және жабынның көп жеріне таралған. Деформация мен қираулардың пайда болуына апаратын себептер 1. 3 кестеде келтірілген.

Кесте 1. 3

Қабатының қалындығы 10 см 100 м 2 жиекке төселетін топырақтың шығыны

Топырақтар

Саны,

м 2

Нығыздаудың есепті коэффициенті
Топырақтар:

Құм, құмайт, құмды

саздақ 11. 0 1. 10

сазды топырақ, саз

балшық 10. 5 1. 05

сары топырақ, қара

топырақ 12. 0 1. 20

Кесте 1. 4

1 км жолдың екі жанынан шұңқырларды көміп жиектерді кесіп жоспарлауға қажетті звено құрамы

Автогрейдердің маркасы
Звено құрамы
Еңбек сиымдылығы, адам-смена(маш-смена)
Автогрейдердің маркасы:

Д-144 Машинисть 6 разряд-1 0, 09

Д- 265 --ІІ- 5-ІІ-1 0, 12

Қабыршақтану-доңғалақ әсерімен жабынның бетінен иатериалдың бөлшектері бөлініп қирауы. Цемент бетонды жабындардың қабыршақтануы көбіне бетонның саңылаулары жоғары, суланып қату және еру циклдарының жоғары сандарына шыдамастығы (әсіресе мұз тайғақ кезде хлоридтерді қолдану кезінде), асфальтбетонды жабындарда -соңына дейін нығыздалмаған битумы аз саңылаулары жоғары және де битумда қажетті жабысқақ қасиеті жоқ болған жағдайда, қатқан немесе артық суланған қоспаларды қолданудан болады.

Қабыршақтануды шапшаң шараларды қолданумен тоқтату қажет, құрғақ ауа райы кезде жабынды ыстық немесе суық битуммен немесе шамамен 0, 5-0, 8 л/м 2 битум эмульсиясын және майда түйіршікті өлшемі 5-8 мм минерал материалдарын қолданып оларды катоктармен нығыздайды.

Сынықтар-жетілдірілген жабында (көлденең) бірдей қашықтықта температуралардың үлкен ауысуы әсерімен пайда болады; кейбір көлденең сынықтар жол төсемінің конструкциялары нашар болғаннан, жоғары жүктерді жіберуден немесе жер полотнасының біркелкі емес шөгуінен пайда болады.

Жалпы жөндеу барысында барлық сынықтар шаң мен ластан тазаланып толтырылуы тиіс. Темірбетон жабындардың тегістері де толтырылады, ол үшін битум материалдары немесе солар негізінде дайындалған мостикалар қолданылады.

2 Жол-көлік оқиғаларын талау

2. 1 Жол-көлік оқиғаларын талдау мәселелері

Жол - мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыс кешені болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, қала мен елді мекен көшесі. Жол бір немесе бірнеше жүріс бөлігін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерін және бөлу өңірлері болған жағдайда - соларды қамтиды.

Жол жүрісі - адамдар мен жүктің жолдармен көлік құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргіншілер) жүрісі кезінде, сондай-ақ осы жүріс ережелерін реттеу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Жол жүрісі қауіпсіздігі - жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрісіне қатысушылар мен мемлекеттің қорғалу дәрежесін көрсететін жол жүрісінің жай-күйі.

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету - жол-көлік оқиғаларының туындауын болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған қызмет.

Жол жүрісіне қатысушы - жүргізуші, жүргінші, көлік құралының жолаушысы, мал айдаушы ретінде жүріс процесіне тікелей қатысатын адам.

Жол жүрісін реттеудің техникалық құралдары - жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықтарды қоса алғанда), темір жол өткелдеріндегі реттегіш құрылғылар, сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғылар. Жол жүрісін ұйымдастыру - жолдардағы жүрісті басқару жөніндегі ұйымдық-техникалық шаралар мен өкім жүргізетін іс-қимылдар кешені.

Жол-көлік оқиғасы - көлік құралдарының жол бойында жүрісі процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлік құралдары, ғимараттар, жүк бүлінген не өзге де материалдық залал келтірген оқиға.

Жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдау барысындағы ерекшеліктердің арасынан бірнеше негізгілерін бөліп көрсетуге болады. Апаттылықтың сипаттамалары, көпшілік оқиғалар сияқты, жекелеген жол-көлік оқиғалары жиынтығынан құралады. Сондықтан жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдау мен сараптаудың ерекшеліктері апаттылықтың көрсеткіштерінің мәні мен мазмұнына әсер етеді және мұны статистикалық мәліметтерді талдау мен нақты шараларды таңдау кезінде де ескеру керек. Жүргізушінің заңдылық және құқықтық тұрғыдан алғандағы іс әрекеттері оның біліктілігін, психологиялық және физиологиялық жағдайын, тәжірибесін, мінез құлық тәртібін және басқа да факторларды бағалауды талап етеді.

- Жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдау барысында және апаттылық деңгейін сараптау мен талдау кезінде «жәбірленуші» түсінігінің бірнеше анықтамасы пайдаланылады. Құқықтық тұрғыдан алғанда жәбірленушілер қатарына аса ауыр, ауыр және жеңіл дене жарақаттарын алғандар жатқызылады. Ал жол-көлік оқиғаларын есепке алу ережелерінде жәбірленушілер қатарына дене жарақатын алғандардың барлығы бірдей жатқызылмайды.

- Жол-көлік оқиғаларының себептері» түсінігінің де бірнеше анықтамалары бар. Апаттылық деңгейін сараптау мен талдау кезінде олардың себептері ретінде көбінесе қозғалыс мүшелерінің Жол қозғалысы ережелерін бұзу оқиғалары, көлік құралдарының ақаулары, қанағаттанарлықсыз жол жағдайлары және тағы басқалары алынады.

- Жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдау кезінде Жол қозғалысы ережелерін бұзу оқиғалары тек қана дәлелденген нақты жағдайлар ретінде қарастырылады, ал олардың себептері ретінде Жол қозғалысы ережелерін бұзу оқиғаларын тудырушы жайттар алынады.

Бұл ретте әрине, қарама-қайшылық жоқ деуге болады, себебі бұл жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің сипатымен байланысты: бірінші жағдайда нақты азаматтың жазалану шарасы анықталады, кейбір мезеттерде адамның тағдыры шешіледі, ал екінші жағдайда жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстардың бағыттары таңдалады және негізделеді.

- Жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдау барысында барлық мәліметтер заңды сипатта болады. Кез келген оқиға немесе дұрыс жасалынбаған қорытынды шешімнің әділдігі мен негізділігіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан барлық құжаттар процессуалдық нормаларға сәйкес, аса ыждақаттылықпен, әрі дұрыс толтырылуы қажет. Көпшілік сипатқа ие оқиғаларды талдау барысындағы дәлдік пен толықтықтың және анықтықтың орыны ерекше, бірақ олар да кей жағдайларда шешуші фактор ретінде алынбауы мүмкін. Мысалы, жол-көлік оқиғасының нақты орынын, көлік құралдарының, жаяу жүргіншілердің, жол белгілерінің және басқа да құралдардың нақты орналасу ретін, метрлер мен сантиметрлерге дейінгі дәлдікпен, арнайы құрастырылған схема бойынша белгілеу жол-көлік оқиғасының орын алу механизмін анықтауға, әрбір қатысушының жауапкершілігін белгілеуге көмектеседі.

Апаттылықты талдау үшін арнайы үлгілердегі құжаттар (жол-көлік оқиғаларын есепке алу парақтары) толтырылады және оларға мәліметтер қысқартылған түрде, арнайы белгілер көмегімен енгізіледі.

- Жекелеген жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді өңдеу кезінде әртүрлі физикалық заңдылықтар, мысалы, тежеу жолының автомобильдің жылдамдығымен, салмағымен, доңғалақтардың жолдың бетімен ілінісу коэффициентімен арасындағы байланыстар, пайдаланылады. Жол жағдайларын, көлік құралдарын, жол қозғалысы мүшелерінің іс әрекеттерін және тағы сол сияқты факторларды сипаттаушы көптеген көрсеткіштердің арасындағы өзара байланыстар белгіленген. Бұл байланыстар жекелеген жол-көлік оқиғаларын талдау, зерттеу мен тергеудің басты мақсаттары мен міндеттерін шешуге бағытталған: жүргізуші мен жол қозғалысының басқа да мүшелерінің әрекеттері Жол қозғалысы ережелерінің талаптарына сәйкес келе ме, жүргізушінің осы нақты жол-көлік оқиғасын болдырмауға мүмкіндігі болды ма, жүргізуші мен жол қозғалысының басқа да мүшелері нақты қалыптасқан жағдайда дұрыс әрекет жасады ма.

Жалпы тіркелген жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтерді талдау мен сараптаудың, тергеудің басты мақсаты орын алған оқиғалардың себептері мен салдарларын анықтау болса, апаттылықты талдаудың басты мақсаты, ең алдымен, оқиғалардың мүмкін болатын өрбу сипатының алдын алу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін қажетті шараларды өз мезгілінде қабылдау болып табылады. Автотехникалық сараптау дегеніміз арнайы кәсіптік білімі бар қызметкерлер жүргізетін, нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының барлық себептік-салдарлық факторларын және жол- көлік оқиғаларына тура немесе жанама қатысушылардың іс-әрекеттерін толық белгілейтін ғылыми-техникалық зерттеулер. Автотехникалық сараптаманың екі түрі бар: қызметтік және тергеулік. Тергеулік сараптама, әдетте, нәтижесі ауыр жол- көлік оқиғалары орын алған жағдайда, оқиғаға әрбір қатынасушының кінәлілік дәрежесін белгілеу үшін қажет. Тергеулік сараптама белгіленген заңдарға сәйкес қылмыстық және азаматтық істерді қараумен айналысатын органдар тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады. Қызметтік сараптама көлік құралдары бекітілген мекеме қызметкерлері немесе жол- көлік оқиғасы орын алған жол бөлігіне қарайтын Жол полициясы басқармасы қызметкерлері арқылы орындалады.

Кез-келген сараптама орын алған жол- көлік оқиғасының пайда болуына бақытсыз жағдайлардың немесе Жол қозғалысы ережелерін бұзған жол қозғалысы қатынасушысының іс-қимылдары, әрекеттерінің әсерін анықтауы тиіс. Жол- көлік оқиғасының жағдайлары мен оның нәтижесінің ауырлығына байланысты тергеулік автотехникалық сараптама комиссиясы құрамына автотехниктерден басқа әр түрлі бағыттағы мамандар: дәрігерлер, криминалистер, экономистер кіреді. Автотехникалық сараптама мысалы ретінде Қызылорда қаласындағы «Экспресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде соңғы жылдары орын алған бірнеше типтік жол- көлік оқиғаларын талдап көреміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік кәсіпорындары, басқарулар
Көлік құралымен орын алған оқиға болған жерді қарау
«Ленгір-Баянауыл» автомобиль жолының технико-экономикалық негіздеу
Көлік құралдарының соқтығысуы
Тараз қаласының көше - жол торабының сипаттамасы
Жүргізушілер одағының қысқаша тарихы және мақсаты
Жол - көлік оқиғаларының болған жерін қарау
Мектепішілік бейіндік оқыту
Апаттар мен жарақаттанудың себептері
Жарақаттанудың алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz